Get Adobe Flash player
Slide item 1
Slide item 2
Slide item 3
Slide item 4
Slide item 5
Slide item 6

Главное меню

Добро пожаловать!
Структура музея
Виртуальный тур
Экспозиция
Шедевры, коллекции
Научная деятельность
Законодательство
Госзакупки
Новости
Массовые мероприятия
Западно-Казахстанском областном историко-краеведческом музее открытие зала «Елбасы және Тәуелсіздік» Казахский государственный академический оркестр народных инструментов имени Курмангазы в Приуралье «Дін және дәстүр» «Я памятник воздвиг себе нерукотворный» «Әсем табиғатты қорғау – әркімнің міндеті» «Живем, пока помним!» «День открытых дверей» и акция «Ночь в музее» Ерлік пен Жеңіс Чтобы музы не молчали Отқа оранған жастық Невестка Б.Момышулы в Приуралье Абайдың табиғат лирикасы Әлем бірлігіндегі Қазақстан «Біз біргеміз – берік іргеміз!» Ақ Жайық – достық мекені Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі Сыр еседі сыңғырынан сырғаның Жауқазын Ерлікке толы Ұлы жол Әсем қоңыр «Масленица» «Хандық билік және қазақ елі» «Қысқа ғұмыр, биік белес» «Жалынды ақын, жаужүрек батыр» "Ақжайық-достық мекені" «ЭКСПО-2017 – елдің ерен жеңісі» Открытие мультимедийного комплекса «Сакентану» Батыс Қазақстан облысының мамонт фаунасы «Ғұлама ғалым, парасатты азамат» «Керей қайда барасың?» «Поэзия әлемінің ұлы Қадыры» Поэзия Пайғамбары «Ұрпаққа мұра болар сыйлар» «Кенеп бетіндегі Тәуелсіздік жетістіктері» «Тәуелсіздік шежіресі» «Арманы үлкен – азат ел» «Биік белестер» «Тәуелсіз Қазақстанның гүлденуі» «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» «Елін сүйген, елі сүйген елбасы» «Елбасы – ел тірегі» «Біздің Елбасы» «Ұлт көшбасшысы» «Ақордада көк байрағын нық ұстап, елбасымыз алаш арын арлаған» «Ұлтын сүйген ұлы жүрек» «Қазақстан-2050» - Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол» «Елін сүйген,елі сүйген – Елбасы» «Ақпәтер ауыл тарихы» Тұлға. Зерттеуші. Азамат. Ұлттық валюта – тәуелсіздік негізі Пайдалы қазбалар Шеңберден тыс дүние Тастөбе ерліктің ескерткіші Өнер әлеміндегі тұғырлы тұлға Бабалар бейнесі Ізгіліктің нұрын сепкен Күмбірлеген күй сыры Тіл тағдыры-ел тағдыры «Динозаврлар әлеміне саяхат» «Редкие растения Миргородского ландшафтного заповедника» «SOS - сайгак» Қазақ болмысы жәдігер бойында «Өрелі өмір – әркімге өнеге» «Тәуелсіздік туын көтергендер» «Қайдасыңдар, жалындаған жастарым?» «Жайықтан шыққан ән бұлбұлы» «Мың тұяқтың дүбірі,бір Тұяқтың саусағы» «Көп жасаған қария, ақылы теңіз дария!» «Зерделі сөздің зергері» «Тіл – татулық тірегі» «Діни экстремизм және терроризм» «Алтын ханшайым» «Өнегесі мол өрелі жан» «Күй әуен – сазбен өрілген жыр шежіре» «Ұлы Абайға тағзым» «Орнатылған ескерткіш белгі міне, Есіміңе қанықты ел бүгінде» «Спортты серік еткендер» «Тәуелсіздік нышаны» «Жабайы аңдар – жаралы табиғат» «Әсем қалам – Астанам» «Астана – Отанымыздың жүрегі, Тәуелсіздігіміздің тірегі!» «Астана – махаббатым менің» «Тайна керамическихкувшинов» «Елі ардақ тұтқан ұстаз» «Дін және жастар» «Менің туым, менің елтаңбам, менің Әнұраным» Облыстың ерекше қорғалатын табиғи территориялары «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш» «Ел айбынын асқақтатқан рәміздер» «Геральдика тарихы және Отанымыздың рәміздері». «Аға ұрпақтың сыннан өткен сардарлары» «Мұрағаттар сыр шертеді» В областном музее состоялась акция «Ночь в музее» «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран» «Отырарда ойлылардың ізі қалған» «Ғасырлар таңбасы-Капустин Яр» «Өнерің сенің жалғасын табар бүгінде» Еңбегімен елге танылған тұлға «Крылатые друзья» «Табиғат жанашырлары» «Өмірде ізгі із қалдырған» «Бекіре тұқымдастарын болашаққа сақтайық» Әз-Наурыз Ряд мероприятий прошли в стенах Областного музея, в канун праздника Наурыз «Наурыз келсе, құт келгені, ағайын!» «Ұлыстың ұлы күні, жыл басы - Наурыз» Жайықтың самал лебі «Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі» «Әлемнің құдірет күші - аналар» «Қазақстанның биологиялық ресурстары, оларды қорғау және тиімді пайдалану мәселелері» «Ардақты, асыл жандар» «Царство насекомых» «Қыр кенебіндегі тамшылар» «Веселая масленница» «Уходили парни из Афгана...» «Ауғанда от кешкендер» «Афганистан болит в моей душе: 25 лет спустя» «Ауғанстан – жүректегі жара» В областном музее состоялось очередное заседание актива «Ауған ақиқаты» «Ауғанстан естеліктері» «Жанымды жаралаған Ауғаныстан» «Дін мұраты ынтымақ пен бірлік» Состоялось торжественное открытие проекта «Мирас» «Қадыр – балалар әдебиетінің атасы» «Күй анасын құрметтейік» «Діни сауатсыздық – діни экстремизмнің бастауы» Музейный урок «Жабайы аңдар» «Батыс Қазақстан облысының мамонт фаунасы»
Выставки
«Алтын ханшайым» «Жанымды жаралаған Ауғаныстан» «Музеи-сокровище народа» «Звон старинного серебра» «Өнеге өрнектері» «Күй-дария» «Халық өнері - асыл қазына» «Әнші әлемі» «Оралым менің, Оралым» «Азаттық аңсаған азамат» «Ақын тілі – арман тілі» «Сағындым сені, Оралым!» «Түркі жазба мәдениетінің тарихынан» «Кел, балалар,оқылық!» «Білімнің қара шаңырағы» «Қылқалам-өмір» «Өнердің қайталанбас өр тұлғасы» Материал 7 «ХІХ-ХХғғ ас -үй бұйымдары» «Тарихи сабақтастық» Тарих – ақша баламасында «Ауған ақиқаты» «Қазақтың тұңғыш заңгері» «Тұғыры биік тұлға» «Жауһар жәдігерлер» Мы победу приближали как могли Презентация выставки Выставка Муратбека Жоламана Муратбек Жоламан «Жазықсыз жапа шеккендер...» «Тарих.Тағылым. Тағзым» «Уақыт қозғалысы- сағаттарда» «Өшпесін мәңгі өзіңнің Өнерде жаққан шырағың... » «Астана-Елбасының ерлігі» «Жүрегімнің түбіне терең бойла... » «Болу үшін жаралғам туған жердің жырауы... » «Мен қазақпын...» « Әнші Әлемі» «Тарихи Орал»
Музейное событие
Вопрос - Ответ
Гостевая книга

«Таксайдан табылған алтын адам» тақырыбы бойынша Кіші жүз залында жабдықталатын «Алтын ханшайым»-атты көрменің ғылыми концепциясы.

Ғылыми негіздеме:

Батыс Қазақстандағы көшпенділердің алғашқы ірі одақ құрап бірігуі б.д.д. ҮІІ-ІҮғғ аралығындағы савроматтар тұсында болды. Тарихшылар б.д.д. ҮІІ-ІҮғғ Еділ мен Жайық далаларын мекендеген скифтер мен сақтарға жақын отырықшыл және көшпелі халықтарды «савроматтар» деп атайды. Олардың іздері қазіргі Батыс Қазақстан облысында анықталып отыр. «Савромат» сөзі грек тілінен аударғанда «кесірті көзді»(саурос-кесіртке және ома-көз) деген ұғымды береді. Алғашқы зерттеушілер савроматтарды сарматтардан бөлмей қарастырады. Сармат тайпаларының қалыптасуын скифтердің шығу тегі сияқты ежелгі кезеңге жатқызады. Савромат-сармат тайпаларының дамуы жарты мың жылға жуық уақытты қамтиды. Қазіргі күнде белгілі археологиялық материалдар негізінде қола және ежелгі темір дәуірі шегінде Еділ бойы және Орал өңірі далаларында савромат материалдық мәдениетінің негізгі белгілерін, этникалық ерекшеліктерін олардың жерлеу дәстүрі бойынша анықтауға болатындығы туралы тұжырымдамалар жасалуда. 2012жылы күзде БҚО тарих және археология орталығының археологтары Теректі ауданынан «Алтын адам» тапқанын хабарлаған болатын. «Таксай» кешенінде жүргізілген қазба жұмыстары барысында ежелгі сармат кезеңіне жататын ақ сүйек бай әйелдің жерленген орны анықталды. Табылған алтындардың салмағы 3келіге жуық. «Бұл қабір-біздің өңірде бұдан бұрын зерттелген обалардың ішіндегі ең көнесі болып шықты»-деп, БҚО тарих және археология орталығының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор М.Н.Сыдықов атап көрсетті. Мұрат Наурызғалиұлының айтуынша ,Таксай 1 кешенінің 6 обасынан алынған бай материалдарды зерттеу бірнеше жылдар еншісінде. Дегенмен осы қайталанбас ғажайып ғылыми жәдігерлерді ғалымдарға, мамандарға, қызығушылық тудыратын адамдарға таныстыру мақсатында Таксай обасынан табылған құндылықтар Ел ордаға жеткізіліп, жуықта Астана қаласында ашылған Ұлттық музейдің экспозициясында «Алтын ханшайым» атауымен көпшілік назарына ұсынылды. Ал қала күні қарсаңында БҚОМ қорындағы «Алтындар» коллекциясынан Тұңғыш, Лебедевка обаларынан табылған қазбалар қазынасымен, «Алтын ханшайым» көшірмесімен қалалықтар мен қала қонақтарын таныстыруды жөн көрдік. Б.д.д. ҮІІ-ҮІғғ Батыс Қазақстан аумағына материалдық және рухани мәдениеті қалыптасқан көшпелі тайпалар қоныстанды. Батыс Қазақстан далаларына савроматтардың келуі ұзақ уақыт жаңа өмір салты-көшпелі мал шаруашылығының басым болуына ықпал етті, бұл Қазақстан тарихында түпкілікті бетбұрыс жасауға септігін тигізді. Сөйтіп ежелгі көшпенділер дәуірі басталды, оның ең ірісі-савроматтар. Олар Батыс Қазақстан облысы территориясында шашыраңқы орналасқан көптеген обалар түрінде бай із қалдырды. Бұдан басқа көрші жатқан Ресейдің Орынбор, Саратов, Самара, Астрахан, Волгоград аумағында савроматтардың, олардан кейінгі сармат тайпаларының обалары кездеседі. БҚО сармат мәдениетін зерттеудегі ғылыми жұмыстары ХХғ 70-жылдары Орал қаласында орналасқан археология мектебінің ғылыми зерттеу нәтижелерінде жүргізілді. Бастапқыда кездейсоқ (Г.Багриков) , ал кейін жүйелі түрде Қазақ КСР ҒА және Орал педагогикалық институтының ғылыми жоспары бойынша (Г.Кушаев) жүргізді. ХХІ ғасырдың басынан ежелгі көшпенділердің тарихы мен мәдениеті бойынша барлық зерттеу жұмысын Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында БҚО тарих және археология орталығы (М.Сыдықов) жүргізуде. Бұл зерттеулер б.д.д. ҮІІ ғасырдан бастап Батыс Қазақстан аймағын артына сансыз көп қорған- обалар қалдырған савромат-сармат тайпалары қоныс етіп мекендегенін тағы да бір дәлелдеді. . Тарих және археология орталығы 10 жыл бойы 50-астам сармат обаларын зерттеді. Соның ішінде Сегізсай, Қырық оба, Бұлдырты, Облавка және басқа да обалар кешені бар. Лебедевка, Қырық Оба, Елекшар, Бұлдырты кешендеріндегі археологиялық қазба жұмыстарында табылған І мыңжылдықтың орта шеніндегі көшпелі халықтың зергерлік әсем бұйымдары мәдени мұра болып саналады. Қорған-обалардан табылған түрлі алтын әшекейлер ежелгі өнердің көркемдік деңгейінің биік болғанын байқатады. Бұл алтын зергерлік бұйымдар формасының монументтілігімен және көркемдік әсерлігімен ерекшеленеді және өлке тарихына қосылған ғылыми жаңалықтар болуы өз алдына, олар біздің музейіміздің қорындағы «Алтындар» коллекциясын толықтырды. Алтын бұйымдардың көбі қола дәуіріндегі Андронов мәдениетіне жатады және б.д.д. ҮІ-ІҮғғ өзінде зергерлік өнер пайда болғанын дәлелдейді. Алтын-адамзат алғаш игерген металдардың бірі. Ғаламат пластикалық қасиеті, табиғаттың бүлдіргіш құбылыстарына төзімділігі және әдемі сары түсі оның зергерлік өнердің негізгі материалдарының біріне айналуына мүмкіндік туғызды. «Мөлдір сары түс,-деп жазды Гете,- табиғатынан жарықтың белгісін танытады және ерекше айқын, ғажайып нәзік әсемдігімен көз қуантады. Жарқыраған таза алтын, сол сары түс, бізге жан дүниені баурап аларлық ғажайып ұғым туғызды». Алтын-«жылы» металл. Оның түсі мен күңгірт болмысы жасырын келіп жаныңды аялаған күн нұрын сездіргендей болады. Шығыс халықтары арасында «Дала алтыны не?»-деген жұмбақты сұрау болған. Жауабы: Күн шапағы. Адамзат алтынды білгелі бері мыңдаған жылдар өтті. Талай тайпалар мен халықтар өмірге келіп кетті, өнер дүнесінде әр алуан құбылыстар туындап, жоғалып құрып жатты, бірақ адам әрқашан алтын бұйымдардың жарқыраған шұғыласынан күн нұрын сезінді, таң атып, күн батқан сәттегі шапақты көріп келді. Алтынның түсі отқа да теңестірілді. Мұндай түйсінудің ауқымы қай жерде де жан-жақты еді. Алтын әрдайым жақсылықтың нышаны ретінде ұғынылып келді, мәселен, адам біреуді жақсы көргенде «алтыным» дейді, жарқыраған, құлпырған нәрсені «алтындай жарқырайды» деген теңеу айтады. Мұндай теңеу әлемдегі көптеген халықтардың тілінде бар .Бұл металдың аса маңызды қасиеті-оның ешқашан бүлінбейтіндігінде. Бұдан талай дәуір бұрын жасалған көркем бұйымдар сол баяғы алғашқы қалпын әлі күнге дейін сақтап келеді. Біздің дәуірімізге дейінгі ҮІІ-ІІІ ғасырлардағы сак, савромат және скиф одақтастығының саяси ымыралығы скиф-сібірлік хайуанаттар стилінің гүлденуіне себепші болды. Ежелгі сак суретшілері сүйенген хайуанаттар образдарының триадасы (құс-тұяқты жануар-жыртқыш) бейбітшілік қоғам құрылысының салтанаты идеясын паш етсе, қоспалы (полихрондық) стиль ескерткіштерінің мынандай белгілері бар: дәнекерлеп жасалған ұяларға түрлі түсті (қызыл, қызғылт) тастар орнатылып, әсем түйіршіктер мен жалтыраған сымнан өрнектер жасалған. .Алтын бұйымдардың барлық зираттардан емес, жасауы мол зираттардан табылуының өзі сол кездің өзінде-ақ алтыннан жасалған заттар дәулетті адамдардың қолында болғанын дәлелдейді. 2012жылдың күзінде Батыс Қазақстан облыстық тарих және археология орталығының археологтары Теректі ауданындағы Долинное елді мекенінің маңында археологиялық қазба жұмыстарын жүргізді. Бұл қазба жұмыстары кездейсоқ жүргізілмеген болатын. ХХғасырдың 1965жылы жер жырту жұмыстары кезінде осы елді мекен маңынан бірнеше жәдігер табылғаны белгілі. Мамандар оны сармат кезеңіне жататындығын анықтаған еді. Соның ішінде «Күміс ритон» ғылыми ортада кеңінен белгілі болды. Арада 37жыл өткен соң, 2012жылы кездейсоқ табылған жәдігер орындары зерттеліп, бұл жерде 4 оба кешені бар екені анықталды. Сөйтіп «Таксай оба кешені»-деген шартты атауға ие болған археологиялық қазба жұмыстары басталады. Оған БҚО тарих және археология орталығының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор М.Н.Сыдықов жетекшілік жасады. Қазба жұмыстарын осы орталықтың ғылыми қызметкері Я.Лұқпанова басқарған отряд жүргізді. Жазғы далалық маусым кезінде осы оба кешенінде 3 обада археологиялық қазба жұмыстары жасалды. Алғашқы екі обадағы жерленімдерден қызықты материалдар алынғанымен жәдігерлер аз болды. Соңғы оба, яғни үшінші обадағы жерленімнен қайталанбас ғажайып материалдар, ежелгі сармат кезеңіне жататын ақсүйек бай әйелдің жерленген орны анықталды. Тақсай 1 қорған кешенінде ағаш бөренемен жабулы жерлеу орны, 4 ат жүгені қазылып алынды. Ағаш бөренемен жабу астындағы шығыс жақ қабырғасына қарай жерленген әйел адамның қабірі табылды, мүрденің басы батысқа, беті оңтүстікке қарап жерленген. Жерленген әйел адам аса қымбат әшекейлі киім киген: басында шошақ төбелі жоғарғы жағында тау ешкісінің бейнесі бар алтын бас киім, мойнында екі салпыншақты және тұтас құйылған гривна (металдан жасалған әшекей) тағылған. Ал киімнің кеуде тұсына төртбұрышты, сопақша пішінді барақ ит, қойдың бастары бейнеленген алтын жапсырмалы әшекейлер мен дөңгелек пішінді алтын моншақтар тігілген. Киімнің жеңдеріне де алтын қалыптағы қасқырдың азу тістері бейнесіндегі алтын салпыншақ тігілген. Білектеріне қиял-ғажайып жануар яғни мүйізді мысық тұқымдас жыртқыштың бұзаумен айқасы бейнеленген алтыннан құйып жасалған екі білезік тағылған.Мүрденің сол қолында толқынды өрнектері бар көкшіл түсті шыны ыдыс ,оң қолында қоладан жасалған алтын сапты айна ұстаған. Айнаның тұтқасы жуан және онда барақ иттің басының бейнесі салынған. Барақ ит,тұмсығы өткір,көзі дөңгелек жырқыш құс бейнесінің бастары қырынан салынған. Шебер бұл суреттер арқылы табиғаттағы күштердің қарама-қарсылығын көрсеткісі келгенге ұқсайды. Айнаның сабы кертештелген, ол жаңғақ ағашынан жасалған қаппен құндақталған. Айна ғалымдарға сол кездегі тарихты анықтау үшін таптырмас дерек болып табылады. Қабірдің оңтүстік-батысында жаңғақ ағашынан жасалған қобдиша табылды. Қобдишаның ішінде салт - жоралғылар жасайтын заттар салынған,олар: ақ саздан жасалған жіңішке мойынды ыдыс, ағаш тарақ.Қасқырдың азу тісі және соғыс көрінісі бейнеленген тарақта –сірә ассириялықтар мен мидиялықтар бейнеленген болса керек, орта тұсында соғыс арбасының бейнесі салынған. Ал үңгірдің орта тұсында түйе басты қола қазан , ағаш ыдыстың құрсауы, тана көзді шыны ыдыс анықталған. Үңгірдің батысында ат әбзелдерінің кейбір бөлшектері шашылып жатқан. Әсіресе қабірдің оңтүстік жарының безендіруі ерекше қызығушылық туғызады, ол жарты шеңбер тәріздес, сәуле шашып тұрғандай етіп жасалған. Жарты шеңбер қабырғаларының астынан алтын жапсырмалар мен алқа табылған. Таксай кешенінен алынған бұл артефактердің алғашқы зерттеу жұмыстары БҚО тарих және археология орталығы базасында жүргізілді. Алынған жәдігерлерді өңделіп, зерттелу барысында Қазақстанның Астана және Алматы, Жапонияның Токио, Германияның Бохум және Франкфурт-Дюссельдорф, Ресейдің Мәскеу, Санкт-Петербург, Орынбор, Челябинск, Пущино, Новосибирск қалаларының мамандары мен ғалымдар шақырылып, зерделенді. Содан соң Алматы қаласындағы «Остров Крым» ғылыми-қайта қалпына келтіру шеберханасы мамандары орталық ғалымдарымен бірлесе отырып, алтын әйелдің қайта қалпына келтіру скульптурасы жасады. Барлық қалпына келтіру жұмыстарын Есік қорғанынан табылған әйгілі «Алтын адам» бейнесін қалпына келтіруші ғалым-реставратор, елімізге танымал шебер Қырым Алтынбектің жетекшілігімен талантты реставратор-суретшілер жасады. Ғалымдардың пайымдауынша Тақсай1 оба кешенінен табылған «Алтын әйел» қабірін шамамен б.д.д ІҮғ. соңы мен Үғ.ортасы деп жорамалдап, ежелгі сармат кезеңіне жатқызуға болады. Оған жерлену тәсілі, жерлеу элементінің құрылымдары, сары металдан жасалған көптеген бұйымдары мен салт-жоралғы заттары дәлел. Тақсай оба кешенінен табылған сармат әйелінің әшекейлеріне қарап оның ақсүйек тұқымынан екені туралы тұжырым жасалуда. Қабірден табылған заттар әйелдің қоғамда ерекше статусқа ие болғанын көрсетеді. Сонымен қатар жерлеу орнынан табылған алтын әшекейлер, айна, ыдыстардағы зооморфтық бейнелерді Оңтүстік Орал аймағындағы ежелгі көшпенділер өнерінің бір бөлігі ретінде қарастыруға болады, тұтастай алғанда ежелгі Батыс пен Шығыс көшпенділерінің өнеріне жақындығы және Ахеменидтік Иранның әсері айқын байқалады. Савроматтар мен ежелгі сарматтардың қоғамдық құрылысында әйелдер жанұя мен қоғамда жоғарғы орынға ие болған. Олар отбасын сақтаумен және бала тәрбиелеумен қатар, соғыс ісіне де қатысып отырған. Белгілі ақсүйек әйелдер бақсылық, абыздық қызметпен де айналысқан.Адаммен бірге оның тұтынған заттары салынатын сол дәуірде ғибадаттық бағыттағы жабдықтар мен тастан жасалған ыдыстар, айнасымен бірге жерлеу дәстүрі болған. Сол кездегі діни түсінік бойынша айна адамның жанының көрінісін беретін құдірет деп түсінген. Жалпы ежелгі көшпелілердің материалдық мәдениетінде қоладан жасалған айналар көп кездеседі. Айна сарматтардың абыз әйелдері қолданған, ал әшекей бұйымдарда салынған бейнелер діни түсініктермен байланысты болған. Сарматтар кезеңінде Оңтүстік Оралдың арғы беті және Орал өңірі, экономикалық байланыстар мен саяси мүдделер Таяу Шығыстың және Орта Азияның мемлекеттерінің ықпалында болғанына сармат обаларынан табылған импорттық өндіріс бұйымдары: ахеменидтік ритондар, гривналар, мөрлер дәлел бола алады. Ритондар тойда сән-салтанат, ғибадаттық ғұрып ыдысы ретінде пайдаланса, ал гривналар жоғары әлеуметтік статустың символдық белгісін көрсетеді. Ғалымдар аталған бұйымдардың ол кезеңде сауда-саттық қолданыста болмағанын атап отыр. Бұл заттар сарматтардың Таяу Шығысқа жүргізген әскери жорықтары кезінде алынған немесе сармат әскери басыларының Ахеменидтер армиясының әскери топтарында қызмет еткені үшін сыйлық ретінде берілуі мүмкін. Таксайдан табылған материалдардың құндылығы өте жоғары. Бұл кешеннен табылған «Алтын әйел» ұлттық тарихымыздың өткенін зерделеп қайта қалпына келтіруде үлкен маңызға ие болмақ. Әрі Тақсай кешенінде жүргізілген бұл археологиялық қазба жұмыстарының нәтижелері савромат-сармат кезеңіндегі тарихи үрдістерді білуде біздің түсінігімізді кеңейтуге мүмкіндік берері сөзсіз.

Көрменің мақсаты:

• 2012жылы күзде БҚО тарих және археология орталығы археологтарының Теректі ауданының Таксай кешеніндегі қазба жұмысы нәтижесінде тауып, музей қорына түсірілген Таксай алтынының көшірмесін жарыққа шығару.

• ҚР Есік қорғанынан табылған әйгілі «Алтын адам» бейнесін қалпына келтіруші ғалым-реставратор Қырым Алтынбектің жетекшілігімен Алматы қаласындағы «Остров Крым» ғылыми-қайта қалпына келтіру шеберханасында жасалған «Алтын әйелдің» қайта қалпына келтіру скульптурасын қалың көпшілік назарына ұсыну.

• БҚО аумағындағы обалардан алынған құнды жәдігерлер-алтын әшекейлермен көрерменді таныстыру.

• Батыс Қазақстанды мекендеген ежелгі көшпенділер-савроматтар, сарматтар туралы тереңірек мағлұмат беру. Көрменің тартымдылығы:

• Тұңғыш рет БҚО обасынан табылған алтындар топтамасы жарыққа шығарылады.

• Ежелгі сармат кезеңіне жататын алтын әшекейлердің түпнұсқалары көрермен назарына ұсынылады. Көрменің ғылыми маңыздылығы:

• Табылған жәдігерлер савроматтардың шығу тегін және сарматтармен байланысын тереңірек ұғынуға, тарихи түсінігімізді кеңейтуге мүмкіндік береді.

• Көшпенділердің тарихы мен мәдениеті жөнінде ой қалыптастырады.

Экспозициялық шешім:

1.Көрмені ұйымдастыру үшін музейдің «Кіші жүз» залы таңдалып отыр. Көрме ортасында Алматы қаласындағы «Остров Крым» ғылыми-қайта қалпына келтіру шеберханасында жасалған «Алтын әйелдің» қайта қалпына келтіру скульптурасы қойылады.

2. 1-5 витриналарға алтын әшекейлер орналастырылады

3.Археологиялық қазба кезіндегі фотосуреттер ілінеді.

Ашылуы: 2014ж

Орындаған: Муханбетова Г.Н.

Регистрация

Жемчужины фонда