Get Adobe Flash player
Slide item 1
Slide item 2
Slide item 3
Slide item 4
Slide item 5
Slide item 6

Главное меню

Добро пожаловать!
Структура музея
Виртуальный тур
Экспозиция
Шедевры, коллекции
Научная деятельность
Законодательство
Госзакупки
Новости
Массовые мероприятия
Западно-Казахстанском областном историко-краеведческом музее открытие зала «Елбасы және Тәуелсіздік» Казахский государственный академический оркестр народных инструментов имени Курмангазы в Приуралье «Дін және дәстүр» «Я памятник воздвиг себе нерукотворный» «Әсем табиғатты қорғау – әркімнің міндеті» «Живем, пока помним!» «День открытых дверей» и акция «Ночь в музее» Ерлік пен Жеңіс Чтобы музы не молчали Отқа оранған жастық Невестка Б.Момышулы в Приуралье Абайдың табиғат лирикасы Әлем бірлігіндегі Қазақстан «Біз біргеміз – берік іргеміз!» Ақ Жайық – достық мекені Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі Сыр еседі сыңғырынан сырғаның Жауқазын Ерлікке толы Ұлы жол Әсем қоңыр «Масленица» «Хандық билік және қазақ елі» «Қысқа ғұмыр, биік белес» «Жалынды ақын, жаужүрек батыр» "Ақжайық-достық мекені" «ЭКСПО-2017 – елдің ерен жеңісі» Открытие мультимедийного комплекса «Сакентану» Батыс Қазақстан облысының мамонт фаунасы «Ғұлама ғалым, парасатты азамат» «Керей қайда барасың?» «Поэзия әлемінің ұлы Қадыры» Поэзия Пайғамбары «Ұрпаққа мұра болар сыйлар» «Кенеп бетіндегі Тәуелсіздік жетістіктері» «Тәуелсіздік шежіресі» «Арманы үлкен – азат ел» «Биік белестер» «Тәуелсіз Қазақстанның гүлденуі» «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» «Елін сүйген, елі сүйген елбасы» «Елбасы – ел тірегі» «Біздің Елбасы» «Ұлт көшбасшысы» «Ақордада көк байрағын нық ұстап, елбасымыз алаш арын арлаған» «Ұлтын сүйген ұлы жүрек» «Қазақстан-2050» - Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол» «Елін сүйген,елі сүйген – Елбасы» «Ақпәтер ауыл тарихы» Тұлға. Зерттеуші. Азамат. Ұлттық валюта – тәуелсіздік негізі Пайдалы қазбалар Шеңберден тыс дүние Тастөбе ерліктің ескерткіші Өнер әлеміндегі тұғырлы тұлға Бабалар бейнесі Ізгіліктің нұрын сепкен Күмбірлеген күй сыры Тіл тағдыры-ел тағдыры «Динозаврлар әлеміне саяхат» «Редкие растения Миргородского ландшафтного заповедника» «SOS - сайгак» Қазақ болмысы жәдігер бойында «Өрелі өмір – әркімге өнеге» «Тәуелсіздік туын көтергендер» «Қайдасыңдар, жалындаған жастарым?» «Жайықтан шыққан ән бұлбұлы» «Мың тұяқтың дүбірі,бір Тұяқтың саусағы» «Көп жасаған қария, ақылы теңіз дария!» «Зерделі сөздің зергері» «Тіл – татулық тірегі» «Діни экстремизм және терроризм» «Алтын ханшайым» «Өнегесі мол өрелі жан» «Күй әуен – сазбен өрілген жыр шежіре» «Ұлы Абайға тағзым» «Орнатылған ескерткіш белгі міне, Есіміңе қанықты ел бүгінде» «Спортты серік еткендер» «Тәуелсіздік нышаны» «Жабайы аңдар – жаралы табиғат» «Әсем қалам – Астанам» «Астана – Отанымыздың жүрегі, Тәуелсіздігіміздің тірегі!» «Астана – махаббатым менің» «Тайна керамическихкувшинов» «Елі ардақ тұтқан ұстаз» «Дін және жастар» «Менің туым, менің елтаңбам, менің Әнұраным» Облыстың ерекше қорғалатын табиғи территориялары «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш» «Ел айбынын асқақтатқан рәміздер» «Геральдика тарихы және Отанымыздың рәміздері». «Аға ұрпақтың сыннан өткен сардарлары» «Мұрағаттар сыр шертеді» В областном музее состоялась акция «Ночь в музее» «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран» «Отырарда ойлылардың ізі қалған» «Ғасырлар таңбасы-Капустин Яр» «Өнерің сенің жалғасын табар бүгінде» Еңбегімен елге танылған тұлға «Крылатые друзья» «Табиғат жанашырлары» «Өмірде ізгі із қалдырған» «Бекіре тұқымдастарын болашаққа сақтайық» Әз-Наурыз Ряд мероприятий прошли в стенах Областного музея, в канун праздника Наурыз «Наурыз келсе, құт келгені, ағайын!» «Ұлыстың ұлы күні, жыл басы - Наурыз» Жайықтың самал лебі «Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі» «Әлемнің құдірет күші - аналар» «Қазақстанның биологиялық ресурстары, оларды қорғау және тиімді пайдалану мәселелері» «Ардақты, асыл жандар» «Царство насекомых» «Қыр кенебіндегі тамшылар» «Веселая масленница» «Уходили парни из Афгана...» «Ауғанда от кешкендер» «Афганистан болит в моей душе: 25 лет спустя» «Ауғанстан – жүректегі жара» В областном музее состоялось очередное заседание актива «Ауған ақиқаты» «Ауғанстан естеліктері» «Жанымды жаралаған Ауғаныстан» «Дін мұраты ынтымақ пен бірлік» Состоялось торжественное открытие проекта «Мирас» «Қадыр – балалар әдебиетінің атасы» «Күй анасын құрметтейік» «Діни сауатсыздық – діни экстремизмнің бастауы» Музейный урок «Жабайы аңдар» «Батыс Қазақстан облысының мамонт фаунасы»
Выставки
«Алтын ханшайым» «Жанымды жаралаған Ауғаныстан» «Музеи-сокровище народа» «Звон старинного серебра» «Өнеге өрнектері» «Күй-дария» «Халық өнері - асыл қазына» «Әнші әлемі» «Оралым менің, Оралым» «Азаттық аңсаған азамат» «Ақын тілі – арман тілі» «Сағындым сені, Оралым!» «Түркі жазба мәдениетінің тарихынан» «Кел, балалар,оқылық!» «Білімнің қара шаңырағы» «Қылқалам-өмір» «Өнердің қайталанбас өр тұлғасы» Материал 7 «ХІХ-ХХғғ ас -үй бұйымдары» «Тарихи сабақтастық» Тарих – ақша баламасында «Ауған ақиқаты» «Қазақтың тұңғыш заңгері» «Тұғыры биік тұлға» «Жауһар жәдігерлер» Мы победу приближали как могли Презентация выставки Выставка Муратбека Жоламана Муратбек Жоламан «Жазықсыз жапа шеккендер...» «Тарих.Тағылым. Тағзым» «Уақыт қозғалысы- сағаттарда» «Өшпесін мәңгі өзіңнің Өнерде жаққан шырағың... » «Астана-Елбасының ерлігі» «Жүрегімнің түбіне терең бойла... » «Болу үшін жаралғам туған жердің жырауы... » «Мен қазақпын...» « Әнші Әлемі» «Тарихи Орал»
Музейное событие
Вопрос - Ответ
Гостевая книга

-атты жергілікті суретшілердің туындыларына арналған көрменің ғылыми концепциясы

Тақырыптың негіздемесі

Дүниеде мәңгілік ешнәрсе жоқ. Бәрі де өтпелі. Тарих уақыт қармағында жеке адамдар түгілі, айбатты мемлекеттер де жұтылып кеткен. Сан ғасыр кейінгі ұрпақ олардың қандай ел болғанын, сол елдің мәдениетін артында қалдырған мол мұрадан, оның ішінде сәулет, бейнелеу өнерінен , мүсіндерден, кітаптары мен ғылыми мұраларынан ғана танып-білуде.

Біз бүгінгі көрме залына музей қорынан елімізге танымал болған жергілікті суретшілердің туындылары арқылы сурет өнері туралы сыр шерткіміз келеді. Себебі сурет-өнер туындысы, әрі тарих десек, суретшілік- өміршең өнердің бірі. Суретші-сол шексіз тарихтың бір сәтін ұзақ уақытқа «тоқтата» алған шебер. Мұндайды қазақ «Жақсынының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» дейді ежелден.Өйткені әрбір суретшінің, әрбір картинаның өзіндік алған бағасы, өзіндік тарихи мәні, ұрпақ қажеттілігіне жаратарлық құндылығы бар десек артық айтқандық емес.

Тарихи деректерге сүйенсек, тіпті, сонау біздің заманымыздан бұрынғы төрт мыңжылдықта Вавилион жерінде адамдардың да үлкен мәдениетке қол жеткізгенін ежелгі Қосөзен жерінен археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде табылған сәулет, бейнелеу өнерлерінің туындылары мен шебер сомдаған мүсіндері арқылы танып-білеміз. Осы тәрізді Египеттегі биіктігі 20метрден астам, ені 52 метрлік басы адам, ал , тұлғасы арыстан бейнесіндегі үлкен свинкс те, Хеопс пирамидасы да, аты әлемге әйгілі «Джаконда» картинасы да ата аңызға айналған елдердің мәдениеті мен тарихын танытатын айғақтар. Демек сурет, мүсін өнерлері белгілі бір ұлттың салт-дәстүрін дәріптеуші, тарихын әріге апарушы ғана емес, сол елдің өз тарихын, тұлғаларын тану, құрметтеу, ұрпағын отаншылдыққа тәрбиелеу құралы қызметін де атқарады. Ал суретші тек әлдекімнің немесе әлдененнің бейнесін тұлғалаушы ғана емес, ол –суреткер, философ.

Мылқау бейнені мыңдаған жылдар бойы түсінікті тілмен «сөйлетіп» қою тек талантты өнер иесінің- суретшінің, мүсіншінің, ғана қолынан келмек. Ондай дарынмен дараланған таланттар қазақта да мол. Солардың қатарында-біздің Ақ Жайықтық асыл ұлдары , бейнелеу өнерінің әлемінде жалт еткен жарық жұлдыздары Сәкен Ғұмаров, Мұратбек Жоламан да бар.

Ақ Жайық өңіріне жұмбақ адам ретінде танылған, философ суретші Сәкен Ғұмаров республика жұртшылығына енді ғана танымал болып келе жатқан шағында дүниеден озды. Талантты суретшінің еңбектерін отыз жыл бойына тоталитарлық режім бұғаулап келген еді. Бірақ Сәкеннің суреттері шетелдік көрермендерден лайықты бағасына алды.

Ғұмаров Сәкен Нәжімеддинұлы 1937жылы Батыс Қазақстан облысының Бөкей даласында дүниеге келген. Жастайынан сурет салуға бейім болған оның балалық шақтағы асыл бейнелері: дала, құм, қазақтың текеметі-өскесін суреттеріне дем берген. Жас кезінен өнерге жақын өскен Сәкен театр, музыка, би өнерлерімен шұғылданған. Кейін оны осы өнері алға қарай, әдемі армандарға ұмтылдырған. Ер жеткенде оған Тадж-Махал сұлулығы, Самарканд күмбездерінің нақыштары- бәрі ежелден таныс сияқты болып көрінетін. Өйткені оның бәрі балалық қиялындағы суреттер болатын, ол осындай сұлулықтарды ойша елестетін, олардың әрқайсысынан болашақ арманына нәр алатын. Сәкен аға Москваның Луначарский атындағы ГИТИС-інде ,Ленинградтың музыка, театр, кинометаграфия институттарында оқыған кездерінде де оны өнерге деген махаббат алға жетелеген.

Содан ол 1960жылдары Орал қаласында облыстық телевиденияның бас режиссері болып қызмет атқарады. Осы жылдары ол өзінің болашақ жары Гүлсарамен кездеседі. Бірде қаланың нақ ортасындағы -қазіргі Достық даңғылының бойындағы Кареев үйінің төменгі бөлігіндегі дүкенге кірген ол көгілдір көйлекті аппақ сұлу қызды көреді. Қыздың көзі де сұңғақ бойлы, толқынды қара шашы қайырылған қазақ жігітіне түседі. Содан сол дүкенге күнде келген өнерлі жігіт өзінің болашақ жары Гүлсарамен танысады. Көп ұзамай алыстағы ауылға қаланың ару қызы келін болып түсіп, бақытты шаңырақ құрады. Олардың сүйіспеншілігінен өмірге Ақсамал, Ақмарал есімді қыздары дүниеге келеді.

Ал Сәкен өзі тек сурет салу ісімен айналыса бастайды. Сөйтіп ғұмырының 30 жылын сурет өнеріне арнайды. Сәкен аға салған суреттердің тақырыптары да әр алуан болғанын, оның картиналарын көріп тұрғанда көз жеткізесің. Әрбір суретінен қазақтың көне тарихы, философиялық ойлар лебі есіп тұрғандай. Өзі туралы суретші: «Мен есімді білгелі сурет салумен айналысамын. Белгілі бір тақырыппен өзімді шектемеймін. Еркін суретші болғандықтан тақырыптарым да еркін, әртүрлі. Ең сүйікті суретшілерім: Пикассо, Пауль Клес, Миор. Ең сүйікті ісім: беймәлім, жұмбақ нәрсені ұғынуға құмармын. Өзіме белгісіз әлемді тануға ұмтыламын. Сурет салған кезімде маған әдемі әуен әсер беріп тұрады»-деп ағынан жарылған кездері де болған.

1987жылы Сәкеннің туындыларының тұңғыш көрмесі Орал қаласында ұйымдастырылып, 1990жылы Украинада-Киевте, Балтық өңірінде- Вильнюсте, Ресейде- Москвада, жалғастырылды. Украина жерін Сәкен ата-бабалар рухы бар жер, мұнда да көшпенділердің ізі сақталған-деп есептеген. Киевтегі көрмеден кейін украиндық бір газет: «Сәкен деген қыпшақ өзінің суреттерімен Киевті тағы да бір бас игізді» -деп жазған. Ол шетелде көрмеге жиналғандармен жүздескенде:өзін «Мен-Бөкейлікпін» деп таныстыратын. Бұл оның туған өлкесін, топырағын аса бір ерекше сезіммен сүйетіндігін байқататын. Сол кезеңдерде облыстық музей қорына суретшінің 20-ға жуық суреттері сатып алынды.

Бір қарағанда суретшінің картиналары түсініксіздеу сияқты. Шетелдік көрмеде бір әйел адам:. « Сіздің картиналарыңыз адамдарға 100 жылдан кейін түсінікті болады» -деген екен. Ал енді бірі: « Сіздің картиналарыңз адамға биоэнергия береді. Сіздің суреттеріңзбен мен жанымды емдедім»-деп өз тілегін білдірген. Шынында суретшінің картиналарын әр адам өзінің рухани байлығына, , табиғи сезімталдығына қарап түсініп, дүние жұмбағын ұғуға ұмтылады. Бұл философиялық картиналар десек қателеспеспіз. Мұнда көкіректі жарып шыққан саз, өмірге деген іңкәрлік, отты леп бар.

Жалпы суретшінің артында қалған туындыларын келесі топтамаларға бөле қарағанда ғана ол түсініктірек сияқты. Мәселен, мына картина

 

Бағзы түркілер дәуірі» топтамасы бойынша салынған «Орхон-Енесей жазу өрнегі, Ақ желкен және Ной ожауы көмкерілген автопортрет» (Автопортрет с орхоненисейскими письменами, белым парусом и Ноевым ковчегом) деп аталады. Мұнда өткенімізге үңілу арқылы ата-баба тарихын ұғынуға болады деген түсінік бар. Картинадан Орхон-Енесей, Күлтегін жазбаларының фрагменттері ұштастырылып берілген, бұл өткен мен бүгінді байланыстыратын өткел көпір екенін айтып тұрғандай.
Ал келесі картина «Ой оралымы» топтамасынан « Қолжетпес арман», «Құстар» деп аталады. Онда дүниеде кездейсоқ ештеңе жоқ, бәрінің де өз кезеңі, өз болмысы бар: бірімен бірі тіркесіп жатқан құбылыстар, көзге көрінбейтін әрекеттер бар дейтіндей.

 

«Бастар мен денелер» топтамасынан «Мың сан шұғылалы сәулелер»(Тысяча солнечных зайчиков) картинасын көріп тұрсыз. Мұнда негізінен үш үлкен ұғымның :Шаным-Илану, Үміт, Махаббатқа жауаптар табуға болады. 
Саяси тақырыпқа арналған»Наурыз» немесе «Жалын жылы» туындысында қазқа халқы үшін әрбір жылан жылында белгілі бір тарихи оқиғаның болып отырғаны көрсетіліп, бостандықты аңсау сияқты құбылыстарды суреттелген.. Сонымен қатра суретшінің жан-жануар әлемін жырлаған, ортағасырлық авторлардың еңбектеріне үңіліп, оны сурет әлемінде«Бестарий» топтамасында өрнектеген, ал «Неден пайда болдық?» деген сұраққа «Дүние мұхитындағы шым-шытырықтың--бәрі өмір» деген тұжырыммен жауап берілген «Астаральды» топтамасындағы «Періште және олар», «Ұрықтану сияқты картиналары да бар.

Артында 200-жуық суреттерін қалдырып, суретші 1995жылы дүниеден озды.

1996 жылы Орал қаласында суретшінің өзінің шеберханасында оның музейі ашылды. Талай рет суретшінің суреттеріне арқау болған асыл жары-Гүлсара Уәлиқызы бүгінде музей меңгерушісі болып, жарының туындыларын жас ұрпаққа таныстыруда. Суретшінің картиналары топтастырылған « Сәкеннің ой-оралымдары» атты каталог шығарылды.

«Өмірім!-Менсіз жалғасасың,  
Мен асықпаймын, Сен асығасың,
Тіпті менен алыстап,
Әлдебір майдан ашып,
Алысасың, жұлысасың,
Мен саған ілесе алмаймын.
Сен салтанат-құрметке ие боласың,
Менің қолым жетпеген дәулет пен атаққа 
Сен ие боласың!»
-деп Сәкен ағаның өзі айтқандай суретшінің өзі арамызда болмаса да оның туындыларының мәңгі жасайтынына сенеміз.Олар бізге суретші туралы, оның асқақ ой-армандары, асыл махаббаты туралы сыр шертеді.

Белгілі американдық суретші Р.Кент 1962 жылы Қазақстанға келген сапарында ұшы-қиыры жоқ қазақ даласының табиғатына тәнті болып: «Ұшақта отырғанда осынау ұлан-байтақ жазираны аралап шығуға, әттең, уақытым жетпейді-ау деп өкініп едім. Бақытыма қарай Қастеев шығармаларын көріп, Қазақстанды түгел аралағандай болдым»-, деген екен.

Шынында сурет өнерінің құдіреті арқылы өткен тарихқа да үңіліп, елімізідің түкпір-түкпірін де аралау мүмкіндігіне ие бола аламыз. Мына картинаның авторы жергілікті суертші Оразғалиев Қайыр. Ол 1.1.1962 жылдың 1 қаңтарында Теректі ауданының Көнеккеткен ауылында туған. 1992жылдан Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі 1998 жылы Орал педагогикалық институтының көркемсурет-графика факультетін бітірген соң осы оқу орнында сабақ берген. Бірнеше халықаралық, республикалық көрмелерге қатысқан. Жұмыстары әртүрлі елдердің музей қорына, сондай-ақ жеке коллекцияшылар иелігіне алынған. Тақырыптары алуан түрлі Қайырдың туындыларында өткен күн мен қазіргі сәттің, табиғат пен адамзаттың арасындағы өзара үндестік, яғни жаратылыстың қарапайым адам көре бермейтін, суретші ғана көре алатын үйлесімділік ойлы беріледі. Оны мына «Бекет ата» деп аталған картинасынан да көруге болады. Картинада әрбір қазақ баласы үшін қасиетті жер болып саналатын ежелгі Маңғыстау даласындағы әулие Бекет ата жерасты мешіті шебер берілген.

Жалпы әрбір суретшінің белгілі бір деңгейде композитор деуге болады. Өйткені олардың әрқайсысының әр туындысының өзіндік ішкі музыкасы болады. Демек суретті түсініп, оқи алған адамға суретшілердің әр картинасында өмір бар, сезім бар, махаббат бар.

 

ХХ-ғасырда атағы шығып, суретші ретінде танылған біздің жерлесіміздің бірі- Алексей Алабин . Ол Ұлы Отан соғысы жылдарында Берлинді алуға қатысқан жауынгерлердің бірі. Соғыстан соң Н.Крупская атындағы халықтық өнер университетін сырттай оқып, бітірген. Кеңестік дәуірде «Мир» кинотеатрында безендіруші болып қызмет атқарған. Оның туындыларындағы негізгі тақырыптар өлке табиғаты, Орал қаласының көріністері, еңбек қайраткерлері туралы болған. Мұны «Орал шаһарындағы үлкен Михайлов көшесі»-атты мына картинадан немесе көрме залының дәлізінде ілінген А.Алабиннің «Тың игерушілерге концерт», «Большаков -еңбек ардагері» атты картиналарынан да көруге болады. Алексей Алабин 1965жылы Орал қаласында өткізілген жергілікті суретшілер байқауына қатысып, жүлделі орында жеңіп алған , өз дәуірінің танымал суретшілерінің бірі.

Суреттің өзі өмір деп тегін айтылмаған. Өйткені дарынды адамның бойындағы рухани байлығы мен көңілінде ұялаған әрбір сәті кеудеде сурет болып қалып қоятын көрінеді. Тек суретші ғана сол сәтті қалт жібермей, қылқаламның ұшымен картинаға айналдырады алады екен. Сондықтан әрбір суретшінің бояуға толы әлемі-әр сәттің, әр күннің куәсі-күнделігі іспетті. « Сәнді сурет тек сүйсіне көрмекке жақсы, ал мәнді сурет белгілі бір мәнді, суретшінің сезімі мен іңкәрлігін, әрекеті мен мінезін, табиғи дарынын білдереді»-деген сөздің жаны бар екенін Мұратбек салған мына суреттерді көргенде көзін жетеді.

«Мен суретті өлмеу үшін саламын»-деп ана жүрегін жан тебірентер осы бір ауыз сөзімен жұбатып, дүниеден өткен қылқалам иесі Мұратбек Жоламан қазақ бейнелеу өнерінің өркендеу жолына өзіндік үлесін қосып кеткен үлкен дарын иесі. Оның әрбір туындысынан ұлттық рух, қазақ шежіресінің сарыны байқалады, қазақ тарихының лебі сезіледі.

Мұратбектің қылқаламынан туған «Сырым батыр»(1991), «Хан көтеру»(1996), « Қағанаттың құлауы»(1998), «Исатайдың ажалы» (1999), «Қызғыш құс»(1999) «Жекпе-жек», «Құлагер», «Керей Жәнібек»(1999) сияқты туындылары суретшінің дүниетанымдылық біліктілігінің терең екенін байқатады.

Мұратбек Жоламан 1966жылдың 13қазанында Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданы Жосалы ауылында дүниеге келген. 1985жылы Ақтөбе мәдени ағарту училищесінің «Суретші-безендіруші» бөлімінің 3-курсынан кейін Алматыдағы О.Таңсықбаев атындағы Көркем –сурет колледжінің «Суретші-кескіндемеші» бөліміне ауысып, оны 1990 жылы бітіреді. 1991жылы Алматы театр, кино және көркемсурет өнері институтына түсіп, жаңадан ашылған « станковая живопись» бөлімінде оқыған алғашқы алты студенттің бірі болды. Осы студенттік жылдары Алматының Наурыз тойында өзінің болашақ жарын кездістіреді. Моңғолиядан Қазақстанға оқуға келген бір топ қыз Наурыз тойына моңғол халқының ұлттық киімін киіп келеді. Сол Наурыз тойында ұзын бойлы қара торы жігіт Моңғолиядан келген бір қыздың қолма-қол суретін салып, жас аруға ұсынады. Ол Чайковский атындағы музыка училищесінде дәріс алып жүрген Гүлжәміш есімді сұлу болатын. Бірақ жас ару суретті алмай кетеді. Арада 2-3күн өткеннен кейін байланыс қызметкері қол қойғызып, ораулы пакетті студент қыздың қолына ұстатады. Ашып қараса өткендегі өз суреті. Бетінде бір жапырақ қағазға: « Көктемде кезіккен көкешім. Қайырылмай неге кетесің? Мұратбек» деп жазыпты. Тағы бірде бақ ішінде Мұратбектің отырғанын көріп бұрылып кетіп бара жатқан Гүлжәмішті «Әй, сұлу қыз, тыңда мені»-деп өктем үнмен тоқтатқан Мұратбек алдындағы Сырым батырдың суреті салынған үлкен полотноны көрсетеді. «Осы сурет біздің конкурстан өтпей қалды»--Батырдың бет жүзінде адуын күш пен намыс өршіп тұрмаса ол батыр бола ала ма? Ол болашаққа, Сырымға қиянат қой. Менің суретімде батырға тән құбылыстың бәрі де бар еді- дейді мұңданып. Бірақ 1991жылы Сырым Датұлының 250жылдық мерейтойына орай Алматы қаласында өткен республикалық конкурста «Сырым батыр» атты портреті жүлделі орын алады. 1993жылы Алматы театр, кино және көркемсурет өнері институтындағы сурет өнерінің 2 факультеті және сурет колледжісінің негізінде Қазақ Мемлекеттік Көркемсурет Академиясы құрылып, ол академик Қ.Тельжанов, М.Қалимов сынды танымал суретшілерден дәріс алады.

1993 жылы Гүлжәміш атты ару Қазақстанның батысындағы Сырым ауданына, Жоламановтар әулетіне келін болып түседі. 1996жылы Мұратбектің «Хан көтеру» атты дипломдық жұмысы академия түлектерінің ішінде ең үздік картина болып бағаланып, картина институт қорына, өзі «Академиялық кескіндеме» кафедрасында кескіндемеден дәріс беруге қалдырылады. Ұстаздық еткен жылы ол институт жанынан Қазақстан Жас суретшілер ұйымын құруға жетекшілік етеді. Көптеген республикалық, Халықаралық көрмелерге қатысып, туындылары Түркия, Польша, Англия, Кәріс және Қазақстан жеке коллекциялар қорынан орын алады.

 

 

1997 жылы Мұратбек Жоламан денсаулығына байланысты елге оралады. Тұңғыш жеке көрмесі 1999жылы Орал қаласында өтеді.

Қазақстан республикасының Жас суретшілер бірлестігінің мүшесі, суретші Мұратбек Жоламанның өмірі найзағайдай жалт еткен ғұмыр болды. Оның әлі де бейнелейтін, мәнді ой тастап айтары көп еді. Амал қанша... Санаулы болса да ойдай ісі...түсінген жанға.. суретшінің бір ғасырлық ғұмырына жетерліктей артында мұрасы қалды.
Кенеп бетіне нақ түйген түйіні намысшыл ұлтына жар салып тұрған жан айқайы сияқты. «...жылым жылқы, жылқы мінездімін. Жылқы сияқты тыныш жусап жүріп, бірден айналаның астан-кестенін шығарып, шылбырға бағынбай асаулық сес көрсетемін. Менің картиналарым менің өзім, менің мінезім! Бірінен бірін бөліп ала алмайсың. Бұл менің өмірбаяным да... ала құйын өмір сүрдім. Мінезім шалт болды.Бірақ сонымен қатар баяулықты да қатар ұстадым. Туған жұлдызым-таразы. Өмірде тепе-теңдікті де сақтап өткіздім»-деп жазған. Мұнда тек Жоламан Мұратбектің өзі айтқандай қыңыр мінез емес, суретшілік тұлғаның өнерге деген құштарлығы мен көздеген мақсат-мүддесіне жете білетін қайсар мінездегі жанды байқаймыз.

Өнер дегенде өзінің жанын берген суретшінің 1997-1999жылдардағы шынайлық мәнерде кескінделген «Жекпе-жек», «Садақшылар», «Ұран» -атаулы мына туындыларында қазақ халқының бастан кешкен тауқымет заман уақыты бейнеленген.

Арғымағы көкке секірген қазақ батырының елі, жері үшін хас серпілісін тамаша берген «Ұран» суретін Жоламан Мұратбек бүгінгі жеке ел болып, тәуелсіз туымыз бен ұранымызды көкте желбіреткен, бақытымызды аңсаған ата-бабаларымыздың рухына арнаған сияқты. Яғни атам қазақ аңсаған арманға бүгінде қол жеткізіп, тілімізді, дінімізді, мәдени-өнерімізді бүкіл әлемдік мәнсапқа жеткеніміздің тарихи желісі қылқалам ұшынан серпіліп, аталмыш туындыдан «Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген» деген қуат жалыны төгіліп тұрғандай. Бірінде мұңды сарын байқалса, екіншісінде ойнақы әуеннің ноталары көрінеді. Суретшінің картиналарынан автордың туған жеріне, еліміздің тарихы мен ұлттық мәдениетіне, халық дәстүріне деген ерекше сүйіспеншілігі мен құрметі айқын сезіледі.

Өткенін сарынын, бүгінгінің ақиқатын, келешектің албырттығын меңзеген Мұратбектің «...Қазақтың жастары шет елдің киножұлдыздарына, қолдан жасалған «жалған батырларына» еліктейді. Білмейді ғой... Олар неге керек? Намысыңды жаншып, рухыңды күл қылып жатыр... Біздің қазақ баласына Алпамыс пен Қобыланды, Ер Тарғын, Сырым, Исатай, Махамбеттер емес пе керегі?! Өз батырларымызды біле білсекші. Жастардың ол білместігіне бәріміз кінәліміз. Сен де, менде! «Балаларымыздың рухын ұлттық тәрбиемен тербетуіміз керек!-деп намыстан жанып толғанғаны бекер емес.
Мұратбек Жоламан 1996жылдан өмірнің соңына дейін бейнелеу өнерінде әр қырынан көріне білген суретші. Оның туған жеріне деген сүйіспеншілігі «Ауыл», «Ақ бота», «Қарбалас», « Көрші» сияқты туындылары дәлелдейді.

Ал табиғаттың шынайы сыры «Күз», «Баянөлгей», «Жаңбырдан соң кеш» атты жұмыстарында шебер берілген. 
Суретшінің өнердегі күйзеліс өмірін ұғыну үшін оның күнделігіне еріксіз көз жүгіртсек: « дерттен бір сергек жүрген күнім жоқ. Бірақ суретші есебінде өзімді танытқаныма ризамын!!! Сурет өмірлік мақсатым, бағытым еді, ...өмірімнің ең бір тауқымет кезеңінде мақсатымды орындадым.. Анау-мынау көп суретшілердің бірі емес екенім дәлелденді. Мен художник екеніме мақтаныш етемін. Шын мәніндегі суретші екеніме, суретші болып өткеніме мақтанамын» Қабырғаңды қайыстыратын бұл қара сөздерінің мәнін «Құлагер» туындысы баяндайды. Суретші «Құлагерді» 1999 жылы яғни өмірінің соңғы жылында жазған. Кескіндемеде албыртып алаңсыз шауып келе жатқан Құлагердің алдында кесе көлденең тартылған ала арқан. Құлагердің жан айқайы, аларған көз шарасы, тағдырының осылай қиылатынына сенімсіз қараған көз қарашығы суретшінің өмір мен тажалдың арасында арпалысқан күйін түсінгенге айғақ болар.

 

 

Жадыраған жазғы тұрым, көк аспан аясында аласұрған ақ боз арғымақ. Бұл Ақанның Батыраштан ажалы болған Құлагері емес, суретші Мұратбектің өзі еді... Сурет өнерінде тайша тепсініп, арғымақтай кісінеп, жалынымен желбірете ой-түйген, 2000жылы дүниеден озған өнердегі Құлагеріміз еді!

Ғұмыры қысқа болса да Мұратбек өзінің суретшілік тұлғасының, бейнелеудегі дәрежесінің жоғары екенін көрсетіп, көкірегіне түйген бар сырын ашып кетті. Бүгін арамызда жүрсе айтылмаған , жырланбаған тарихымыздың бетін ашар ма еді, немесе өнерге деген құштарлығымен, ізденімпаздығымен, талғампаздығымен қазақ өнеріне жаңа ағым әкелер ме еді .., деген өкініш әркімнің де кеудесінде оянары хақ.

Бірақ бұнымен Мұратбек Жоламан өлді деуге болмайды., ол өнер сүйер қауым, ұрпақ үшін мәңгі жасайды. Өйткені ол бүгінде өнерімен әлемді таңқалдырған С.Айтбаев, Ш.Сариев, М.Қисаметдинов сияқты жалт еткен жарық жұлдыздардың бірі екені дәлелдеп кетті. Оған куә халқы ризашылықпен тамашалайтын артында қалған мәнді туындылары мен әке аманатын болашаққа жеткізетін қос қанаты-Еңлік пен Лағыл.

2007 жылы Алматыда Мұратбек Жоламанның «Құлагер тағдыр» атты жеке көрмесі өткізілді.

Мына «Жаз-Шілде», «Мәңгілік» картиналарының авторы жергілікті суретші Аралбаев Жоламан. Ол 1944 жылы, Бөкей Ордасы ауданында туған. 1979жылдан Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі. 1964 жылы Орал қаласындағы 11- мектеп-интернатты, 1972 жылы Алматы көркемсурет училищесін бітірген. Ақжайық ауданының Бударин орта мектебінде мұғалім, Орал қаласында суретші болған. Бірнеше көрмелерге қатысқан. Белгілі туындылары: «Исатай-Махамбет», «Қонақ күту» (1976 ж. шетелдік көрмелерге қойылған), «Ауылдағы үйлену тойы» (1977), «Таң» (1987), «Қалыңдық» (1987) және т.б.
Келесі картина «Жәңгір хан» деп аталады. Оның авторы алматылық суретші Гұбашев. Картинада Бөкей ордасының соңғы ханы, Әбілқайырдың шөбересі, Ңұралы ханның немересі, Бөкей ханның баласы Жәңгір бейнеленген. Тарихта Жәңгір –кіші жүздің реформатор ханы ретінде қалды. Өйткені оның тұсында , ханның тікелей қолдауымен қазақ халқы отырықшылыққа көшіп, Хан Ордасының негізі қаланып, тұңғыш жәрмеңкелер өткізіліп, қазақ балаларының жоғары оқу орындарында білім алуына мүмкіндік жасалды.. Араб ,парсы, неміс, орыс тілдерін жақсы меңгерген хан 1841жылы Ордада қазақ балаларына арнап тұңғыш мектеп ашты. Картинада қазақ даласына білімнің нұрын шашқан Жәңгір мектебін көріп тұрмыз.

Көрме залының дәлізінде Сіз суретші Хасанов Хұбайдолланың «Ферма», «Қойдың басы», «Таспиық ұстаған шал» атты суреттерін тамашалай аласыз. Хасанов Хұбайдолла Хамзаұлы -1946 жылы бұрынғы. Приурал ауданының , Петров селосында дүниеге келген. Суретші, 1998жылдан Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі 1966 жылы Январцев орта мектебін, 1972 жылы Алматы көркемсурет училищесін бітірген. Оның кескіндемелік жұмыстары республикаға, облысқа белгілі тұлғалардың А.Шайхиев, С.Жақсығұлов, Әбілқайыр хан т.б бейнелерін жасауға арналған. Халықаралық және республикалық көрмелерге қатысқан суретші.

«...Суретті сөзбен айтып жеткізу қиын, оны тек көзбен көру керек»-демекші көрмеге көрермендерді көбірек тартуға тиіспіз.

 

Көрменің мақсаты.

Қазақтың бейнелеу өнерінде жалт еткен жарқ жұлдыздай із қалдырып, елімізге танымал болған суретшілер Сәкен Ғұмаров, Мұратбек Жоламан туралы деректермен көпшілікті таныстыру, музей қорындағы суретшілердің туындыларын көрермен назарына ұсыну,

Көрменің тартымдылығы:

Бейнелеу өнерінің өміршең өнер екенін жастарға ұғындыру.

Көрменің ғылыми маңыздылығы:

Батыс Қазақстан облыстық тарихи -өлкетану музейінің қорындағы суретшілердің туындыларымен қалың көпшілікті таныстыру.

Экспозициялық шешім:

Көрмені ұйымдастыру үшін музейдің «Көрме залы» таңдалып отыр.
Көрмеге музей қорындағы жергілікті суретшілердің туындылары, фотолары, баспа материалдары қойылады:
1-витринада:-С.Ғұмаров туралы деректер;
2-витринада;-Кеңестік дәуірде белгілі болған суретші А.Алабин туралы жәдігерлер мен жалпы сурет өнері туралы деректер;
3-витринада:-М.Жоламан туралы деректер;

Көрме залы мен дәліздегі қабырғаларда-суретшілердің картиналары ілінді.

Көрмеге қойылатын экспонаттар сипаттамасы:

Картиналар-31
Фотосуреттер-18
Шақырулар-8
Каталогтер-3
Афишалар-2
Басылым материалдары-6

 

«Қылқалам-өмір »-атты жергілікті суретшілердің туындыларына арналған
көрменің тақырыптық экспозициялық жоспары 
(Батыс Қазақстан облыстық тарихи -өлкетану музейі қорындағы жәдігерлер негізінде).

 

p.MsoNormal, li.MsoNormal, div.MsoNormal { margin: 0cm 0cm 0.0001pt; font-size: 12pt; font-family: "Times New Roman"; }div.Section1 { page: Section1; }

Тақырып пен бөлімдер

Материалдар жиынтығы

Ескертулер

І.

С.Ғұмаров

Картиналар:

1.«Құстар»

2.«Орхон Енесей өрнегі, Ақ желкен Ной ожауы көмкерілген Автопортрет»

3.«Қолжетпес арман»

4 «.Мың сәулелі шұғылалар».

5. «Наурыз немесе жылан жылы»

М.Жоламан

7. «Керей-Жәнібек»

8 «Ұран».

9. «Cадақшылар»

Қ.Оразғалиев:

А.Дүзелханов:

Губашев:

Ж.Аралбаев.

К.Хасанов:

Қуат.

Алабин:

И.Игнатьев.

О.Писаренко.

А.Бисембаев

10. «Бекет ата»

11. «Қызыр ата»

2. «Жәңгір хан»

13. «Мәңгілік»

14. «Шілде»

15. «Өмір»

17. «Ферма»

18 «Қойдың басы»

19. «Күнбағыс»

20. «Таспиық ұстаған шал»

21. «Баба-Ата»

22. «Арғымақ»

23. «Орал шаһарындағы үлкен Михайлов көшесі, ХІХғ»

24.«Большаков-соғыс және еңбек ардагері»

25.«Бүркітпен аңға шығу»

26. «Тың игерушілердің концерті»

27 «Ескі шіркеу»

28. «Қыста»

29. «Көктемде»

30. «Мазарлар»

31 «Шаңды дауыл»

2.

Фотосуреттер

А.Алабин-1

С.Ғұмаров- 10

М. Жоламан-7

3

Каталогтер

3- А.Алабин ,С.Ғұмаров, М. Жоламан.

4.

Афишалар

2-С.Ғұмаров, М.Жоламан.

5

Басылым материалдары

Суретшілер туралы жарық көрген мақалалар

 

 

Г.Н.Мұханбетова
Экспозиция бөлімінің меңгерушісі

Регистрация

Жемчужины фонда