Ақпарат
Фотогалерея
Бейнеролик
Виртуалды тур
3D модель

Индер ауданы

21. 1836-1838 жылдардағы көтерілістің жетекшісі, ақын Махамбет Өтемісұлының жерленген жері.

Географиялық орналасқан орны: Индер ауданы, Индербор кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 40 км қашықтықта.

Координаттары: N 48°21'38.3" E 52°04'43.7"

Нысанның мәртебесі: Қала құрылысы және сәулет ескерткіші.

Сипаттамасы: Сәулетші К. Демесін. Ескерткіш Атырау облысының рухани киелі орны болып табылады. Кесене 1995 жылы салынған.

Бастапқыда 1846 жылы жерлеу орнында үлкен сегіз бұрышты саркофаг қойылды, ол  ірі қабір тақтасымен жабылды. 1995 жылы 150 жылдан кейін толық қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, әдемі ақ тастан жасалған кесене тұрғызылды. Кесене көп қырлы мұнарамен, үлкен күмбезбен көмкерілген және үстіңгі беті бедерлермен безендірілген. Құрылымның өзі бетоннан жасалған, бірақ сыртын және ішін безендіруде  ақ  ұлутас қолданылды. Ғимараттың жалпы биіктігі 12,2 м кесенеге кіре берісте ою-өрнектермен безендірілген классикалық арка орнатылған. Кесенеге апаратын жолға  ақтас  төселген.

Махамбет Өтемісов - ақын және Бөкей хандығындағы 1836-1838 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалыстың көшбасшысы, халықты хандыққа қарсы басқарған  ұлы қазақ батыры, Қазақстанды еркін әрі тәуелсіз көруді армандаған тұлға.

Ол Бөкей Ордасының Бекетай деген жерінде (қазіргі Батыс Қазақстан облысының  Бөкейорда ауданы) дүниеге келген. Махамбет бала кезінен өлең құрастыруға әуестеніп, оның көрнекті ақындық талантын барлығы мойындады. Ақын өзінің сөздік шеберлігімен қатар, рухани қасиеттерімен, даналығымен, батылдығымен, адамгершілігімен де танымал болды. Махамбет халыққа танымал болған кезде, Жәңгір хан оны өз еркіне бағындырғысы келді және билікке қарсы өлеңдер жазуға тыйым салды. Бірақ, бостандықты сүйетін ақын оған бағынбады, Жәңгір хан оның сағын сындырып, ақынды түрмеге жапқысы келді.

1829-1830 жылдары Махамбет қалалық түрмеде қамауда болды. Махамбет бостандыққа шыққаннан кейін, Исатай Таймановпен  бірігіп қосылуы көтерлісте маңызды роль атқарды және өз өлеңдерімен халықты патша өкіметі мен хандық қанауға қарсы күресуге шақырды. Өлеңдерінде ол халық көсемдерінің бостандығы мен батылдығын жырлады.

1838 жылы Исатайдың өлімінен кейін Махамбет тағы да халықты билікке қарсы көтергісі келді, бірақ сәтсіздікке ұшырады. Жасырын түрде Бөкей ордасына келіп, халық арасында хандар мен патшаға қарсы үгіт жүргізе бастады. Ақыр соңында хан қолшоқпарлары ақынды аяусыз өлтірді. Халықтың жадында Махамбет бостандық, тәуелсіздік, әділдік үшін күрескер болып қалды.

Кесене Республикалық маңызы бар ескерткіштер тізіміне енгізілген.