Get Adobe Flash player
Slide item 1
Slide item 2
Slide item 3
Slide item 4
Slide item 5
Slide item 6

Главное меню

Добро пожаловать!
Структура музея
Виртуальный тур
Экспозиция
Шедевры, коллекции
Научная деятельность
Законодательство
Госзакупки
Новости
Массовые мероприятия
Западно-Казахстанском областном историко-краеведческом музее открытие зала «Елбасы және Тәуелсіздік» Казахский государственный академический оркестр народных инструментов имени Курмангазы в Приуралье «Дін және дәстүр» «Я памятник воздвиг себе нерукотворный» «Әсем табиғатты қорғау – әркімнің міндеті» «Живем, пока помним!» «День открытых дверей» и акция «Ночь в музее» Ерлік пен Жеңіс Чтобы музы не молчали Отқа оранған жастық Невестка Б.Момышулы в Приуралье Абайдың табиғат лирикасы Әлем бірлігіндегі Қазақстан «Біз біргеміз – берік іргеміз!» Ақ Жайық – достық мекені Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі Сыр еседі сыңғырынан сырғаның Жауқазын Ерлікке толы Ұлы жол Әсем қоңыр «Масленица» «Хандық билік және қазақ елі» «Қысқа ғұмыр, биік белес» «Жалынды ақын, жаужүрек батыр» "Ақжайық-достық мекені" «ЭКСПО-2017 – елдің ерен жеңісі» Открытие мультимедийного комплекса «Сакентану» Батыс Қазақстан облысының мамонт фаунасы «Ғұлама ғалым, парасатты азамат» «Керей қайда барасың?» «Поэзия әлемінің ұлы Қадыры» Поэзия Пайғамбары «Ұрпаққа мұра болар сыйлар» «Кенеп бетіндегі Тәуелсіздік жетістіктері» «Тәуелсіздік шежіресі» «Арманы үлкен – азат ел» «Биік белестер» «Тәуелсіз Қазақстанның гүлденуі» «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» «Елін сүйген, елі сүйген елбасы» «Елбасы – ел тірегі» «Біздің Елбасы» «Ұлт көшбасшысы» «Ақордада көк байрағын нық ұстап, елбасымыз алаш арын арлаған» «Ұлтын сүйген ұлы жүрек» «Қазақстан-2050» - Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол» «Елін сүйген,елі сүйген – Елбасы» «Ақпәтер ауыл тарихы» Тұлға. Зерттеуші. Азамат. Ұлттық валюта – тәуелсіздік негізі Пайдалы қазбалар Шеңберден тыс дүние Тастөбе ерліктің ескерткіші Өнер әлеміндегі тұғырлы тұлға Бабалар бейнесі Ізгіліктің нұрын сепкен Күмбірлеген күй сыры Тіл тағдыры-ел тағдыры «Динозаврлар әлеміне саяхат» «Редкие растения Миргородского ландшафтного заповедника» «SOS - сайгак» Қазақ болмысы жәдігер бойында «Өрелі өмір – әркімге өнеге» «Тәуелсіздік туын көтергендер» «Қайдасыңдар, жалындаған жастарым?» «Жайықтан шыққан ән бұлбұлы» «Мың тұяқтың дүбірі,бір Тұяқтың саусағы» «Көп жасаған қария, ақылы теңіз дария!» «Зерделі сөздің зергері» «Тіл – татулық тірегі» «Діни экстремизм және терроризм» «Алтын ханшайым» «Өнегесі мол өрелі жан» «Күй әуен – сазбен өрілген жыр шежіре» «Ұлы Абайға тағзым» «Орнатылған ескерткіш белгі міне, Есіміңе қанықты ел бүгінде» «Спортты серік еткендер» «Тәуелсіздік нышаны» «Жабайы аңдар – жаралы табиғат» «Әсем қалам – Астанам» «Астана – Отанымыздың жүрегі, Тәуелсіздігіміздің тірегі!» «Астана – махаббатым менің» «Тайна керамическихкувшинов» «Елі ардақ тұтқан ұстаз» «Дін және жастар» «Менің туым, менің елтаңбам, менің Әнұраным» Облыстың ерекше қорғалатын табиғи территориялары «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш» «Ел айбынын асқақтатқан рәміздер» «Геральдика тарихы және Отанымыздың рәміздері». «Аға ұрпақтың сыннан өткен сардарлары» «Мұрағаттар сыр шертеді» В областном музее состоялась акция «Ночь в музее» «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран» «Отырарда ойлылардың ізі қалған» «Ғасырлар таңбасы-Капустин Яр» «Өнерің сенің жалғасын табар бүгінде» Еңбегімен елге танылған тұлға «Крылатые друзья» «Табиғат жанашырлары» «Өмірде ізгі із қалдырған» «Бекіре тұқымдастарын болашаққа сақтайық» Әз-Наурыз Ряд мероприятий прошли в стенах Областного музея, в канун праздника Наурыз «Наурыз келсе, құт келгені, ағайын!» «Ұлыстың ұлы күні, жыл басы - Наурыз» Жайықтың самал лебі «Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі» «Әлемнің құдірет күші - аналар» «Қазақстанның биологиялық ресурстары, оларды қорғау және тиімді пайдалану мәселелері» «Ардақты, асыл жандар» «Царство насекомых» «Қыр кенебіндегі тамшылар» «Веселая масленница» «Уходили парни из Афгана...» «Ауғанда от кешкендер» «Афганистан болит в моей душе: 25 лет спустя» «Ауғанстан – жүректегі жара» В областном музее состоялось очередное заседание актива «Ауған ақиқаты» «Ауғанстан естеліктері» «Жанымды жаралаған Ауғаныстан» «Дін мұраты ынтымақ пен бірлік» Состоялось торжественное открытие проекта «Мирас» «Қадыр – балалар әдебиетінің атасы» «Күй анасын құрметтейік» «Діни сауатсыздық – діни экстремизмнің бастауы» Музейный урок «Жабайы аңдар» «Батыс Қазақстан облысының мамонт фаунасы»
Выставки
«Алтын ханшайым» «Жанымды жаралаған Ауғаныстан» «Музеи-сокровище народа» «Звон старинного серебра» «Өнеге өрнектері» «Күй-дария» «Халық өнері - асыл қазына» «Әнші әлемі» «Оралым менің, Оралым» «Азаттық аңсаған азамат» «Ақын тілі – арман тілі» «Сағындым сені, Оралым!» «Түркі жазба мәдениетінің тарихынан» «Кел, балалар,оқылық!» «Білімнің қара шаңырағы» «Қылқалам-өмір» «Өнердің қайталанбас өр тұлғасы» Материал 7 «ХІХ-ХХғғ ас -үй бұйымдары» «Тарихи сабақтастық» Тарих – ақша баламасында «Ауған ақиқаты» «Қазақтың тұңғыш заңгері» «Тұғыры биік тұлға» «Жауһар жәдігерлер» Мы победу приближали как могли Презентация выставки Выставка Муратбека Жоламана Муратбек Жоламан «Жазықсыз жапа шеккендер...» «Тарих.Тағылым. Тағзым» «Уақыт қозғалысы- сағаттарда» «Өшпесін мәңгі өзіңнің Өнерде жаққан шырағың... » «Астана-Елбасының ерлігі» «Жүрегімнің түбіне терең бойла... » «Болу үшін жаралғам туған жердің жырауы... » «Мен қазақпын...» « Әнші Әлемі» «Тарихи Орал»
Музейное событие
Вопрос - Ответ
Гостевая книга

БҚО мемлекеттік мұрағатында ғылыми-зерттеу жұмыстары кезінде 1930-ы жылдары Батыс Қазақстан облысының Тайпақ ауданының №15 ауылында «Сырым бөгеті» бар деген дерек табылды. Осы деректі әрі қарай зерттеу барысында №15 ауыл бүгінде Атырау облысының Қызыл- Қоға ауданына қарасты екені және Сырым бөгеті осы кезге дейін сақталғаны анықталды.

Қызыл Қоға ауданының тумасы, танымал жазушы Ғабдол Слановтың 1977 жылы қайтадан жарық көрген «Дөң асқан» кітабында осы бөгет туралы былай баяндаған: «Қақпақты көлдің дәмін бертін келе, жортып жүріп татқан Сырым батыр артық бағаласа керек. Тайбөрі шарабының қадірін білген Сырым мұның нәрін молайта түсуді ойлаған екен. «Қақпақты көл» бара-бара суалып, ел баласына сусын керек ететін күндер болар, - депті-мыс Сырым, - жатыққа суын берген, онысы өзімдей шөліркеген ел баласына бұйырмай, жат ауызға тосылған өзендер бар емес пе. Соның біреуін Тайбөріге бұрсам.... Сырым марқұм осы мақсатын іске асырып кеткен екен: сонау Ойылдың бір қалтарысынан бөгет салып, Тайбөріге су арнасын жіберіпті. Қалың құмды қақ жара Қақпақты көлдің бетіндегі айдыны – «Жарыпшыққан» аға жөнеліпті. Әзірге қолымнан келгені осы. Олай-бұлай бола қалсам мен сияқты балаңды батасыз қалдырмағайсың! - деп Сырым батыр Хиуаға сапар шегіп жөнелген екен дейді. Сырым сол сапарынан қайтып Тайбөріні көре алмапты. Бірақ оның ағындай арманы Жарыпшыққанда қалыпты. «Ат аунаған жерде түк қалады» - деген арманда өткен Сырымның Тайбөріге қалдырған ескерткіші осы бөгет көрінеді. Тайбөріде, Жарыпшыққанда Сырым есімі ұмытылмайтыны хақ. Тайбөрі Сырымды аузынан тастамайтыны, қай мезетте сұрасаң да: Сырымым! - дегендей, ауық-ауық дөңбекшіп, күрсінгендей болады.Жарыпшыққан күндіз-түні бірдей: «Сы-рым, Сы-рым» - деп тоқтаусыз күйжатқандай. Оның ағысына тоқтау бар ма, Сырым сырын әлдеқайда қияға, шығанға әкетіп барады. Өн бойында жолыққан құрақ, ақ борық, тоғай, құстардың бәріне де сыбырлап: «Сы-рым, Сы-рым» - деп құлақтарына құйып бара жатқандай. Осы деректі қозғап, осы істің ары қарай жалғасын тауып, зерттелуін аталмыш бөгет басына барып, Сырым бабамызға тағзым етіп, өлкетанушылардың аңыз-әңгімелерінің шындығына көз жеткізіп, Сырым бөгетін фото-видеоға түсіріп, ғылыми мақала жазу т.с.с. істерді жүзеге асыру үшін экспедиция ұйымдастыру жоспарланған болатын. Бұл жоспар биылғы жылдың 29-30 қазан күндері жүзеге асырылды. Экспедиция Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Айдар Тапашұлы Батырхановтың басшылығымен ұйымдастырылды. Экспедиция құрамында Жәңгір хан атындағы тарихи-этнография музейінің меңгерушісі Нұржан Жолдығалиұлы Төлепов, Батыс Қазақстан тарихи-өлкетану музейі директорының орынбасары Мирболат Бижанұлы Ерсаев, көлік жұргізуші Арыстанов Жәнібек Жандарбекұлы болды. Экспедиция Орал – Жымпиты -Сырымтөбе - Қаратөбе – Саралжын – Ақбақай Қоныстану - Көздіғара маршруты бойынша өтетін болғандықтан жәнеде экспедицияға нақты қолдау көрсету үшін оның құрамына Қаратөбе ауданының әкімі Асхат Берлешұлы Шахаров, Қаратөбе аудандық Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру мен спорт бөлімінің меңгерушісі Бақытжан Қайырқұлұлы Жүсіпқали, және Қызыл Қоға ауданының Көздіғара ауылдық округінің әкімі Болат Дабысұлы Қабесовтар еңгізілді. Сонымен қатар, Саралжын ауылынан Асемов Азамат Бақтығерейұлы да кірді. Экспедиция нәтижелі болды. Сырым бөгеті тұрған орынға да жеттік. Бөгеттің сақталғаның өз көзімізбен көріп, фото-видеоға түсіріп алдық. Жері мен елін сүйіп өскен Қызыл Қоға ауданының Көздіғара ауылдық округінің әкімі Болат Дабысұлының әкесі сол жерде 14 жыл шаруашылық басқарған, өзі сол жердің атақты Кұныскерейден кейінгі жиырма сегізінші әкімі. Округ әкімі Б.Қабесов ел жадында сақталған Сырым бөгеті туралы деректерді нақты дәлелдер келтіре отырып, гидромелиорация мамандарының пікірімен нақтылай отырып баяндап берді. Сол әңгімеге құлақ түрсек: Бөгет Қызыл Қоға ауданының Көздіғара ауылдық округінің орталығы Қоныстану селосының батыс бетінде 10 шақырымдай жерде. Ойыл өзенінің бір саласы ащы Ойылға құйылысына салынған. Бөгетті негізінен Кіші жүз қазақтарын ұлт-азаттық көтеріліске бастаған қолбасшы Сырым Датұлы 1797 жылдың көктемінде сарбаздарымен Хиуаға өтіп кету үшін, әрі тұщы Ойыл суының ащы Ойыл суымен араласып кетпеуі үшін салдырған. Сол мезгілде су тасып кетіп бөгетті тұрғыза алмай амалдары тауысылып қиналған сарбаздарына, Сырым ойнап жүрген ауылдың бір топ балаларын нұсқап « Не айтып, қандай ойын ойнап жатырғандарын біліп кел» - деп бір сарбазын жұмсапты. Көп кешікпей жіберген сарбазы балалар да тасқын суды бөгей алмай « шым сал да–құм сал, құм сал да–құрым сал» - деп даурығып ойнап жатырғандарын айтады. «Ақыл - жастан, асыл – тастан» деген емес пе, дереу бізде солай жасауымыз керек деп бұйрық берген екен. Елден құрым киіз, ағаш үйдің ескі туырлықтарын жинатып бөгет салу ісіне кіріскен. Міне бөгеттің негізі осылай тұрғызылыпты. Содан бұл «Сырым бөгеті» аталып кеткен. Кейін Ойылдың дәл осы сағасы Құройылды (ащы Ойылды) бөгеу арқылы Тайсойған мен Қаракөл, Қарабай, Сарыкөл атырабын суландыруды көздеп Сырым бөгеті биіктетіліп қайта тұрғызылған. Тәжірибелі су мамандары И.Филимонов, С.Сидоров, М.Зинин қара халықтан шыққан Сырымның инженерлік тәжірибесін жоғары бағалаған. Осы күнге дейін бірен-саран тарихшылар мен өлкетанушылар ғана айтып, біліп келген негізінен Атырау облысының Қызыл-Қоға ауданының жұртышылығына ғана белгілі Сырым бөгеті туралы тарихи деректің шындық екендігін «Сырым төбесінен Сырым бөгетіне дейін» атты экспедициясы дәлелдеп берді. Ашық аспан астындағы қасиетті жәдігер «Сырым бөгетінің» бар екендігін енді ешкімде жоққа шығара алмайды. Бұл тарихи орынды қазақ елі білуі керек. Бұл құндылықты ғылыми тұрғыда зерттеп-зерделеу, насихаттау бағытында үлкен жұмыстадың атқарылуы қажет және ерте ме кеш пе Сырым бабамыздын рұхына тағзым етуге бағыталған «Сырым төбесінен Сырым бөгетіне дейін» атты саяхат маршрутының пайда болатына кәміл сенеміз осы сенімді ақтау жолындағы үлкен сыннан сүрінбей өту бізге парыз. Көздіғара ауылдық округінің әкімі Болат Дабысұлының айтқан Қызыл-Қоға ауданының тумасы, танымал жазушы Ғабдол Слановтың 1977 жылы қайтадан жарық көрген «Дөң асқан» кітабында нақты дәлелді түрде айтылған. «Жарыпшыққанның бұл тіліне жұрттың бәрінен терең, бәрінен бұрын түсінетін Шәбік балықшы, «су иесі Сүлеймен» деп дәл Шәбікке айтылған емес пе екен? Бүгін құрған аулына келе жатқанда да, ол Жарыпшыққанға айтатын дағдылы рақметін ұмытқан жоқ. Сонша жерден бұрып әкеліп, сонша ырысты елге еккен Сырымға арнаған батасын да күбірлеп айтып шықты. Намаз сабағын шала білетін Шәбіктің батасы араб өлеңі емес, осы маңдағы жалпақ елге тегіс түсінікті: Аруаығыңа, мен риза, Тайбөрінің елі риза , Сырым батыр сабазым. Ертеңді-кеш бата етем Қолымды саған жаямын... міне, Шәбіктің Сырымға арнаған «құран шығуы» осылай болып келеді». Кезінде, аудан әкімі, марқұм Есенгелді Нұршаевтың қолдауымен «Хабар» арнасының «Жерұйық» бағдарламасына «Сырым бөгеті» туралы видеоочерк түсірілген болатын. Авторы Асантемір Қаршығаұлы. (Көшірмесі алынуы қажет) Бүгінде, Сырым бөгетінің ұзындығы 800 метрдей, биіктігі 10 метр және еңі 3 метр. Біріншіден, Сырым бөгеті Ойыл өзенінің бір саласын ащы Ойыл құйылысынан, яғни Құралысайдан (Ащысай) ажырата салынғандықтан Ойыл өзенінің қалтарысындағы су ашып кетпейді. Су бөгетке тіреліп Ойыл өзенінің қалтарысындағы су деңгейі көтеріледі соны пайдаланып Сырым бөгетінен 50 километрдей биік орналасқан кұмақ жерден жырып жіберу арқылы жаңа арна пайда болып, оның атауын ел «Жарыпшыққан» деп атаған. Жарыпшыққан су арнасы Тайбөрі көлінің суының суалып кетуінен қорғаған. Елге сыйлаған Сырым бабамыздың мұрасы, күні бүгінге дейін халық игілігіне қызмет етуде. Ашық аспан астындағы бабамыздың қолы тиген жәдігер ел аузында да, мұрағат деректерінде де «Сырым бөгеті» - деп аталады. Алда тұрған міндет осы деректі ғылыми ортада апробациядан өткізу кажет. Нәтижесінде, Жайық өзеннің тел емген, өзегі бір көрші екі елдің рұхын көтеретін игі істің жалғасын табары сөзсіз. Бөгет басына белгі қойылып Сырым бөгеті туралы дерек Батыс Қазақстан облысының энциклопедиясының келесі жариялымына енуі, және «Мәдени мұра» тізіміне «Ашық аспан астындағы жәдігер» статусы берілген тарихи ескеркіш ретінде енгізіліп, мемлекет қамқорлығына алынып, бөгет қайта жаңғыртылуы кажет.

Регистрация

Жемчужины фонда