Get Adobe Flash player
Slide item 1
Slide item 2
Slide item 3
Slide item 4
Slide item 5
Slide item 6

Главное меню

Добро пожаловать!
Структура музея
Виртуальный тур
Экспозиция
Шедевры, коллекции
Научная деятельность
Законодательство
Госзакупки
Новости
Массовые мероприятия
Западно-Казахстанском областном историко-краеведческом музее открытие зала «Елбасы және Тәуелсіздік» Казахский государственный академический оркестр народных инструментов имени Курмангазы в Приуралье «Дін және дәстүр» «Я памятник воздвиг себе нерукотворный» «Әсем табиғатты қорғау – әркімнің міндеті» «Живем, пока помним!» «День открытых дверей» и акция «Ночь в музее» Ерлік пен Жеңіс Чтобы музы не молчали Отқа оранған жастық Невестка Б.Момышулы в Приуралье Абайдың табиғат лирикасы Әлем бірлігіндегі Қазақстан «Біз біргеміз – берік іргеміз!» Ақ Жайық – достық мекені Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі Сыр еседі сыңғырынан сырғаның Жауқазын Ерлікке толы Ұлы жол Әсем қоңыр «Масленица» «Хандық билік және қазақ елі» «Қысқа ғұмыр, биік белес» «Жалынды ақын, жаужүрек батыр» "Ақжайық-достық мекені" «ЭКСПО-2017 – елдің ерен жеңісі» Открытие мультимедийного комплекса «Сакентану» Батыс Қазақстан облысының мамонт фаунасы «Ғұлама ғалым, парасатты азамат» «Керей қайда барасың?» «Поэзия әлемінің ұлы Қадыры» Поэзия Пайғамбары «Ұрпаққа мұра болар сыйлар» «Кенеп бетіндегі Тәуелсіздік жетістіктері» «Тәуелсіздік шежіресі» «Арманы үлкен – азат ел» «Биік белестер» «Тәуелсіз Қазақстанның гүлденуі» «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» «Елін сүйген, елі сүйген елбасы» «Елбасы – ел тірегі» «Біздің Елбасы» «Ұлт көшбасшысы» «Ақордада көк байрағын нық ұстап, елбасымыз алаш арын арлаған» «Ұлтын сүйген ұлы жүрек» «Қазақстан-2050» - Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол» «Елін сүйген,елі сүйген – Елбасы» «Ақпәтер ауыл тарихы» Тұлға. Зерттеуші. Азамат. Ұлттық валюта – тәуелсіздік негізі Пайдалы қазбалар Шеңберден тыс дүние Тастөбе ерліктің ескерткіші Өнер әлеміндегі тұғырлы тұлға Бабалар бейнесі Ізгіліктің нұрын сепкен Күмбірлеген күй сыры Тіл тағдыры-ел тағдыры «Динозаврлар әлеміне саяхат» «Редкие растения Миргородского ландшафтного заповедника» «SOS - сайгак» Қазақ болмысы жәдігер бойында «Өрелі өмір – әркімге өнеге» «Тәуелсіздік туын көтергендер» «Қайдасыңдар, жалындаған жастарым?» «Жайықтан шыққан ән бұлбұлы» «Мың тұяқтың дүбірі,бір Тұяқтың саусағы» «Көп жасаған қария, ақылы теңіз дария!» «Зерделі сөздің зергері» «Тіл – татулық тірегі» «Діни экстремизм және терроризм» «Алтын ханшайым» «Өнегесі мол өрелі жан» «Күй әуен – сазбен өрілген жыр шежіре» «Ұлы Абайға тағзым» «Орнатылған ескерткіш белгі міне, Есіміңе қанықты ел бүгінде» «Спортты серік еткендер» «Тәуелсіздік нышаны» «Жабайы аңдар – жаралы табиғат» «Әсем қалам – Астанам» «Астана – Отанымыздың жүрегі, Тәуелсіздігіміздің тірегі!» «Астана – махаббатым менің» «Тайна керамическихкувшинов» «Елі ардақ тұтқан ұстаз» «Дін және жастар» «Менің туым, менің елтаңбам, менің Әнұраным» Облыстың ерекше қорғалатын табиғи территориялары «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш» «Ел айбынын асқақтатқан рәміздер» «Геральдика тарихы және Отанымыздың рәміздері». «Аға ұрпақтың сыннан өткен сардарлары» «Мұрағаттар сыр шертеді» В областном музее состоялась акция «Ночь в музее» «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран» «Отырарда ойлылардың ізі қалған» «Ғасырлар таңбасы-Капустин Яр» «Өнерің сенің жалғасын табар бүгінде» Еңбегімен елге танылған тұлға «Крылатые друзья» «Табиғат жанашырлары» «Өмірде ізгі із қалдырған» «Бекіре тұқымдастарын болашаққа сақтайық» Әз-Наурыз Ряд мероприятий прошли в стенах Областного музея, в канун праздника Наурыз «Наурыз келсе, құт келгені, ағайын!» «Ұлыстың ұлы күні, жыл басы - Наурыз» Жайықтың самал лебі «Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі» «Әлемнің құдірет күші - аналар» «Қазақстанның биологиялық ресурстары, оларды қорғау және тиімді пайдалану мәселелері» «Ардақты, асыл жандар» «Царство насекомых» «Қыр кенебіндегі тамшылар» «Веселая масленница» «Уходили парни из Афгана...» «Ауғанда от кешкендер» «Афганистан болит в моей душе: 25 лет спустя» «Ауғанстан – жүректегі жара» В областном музее состоялось очередное заседание актива «Ауған ақиқаты» «Ауғанстан естеліктері» «Жанымды жаралаған Ауғаныстан» «Дін мұраты ынтымақ пен бірлік» Состоялось торжественное открытие проекта «Мирас» «Қадыр – балалар әдебиетінің атасы» «Күй анасын құрметтейік» «Діни сауатсыздық – діни экстремизмнің бастауы» Музейный урок «Жабайы аңдар» «Батыс Қазақстан облысының мамонт фаунасы»
Выставки
«Алтын ханшайым» «Жанымды жаралаған Ауғаныстан» «Музеи-сокровище народа» «Звон старинного серебра» «Өнеге өрнектері» «Күй-дария» «Халық өнері - асыл қазына» «Әнші әлемі» «Оралым менің, Оралым» «Азаттық аңсаған азамат» «Ақын тілі – арман тілі» «Сағындым сені, Оралым!» «Түркі жазба мәдениетінің тарихынан» «Кел, балалар,оқылық!» «Білімнің қара шаңырағы» «Қылқалам-өмір» «Өнердің қайталанбас өр тұлғасы» Материал 7 «ХІХ-ХХғғ ас -үй бұйымдары» «Тарихи сабақтастық» Тарих – ақша баламасында «Ауған ақиқаты» «Қазақтың тұңғыш заңгері» «Тұғыры биік тұлға» «Жауһар жәдігерлер» Мы победу приближали как могли Презентация выставки Выставка Муратбека Жоламана Муратбек Жоламан «Жазықсыз жапа шеккендер...» «Тарих.Тағылым. Тағзым» «Уақыт қозғалысы- сағаттарда» «Өшпесін мәңгі өзіңнің Өнерде жаққан шырағың... » «Астана-Елбасының ерлігі» «Жүрегімнің түбіне терең бойла... » «Болу үшін жаралғам туған жердің жырауы... » «Мен қазақпын...» « Әнші Әлемі» «Тарихи Орал»
Музейное событие
Вопрос - Ответ
Гостевая книга

-атты көрменің ғылыми концепциясы

Тақырыптың негіздемесі

Музей қорында заман дамуының әр түрлі кезеңдерінен мәлімет беретін жиһаздар мен ыдыс түрлері өте көп. Олардың ішінде қыш құмыралар, шыны , фарфор, фаянс, күміс ыдыстардың әр түрі бар. Мұның бәрі сол кезеңдегі қолөнер шеберлерінің жұмысы.

Жалпы қолөнер-ерте заманнан бері атадан балаға мұра болып келе жатқан өнер түрі. Әр түрлі ұлт өкілдерінің тұрмысында күні бүгінге дейін сақталып келе жатқан тұрмыстық бұйымдар, ыдыс-аяқ түрлері сан ғасырлар сынынан өтіп, сомдалған қолөнердің озық үлгілері болып табылады.

Сондықтан қолөнердің заман, өмір ағымымен қашан да бірге туындап, дамып отырғанын бүгінгі көрме жәдігерлері дәлелдейді. Егерде тас, қола дәуірлеріндегі ыдыс түрлері негізінен қыштан, қоладан жасалған болса, ғасырлар өте адам баласы оларды күмістен, фарфордан, фаянстан сәнді етіп жасауды игерген.

...Иә, заман жаңарып, қоғамға елеулі өзгерістер ене бастады десек те, қолөнер бұйымдары мен оны жасаушы шеберлер өнері күні бүгінге дейін бәрімізді таңқалдыруда.

Өйткені мынандай сәнді ыдыстар тек қана нағыз шеберлер- зергерлердің қолынан шыққан туындылар екені анық. Ал қолөнердің зергерлік түрі күрделі де, бейнеті мол сала. Ол біріншіден, үлкен икемділікті, сонымен қатар шыдамдылықты, төзімділікті талап ететін сала. Зергер ұста өз туындыларына кіріспестен бұрын қашан да металл қасиетін, оған бедер түсірудің барлық мүмкіндігін тексеріп алып отырған.

Сондықтан осынау көрмеге қойылған күміс, фарфор, фаянс ыдыстары арқылы, біз сол кезеңдегі зергерлердің шеберлігіне үңіліп, ыдыстардың сырына қанығамыз. Көрмені тамашалау арқылы өткен кезеңдердегі шеберлердің шығармашылығы қазіргі шеберлердің жаңа тартымды туындылар жасауына жәрдемдесіп, септігін тигізсе деген ойдамыз.

Күміс ыдыстар

Өткен заманнан қазақтың қолөнерінің жете дамыған түрлерінің бірі –зергерлік өнер. Бұл өнердің түп-тамыры сонау әріде жатыр. Бағзы бір замандардың өзінде Қазақстан территориясында алтын, күміс, мыс ,қалайы, қорғасын сияқты көптеген тағы басқа металдар өндірілген. Соларды соғу, құю, қалыпқа салу арқылы еңбек құралдарын, ыдыс-аяқ, әшекейлердің түрлерін жасаған. Бүгінде археологиялық зерттеулер нәтижелері осыны дәлелдеп отыр.

Жалпы қазақ халқы қашанда күміске ерекше мән берген. Күмістің адам ағзасына пайдасы бар деп сенген халқымыз күміс ыдыстан тамақ ішіп, күміс әшекейлер тағып, сәби дүниеге келгенде нәрестені күміс теңге салынған суда шомылдырып, «Баланың күні күмістей жарық болсын»-деген жоралғы жасаған.

Халқымыз қадір тұтатын -күміс –жұмсақ, қақтауға төзімді, оңай өнделетін металл және жарқыраған ашық түсімен көз тартады. Оның осы қасиетін зергерлер барынша білген және шебер пайдаланған.

Ыдыс-аяқ жасаған кезде металды көркемдік өңдеудің әр түрлі техникалық әдістері: соғу, құю, басу, қалыптау, оюлау, қара жүргізу, эмальмен әсемдеу, заттың жиегіне айнала өрнектеу, зерлеу, темірге күміс қақту, алтын жалату қолданылған. Заттарды әшекейлеу технологиясын зергерлер бұйымның сыртқы бейнесі мен формасымен үйлестірілген Зергер еңбегінде көлемге қалай да шек қойылған. Гобелен тоқу сияқты, қалаған мөлшерін, таңдаған өрнегін металл бұйымдарына келісе бермеген. Бұл саланың өзіндік стилі, өз нақышы болған. Мәселен, зат көлемі ықшамдалған сайын соғұрлым бейнетінінің өсетіні сөзсіз. Өйткені осындай кішкентай мүліктен сұлулықтың сыры білінуге тиіс болған. Күміс ыдыстың бетіне түрліше бедер салып, қарайтылып, жапырақты, жиектей өрнек салынуының өзі нағыз үлкен шеберліктің айғағы болса, олардың сыңғыры күмістің сапасын байқатқан.

Ең алғашқы күміс ыдыстар сервизі: табақшалар, шай қасықтар, пышақтар, шай ішу құралдары 1711жылы І Петрдің жарлығымен арнайы Қару жарақ палатасына жасатылған.

ХҮІІІғ ортасында ірі көпес, ауқатты адамдардың үйінде күміс ыдыстардың мыңға жуық түрлері болған. Самаурын, шай құралдарының түрлері де күмістен жасала бастайды.

ХІХ ғасырда күміс ыдыстар сыйға тартылатын қымбат сыйлық түріне айналады.. Ал күмістен жасалған темекі сауыттар, көз әйнек түрлері, адамдардың әлеуметтік жағдайын байқататын болған.

Мәслен, кіші жүздің ханы Жәңгір қайтыс болғаннан кейін Орынбор генерал-губернаторы арнайы адамдар жіберіп хан үйінің тұтынған заттарының тізбесін жасаған. Олардың көбінің құнды, күміс заттар болғаны бүгінде мұрағаттық деректерден белгілі. Алайда ол заттардың қайда кеткені белгісіз.

Орданың негізін салған қазақтың реформатор ханы Жәңгірдің үйінде болған күміс ыдыстардың түрлері бойынша (самаурын, күміс поднос, ыдыс-аяқ ) біздің музейдегі «Бөкейорда»залында күміс заттар түрлері көрсетілген экспозиция бар.

Фарфор мен фаянс ыдыстары

Фарфор -су мен газды өткізбейтін ақ түсті, тығыз керамикалық материал. Фарфор өндіру ісі ҮІ-ҮІІғғ Қытайда пайда болған. Ал Европада фарфор өндіру ісі ХҮІғасырдан бастап қолға алынған. Әдетте фарфор - ыдыстар, көркем, сәндік бұйымдар жасау үшін қолданылған. 
Император І Петр тұсында қышты өндеп, одан өте жұқа фаянс ыдыстарын шығаруға әрекет жасалады. Сөйтіп Ресейде ыдыс шығаратын Императорлық зауыт құрылады.Ол кезеңде фарфор мен фаянс сияқты нәзік материалдардан сәнді ыдыстарды жасап шығаратын бұл зауыт жалғыз болған. Әрі зауыт өнімдері тек қана император сарайын қамтамасыз еткен.

ХҮІІІ-ХІХғғ Императорлық фарфор зауытымен қатар шыны ыдыстарын жасайтын жеке зауыттар ашыла бастайды. Олардың ішінен фарформен айналысатын Гарднер, Кузнецов, Попов зауыттарының аты кеңінен таралады. Сонымен қатар шыны ыдысын жасайтын Бахметьевтің, Орловтың, қыштан жұқа фаянс ыдыстарын жасайтын көбіне көгілдір түсті ыдыстарымен аты танылған Гжель зауыттарының есімдері , майолика, жартылай фаянстан жасалған неміс, италян ыдыстары өздерінің әсемдігімен әйгілі болды.

Мәселен, атақты Гарднер-Кузнецов зауытының тарихы 250 жылдан астам. Бүгінде ол Дмитриев фарфор зауыты деп аталады.

Әдетте бұл зауыттан шығатын өнімдердің бетіне бұғы басы бейнеленіп, «В» әріпі жазылған. Бұғы- ежелгі орыс қаласы Дмитриев жанындағы жануарлар әлеміне толы ну орманды бейнелесе, «В» әріпі «Вербилки» ауылының бас әріпі болып табылған. Ол Дмитриевтен 24 шақырым жерде, Мәскеуден 100 шақырым жерде орналасқан. Мұнда 1766жылы фарфор шығаратын орыстың тұңғыш жеке кәсіпорны құрылған.

1746 жылы Англиядан Ресейге Франц Яковлевич Гарднер деген ағылшын кәсіпкері көшіп келеді. Ол бірінші жылдары ағаш сату ісімен айналыса жүріп, тұрғылықты жердің нарығын мұқият зерделейді. Содан соң халықтың тұрмысына қажетті ыдыс шығаруды шешіп, фарфор шығаратын жеке өндіріс құрады.

1892 жылы Гарднер өзі құрған кәсіпорынды ресейдің белгілі кәсіпкері М.С. Кузнецовқа сатады. Кузнецов зауыттың негізгі бағыты мен суреттерін, логотипін сақтап қалады. 
Әдетте бұл зауыттан шығарылатын ыдыстар жеңіл, ақ, сары, жасыл түстердің қосындысынан тұрған. Көбіне бұл зауыт ыдыстарына гүл, өсімдік, қамыс арасындағы нимфалар бейнесі мен әртүрлі жеміс-жидек бейнелері суреттелген. Бұл суреттер қолжұмысының туындысы болып табылады.

Гжель ыдыстары қышты өңдеу арқылы жұқа фаянсты алу арқылы жасалған. Оның негізін 1747жылы мәскеулік көпес Афанасий Гребенщиков салған. Ол европалықтардың тәжірибесін зерделей келе, ақ табақшаның үстіне ақ декор, немесе бес түстерді ( ақ, көгілдір, жасыл, сары, қоңыр ) пайдалану арқылы өрнектер салады. Ортасына да әртүрлі суреттер бейнелеуі, түстерінің ақшыл, көгілдір болып нәзіктелуі Гжель ыдыстарын өзгелерден ерекше етіп көрсетті
.А.Гребенщиковтың бұл жаңалығын Москва түбіндегі, осы Гребенщиков зауытында жұмыс істейтін шеберлер жетілдіре түседі. Олардың европалық шеберлерден бір де кем еместігі, Гжель ыдыстарының атағын шығарды. « Гжель ыдыстары» деп аталу себебі оның Москва губерниясының Богородский уездіндегі Гжель елді мекенінде шығарыла бастауына байланысты. Гжель фаянстарынан жасалған құман, кәсе, тарелка, сувенирлердің әрқайсысы өзіндік бір өнер туындысы болып табылады. Әдетте мұндай түстер қытайлықтардың, ағылшындықтардың ыдыстарында кездеседі. Бірақ гжель фаянсы өзінің жұқалығы, нәзіктігі , беріктігі жағынан олардан еш қалыспайды деуге болады.Қақпағында, тұтқасында жеміс-жидек түрлері бейнеленген бұл ыдыстар өте нәзік, өте сәнді ыдыстар болып күні бүгінге дейін адамдарды таңқалдыруда.

1812 жылы Отан соғысынан кейін Кузнецов зауытының ыдыстарының суреттерінде Наполеон, соғысқа қатысушылар бейнеленіп, соғысқа карикатуралар салына бастайды.

1917 жылы Кеңес үкіметі орнағаннан кейін Императорлық, Кузнецов зауыттары Мемлекеттік зауыттар деп аталған. Мұнда шығарылатын ыдыстарға суреттер негізінен үгіт-насихат түрінде берілген. Табақшаның бетіне орақ пен балға, егін , қызыл ту, матрос, солдат, шаруа, жұмысшы әйел суреттерімен қатар әр түрлі үгіттік мағынада сөздер, қала атаулары жазылатын болған.1937жылы мұнда арнайы көркемөнер лабораториясы құрылады. Онда авторлық жұмыстар жарық көретін болған.
ХІХғ 60жылдарында тұрмыста көбіне фарфор ыдыстары қолданыла бастайды. Бірақ жылдар өте бүгінгі ХХІ ғасырда әдемі фаянс ыдыстары қайтадан сұранысқа ие болып отырғаны белгілі.

Қазақстанда фарфор, фаянс ыдыстарын Ақмола облысындағы «Целфар» АҚ фарфор зауыты мен Қапшағай фарфор зауыты шығарады. Бұл зауыттарда шығыстық үлгідегі шыны-аяқтар, табақтар, құмандар, кеселер, кофе сервиздері, бір сөзбен айтқанда ыдыс комплектілері шығарылады.

Қазақ халқының қашанда шай ішуді жақсы көретіні белгілі. Әдемі ыдыстарға салынған тәтті-дәмдіні дастарханға қойып, хош иісті шайды демдеп, самаурынның түбінде отырып қою күрең шай ішкенге не жетсін?!

Әдетте шығыс халқының көне қолжазбаларында шай туралы: «Шай ғажап сусын, ішсең рухын көтеріледі, шаршасаң тынығасың, бойың жеңілдейді, басына жаңа ой келеді, ұғымдылық пайда болады, өмірде кездесетін қиыншылықты жеңетін қуат береді»-деп жазылған. Шынында да бағзы заманнан бері-ақ, халық шайды қастерлейді, қонақ келсе ең алдымен самаурын қойып шай береді.

Бұл туралы белгілі этнограф және археолог А.В. Терещенко өзінің этнографиялық жазбаларында:: « Қазақ халқы да орыс халқы сияқты үйге келген қонағына алдымен шай береді екен. Оның кім екеніне, қай уақытта келгеніне қарамастан қонаққа арналып самаурын қойылып, шай мәзірлері дайындалады.Тіпті өздері шайды жаңа ғана ішіп алған болса да қонақпен бірге отырып тағы да шай ішеді»-деп атап көрсеткен.

Сондықтан да осындай ғажап дәстүріміз бар халық арасында: «шай ішсең , көңілім жай» делінген сөз таралған.

Ал осы шай үшін суды қайнататын негізгі құрал-самаурынның сырына үңілсек...

Кейбір көне жазбаларда Ежелгі гректер мен римдіктердің самаурынның арғы атасы саналатын су қайнататын, өзі пісіретін құралды пайдаланғаны туралы айтылған. Бұл төрт бұрышты, қос қабырғалы, ортасы тесік темір ыдыс болыпты да, «автесса» деп аталыпты. Қабырғаларының арасына су құйылып, ортасындағы тесікке отын салып суды қайнатқан. Жанып жатқан отты ұқыпты пайдаланудың амалы ретінде «автесса» оттығының жоғары жағына үш аяқты темір ошақ орнатып, оның үстіне әдейі ыдыс қойып, онда тамақ пісірген.

Ресейде өзі пісіретін бірінші құрал үш бөлікті кухня ыдысы «братина» деп аталған. Оның екі бөлігінде әр түрлі тамақ пісірілсе, үшіншісі су қайнату үшін пайдаланылған, одан суды ағызып алатын шүмек жасалған. Ал самаурынға ұқсас алғашқы құрал «сбитен» деп талаған. Оның ортасына темір түтік орнатылып, астынан жел үрлейтін тесіктер жасалған.

Алғашқы самаурынды Тула қаласының қару-жарақ зауытының шеберлері Лисициндер (Иван мен Назар) жасапты. Олар 1778жылы үкімет орындарының рұқсатымен жеке меншіктегі зауыт ашып, одан самаурын жасап шығара бастаған. 1840жылы Тулада Баташев, Балашевтар да самаурын зауытын ашқан.

ХІХ ғ. екінші жартысында тек Тула қаласының өзінде самаурын шығаратын 50 шеберхана болған. Оны жасау өте күрделі жұмыс болыпты, біреуін жасау үшін 12 тетік істеледі екен. Сондықтан бір шебердің бір айда формалы самаурының бесеуін немесе қарапайымының онын ғана шығару мүмкіндігі болған.

Бүгінде Тула қаласындағы өлкелік музейдегі коллекцияда 8000 самаурын бар көрінеді, оның ішіндегі ең көне және кішкентайына бір стакан ғана су сияды да, ең үлкеніне 50 литрлік су құйылатын болып жасалған.Тіпті одан да үлкен самаурын түрлері болғанын деректер айтады.

Әрбір шеберхана өз бұйымының бағасын асыру мақсатында самаурынды неше түрлі пішінді, үлкенді-кішілі етіп шығаруға тырысқан.

Түрі жағынан бөшке, цилиндр, алмұрт, бәйшешек, әтеш, құмыра, тіпті паровоз тәрізділері де болған.
Жанұяда дастархан басында шай ішуге, жолға шыққанда алып жүруге, ресторандарда қойылатын, сыйға тартуға арналған самурындар да болған.

Тарихи деректер бойынша Тула шеберлерінің 100 литрлік самаурынды жасап, оны бүкілресейлік староста М.И.Калининге сыйлыққа тартқаны белгілі.

Көпке дейін сәндіктің, салтанатты тұрмыстың белгісі болып саналған самаурынның бағасы да қымбат-бір сиырдың құнымен бірдей болған. Сондықтан кейбір ата-аналар оны ұрпақтарына мирас ретінде қалдырып отырған. 
1904жылы Петербургте, Парижде, Одессада өткізілген көрмелерде Баташевтар фабрикасы шығарған самаурын 20-дан астам жүлдеге ие болған.

ХҮІІІғ екінші жартысынан бастап самаурынды Мәскеуде, Петербургте, Ярославльде, Архангельскіде де жасап шығара бастаған. Дегенмен күні бүгінге дейін самаурынның Отаны- Тула қаласы болып саналады. Сондықтан адамдар самаурын іздегенде күні бүгінге дейін «Тула самаурындарын» таңдауға тырысады. 
Уақыт оза Тулада от жағу арқылы қызатын самаурындармен қатар, электр самаурыны да шығарыла бастаған.

1986жылдың 1-қаңтарына бері алты қырлы етіп лакталып, алтын түсті самаурын шығарыла бастады.

«Ретро» деген атпен текше формалы самаурын шығарыла басталған. 
Туланың «Штамп» дейтін зауыты жыл сайын 1,5 миллионға жуық самаурын шығарады. Бұл самаурынның негізі төтбұрышты, төрт аяқты, жезден қондырылған тұтқасы бар , ол қол күймес үшін ағашпен толықтырылған. Өзі «банка» тәріздес . Бұл самаурынға екі шелектік су кетеді. Қақпағы мыстың мырышпен қоспасынан жасалған ,бу шығар орны мен қақпақты ұстайтын жері бар.Самаурын Ресейде Тула қаласында ХІХ ғасыр аяғына шыққан тәрізді. (Инвентарлық нөмірі 2600)

Мына самаурынының формасы «құмыра»тәріздес ,бедерленіп нақышталған. Негізі төртбұрышты ,төрт аяқты,екі тұтқасы,тұрбасы бар .Самаурын Ресейде ХІХ ғасыр аяғында шыққан. (Инвентарлық нөмірі 7648)

Самаурын Ресейде ХІХ ғасыр аяғында шыққан ,формасы тегіс рюмка тәріздес,төрт аяқты ,қос тұтқалы жез бен ағаштан жасалған. (Инвентарлық нөмірі 7538)

Самаурыны шар тәрізді ,негізі дөңгелек ,төрт аяқты ,қос құлақты ,қақпағында бу шығар орны бар.ХІХ ғасыр соңы мен ХХ ғасыр басы ,Ресейде жасалған. (И.н.2086в )

Ыдыстар тарихына біздің Орал қаламыздың да қосқан өзіндік үлесі бар. Өйткені ХХғасырдың 60-70жж Орал қаласында қыштан ыдыс жасап шығартын кәсіпорын жұмыс істеп, еліміздің түкіпір-түкпіріне сувенирлік қыш құмыралар, статуэткалар, қыш сервиздер шығарған. Ал соғыс жылдарында біздің қалаға эвакуациямен келіп, орналасып қалған «Зенит» немесе Ворошилов зауыты деген атпен танымал зауыт эмальданған ыдыс түрлерін күні бүгінге дейін шығаруда. Сондай-ақ қазірде біздің қалада пластмасс табақтар жасап шығаратын «Пластик» зауыты жұмыс істейді.

Залдың ортасындағы үстел үстінде түскі мәзірге лайықты ыдыстар қойылып көрсетілді.

 

Көрменің мақсаты.

Музей қорындағы ХҮІІ-ХҮІІІғғ ыдыстар арқылы осы кезеңде ыдыс жасау өнерінің даму тарихымен таныстыру.
Музей қорындағы ыдыс түрлерімен, ыдыстар салынатын жиһаз түрлерін көрермен қауымның назарына ұсыну.

Көрменің тартымдылығы:

1.Музей қорындағы әр түрлі кезеңге жататын тұрмыстық жиһаздар, ыдыс түрлері көрмеге қойылады.
2.Қордағы бағалы мұра- күміс ыдыстарды, Кузнецов зауытының фарфорларын, Гжель фаянстарын, Тула самаурындарының түрлерін алғаш рет кең көлемде көрерменге таныстырылады.

Көрменің ғылыми маңыздылығы:

Батыс Қазақстан облыстық тарихи -өлкетану музейінің қорындағы ыдыстарды қалың көпшілікке көрсету.
Экспозициялық шешім:
Көрмені ұйымдастыру үшін музейдің «Көрме залы» таңдалып отыр.

Музей қорындағы заттай деректер

Көрме жиһаздар мен витриналардан тұрады:
1- асханалық сервиздер 
2- хрусталь, шыны ыдыстар
3- самаурын түрлері, қыш ыдыстар
4-, шәй құралдары
5-күміс ыдыстар.
6--шай сервиздері
7- «Гжель» ыдыстары.
8-«Кузнецов зауытының ыдыстары»
9- –Орал қаласынан шығарылған керамикалық ыдыстар
10--эмальданған ыдыстар.

 

Сонымен қатар көрменің мазмұнын жан –жақты ашып, толықтыра түсу үшін ХҮІІІ-ХІХғғ тән айналар, үстелдер, саз аспабы, ХІХ-ХХғғ басындағы Орал шаһарының бейнелері суреттелген картиналар, фотолар, сол кезеңге тән киім үлгілері, баспа материалдары қойылады

 

Г.Н.Мұханбетова.
экспозиция бөлімінің меңгерушісі

Регистрация

Жемчужины фонда