Get Adobe Flash player
Slide item 1
Slide item 2
Slide item 3
Slide item 4
Slide item 5
Slide item 6

Главное меню

Добро пожаловать!
Структура музея
Виртуальный тур
Экспозиция
Шедевры, коллекции
Научная деятельность
Законодательство
Госзакупки
Новости
Массовые мероприятия
Западно-Казахстанском областном историко-краеведческом музее открытие зала «Елбасы және Тәуелсіздік» Казахский государственный академический оркестр народных инструментов имени Курмангазы в Приуралье «Дін және дәстүр» «Я памятник воздвиг себе нерукотворный» «Әсем табиғатты қорғау – әркімнің міндеті» «Живем, пока помним!» «День открытых дверей» и акция «Ночь в музее» Ерлік пен Жеңіс Чтобы музы не молчали Отқа оранған жастық Невестка Б.Момышулы в Приуралье Абайдың табиғат лирикасы Әлем бірлігіндегі Қазақстан «Біз біргеміз – берік іргеміз!» Ақ Жайық – достық мекені Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі Сыр еседі сыңғырынан сырғаның Жауқазын Ерлікке толы Ұлы жол Әсем қоңыр «Масленица» «Хандық билік және қазақ елі» «Қысқа ғұмыр, биік белес» «Жалынды ақын, жаужүрек батыр» "Ақжайық-достық мекені" «ЭКСПО-2017 – елдің ерен жеңісі» Открытие мультимедийного комплекса «Сакентану» Батыс Қазақстан облысының мамонт фаунасы «Ғұлама ғалым, парасатты азамат» «Керей қайда барасың?» «Поэзия әлемінің ұлы Қадыры» Поэзия Пайғамбары «Ұрпаққа мұра болар сыйлар» «Кенеп бетіндегі Тәуелсіздік жетістіктері» «Тәуелсіздік шежіресі» «Арманы үлкен – азат ел» «Биік белестер» «Тәуелсіз Қазақстанның гүлденуі» «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» «Елін сүйген, елі сүйген елбасы» «Елбасы – ел тірегі» «Біздің Елбасы» «Ұлт көшбасшысы» «Ақордада көк байрағын нық ұстап, елбасымыз алаш арын арлаған» «Ұлтын сүйген ұлы жүрек» «Қазақстан-2050» - Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол» «Елін сүйген,елі сүйген – Елбасы» «Ақпәтер ауыл тарихы» Тұлға. Зерттеуші. Азамат. Ұлттық валюта – тәуелсіздік негізі Пайдалы қазбалар Шеңберден тыс дүние Тастөбе ерліктің ескерткіші Өнер әлеміндегі тұғырлы тұлға Бабалар бейнесі Ізгіліктің нұрын сепкен Күмбірлеген күй сыры Тіл тағдыры-ел тағдыры «Динозаврлар әлеміне саяхат» «Редкие растения Миргородского ландшафтного заповедника» «SOS - сайгак» Қазақ болмысы жәдігер бойында «Өрелі өмір – әркімге өнеге» «Тәуелсіздік туын көтергендер» «Қайдасыңдар, жалындаған жастарым?» «Жайықтан шыққан ән бұлбұлы» «Мың тұяқтың дүбірі,бір Тұяқтың саусағы» «Көп жасаған қария, ақылы теңіз дария!» «Зерделі сөздің зергері» «Тіл – татулық тірегі» «Діни экстремизм және терроризм» «Алтын ханшайым» «Өнегесі мол өрелі жан» «Күй әуен – сазбен өрілген жыр шежіре» «Ұлы Абайға тағзым» «Орнатылған ескерткіш белгі міне, Есіміңе қанықты ел бүгінде» «Спортты серік еткендер» «Тәуелсіздік нышаны» «Жабайы аңдар – жаралы табиғат» «Әсем қалам – Астанам» «Астана – Отанымыздың жүрегі, Тәуелсіздігіміздің тірегі!» «Астана – махаббатым менің» «Тайна керамическихкувшинов» «Елі ардақ тұтқан ұстаз» «Дін және жастар» «Менің туым, менің елтаңбам, менің Әнұраным» Облыстың ерекше қорғалатын табиғи территориялары «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш» «Ел айбынын асқақтатқан рәміздер» «Геральдика тарихы және Отанымыздың рәміздері». «Аға ұрпақтың сыннан өткен сардарлары» «Мұрағаттар сыр шертеді» В областном музее состоялась акция «Ночь в музее» «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран» «Отырарда ойлылардың ізі қалған» «Ғасырлар таңбасы-Капустин Яр» «Өнерің сенің жалғасын табар бүгінде» Еңбегімен елге танылған тұлға «Крылатые друзья» «Табиғат жанашырлары» «Өмірде ізгі із қалдырған» «Бекіре тұқымдастарын болашаққа сақтайық» Әз-Наурыз Ряд мероприятий прошли в стенах Областного музея, в канун праздника Наурыз «Наурыз келсе, құт келгені, ағайын!» «Ұлыстың ұлы күні, жыл басы - Наурыз» Жайықтың самал лебі «Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі» «Әлемнің құдірет күші - аналар» «Қазақстанның биологиялық ресурстары, оларды қорғау және тиімді пайдалану мәселелері» «Ардақты, асыл жандар» «Царство насекомых» «Қыр кенебіндегі тамшылар» «Веселая масленница» «Уходили парни из Афгана...» «Ауғанда от кешкендер» «Афганистан болит в моей душе: 25 лет спустя» «Ауғанстан – жүректегі жара» В областном музее состоялось очередное заседание актива «Ауған ақиқаты» «Ауғанстан естеліктері» «Жанымды жаралаған Ауғаныстан» «Дін мұраты ынтымақ пен бірлік» Состоялось торжественное открытие проекта «Мирас» «Қадыр – балалар әдебиетінің атасы» «Күй анасын құрметтейік» «Діни сауатсыздық – діни экстремизмнің бастауы» Музейный урок «Жабайы аңдар» «Батыс Қазақстан облысының мамонт фаунасы»
Выставки
«Алтын ханшайым» «Жанымды жаралаған Ауғаныстан» «Музеи-сокровище народа» «Звон старинного серебра» «Өнеге өрнектері» «Күй-дария» «Халық өнері - асыл қазына» «Әнші әлемі» «Оралым менің, Оралым» «Азаттық аңсаған азамат» «Ақын тілі – арман тілі» «Сағындым сені, Оралым!» «Түркі жазба мәдениетінің тарихынан» «Кел, балалар,оқылық!» «Білімнің қара шаңырағы» «Қылқалам-өмір» «Өнердің қайталанбас өр тұлғасы» Материал 7 «ХІХ-ХХғғ ас -үй бұйымдары» «Тарихи сабақтастық» Тарих – ақша баламасында «Ауған ақиқаты» «Қазақтың тұңғыш заңгері» «Тұғыры биік тұлға» «Жауһар жәдігерлер» Мы победу приближали как могли Презентация выставки Выставка Муратбека Жоламана Муратбек Жоламан «Жазықсыз жапа шеккендер...» «Тарих.Тағылым. Тағзым» «Уақыт қозғалысы- сағаттарда» «Өшпесін мәңгі өзіңнің Өнерде жаққан шырағың... » «Астана-Елбасының ерлігі» «Жүрегімнің түбіне терең бойла... » «Болу үшін жаралғам туған жердің жырауы... » «Мен қазақпын...» « Әнші Әлемі» «Тарихи Орал»
Музейное событие
Вопрос - Ответ
Гостевая книга

Қала күніне арналған

«Тарихи Орал»

атты көрменің ғылыми концепциясы

Тақырыптың негіздемесі:

Орал, Жайық, Теке қаласы 1932 жылдан Батыс Қазақстан облысының орталығы. Саратов-Елек темір жолындағы ірі темір жол стансасы, Жайық бойындағы өзен порты, әуе жолдарының торабы. Қала Жайық өзенінің жағасында, Шағанның Жайыққа құяр тұсында орналасқан. Қалаға ірілі-ұсақты 16 елді мекен қарайды. Ірілері: Зачаганск, Деркөл, Круглоозерное, Серебряково. Бүгінгі Орал тәуелсіз еліміздің әсем қалаларының бірі. Ол күннен күнге көркейіп, дамып келеді.

Сондықтан осы сұлу қаланың тарихи беттерімен, архитектуралық ескерткіштерімен Сізді музей қорындағы әкелі-балалы Лангенің Орал қаласына арнаған суреттері арқылы таныстыруды жөн көрдік.

Мыңдаған жылдар бұрын қазіргі Батыс Қазақстан облысының орнында теңіз толқындары жағаға ұрып жатқан. Бірте келе, теңіз оңтүстікке қарай кетіп, оның орнында кішкене көлдер мен өзендерден құралған ұлы өзен пайда болды. Халық оны АқЖайық деп атандырған. Бұл өзеннің жағалауында скифтер, готтар, ғұндар, аварлар, хазарлар, печенегтер, яғни біздің ата-бабаларымыз өмір сүрген. Тарихи деректерге сүйенсек, ХІІІ-ХҮ ғасырларда бұл өлкенің Алтын Ордаға қарағаны белгілі. Алтын Орданың сауда-саттық әрі мәдени орталығы болған Сарайшық та осынау ұлы өзен бойында орналасқан. Сонымен қатар Жайық өзенінің жағалауында Шакафани деген қаланың орналасқаны туралы 1562 жылы ағылшын көпесі Дженкинсонның картасында белгіленген.

ХҮІІ ғасырдың бірінші ширегінде халықтың бірте-бірте отырықшылыққа көшуі Батыс Қазақстан өңірінде қала құрылысының өркендеуіне бастама болды. Оған қосымша Ресей өзінің отарлық саясатын іске асыру мақсатында Қазақстанда әскери тірек пункттер ретінде қала-қамалдар сала бастайды. Әрі осы кезеңде патша үкіметі қашқын казактарды өзіне бағындырғысы келіп, Жайық өзенін мекендеуге грамота үлестіріп береді. Міне, шамамен, осы кезеңнен бастап Орал қаласы да белгілі бола бастады. Қаланың аты әлденеше рет өзгерді. 1775 жылға дейінгі қазіргі Орал деп жүрген қаламыздың Жайық қалашығы аталып келгені тарихтан белгілі.

Бірақ Жайық қалашығы пайда болғанға дейін бұл жерлерде елді мекендердің болғанын бүгінде облыс территориясында жүргізіліп жатқан архелогиялық қазба жұмыстары дәлелдеп отыр.

2001 жылы Батыс Қазақстан облыстық тарих және археология орталығы мен Ә.Марғұлан атындағы Археология институтының басшылығымен Орал қаласының солтүстігінде архелогиялық қазба жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде Ысқырық тауының етегінде, Круглоозерное ауылының солтүстік аймағында Жайық өзенінің төменгі ағысында орналасқан ортағасырлық қаланың орны табылды.Сөйтіп 2001-2002жылдан бастап Жайық қалашығының зерттелуі басталды.

Бұл қалашықтың топографиясы айрықша назар аудартады: ол Жайық аңғарының дөнесінде,екі жағынан құлама жар қоршаған терең ордың табанында орналасқан. Жайық қалашығындағы негізгі құрылыс ғимараттары: кірпіш күйдіргіш пеш, шығыс, моншасы-хаммам, ұрғын үйлері, мазарлар, кесенелер, құлпытастар.

Үйдің ғимараты бір-бірінен қалың қабырғамен (0,8 м) бөлінген екі ұқсас құрылыстан тұрады. Құрылыстар төртбұрышты немесе шеңберді кірпіштен тұрғызылған. Бөлмелер таңдырдан тұталатын пештермен жылытылған.

Мұнда табылған заттар: металдан жасалған заттардың сынықтары, құймалы плиткалары, моншақ, былғарының қалдықтары жануарлар сүйектері балық қылқаны, Өзбек хан тұсында соғылған тиындар. Міне, мұның өзі Жайық қалашығының орнында бұрын да өркениетті қалашық болғанын дәлелдейтін нақты деректер. Әрі Дженкинсонның картасындағы Жайық өзенінің оң жақ бетінде көрсетілген Шакафани қаласы болуы да мүмкін деген болжам бар.

Жайық - ежелгі түрік сөзі, мағынасы «жайлы орын» деген ұғымды береді. Бұл жердің ежелден ерекше жайлылығын ХҮІІІ ғасырдың басында өмір сүрген кіші жүздің ханы Әбілқайырдың : «Жайық өзені кеуіп қалғанша, тіпті ақырзаман келгенше қазақ халқы бұл жерден айырылмайды. Өйткені мұндай жайлы жерді олар еш жерден таппайды»-деген мәлімдемесінен де ұғуға болады.

Жайық жағасына салынып, Мәскеу мемлекеті мен Орта Азия хандықтары арасындағы аса маңызды керуен жолының бойында орналасқан бұл қала халық арасында Теке деген атаумен белгілі болған. Қаланың «Теке» аталуының себебін зерттеуші-ғалым Мақсат Тәж-Мұрат « тәкие» деген атауымен байланыстырады.

«Тәкие» деген ұғым ел кезген дәуріштер аялдайтын үй дегенді білдіреді. Міне, қазіргі Аймақты мекендейтін байбақты руының бір тармағының да әлтеке(әл-тәкие) аталуы да ғалым жорамалын растай түседі.

Ал Жайық қалашығының алғашқы қоныстанушыларымыз деп атайтын «казактардың»-жеке ұлт емес, орыстың әскери қауым екенін бүгінде орыс тарихынан белгілі. Патша өкіметі оларға шен-шекпен, тарту-таралғы, жер, жалақы беріп елдің шекарасын күзеттірді. Сөйтіп Жайық маңында көшіп жүрген қазақ және ноғай тайпалары көп ұзамай-ақ өз маңайларында қатал да қанішер жаудың пайда болғанын білді. Өйткені Жайық казактарының айуандығы шексіз болғанын тарихи деректер баяндауда. Олар тіпті өз жақындарына да аяушылық білдірмеген. Ресейдің көрнекті қайртакерлерінің бірі М.Сперанский ХІХғ басында казактардың ұзақ жорықтар алдында өзгенің жемі болмасын деп өз балалары мен әйелдерін ұдайы өлтіргенің жазып кеткен.Бұл туралы халық арасында тараған аңызда: «Жайық казактары бір ойында татар жігіті ұтып алған Айгүл есімді қызды атаман Гугняның тартып алып, үйленіп, бір жорыққа аттанарда оны өлтірмей қалдырып кеткенін айтады. Жорықтан қайтып келсе, әйелі ұлымен оны күтіп отыр екен. Міне содан бастап казактар отбасын сақтап, Жайық қалашығында үйлер салына бастаған деседі». Ал Орал маңындағы бір стансаның бүгінде Гугня есімімен аталуы бұл аңыздың тегін болмағанын байқатады.

Үш жағынан Орал, Деркөл, Шаған өзендері арқылы сумен қоршалған қалада үйлер негізінен ағаштан салынып, қалашық екі өзеннің бойында жарты ай секілді орналасқан. Қаланың шетіне терең ор қазылып, қалаға бөгде адам келе жатса, ордың үстіне от жағылып белгі берілетін болған. Оралда әлі күнге дейін «Курень» (ежелгі түрікше «қос», «елде мекен») деп аталатын аумақ бар.Міне, қала тура осы жерден, Жайық өзенінің жағасына орналасқан Михаил-Архангельск ғибадатханасынан басталған. Орал қаласының Курени деп аталатын көне бөлігінде орналасқан бұл ең көне ғимарат- Михайл-Архангел ғибадатханасы қаланың көне ескерткіші боп саналады.Ол 1740жылы салынған. Сыртқы бейнесі Москвадағы Успенск шіркеуінің архитектурасына ұқсас етіп салынған. Осы ғибадатхана алдында үлкен жиындар өткізіліп, шерулер болып тұрған.

Қала тұрғындарының негізі балық аулау, сауда және ауыл шаруашылығы болды. Өйткені өзендер балыққа өте бай болды. Қаланың басталған тұсында балық аулауға тосқауыл қойылды. Балықтың Орынбор жағына өтіп кетпеуін бақылау үшін өзенге темірден жасалған тор, «Учуг» түсірілген. Учуг үстінде күні-түні күзетші жүретін болған. Бүгінде осы учуг болған тұста екінші жағында «Учучье затон» деген ауыл бар. Қыс мезгілінде балық аулаудың түрі «Багренье» деп аталған. Қаланың тірегі қазіргі Достық деп аталатын «Большая Михайловская» көшесі болды, көшенің екі қапталына неғұрлым ірі де маңызды қоғамдық ғимараттар, сауда орындары, шіркеулер мен ғибадатханалар, ең тәуір тұрғын жәйлар салынды. Михайловская көшесінің негізгі орны қазір де сақталып қалған, ол оңтүстіктен солтүстікке дейін бүкіл қаланы қиып өтеді. Тарихи деректер бойынша Михайлов көшесі былайша сипатталады: «Оның батыс жағы «барқыт» деп аталып, ол көпестер мен діни адамдардың жүріп-тұруына арналған, ал қарапайым адамдарға оның шығыс жағы «сиса» бетімен жүруге рұқсат етілген.». Қаланың өсу сатысын осы көшеге қарап байқауға болады. Әйтседе қала өрт зардабына жиі ұшыраған. Сондықтан қаланың ауқатты адамдары арнайы мәскеулік, италяндық архитекторларды шақырып, үйлерін тастан тұрғыза бастаған.

Сөйтіп,қала өскен сайын жаңа алаңдар пайда болған. Қаланың нақ ортасында салынған Түркістан алаңы. Мұнда қалаға келуші қонақтарды қарсы алу үшін «Триумфальная арка» немесе «Салтанат қақпасы» тұрғызылған. Жергілікті халық оны «Қызыл қақпа» деп атаған. Әрі осы жерге жақын Қырғыз балаларына арналған мектеп салынған. Ауласы алаңға дейін созылған бұл мектепте ер балалар негізінен қолөнерге үйретілген

. Қалада екі үлкен базар жұмыс жасаған.Түркістан алаңы арқылы келушілер базарға жол тартатын. Мұнда шығыстан алып келген тауарлар мен жергілікті өнімдер сатылған.

( Мәселен, мына заттар тәрізді :қорапшалар, сол кезде бикештер пайдаланған шаш тарақтары, айналары, косметикалық сөмке)

Жайық қалашығының Орта Азиядан Ресейге баратын сауда жолының орталығында орналасуы оның тез өркендеуіне ықпал етті. Қалада сауданың дамығанын ХХғ басындағы «Уральский листок» газетінен көруге болады. Мәселен, 1914жылы Большая Михайловская көшесінің бойында әйелдерге арналған көйлектер сататын Шубникова дүкені болған. Сонымен қатар тоқылған тарантастарды сататын Наумов дүкені Сакмар көшесінде орналасқан. Ал мынандай шәйға қажетті тәттілер Плушникованың дүкенінде сатылған. Қазіргі Әкімшілік ғимараты бұрын коммерциялық банк болып, оынң төменгі қабатында коммерциялық дүкендер жұмыс жасаған. Түркістан алаңы мен осы коммерциялық банк ішіндегі Глуховтың дүкеннен алынған нан өнімдері мынандай арнайы қағаз қораптарға (қағаз пакет) салынып берілетіні туралы хабарламалар да осы газетте берілген. Газетте арнайы сауда базарындағы баға хроникасының болуы да қалада сауданың жақсы дамығанын көрсетеді. Мұның бәрі қалада ірі көпес байлардың пайда болуына себеп болған. Мәселен атақты көпестер Овчинников пен Карев арасындағы тартыс халық арасында аңызға айналған. ХІХғ аяғында ХХғасырдың басында қаланың ірі байы Овчинников Михайловская көшесінің бойынан өзінің отбасына арнап үлкен аумақты етіп үй салғызған. Міне, сол кезде оның үйінің ұзындығын, кеңдігін көре алмаған миллионер көпес А.Т.Карев Овчинниковтың үйінің қарсысына биік үй салуды ойлайды. Ол үшін алыстан арнайы архитекторларды алғызады да, бір шарт қояды. Оның үйінің биіктігінен көшенің қарсысындағы үйге күн сәулесі түспеу керек.Сөйтіп, қалада өте биік, бүгінге дейін Карев үйі атауымен белгілі болып келе жатқан ғимарат 1900 жылы тұрғызылған..

Шынында бұл үйдің биіктігінен көшенің екінші бетіндегі бір қабатты үйге күн сәулесін түспейтіндей болып салынған. Бірақ Карев бұл үйдің қызығын көре алмайды. Ол осы үйдің құрылысын тексеріп жүргенде баспалдақтан құлап, мерт болған. Құрылысты оның әйелі Д.Ф.Карева аяқтаған. Жалпы Каревтер тұқымы бұл үйде тұрмаған, оны жалға, қонақ үйге өткізген.

Орал қаласындағы ең әдемі ғимаратта кезінде «Ақсүйектер жиналысы» болып тұрған, кейіннен рестораны бар Коммерциялық клуб болды, ал бірінші қабатында дүкендер болды. Кеңес Үкіметі кезінде бұл ғимаратта көптеген мекемелер орналасты. Соның ішінде облыстық «Приуралье» газеті, «Голубой» дүкендері де осында болды.

Ұлы Отан соғысы жылдарында мұнда жаралы жауынгерлерге арналған үлкен әскери госпиталь орналасты.Қазіргі таңда бұл ғимаратта Ж. Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы мен Ғ. Құрманғалиев атындағы облыстық филармония орналасқан. ХІХ ғасырдың тарихи ескерткіші болып табылатын бұл ғимарат мемлекет бақылауында.

ХІХ-ХХғ басында қалада сауданың дамығанын мануфактуралық лавкілердің бір жерде орналасып жұмыс жасағанын да көруге болады. Қазіргі педагогикалық инститттың мұғалімдері тұратын үйдің орнында бір кездері керуен сарайы немесе мануфактуралық лавкілер болған. Мұнда Орал қаласындағы Штельдің кондиттерлік фабрикасының өнімдері молынан сатылған. «Уральский листок» газетінде әрбір жаз сайын қаладағы жазғы саябақ жұмыс жасаған. Саябақтың арнайы оранжериясы болған, онда гүл, ағаш отырғызу жұмыстары кеңінен жүргізілген.

ХІХ ғ. басында Орал қаласы орыс интеллигенциясының назарын өзіне бұра бастайды. Әуелі орыс география қоғамын ұйымдастырушы А.Левшин келсе, оның еңбегімен танысқаннан кейін, 1773-1775 ж.ж. шаруалар көтерілісі болған жерлерді өз көзімен көру үшін А.С.Пушкин 1833 жылдың 19 қыркүйегінде Оралға келіп түседі де, атамандар үйінде тоқтайды.

Бұл ғимарат 1825 жылы әскери архитектор М. Дильмединоның италияның «палаццо» стилінде салынған. 1830 жылдарға дейін атаман Д.М. Бородиннің меншігінде болған. Атаман Д. Бородин қайтыс болған соң оның мұрагерлері әскери қазынаға сатқан. Осы үйде Орал қаласына келген ең құрметті қонақтарды қабылданып, құрметтелген.

177 жыл бұрын алтын күзде орыс ақыны біздің қалаға келгенде оның жолбасшысы, соңынан ғалым, әрі жазушы ретінде аты шыққан В.Даль болған. Оралдың көшелерімен танысқан Пушкин тек қана Пугачев көтерілісін зерттеп қоймай, жергілікті халықтың ауыз әдебиетімен де танысып, «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырын өзімен бірге астанаға ала кеткен.

Осы үйде қонақ болғандардың бірі орыстың ұлы жазушысы Л.Тольстой. Ол 1862 жылдың маусым айында Орал қаласына ат басын тіреп, әкімшілік үйінде қабылдауда болған. Жазушы Оралға келуіне байланысты алдына белгілі бір мақсат қоймағанымен, арада 44 жыл өткеннен кейін «Не үшін» деген әңгіме жазады. Бұндағы оқиғалардың дені Орал қаласында өтеді. "Оралға келсең барлығы да жаңа, әрі қызықты, келген қонақты төселген кілем мен жайылған көрпенің үстіне отырғызып, қонақасы жегізіп, қымыз ішпейінше еш жібермейді," - деп орыстың ұлы жазушысы Л.Толстой да таңғала жазған. Ашық та зерек В.Даль қазақтардың өміріне ет жақын араласып, тұрмысын, салт-дәстүрін терең таныған. Белгілі жазушы В. Короленко шексіз қазақ даласына қарап: "Казақтар құс секілді бағытты біледі. Қазақ халқы өте кеңпейілді"- деп айтып кеткен Кеңес Үкіметі кезінде бұл үйде әскери бөлім, кейіннен пионерлер Үйі, А.П. Гайдар атындағы балалар кітапханасы да осы үйде болды. Қазір Х.Есенжанов атындағы кітапхана орналасқан. Қаланың екінші бір үлкен алаңы Казань алаңы деп аталған. Мұнда атақты ағайынды Ванюшиндер үйі орналасып, Коммерциялық клуб жұмыс жасаған. Үйдің қақ алдында татар слободасы басталып, қаланың екінші үлкен базары жұмыс жасаған. Базарға жақын жерде Керуен сарай орналасқан. Мұнда ауылдан келген адамдар тоқтайтын болған. Осы көшенің бойымен татар медресесінде оқыған татар әдебиетінің классигі Ғабдолла Тоқайды талай жүріп өткен.. Татар классигі Ғ. Тоқайдың шығармашылық өнері Оралдан басталып, ол Орал қаласында өмір сүрген.

ХХғасырдың басында бүгінде Жұбан Молдағалиев ескерткіші тұрған орында бұрын Александр Невский шіркеуі орналасқан. Осы шіркеуде ХХ ғасырдың 30-жылдары қазақ драма театры жұмыс жасаған. «Айман-Шолпан», «Амангелді» секілді қойылымдарымен танымал болған труппа театрдың өртенуіне байланысты, тұтқынға алынып, бас режиссері Жұмат Шанин ату жазасына кесілген. Осы театрда қазақтың біртуар ақын ұлдарының бірі Қасым Аманжолов жұмыс жасаған. Ол досы майдангер-ақын Абдолла Жұмағалиевпен «Екпінді құрылыс» газетінде де жұмыс жасап, Оралдың көшелерінде бірге жүрген. Кейін Қ.Аманжолов 1941жылы майданға аттанып бара жатқанда:

Оралым менің Оралым

Үстіннен өтіп барамын -

деген жыр жолдарын өзінің жастық шағы өткен Орал қаласына арнаған.

Кеңестік дәуір кезінде Большая Михайловская көшесі Ленин даңғылы деп аталды. Қалада мәдениет саласының өркендеуіне қатты көңіл бөлініп, мәдениет саласының да аясы кеңейді. 1859 жылы негізі қаланған А.Н.Островский атындағы орыс драма театрында А.Чеховтың , У.Шекспирдің драмалық шығармалары қойылды.

Қалада «Мир», Чапаев атындағы кинотеатр, «Орал» кинотеатрлары жұмыс жасаған. Бүгінде «Мир» кинотеатрының орнында «Зеленый рай», «Орал» кинотеатрының орнында «Ақ және қара» түнгі клубтары орналасқан.

А.С.Пушкин атындағы педагогикалық институт ғимараты 1937-1939 ж.ж. мәскеулік архитектор Рогальский жобасымен салынған. Құрылыс нысаны К.П.Прудниковтың жетекшілігімен бұрынғы Қазан шіркеуінің орнына тұрғызылды. 1996 жылы Батыс Қазақстан гуманитарлық университеті болып өзгерді. 2003 жылы университетке Махамбет Өтемисұлы аты берілді. Оның құрамында 4 институт, 43 кафедра, аспирантура, магистратура, 900 мың данадан астам кітап қоры бар ғылыми кітапхана, баспа-редакциялық бөлімі бар.

Қалалықтар Орал шаһарының өсіп-өркендеуіне еңбектерін арнаған есімдерді әрқашан мақтан тұтады.Әсіресе қала құрылысының қызу қарқынмен дамуы XX ғасырдың 70-80 жылдарына келді десек, осы істе басшылық жасап, Орал қаласында өзіндік із қалдырған тұлға Мұстақым Ихсанов есімін ерекше атауға болады. Ықсанов Мұстахым Біләлұлы 1926жылы Жәнібек ауданының Борсы деген елді мекенінде дүниеге келген. Мемлекет және қоғам қайраткері Қазақ ауыл шаруашылық институтының гидротехникалық факультетін бітірген. 1975-1986ж Батыс Қазақстан облыстық партия комитетінің 1-хатшысы болды. Осы жылдары облыс экономикасы мен мәдениетін арттыруда, әсіресе күрделі құрылысты дамытуда үлкен үлес қосқан жан. Еңбек Қызыл Ту ордендерінің иегері. Бүгінде қаламызда оның есімімен көше, мектеп аталады.

Бүгінгі күнде Қазақстандағы ең көне қалалардың бірі болып саналатын Оралдың тарихи мұрасын сақтап қалу үшін көптеген игілікті істер жүзеге асырылуда. Қазіргі келбетіне сән беріп тұрған ғимараттар да баршылық. Сонымен қатар қазақтың тарихи тұлғалары батыр, қолбасшы С.Датұлына, ақын Ж.Молдағалиевке ескерткіштер қойылып, жаңа үлгідегі әуе және темір жол бекеттері салынған. Жаңадан7,8,9 шағын аудандары құрылып, жастар үй алу мүмкіндігіне ие болды. «Евразия» , «АТИСО» сияқты жаңадан оқу орындары ашылып, қаламыз жастар қаласына айналды. Жастар үшін «Галактика», «Атриум», «Орал» сияқты ойын-сауда орындары жұмыс істеуде. Қалада үлкен –үлкен мәдени шаралар өтіп тұрады. Алдымыздағы қазан айында « Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген»-деп жырлаған ақын Ж.Молдағалиевтің туғанына 90жылдығы аталып өтілмек. Ендеше шежіресі терең, тарихи тұлғалары мол сүйікті қаламыздың көркейе беруіне өз үлесімізді қосып, оны қадірлей білейік!

Көрменің мақсаты:Көне қаланың тарихына үңілу арқылы, қаланың архитектуралық ғимараттарының сырын ашу.

Көрменің тартымдылығы: Қалалардың да адамдар сияқты өз тағдыры болады. Олардың әрқайсысының өз аты, қайталанбас өмірбаяны, дүниеде ешбір жерге ұқсамайтын өзіндік айрықша мінезі мен белгілерінің болатынын Орал қаласы арқылы ұғындыру.

Экспозициялық шешім:

Көрме залында.

Ашылу мерзімі: 2010 ж, қыркүйек

Қала күніне арналған

«Тарихи Орал» көрмесінің

тақырыптық экспозициялық жоспары

(Батыс Қазақстан облыстық тарихи -өлкетану музейі қорындағы жәдігерлер негізінде).

 

Тақырып пен бөлімдер Материалдар жиынтығы Ескертулер
1 ХІХ-ХХғғ тән заттар 1. Әйел адамның көйлектері
2. (2 дана),етігі. ХІХ-ХХ ғ.ғ
3. Әйел адамның әмияны. ХІХ ғ.
4. Айна. ХІХғ.аяғы-ХХғ.басы
5. Тарақ.
6. Қорапшалар ( 2 дана)
7. Темекінің қорабы.
8. Шырпының қорабы.
9. Шайдың қорабы ( 2дана)
10. Таразылар (6 дана)
11. Одеколонның шөлмегі.
12. Фотоаппараттар ( 2 дана)
13. Учугтің макеті.
14. Шекер қысқаш.
15. Ақшалар (9 дана)
16. Орал губерниясының схемалық картасы.
17. Құмыралар (3 дана)
18. Тас кірпіштер, плиталар.
19. Үстел (Жапқышымен)
20. Фоторамка

2 Картина 1. Лангеннің картиналары. (8-дана)
2. Гора картинасы. «Пушкиннің Қозы Көрпеш -Баян сұлу» жырын тыңдау сәті .
3. «Салтанат қақпасы»

3 Фотосуреттер 1.Альбом (қаланың ескі көрінісі)
2. 23- түпнұсқалы фотосуреттер.
3. 6- көшірме фотосуреттер

4 Баспа материалдары 2


Барлығы : 75

 

Г.Н. Мұханбетова,

экспозиция бөлімінің

меңгерушісі.

Регистрация

Жемчужины фонда