Get Adobe Flash player
Slide item 1
Slide item 2
Slide item 3
Slide item 4
Slide item 5
Slide item 6

Главное меню

Добро пожаловать!
Структура музея
Виртуальный тур
Экспозиция
Шедевры, коллекции
Научная деятельность
Законодательство
Госзакупки
Новости
Массовые мероприятия
Западно-Казахстанском областном историко-краеведческом музее открытие зала «Елбасы және Тәуелсіздік» Казахский государственный академический оркестр народных инструментов имени Курмангазы в Приуралье «Дін және дәстүр» «Я памятник воздвиг себе нерукотворный» «Әсем табиғатты қорғау – әркімнің міндеті» «Живем, пока помним!» «День открытых дверей» и акция «Ночь в музее» Ерлік пен Жеңіс Чтобы музы не молчали Отқа оранған жастық Невестка Б.Момышулы в Приуралье Абайдың табиғат лирикасы Әлем бірлігіндегі Қазақстан «Біз біргеміз – берік іргеміз!» Ақ Жайық – достық мекені Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі Сыр еседі сыңғырынан сырғаның Жауқазын Ерлікке толы Ұлы жол Әсем қоңыр «Масленица» «Хандық билік және қазақ елі» «Қысқа ғұмыр, биік белес» «Жалынды ақын, жаужүрек батыр» "Ақжайық-достық мекені" «ЭКСПО-2017 – елдің ерен жеңісі» Открытие мультимедийного комплекса «Сакентану» Батыс Қазақстан облысының мамонт фаунасы «Ғұлама ғалым, парасатты азамат» «Керей қайда барасың?» «Поэзия әлемінің ұлы Қадыры» Поэзия Пайғамбары «Ұрпаққа мұра болар сыйлар» «Кенеп бетіндегі Тәуелсіздік жетістіктері» «Тәуелсіздік шежіресі» «Арманы үлкен – азат ел» «Биік белестер» «Тәуелсіз Қазақстанның гүлденуі» «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» «Елін сүйген, елі сүйген елбасы» «Елбасы – ел тірегі» «Біздің Елбасы» «Ұлт көшбасшысы» «Ақордада көк байрағын нық ұстап, елбасымыз алаш арын арлаған» «Ұлтын сүйген ұлы жүрек» «Қазақстан-2050» - Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол» «Елін сүйген,елі сүйген – Елбасы» «Ақпәтер ауыл тарихы» Тұлға. Зерттеуші. Азамат. Ұлттық валюта – тәуелсіздік негізі Пайдалы қазбалар Шеңберден тыс дүние Тастөбе ерліктің ескерткіші Өнер әлеміндегі тұғырлы тұлға Бабалар бейнесі Ізгіліктің нұрын сепкен Күмбірлеген күй сыры Тіл тағдыры-ел тағдыры «Динозаврлар әлеміне саяхат» «Редкие растения Миргородского ландшафтного заповедника» «SOS - сайгак» Қазақ болмысы жәдігер бойында «Өрелі өмір – әркімге өнеге» «Тәуелсіздік туын көтергендер» «Қайдасыңдар, жалындаған жастарым?» «Жайықтан шыққан ән бұлбұлы» «Мың тұяқтың дүбірі,бір Тұяқтың саусағы» «Көп жасаған қария, ақылы теңіз дария!» «Зерделі сөздің зергері» «Тіл – татулық тірегі» «Діни экстремизм және терроризм» «Алтын ханшайым» «Өнегесі мол өрелі жан» «Күй әуен – сазбен өрілген жыр шежіре» «Ұлы Абайға тағзым» «Орнатылған ескерткіш белгі міне, Есіміңе қанықты ел бүгінде» «Спортты серік еткендер» «Тәуелсіздік нышаны» «Жабайы аңдар – жаралы табиғат» «Әсем қалам – Астанам» «Астана – Отанымыздың жүрегі, Тәуелсіздігіміздің тірегі!» «Астана – махаббатым менің» «Тайна керамическихкувшинов» «Елі ардақ тұтқан ұстаз» «Дін және жастар» «Менің туым, менің елтаңбам, менің Әнұраным» Облыстың ерекше қорғалатын табиғи территориялары «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш» «Ел айбынын асқақтатқан рәміздер» «Геральдика тарихы және Отанымыздың рәміздері». «Аға ұрпақтың сыннан өткен сардарлары» «Мұрағаттар сыр шертеді» В областном музее состоялась акция «Ночь в музее» «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран» «Отырарда ойлылардың ізі қалған» «Ғасырлар таңбасы-Капустин Яр» «Өнерің сенің жалғасын табар бүгінде» Еңбегімен елге танылған тұлға «Крылатые друзья» «Табиғат жанашырлары» «Өмірде ізгі із қалдырған» «Бекіре тұқымдастарын болашаққа сақтайық» Әз-Наурыз Ряд мероприятий прошли в стенах Областного музея, в канун праздника Наурыз «Наурыз келсе, құт келгені, ағайын!» «Ұлыстың ұлы күні, жыл басы - Наурыз» Жайықтың самал лебі «Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі» «Әлемнің құдірет күші - аналар» «Қазақстанның биологиялық ресурстары, оларды қорғау және тиімді пайдалану мәселелері» «Ардақты, асыл жандар» «Царство насекомых» «Қыр кенебіндегі тамшылар» «Веселая масленница» «Уходили парни из Афгана...» «Ауғанда от кешкендер» «Афганистан болит в моей душе: 25 лет спустя» «Ауғанстан – жүректегі жара» В областном музее состоялось очередное заседание актива «Ауған ақиқаты» «Ауғанстан естеліктері» «Жанымды жаралаған Ауғаныстан» «Дін мұраты ынтымақ пен бірлік» Состоялось торжественное открытие проекта «Мирас» «Қадыр – балалар әдебиетінің атасы» «Күй анасын құрметтейік» «Діни сауатсыздық – діни экстремизмнің бастауы» Музейный урок «Жабайы аңдар» «Батыс Қазақстан облысының мамонт фаунасы»
Выставки
«Алтын ханшайым» «Жанымды жаралаған Ауғаныстан» «Музеи-сокровище народа» «Звон старинного серебра» «Өнеге өрнектері» «Күй-дария» «Халық өнері - асыл қазына» «Әнші әлемі» «Оралым менің, Оралым» «Азаттық аңсаған азамат» «Ақын тілі – арман тілі» «Сағындым сені, Оралым!» «Түркі жазба мәдениетінің тарихынан» «Кел, балалар,оқылық!» «Білімнің қара шаңырағы» «Қылқалам-өмір» «Өнердің қайталанбас өр тұлғасы» Материал 7 «ХІХ-ХХғғ ас -үй бұйымдары» «Тарихи сабақтастық» Тарих – ақша баламасында «Ауған ақиқаты» «Қазақтың тұңғыш заңгері» «Тұғыры биік тұлға» «Жауһар жәдігерлер» Мы победу приближали как могли Презентация выставки Выставка Муратбека Жоламана Муратбек Жоламан «Жазықсыз жапа шеккендер...» «Тарих.Тағылым. Тағзым» «Уақыт қозғалысы- сағаттарда» «Өшпесін мәңгі өзіңнің Өнерде жаққан шырағың... » «Астана-Елбасының ерлігі» «Жүрегімнің түбіне терең бойла... » «Болу үшін жаралғам туған жердің жырауы... » «Мен қазақпын...» « Әнші Әлемі» «Тарихи Орал»
Музейное событие
Вопрос - Ответ
Гостевая книга

Ақын Ботакөз  Баймұқанқызының туғанына  55 жыл толуына арналған
«Ақын тілі – арман тілі»  атты
көрменің ғылыми  концепциясы

Тақырыптың негіздемесі:

Тарихқа көз жүгіртіп қарап отырсақ, қассақтың небір қайсар қыздары, ғұндардың еланасына айналған арулары,  түріктің тұрпаты бөлек жауынгер ханымдары, қазақтың ұранға айналған, кие қонған небір аяулы ана, апалары болыпты…
Елім деп емінген, жерім деп тебінген ерлермен сын сағаттарда қатар жүріп, қанатына айналған, ұрпағын өсірген олардың да аттары  тарих қойнауынан  естіліп жатады.
Сондай қазақтың қайсар қыздарының бірі- АқЖайыққа Боташ есімімен танылған тележурналист, ақын Ботакөз Баймұқанованың туғанына биыл 55 жыл толып отыр.
Дүниеден ерте озған Ботакөз артында өзіндік із қалдырды. Даланың жыры, дананың сыры, сөздің сиқыры болмысына дарыған ол  ха¬лықтың жан-жүрегін, арман-тілегін тол¬қын¬дата толғап,  көптеген жылдар бойы көрерменге жеткізіп отырды.
Қиындыққа қажымай, домбыра ұстап ән  шырқап, қалам алып жыр да жазып, телеэкранда Ақ Жайықтың  қай қиырынан да тартымды   жаңалық, мазмұнды хабарлар дайындап көп ішінде абырой-беделі  дара көрініп, елмен етене болып,  еңбекте қайнады.
Әрбір ақынның өзі шыққан тауы, өз белесі болады десек , Ботакөз шыққан  асқақ та, биік белес-Ақжайық болды. Ақтөбе топырағында дүниеге келіп, Ақ Жайық елінде қызмет атқарған ол  биік белестерден көрінген қаламы қарымды журналист, нәзік жүректі жан, екпінді айтыскер атанды. 
Орал - Ботакөздің аяулы ақындық бесігіне айналды. Сондықтан да жаратылысы ерекше ақын қызды Ақжайық  халқы   еркелете  Боташ деп кетті.


1974жылы  арғы жағы Маңғыстау ұласатын, бергі шегі Торғай жайылатын Байғанин даласынан бақыт іздеп келген ақын қыз Ақ  Жайыққа ұя салды. 1978жылы Орал педагогикалық институтын бітірген жылдан бастап  ол бар ғұмырын облыстық телерадио компаниясына арнады.  Ана сүтімен, әке күшімен  бойына дарыған ақындық талантымен елдің көз алдында өсті. Қазақтың  домбыра ұстаған аруы болып айналасына ерте танылды. Орал телестудиясында ол өзінің қажырлы еңбегінің, таланты мен дарындылығының  арқасында  танымал, тәжірибелі, ойы ұшқыр, қаламы жүйрік тілші, журналист атанды.
Ақ арманы Дәуренін аялап, ер жеткізді. Тұғыр берді. Жаны сыздаса, өлеңін саялады. Қаламы қолынан түспеген қажырлы қазақ қызына айналды.
Сонадайдан келе жатсам көрініп,
Бір мырзаның қызы-ау дейді
Мені  жұрт.
Десең  де деп  өте берем
Кейде мен
Екі аяқты бір басуға
Ерініп- деп «Өзім жайлы ода» өлеңінде өзі жазғандай  ол өзінің ерекше тұлғасымен, әсем көркімен, назды қылығымен, тағылымды телехабарларымен, талғампаздығымен ел есінде сақталып қалды.
Бүгінде  БҚОМ қорында Ботакөздің телехабарларды жүргізген кезде киген, айтысқа арнап тіккізген костюмдері сақтаулы.
Ботакөз Баймұқанова  Орал телеарнасында өнер мен мәдениетті насихаттауда, оның өзекті мәселелерін  көрсетіп, олардың шешімінің табылуына өзіндік елеуі үлесін қосты.
80 - 90-шы жылдары ол дайындаған «Халық таланттары», «Терме», «Ән құмарлар клубы» циклдарының хабарлары осы міндеттерден көріне білді.
Кейін Ботакөз Баймұқанованың жастар тәрбиесі мен ұрпақтар түсіністігіне және отбасы бірлігіне арналған ұлттық «Ақ отау», «Қыз Жібек»,  хабарлары көрермендердің жылы лебізіне бөленген бағдарламалары да ел көңілінен шықты.   Ботагөз Баймұқанованың қолынан шыққан дүниелермен төл арна экраны толығып, мәселен  «Халық таланттары», «Салтанат», «Ақ маржан», «Құлан саз», «Дидар», «Ақ босаға», «Айта жүрелік», «Асыл мұра» сынды хабарлар  көрермендердің рухани қажетін молайтып, өз уақытында қоғамдағы  ортақ  мәселелерді  көп болып  көтеруге қозғау  салып, үлкен маңыз атқарған еді. 
Сондай - ақ «Айқаракөз», «Дидар» атты авторлық бағдарламалары да қоғам өміріндегі келелі мәселелерді талқылап, кесек ой тастап,  әсіресе  ұлттық  тәлім – тәрбие, салт – сана тұрғысын өскелең ұрпақтың бойына сіңіріп келді.  Көптеген еліміздің танымал тұлғаларымен кездесіп, сұхбаттасты. Осы сәттер бейнеленген фотосуреттер де облыстық музей қорынан өз орын алып отыр.
Сонымен қатар   БҚОМ қорында Ботакөз Баймұқанованың айтыстарға  қатысқан кезде тұтынған домбырасы  да сақтаулы.
Домбыра – сылдыры ғой бұлақтардың!
Домбыра сыбдыры ғой құрақтардың!
Ешкімге айтылмаған мұңымды айтып,
Егіліп, қос ішектен сыр ақтардым!
Домбыра – Атамекен,топырағым!
Ел-жұртым! Басқа қайда тұрақтармын!-деп  жазған ол  өнерді  шын сүйген, өнерпазды да сыйлай алған. Оған куә елімізге танымал  Роза Бағланова, Лидия Каденова, Мақпал Жүнісова сынды өнерпаздармен кездесіп, олармен АқЖайық халқын жүздестіруі.
Ботакөз ақын  ретінде де  облыстық айтыстарға қатысып, жүлделі орындардан көріне білді. Сонымен қатар «Наздәурен»,  «Ғұмыр  Дария»  атты жеке жинақтары өлең сүйер оқырманның кітап сөресінен орын алды.
Ақын жүрегі¬нің мейі¬рімі әсіресе, ұлына ар¬нал¬ған сағынышқа толы жырларынан анық байқа¬ла¬ды. Мұндай өлеңдерінің өзі  өзіндік  бір әлем десек артық айтқандық болмас.
Жар бола гөр, жаратқан, жалғызыма,
Жарға біткен жалбырап жалбызыма.
Ұясыңда түлеген ақ сұңқарым,
Бір көруге бермеймін Хан қызына-деген өлеңдерінен  аналық  ыстық сезімі байқалады. БҚОМ қорында Ботакөздің өзі тұтынған қол сөмкесі де сақтаулы. Сырты ұлттық ою-өрнектермен нақыштала жасалған  бұл заттардың оюынан ұлтына деген үлкен махаббат лебі есіп тұрғандай.
«Қазақстан - Орал» телеарнасының экранында жарық көрген «Ізгілік жолы», «Айнамкөз», «Ақ шағала» атты телефильмдерде қай уақытта да өз құндылығын жоймайтыны анық.   «Жеңешем», «Кетсең де шалғай» атты өлеңдері де  халық арасына кеңінен таралып, сүйікті әндерге айналды.
Осынау  елеулі  еңбегінің  арқасында  Ботакөз   Қазақстан  Жазушылар  одағының  мүшесі, облысымыздың  «Құрметті ақыны»  атанды. Өкініштісі оның дүниеден ерте кеткені. Бірақ келер ұрпаққа үлгі тұтарлықтай ақын, журналист Ботакөз Баймұқанованың өзіндік ізі, әсем жырлары қалды.
Көрменің мақсаты:

  • Қазақстан  Жазушылар  одағының  мүшесі, облысымыздың  «Құрметті ақыны», журналист Ботакөз  Баймұқанқызының туғанына  55 жыл толуына орай ақынды еске алу.
  • Көрермендерге Ботакөз  Баймұқанқызының   өмірі жолынан  мәлімет бере отыра, өлеңдерімен бүгінгі жастарды таныстыру.


Көрменің тартымдылығы:

  • Көрмеге тұңғыш ре БҚОМ қорындағы Ботакөз  Баймұқанқызының туралы заттай  жәдігерлер мен фотосуреттер шығарылып отыр.


Көрменің ғылыми маңыздылығы:

  • БҚОМ  қорындағы деректер арқылы ақын, журналист Ботакөз  Баймұқанқызының өмірі мен шығармашылығына тереңірек  үңілуге мүмкіндік беру.

Экспозициялық шешім:
Көрме 6 витринадан тұрады.
1-витрина:
1.    Кітап «Ғұмыр дария» - Баймұқанова Ботакөз
2.    Фото. Қр журналистер одағының мүшесі, ақын Ботакөз Баймұқанқызының ата-анасы- Баймұқан мен Қалдығыз.
3.    Фото. Ботакөз Баймұқанова – айтыскер ақын, танымал журналист.
4.    Фото. .Б. Баймұқанованың мектеп жылдарындағы фотосы (Артқы жақта оңнан солға қарай тұрған Б.Баймұқанова) 
5.    Ботакөз Баймұқанова, Фадиша Сұңғатова.
6.    Фото.Орал студиясы «Дидар» бағдарламасы. Жүргізуші Ботакөз Баймұқанова. 1984
7.    Буклет «Тұлпардың тұяғы» - Қонысбай Әбілов.
2-витрина:
1.Ботакөз Баймұқанованың сахналық ақ түсті костюмі.
2. Ботакөз Баймұқанованың домбырасы.
3-витрина

1. Ботакөз  Баймұқанқызына Қаратөбе аудан әкімінің жолдаған құттықтау қағазы.
2.Фото. Айтыс ақыны, әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бердіғалиев Қатимолла Жәңгірұлы мен айтыскер ақын Ботакөз Баймұқанова.
3. Фото.Орал студиясы «Дидар» бағдарламасының тікелей эфир сәті. Жүргізуші Ботакөз Баймұқанова.
4. Фото.КСРО халық әртісі Л.Лещенко облыстық телерадиокомпанисының ұжымымен бірге. Оңнан солға қарай 3-ші тұрған журналист Ботакөз Баймұқанова. Орал қаласы 1980ж
5.Ботакөз Баймұқанова Орал студиясы «Дидар» бағдарламасына шақырылған қонақтармен бірге
6.Фото.Облыстық ақындар айтысы. Ортада отырған айтыскер ақын – Ботакөз Баймұқанова.
7. Д. Құсайынқызының ақын Б.Баймұқанқызына арнап жазған өлеңі.
8. Ботакөз Баймұқанова –айтыскер,ақын. (жастық шағы) 1970ж

4-витрина:
1.Сандық, қол сөмке – Ботакөз тұтынған заттар.

5-витрина
1. Ботакөз Баймұқанқызына Жымпиты аудан әкімшілігінің жолдаған құттықтау қағазы.
2.Фото.Ботакөз Баймұқанқызы және сазгер Төлеген Мұхамеджанов
3. Фото. Қазақстан жазушыларының сьезіеде Ботакөз Баймұқанова және Әзілхан Нұршайықов. Алматы 2002ж.
4. Фото.Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова мен ақын Ботакөз Баймұқанқызы.

5. Фото.Ақын, журналист Б.Баймұқанова, облыстық мәдениет басқармасының бастығы А.Батырханов, Қазақтың мемлекеттік халық аспаптары оркестірінің дирижері А.Жайымов.

6. Фото.Қ.Р. журналистер одағының мүшесі ботакөз баймұқанова және Қ.Р. халық әртісі Лидия Каденова.
7. Фото.Әнші, сазгер Тоқтар Серіков пен Ботакөз Баймұқанова
8. Фото.Айтыскер ақын Б.Баймұқанова және ақын, «Үміт» гимназиясының  директоры Дариға Мұштанова.
9. Фото.Ақын Ботакөз Баймұқанова облыстық музейде.
10. Фото. Қ.Р. журналистер одағының мүшесі Ботакөз Баймұқанова мен Қазақстанның халық жазушысы Қадыр Мырза Әли

11. Фото.Орал қаласында түскен Республикаға танымал айтыскер ақындар: оңнан солға қарай Б.Баймұқановағ, А.Қалиев және жас ақындар.

12. Фото. Ботакөз Баймұқанованың Б.Қ. облыстық телерадиокомпаниясының қызметкерлерімен түскен фотосуреті.

13. Фото.Солдан оңға қарай Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты, еңбек ардагері, күйші Қаршыға Ахмедияров, ақын Ботакөз Баймұқанова, «Құрмет белгісі», «Халықтар достастығы» орденінің иегері, өлкетанушы Ақбай Досболатұлы.

14. Ботакөз Баймұқанқызына «Қазақстан «РТРК» АҚ Батыс Қазақстан филиалы ұжымының жолдаған мерейтолық құттықтауы

15. Фото. Ботакөз Баймұқанованың ұлы Дәуреннің үйлену тойы салтанатында түскен фотосуреті
16. Фото. Ботакөз Баймұқанқызы келіні Әселмен бірге.
17. Фото. Ботакөз Баймұқанова немересімен
18. Фото. Ботакөз Баймұқанова отбасымен.
19. Фото. Баймұқанова Ботакөз Баймұқанқызының 50 жасқа толу мерейтойы. Облыстық телерадиокомпаниясының президенті А.Ғұбашевтің адресат тапсыру сәті.

6-витрина:

1. Ботакөз Баймұқанованың сахналық костюмі. 

Ашылуы:қазан,2011


Ақын Ботакөз  Баймұқанованың  55 жыл толуына арналған
«Ақын тілі – арман тілі»  атты көрменің
тақырыптық -экспозициялық жоспары

(Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі қорындағы  жәдігерлер негізінде)

Тақырып пен бөлімдер Материалдар жиынтығы
Ескерту
1 Фотолар 1.Ботакөз Баймұқанқызы және сазгер Төлеген Мұхамеджанов
2.Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова мен ақын Ботакөз Баймұқанқызы.
3.Қазақстан жазушыларының сьезіеде Ботакөз Баймұқанова және Әзілхан Нұршайықов. Алматы 2002ж.
4. Б.Баймұқанова , соғыс және еңбек ардагері Б.Жұмағалиев, Қ.Р. халық әртісі Р. Бағланова
5.Ақын, журналист Б.Баймұқанова, облыстық мәдениет басқармасының бастығы А.Батырханов, Қазақтың мемлекеттік халық аспаптары оркестірінің дирижері А.Жайымов.
6. Қ.Р. журналистер одағының мүшесі ботакөз баймұқанова және Қ.Р. халық әртісі Лидия Каденова.
7.Әнші, сазгер Тоқтар Серіков пен Ботакөз Баймұқанова
8. Айтыскер ақын Б.Баймұқанова және ақын, «Үміт» гимназиясының  директоры Дариға Мұштанова.
9.Ақын Ботакөз Баймұқанова облыстық музейде.
10.Баймұқанова Ботакөз Баймұқанқызының 50 жасқа толу мерейтойы. Облыстық телерадиокомпаниясының президенті А.Ғұбашевтің адресат тапсыру сәті.
11.Қ.Р. журналистер одағының мүшесі Ботакөз Баймұқанова мен Қазақстанның халық жазушысы Қадыр Мырза Әли
12.Орал қаласында түскен Республикаға танымал айтыскер ақындар: оңнан солға қарай Б.Баймұқановағ, А.Қалиев және жас ақындар.
13. Ботакөз Баймұқанованың Б.Қ. облыстық телерадиокомпаниясының қызметкерлерімен түскен фотосуреті.
14.Солдан оңға қарай Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты, еңбек ардагері, күйші Қаршыға Ахмедияров, ақын Ботакөз Баймұқанова, «Құрмет белгісі», «Халықтар достастығы» орденінің иегері, өлкетанушы Ақбай Досболатұлы.
15.Ботакөз Баймұқанованың ұлы Дәуреннің үйлену тойы салтанатында түскен фотосуреті.
16.Ботакөз Баймұқанқызы келіні Әселмен бірге.
17.Ботакөз Баймұқанова немересімен.
18. Ақын Б. Баймұқанова, «Құрмет»орденінің иегері, сазгер, термеші Д.Қажымов,Б.Қ. облыстық телерадиокомпаниясының редакция бөлімінің меңгерушісі Л.Елеу.
19.Ботакөз Баймұқанова –айтыскер,ақын. (жастық шағы) 1970ж
20. Қазақстан  Жазушылар  одағының  мүшесі, облысымыздың  «Құрметті ақыны»  журналист- Ботакөз Баймұқанова  
21. Облыстық ақындар айтысы. Ортада отырған айтыскер ақын – Ботакөз Баймұқанова.
22.КСРО халық әртісі Л.Лещенко облыстық телерадиокомпанисының ұжымымен бірге. Оңнан солға қарай 3-ші тұрған журналист Ботакөз Баймұқанова.
Орал қаласы 1980ж
23. Қр журналистер одағының мүшесі, ақын Ботакөз Баймұқанқызының ата-анасы- Баймұқан мен Қалдығыз.
24. Ботакөз Баймұқанова, Фадиша Сұңғатова және Б. Баймұқанованың жолдасы.
25.Б. Баймұқанованың мектеп жылдарындағы фотосы (Артқы жақта оңнан солға қарай тұрған Б.Баймұқанова)  
26. Орал студиясы «Дидар» бағдарламасының тікелей эфир сәті. Жүргізуші Ботакөз Баймұқанова.
27 Ботакөз Баймұқанова Орал студиясы «Дидар» бағдарламасына шақырылған қонақтармен бірге.
28. Айтыс ақаны, әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бердіғалиев Қатимолла Жәңгірұлы мен айтыскер ақын Ботакөз Баймұқанова.
29 Ботакөз Баймұқанова отбасымен.
30. Орал студиясы «Дидар» бағдарламасы. Жүргізуші Ботакөз Баймұқанова. 1984ж
2 Кітаптар «Ғұмыр дария» - Байммұқанова Ботакөз
Буклет. «Тұлпардың тұяғы» - Қонысбай Әбілов.
Д. Құсайынқызының ақын Б.Баймұқанқызына арнап жазған өлеңі.
3 құттықтау 1.Ботакөз Баймұқанқызына Қаратөбе аудан әкімінің жолдаған құттықтау қағазы.
2. Ботакөз Баймұқанқызына Жымпиты аудан әкімшілігінің жолдаған құттықтау қағазы.
3. Ботакөз Баймұқанқызына «Қазақстан «РТРК» АҚ Батыс Қазақстан филиалы ұжымының жолдаған мерейтолық құттықтауы.
4 Тұтынған заттары
1.Ұлттық нақышта тігілген ақ түсті сахналық көйлек.
2. Күрең-қызыл түсті мантосы, бас киімі бар сахналық көйлек.
3. Оюланған сандықша.
4.Былғары мен мата араластырылып, оюлана тігілген сөмке.
5. Ботакөз Баймұқанованың домбырасы.

З.Хангереева
экспозиция бөлімінің кіші ғылыми қызметкері.


Регистрация

Жемчужины фонда