Get Adobe Flash player
Slide item 1
Slide item 2
Slide item 3
Slide item 4
Slide item 5
Slide item 6

Главное меню

Добро пожаловать!
Структура музея
Виртуальный тур
Экспозиция
Шедевры, коллекции
Научная деятельность
Законодательство
Госзакупки
Новости
Массовые мероприятия
Западно-Казахстанском областном историко-краеведческом музее открытие зала «Елбасы және Тәуелсіздік» Казахский государственный академический оркестр народных инструментов имени Курмангазы в Приуралье «Дін және дәстүр» «Я памятник воздвиг себе нерукотворный» «Әсем табиғатты қорғау – әркімнің міндеті» «Живем, пока помним!» «День открытых дверей» и акция «Ночь в музее» Ерлік пен Жеңіс Чтобы музы не молчали Отқа оранған жастық Невестка Б.Момышулы в Приуралье Абайдың табиғат лирикасы Әлем бірлігіндегі Қазақстан «Біз біргеміз – берік іргеміз!» Ақ Жайық – достық мекені Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі Сыр еседі сыңғырынан сырғаның Жауқазын Ерлікке толы Ұлы жол Әсем қоңыр «Масленица» «Хандық билік және қазақ елі» «Қысқа ғұмыр, биік белес» «Жалынды ақын, жаужүрек батыр» "Ақжайық-достық мекені" «ЭКСПО-2017 – елдің ерен жеңісі» Открытие мультимедийного комплекса «Сакентану» Батыс Қазақстан облысының мамонт фаунасы «Ғұлама ғалым, парасатты азамат» «Керей қайда барасың?» «Поэзия әлемінің ұлы Қадыры» Поэзия Пайғамбары «Ұрпаққа мұра болар сыйлар» «Кенеп бетіндегі Тәуелсіздік жетістіктері» «Тәуелсіздік шежіресі» «Арманы үлкен – азат ел» «Биік белестер» «Тәуелсіз Қазақстанның гүлденуі» «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» «Елін сүйген, елі сүйген елбасы» «Елбасы – ел тірегі» «Біздің Елбасы» «Ұлт көшбасшысы» «Ақордада көк байрағын нық ұстап, елбасымыз алаш арын арлаған» «Ұлтын сүйген ұлы жүрек» «Қазақстан-2050» - Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол» «Елін сүйген,елі сүйген – Елбасы» «Ақпәтер ауыл тарихы» Тұлға. Зерттеуші. Азамат. Ұлттық валюта – тәуелсіздік негізі Пайдалы қазбалар Шеңберден тыс дүние Тастөбе ерліктің ескерткіші Өнер әлеміндегі тұғырлы тұлға Бабалар бейнесі Ізгіліктің нұрын сепкен Күмбірлеген күй сыры Тіл тағдыры-ел тағдыры «Динозаврлар әлеміне саяхат» «Редкие растения Миргородского ландшафтного заповедника» «SOS - сайгак» Қазақ болмысы жәдігер бойында «Өрелі өмір – әркімге өнеге» «Тәуелсіздік туын көтергендер» «Қайдасыңдар, жалындаған жастарым?» «Жайықтан шыққан ән бұлбұлы» «Мың тұяқтың дүбірі,бір Тұяқтың саусағы» «Көп жасаған қария, ақылы теңіз дария!» «Зерделі сөздің зергері» «Тіл – татулық тірегі» «Діни экстремизм және терроризм» «Алтын ханшайым» «Өнегесі мол өрелі жан» «Күй әуен – сазбен өрілген жыр шежіре» «Ұлы Абайға тағзым» «Орнатылған ескерткіш белгі міне, Есіміңе қанықты ел бүгінде» «Спортты серік еткендер» «Тәуелсіздік нышаны» «Жабайы аңдар – жаралы табиғат» «Әсем қалам – Астанам» «Астана – Отанымыздың жүрегі, Тәуелсіздігіміздің тірегі!» «Астана – махаббатым менің» «Тайна керамическихкувшинов» «Елі ардақ тұтқан ұстаз» «Дін және жастар» «Менің туым, менің елтаңбам, менің Әнұраным» Облыстың ерекше қорғалатын табиғи территориялары «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш» «Ел айбынын асқақтатқан рәміздер» «Геральдика тарихы және Отанымыздың рәміздері». «Аға ұрпақтың сыннан өткен сардарлары» «Мұрағаттар сыр шертеді» В областном музее состоялась акция «Ночь в музее» «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран» «Отырарда ойлылардың ізі қалған» «Ғасырлар таңбасы-Капустин Яр» «Өнерің сенің жалғасын табар бүгінде» Еңбегімен елге танылған тұлға «Крылатые друзья» «Табиғат жанашырлары» «Өмірде ізгі із қалдырған» «Бекіре тұқымдастарын болашаққа сақтайық» Әз-Наурыз Ряд мероприятий прошли в стенах Областного музея, в канун праздника Наурыз «Наурыз келсе, құт келгені, ағайын!» «Ұлыстың ұлы күні, жыл басы - Наурыз» Жайықтың самал лебі «Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі» «Әлемнің құдірет күші - аналар» «Қазақстанның биологиялық ресурстары, оларды қорғау және тиімді пайдалану мәселелері» «Ардақты, асыл жандар» «Царство насекомых» «Қыр кенебіндегі тамшылар» «Веселая масленница» «Уходили парни из Афгана...» «Ауғанда от кешкендер» «Афганистан болит в моей душе: 25 лет спустя» «Ауғанстан – жүректегі жара» В областном музее состоялось очередное заседание актива «Ауған ақиқаты» «Ауғанстан естеліктері» «Жанымды жаралаған Ауғаныстан» «Дін мұраты ынтымақ пен бірлік» Состоялось торжественное открытие проекта «Мирас» «Қадыр – балалар әдебиетінің атасы» «Күй анасын құрметтейік» «Діни сауатсыздық – діни экстремизмнің бастауы» Музейный урок «Жабайы аңдар» «Батыс Қазақстан облысының мамонт фаунасы»
Выставки
«Алтын ханшайым» «Жанымды жаралаған Ауғаныстан» «Музеи-сокровище народа» «Звон старинного серебра» «Өнеге өрнектері» «Күй-дария» «Халық өнері - асыл қазына» «Әнші әлемі» «Оралым менің, Оралым» «Азаттық аңсаған азамат» «Ақын тілі – арман тілі» «Сағындым сені, Оралым!» «Түркі жазба мәдениетінің тарихынан» «Кел, балалар,оқылық!» «Білімнің қара шаңырағы» «Қылқалам-өмір» «Өнердің қайталанбас өр тұлғасы» Материал 7 «ХІХ-ХХғғ ас -үй бұйымдары» «Тарихи сабақтастық» Тарих – ақша баламасында «Ауған ақиқаты» «Қазақтың тұңғыш заңгері» «Тұғыры биік тұлға» «Жауһар жәдігерлер» Мы победу приближали как могли Презентация выставки Выставка Муратбека Жоламана Муратбек Жоламан «Жазықсыз жапа шеккендер...» «Тарих.Тағылым. Тағзым» «Уақыт қозғалысы- сағаттарда» «Өшпесін мәңгі өзіңнің Өнерде жаққан шырағың... » «Астана-Елбасының ерлігі» «Жүрегімнің түбіне терең бойла... » «Болу үшін жаралғам туған жердің жырауы... » «Мен қазақпын...» « Әнші Әлемі» «Тарихи Орал»
Музейное событие
Вопрос - Ответ
Гостевая книга

31-мамыр «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу» күніне орай Алаштың ардақты ұлдарының бірі, мемлекет қайраткері Ғабдолхакім  Бөкейхановтың туғанына 115жыл толуына арналған
«Азаттық аңсаған азамат»
атты көрменің ғылыми концепциясы.


Біздің ежелгі Ұлы Отанымыз – Қазақстанның тарихы күрделі де қайғылы. Бүгінгі күнмен тығыз байланыста, үндесіп жатқан ХХ ғасырдың 30-шы-50-ші жылдарының қатерлі де қорқынышты оқиғалары күн өткен сайын бізден қашықтай түсуде. Бұл оқиғалар өткен мен бүгінді, бүгін мен болашақты байланыстырушы буын болып табылады.
1917 жылы құрылған Алашорда партиясы мен оның маңына топтасқан Алаш зиялыларының ұлттық мүдде мен тәуелсіз мемлекет құру жолындағы тарихи істері де тарих қойнауына енді. Бүгінде  Алаш зиялылары мен Алашорда партиясы көшбасшыларына «халық жауы» деген жаламен нақақтан оққа байлаған 1937-38 жылғы сталиндік репрессияға 74 жыл толып отыр. Ол кезде сталиндік үлкен террордың қаралы жалыны шарпымаған ешкім қалмаған еді. Зұлмат Совет Одағының құрамындағы барлық елді, барша ұлт пен ұлысты, түрлі жастағы азаматтардың бәрін де қамтыған болатын. Сталиндік режим әр ұлттың оқыған, көзі ашық азаматтарына қырғидай тиді. Мыңдаған адал, ақылды, талантты адамдар, ғалымдар мен қарапайым азаматтар жазықсыз жапа шекті.
Қазақ тарихында Алаш идеясы, Алаш қозғалысы, Алаш автономиясы әлі де сан қырынан  таразылайтын  тың тақырып. Алаш қозғалысының басты мақсаты – Қазақ  елінің  өзін-өзі басқару, ұлттық мүддесін қорғай алатын мемлекеттік жүйе құру құқын метрополияға мойындату, түбінде дербес мемлекет құру, қазақ жерлеріне ішкі Ресейден қоныс аударуға шек қою, әлемдік озық тәжірибені  пайдалана отырып, дәстүрлі мал шаруашылығын өркендету, және де егіншіліктің, өнеркәсіптің дамуын қамтамасыз ету, рыноктық қатынастарға жол ашу, жеке адам құқығын және басқа демократиялық принциптерді қадір тұту,оқу жүйесінің, тілдің дамуына қажет шарттар түзу еді.  Бір сөзбен айтқанда,  Алаштың көзі ашық азаматтары  қазақты қазақ қып алып қалуды  көздеп, ел тәуелсіздігін аңсаған болатын. Сондай қазақ зиялыларының бірі- Ғабдолхакім Нұрмұхамедұлы Бөкейхановтың туғанына биыл 115жыл толып отыр.
Ғабдолхакім Бөкейханов-  ХХ ғасырдың 20-30ж көрнекті мемлекет қайраткері, Қазақ ССР Халық Ағарту ісінің  қалыптасуына , қазақтың бірінші атты әскер полкінің құрылуына үлкен  үлес қосқан азамат. Оның  тағдыры  аласапыран кезеңдегі тұлғаларымызға тән: бірде жұлдызы жанған, бірде құлдыраған ғұмыр.
Ғабдолхакім Бөкейхановтың ақталғаннан бері елу жылдай уақыт өтсе де, аяулы азаматтың өмірі мен қызметі халыққа белгісіз болып келеді.  Бұл оны «халық жауы»  атандырған сонау отызыншы жылдардың зардабы.
1996 жылы Ғ.Бөкейхановтың 100жыл толу қарсаңында бұл абзал жан туралы алғашқы деректерді  музей қорына  оның немересі Шолпанай Алматы қаласынан арнайы келіп, тапсырды. Шолпанай Аманжолова  көптеген мұрағаттарда жұмыс істеп,  атасы туралы деректерді   жинақтауға тырысқан. Сол құжаттардың ішінде «Елім деп қайрат жұмсаған», «Судьба братьев Букейхановых» атты  мақалалар басылған  газет қиындыларында  42 жасында репрессия құрбаны болған алаш арысы туралы мәліметтер берілген.
Еділ мен Жайық арасында бір кезде өз бабасы Бөкей хан негізін қалаған Бөкей Ордасының Шонай  аталатын жерінде Ғабдолхакім Орда билеушілерінің бірі Нұрмұхамедтің отбасында дүниеге келген. Жастайынан оның дүниетанымы Мақаш Бекмұхамедов,  Бақытжан Қаратаев, Дәулетше Күсепқалиев, Жаһанша Сейдалин сынды интеллигенцияның ықпалымен қалыптасқан. Оларды өзінің жақын туысы, ақын Шәңгерей Бөкеевтің үйінде әденеше рет көріп, тағылымды әңгімелерін естіп өскен ол қазақ ұлтының тәелсіздігі жолында күресуге бел буып ержетеді.(БҚОМ қорында жас Ғабдолланың Ш.Бөкеевтің мекен-жайында Б.Қаратаевпен түскен суреті бар)  Әкесінен жетім қалып, қиындық көрсе де, білім алудың қажеттілігін ерте сезінген ол Бөкей  ордасындағы  Жәңгір хан ашқан мектепті, Орал әскери реалдық  училищесінде  оқыған. (қорда Ғ.Бөкейхановтың 1914ж Орал қаласындағы әскери реалдық училищеде оқып жүргенде түскен  студенттік  кездің фотосуреттері  сақталған-4) 1917-1919жж Мәскеу  қаласында ауыл шаруашылығы институтында  білімін жалғастырған  ол Дәулетше Қүсіпқалиевтің қызы Софьяға үйленген. Софья  Жәңгірханның шөбересі болып келеді. Оның анасы Айша -Сейткерей Бөкеевтің немересі. Софьяның өзі 1903ж Жымпиты ауылында  дәрігердің отбасында дүниеге келген, Орал қаласында қыздар гимназиясында оқыған.( БҚОМ қорында Софья Дәулетшеқызының Орал қаласында қыздар гимназиясында, оқыған кезі бейнеленген, 1927жылы жары Ғабдол Хакіммен бірге түскен фотосурет көшірмелері сақталған) 1938 жылы Алматы қаласындағы  медициналық институтты бітіріп, медицина ғылымның кандидаты аталған жан.(қорда Софьяның студенттік кезде құрбысы Тамуся Мендешевамен түскен  суреттің көшірмесі бар.Тамуся-1938жылы ату жазасына кесілген мемлекет қайраткері Сейтқали Мендешевтің қызы.) 
Ғабдолхакім Нұрмұхамедұлы –өнерден де кемде болмаған. Ол жастайынан Дәулеткерей мен Құраманғазы күйлерін құйқылжыта тартқан. Атақты күйші Макар Жапаров пен өз ағасы Махамбет Бөкейхановтан күйшілік шеберлікті үйренген. Затаевичтің «Қазақ халқының 1000 әні» кітабының кіріспесінде  бұл жинақты дайындау барысында: « Ғабдолхакім Бөкейхановқа қарыздармын, оның білікті  кеңестерін  басшылыққа алдым»- деп жазуы  бекер емес. Затаевич одан отызға жуық ән-күйін жазып алып, қазақ әуенінің алтын қорына енгізген.(БҚОМ қорында 1920жылы, Орынборда бөкейлік  күйшілер: Беркін Атшыбаев, Баязит Бөкейханов, Макар Жапаров, Махамбет Бөкейханов, Әзербаев, Ғабдолхакім Бөкейханов бейнеленген  фото сақталған).  Бөкейлік күйшілер кейін Құрманғазы атындағы саз-аспаптар оркестрінің негізін қалаған. Бұл туралы музей қорындағы газет қиындысында  берілген «Судьба братьев Букейхановых»-атты статьяда аталған.
Ғабдолхакім өз халқының дәстүрі мен тарихын  жақсы білген азамат. Оның ұлттар жөніндегі комиссариат мүшесі және Бүкілодақтық атқару комитетіндегі  Қазақстанның толық өкілі болуы  да осыдан болса керек. Қайраткер Қазақ автономиясын құру, оның жер тұтастығын белгілеу мәселесіне белсене араласып, Қазақ АССР-ін жариялау Жарлығына қол қоюдың тікелей қатысушысы болды. Тәуелсіздікке қол жеткізетініне сеніммен коммунистік партияға мүше болып кіреді. Қазақстан Республикасы  жарияланғаннан кейін Ғабдолхакім Нұрмұхамедұлы ұлттық кадрларды қызметке орналастыру комиссиясында жемісті еңбек етті. Комиссия ұсынысы бойынша  кеңес үкіметі шеттеткен бұрынғы Алаш партиясында болған азаматтар  жауапты мемлекеттік қызметке қойылады. (қорда1932-1933жж Ғабдолхакімнің  Қарақалпақ АССР атқарушы комитеті төрағасының орынбасары болып жүрген кезінде отбасымен түскен суреті бар)   Жастайынан ақсүйек болып өскенімен, адалдықты, шыншылдықты қасиет еткен азаматқа  алаш арыстарын жұмысқа тартқаны және ауыл шаруашылығындағы ойсыз саясатты сынағандығы үшін, 1933жылы «өлкелік комитетінің шешімін орындамады» деген сылтаумен сөгіс жарияланады. Көп ұзамай  қызметтен босатып, өзге жұмысқа ауыстырылады. (БҚОМ қорында «Өлкелік бақылау комиссиясы шешімінің көшірмесі»-(шыққан тегінің байлығын конфискацияланғаны туралы, тума-туыстарымен байланысын үзбегені үшін  жарияланған сөгістің көшірме парағы  сақталған) Кейінірек, 1937жылы Ғ. Бөкейхановты Шымкентте, қызмет орнында отырған жерінде  тұтқындайды. НКВД-ға апарып, ұлттық бас көтеруші, шпиондық – террористік бүлікшіл ұйымының белсенді мүшесі, ұлтшыл деген айып тағылады. Оған жаза кесу туралы үкімге 1938 жылдың 25 ақпанында қол қойылған. Тарихтың осындай зобалаңына тап болған біртуар тұлғалардың тағдырын бүгіні ұрпақ терең сезініп, парасаттықпен парықтай білуі қажет.


Көрменің мақсаты:

1.31-мамыр- «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу» күніне  орай, репрессия құрбаны болған  Алаштың ардақты ұлдарының бірі, мемлекет қайраткері Ғабдолхакім  Бөкейхановтың туғанына 115жыл толуына арналды.

2. Тарихқа «Горячев тізімі» деген қасіретті атаумен белгілі болып отырған құжат бойынша  1938жылы атылған 38 азаматтың  бірі -Ғабдолхакім Бөкейхановтың есімін бүгінгі жастарға таныту, құрмет тұтқызу.

3.БҚОМ қорындағы  Ғабдолхакім Бөкейханов туралы деректерді қалың көрермен қауымға, жұртшылық назарына ұсыну.

4.Көрмеге қойылған фотосуреттер мен мұрағаттық құжат, басылым мақалалары  арқылы саяси қуғын сүргін құрбаны болған азаматтың өнегелі өмірінен тағылым беру.


Көрменің тартымдылығы:

1.БҚОМ қорындағы  құнды фотосуреттердің көшірмелері мен басылымдық деректер қойылады.

2.Облыстық музей қорындағы Ғ.Бөкейханов туралы жәдігерлер алғаш рет жан-жақты таныстырылады.

Көрменің ғылыми маңыздылығы:

1.    БҚОМ қорындағы Ғ.Бөкейханов туралы жәдігерлердің мазмұнын қалың көпшілікке түсіндіру.  
2.    Өткен тарихымызды таразылай отыра  бүгінгі ұрпаққа  әр жәдігер арқылы  өнегелі  тәрбие беру, оларды  Отанын сүюге, елінің, жерінің адал патриоттары  болуға  баулу.


Экспозициялық шешім:

Көрмені  ұйымдастыру үшін музейдің  2-қабатындағы фойе таңдалып отыр.
Көрме  төрт бөлімнен тұрады.

1-витрина:
1.Мақала «Елім деп қайрат жұмсаған»
2. Фото.Ғабдолхакім Шәңгерей Бөкеев мекен-жәйінде
1-қатарда (солдан оңға 1-Бақаш Қасымов, 2-Б.Қаратаев
2-қатарда 2-Ғ.Бөкейханов,3-Нұрмұхамед
3. Фото.Ғабдол Хакім Бөкейханов.1914ж

2-витрина:
1.Орал қаласының ХІХғ аяғы-ХХғ басындағы суреті. Реалдық училище ғимараты.
2.Ғабдолхакім Бөкейханов Орал әскери  реалдық училищесінің студенті.1915ж
3.Ғ.Бөкейхановтың Оралдағы студенттік кезінен, 1916ж
4. Ғабдолхакім  жолдастарымен
(солдан оңға) 1-Г.Балғымбаева-(алғашқы  қазақ ұстаздардың бірі),2-А.Досжанова –(алғашқы  қазақ дәрігерлердің бірі),3-Ғ.Бөкейханов,4-Бекетов.
5.Бөкейлік  күйшілер.Орынбор,1920ж(солдан оңға) 1-қатарда2- Беркін Атшыбаев, Баязит Бөкейханов,2-қатарда-Макар Жапаров,Махамбет Бөкейханов3-қатарда-1.Әзербаев, 2-Ғабдолхакім Бөкейханов

3-витрина:
1.Ғ.Бөкейханов- ХХ ғасырдың 20-30ж көрнекті мемлекет қайраткері, Қазақ ССР халық ағарту ісінің  қалыптасуына , қазақтың бірінші атты әскер полкінің құрылуына атсалысқан азамат.  1931ж
2.Ғ.Бөкейханов, 1930ж
3.Мақала «Судьба братьев Букейхановых»
4.Ғабдолхакімнің  Қарақалпақ АССР атқарушы комитеті төрағасының орынбасары болып жүрген кезінен, Турткул,1932-1933жж
5. «Өлкелік бақылау комиссиясы шешімінің көшірмесі»-(шыққан тегінің байлығын конфискацияланғаны туралы, тума-туыстарымен байланысын үзбегені үшін сөгіс жарияланғаны жөнінде)

4-витрина:
1.Г.Бөкейхановтар отбасы.
2.Ғабдолхакім жұбайы Софьямен.
3.Софьяның Оралда қыздар гимназиясын оқып жүрген кезі.
4.Оралдағы қыздар гимназиясының суреті.
5.Софья құрбысы Тамуся Мендешовамен.
6.Ғабдолхакімнің Софьяға хатының көшірмесі, 1937ж
7. «Арыстар атылған күн анықталды» газет қиындысы

Сонымен қатар көрменің мазмұнын ашу үшін ХХғ бас кезеңіне тән жазу құралы, 1913-1916жж Батыс Қазақстан  бойынша оқу орындары туралы мұрағаттық құжат қойылады.


Ашылу  мерзімі: 31 мамыр,2011ж

31-мамыр «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу» күніне орай Алаштың ардақты ұлдарының бірі, мемлекет қайраткері Ғабдолхакім  Бөкейхановтың туғанына 115жыл толуына арналған
«Азаттық аңсаған азамат »
көрмесінің тақырыптық экспозициялық жоспары

(Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі
қорындағы  жәдігерлер негізінде)

Тақырып пен бөлімдер

Материалдар жиынтығы

Ескерту
1 Мұрағаттық анықтамалар

1.1913-1916жж Батыс Қазақстан  бойынша оқу орындары туралы.

2.«Өлкелік бақылау комиссиясы шешімінің көшірмесі»
2 Баспа материалдар

1. Мақала «Елім деп қайрат жұмсаған»
2. Мақала «Судьба братьев Букейхановых»

3. «Арыстар атылған күн анықталды» газет қиындысы
3 Фотолар

1. Ғабдолхакім Шәңгерей Бөкеев мекен-жәйінде:1-қатарда (солдан оңға 1-Бақаш Қасымов, 2-Б.Қаратаев. 2-қатарда 2-Ғ.Бөкейханов,3-Нұрмұхамед
2. Ғабдолхакім Бөкейханов.1914ж
3. 2.Ғабдолхакім Бөкейханов Орал әскери  реалдық училищесінің студенті.1915ж
4.Ғ.Бөкейхановтың Оралдағы студенттік кезінен, 1916ж
5. Ғабдолхакім  жолдастарымен
(солдан оңға) 1-Г.Балғымбаева-(алғашқы  қазақ ұстаздардың бірі),2-А.Досжанова –(алғашқы  қазақ дәрігерлердің бірі),3-Ғ.Бөкейханов,4-Бекетов.
6.Бөкейлік күйшілер.Орынбор,1920ж(солдан оңға) 1-қатарда2- Беркін Атшыбаев, Баязит Бөкейханов,2-қатарда-Макар Жапаров,Махамбет Бөкейханов3-қатарда-.Әзербаев, 2-Ғабдолхакім Бөкейханов
7.Ғ.Бөкейханов- ХХ ғасырдың 20-30ж көрнекті мемлекет қайраткері, Қазақ ССР халық ағарту ісінің  қалыптасуына , қазақтың бірінші атты әскер полкінің құрылуына атсалысқан азамат.  1931ж
8.Ғ.Бөкейханов, 1930ж
9.Ғабдолхакімнің  Қарақалпақ АССР атқарушы комитеті төрағасының орынбасары болып жүрген кезінен, Турткул,1932-1933жж

10.Г.Бөкейхановтар отбасы.
16.Ғабдолхакім жұбайы Софьямен.
17.Софьяның Оралда қыздар гимназиясын оқып жүрген кезі.
18.Софья құрбысы Тамуся Мендешовамен.

4 Заттай дерек

ХХғ бас кезеңіне тән жазу құралы

5 Ксерокөшірмелер

1.Ғабдолхакімнің  Софьяға  жазған хатының көшірмесі, 1937ж
2.Оралдағы қыздар гимназиясының суреті.
3.Орал қаласының ХІХғ аяғы-ХХғ басындағы көрінісі
4.Оралдағы әскери реалдық училище ғимараты.

6

Барлығы:

23 жәдігер

З.Хангереева,
кіші ғылыми қызметкер.

Регистрация

Жемчужины фонда