Get Adobe Flash player
Slide item 1
Slide item 2
Slide item 3
Slide item 4
Slide item 5
Slide item 6

Главное меню

Добро пожаловать!
Структура музея
Виртуальный тур
Экспозиция
Шедевры, коллекции
Научная деятельность
Законодательство
Госзакупки
Новости
Массовые мероприятия
Западно-Казахстанском областном историко-краеведческом музее открытие зала «Елбасы және Тәуелсіздік» Казахский государственный академический оркестр народных инструментов имени Курмангазы в Приуралье «Дін және дәстүр» «Я памятник воздвиг себе нерукотворный» «Әсем табиғатты қорғау – әркімнің міндеті» «Живем, пока помним!» «День открытых дверей» и акция «Ночь в музее» Ерлік пен Жеңіс Чтобы музы не молчали Отқа оранған жастық Невестка Б.Момышулы в Приуралье Абайдың табиғат лирикасы Әлем бірлігіндегі Қазақстан «Біз біргеміз – берік іргеміз!» Ақ Жайық – достық мекені Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі Сыр еседі сыңғырынан сырғаның Жауқазын Ерлікке толы Ұлы жол Әсем қоңыр «Масленица» «Хандық билік және қазақ елі» «Қысқа ғұмыр, биік белес» «Жалынды ақын, жаужүрек батыр» "Ақжайық-достық мекені" «ЭКСПО-2017 – елдің ерен жеңісі» Открытие мультимедийного комплекса «Сакентану» Батыс Қазақстан облысының мамонт фаунасы «Ғұлама ғалым, парасатты азамат» «Керей қайда барасың?» «Поэзия әлемінің ұлы Қадыры» Поэзия Пайғамбары «Ұрпаққа мұра болар сыйлар» «Кенеп бетіндегі Тәуелсіздік жетістіктері» «Тәуелсіздік шежіресі» «Арманы үлкен – азат ел» «Биік белестер» «Тәуелсіз Қазақстанның гүлденуі» «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» «Елін сүйген, елі сүйген елбасы» «Елбасы – ел тірегі» «Біздің Елбасы» «Ұлт көшбасшысы» «Ақордада көк байрағын нық ұстап, елбасымыз алаш арын арлаған» «Ұлтын сүйген ұлы жүрек» «Қазақстан-2050» - Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол» «Елін сүйген,елі сүйген – Елбасы» «Ақпәтер ауыл тарихы» Тұлға. Зерттеуші. Азамат. Ұлттық валюта – тәуелсіздік негізі Пайдалы қазбалар Шеңберден тыс дүние Тастөбе ерліктің ескерткіші Өнер әлеміндегі тұғырлы тұлға Бабалар бейнесі Ізгіліктің нұрын сепкен Күмбірлеген күй сыры Тіл тағдыры-ел тағдыры «Динозаврлар әлеміне саяхат» «Редкие растения Миргородского ландшафтного заповедника» «SOS - сайгак» Қазақ болмысы жәдігер бойында «Өрелі өмір – әркімге өнеге» «Тәуелсіздік туын көтергендер» «Қайдасыңдар, жалындаған жастарым?» «Жайықтан шыққан ән бұлбұлы» «Мың тұяқтың дүбірі,бір Тұяқтың саусағы» «Көп жасаған қария, ақылы теңіз дария!» «Зерделі сөздің зергері» «Тіл – татулық тірегі» «Діни экстремизм және терроризм» «Алтын ханшайым» «Өнегесі мол өрелі жан» «Күй әуен – сазбен өрілген жыр шежіре» «Ұлы Абайға тағзым» «Орнатылған ескерткіш белгі міне, Есіміңе қанықты ел бүгінде» «Спортты серік еткендер» «Тәуелсіздік нышаны» «Жабайы аңдар – жаралы табиғат» «Әсем қалам – Астанам» «Астана – Отанымыздың жүрегі, Тәуелсіздігіміздің тірегі!» «Астана – махаббатым менің» «Тайна керамическихкувшинов» «Елі ардақ тұтқан ұстаз» «Дін және жастар» «Менің туым, менің елтаңбам, менің Әнұраным» Облыстың ерекше қорғалатын табиғи территориялары «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш» «Ел айбынын асқақтатқан рәміздер» «Геральдика тарихы және Отанымыздың рәміздері». «Аға ұрпақтың сыннан өткен сардарлары» «Мұрағаттар сыр шертеді» В областном музее состоялась акция «Ночь в музее» «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран» «Отырарда ойлылардың ізі қалған» «Ғасырлар таңбасы-Капустин Яр» «Өнерің сенің жалғасын табар бүгінде» Еңбегімен елге танылған тұлға «Крылатые друзья» «Табиғат жанашырлары» «Өмірде ізгі із қалдырған» «Бекіре тұқымдастарын болашаққа сақтайық» Әз-Наурыз Ряд мероприятий прошли в стенах Областного музея, в канун праздника Наурыз «Наурыз келсе, құт келгені, ағайын!» «Ұлыстың ұлы күні, жыл басы - Наурыз» Жайықтың самал лебі «Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі» «Әлемнің құдірет күші - аналар» «Қазақстанның биологиялық ресурстары, оларды қорғау және тиімді пайдалану мәселелері» «Ардақты, асыл жандар» «Царство насекомых» «Қыр кенебіндегі тамшылар» «Веселая масленница» «Уходили парни из Афгана...» «Ауғанда от кешкендер» «Афганистан болит в моей душе: 25 лет спустя» «Ауғанстан – жүректегі жара» В областном музее состоялось очередное заседание актива «Ауған ақиқаты» «Ауғанстан естеліктері» «Жанымды жаралаған Ауғаныстан» «Дін мұраты ынтымақ пен бірлік» Состоялось торжественное открытие проекта «Мирас» «Қадыр – балалар әдебиетінің атасы» «Күй анасын құрметтейік» «Діни сауатсыздық – діни экстремизмнің бастауы» Музейный урок «Жабайы аңдар» «Батыс Қазақстан облысының мамонт фаунасы»
Выставки
«Алтын ханшайым» «Жанымды жаралаған Ауғаныстан» «Музеи-сокровище народа» «Звон старинного серебра» «Өнеге өрнектері» «Күй-дария» «Халық өнері - асыл қазына» «Әнші әлемі» «Оралым менің, Оралым» «Азаттық аңсаған азамат» «Ақын тілі – арман тілі» «Сағындым сені, Оралым!» «Түркі жазба мәдениетінің тарихынан» «Кел, балалар,оқылық!» «Білімнің қара шаңырағы» «Қылқалам-өмір» «Өнердің қайталанбас өр тұлғасы» Материал 7 «ХІХ-ХХғғ ас -үй бұйымдары» «Тарихи сабақтастық» Тарих – ақша баламасында «Ауған ақиқаты» «Қазақтың тұңғыш заңгері» «Тұғыры биік тұлға» «Жауһар жәдігерлер» Мы победу приближали как могли Презентация выставки Выставка Муратбека Жоламана Муратбек Жоламан «Жазықсыз жапа шеккендер...» «Тарих.Тағылым. Тағзым» «Уақыт қозғалысы- сағаттарда» «Өшпесін мәңгі өзіңнің Өнерде жаққан шырағың... » «Астана-Елбасының ерлігі» «Жүрегімнің түбіне терең бойла... » «Болу үшін жаралғам туған жердің жырауы... » «Мен қазақпын...» « Әнші Әлемі» «Тарихи Орал»
Музейное событие
Вопрос - Ответ
Гостевая книга

-атты дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ интернат кешенінің 85 жылдығына арналған көрменің ғылыми концепциясы

Тақырыптың негіздемесі

Қазақ даласындағы оқу-білім тарихының даму сатысы ғасырлар қойнауында жатыр десек артық айтқандық емес. Өйткені бүгінде педагогикалық ілімнің дамуы негізгі үш кезеңнен тұратыны анық. Олар:
1-кезең: 
Алғашқы педагогикалық ілімнің пайда болып, қалыптасу кезі. ҮІІ-ХҮ ғ.ғ (орхон-енесей жазба ескерткіштері, Әл-Фараби мұрасы, Алтын Орда құлау дәуіріндегі ақындар –ойшылдардың ілімі қазақтың халық педагогикасын құрайды) 
Ең алғашқы жазба түрлеріне орхон-енесей немесе ертедегі түрік жазбасын жатқызамыз. Тасқа ойып жазылған бұл деректер бізге ертедегі көшпенділердің тұрмысы, өмірі, мәдениеті туралы мәліметтерді жеткізді. ІХғ ауызша ежелгі түрік дәстүрлері аты аңызға айналған Қорқыт ата есімімен байланысты болса, ІХ-Хғ педагогикалық ілім қазақ даласының ұлы Әбу-Насыр Әл Фараби есімімен жалғасады. 
ХІІІғ басында Орта Азия мен Қазақстан жеріне Шыңғысхан әскерлері кірді. Көп ұзамай-ақ бұл аумақтар Алтын Орда қол астына өтті. Фараби Отаны Отрар –орта ғасырдағы мәдени орталық болып гүлденген қала ( мұнда обсерватория, кітапхана, медресе, керуен-сарай болды) қарсылық көрсеткенімен 6-айдан кейін ол да құлады. Сөйтіп Отрардағы Александрия кітапханасынан кейінгі бай кітапхана өртеніп кетті. 
2--кезең:
Қазақ хандығының құрылу кезеңінен Қазан революциясына дейінгі кезең.ХҮ-ХХғ (Асан қайғы, Шалкиіз, Бұхар жырау, Шал ақын, Абай, Ыбырай ой-ілімдері) 
Қазақ халқының тарихында ерекше жағдай болды. ХҮ ғасырда (қазіргі Тараз облысының терр) Шу өзенінің алқабында ертефеодалдық типтегі - бірінші қазақ хандығы құрылды. Астанасы Түркістан қаласы болды. 
Қазақ хандығы құрылып, қазақ халқы ислам дінін қабылдағаннан кейін Түркістан сияқты қалаларда мешіттер жанынан медреселер ашылды. «Медресе» –араб сөзі, орта және жоғары оқу орны деген ұғымды білдіреді. Медресе тек мұсылмандық оқу үйрететін орталық қана емес, сонымен қатар мәдени орталық та болды. Мұнда атақты ақындар, ағартушы-демократтар білім алған. Медресе жанында ірі кітапханалар жұмыс істеген. Медресені бітірушілерге арнайы құжат берілген. Медресеге сабақ беруге молдалар Орта Азиядан, Бухарадан, Хивадан шақырылған..Медреседе діни сабақтан басқа заң тарихы, шешендік өнер, этика, философия, медицина сияқты ғылымдар оқытылған. 
Медреседен дәріс алған шәкірттер ауылдық жерлерге барып балаларды оқытқан. Оқушылар күзде және қыста оқыған. Оқыту мерзімі -4жыл болған. Оқыту үрдісі- Құран кітабынан «Иманшарт» пен 28 әріптен тұратын араб әліппесін жаттаудан тұрған.
ХҮ-ХҮІІғ өзінің педагогикалық бағытымен Асан қайғы, Шалкиіз жыраулар ерекшеленді. Асан қайғы жырау қазақ халқының ертеңгі бақытты күн туралы армандаса, көшпенділер туралы, адамның жақсылығы мен жамандығы туралы Шалкиіз жырау (ХҮІғ) баяндады.
ХҮІІІғ Бұхар жырау, Шал ақын жырларымен педагогикалық ілім дамыды. ХҮІІІғасырдың 30-жылдарынан бастап қазақтың ақ сүйектерінің балаларына арналған ресейлік тұңғыш оқу орны «Азиялық училище» деген атаумен 1789жылы Қазақстанның солтүстік облыстарын басқару орталығы Омскіде ашылды. Бұл оқу орынынан қазақтың атақты ғалымы Ш.Уәлиханов дәріс алған.
Сонымен қатар 1789жылы Орынбор қаласындағы мешіт жанынан «Хұсайния» медресесі, 1825жылы Орынбордағы татар мектебі негізінде Неплюев кадеттер корпусы ашылған. Кадет корпусының алғашқы тәрбиеленушілері Ішкі Орда қазақтарының балалары болды. 1851жылы Орынбордағы кадет корпусын 8 қазақ жігіті бітіріп шығады.
Сонымен ХІХғасырдың аяғында қазақ даласындағы мынандай мектеп түрлері болған: 
1. 2 жыл оқытатын ауылдық мектеп.
2.4 жыл оқытатын 1 класты болыстық мектеп. Ауылдық жердің мектептері осы болыстық мектептерге қараған. Әдетте бұл мектептер халықпен бірген қыста қыстауға, жазда жайлауға көшіп жүрген. Сабақ киіз үйде жүргізілген. Онда жиналмалы тақта, шот, оқу құралдарын салатын сандық болған.
3. 6 жыл оқытатын 2 класты орыс-қазақ училищесі.
ХІХғ қазақ балалары үшін білім сәулесін шашқан тұңғыш мектеп Жәңгір мектебі Қазақстанның батыс өңірінде білімнің қара шаңырағы болып есептеледі.
Оны 1841жылдың 6 желтоқсанында Кіші жүздің соңғы реформатор ханы Жәңгір қазақ балаларына арнап ашты. Мектеп үшін арнаулы ағаштан қиыстырылған әдемі үй тұрғызылады. Терезелері түстік бетке қараған бұл мектептің іші биік, кең де жарық екі үлкен бөлмеден тұрған. Оның бірі сабақ оқитын класс, екіншісі жататын орын-жатақхана болған. 1-кластық мектеп ретінде ашылған білімнің қара шаңырағындағы шәкірттердің саны небары 25 болған. Мұнда діни сабақтармен қатар орыс, араб, татар тілдері, арифметика, тарих, география сиқты негізгі ғылыми пәндер оқытылған. Мектептің бірінші мұғалімі әрі меңгерушісі дәрігер Константин Петрович Ольдекоп болып тағайындалған. Мектеп оқушыларының үлгерімі туралы журналды жылына үш рет ханға апарып, көрсетіп отырған.Оқылған пәндер бойынша оқушылар емтихан тапсырған, кластан класқа көшіру емтихандарына билер мен сұлтандарды ілестіріп, Жәңгір хан өзі қатысып отырған.
Мектепті жақсы аяқтаған шәкірттер Орынбордың Неплюев кадеттер корпусында білімін жалғастырған. 
Жәңгір хан негізін салған білімнің бұл қара шаңырағы жылма-жыл өсіп, ұлғайып отырған. 1879жылы бұл мектеп 2-кластық,4 кластық қалалық меткеп деңгейіне дейін көтеріліп, ХХ ғ басында мұнда мектеп үшін арнайы Петерборда тәрізді ғимарат тұрғызылған.
Жәңгір мектебі бір жарым ғасырдан астам тарихымен ғана емес, халқымызға небір зиялы қазақ бергенімен де биік!
Ыбырай Алтынсарин қазақтан шыққан тұғыш педагог, бірінші рет қазақша оқу құралдарын жазып, ауыл балаларына білім беру ісіне із салып, педагогика ғылымына үлкен үлес қосқан абзал жан. Ол 1864жылы халықтан жинаған қаржыға Торғайда тас балшықтан үй тұрғызып мектеп ашты. Мектептің кіре берісіне ескі қоңырауды іліп қойған. 
«Кел, балалар оқылық, 
Оқығанды көңілге, 
ықыласпен тоқылық»-деп қазақ балаларын білім алуға шақырған. Күнде таңмен қоңырау сыңғыры қазақтың қара көздерін мектепке шақырған .Дәптердің орнына қайың қабығы қолданылған. Ы.Алтынсарин орыс графикасы негізінде өзі жасаған алғашқы қазақ әліппесінің авторы болып саналады Өйткені ол құрастырған жаңа әліппе негізінде қазақ тіліндегі алғашқы оқу кітабы 1879ж басылған.
Педагогикалық ілімнің 3-кезеңі:
Қазан төңкерісінен бүгінгі тәуелсіз Қазақстанға дейінгі кезеңді қамтиды.
1911жылы Ресейде 19-20 пайыз сауаттылар болса, Қазақстанда бірнеше пайыз ғана сауатты адамдар болған Сондықтан қазақтан шыққан зиялылар «Сауатсыздық жойылсын!» деген ұранмен Қазан төңкерісінен кейін «Қызыл керуендер» ұйымдастырып, жаппай сауатсыздықты жою істерін қолға алады. 1919жылы Бөкей Ордасында алғашқы педагогикалық «Мұғалім» журналы шығарылады. Бұл журнал ұлттық қазақ мектебін қалыптастыруда үлкен роль атқарады. 
1920 жылдары қазақ мектептеріне арнап оқулықтарды ғалымдар мен жазушылар жаза бастайды. «Әліппені»- Мағжан Жұмабаев , «Қазақ әдебиетін»- С.Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров, «Қазақстан тарихын»- С.Асфендияров, Е.Бекмаханов бастаған авторлар тобы жазады.Ұлттық тәрбие мен оқыту үрдісі туралы Х.Досмұхамбетов, М.Дулатов тиімді ой-пікірлер айтады.. 
Біз қаладық қиындықпен
Кең сарайға іргені.
Біздің тілек сол сарайға
Кейінгілер кіргені, -  
деп жырлаған ақын, қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллин Қазақстанның батыс өңірінде бүгінгі Дарынды балаларға арналған Сәкен Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешенінің ашылуына себепші болған.  
С.Сейфуллин Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы болып тұрған кезде 1923 жылы қазан айында Орал қаласына іс-сапармен келген. Ол туралы Тұрсынбек Кәкішевтің «Өнегелі өмір» топтамасымен шыққан «Сәкен Сейфуллин» кітабының (Алматы, «Жалын» баспасы 1976 ж.) 260 бетінде:

«Совнарком председателінің Оралға келуін асыға күткендер көп екен. Жаңалықтың жаршысы - журналистер алдымен жетіп, Сәкеннен интервью алып кетті. 1923 жылы 16 октябрьде «Кызыл ту» мен «Красный Урал» газеттерінде «Қазақ халқының өркендеуі туралы С.Сейфуллиннің ойы» деп Сәкеннің қолы қойылған пікірді жариялайды. «Артта қалған еңбекші қазақ халқы кәзір бостандықтың игілігін толық пайдалану үшін, адамзаттың жалпы бақытты өміріне бастайтын орыс пролетариаты және еңбекшілер шаруасымен терезесі тең болуы үшін еңбекші қазақ халқына таяу арада орыс еңбекшілерінің мәдени дәрежесіне көтерілуі керек. Ал бұл үшін көшпенділікті тастап отырықшылану, мал мен жер шаруашылығын өркендету, ағарту ісі мен кооперацияны жандандыру керек» деп көптен бері ойлап, насихаттап жүрген пікірлерін қысқаша қайырды. Уездік съезді өткізбек боп Жымпитыға жүріп кетті...», - деп көрсетіледі.

Қазақтар көп орналасқан аймақ болғанымен, облыс орталығы-Орал қаласында қазақша білім беретін бірде бір мектептің жоқтығы, қазақ балаларының облыс орталығындағы оқу орындарында бірен-саран ғана кездесуі ел болашағын, сан мың қаракөздің болашағын ойлаған абзал азаматқа үлкен ой салған болуы керек. Сол келген сапарында С.Сейфуллин

«Красный Урал» газетіне (1923 ж. 16 қазан № 233) мақала жазып, білім беру мәселесіне көп тоқталған және қазақ мектебін ашу туралы ұсыныс енгізген.

Осы ұсыныс орындалып, 1924 жылы қазан айында губерниялық атқару комитетінің көмегімен 1924 жылы Орал қаласында тұңғыш ұлттық мектеп- І және ІІ дәрежелі 7- жылдық мектеп пен жатақхана болып ашылған.

Мектеп Гурьев, Илецк, Калмыково, Жымпиты және тағы басқа уездердің балаларымен толықтырылған.

Соған қоса №1 балалар үйінен 40 бала, қазақ қыздар коммунасынан 16 қыз бала әкелінген. Мектепке сол кездегі Некрасов пен Почиталина көшесі бұрышынан қызыл тастан салынған үй берілген. Жатақханасы қазіргі М.Өтемісұлы атындағы гуманитариялық университеті маңында болған.

1924 жылдың аяғы мен 1925 жылдың басында оқушы саны 100-ге жетіп, жыл аяғында 160 бала болған.
Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағатында «Қызыл Ту» газетінің (1925 жылы 16 сәуір №26) санында тұңғыш рет Оралда 7 жылдық мектеп-интернат ашылғаны және жергілікті бюджеттен 13500 сом бөлінгені туралы мақала жазылған. Ол мектептің ашылу мақсаты:

  1. Қазақ балаларын өз ана тілінде оқытуды жақсарту;
  2. Шалғай аудандарда тұратын еңбекшілердің балалары интернатта жатып, білім алуына мүмкіндік жасау;
  3. Оқу-тәрбие процесін кеңейту үшін материалдық-техникалық базасын жасау.


1925-1927 жылдары аралығында мектеп кітапханасы жабдықталған. Мектеп оқушыларының өзіндік киім үлгісі болған: тік жағалы көк сатиннен тіккен бешпет-шалбар, көкшіл түсті сукнодан тігіліп, кеуде тұсына астар салып жылытылған шинель киген, басқа да жеңіл киімдермен, тамақпен қамтамасыз етіп отырған.

85 жылғы білім мен тәрбие беру жолында бұл мектеп есімдері көпке танымал азаматтарды, ғылым мен өнер жұлдыздарын, қоғам мен мемлекет қайраткерлерін тәрбиелеп шығарған.

Бүгінгі таңда мектептің шежіресі ұрпаққа үлкен өнеге болмақ. Ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2005 жылы 10 мамыр айында №11-мектепке келген сапарында «Республикадағы алдыңғы қатарлы мектептердің бірі» деп атап, үлкен үміт артып, сапалы білім мен тәрбие беруіне сенім білдірген.

Бір кезде жартылай панасыз балаларға арналып ашылған мектеп өзінің өсу-өркендеу жолында талай қиындық пен табысты сәттерді бастан кеше отырып, бүгінгі тәуелсіз елдің талантты балаларын оқытатын мектеп дәрежесіне дейін көтеріліп отыр. Сондықтан сексен бес жылдан тұратын тарихы терең, шежіресі мол Орал қаласындағы білімнің қара шаңырағының өткен жолы өзге білім ошақтарына үлгі-өнеге.
Көрменің мақсаты.

Қазақстанда педагогикалық ілімнің даму жолдары туралы түсінік беру арқылы Қазақстанның батыс өңіріндегі білімнің қара шаңырағы Жәңгір мектебі мен Орал қаласындағы тұңғыш қазақ мектебі Дарынды балаларға арналған Сәкен Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешенінің - өткеніне құрметпен қарау, байырғы білім ордасының өмір жолы, бүгінгі тыныс-тіршілігі туралы бүгінгі ұрпақты таныстыру.
Көрменің тартымдылығы:

  1. Білім саласына қатысты музей қорындағы жәдігерлер көрмеге қойылады.
  2. Орал қаласындағы білімнің қара шаңырағы Дарынды балаларға арналған Сәкен Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешенінің шежіресі алғаш рет кең көлемде көрерменге таныстырылады.

 

Көрменің ғылыми маңыздылығы:

Республикаға атағы кең тараған, Ақ Жайық өңірінің жас ұрпағына білім шырағын жаққан, Орал қаласында тұңғыш қазақша білім беріп, ғылым негізіне бастау болған ұлттық мектептің өмір жолы мен өсіп-өркендеу тарихы тереңнен сыр шертеді. Ол тікелей халқымыздың ардагер ұлы, белгілі ағартушысы, қоғам мен мемлекет қайраткері, жазушы, ақын Сәкен Сейфуллиннің жарқын да ұмытылмас қамқорлығына, ұлт болашағын ойлаған көргендігіне тікелей байланысты ашылған білім ордасы екенін, ол мектептен бүгінгі таңда еліміздің талай асылдарының білім мен тәрбие алып шыққанын түсіндіре отырып, келер ұрпақ өкілдерінің жарқын есімдерімен толыға түсетініне сенім білдіру.

Экспозициялық шешім:

Көрмені ұйымдастыру үшін музейдің «Көрме залы» таңдалып отыр.

Көрме 10 бөлімнен тұрады:

1-витринада: Қазақ даласында білімнің дамуы туралы түсініктер беру: ауылдық мектеп,
Батыс өңірдегі білімнің қара шаңырағы-Жәңгір мектебі, қазақтан шыққан тұңғыш педагог Ы.Алтынсарин, мектеп туралы Алаш орда қайраткерлерінің (М.Дулатов, Х.Досмұхамедов) ой-пікірі.

2-витрина: С.Сейфуллин, 1923ж, 16 қазанындағы С. Сейфуллиннің қолы қойылған, ақынмен сұхбат берілген «Красный Урал» газеті, мектеп атрибуталары: галстук, горн, барабан, күнделік, дәптер;
30-жылдарға тән мектеп партасы, мектеп оқушысының формасы.

3-витрина: Орал қаласындағы білімнің қара шаңырағы Дарынды балаларға арналған Сәкен Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешенінің төлқұжаты, даму жолдары, Елбасының мектепке келген кездегі суреті, глобус.
ҚР Тәуелсіздігінен кейінгі №11 мектеп оқушысының формасы;

4-витрина: Мектеп директорлары, музей қорындағы №11мектепке қатысты фотолар.

5-витрина: Мектепте қызмет істеген ардагер ұстаздар;

6-витрина: Мектептің атақты түлектері;

7-витрина: Мектептің бүгінгі тыныс-тіршілігі;

8-витрина: «Алтын белгі» иегерлері;

9-витрина: «Болашақ» бағдарламасымен шетелде оқып жатқан түлектер және мектеп жанындағы «Өнер» мектебі;

10-витрина: Мектеп интернаты 
Төрт бұрышты екі витриналарда: 
*Мектеп директорлары: Ж.Самарханов, М.М..Абдушеваның құжаттары;
* Мектеп директоры Е.Қ. Сапаровтың, мектеп оқытушысы А.Есқазиеваның құжаттары;
Үстелде: Мектепке берілген алғыс хаттар мен құрмет грамоталары, тілек альбомдары;
Үш витринада:
1. Мектептің атақты түлектері туралы деректер 
2. Мектептің тарих пәнінің оқытушысы болған М. Мұқамбетқалиев туралы құжаттар.
3. «Өнер» мектебі шәкірттерінің туындылары
* Сонымен қатар көрменің мазмұнын жан –жақты ашып, толықтыра түсу үшін «Дарынды балаларға арналған Сәкен Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешенінің» «Өнер» мектебі оқушыларының қолымен жасалған гобелен, суреттер жарға ілінді.

 

Г. Мұханбетова
Экспозиция бөлімінің меңгерушісі

Регистрация

Жемчужины фонда