Get Adobe Flash player
Slide item 1
Slide item 2
Slide item 3
Slide item 4
Slide item 5
Slide item 6

Главное меню

Добро пожаловать!
Структура музея
Виртуальный тур
Экспозиция
Шедевры, коллекции
Научная деятельность
Законодательство
Госзакупки
Новости
Массовые мероприятия
Западно-Казахстанском областном историко-краеведческом музее открытие зала «Елбасы және Тәуелсіздік» Казахский государственный академический оркестр народных инструментов имени Курмангазы в Приуралье «Дін және дәстүр» «Я памятник воздвиг себе нерукотворный» «Әсем табиғатты қорғау – әркімнің міндеті» «Живем, пока помним!» «День открытых дверей» и акция «Ночь в музее» Ерлік пен Жеңіс Чтобы музы не молчали Отқа оранған жастық Невестка Б.Момышулы в Приуралье Абайдың табиғат лирикасы Әлем бірлігіндегі Қазақстан «Біз біргеміз – берік іргеміз!» Ақ Жайық – достық мекені Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі Сыр еседі сыңғырынан сырғаның Жауқазын Ерлікке толы Ұлы жол Әсем қоңыр «Масленица» «Хандық билік және қазақ елі» «Қысқа ғұмыр, биік белес» «Жалынды ақын, жаужүрек батыр» "Ақжайық-достық мекені" «ЭКСПО-2017 – елдің ерен жеңісі» Открытие мультимедийного комплекса «Сакентану» Батыс Қазақстан облысының мамонт фаунасы «Ғұлама ғалым, парасатты азамат» «Керей қайда барасың?» «Поэзия әлемінің ұлы Қадыры» Поэзия Пайғамбары «Ұрпаққа мұра болар сыйлар» «Кенеп бетіндегі Тәуелсіздік жетістіктері» «Тәуелсіздік шежіресі» «Арманы үлкен – азат ел» «Биік белестер» «Тәуелсіз Қазақстанның гүлденуі» «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» «Елін сүйген, елі сүйген елбасы» «Елбасы – ел тірегі» «Біздің Елбасы» «Ұлт көшбасшысы» «Ақордада көк байрағын нық ұстап, елбасымыз алаш арын арлаған» «Ұлтын сүйген ұлы жүрек» «Қазақстан-2050» - Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол» «Елін сүйген,елі сүйген – Елбасы» «Ақпәтер ауыл тарихы» Тұлға. Зерттеуші. Азамат. Ұлттық валюта – тәуелсіздік негізі Пайдалы қазбалар Шеңберден тыс дүние Тастөбе ерліктің ескерткіші Өнер әлеміндегі тұғырлы тұлға Бабалар бейнесі Ізгіліктің нұрын сепкен Күмбірлеген күй сыры Тіл тағдыры-ел тағдыры «Динозаврлар әлеміне саяхат» «Редкие растения Миргородского ландшафтного заповедника» «SOS - сайгак» Қазақ болмысы жәдігер бойында «Өрелі өмір – әркімге өнеге» «Тәуелсіздік туын көтергендер» «Қайдасыңдар, жалындаған жастарым?» «Жайықтан шыққан ән бұлбұлы» «Мың тұяқтың дүбірі,бір Тұяқтың саусағы» «Көп жасаған қария, ақылы теңіз дария!» «Зерделі сөздің зергері» «Тіл – татулық тірегі» «Діни экстремизм және терроризм» «Алтын ханшайым» «Өнегесі мол өрелі жан» «Күй әуен – сазбен өрілген жыр шежіре» «Ұлы Абайға тағзым» «Орнатылған ескерткіш белгі міне, Есіміңе қанықты ел бүгінде» «Спортты серік еткендер» «Тәуелсіздік нышаны» «Жабайы аңдар – жаралы табиғат» «Әсем қалам – Астанам» «Астана – Отанымыздың жүрегі, Тәуелсіздігіміздің тірегі!» «Астана – махаббатым менің» «Тайна керамическихкувшинов» «Елі ардақ тұтқан ұстаз» «Дін және жастар» «Менің туым, менің елтаңбам, менің Әнұраным» Облыстың ерекше қорғалатын табиғи территориялары «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш» «Ел айбынын асқақтатқан рәміздер» «Геральдика тарихы және Отанымыздың рәміздері». «Аға ұрпақтың сыннан өткен сардарлары» «Мұрағаттар сыр шертеді» В областном музее состоялась акция «Ночь в музее» «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран» «Отырарда ойлылардың ізі қалған» «Ғасырлар таңбасы-Капустин Яр» «Өнерің сенің жалғасын табар бүгінде» Еңбегімен елге танылған тұлға «Крылатые друзья» «Табиғат жанашырлары» «Өмірде ізгі із қалдырған» «Бекіре тұқымдастарын болашаққа сақтайық» Әз-Наурыз Ряд мероприятий прошли в стенах Областного музея, в канун праздника Наурыз «Наурыз келсе, құт келгені, ағайын!» «Ұлыстың ұлы күні, жыл басы - Наурыз» Жайықтың самал лебі «Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі» «Әлемнің құдірет күші - аналар» «Қазақстанның биологиялық ресурстары, оларды қорғау және тиімді пайдалану мәселелері» «Ардақты, асыл жандар» «Царство насекомых» «Қыр кенебіндегі тамшылар» «Веселая масленница» «Уходили парни из Афгана...» «Ауғанда от кешкендер» «Афганистан болит в моей душе: 25 лет спустя» «Ауғанстан – жүректегі жара» В областном музее состоялось очередное заседание актива «Ауған ақиқаты» «Ауғанстан естеліктері» «Жанымды жаралаған Ауғаныстан» «Дін мұраты ынтымақ пен бірлік» Состоялось торжественное открытие проекта «Мирас» «Қадыр – балалар әдебиетінің атасы» «Күй анасын құрметтейік» «Діни сауатсыздық – діни экстремизмнің бастауы» Музейный урок «Жабайы аңдар» «Батыс Қазақстан облысының мамонт фаунасы»
Выставки
«Алтын ханшайым» «Жанымды жаралаған Ауғаныстан» «Музеи-сокровище народа» «Звон старинного серебра» «Өнеге өрнектері» «Күй-дария» «Халық өнері - асыл қазына» «Әнші әлемі» «Оралым менің, Оралым» «Азаттық аңсаған азамат» «Ақын тілі – арман тілі» «Сағындым сені, Оралым!» «Түркі жазба мәдениетінің тарихынан» «Кел, балалар,оқылық!» «Білімнің қара шаңырағы» «Қылқалам-өмір» «Өнердің қайталанбас өр тұлғасы» Материал 7 «ХІХ-ХХғғ ас -үй бұйымдары» «Тарихи сабақтастық» Тарих – ақша баламасында «Ауған ақиқаты» «Қазақтың тұңғыш заңгері» «Тұғыры биік тұлға» «Жауһар жәдігерлер» Мы победу приближали как могли Презентация выставки Выставка Муратбека Жоламана Муратбек Жоламан «Жазықсыз жапа шеккендер...» «Тарих.Тағылым. Тағзым» «Уақыт қозғалысы- сағаттарда» «Өшпесін мәңгі өзіңнің Өнерде жаққан шырағың... » «Астана-Елбасының ерлігі» «Жүрегімнің түбіне терең бойла... » «Болу үшін жаралғам туған жердің жырауы... » «Мен қазақпын...» « Әнші Әлемі» «Тарихи Орал»
Музейное событие
Вопрос - Ответ
Гостевая книга

Тақырыптың негіздемесі

ҚР Конституциясы- Ата заңымыздың арқасында кең байтақ еліміздегі көп ұлтты халық бейбіт ғұмыр кешіп, ынтымақтастық пен татулықты сақтау жолында өзіндік үлестерін қосып келеді. Өйткені олардың еңбекке , білім алуға құқықтары осы заң аясында қорғалып отыр. Сондықтан бүгінде елімізде «Білім туралы заң» жүзеге асып, егеменді елдің көптеген жас ұрпақтарын тәрбиелеуде.

Қазақ даласындағы оқу –ағарту тарихының даму сатысы ғасырлар қойнауында жатыр.Орта ғасырлардың өзінде-ақ көптеген мектептер мен медреселер, діни білім беретін жоғары оқу орындары жұмыс істеген.Атақты Әбу Насыр Әл-Фараби Отырар медресесінде, М.Қашқари ,Ж..Баласағұни, А.Игүнеки, Қ.Яссауи сияқты ойшылдар діни медреселерде білім алған. Мұндай медреселер Қазақстанның барлық аймақтарында ашылып, онда араб тілінде діни бағыт бойынша білім берілген.Қазақ халқы ислам дініне кіргеннен кейін араб әліппесін қабылдады .Жалпы «медресе»-араб сөзі, ол орта және жоғарғы оқу дегенді білдіреді.Медресеге жеті жасынан бастап келген бала, 4-6 ай бойы араб әліппесін танып, Құран кітабынан «Иманшартты» жаттап дәріс алатын болған.Медреселерде білім беретін мұғалімдердің көпшілігі Орынбор,Уфа, Қазан қалаларынан оқып,тәрбие алған молдалар еді.Араб әліппесімен қатар ислам дінінің негізгі қағидалары ,парсы,түркі тілдері және осы тілдерде жазылған ақын-жазушылардың шығармалары араб фәлсафасы оқытылған.Сондай-ақ әлі де көкірек көзі қараңғы қазақ үшін білім орталығы халыққа әдебиет, мәдениет,оқу-ағарту мәселелерінен дәріс беретін мәдени-насихат орталығы рөлін атқарды.

 

Ауылдық мектеп екі жылдық болыстық мектепке қараған.Мектептердегі оқу қазақтың көшпелі өміріне бейімделіп,оқу күз,қыс айларында басталған.Сабақ киіз үйлерде жүргізіліп,онда шот,жиналмалы тақта,,шәкірттердің оқу-құралдарын сақтайтын сандық болған.Оқу процесі «Иманшарт», «Афтьяк» сияқты құран бөлімдерінен және араб әліппесін жаттаудан құралған.

 

Қазақ жеріндегі оқу-ағарту тарихында Жәңгір мектебінің алатын орны ерекше.Хан ордасындағы алғаш білім ошағы 1841 жылы хан Жәңгірдің ықпалымен ашылды.Арнайы ағаштан үй салғызып, жабдықталып, класс пен жатаханаға бөлінген.Алғашқы оқу жылында мектеп табалдырығынан шәкірттердің үлкені 22 жаста ,ең кішісі 9 жаста болған.Барлығы 25 оқушыдан тұрған мектептің бірінші ұстазы Хан Ордасының мал дәрігері Константин Ольдекоп болды. Мектепте дін сабақтарымен қатар араб,парсы,орыс,татар тілдері ,арифметика, тарих, география тәрізді негізгі пәндер және шешекке қарсы егу ережелері оқытылған.Сабақтың көпшілігі орыс тілінде жүргенімен,шығыс тілдері мен діни оқулардан жоғарғы білімді молда Мұхамед Хакім Әминов берген.Мектеп 1828 жылғы Жарғы бойынша бастауыш білім көлемінде оқытылған.Мұғалім ханның талабы бойынша оқушылардың үлгерім журналын жылына үш рет көрсетуі тиіс болған.Жыл бойына оқылған пәндер бойынша қорытынды емтихандар тапсырған.Кластан класқа көшіру емтихандарына билер мен сұлтандарды ілестіріп Жәңгір ханның өзі де қатысып отырған.Мектептегі сабақтар жыл сайын қыркүйек айында емес,қазан айында басталған.

Хан қазақ балаларын жоғарғы оқу орындарына ,атап айтқанда Орынбордың кадеттер корпусына, Қазан университетіне, Астрахан орман шаруашылығы, азаматтық инженерлер институтына, Петербордың Императорлық оқу орнына қабылдауды сұрап,өтініш жазып,рұқсат алған.Сөйтіп Жәңгір мектебінің ең үздік түлектері ірі-ірі Ресейдің білім ошақтарынан білім алған қазақтың біртуар ұлдары жеті жұрттың тілін білген Ғабдолғазиз Мұсағалиев,тұңғыш қазақ өлкетанушысы Мұхамед –Салық Бабажанов ,шығыс тілдерін жетік білген Бақтыгерей Құлманов,генерал атанған Ғұбайдолла Жәңгіров, алғаш қазақ дәрігері Мәжит Шомбалов,ақын Шәңгерей Бөкеев,сазгер Дәулеткерей Шығаев.

1844 жылы Орынбордағы Неплюев кадеттер корпусында Ішкі орда қазақтарының балаларына арнап 20 шәкіртақы тағайындаған.Бұл оқу орнын алғашқы бітірген 37 адамның сегізі Жәңгір мектебінің түлектері.Уақыт өткен сайын бұндай мектептерді көбейту керек болды,сөйтіп1868 жылы Ордада 7 мектеп болды.1888 жылы қыз балаларға арнап тағы да бір мектеп ашылады.Ал 1896 жылы он төрт мектепті ашу және қамтамасыз ету үшін жергілікті халықтан мол қаржы жиналады.1841 жылы өз жұмысын бастағанда оқушы саны 25 болса,1895 жылы 67-ге жетеді.

1848-50 жылдары Орынбор қаласының шекара комиссиясы жанынан тағы да бір қазақ мектебі ашылды.Оның оқу мерзімі жеті жыл болған.Осы мектептің түлегі қазақ даласына алғаш білім нәрін сепкен, қазақ балаларын «Кел,балалар,оқылық!» деп оқуға шақырған ағартушы Ыбырай Алтынсарин.

Ы.Алтынсарин алғаш мектеп ашу ісін қолға алып, 1864 жылы Торғайда халықтан жиналған қаржымен тұңғыш орыс-қазақ бастауыш мектебін ашады.Осы мектепке мұғалім болып өзі тағайындалды.Көп ұзамай мұндай мектептер Ырғыз бен Тройцкіде де ашылды.Екі кластық орыс-қазақ мектептері қазақ балаларына арналған алғашқы халықтық мектеп болды.Қазақ даласында осындай мектептер ашу қажет екендігін патшалық әкімшілікке дәлелдеп беру үшін Ы. Алтынсарин көп күш жұмсап,еңбек етуіне тура келді.Ол тұтастай қазақ мектептерінің білім беру жүйесін жасады және оқу құралдар мен әдістемелік еңбектерді дүниеге әкелді.

 

Қазақстанда 19 ғасырдың аяғына қарай білім беру саласында жәдит-(«жаңа») мектептері маңызды роль атқарды.Онда дінді оқытып қана қоймай,тарих,логика,шешендік өнер ,география,философия,математика,астрономия,медицина тәрізді пәндер оқытылған.Оқу мерзімі әрбір шәкірттің алғырлығына,үлгерім қабілетіне байланысты өзгеріп отырған.Осы жәдитшілік бағыттағы мектепке зор үлесін қосқан А.Байтұрсынов болды.Ол араб графикасына негізделген « Әліпбиді» жасап,ана тілінде оқулықтар мен әдістемелік еңбектермен байытқан және «...бес жылдық бастауыш мектептің алғашқы жылы міндетті түрде ана тілінде оқытылсын»,-деген. Бірақ сол кезеңдегі саясаттың кесірінен ұлттық тәрбие туралы ой –пікірлері үшін «халық жауы» деген жалған айып тағылып,ату жазасына кесіледі.

Кеңестік дәуір басында жер-жерде сауаттандыру мақсатында « Қызыл отаулар» құрылып «ликбездер» ашылды. Онда жас жеткіншектермен қатар ересектер де өз сауаттарын ашу мүмкіндігіне ие болды. Мұнда әріп танумен қатар алу, қосу сияқты арифметика амалдары үйретілді.Қазақ тіліне лайықталып қолданылып келген араб алфавитінің орнына 1929жылы латын алфавиті енгізілді.

ХХ ғасырдағы кеңестік дәуір кезеңінде білім беру ісі қарқынды дамып,мектептер саны едәуір артып, пионер,комсомол ұйымдары құрылып,оқушыларды отаншылдық бағытта тәрбиелеу ісі алға қойылды.
ХХІ-ғасыр елімізге тәуелсіздік алып келді. Егемендікпен қатар заман талабы өзгеріп,оқу –ағарту саласына тың жаңалықтар ене бастады,мектеп реформасы қайта жасалып,оқу бағдарламалары қайта өзгерді,оқу-әдістемелік құралдар қайта жасалды, этномәдениет пен әлемдік өркениетті меңгерту алға қойылды.Қазіргі кезде оқыту технологиясын жаңартып,оқуды компьютермен жабдықтау шаралары орындалуда.Білім берудің әлемдік стандартын сақтаумен бірге,ғылым саласына ерекше қабілетті балаларға лицей,колледж,гимназия сияқты жаңа мектептердің түрлері көбейді.

«Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелде білім алу мүмкіндігі туды. Қаламызда көне оқу орны Орал педагогикалық институты Махамбет Өтемісұлы атындағы университеті болып өзгерді..Орал педагогикалық институты 1932 жылы бұрынғы Қазан шіркеуінің орнына салынған,бас корпустың жобасын жасаған архитектор Рогальский.Қалада жыл санап көптеген «Евразия», АТИСО сияқты жаңа оқу орындары пайда болды.

Көрменің мақсаты.

*Үстіміздегі жылы Орал облыстық Халық ағарту саласының құрылғанына 90 жыл толуына және жыл сайынғы дәстүрлі 1-қыркүйек «Білім күніне» арналып жасақталып отыр.
*Көрме арқылы жалпы қазақ даласындағы оқу-ағарту саласының дамуы туралы түсінік беру,музей қорында сақталған тың деректер арқылы әр кезеңдегі білім саласына қатысты материалдарды көрсету, қай кезеңде болса да білімнің мәнін жоймайтындығын ұғындыру.

Көрменің тартымдылығы:

Музей қорынан білім саласына байланысты жәдігерлер қойылады.Ауыл мектебі ,Жәңгір мектебі туралы мәлімет беретін және Қазан төңкерісінен бастап Тәуелсіз Қазақстанның білім беру ісі туралы материалдар мен облыстық білім беру басқармасының тарихы, жергілікті білім ошақтары жөнінде деректер көрермен назарына ұсынылады..

Көрменің ғылыми маңыздылығы:

Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорындағы білім беру саласына қатысты жәдігерлерді қалың көпшілікке көрсету

Экспозициялық шешім:

Көрмені ұйымдастыру үшін музейдің фойесі алынып отыр

Көрме бес витринадан тұрады:

  1. Музей қорынан алынған құжаттар
  2. Фотосуреттер
  3. Заттар: қоңырау, галстук,горн,барабан,шот,сия сауыт,қаламұш,күнделік,дәптер,төс белгі
  4. Кітаптар,газет материалдары

 

Іңкәр Оразова 
Экспозиция бөлімінің
кіші ғылыми қызметкері

Регистрация

Жемчужины фонда