Get Adobe Flash player
Slide item 1
Slide item 2
Slide item 3
Slide item 4
Slide item 5
Slide item 6

Главное меню

Добро пожаловать!
Структура музея
Виртуальный тур
Экспозиция
Шедевры, коллекции
Научная деятельность
Законодательство
Госзакупки
Новости
Массовые мероприятия
Западно-Казахстанском областном историко-краеведческом музее открытие зала «Елбасы және Тәуелсіздік» Казахский государственный академический оркестр народных инструментов имени Курмангазы в Приуралье «Дін және дәстүр» «Я памятник воздвиг себе нерукотворный» «Әсем табиғатты қорғау – әркімнің міндеті» «Живем, пока помним!» «День открытых дверей» и акция «Ночь в музее» Ерлік пен Жеңіс Чтобы музы не молчали Отқа оранған жастық Невестка Б.Момышулы в Приуралье Абайдың табиғат лирикасы Әлем бірлігіндегі Қазақстан «Біз біргеміз – берік іргеміз!» Ақ Жайық – достық мекені Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі Сыр еседі сыңғырынан сырғаның Жауқазын Ерлікке толы Ұлы жол Әсем қоңыр «Масленица» «Хандық билік және қазақ елі» «Қысқа ғұмыр, биік белес» «Жалынды ақын, жаужүрек батыр» "Ақжайық-достық мекені" «ЭКСПО-2017 – елдің ерен жеңісі» Открытие мультимедийного комплекса «Сакентану» Батыс Қазақстан облысының мамонт фаунасы «Ғұлама ғалым, парасатты азамат» «Керей қайда барасың?» «Поэзия әлемінің ұлы Қадыры» Поэзия Пайғамбары «Ұрпаққа мұра болар сыйлар» «Кенеп бетіндегі Тәуелсіздік жетістіктері» «Тәуелсіздік шежіресі» «Арманы үлкен – азат ел» «Биік белестер» «Тәуелсіз Қазақстанның гүлденуі» «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» «Елін сүйген, елі сүйген елбасы» «Елбасы – ел тірегі» «Біздің Елбасы» «Ұлт көшбасшысы» «Ақордада көк байрағын нық ұстап, елбасымыз алаш арын арлаған» «Ұлтын сүйген ұлы жүрек» «Қазақстан-2050» - Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол» «Елін сүйген,елі сүйген – Елбасы» «Ақпәтер ауыл тарихы» Тұлға. Зерттеуші. Азамат. Ұлттық валюта – тәуелсіздік негізі Пайдалы қазбалар Шеңберден тыс дүние Тастөбе ерліктің ескерткіші Өнер әлеміндегі тұғырлы тұлға Бабалар бейнесі Ізгіліктің нұрын сепкен Күмбірлеген күй сыры Тіл тағдыры-ел тағдыры «Динозаврлар әлеміне саяхат» «Редкие растения Миргородского ландшафтного заповедника» «SOS - сайгак» Қазақ болмысы жәдігер бойында «Өрелі өмір – әркімге өнеге» «Тәуелсіздік туын көтергендер» «Қайдасыңдар, жалындаған жастарым?» «Жайықтан шыққан ән бұлбұлы» «Мың тұяқтың дүбірі,бір Тұяқтың саусағы» «Көп жасаған қария, ақылы теңіз дария!» «Зерделі сөздің зергері» «Тіл – татулық тірегі» «Діни экстремизм және терроризм» «Алтын ханшайым» «Өнегесі мол өрелі жан» «Күй әуен – сазбен өрілген жыр шежіре» «Ұлы Абайға тағзым» «Орнатылған ескерткіш белгі міне, Есіміңе қанықты ел бүгінде» «Спортты серік еткендер» «Тәуелсіздік нышаны» «Жабайы аңдар – жаралы табиғат» «Әсем қалам – Астанам» «Астана – Отанымыздың жүрегі, Тәуелсіздігіміздің тірегі!» «Астана – махаббатым менің» «Тайна керамическихкувшинов» «Елі ардақ тұтқан ұстаз» «Дін және жастар» «Менің туым, менің елтаңбам, менің Әнұраным» Облыстың ерекше қорғалатын табиғи территориялары «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш» «Ел айбынын асқақтатқан рәміздер» «Геральдика тарихы және Отанымыздың рәміздері». «Аға ұрпақтың сыннан өткен сардарлары» «Мұрағаттар сыр шертеді» В областном музее состоялась акция «Ночь в музее» «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран» «Отырарда ойлылардың ізі қалған» «Ғасырлар таңбасы-Капустин Яр» «Өнерің сенің жалғасын табар бүгінде» Еңбегімен елге танылған тұлға «Крылатые друзья» «Табиғат жанашырлары» «Өмірде ізгі із қалдырған» «Бекіре тұқымдастарын болашаққа сақтайық» Әз-Наурыз Ряд мероприятий прошли в стенах Областного музея, в канун праздника Наурыз «Наурыз келсе, құт келгені, ағайын!» «Ұлыстың ұлы күні, жыл басы - Наурыз» Жайықтың самал лебі «Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі» «Әлемнің құдірет күші - аналар» «Қазақстанның биологиялық ресурстары, оларды қорғау және тиімді пайдалану мәселелері» «Ардақты, асыл жандар» «Царство насекомых» «Қыр кенебіндегі тамшылар» «Веселая масленница» «Уходили парни из Афгана...» «Ауғанда от кешкендер» «Афганистан болит в моей душе: 25 лет спустя» «Ауғанстан – жүректегі жара» В областном музее состоялось очередное заседание актива «Ауған ақиқаты» «Ауғанстан естеліктері» «Жанымды жаралаған Ауғаныстан» «Дін мұраты ынтымақ пен бірлік» Состоялось торжественное открытие проекта «Мирас» «Қадыр – балалар әдебиетінің атасы» «Күй анасын құрметтейік» «Діни сауатсыздық – діни экстремизмнің бастауы» Музейный урок «Жабайы аңдар» «Батыс Қазақстан облысының мамонт фаунасы»
Выставки
«Алтын ханшайым» «Жанымды жаралаған Ауғаныстан» «Музеи-сокровище народа» «Звон старинного серебра» «Өнеге өрнектері» «Күй-дария» «Халық өнері - асыл қазына» «Әнші әлемі» «Оралым менің, Оралым» «Азаттық аңсаған азамат» «Ақын тілі – арман тілі» «Сағындым сені, Оралым!» «Түркі жазба мәдениетінің тарихынан» «Кел, балалар,оқылық!» «Білімнің қара шаңырағы» «Қылқалам-өмір» «Өнердің қайталанбас өр тұлғасы» Материал 7 «ХІХ-ХХғғ ас -үй бұйымдары» «Тарихи сабақтастық» Тарих – ақша баламасында «Ауған ақиқаты» «Қазақтың тұңғыш заңгері» «Тұғыры биік тұлға» «Жауһар жәдігерлер» Мы победу приближали как могли Презентация выставки Выставка Муратбека Жоламана Муратбек Жоламан «Жазықсыз жапа шеккендер...» «Тарих.Тағылым. Тағзым» «Уақыт қозғалысы- сағаттарда» «Өшпесін мәңгі өзіңнің Өнерде жаққан шырағың... » «Астана-Елбасының ерлігі» «Жүрегімнің түбіне терең бойла... » «Болу үшін жаралғам туған жердің жырауы... » «Мен қазақпын...» « Әнші Әлемі» «Тарихи Орал»
Музейное событие
Вопрос - Ответ
Гостевая книга

Қазақтың дауылпаз ақыны Қасым Аманжоловтың
туғанына100 жыл толуына арналған
«Сағындым сені, Оралым!» атты
көрменің ғылыми  концепциясы

Тақырыптың негіздемесі:

Дүниеден ерте өтсе де артына мол әдеби мұра, өшпес із қалдырған қазақ әдебиетінің биік аспанындағы жарық жұлдыздардың бірі –Қасым Аманжоловтың туғанына биыл, күз айында 100 жыл толады. Ақынның 100 жылдық тойы  Еліміздің Егемендігінің 20 жылдығымен сәйкес келіп отыр. 
-Уа, тәкаппар Дүние!
Маған да бір қарашы,
Танисың ба сен мені?!
Мен қазақтың баласы! -  деп жазды Қасым ХХғасырдың 40-50 жылдары. Бұл бүгін жазылған өлең сынды! Бүгінде, Егемен ел болған кезімізде Қасымның осы өлеңін Қазақ кеудесіне басып, төрткүл дүниеге қарап тұрғандай. Еңселі елу елдің қатарына жетіп, ұжымды ұлт, іргелі мемлекет болған кезімізде қазақты ғалам да танитын болды! Біз сұлу да әсем Астанамыз арқылы мына тәкаппар дүниеге қазақтығымызды таныттық!

2011 жылғы 24 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №29 қаулысымен республика көлемінде ақын Қасым Аманжоловтың туғанына 100 жыл толуын атап өту жоспары бекітілді. Өйткені  болашақта да Қасым Аманжолов қазақ әдебиетінің мәңгі жанып тұратын таланттардың бірі болып қала беретіні сөзсіз.  Қасым қазақ жырын ғана жаңа белеске бел асырып кеткен жоқ, ол өзінің өртке тиген өлеңдерімен ізгілікке - тәнті,  сұлулыққа шөлі қанбайтын бүкіл қазақ халқының асқақ рухын аспанға көтеріп кеткен ақын! Қазақ поэзиясына он буынды өлең түрін енгізіп, оны әбден тұрақтандырып кеткен, ұлттық поэзиямызды жоғары сатыға көтеріп, жүректерде жарқын із қалдырған ақын!
Әдетте «ақынның екі өмірі болады»-деген тұжырым бар. Оның  біріншісі- өзінің жеке ғұмыры да, екіншісі-өзі өлгеннен кейін де ұрпақтан-ұрпақтың керуен көші соқпай кетпейтін темірқазық, бекет сынды өлендерінің өмірі. Міне Қасымның өлеңдері  бүгін екінші өмірін сүруде. Әрбір ақынның өзі шыққан тауы болады десек, Қасым шыққан поэзия тауы асқақ та, биік. Ол осы биікке біздің қалада,  Оралда жүріп көтерілді. Орал-Қасымның аяулы ақындық бесігі десек артық айтқандық емес. Сондықтан   аталмыш көрме арқылы  Қасымның өміржолының  Оралға байланысты   кезеңіне ерекше көңіл бөліп отырмыз .
Алайда БҚОМ қорында Қ.Аманжоловқа  қатысты түпнұсқалық жәдігерлер жоқ деуге болады.  Бірақ қала көшелерінде ақынның ізі  сайрап жатқаны анық. «Сонау бір шетте, сонау үй» деп жырлаған ақын тұрған үй бұрынғы Мостовая, қазіргі Киров көшесіндегі 69  үй де сол қалпында.
Қасым Аманжоловтың ақын, азамат болып қалыптасуына Орал қаласы үлкен әсер етті. Осы қалада ол ең алғашқы махаббат, жастық жырларын жазды.Сондықтан да ол Оралды, Жайықты жанындай жақсы көрді, жас жүректің лүпілімен сүйді, шырқаған шабыты да осында шарықтады.
Қасым Рахымжанұлы Аманжолов 1911жылы күз айында  Сары Арқаның ең көрікті жерінде Қарқаралы ауданы Ақтайлақ өзенінің бойында дүниеге келген.Бірақ ата-анасынан жастай жетім қалған алғашқыда атасының қолында, кейін 1924жылы Семейдегі балалар үйіне тәрбиеленеді. 1927 жылы Семейдегі мал дәрігерлік техникумға түсіп оны 1930 жылы бітіреді. 1931 жылы Ленинградтағы Орман шаруашылық институтына түседі. Бірақ, солтүстіктің ызғарлы ауасы денсаулығын қажыта бастаған соң елге қайтады. Баратын жері де, ағайын-тумасы да жоқ, аурудан қалжыраған Қасым  құдай айдап дегендей, бұрын көрмеген, білмеген жері-Орал қаласына келеді. Облыстық "Екпінді құрылыс" газетіне қызметке орналасады. Қасымның «Кешкенмін Совет көшесін, кеудемді ашып құрбыма» -дейтін көшесі бүгінгі Достық даңғылы. Осы көше мен бұрынғы Коммунистік, қазіргі Ғ.Қараш көшесінің  бұрышындағы үйде Қасым «Екпінді құрылыс» газетінің  редакциясында жұмыс жасаған. БҚОМ қорында осы «Екпінді құрылыс» газетінің 1939 жылы жарық көрген  №246. сақталған.
30-жылдары Қасымның  оралдықтармен тез білісіп, түсінісіп кетуіне  оның ақкөңіл, ақжарқын болмысы, көріне бастаған ақындық шабыты, музыкалық аспатардың бәріне дерілік ойнайтыны, аздап ән салып, күй шертетіні де себепкер болса керек.
1933 жылы Қасым әскер қатарына алынып, оны да осы  Орал қаласында өтейді. Ол кезде Оралда  атты әскер полкі болған.Талдырмаш, бірақ жігерлі Қасым 2 жыл әскери міндетін ойдағыдай өтеп шыққаннан кейін Оралда ұйымдастырылып жатқан қазақ театрының көркемдік жетекшісі болады. Сол кезеңде Оралда бірқатар талантты жастар тобы қалыптасқанды. Қажым Жұмалиев, Батыр Қыдырниязов, Қуан Тастайбеков, Жәрдем Тілеков,Абдолла Жұмағалиев,Хамит Ерғалиевтер өлең шығаратын. Қасым осы лаулаған талант иелерінің ортасында болды.. Осы кездері Қ.Аманжоловтың ақындық, әншілік, артистік таланты жұртшылыққа танылды. 
БҚОМ қорында «Кіші аға» деген естелік сақталған. Онда  қазақтың танымал ақыны Хамит Ерғалиев өзіне кіші ағадай болып кеткен, қадірлі тұлға Қасым Аманжолов туралы сыр шертеді. Сонымен қатар музей қорында ақын туралы  сақталған өзге де  деректер бар. Бірақ олардың бәрі көшірме фотолар мен әр жылдарда жарық көрген  басылым материалдары. Соладың ішінде жұбайы Сәпенмен, қызы Дариғамен түскен сурет көшірмесі ерекше.
2011жылдың 30 маусым күнгі «Жайық үні» газетінің  бетіндегі Қасым  Аманжоловтың туғанына 100жыл толуына арналған  ақынның замандасы Бисен Жұмағалиев ағамыздың  «Сағындым сен, Оралым» атты мақаласы жарық көрген. Онда автор бір үйдің ескі альбомынан  сындарлы да, сымбатты үш жігіт  бейнеленген суретті көргенін жазады. Олардың бірінің Қасым екенін танып, қалғанын танымадым, бірақ суреттің арғы бетінде ақынның қолымен өлең жолдары жазылған –деп көрсетілген.
БҚОМ қорында үш жігіт,  соның ішінде Қасымның өлең оқып тұрған сәті бейнеленген  сурет көшірмесі сақталған. Сірә, осы суреттің түпнұсқасының сыртына  келесі өлең жолдары жазылған.
«Біз өмірдің бұлбұлы еркін өстік
Таудан асып, жас кезде су да кештік.
Адаспастан өмірдің тұманында
Қатар жүрдік, бірге өстік, әзілдестік.
Отты болдық, жас болдық біздерді кім білмейді.
Сезімі бар пендені кім сүймейді.
Қадам бассақ ізіміз отша лаулап
Нені шаршып, дүниеде күйдірмейді.
Сол өмірдің бір белгісі қалсын-дағы,
Сол күнді еске бұл сурет салсын-дағы,
Көрген жандар суреттің сырын ұғып,
Не сүйініп, не күйініп жансын-дағы. 1933жыл, Орал-деген жазылған.
Міне, ол кезде Қасым не бәрі 22 жаста болған. Оның алаулаған жастық шағы, балауса талантының, отқа оранған өлеңдерінің алғашқы нышандары жарқырап, айшықтала бастаған кезі еді. Сондықтан Оралда болған жылдар Қасым ақынның ең бір шарықтап өрлеген, талантының толысқан кезі еді.Іздену үстінде жаңалыққа жаны құмар ақын Асанқайғымен де, Қорқыт бабасымен де, Махамбетпен де сырласады.
Қасымның Жайықтың екі аруына арнаған өлеңдері оқшау да, ақынның махаббат лирикасының биігі деуге болады. «Гүл жүзді, бұлбұл үнді Марфуға-жан» дүниеде болған, фамилиясы Кенжеғалиева. Осы аруға Қасым  «Сайра, сайра сандуғашым», «Айтшы жаным», « Оқудағы қарындасыма» сияқты 12 өлеңін  арнапты. Соңғы «Кім кінәлі» өлеңін Оралдан кетуге жиналып жүргенде жазған.
Махаббат ақындығына қанат бітіргеннің бірі осы Оралда 1935жылы кездескен Сақыпжамал.
«Сақыпжамал!Атың қандай!
«Сәпен» дейміз қысқартып
Жар бола гөр айтылғандай
Сенен қайсы қыз артық?!»-деген  соңғы жолдарынының астары бар еді. Сәпен тұрмыстағы адам. Оның жолдасы  Әнуар Сейдахметов  әскери адам болған. Ұлы Отан соғысына қатысып, қаза табады. Сақыпжамал Қасыммен кездескеннен кейін 10жылдан соң ғана  оған тұрмысқа шығады.
Қасым да  соғысқа қатысып, елін, жерін қорғаған жауынгер ақын. 1943жылы қыста  соғысқа кетіп бара жатқан эшелон Оралға тоқтайды. Қаланы аралап келуге 2 сағатқа сұранған жауынгерді эшелон бастығы жібермейді. Көңілі түсіп, ызасы да, қайғысы да аралас халде отырып, ойындағысын мұңайып барып қағазға түсіреді.
«Сағындым сені,Оралым,
Күндер жоқ бейбіт бұрынғы.
Келгенше қайта оралып,
Алып қал осы жырымды»-деген жыр жолдары бар  өлеңін Орал вокзалында теміржолшыға аманат етіп, почта жәшігіне тастауын өтінеді. Хат жоғалмай өзінің «Екпінді құрылыс» газетіне жетіп, тұңғыш осында жарияланады. Сондықтан Орал қаласына арнаған өлеңін алғашқы оқығандар да оралдықтар болды. Қасымның шынайы ақындық бойы осы соғыс жылдарында көрінеді. Соғыс майданында жүріп Қасым көптеген лирикалы өлең жазған. "Үстімде сұр шинелім", "Мартбек", "Жеңіс дауысы", "Орал", "Ертіс", "Сибирь", "Сарыарқа" сияқты өлеңдері туған жердің сыр-сипатын, сұлулық бейнесін, соғыс өмірін суреттейді. Ал "Елге хат", "Достар қайда жүрсіңдер?", "Ағайға" деген өлеңдері туған елді, дос жорандарын, ағайын-туыстарын сағынған солдаттың сезім дүниесін жырлайды.
1943 жылғы сұрапыл кезеңде дүниеге келген Қасымның бір ерекше, өлмес туындысы – "Ақын өлімі туралы аңыз" атты поэма. Бұл поэма Қасымның атын аспандатып, ақындық даңқын шырқау шыңға шығарған тұлғалы туынды. Поэмада небәрі 220жол. Бұл поэма Ұлы Отан соғысының майданында жаудың қоршауында қалып қойып, ерлікпен қаза тапқан Қасымның жақын досы, жас ақын А.Жұмағалиев туралы.
Абдолла Жұмағалиев 1915жылы Жымпиты ауданындағы Жосалы қонысында дүниеге келген. Алғыр да от шашқан талантымен ерте танылған ақын. Оралдың педагогикалық институтында оқып жүргенде Қасыммен  танысып, өте достасып кетеді. Қасым әрдайым оны «Біздің Байрон» деп еркелетеді екен. Айнымас досы, әрі туған інісіндей болып кеткен Абдолланың қайсарлықпен қаза тапқанын Қиыр шығыста сырқаттанып, әскери емханада жатқанда естиді. Кейін ақын: «Ол сұмдық хабардың бүкіл болмысымды аударып-төңкеріп кеткені сонша бірнеше түнді жан есірік күйде дөңбекшіп өткіздім. Көзімнен жасым тиылмады. Мен сол жасты көздің арасынан қиялымда оның  жаумен жалғыз өзі өрт құшағында тұрып айқасқанын көрдім. Қайта-қайта көрдім. Содан соң барып  қолыма қалам алдым. Менің ол күйімді ұқпаған дәрігерлер дәптерімді екі-үш рет алып қойды. Соңғы рет аяқтауға жақындағанымда да алмақшы болды. Мен айбат шегіп алдыртпадым. Түрімнен шошыған болар,қайтіп тимеді.»-деп жазыпты естелігінде.
Қасым өмірінің ең жайдарлы да,қуанышқа толы жылдары Оралда өтті деуге әбден болады. Ол  ғұмырында Оралды жырлаумен өтті. Соғыстан соң Оралға тек бір рет қана келіп, тұрмыс тауқыметін көп көрген ақын 1955жылы 50-ге жетпей дүниеден  озды. Мына өлеңі Қасым Аманжолов  қайтыс болғаннан кейін жарық көріпті. Ол да Оралға, Жайыққа арналыпты:
«Жарқын жүзбен жайраңдап,
Жатырсың ағып,Жайығым.
Жағаңда ойнап, сайраңдап
Ескенмін заман қайығын...».
Өмірден ерте кеткенімен, Қасымның мәңгі жасайтын асыл жырлары қалды. Сол жырлары ақын атын өлтірмейтіні ақиқат. Бұл күнде халықтың сүйікті ақыны Қ. Аманжоловтың жарқын бейнесі ел жүрегінде. Оның шығармалары орыс және басқа да халықтардың тілдеріне аударылған. Ақынның өлеңдерін қазақшадан орыс тіліне Дмитрий Снегин, Борис Слуцкий, Илья Сельвинский және басқалары аударған. Ақынның өлеңдері мен поэмалары қазақ әдебиеті бойынша мектеп оқулықтарына енгізілген.
Қасымнан кейінгі  өршіл ақын Мұқағали аға рухына тағзым етіп:
«Қасым деген – қалғыған жанартау ғой,
жанартау ғой жанды да кетті өртеніп» деп тегін жазбаған. Қасым шынымен де дәл осылай өртеніп кеткен ақын. «Өзім ту¬ралы» деген өлеңін ол  алты жыл жазыпты. «Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ» деген жолында өзі айта ал¬май кеткенін келер ұрпақтың еншісіне тастап, алдағы уақытта бір ғажап болатынына кә¬міл сенгендік бар. Бүгінде  ақынның  арманы орындалды. Ел – тәуелсіз, жұрт – аман.
Сондықтан Қазақ Азаттығының 20 жылдығы қарсаңында бүгінгі жастар  Қасым жырларына ой көзімен қарап,  тануға тиіс!

Көрменің мақсаты:

  • Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына жоспарланған іс-шаралардың бағдарламасы аясында қазақтың дауылпаз ақыны Қасым Аманжоловтың  туғанына 100 жыл толуына арналады.
  • Қасым Аманжоловтың  Орал қаласындағы өмірі жолынан  мәлімет беру

Көрменің тартымдылығы:

  • Көрмеге БҚОМ қорындағы Қ.Аманжолов туралы деректер қойылады.
  • Жаңа оқу жылына келген жастар Қасым ақынның Орал қаласындағы өмірінен таныса алады.
  • Көрменің ғылыми маңыздылығы:
  • БҚОМ  қорындағы деректер арқылы ақын Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылғына тереңірек  үңілуге мүмкіндік беру.

 


Экспозициялық шешім:
Көрме музейдің 2-қабатындағы «Өнер» залында жабдықталады. 4-витринадан тұрады.
1-витрина:

1.Фотокөшірме.Қасым Аманжолов. Қазақтың дауылпаз ақыны. Қазақ поэзиясына он буынды өлең түрін енгізіп, оны әбден тұрақтандырып кеткен, ұлттық поэзиямызды жоғары сатыға көтеріп, жүректерде жарқын із қалдырған ақын!
2.Өлең жолдары: -Уа, тәкаппар Дүние!
Маған да бір қарашы,
Танисың ба сен мені?!
Мен қазақтың баласы!
3. Журнал «Жұлдыз» Қ.Аманжолов «өзім туралы»

2-витрина: .
1.Орал қаласының бейнесі
2.Газета «Екпінді құрылыс»
3.Фотокөшірме.Қасым Орал қаласының көркемөнерпаздары арасында.
4. Фотокөшірме .Қасым жас ақындарға өлең оқып тұр.
«Біз өмірдің бұлбұлы еркін өстік
Таудан асып, жас кезде су да кештік.
Адаспастан өмірдің тұманында
Қатар жүрдік, бірге өстік, әзілдестік.
Отты болдық, жас болдық біздерді кім білмейді.
Сезімі бар пендені кім сүймейді?!
Қадам бассақ ізіміз отша лаулап
Нені шаршып, дүниеде күйдірмейді.
Сол өмірдің бір белгісі қалсын-дағы,
Сол күнді еске бұл сурет салсын-дағы,
Көрген жандар суреттің сырын ұғып,
Не сүйініп, не күйініп жансын-дағы. 1933жыл, Орал
5.Фотокөшірме. Қасым мен Жәрдем Тілеков.
6. Газета «Сонау бір шетте, сонау үй»

3-витрина:

1. Фотокөшірме. Қасым жұбайы Сақыпжамал, қызы Дариғамен.
2. Фотокөшірме. Қасым жас жазушылар арасында
3.Кітап. «Ақын өлімі туралы аңыз»
4.Буклет. «Абдолла Жұмағалиев»
5. Буклет «Оралым менің Оралым»
6.Фотокөшірме.Қасым Аманжолов, Ғали Орманов, Мәриям Хакімжанова(отырғандар) Әбділдә Тәжібаев пен оның әйелі Сара(түргеліп тұрғандар)
7. Ксерокөшірме. «Кіші аға»
4-витрина:
1.Газета. «Сағындым сені Оралым»
2.Фотокөшірме. Қасымның отбасы: жұбайы Сақыпжамал,анасы Айғанша, қыздары Жанна мен Дариға.
3 Фотокөшірме. Қасым,қыздары Жанна, Дариға және зайыбы Сақыпжамал
4.Журнал «Қасым  орысша жазған»
5.Кітап. Қ.Аманжолов «Письмо Родине»

Ашылуы: тамыз, 2011ж

Қазақтың дауылпаз ақыны Қасым Аманжоловтың
100 жылдық мерейтойына арналған
«Сағындым сені, Оралым!» атты көрменің
тақырыптық -экспозициялық жоспары


(Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі қорындағы  жәдігерлер негізінде)

Тақырып пен бөлімдер Материалдар жиынтығы Ескерту
1 Фотолар Фотокөшірмелер:
1.Қасым Аманжолов суреті
2.Қасым қызы Дариға және әйелі Сақыпжамалмен бірге.
3.Қасым, қыздары Жанна, Дариға және әйелі Сақыпжамал.
4.Қасымның жанұясы: әйелі Сақыпжамал, анасы Айғанша, қыздары Жанна мен Дариға.
5.Қасым жолдастарымен бірге. Отырғандар: Ғали Орманов, Мәриям Хакімжанова, Қасым Аманжолов.Түрегеп тұрғандар: Әбділдә Тәжібаев пен оның әйелі Сара.
6.Қасым мен Жәрдем Тілеков.
7.Қасым жас жазушылар арасында.
8.Қасым Орал қаласының көркемөнерпаздары арасында.
9.Қасымның жас ақындарға өлең оқып тұрған сәті. Орал қаласы.
2 Кітаптар 1.Қ. Аманжолов. Ақын өлімі туралы аңыз. Өлеңдер мен поэмалар. Алматы «Жалын» 1982 ж.
2.К.Аманжолов. Письмо родине. Стихи.Государственное издательство художественной литературы. Москва, 1960.
3.Буклеттер:
А.Жұмағалиев
Қ.Аманжолов.
3 Газет-журналдар 1. Жұлдыз журналы. №9. 2001. 3-14 беттер.
Қ.Аманжолов. «Өзім туралы». Дастан.
М.Мақатаев. «Қасым солай болмаса» Өлең.
Амангелді Кеңшілікұлы. «Қазақ жырының алдаспаны».
2. «Парасат» журналы. №9. 2004 қыркүйек. 26-29 беттер.
Бекен Ыбырайым. «Қасым орысша жазған» (Қ.Аманжоловтың орысша жазған өлеңдері туралы).
3. «Орал өңірі» газеті. 20 қаңтар 2001 жыл,
3-бет. Ғилаж Наурзин, зейнеткер, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. «Жайықты жырға қосқан Қасым еді».
4. «Қазақ әдебиеті» газеті. 18 шілде, 1980 жыл, 12-бет. Сағат Жұмағазиев, Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері. «Сонау бір шетте, сонау үй ...»
5. «Екпінді құрылыс» газеті. №246. 27 қазан, 1939 жыл.
6. «Парасат» журналының беті. №10. 1991 жыл, 3-ші беті.
Сырбай Мәуленов, Қазақ ССр Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. «Дара дарын, биік белес».
7. «Парасат» журналының беті. №6.  6-7 беттер. Рақыш Хайроллаұлы. «Екі ақын жайлы естелік» (Қасым ақын, Жұмағали).
8. «Жайық үні» газеті. 8 шілде, 2011жыл.
Бисен Жұмағалиев «Сағындым сені, Оралым!».
8. Хамит Ерғалиев «Кіші аға» (Қасым Аманжолов туралы). 17-бет

Регистрация

Жемчужины фонда