Get Adobe Flash player
Slide item 1
Slide item 2
Slide item 3
Slide item 4
Slide item 5
Slide item 6

Главное меню

Добро пожаловать!
Структура музея
Виртуальный тур
Экспозиция
Шедевры, коллекции
Научная деятельность
Законодательство
Госзакупки
Новости
Массовые мероприятия
Западно-Казахстанском областном историко-краеведческом музее открытие зала «Елбасы және Тәуелсіздік» Казахский государственный академический оркестр народных инструментов имени Курмангазы в Приуралье «Дін және дәстүр» «Я памятник воздвиг себе нерукотворный» «Әсем табиғатты қорғау – әркімнің міндеті» «Живем, пока помним!» «День открытых дверей» и акция «Ночь в музее» Ерлік пен Жеңіс Чтобы музы не молчали Отқа оранған жастық Невестка Б.Момышулы в Приуралье Абайдың табиғат лирикасы Әлем бірлігіндегі Қазақстан «Біз біргеміз – берік іргеміз!» Ақ Жайық – достық мекені Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі Сыр еседі сыңғырынан сырғаның Жауқазын Ерлікке толы Ұлы жол Әсем қоңыр «Масленица» «Хандық билік және қазақ елі» «Қысқа ғұмыр, биік белес» «Жалынды ақын, жаужүрек батыр» "Ақжайық-достық мекені" «ЭКСПО-2017 – елдің ерен жеңісі» Открытие мультимедийного комплекса «Сакентану» Батыс Қазақстан облысының мамонт фаунасы «Ғұлама ғалым, парасатты азамат» «Керей қайда барасың?» «Поэзия әлемінің ұлы Қадыры» Поэзия Пайғамбары «Ұрпаққа мұра болар сыйлар» «Кенеп бетіндегі Тәуелсіздік жетістіктері» «Тәуелсіздік шежіресі» «Арманы үлкен – азат ел» «Биік белестер» «Тәуелсіз Қазақстанның гүлденуі» «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» «Елін сүйген, елі сүйген елбасы» «Елбасы – ел тірегі» «Біздің Елбасы» «Ұлт көшбасшысы» «Ақордада көк байрағын нық ұстап, елбасымыз алаш арын арлаған» «Ұлтын сүйген ұлы жүрек» «Қазақстан-2050» - Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол» «Елін сүйген,елі сүйген – Елбасы» «Ақпәтер ауыл тарихы» Тұлға. Зерттеуші. Азамат. Ұлттық валюта – тәуелсіздік негізі Пайдалы қазбалар Шеңберден тыс дүние Тастөбе ерліктің ескерткіші Өнер әлеміндегі тұғырлы тұлға Бабалар бейнесі Ізгіліктің нұрын сепкен Күмбірлеген күй сыры Тіл тағдыры-ел тағдыры «Динозаврлар әлеміне саяхат» «Редкие растения Миргородского ландшафтного заповедника» «SOS - сайгак» Қазақ болмысы жәдігер бойында «Өрелі өмір – әркімге өнеге» «Тәуелсіздік туын көтергендер» «Қайдасыңдар, жалындаған жастарым?» «Жайықтан шыққан ән бұлбұлы» «Мың тұяқтың дүбірі,бір Тұяқтың саусағы» «Көп жасаған қария, ақылы теңіз дария!» «Зерделі сөздің зергері» «Тіл – татулық тірегі» «Діни экстремизм және терроризм» «Алтын ханшайым» «Өнегесі мол өрелі жан» «Күй әуен – сазбен өрілген жыр шежіре» «Ұлы Абайға тағзым» «Орнатылған ескерткіш белгі міне, Есіміңе қанықты ел бүгінде» «Спортты серік еткендер» «Тәуелсіздік нышаны» «Жабайы аңдар – жаралы табиғат» «Әсем қалам – Астанам» «Астана – Отанымыздың жүрегі, Тәуелсіздігіміздің тірегі!» «Астана – махаббатым менің» «Тайна керамическихкувшинов» «Елі ардақ тұтқан ұстаз» «Дін және жастар» «Менің туым, менің елтаңбам, менің Әнұраным» Облыстың ерекше қорғалатын табиғи территориялары «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш» «Ел айбынын асқақтатқан рәміздер» «Геральдика тарихы және Отанымыздың рәміздері». «Аға ұрпақтың сыннан өткен сардарлары» «Мұрағаттар сыр шертеді» В областном музее состоялась акция «Ночь в музее» «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран» «Отырарда ойлылардың ізі қалған» «Ғасырлар таңбасы-Капустин Яр» «Өнерің сенің жалғасын табар бүгінде» Еңбегімен елге танылған тұлға «Крылатые друзья» «Табиғат жанашырлары» «Өмірде ізгі із қалдырған» «Бекіре тұқымдастарын болашаққа сақтайық» Әз-Наурыз Ряд мероприятий прошли в стенах Областного музея, в канун праздника Наурыз «Наурыз келсе, құт келгені, ағайын!» «Ұлыстың ұлы күні, жыл басы - Наурыз» Жайықтың самал лебі «Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі» «Әлемнің құдірет күші - аналар» «Қазақстанның биологиялық ресурстары, оларды қорғау және тиімді пайдалану мәселелері» «Ардақты, асыл жандар» «Царство насекомых» «Қыр кенебіндегі тамшылар» «Веселая масленница» «Уходили парни из Афгана...» «Ауғанда от кешкендер» «Афганистан болит в моей душе: 25 лет спустя» «Ауғанстан – жүректегі жара» В областном музее состоялось очередное заседание актива «Ауған ақиқаты» «Ауғанстан естеліктері» «Жанымды жаралаған Ауғаныстан» «Дін мұраты ынтымақ пен бірлік» Состоялось торжественное открытие проекта «Мирас» «Қадыр – балалар әдебиетінің атасы» «Күй анасын құрметтейік» «Діни сауатсыздық – діни экстремизмнің бастауы» Музейный урок «Жабайы аңдар» «Батыс Қазақстан облысының мамонт фаунасы»
Выставки
«Алтын ханшайым» «Жанымды жаралаған Ауғаныстан» «Музеи-сокровище народа» «Звон старинного серебра» «Өнеге өрнектері» «Күй-дария» «Халық өнері - асыл қазына» «Әнші әлемі» «Оралым менің, Оралым» «Азаттық аңсаған азамат» «Ақын тілі – арман тілі» «Сағындым сені, Оралым!» «Түркі жазба мәдениетінің тарихынан» «Кел, балалар,оқылық!» «Білімнің қара шаңырағы» «Қылқалам-өмір» «Өнердің қайталанбас өр тұлғасы» Материал 7 «ХІХ-ХХғғ ас -үй бұйымдары» «Тарихи сабақтастық» Тарих – ақша баламасында «Ауған ақиқаты» «Қазақтың тұңғыш заңгері» «Тұғыры биік тұлға» «Жауһар жәдігерлер» Мы победу приближали как могли Презентация выставки Выставка Муратбека Жоламана Муратбек Жоламан «Жазықсыз жапа шеккендер...» «Тарих.Тағылым. Тағзым» «Уақыт қозғалысы- сағаттарда» «Өшпесін мәңгі өзіңнің Өнерде жаққан шырағың... » «Астана-Елбасының ерлігі» «Жүрегімнің түбіне терең бойла... » «Болу үшін жаралғам туған жердің жырауы... » «Мен қазақпын...» « Әнші Әлемі» «Тарихи Орал»
Музейное событие
Вопрос - Ответ
Гостевая книга

18 мамыр-Халықаралық музейлер күнінде өткізілетін
«Музей түнінен» арналған
«Оралым  менің, Оралым» атты
көрменің ғылыми  концепциясы

Тақырыптың негіздемесі:

Қазақстандағы ең көне музейлердің бірі –Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі облыс орталығы Орал қаласында орналасқан. Ақ Жайық өзенінің бойында негізі қаланған  қаламыз өзінің тарихын ғасырлар қойнауынан алады.
Ежелден Еділ мен Жайықтың ортасы мен төңірегі көне қалалардан кенде болмаған. Сондықтан «Бұл өңірде ешқандай өркениет болмаған» деген  пікірлердің  негізсіз екенін бүгінде археология ғылымы дәлелдеп отыр.
Шығыс пен Батысты жалғастырар ең қысқа жолдың нақ түйіскен жерінде орналасқан Орал қаласы  Жайық өзенінің оң жақ жағасы мен Шаған өзені құйылысының сағасында негізі қаланған. Қала  Жайық қалашығы деп аталған.   (Музей қорында ежелгі қала орнынан табылған заттар: тас кірпіштер, шығыр құмыралар бар) Бұл заттарды зерделей келе, ғалымдар шартты түрде «Жайық қалашығы» деп аталатын көне қорымда орта ғасырларда шамаман 2,5-3 мың адам өмір сүргенін айтып отыр. Әрине, сол кезеңнің тұрғысынан қарағанда,  бұл елеулі көрсеткіш. Қала Алтын Орда мемлекетінің тұсында әкімшілік және сауда орталығы болған. Қалада монша, базар және некрополь салынған. Әсіресе, керемет кесене болғаны анықталып отыр. (облыстық археология орталығының жүргізген қазба жұмыстарының нәтижесінде кесене қалдықтары-көгілдір тастар табылып, олар музей қорына тапсырылды) Ол өзінің сәулеті жөнінен Ұлытау аймағындағы аты әйгілі Жошы ханның кесенесіне ұқсас болса керек. ( кесене қалдықтары  музей  залында көрсетіліп тұр) Алтын Орда құлағаннан кейін  Жайық қалашығының да  қуаты кеми бастаған. Күшті мемлекет жоғалған соң, қала үстінен өтетін керуендер де сиреген. Ғалымдардың пікірінше ортағасырлық қаланың құрып кетуінің дәл себебін тап басып айту қиын. Оған тұтқиылдан жасалған шабуыл да, су тасқыны да, елді кеңінен жайлаған індеттің де кесірінің тиюі әбден мүмкін. Қаланың ең көне бөлігі - «Курени» ауданы деп аталады. Бұл жерде, Жайық өзені жағасына,  Жайық қалашығының алғашқы тұрғындары бір кезде өз үйлерін салған. Қаланың өзінен аз ғана кейін салынған, сол кезде тұрғызған үйлер әлі де сақталған. (Музей қорында  қаланың ескі көріністері бейнеленген суреттер сақталған)
Қаланың көне бөлігінде орналасқан ең көне ғимарат- Михайл-Арханегль  шіркеуі.    Шіркеудің құрылысы 1740 жылы басталып, 1751 жылы аяқталған. Шіркеуді Мәскеуден келген шебер Псков-Новогородтық архитектура әдісімен салған. Қазіргі таңда «Ескі шіркеу» атауын алған бұл ғимарат ХҮІІІ ғасырдың архитектуралық ескерткіші болып саналады.
Тарихы терең ғимараттардың бірі- бұрынғы атаман үйі. Ғимарат 1825 жылы әскери архитектор М. Дильмединоның италиян «палаццо» стилінде салынған. 1830 жылдарға дейін атаман Д.М. Бородиннің меншігінде болған. Атаман Д. Бородин қайтыс  болған соң оның мұрагерлері әскери қазынаға сатқан. Осы үйде В.А. Жуковский, В.И. Даль, Л.Н. Толстой, сондай-ақ А.С. Пушкин де болған. Ғимарат ХІХ ғасырдың архитектуралық ескерткіші ретінде мемлекеттің қарауында.
ХІХ ғасырдың архитектуралық ескерткіші болып саналатын  тағы бір  тамаша ғимарат «Ванюшиндер үйі» деп аталады.1880 жылдар шамасында  ағайынды көпестер Ванюшиндер  салған  бұл үйде Коммерциялық клуб, сауда орындары болған. Ағайынды Ванюшиндердің  біреуі көп жылдар бойы Орал орманшылар қоғамының төрағасы қызметінде болып, Орал қаласының көшелері мен саябақтарын көгалдандыру қызметін атқарды. Ал  екіншісі №1 ратификациялау зауытының қожайыны болды. Оның зауытынан шыққан асханалық шараптың тіл үйірер дәмі үшін 1893 жылы АҚШ-тың Чикаго қаласындағы Бүкіләлемдік көремеде медаль алған.
Қалалықтар арасында "Карева" үйі  атауымен белгілі ғимарат 1900 жылы тұрғызылған. Ол үйді миллионер көпес А.Т. Карев бастап салған. Тарихи деректерге қарағанда қожасы осы үйдің құрылысын тексеріп жүргенде баспалдақтан құлап кетіп мерт болады да, құрылысты оның әйелі Д.Ф. Карева аяқтаған. Жалпы Каревтер тұқымы бұл үйде тұрмаған, оны жалға, қонақ үйге өткізген. Орал қаласындағы ең әдемі ғимаратта кезінде «Ақсүйектер жиналысы» болып тұрған, кейіннен рестораны бар Коммерциялық клуб болды, ал бірінші қабатында дүкендер болды. БҚОМ қорында ХҮІІІ-ХІХ басындағы  қала көріністері  бейнеленген  ескі фотоальбом сақталған.  Аталған ғимараттардың бәрін осы  альбомнан көруге болады. Қорда сақталған 1924-1927жылғы деректерден  қалада сауданың дамуына орай  екі үлкен базардың жұмыс жасағанын  білеміз. Онда Шығыстан, Батыстан әкелінген  неше бір түрлі заттар сатылған.(Музей залында  сол кездегі заттар- Кузнецов фарфоры, күміс ыдыстар көрсетілген)
Ал ХІХғ басындағы деректер Орал қаласына қарайтын аумақта ауыл шаруашылығына қатысты ғылыми  зерттеулер жүргізілгенін көрсетеді. БҚОМ қорындағы «Орал ауыл шаруашылық тәжірибе станциясының 1927-1928жж  есептері бойынша» қалада ХІХ ғ басында Деркөл, Шаған, Орал өзендерінде  көптеген ғылыми  зерттеулер жүргізілгені аталған.
Жалпы ХХғ археологиялық қазба  жұмыстары  Жайықтың өне бойында  Жайық қалашығы пен Сарайшықты айтпағанның өзінде, Жаңақала, Жалпақтал аудандарының аумағындағы Сарыөзен бойынан екі қаланың орны табылғанын дәлелдеп отыр. Бұл қалалардың Жайық қалашығы және Сарайшықпен тұстас өмір сүрді ме, әлде олардан кейін не бұрын болды ма, көне қаланың құпиясын ашу үшін  осы  мәселелер жан-жақты, кеңінен зерттеуді қажет етеді.

Көрменің мақсаты:
1. 18 мамыр Халықаралық музейлер күніне орай  өткізілетін «Музей түніне» арналды.
2. Қазақстанның ең көне музейі орналасқан Орал қаласы туралы мәлімет беру.
2. БҚОМ қорында сақталған  Орал қаласының  тарихи  ғимараттарына қатысты деректерді қалың көрермен қауымға, жұртшылық назарына ұсыну.
3. Көрмеге қойылған фотосуреттер  арқылы  қаланың тарихы мен даму кезеңдерінен хабардар ету.
Көрменің тартымдылығы:
1.    БҚОМ қорындағы  қаланың ХҮІІІ ғ көріністері  бейнеленген ескі фотоальбом қойылады.
2.    Орал қаласындағы архитектуралық ескерткіштер жан -жақты таныстырылады.
Көрменің ғылыми тартымдылығы:
Облыстық музей қорындағы   Орал қаласында болған тәжірибе-зерттеу  станциясының  ХХғ басындағы басылымдарын  қалың көпшілікке көрсету.
Экспозициялық шешім:
Көрмені ұйымдастыру үшін   музейдің 1-қабатындағы  «Алтын Орда» залы таңдалып отыр.
Көрме 3 бөлімнен тұрады.
1.    БҚОМ қорындағы қала көріністері бейнеленген фотоальбом, ХҮІІІ-ХІХғғ қала ғимараттарының фотосуреттері;
2.    АқЖайықтың бүгінгі көрінісі көрсетілген кітап.
3.    ХХғ ғимараттар мен басылымдар.

Сонымен қатар көрме мазмұнын жан жақты ашып, толықтыра түсу үшін «Алтын Орда» залының экспозициясы пайдаланылады.

Ашылу мерзімі:  мамыр,  2011 жыл

18 мамыр-Халықаралық музейлер күнінде өткізілетін
«Музей түнінен» арналған
««Оралым  менің, Оралым»» атты
көрменің экспозициялық жоспары.

(Батыс Қазақстан облыстық  тарихи-өлкетану
музейі қорындағы жәдігерлер негізінде).

Тақырып пен бөлімдер Материалдар жиынтығы Ескертулер
1 Фотосуреттер

Көне вокзал ғимараты.ХІХғ
Ерлер гимназиясы.ХІХғ
Әкімшілік үйі.ХІХғ
Түркістан алаңы.ХІХғ
«Орал» кинотеатры.ХХғ
Островский драма театры,ХХғ
«Мир» кинотеатры.ХХғ
Орал қаласының ХҮІІІғ көріністері.

2

Буклеттер

  1. «Работа отдела животноводства»1 927-1928г.
  2. «Очерки растительности лугов» 1928г.
  3. «Отчет отдела земледелия. Уральско сельско-хозяйственной станции» 1928г.
3 Кітап «Ақ Жайық»
4 Заттар Фотоаппарт  түрлері

Экспозиция бөлімінің меңгерушісі
Г.Н.Мұханбетова.

Регистрация

Жемчужины фонда