Get Adobe Flash player
Slide item 1
Slide item 2
Slide item 3
Slide item 4
Slide item 5
Slide item 6

Главное меню

Добро пожаловать!
Структура музея
Виртуальный тур
Экспозиция
Шедевры, коллекции
Научная деятельность
Законодательство
Госзакупки
Новости
Массовые мероприятия
Западно-Казахстанском областном историко-краеведческом музее открытие зала «Елбасы және Тәуелсіздік» Казахский государственный академический оркестр народных инструментов имени Курмангазы в Приуралье «Дін және дәстүр» «Я памятник воздвиг себе нерукотворный» «Әсем табиғатты қорғау – әркімнің міндеті» «Живем, пока помним!» «День открытых дверей» и акция «Ночь в музее» Ерлік пен Жеңіс Чтобы музы не молчали Отқа оранған жастық Невестка Б.Момышулы в Приуралье Абайдың табиғат лирикасы Әлем бірлігіндегі Қазақстан «Біз біргеміз – берік іргеміз!» Ақ Жайық – достық мекені Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі Сыр еседі сыңғырынан сырғаның Жауқазын Ерлікке толы Ұлы жол Әсем қоңыр «Масленица» «Хандық билік және қазақ елі» «Қысқа ғұмыр, биік белес» «Жалынды ақын, жаужүрек батыр» "Ақжайық-достық мекені" «ЭКСПО-2017 – елдің ерен жеңісі» Открытие мультимедийного комплекса «Сакентану» Батыс Қазақстан облысының мамонт фаунасы «Ғұлама ғалым, парасатты азамат» «Керей қайда барасың?» «Поэзия әлемінің ұлы Қадыры» Поэзия Пайғамбары «Ұрпаққа мұра болар сыйлар» «Кенеп бетіндегі Тәуелсіздік жетістіктері» «Тәуелсіздік шежіресі» «Арманы үлкен – азат ел» «Биік белестер» «Тәуелсіз Қазақстанның гүлденуі» «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» «Елін сүйген, елі сүйген елбасы» «Елбасы – ел тірегі» «Біздің Елбасы» «Ұлт көшбасшысы» «Ақордада көк байрағын нық ұстап, елбасымыз алаш арын арлаған» «Ұлтын сүйген ұлы жүрек» «Қазақстан-2050» - Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол» «Елін сүйген,елі сүйген – Елбасы» «Ақпәтер ауыл тарихы» Тұлға. Зерттеуші. Азамат. Ұлттық валюта – тәуелсіздік негізі Пайдалы қазбалар Шеңберден тыс дүние Тастөбе ерліктің ескерткіші Өнер әлеміндегі тұғырлы тұлға Бабалар бейнесі Ізгіліктің нұрын сепкен Күмбірлеген күй сыры Тіл тағдыры-ел тағдыры «Динозаврлар әлеміне саяхат» «Редкие растения Миргородского ландшафтного заповедника» «SOS - сайгак» Қазақ болмысы жәдігер бойында «Өрелі өмір – әркімге өнеге» «Тәуелсіздік туын көтергендер» «Қайдасыңдар, жалындаған жастарым?» «Жайықтан шыққан ән бұлбұлы» «Мың тұяқтың дүбірі,бір Тұяқтың саусағы» «Көп жасаған қария, ақылы теңіз дария!» «Зерделі сөздің зергері» «Тіл – татулық тірегі» «Діни экстремизм және терроризм» «Алтын ханшайым» «Өнегесі мол өрелі жан» «Күй әуен – сазбен өрілген жыр шежіре» «Ұлы Абайға тағзым» «Орнатылған ескерткіш белгі міне, Есіміңе қанықты ел бүгінде» «Спортты серік еткендер» «Тәуелсіздік нышаны» «Жабайы аңдар – жаралы табиғат» «Әсем қалам – Астанам» «Астана – Отанымыздың жүрегі, Тәуелсіздігіміздің тірегі!» «Астана – махаббатым менің» «Тайна керамическихкувшинов» «Елі ардақ тұтқан ұстаз» «Дін және жастар» «Менің туым, менің елтаңбам, менің Әнұраным» Облыстың ерекше қорғалатын табиғи территориялары «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш» «Ел айбынын асқақтатқан рәміздер» «Геральдика тарихы және Отанымыздың рәміздері». «Аға ұрпақтың сыннан өткен сардарлары» «Мұрағаттар сыр шертеді» В областном музее состоялась акция «Ночь в музее» «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран» «Отырарда ойлылардың ізі қалған» «Ғасырлар таңбасы-Капустин Яр» «Өнерің сенің жалғасын табар бүгінде» Еңбегімен елге танылған тұлға «Крылатые друзья» «Табиғат жанашырлары» «Өмірде ізгі із қалдырған» «Бекіре тұқымдастарын болашаққа сақтайық» Әз-Наурыз Ряд мероприятий прошли в стенах Областного музея, в канун праздника Наурыз «Наурыз келсе, құт келгені, ағайын!» «Ұлыстың ұлы күні, жыл басы - Наурыз» Жайықтың самал лебі «Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі» «Әлемнің құдірет күші - аналар» «Қазақстанның биологиялық ресурстары, оларды қорғау және тиімді пайдалану мәселелері» «Ардақты, асыл жандар» «Царство насекомых» «Қыр кенебіндегі тамшылар» «Веселая масленница» «Уходили парни из Афгана...» «Ауғанда от кешкендер» «Афганистан болит в моей душе: 25 лет спустя» «Ауғанстан – жүректегі жара» В областном музее состоялось очередное заседание актива «Ауған ақиқаты» «Ауғанстан естеліктері» «Жанымды жаралаған Ауғаныстан» «Дін мұраты ынтымақ пен бірлік» Состоялось торжественное открытие проекта «Мирас» «Қадыр – балалар әдебиетінің атасы» «Күй анасын құрметтейік» «Діни сауатсыздық – діни экстремизмнің бастауы» Музейный урок «Жабайы аңдар» «Батыс Қазақстан облысының мамонт фаунасы»
Выставки
«Алтын ханшайым» «Жанымды жаралаған Ауғаныстан» «Музеи-сокровище народа» «Звон старинного серебра» «Өнеге өрнектері» «Күй-дария» «Халық өнері - асыл қазына» «Әнші әлемі» «Оралым менің, Оралым» «Азаттық аңсаған азамат» «Ақын тілі – арман тілі» «Сағындым сені, Оралым!» «Түркі жазба мәдениетінің тарихынан» «Кел, балалар,оқылық!» «Білімнің қара шаңырағы» «Қылқалам-өмір» «Өнердің қайталанбас өр тұлғасы» Материал 7 «ХІХ-ХХғғ ас -үй бұйымдары» «Тарихи сабақтастық» Тарих – ақша баламасында «Ауған ақиқаты» «Қазақтың тұңғыш заңгері» «Тұғыры биік тұлға» «Жауһар жәдігерлер» Мы победу приближали как могли Презентация выставки Выставка Муратбека Жоламана Муратбек Жоламан «Жазықсыз жапа шеккендер...» «Тарих.Тағылым. Тағзым» «Уақыт қозғалысы- сағаттарда» «Өшпесін мәңгі өзіңнің Өнерде жаққан шырағың... » «Астана-Елбасының ерлігі» «Жүрегімнің түбіне терең бойла... » «Болу үшін жаралғам туған жердің жырауы... » «Мен қазақпын...» « Әнші Әлемі» «Тарихи Орал»
Музейное событие
Вопрос - Ответ
Гостевая книга

Күйші, композитор, Қазақстанның Халық әртісі Тұяқберді Шәмеловтің
60 жасқа толуына арналған  «Күй-дария» атты көрменің
ғылыми концепциясы.

Тақырыптың негіздемесі:

Биыл Қазақстанның халық әртісі, Құрманғазы атындағы академиялық ұлт аспаптар оркестрінің көркемдік жетекшісі, күйші, композитор Тұяқберді Шәмелов асқаралы 60 жасқа толып отыр. Күйшінің мерейтойы Мәдениет министрлігінің қолдауымен Астана, Алматы, Қарағанды қалаларында, облысымыз бойынша Орал қаласында және бірқатар аудандарда атап өтілуде.
Мың өліп,  мың тірілген “қай¬ран қазақтың” дархан даласында  киелі күйдің күм-бірі  бір сәтте  толастамай,  ғасырдан-ғасырға жалғасып келе жатырған қасиетті өнер.  Күйшілік - бұл  киелі өнер.  Осынау киелі өнердің  табиғатын, оның құдіретін саналылардың ішіндегі санаулылар ғана түсініп-түйсіне алатыны анық-ау.    Халқымыздың  теңіздей терең тари¬хын оның  қайғысы мен мұңын, қызы¬ғы мен қуаны¬шын, арманы мен қия¬лын жыр¬лап, ұрпақтан–ұрпаққа  жеткізіп келе жатырған екі шекті дом¬быра құдіретіне  қалайша басыңды  иіп  табынбассың.   «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра» - деген  Қадыр ақынның сөзі шынайылық емей немене.

Тұяқберді Шәмелов 1951 жылы 6-қырқүйекте Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданының Құрманғазы ауылында дүниеге келген. Әкесі Қажыгерей қайтыс болғанда Тұяқберді анасы Рәштің құрсағында алты айлық бала болған.  Тума талант иесі, төрт жасынан дарыған текті өнерді серік ете отырып, өнер асуына шыққан.
Тұяқберді Шәмелов 1969 жылы мектеп бітіргеннен кейін өнер жолын қуып, Алматыдағы  музыкалық колледж, одан кейін консерваторияда білім алады. Құрманғазы атындағы академиялық ұлт-аспаптар оркестрінде қатардағы домбырашыдан бас концертмейстер, жеке орындаушы, кейін көркемдік жетекшіге дейін көтеріледі. Оркестрдің құрамында  жер жүзінің  көптеген елдерінде, атап айтқанда, Америка, Италия, Франция, Корея, Ауғанстан, Португалия, Пәкістан, Қытай, Германия және басқа да елдерде болып, талай сахналардан домбырасын күмбірлеткен.
Т.Шәмелов алғаш оркестрге барғанда 18-19 жасар бала екен. Ол еңбек жолын Құрманғазы атындағы Мемлекеттік Алматы консерваториясында оқып жүрген кезінен бастады. Балаң студент шағында әлемге әйгілі Құрманғазы атындағы Мемлекеттік академиялық халық оркестріне шақырылып, онда Қали Жантілеуов, Рүстембек Омаров сынды тарлан талант иелерімен бірге қызмет ету - әркімнің талайына тие бермейтін бақыт еді. Марқұм Қали Жантілеуов Тұяқ Шәмеловті жақын тартып, баласындай жақсы көріп, көзі тірісінде ұстаздық, әкелік мейіріммен шәкіртім деп аялай білген.
БҚОМ қорында Тұяқ Шәмеловке қатысты түпнұсқалық жәдігерлер бар, дегенмен ол  аздық етеді. Осы көрмеге Тұяқ Шәмелов түсіністік білдіріп өзі жеке қорынан фотоларын, кітабын, үнтаспасын әкеліп берді.  
Көрмеге Тұқберді Шәмеловтің сүйікті ұстазы Қали Жантілеуовтің зиратының басында, сондай-ақ,  Қазақстан елінің танымал азаматтарымен бірге түскен фотсүреттері қойылды. Тұяқ Шәмелов соңғы жылдары тартымды әндерімен де әйгілі бола бастаған композитор. Оның ақындар Айтжан Байғожаев, Төлеген Айбергенов, Қадыр Мырза-әли, Аққұштап Бақтыгереева, Шөмішбай Сариев т.б. ақындардың өлеңдеріне жазған әндер жинағы кітабы  қүйтаспаға жазылып қалың қауымға арналған. БҚОМ қорында Т.Шәмеловтің Құрманғазы оркестріне арналған «Айт, Ақжелең» күйінің ноталары  да сақталған.
Әрине, өнерде даңғыл жол жоқ. «Жүзден жүйрік» шығу да көрінгеннің еншісіне тие бермейтін сыбаға. Тұяқберді Шәмелов туралы Қазақстанның белгілі жазушылары мен композиторларының аса жоғары, шынайы айтылған пікірлері мен мақалалары да  көрсетілген.
Т.Шамелов ұстаздық салада да алғашқы қадамдарын сәтті бастап, шәкірттер тәрбиелеп жүр. 1996 жылы Қытай Халық Республикасындағы Шыңжан қазақ-ұйғыр автономиялық ауданыңда (Құлжа қаласы)  бес ай бойы қазақ, ұйғыр, хансу, сібә ұлттарының жастарына  қазақ музыкасынан дәріс беріп, қазақ ұлттық оркестрін ұйымдастырды. Қазірде қазақтың арғы-бергі композиторларының біраз ән-күйлерін оркестрдің репертуарына енгізді. 1994 жылы Қазақстанға еңбегі сіңген әртіс, 1998 жылы ҚР Халық әртісі атағына ие болды. 2006 жылы Елбасының қолынан «Құрмет» орденін алды. 
Маэстроның соңғы кездегі тындырған жұмысының бірі - Шектінің ұрпағы, Тілеуұлы Мөңке бидің төрт күйін тауып, оның табиғатын зерттеп, нотаға түсірді. Алғашқы орындаушысы да өзі болды. Сөйтіп, Мөңке бабамыздың «Жиын алқа, кеңес», «Қиқу дәурен», «Шалқыма», «Өттің жалған-ай» күйлері болашақ ұрпаққа мәңгілікке табысталды.
Тартымды, лирикалық әндерімен де елін, халқын тәнті еткен композитор Тұяқ Шамеловтің бұл саладағы асулары, шығар белес, көтерілер шыңдары да әлі алда деген сенімдеміз.


Көрменің мақсаты:
•    Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына жоспарланған іс-шаралардың бағдарламасы аясында қазақтың мақтан тұтар күйші, композитор Тұяқберді  Шәмеловтің 60 жасқа толу мерейтойына  арналады.
•    Тұяқберді  Шәмеловтің өмір жолынан мәлімет беру, күйшінің өнерін кейінгі жастарға дәріптеу.

Көрменің тартымдылығы:
•    Көрмеге БҚОМ  және жеке қорындағы Т.Шамелов туралы деректер қойылады.
•    Жаңа оқу жылына келген жастар Т.Шамеловтің өмір жолымен таныса алады.


Көрменің ғылыми маңыздылығы:
•    БҚОМ  қорындағы деректер арқылы күйші және композитор Тұяқберді Шамеловтің өмірі мен шығармашылғына тереңірек  үңілуге мүмкіндік беру.


Экспозициялық шешім:
Көрме музейдің 2-қабатындағы «Өнер» залында жабдықталады. 4 витринадан тұрады.

1-витрина:
1.    Фото Т.Шамелов , өлең жолдары

2 витрина:
1.    Фотокөшірме: Т.Шамеловтің анасы мен әкесі, Т.Шамелов анасымен бірге.
2.    Т.Шамелов Қ.Жантілеуовтің  зираты  басында түскен фотосы.
3.    Пластинканын қабы «Играет Туяк Шамелов» 1982 жылғы.
4.    Мақала: Қадыр Мырза-әли «Жақсыдан қалған Тұяқ», «Тарих және саясат» газеті, 15.08.2004 жыл.
5.    Кітап: Т.Шәмелов «Тырналар» әндер жинағы, Облыстық мәдениет басқармасы, Орал қаласы, 2009 жыл.

3 витрина:
1.    Фото: Т.Шәмелов  Иманғали Тасмағанбетов, 2003 ж.
2.    Т.Шамеловтің шығармашылық кешінің шақыру билеті, 2008 ж.
3.    Ксерокөшірме: Т.Шамелов  Күй «Айт,Ақжелең», (ноталары)
4.    CD- диск Т.Шәмеловтың әндері мен күйлері
5.    Афиша «Күйші Тұяқберды Шамелов»
6.    Фото Т.Шәмелов, журналист Темір Құсайын
7.    Фото Т.Шәмелов, ғарышкер Т.Әубәкіров

4 витрина:
1.    Өлең: Қадыр Мырза-әлі «Тұяққа»
2.    Мақала: Н.Набиоллаұлы «Күйші Тұяқ асқаралы алпыста», Орал өңірі, 6.09.2011 жыл.
3.    Фото: Т.Шәмелов отбасымен
4.    Фото: Т.Шәмелов Қадыр Мырза-әлимен
5.    Мәмен  Күй «Қайғылы қара», орындаушысы Т.Шәмелов (ноталары)
6.    Мақала: Т.Шәмелов «Ақын рухымен сырласу», Егемен Қазақстан, 18.03.2011 жыл.
7.    Т.Шәмелов туралы ел ағаларының пікірлері.

Ашылуы: қырқүйек , 2011

Қазақтың күйші, композитор Тұяқберді Шәмеловтің
60 жас мерейтойына арналған«Күй-дария» атты көрменің
тақырыптық-экспозициялық жоспары

(Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі қорындағыжәне жеке  жәдігерлер негізінде)

Тақырып пен бөлімдер Материалдар жиынтығы Ескертулер
1 Фотолар Фотокөшірмелер:

1. Т.Шамеловтың анасы мен әкесі, Т.Шамеловтың балалық шағында анасымен түскен.
2. Т.Шамелов Қ.Жантілеуовтың зиратынын басында түскен фото
3. Фото: Т.Шамелов  Иманғали Тасмағанбетовтовпен, 2003 ж.
4. Фото Т.Шамелов пен журналист Темір Құсайын
5. Фото Т.Шамелов пен ғарышкер Т.Әубәкіров
6. Фото: Т.Шамелов отбасымен
7. Фото: Т.Шамелов Қадыр Мырза-әлимен

2

Кітаптар

1. Т.Шамелов «Тырналар», әндер жинағы, Облыстық мәдениет басқармасы, Орал қаласы,2009 жыл.

3 Газеттер

1. Мақала: Қадыр Мырза-әли «Жақсыдан қалған Тұяқ», «Тарих және саясат» газеті, 15.08.2004 жыл.
2. Мақала: Н.Набиоллаұлы «Күйші Тұяқ асқаралы алпыста», Орал өңірі, 6.09.2011 жыл.
3. Мақала: Т.Шамелов «Ақын рухымен сырласу», Егемен Қазақстан, 18.03.2011 жыл.

4 Қосымша материалдар

1. Пластинканын қабы «Играет Туяк Шамелов» 1982 жылғы.
2. Ксерокөшірме:  Күй «Айт,Ақжелең», Т.Шамелов (ноталары)
3. CD- диск Т.Шамеловтың әндері мен күйлері
4. Афиша
5. Өлең: Қадыр Мырза-әлі «Тұяққа»
6. Күй «Қайғылы қара» Мәмен, орындаушысы Т.Шамелов (ноталары)
7. Т.Шамелов туралы ел ағаларының пікірлері.

Экспозиция бөлімінің кіші ғылыми қызметкері
Г.Бакитова

Регистрация

Жемчужины фонда