Get Adobe Flash player
Slide item 1
Slide item 2
Slide item 3
Slide item 4
Slide item 5
Slide item 6

Главное меню

Добро пожаловать!
Структура музея
Виртуальный тур
Экспозиция
Шедевры, коллекции
Научная деятельность
Законодательство
Госзакупки
Новости
Массовые мероприятия
Западно-Казахстанском областном историко-краеведческом музее открытие зала «Елбасы және Тәуелсіздік» Казахский государственный академический оркестр народных инструментов имени Курмангазы в Приуралье «Дін және дәстүр» «Я памятник воздвиг себе нерукотворный» «Әсем табиғатты қорғау – әркімнің міндеті» «Живем, пока помним!» «День открытых дверей» и акция «Ночь в музее» Ерлік пен Жеңіс Чтобы музы не молчали Отқа оранған жастық Невестка Б.Момышулы в Приуралье Абайдың табиғат лирикасы Әлем бірлігіндегі Қазақстан «Біз біргеміз – берік іргеміз!» Ақ Жайық – достық мекені Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі Сыр еседі сыңғырынан сырғаның Жауқазын Ерлікке толы Ұлы жол Әсем қоңыр «Масленица» «Хандық билік және қазақ елі» «Қысқа ғұмыр, биік белес» «Жалынды ақын, жаужүрек батыр» "Ақжайық-достық мекені" «ЭКСПО-2017 – елдің ерен жеңісі» Открытие мультимедийного комплекса «Сакентану» Батыс Қазақстан облысының мамонт фаунасы «Ғұлама ғалым, парасатты азамат» «Керей қайда барасың?» «Поэзия әлемінің ұлы Қадыры» Поэзия Пайғамбары «Ұрпаққа мұра болар сыйлар» «Кенеп бетіндегі Тәуелсіздік жетістіктері» «Тәуелсіздік шежіресі» «Арманы үлкен – азат ел» «Биік белестер» «Тәуелсіз Қазақстанның гүлденуі» «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» «Елін сүйген, елі сүйген елбасы» «Елбасы – ел тірегі» «Біздің Елбасы» «Ұлт көшбасшысы» «Ақордада көк байрағын нық ұстап, елбасымыз алаш арын арлаған» «Ұлтын сүйген ұлы жүрек» «Қазақстан-2050» - Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол» «Елін сүйген,елі сүйген – Елбасы» «Ақпәтер ауыл тарихы» Тұлға. Зерттеуші. Азамат. Ұлттық валюта – тәуелсіздік негізі Пайдалы қазбалар Шеңберден тыс дүние Тастөбе ерліктің ескерткіші Өнер әлеміндегі тұғырлы тұлға Бабалар бейнесі Ізгіліктің нұрын сепкен Күмбірлеген күй сыры Тіл тағдыры-ел тағдыры «Динозаврлар әлеміне саяхат» «Редкие растения Миргородского ландшафтного заповедника» «SOS - сайгак» Қазақ болмысы жәдігер бойында «Өрелі өмір – әркімге өнеге» «Тәуелсіздік туын көтергендер» «Қайдасыңдар, жалындаған жастарым?» «Жайықтан шыққан ән бұлбұлы» «Мың тұяқтың дүбірі,бір Тұяқтың саусағы» «Көп жасаған қария, ақылы теңіз дария!» «Зерделі сөздің зергері» «Тіл – татулық тірегі» «Діни экстремизм және терроризм» «Алтын ханшайым» «Өнегесі мол өрелі жан» «Күй әуен – сазбен өрілген жыр шежіре» «Ұлы Абайға тағзым» «Орнатылған ескерткіш белгі міне, Есіміңе қанықты ел бүгінде» «Спортты серік еткендер» «Тәуелсіздік нышаны» «Жабайы аңдар – жаралы табиғат» «Әсем қалам – Астанам» «Астана – Отанымыздың жүрегі, Тәуелсіздігіміздің тірегі!» «Астана – махаббатым менің» «Тайна керамическихкувшинов» «Елі ардақ тұтқан ұстаз» «Дін және жастар» «Менің туым, менің елтаңбам, менің Әнұраным» Облыстың ерекше қорғалатын табиғи территориялары «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш» «Ел айбынын асқақтатқан рәміздер» «Геральдика тарихы және Отанымыздың рәміздері». «Аға ұрпақтың сыннан өткен сардарлары» «Мұрағаттар сыр шертеді» В областном музее состоялась акция «Ночь в музее» «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран» «Отырарда ойлылардың ізі қалған» «Ғасырлар таңбасы-Капустин Яр» «Өнерің сенің жалғасын табар бүгінде» Еңбегімен елге танылған тұлға «Крылатые друзья» «Табиғат жанашырлары» «Өмірде ізгі із қалдырған» «Бекіре тұқымдастарын болашаққа сақтайық» Әз-Наурыз Ряд мероприятий прошли в стенах Областного музея, в канун праздника Наурыз «Наурыз келсе, құт келгені, ағайын!» «Ұлыстың ұлы күні, жыл басы - Наурыз» Жайықтың самал лебі «Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі» «Әлемнің құдірет күші - аналар» «Қазақстанның биологиялық ресурстары, оларды қорғау және тиімді пайдалану мәселелері» «Ардақты, асыл жандар» «Царство насекомых» «Қыр кенебіндегі тамшылар» «Веселая масленница» «Уходили парни из Афгана...» «Ауғанда от кешкендер» «Афганистан болит в моей душе: 25 лет спустя» «Ауғанстан – жүректегі жара» В областном музее состоялось очередное заседание актива «Ауған ақиқаты» «Ауғанстан естеліктері» «Жанымды жаралаған Ауғаныстан» «Дін мұраты ынтымақ пен бірлік» Состоялось торжественное открытие проекта «Мирас» «Қадыр – балалар әдебиетінің атасы» «Күй анасын құрметтейік» «Діни сауатсыздық – діни экстремизмнің бастауы» Музейный урок «Жабайы аңдар» «Батыс Қазақстан облысының мамонт фаунасы»
Выставки
«Алтын ханшайым» «Жанымды жаралаған Ауғаныстан» «Музеи-сокровище народа» «Звон старинного серебра» «Өнеге өрнектері» «Күй-дария» «Халық өнері - асыл қазына» «Әнші әлемі» «Оралым менің, Оралым» «Азаттық аңсаған азамат» «Ақын тілі – арман тілі» «Сағындым сені, Оралым!» «Түркі жазба мәдениетінің тарихынан» «Кел, балалар,оқылық!» «Білімнің қара шаңырағы» «Қылқалам-өмір» «Өнердің қайталанбас өр тұлғасы» Материал 7 «ХІХ-ХХғғ ас -үй бұйымдары» «Тарихи сабақтастық» Тарих – ақша баламасында «Ауған ақиқаты» «Қазақтың тұңғыш заңгері» «Тұғыры биік тұлға» «Жауһар жәдігерлер» Мы победу приближали как могли Презентация выставки Выставка Муратбека Жоламана Муратбек Жоламан «Жазықсыз жапа шеккендер...» «Тарих.Тағылым. Тағзым» «Уақыт қозғалысы- сағаттарда» «Өшпесін мәңгі өзіңнің Өнерде жаққан шырағың... » «Астана-Елбасының ерлігі» «Жүрегімнің түбіне терең бойла... » «Болу үшін жаралғам туған жердің жырауы... » «Мен қазақпын...» « Әнші Әлемі» «Тарихи Орал»
Музейное событие
Вопрос - Ответ
Гостевая книга

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған

«Тарихи сабақтастық» атты көрменің ғылыми концепциясы

 

Тақырыптың негіздемесі:

Халқымыздың ғасырлар бойғы арманын жүзеге асырған Қазақстан тәуелсіздігіне биыл 18 жыл! 
Ал сол Тәуелсіздік тұғырына жету жолында талай жыл күреспен арпалысып келдік. Иә, дана халқымыз бірлік болмаса тірлік болмайтындығын бекер айтпаған. Бірлік болмай, патшаның отарлық саясатының қыл бұрауы мойынға мықтап түскенде ғана, халық өзінің кешегі азат өмірінің көзден ұшқанын аңғарады. Тек аңғарып қоймай, кешегі даланы еркін жайлаған халық атқа қонды. Сырым мен Кенесарыдай батыр бабамыздың бар мақсаты ─ елінің тәуелсіздігі еді. Сол тәуелсіздік жолында өз өмірін құрбан етті .Сын сағатта өз мүддесінен ел мүддесін жоғары ұстады. Наурызбай, Ағыбай, Басығара, Жоламан батырлар да Кенесары хан қозғалысын қолдап, оны пір тұтты.Талай жылға созылған осы күрес халықтың әлі де сойыл ұстап, жауға аттанар ерлері барын танытты. Исатай мен Махамбетті де ереуіл атқа ер салдырып, егеулі найза қолға алдырған, еңку-еңку жер шалдырған, темір қазық жастанып, беркініп садақ асындырған, біртіндеп жауды қашырған да сол, ұлы жол, азаттық жолы еді ғой!

Ғасырлар бойы тәуелсіздік үшін күрес бір сәт те толастаған емес, ол теңіз толқыны сияқты қат- қабат жарға соғып жатты. Кеңес тарихы болса олардың әрбір толқынын бір-бірінен айырып алып, аймақтық оқиғалардың қатарына жатқызды.

Қазақ халқының сан ғасырлар бойы армандаған тәуелсіздігі жөнінде айтқанда, оны 1986 жылғы желтоқсан оқиғасымен байланыстырмау әсте мүмкін емес.

«Қазақтар өзінің бостандығы мен тәуелсіздігі жолында тек патша отаршылдары мен Кеңестік жүйенің озбырлығына қарсы 200- ден астам ұлт-азаттық көтерілістерге шыққан екен. Соның ең соңғысы ─ тоталитарлық жүйенің темір құрсауын талқандауға арналған қазақ жастарының желтоқсан қозғалысына да 23 жыл толды. Тәуелсіздік жолындағы мұндай ұмтылыстардың бәрі ел тарихының ең қастерлі парақтары ретінде әрқашан жадымызда сақталатын болады»,- деді ҚР Президенті Н.Назарбаев ҚР тәуелсіздігінің 15 жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзінде.
Шынында желтоқсан көтерілісі қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық ширығуының белгісі болып қалды. Биыл желтоқсан қозғалысына -23 жыл толып отыр. Егер тарихқа шегініп, өткен жылдарға жүгінер болсақ...

1986жылдың желтоқсанында жастар бұлқынысының басталуына Мәскеудегі орталықтың республика халқының пікірімен санаспай, Ресейдің Ульянов облысы партия комитетінің 1-хатшысы Геннадий Колбинді Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің 1-хатшысы етіп тағайындауы түрткі болды. Сондай-ақ Қазақстандағы барлық билікті уысынан жібермей ұстаған шовинистік жүйе, күшпен орыстандыру саясаты, интернационалистік у-шу тасасында ұлттық тіл мен мәдениетті жою әрекеті, ауру мен балалар өлімінің көбеюі, теңсіздік, саяси бостандықпен санаспау, ұлттық намыс пен ар-ұжданды табан асты ету, жергілікті халықтың қайыршы жағдайда өмір кешуі.

Сол күні Алматыдағы Брежнев атындағы алаңға (қазіргі Республика алаңы) саяси тәуелсіздікті талап еткен ұрандармен алғашында 300-дей адам жиналып, кешкісін олардың саны әлденеше мыңға жетті. Ереуілге шыққан жастардың қолдарында «Өзімізді-өзіміз билеуді талап етеміз!», «Әр халыққа ─ өз көсемі!», «1937 жыл қайталанбауы керек!», «Ұлы державалық ессіздік дереу тоқтатылсын!» деген ұрандар, транспоранттар болды. Бірақ алаңға жиналғандардың қойған талап-тілектері аяқ асты етіліп, «бұзақыларды» күшпен тарату мақсатында алаңға құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен арнайы әскери күштер тобы жеткізілді. КСРО Ішкі істер министрлігінің №0385 бұйрығы негізінде дайындалған "Құйын- 86" операциясы бойынша көтеріліс қатыгездікпен басып жаншылды. Желтоқсанның 18-і күні алаңға қайта жиналмақ болған көтерілісшілерге қарсы әскер күші қолданылды. Жастардың қалған топтарын ығыстыру үшін жедел отряд, милиция мен жасақшылардан арнайы топтар құрылып, қала көшелеріне аттандырылды. Осы әскери күштер желтоқсанның 19-ы күні қаланың әр тұсында қайтадан шеруге шықпақ болған 6 топты басып, жаншып таратты. Алаңдағы көтерілісшілер күшпен таратылған соң ішкі істер бөлімдеріне 2 мың 401 адам жеткізілді. (Алматы түрмелеріне сыймағандықтан, қала сыртына апарып тасталғандарды қосып есептегенде барлығы 8,5 мың адам ұсталды).

Желтоқсанның 19-23 аралығында халықтың наразылық шерулері мен митингілері республиканың Жезқазған, Талдықорған, Көкшетау, Қарағанды, Арқалық, Павлодар, Жамбыл, Талғар т.б. қалалары мен Сарыөзек, Шамалған, Шелек елді мекендерінде жалғасты. Желтоқсан көтерілісіне Кеңес одағы коммунистік партиясы Орталық комитетінің қаулысымен "қазақ ұлтшылдығының көрінісі" деген баға беріліп, көтеріліске қатысқан азаматтар қуғын-сүргінге ұшырады. . Көтерісшілер қатаң жазаланды. Көпшілігінің өміріне де, көңіліне де жазылмас жара түсті. Ләззат, Сәбира, Қайраттай гүлдеріміз ерте солды. Олар желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпынған, шындық жырын жырлаған, халқымыздың жас өркені еді.
Міне осылайша, бұл демократия жолындағы алғашқы қозғалыс әділетсіз түрде басып-жаншылған азаттықтың бейбіт шеруі болды. Тіпті, бұрын қызыл империяның құрамында болып, қазір егемендік туын желбіретіп отырған мемлекеттердің барлығы дерлік белгілі бір деңгейде осы желтоқсан көтерілісіне қарыздар. Шын мәнісінде халықтық сипат алған аталмыш жастар қозғалысының тәуелсіз еліміз үшін маңызы зор болғандығы ақиқат. Желтоқсан пәлен жылдар бойына мызғымас қамал саналып келген Кеңестік империяның іргесін мүжіп, көбесін күйретіп, ақыры жер бетінен жойылып тынуына ұрындырған пәрменді соққы болып тиді.

Егемен еліміздің тарихында айрықша орын алатын осы оқиғаға - орталықтың отарлау саясатына жастардың наразылығын танытқан 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы туралы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің «Ғасырлар тоғысында» атты кітабында: « 1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары қазақ жастарының сана-сезімінің қаншалықты өскендігін көрсетті. Олар жүз жылға жуық уақыт бойы халықты казармалық тәртіпте ұстап келген тоталитарлық жүйенің алдында бірінші болып айылдарын жиған жоқ. Жастар бұдан әрі кез-келген ұлтқа тән ұлттық мақтаныш сезімін қорлауға жол бермейтінін өз халқының атынан ашық мәлімдеді»-деп дәл бағалады.

Дүниені дүр сілкіндірген, тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі 86-ның желтоқсаны туралы шындық мерзімді баспасөз беттерінде аз жазылған жоқ. Сонау қылышынан қан тамған „колбинизм заманының” өзінде-ақ «бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» деп, баспасөз бетінен алаңдағы оқиғаның ақиқатын батыл айта білген қазақ ақын-жазушыларының есімін бүгінде бүкіл әлем таниды.

1986 жылғы желтоқсанның 31-і күні Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы Г.В.Колбинмен жазушылар одағында болған кездесуде Жұбан Молдағалиев: «Мен – қазақпын, өз халқымды мақтан етемін!» деп , жастарды жазықсыз жазалаған өкімет адамдары екенін ашық түрде беттеріне айта келіп, «Мен сондай ұят оқиға және оның артынша не болғанын естігенде, жасырып қайтейін, осы күнге дейін өмір сүргеніме өкіндім» - деді. Міне, үлкен мінбеден қазақ жастарын жақтап сөйлеген азаматтың Ақ Жайықтың перзенті болғанын бүгінде біз мақтан тұтамыз.

Шынында 86-ның Желтоқсаны қазақ халқының ұлттық сезімінің өсуіне айырықша ықпал етті, қазақтың өзін-өзі тануын, ұлттық мақтаныш пен тәуелсіздік туралы ұғымын түбірімен өзгертті.

Бұл күн ─ жалынды жастарымыздың тәуелсіздік көксеген рухы алаулаған күн! Бұл күн ─ азаттық үшін алысып, намыс үшін шабысып, басты бәйгеге тіккен күн! Сондықтан да, бұл күн ешқашанда ұмытылмақ емес, қандай жағдайда да болсын, атаусыз қалмақ емес. Олай болса, жарқын болашақтың беташары болған Желтоқсан еліміз бен жеріміз үшін, қабырғалы халқымыз үшін, ұлтымыз бен ұлысымыз үшін маңызы зор тарихи белес.

 

Осынау тарихи желтоқсан оқиғасына сол кезде Алматы қаласында білім алып,еңбек етіп жатқан біздің өлкенің де азаматтары қатысты.

Олардың арасында

  1. Боранбаев Есенбай
  2. Жанқадамов Ғалымжан
  3. Ибрашев Тельман
  4. Сабыр Мұрат
  5. Машанов Шоқан
  6. Нұғыманов Теміржан
  7. Шақуова Назгүл
  8. Оразов Қанат
  9. Құсайынова Любовь
  10. Сүндетов Әбілахат
  11. Қуанышқалиев Захат
  12. Қуатова Баян сынды жерлестеріміз болды.

 

Енді 1986 жылдың желтоқсанында болған тарихи қозғалысқа
қатысқан біздің жерлестеріміз туралы бір үзік сырға назар аударсақ:

 

Машанов Шоқан Сейітқалиұлы

 

1960 жылы Орал облысы, Бөкейорда ауданы, Искра ауылында дүниеге келген.Орта мектепті бітірген соң,1985 жылы Алматы қаласына білім алсам,еңбек етсем деп арман қуып барады.1986ж. Алматыдағы Орталық комитеттің

баспаханасында жұмыс істейді.Сол жылы 1986 ж.желтоқсан айының 17-18 күні алаңға шығып,оқиға ортасында болады. Алаңдағы әскери жендеттердің қазақ қыздарын қорлағанына төзе алмай,оларды құтқаруға ұмтылады.Сөйтіп өзі де ауыр соққыға жығылады.Кейін есін жиғанда тергеу камерасында болады.Екі апта бойы түрмеде жатып,бірінен соң бірі сұрақ –жауапқа алып, адам төзгісіз қорлық көрсетеді.Сот арқылы жазаға тартылып,комсомолдан,жұмыстан босатылып,тұрақты мекен -жайынан айырылып, қаланың тұрғын есебінен шығарылады.Саяси қуғын –сүргін көріп,зорлық –зомбылық кешіп, күшпен ауылға қуылады.Ауыр соққыдан кейін Мәскеудегі Боткин ауруханасында емделіп, ауылға келеді.Туған ауылына келіп жеткен оған ,елде де тыныштық бермейді.Жергілікті басшылар оны түртпектеп, Ұлы Отан соғысының ардагері әкесі Сейітқалиға : «Сенің ұлың –Қазақстанды бүкіл дүние жүзіне масқара еткен ,Отанына қарсы шыққан халық жауы» ,- деп айыптайды.Бұл күйікке шыдай алмай әкесі, қайтыс болады.

1991 жылы Шоқан Елбасы жарлығымен 12 желтоқсанда ақталады.1993ж. «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау» жөніндегі Заңның 2-ші бабына сай қолына жалпы үлгідегі қызыл куәлігін алады.
Қазір Шоқан Орал қаласында тұрады,отбасылы.

 

Шақуова Назгүл Нағымқызы

 

1969 жылы Орал облысы Жаңақала ауданы Маштексай ауылында дүниеге келген.

1985 жылы Кармановка орта мектебін бітіріп, сол жылы Алматы қаласындағы ҚазМУ-дың заң факультетіне оқуға түседі.Бірақ жанұя жағдайына байланысты (әкесінің соттылығы болады) оқи алмайды.Содан соң ауылға келіп,ауыл шаруашылық жұмысына қатысады, совхоздағы мал бордақылау жұмысымен айналысады.1986ж. жаз айында қайтадан Алматыға келіп,филология факультетіндегі қазақ тілі ,қазақ әдебиеті және араб тілі бөліміне оқуға түседі.Сол жылы жатақхана тұрып жатқан студенттермен бірге алаңға шығады,оқиғаны өз көзімен көреді.Сол күні қатты аяз болатын. Жеп-жеңіл киініп шықса да, күннің салқын екендігін де сезбеген олар алаңға бет қояды. Көпшілікпен бірге бұл да таяқ ,соққы жеп,бір күн жарым қамауда болады.Кейін ағайының ықпалымен қамаудан шығып,жатақханаға келеді.Бірақ ол толассыз сұрақ –жауап ,тексерістен көз ашпайды.Әбден шаршаған ол сырттай оқуға ауысуға мәжбүр болады.1993 жылы оқуын аяқтап,лингвист (тіл маманы) мамандығын алады.Жолдамамен Талғар ауданындағы «Красный поле» ауылындағы кешкі мектепте араб тілінен сабақ береді.Содан кейінгі жылдары Орал қаласындағы № 12 техникалық педагогикалық лицейде тәрбиеші болып қызмет істейді.1993 жылы отбасын құрады,жолдасы белгілі журналист Рашид Шақу.Сонымен бірге 1995 жылы облыстық тарихи-өлкетану музейінде аудармашы болып қызмет істеп,Фурманов ауданындағы музейде жұмысын жалғастырады.Сондай-ақ «Орал өңірі» газетінде, кітапханада және басқа да түрлі қызметтер істейді.2001-2002 жылы БҚО энциклопедиясын жасауға қатысады.Қазір Орал қаласында тұрады,бір ұл ,бір қызы бар.

 

Қуатова Баян Хабиболлақызы

 

1963 жылы 26 қаңтарда Орал облысы Жымпиты ауданындағы,Жымпиты ауылында дүниеге келген.1970-1980 жылы Жымпиты орта мектебінде оқиды.1980ж Алматы Халық Шаруашылық институтына оқуға түсе алмай, ауылға келіп, №8 Уральсксельстрой трестіне қарайтын №808-ші жылжымалы –механикаландырылған коллонасында сылақшы-әрлеуші болып жұмыс істейді.1983ж еңбек өтілі 3 жылға толған соң,Алматы Халық шаруашылық институтының даярлық тобына түсіп,1984 ж. І курсқа қабылданады.Ол сол күндерді:

«1986 жылы Алматы Халық шаруашылығы институтының 3 курсында жүргенде желтоқсан айының 15- күні кешкі сағат 17 шамасында бөлмемізге студенттік кеңестің төрағасымен бірге Семей облысы Аягөз ауданынан келіп оқып жатқан топтас жігіт Н.Сабильнов «Ау,Батыстың қыздары неғып отырсыңдар ,ертең бәріміз бір ауыздан топ болып ,жатақхана болып,жаңа алаңға шығамыз, Д.Қонаевты алып тастады, ,орнына Г.Колбин деген келді, біз соған жол бермеуіміз керек» ,-деді.
Біз бір бөлмеде Ақтөбе ,Гурьев, Маңғышылақ облысының және мен Орал облысынан 4 қыз тұратынбыз. Не болып жатырғанын түсінбей аң-таң болдық

Іле-шала төменге түстік, жатақханадағылар бәрі дүрлігіп,жатыр екен.Сол жерден «тапсырма» алып бөлмеге келдік.Бірақ сабаққа бармаймыз деп сөз берсек те,ішімізде бір қорқыныш пайда болды.Үрейленген себебіміз-деканнан қорықтық..Деканымыз өте қатал адам болатын.Ертесіне таңертең лекцияға келсек-институт көшіп кеткендей,әншейінде у-шу болатын институт коридоры тым-тырыс.Шыныменен бәрі ереуіл жариялапты. 150 шақты адамнан тек 10-15 кісі ғана аудиторияда отырдық.. Екі лекция оқылғаннан кейін тарқатып жіберді.Бірақ алаңға шықпау керектігін қатаң ескертті.15 желтоқсан күні алған тапсырмамыз –листовка жазып тарату болды..16 желтоқсан күні сағат 16 –лар шамасында бәрі алаңнан келе бастады.Көрген-білгендерін айтып жатты.

Институт пен жатақхана арасындағы Студенттер көшесі бойымен қағаз жапсырдық.Іштей наразылығымызды сыртқа шығарып,ісжүзінде көрсетейік дедік.Ең алдымен Н.Сабильяновтың «қазақ деген намыстарың қайда ,неге шықпайсыңдар» деген сөзі қамшыдай тиді .Ол кезде мен – өз басым үлкен саясаттан бейхабар болдым.Орталықтың (Мәскеу) басшыны ауыстыру туралы ұйғарымынан туған наразылығымыз ертесіне, яғни 17 желтоқсан күні Жаңа алаңға ереуілге шығуымызбен тынды.Құлақпен естіген нәрселерімізді көзімізбен көрдік.Қолымызға сынған ағаш,әр жерден жинаған ,ағаш –таяқтар.Бірақ бізді Орталық Азия әскери округінің әскерлері «қарсы алды».Қолдарында дубинка ,өздері қалқанмен жабдықталған,бастарында каска.Біздің тас лақтырып,алға қарай алаңға өту үшін жасаған әрекеттеріміз-олардың одан сайын өршігіп ,қолдарына іліккен студенттерді ұрып-соғып тепкілеуіне әкеліп соқты.Алаңдағы ереуілдің ушығуына жергілікті құқық қорғау органдарының қара күш қолдануға рұқсат алып,ОАӘО(САВО) әскерилерімен бірге қарапайым халыққа ,студент қауымға қарсы қарапайым халыққа ,студенттерге қарсы әрекет жасаулары болды.Ол біздің наразылығымызды одан әрі өршітті.Көзіңді аштырмайтын прожектор жарығы алаңда жүрген халыққа айналып жарық түсіріп тұрды.Бірақ жасырын камера барын, фотосуретке түсірілетін ол кезде ешкім де ойлаған жоқ.Сол түсірілген суреттер арқылы жастарды институттардан,техникумдардан тапты.Ішкі істер министрлігі қызметкерлерінің қолдарында үлкен-үлкен фотоальбомдар болды.Ұсталғандардың бәрі институттан шығарылды» - деп еске алады.

Осылай Баян институттан шығарылады.Ол Алматы қаласынан тыс аймаққа шықпаймын деп қолхат береді.Сол жылы ҚазССР Орталық статистика басқармасында төраға орынбасары М.И.Загорецкая мен Н.Ш.Утеповтың қарамағында іс жүргізуші болып,кейіннен экономист болып істейді.1988ж қайтадан оқуын жалғастырып,1990ж. бітіреді.
Қазір ол Батыс Қазақстан облысының «Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесінде 2008ж бастап кадр бөлімінің инспекторы.
Отбасында бір қыз тәрбиелеп отыр.

 

Құсайынова Любовь Медатчаховна

 

Орал облысы, Тайпақ ауданынан мектеп бітіріп, Алматыдағы ҚазМҰУ-дың филология факультетінде шығыстану бөлімінде оқиды.1986 жылдың 16 желтоқсанында бір топ студенттермен бірге қаладағы ереуілшілерді,жатақханадағы әбігерді өз көзімен көреді.Ол да жолдастарымен бірге алаңға барып, жастардың қалай қор болып,соққыға жығылғанын көреді.Әскери жендеттердің қазақ жастарына көрсеткен қысымын өз көзімен көріп,бас сауғалап,зорға дегенде аман-есен жатақханаға келеді.Кейін топ-топта жиналыс болып, кімдер барып,кімдер қатысқанын білу үшін студенттерді сұрақтың астына алады.Желтоқсанның куәгері Любовь Медатчаховна қазір Орал қаласындағы АТИСО Еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясы шығыстану халықаралық қатынастар кафедрасының доцент.

Азаттық алаңында топ жарып шыққан қазақ жастарының қайсар үні, қаршадай қазақ қыздарының қайратты қимылы тарихқа айналып, болашақта еліміздің ұл-қыздарын отансүйгіштікке шақырары анық.

 

І.Оразова,
Экспозиция бөлімінің 
кіші ғылыми қызметкері.

 

1991жылдың қыркүйегінде Оралда болған «оқиға»

 

1986 жылғы желтоқсан оқиғасы ұлттық санамызды оятып қана қойған жоқ, ол сонымен қатар көптеген қандастарымыздың бойына бауырмалдық, өз халқына деген жанашырлық сезім қалыптастырды.

 

Оған дәлел 1991 жылдың қыркүйегінде Орал қаласында болған тарихи оқиға.

Қазақ халқы- тамырын жеті қабат жер астына жіберген алып бәйтеректей, өзегін ғасырлар тереңіне тартып, осынау қасиетті ұлы даласынан табан аудармай, дауылдармен алысып тағдырымен қарысып, өсіп-өркендеп келе жатқан байырғы халық. Бүгінгі қазақ халқы – сонау есте жоқ ескі замандарда-ақ тұлпарының тұяғымен дүниені дүр сілкіндірген көне сақтардың, ежелгі ғұндардың, байырғы түріктердің ұрпағы. Ал мынау байтақ даламыз-біздің бабаларымыздың кір жуып, кіндік кескен жері, көлжазира өңіріміз, атадан қалған байтақ мұрамыз, баға жетпес байлығымыз, алтын босағамыз. Осынау ұлан-ғайыр жерімізге кімдер қызықпады, кімдер иеленбеді.

 

 

Сол бір отаршылдықтың темір құрсауынан құтылудың құны- отызыншы жылдардағы ашаршылық пен сталиндік жаппай жазалау, Ұлы Отан соғысында от ортасынан оралмаған боздақтардың қанымен, кешегі желтоқсанда ұлттық намысты қолдан бермей, халықтың сағын сындырмау үшін бел буып шыққан жастарымыздың ар-намысының тапталуымен келді емеспе?... Сонда қазақ ұлтының бүгінге дейінгі қат-қабат тарихының басты мазмұны– азаттық үшін болған күрестерге сайып келеді емеспе?... Тоқсаныншы жылдардың бас кезінде КОПК-ның ролі әлсіреп, Кеңес одағы деп аталатын империяның іргесі шайқала бастады. Бұған дейін КСРО-ның құрамында болып келген ұлттық республикалар дербестікке қол созып бірінен соң-бірі өз егемендіктері жөнінде декларациялар қабылдап жатты. Бұл жағдай Қазақстанда 1990 жылы қазанда жүзеге асты. Бұл сөз жоқ, бұрын өзі билеп келген Мәскеуге ұнай қоймады. Сол кезде Ресейде белгілі бір күштер бұл еркіндікке тежеу салып, тосқауыл қоюдың жолын іздестіргені айқын еді.

Осындай аласапыран кезеңде Орал казачествосы өздерінің патша ағзамға қызмет ете бастауының 400 жылдығын атап өту жөнінде ұйғарымға келді. Әрі оны Ресейде емес, Қазақстан жерінде, Батыс Қазақстан облысының орталығы Орал қаласында өткізу жөнінде шешім қабылдайды. Бұл дегенің сөз жоқ казачество өкілдері тарапынан тікелей арандатушылық пиғыл болатын.

Бұл жөнінде арнайы ұйымдастыру комиссиясы құрылып, іске кіріседі. 400 жылдықты тойлауға Ресей мемлекетінің түкпір – түкпірінен 3000-ға тарта казактар шақырылған деген деректер де болды, және де бұл шындыққа да айналды.. Ұйымдастырушылар біздер алдымызға қандай ма болмасын бір мақсат қойған жоқпыз, тойды тек мәдени-этникалық шаралар аясында ғана өткізуді белгіледік, сырттан басқалай қолдаушыларсыз тек қала мерекесі ретінде өткізуді жоспарладық деп мәлімдеді. Бұл істің астарында қандай пиғылдың жатқанына көз жеткізбей осы мерекені өткізу жөнінде Орал қалалық кеңесінің төрағасы шешім шығарып жібереді. Бұл аңғалдық па? Ол шешімде былай деп жазылған:
«Қала халқының белгілі бір тобы мен Орал казактары тарихи-мәдени орталығы өкілдерінің ұсынысы қабылдансын» -деп жазылған. Осы шешім бойынша кең көлемде ақша бөлініп, арнайы комитет құрылып, тойдың өтуіне қолдау жасалады. Сол кезде облыстың кеңесінің төрағасы қол қойған тарихи қаулыда:

«...Орал өңірі халықтары күніне» қатысу үшін Россия Федерациясының және Қазақ КСР-ның көрші облыстарынан өкілдер шақырылсын» -деп жазылған.

Ата-бабамыздың ғасырлар бойы армандаған бүгінгі бостандығы мен қолымыз жетіп отырған тәуелсіздігіміздің өзінен -өзі келіп басымызға қона қоймағаны, осынау азаттық үшін миллиондаған адамның жаны қиылып, қанының төгілуімен келген елдің тұтастығына қатер төндіріп қантөгіске соқтырғалы тұрған бұл шараның өткізілуіне Оралдағы «Азат» қозғалысының өкілдері үзілді-кесілді қарсы болды. Сол кезде «Азат» қозғалысы Батыс Қазақстан облыстық бөлімшесінің төрағасы Аманжол Зинуллин болатын.

Олар Ресей атаманы Мартыновтың бастауымен Орал қаласына саяси шара өткізуге келген казак әскери жасақтарының бұл әрекетін егемендікке қарсы, террриториямыздың тұтастығын бұзуға бағытталған саяси арандатушыларының күш көрсетулерінің бастауы деп есептегендіктен олардың кейін қайтуларын өтінді.

Осы оқиғаның алдында Алматыда «Азаттың» республикалық съезі болған еді. Ол съезге Орал облысынан Аманжол Зейнуллин мен Айсұлу Қыдырбаева қатысып қайтқан болатын. Съезде олар Орал жерінде болғалы жатырған жайды айтқан кезде көп адамдар оған құлақ аса қоймаған-ды. Съезден кейін жекелеген азаматтар «бұл нендей жағдай ?»- деп болғалы тұрған жәйдің мән-жайын сұрап білді. Жағдайдың жақсы еместігін түсінген Азаттықтар сол жерде ақ «Аттанайық Жайыққа»-атты наразылық акциясын құру жөнінде шешім қабылдады.

Кейін Орталық Комитетте бұл әңгіменің жаны бар мәселе екенін сезіп қолдау көрсетті. Сол кезде бөлім меңгерушісі болып отырған Мырзатай Жолдасбековтың ұйымдастыруымен Оралға Алматыдан, Шымкенттен, Жамбылдан «Аттанайық Жайыққа»-деген атаумен бүкілқазақстандық акцияға қатысушылар келіп жатты. Осы тұста, күні бұрын ойластырылып шешілген жәйдің тұқ етері заңға қайшы емес, әр халық өз тойын тойлауға құқысы бар деген желеумен, отаршылдықтың тойын тойлауға Оралға келген казак күштері арам ойларын іске асыруға кірісіп жатты. (бұл күн 1991 жылдың 15 қыркүйегі болатын.) Осы жайлардың бәрін ескеріп, азаттықтар жедел аудандардағы (Жымпиты, Жалпақтал, Жәнібек, Шыңғырлау т.б.) өкілдер арқылы жергілікті қоғамдық және саяси ұйымдармен байланысқа шыға бастады.

Облыстық «Азат» қозғалысының басқарма отырысының шешімімен «Бүкілқазақстандық бейбіт наразылық акциясын» өткізу жөнінде облыста жедел «Ұйымдастыру штабы» құрылды.

Оның құрамына А.Зейнуллин, Қ.Сүлейменов, Алтай Зейнуллин, Т.Сатқұлиев, Н.Сисенбаев, О.Жәкібаев, М.Ихсанғали, Т.Жолманов, А.Қадырбаева, Б.Бүркітова, Қ.Төлежанов, Света Құтқожина, М.Айсауытов; Ж.Отаралиев, Д.Өтегенов, Тельман Хасеновтар кірді. Қала көшелеріне халықты митингіге шақырған хабарландырулар ілінді. Олар мынандай мазмұнда болды:

 

Азаматтардың есіне.

Қала, аудан, жалпы облыстың иісі қазақ азаматтарын және барлық ұлт өкілдерін, Орал қаласында 14 қыркүйек сенбі күні сағат күндізгі 9-да басталатын «Бүкілқазақстандық антисепаратистік» шеруге қатысуға шақырады.
Бұл «Бүкілқазақстандық анти-сепаратистік шеруге» Қазақстанның барлық облысының өкілдері қатысады.
Наразылық шеруіне қатысушылар Орал қаласындағы «Форум» қоғамдық саяси үйінің алдына жиналуға тиіс.

(Аялдама облисполком)
Ұйымдастыру комитеті.

 

Осы бір сәттер қаланың орталық көшесінде өте қиын жағдай, жиылған халық бірі түсініп бірі түсінбей жатқан жәй, маңдайларына ақ шүберек байлап қолдарына лозунгалар ұстаған азаттықтар. Қандай жағдайдың болары бір Аллаға ғана аян, дегбірсіз, үрейлі сәт.

Жан-жақтан жиналған казактар, Ресей империясының екі басты самұрық құсы бейнеленген жалауын, атамандық штандарттарды желбіретіп, шіркеуде діни-саяси жиын жасады. Дін басыларының уағыздарын тыңдап шығып, әскери сап құрап олар «Зенит» мәдениет сарайына бет түзеді. Сол кезде оларды ешкім бөгемеді. Сол күні олар сол бетімен бүгінгі Достық даңғылы бойымен «Хан тоғайына» дейін барып жолай, ол жақтағы мешітке де кіріп мүнәжәт қылып. Хан тоғайында салтанаттарын жалғастырмақшы екен.

Халқымыз үшін қасиетті орын болып саналатын, хандарымызды ақ киізге көтеріп хан сайлаған тоғайда мұндай той-даңғазаны өткізу дегенді естігенде бұл жағдай халықтың сөз жоқ ашу-ызасын тудырды. Алаңға шыққан халықтың ұзын саны он мыңнан асып жығылды. Жан-жақтан келген наразылық акциясы мүшелері бұл бассыздықты тоқтатуды мақсат тұтты. Мұндайда не істеген жөн? Шырпыны тартып қалса, от тұтанып лаулап кетейін деп тұрған сәт еді.  
Сабыр сақтап, ешкімде өз еркімен тәртіп бұзбады. Араларынан 113 еріктілер жасақталып, не көрсек те біз көреміз деп олар алға шықты.
Олар «Ағайындар, бауырлар» деп халықты сабырлылыққа шақыра отырып, өздері «Зенит» мәдениет үйіне қарай бет алды. Негізгі қалың топ орталық алаңда қалды.

Әлде қандай жағдай болып кетеді деген ниеттен бе?, оларды бұл жерде қолдарында дубинкалары бар сұсты милициялар, мұздай қаруланған арнайы жасақ ОМОН-дар, тіпті (атты әскер де әкелініп қойылған) қарсы алды.
Сол оқиғаның дәл ортасында болып бастарынан кешкен азаматтармен сұқпаттасып, әңгімелерін тыңдағанда, терең бір күрсініп алып, дәл сол кезеңге оралғандай:

«халыққа қыр көрсетіп жалпақ басып мәдениет үйіне кіріп бара жатырған казактарға милициялар сап түзеп тұра қалып жол ашып өткізіп жатқандарын көргенде намыстан бойымызды кек кернеп, жанарымыз жасқа толып, жанымызға аяздай батты. Ол, ол ма? милициялардың біздерді кейін итеріп тастағандары тіптіде ауыр болды, сондада уәде құдай сөзі, берген серт бар ызадан булығып әзер тұрдық» -деп өздеріне көрсеткен сол сәттердегі әділетсіздіктерді жанарлары жанып, жігерлене отырып әңгімелеп, біздер сонда не үшін, кім үшін осы жағдайды болдырмаймыз деп басымызды қатерге тіккен едік» -деген әңгіменің астарынан, бұл сұрақтың жауабын кім бермек, әлі күнге дейін сол бір сұрапыл оқиғаның өз бағасын ала алмай келе жатқандығы да әрқайсысының көкірегіндегі бір арман екендігі сезіп-ақ тұрды.

Ұлттық намыстың шегіне жеткен ширығуы арқасында бұл оқиға қантөгіске ұласып кетер ме еді, кім білсін? Сол мезетте, қолында бес жасар немересі бар Қадиша анамыздың жерге жайып тастаған ақ жаулығы албырт жастардың арынын қайтарған-ды. Анталап келген қалың топ ақжаулықтан аттап өтпеді.

Сонау Әулиеатадан келген 74 жастағы Шоқай Нәметолла ақсақал халық алдында аталы сөзін айтып, сабырлылыққа шақырып, қайта-қайта құран оқып отырды.

Бұл дегенің сол кездегі күрескерлердің ақ жаулықты аттамай, әдеп сақтап, халқының салтын, дәстүрін, ғұрпын бойына сақтаған, Алланы жүрегіне берік тұтқан нағыз батырлар еді. «Бұл күн казактарға той болса, қазақ халқы үшін қаралы күн» деп жарияланып, акция өз жұмысын жалғастырды.
Бұл бейбіт наразылық акциясы үш күнге созылды.

Қазақтың ақын қызы Айсұлудың еліміздің егемендігі, ұлтымыздың тәуелсіздігі, тіліміздің тағдыры шешілер тұстағы еңбегі өлшеусіз. Айсұлу Қадырбаева – халық басына қара бұлт үйірілген алақұйын сол бір күндері небір бөрік киген бауырларымыз бұғып қалған тұста ерлермен бірге атқа қонған қазақтың қайсар қыздарының бірі еді.

Ол өзінің сөзінде: «Патшалық Ресейге қызмет еткен Орал казак әскери күшінің 400 жылдық тойы»,-деп құйтұрқылана бастаған сепаратистер әрекетін қанша шебер болса да бір кісінің ұйымдастыруымен, ал қанша қарулы болса да шағын бір топтың күшімен баса салу мүмкін емес еді. Қайсібір кезде күреске түспек тұрғай, оның көлеңкесіне жақындап көрмеген қайсыбір саяси шолушысымақтар «Орал оқиғасын » Ақ жаулықпен тұншықтыра салғандай айтады, бұл әрине қате пікір. Атам заманнан бермен қарай, жерімізге көз алартып, жалмау мен жұтуды түбегейлі кәсібі мен мақсатына айналдырып алған аждаһа алдынан желбіретіп миллион жаулық алып шық, шұлғау құрлы көрмей, таптап өтеді. Иә жиылған халықтың көңілі қобалжып, ширыққан шағында аптығын басып сабына түсуіне әуелі үш күн бойына дүркін-дүркін оқылып тұрған құран мен топ алдына жайылған жаулықтың септігі тигені рас, бірақ ол ата жолын ұстаған қазақтар үшін ғана. Яғни солардың күрес үстінде артық қимылға кетіп қалмауы үшін Алланың әмірімен санаға келген ақыл – бұл!

 

 

Ал, Орал оқиғасы бұл ойын емес еді. Ол алдын-ала ойластырылған соғыс ойыны. От шыққалы тұрған оспадарсыз ойын. Біз Орал оқиғасына қатысушылар, бұл қауіпті сезбедік емес, сездік. Бірақ бізде басқа таңдау болмады. Не көну!!!, Не өлу!!! Үш баланың тағдырын бір Аллаға тапсырып, қырыққа келген мен сияқты ананың басымды қатерге байлау мен үшін оңайға түскен жоқ. Алайда елге, жерге деген сүйіспеншілік осыған мәжбүр етті. Дәл осы сезім Орал оқиғасына қатысқан жүрегі таза әрбір азаматтың көкірегінде тұрды. Біз бетке перде ілмедік, ашық күрестік. Біздер халқымыздың салтын, дәстүрін, ғұрпын бойларына берік ұстаған, бірінің алдына бірі шықпай бір кісідей бір тәртіпке бағынып мақсатты түрде бірдей қимылдау үлкен тәрбиенің жемісі десек, ол біздерде болды-деп еске алады.

Болып жатырған оқиғаның бел ортасында болған сол кезде Орал педогогикалық институтының көркем сурет және графика факультетінде оқып жүрген жалындаған жас студент Мұнайдар Балмолда, орақ тілді, суырып салма ақын жігіт сол кездегі көңіл-күйді өзінің жалынды жырларымен жеткізді. Ол сол кездің нағыз Махамбеті болды.

Әрбір оқиғаның себеп-салдарын, халықтық сипатын дәл көрсетіп отырды. Оның өлеңдері оқиғалардың тарихи деректілік құндылығын арттырып қана қоймай, сонымен бірге оның табиғатын, қыры мен сырын толығымен ашуға көмектескен от ауызды, орақ тілді нағыз саяси ақынның сөзі болды. 
Қан төгілген жоқ бірақ, бұл кез «Еділ –жауда, Жайық –дауда» деп, бабаларымыздың аһ ұра күрсінгені еске түсетін өте қиын оқиға еді.

Рас, 1991 жылы қыркүйекте Ресейдің әр қиырынан келген казачество өкілдері көздеген мақсаттарына жете алмады. «Жаман айтпай жақсы жоқ деген» егер олар сол кезде ойға алғандарын жүзеге асырса, не болар еді. Бұдан кейін Ресей казачествосы Оралды Ресейге қосу туралы мәселе көтеріп, бұл қала даудың басына айналуы мүмкін еді. Әйтеуір оған жол берілмеді. «Бұл жер- біздікі. Не істесек те құқымыз бар мұнда мерекемізді өткізуге де еріктіміз»-деп империялық кеудесоқтық таныта келген келімсоқтар бас сауғалап келген жақтарына кейін кетті. Тіпті олар Орал вокзалынан емес Шипов бекетінен отыруға мәжбүр болды.

Осы оқиғадан бірнеше күн өткеннен кейін осы қыркүйек оқиғасының бүге-шігесін талдауға арналған облыстық кеңестің сессиясы болып өтті. Алайда оған нақты байлам жасалмай, саяси баға берілмеді. Сол кезде депутат Тілек Бөлеев қана қантөгіске апарып тірей жаздаған бұл жағдайдан тиісті қорытында шығару жөнінде батыл ой қозғаған бірден –бір адам. Бірақ оның пікірі қолдау таппады. Қазақ КСР-інің сол кездегі Жоғарғы Кеңесі де, Республика Үкіметі де болған оқиғаға саяси баға беруге асықпады.

Сөз жоқ бұл жағдай азат қозғалысы мүшелерін ашындырды. Айсұлу Қадырбаева Алматы қаласында аштық жариялады. Кейіннен оған Хадиша Кәрібаева мен Мейрамгүл Нүсіпова қосылды. Олардың түп мақсаты Орал оқиғаларына әлеуметтік – саяси баға беруді, мемлекеттік комиссия шығаруды талап етті. Оралда олардың талаптарына қолдаушылық білдірген екі студент аштыққа отырды. Бұл күздің ызғары соғып тұрған қазан айы болатын. Сол екі студенттің бірі Мұңайдар Балмолда болатын. бүгінгі күні облыстық телерадиокомпаниясында қызметте тележурналист, ақын, ҚР.Жазушылар Одағының мүшесі. Екіншісі Бостандық совхозының жұмысшысы Қайрат Ибатов болды.
Олар аштықтың адам ағзасына тигізер зиянын біле тұра өз еріктерімен барды. Бұл жағдай ешкімді де бей-жай қалдырған жоқ. «Азат» қозғалысының үйлестіру кеңесі аштыққа отырғандардың денсаулығын қадағалап отыруды сұрап, облыстық денсаулық бөліміне хат түсірді.

Біз Сіздерден, ежелгі қазақ жері Орал өңірінде «Патшалық Ресейге қызмет етуші Орал казак әскери күшінің 400жылдығы» дегенді атап өтпек болған арандатушылардың әрекеттеріне байланысты саяси баға беруді сұрап, бейбіт акция «Аштыққа» қатысушылардың денсаулығын қадағалап отыруды сұраймыз.

Тең төрағалар: А.Зейнуллин
Қ.Төлежанов 16.Х.1991.

 

Бұл жөнінде де жастардың алаңсыз оқуына жағдай жасаудың орнына олардың жастықпен жасап жүрген ұшқалақ пікірлеріне тосқауыл қоймай оларды қолдап осы іске итермелеп отырған «Азат» екен дегенде сөздер болды.
Сонда баспасөз беттеріне жазып жүрген белгісіз біреулердің ойынша, саяси да сауатты талап қойып жүрген жастардың пікірі «ұшқалақтық » екен де оларды отқа сүйреп, ажалға итеріп жүрген «Азат» болып отыр.

Бұл әрекетке баруларының себебін де Мұңайдар Балмолда тағыда өз өлеңінде ашып көрсетіп берді.

 

Ей, адамдар, иен айтайын бір шындық,
Біз неліктен жанды қинап бұлқындық.
Өйткені, біз ақиқатты аңсадық,
Өйткені, біз әділетке ұмтылдық.
Осы күнде мүмкін емес жай жүру,
Қажет деймін бәріне де сай тұру.
Жатыр әне Алматыда ашығып,
Ардақты ана, ардақты қыз-Айсұлу.


Қыз да болса, азамат қой, азамат,
Ой қинайды көңілімді мазалап.
Қалай ғана қиналмассың ашынып,
Сол себепті жатырмыз біз қуаттап,
Көк асфальтта нәр татпастан ашығып
Кейбіреулер халді сұрап кетеді,
Қуаттайды, адал тілек етеді.
Екіншілер әжуәләп кетеді,
Мазақ сөздер сай-сүйектен өтеді.


Түсінбейді-ау, неге олар күледі...
Күлсе күлсін айналдырсын мазаққа,
Ашымасын жаны мейлі қазаққа.
Күлсе күлсін, мұқата алмас бірақта,
Біз төземіз аштық, суық, азапқа.
Күлсе күлсін, келеке қып, мейілің,
Қажет емес мүсіркеу мен мейірім.
Халық қана бізді ұғар, қуаттар,
Теріс қылмас ақ ниетін пейілін.

Орал қаласы. 16 қазан. 1991ж.

 

Жоғары Кеңес үйінде қазан айының 25-і күні Орал оқиғасына байланысты аштықта отырғандарды Қазақстанның вице-президенті Е.Асанбаев қабылдады. Бұл қабылдауға «Азат» қозғалысының төрағасы М.Есеналиев қатысты.
11 күнге созылған саяси талаптың нәтижесінде «Орал оқиғаларына» саяси баға беру үшін Президент тарапынан арнаулы президенттік комиссия құрылды. Сол күні Алматы көшелерінде төмендегідей мазмұнда хабарландырулар ілінді:
Бүгін, 25.10.1991. «Аштық» аштық саяси акциясының 11-ші тәулікке қараған күні, үкімет Айсұлу Қадырбаеваның талатын орындау жөнінде шешімге келді.

А.Қадырбаеваның талабының қанағаттандырылуына байланысты, оған қосылған Нүсіпова Мейрамгүл, Кәрібаева Қадиша да өздерінің саяси акциясын тоқтататындықтарын мәлімдеді.

Президенттік комиссия казак ұйымының іс-әрекеті еліміздің Ата заңына қайшы, мемлекеттің тұтастығына қатерлі екенін ұлтаралық ынтымақты бұзуға бағытталғанын айыптап өз бағасын берді. Осы комиссияның құрылып, жұмыс жасауына «Азаттықтардың» жан айқайы әсер етті десек бұл Орал оқиғасының да бір беті.

Оралдағы қыркүйек оқиғасынан кейін Президент өзінің Қазақстан халықтары Ассамблеясын құру идеясын көп кешікпей жүзеге асырды.

Президенттік комиссия сол уақытта өз өз бағасын беріп, үкімет тарапынан құжаттама түрінде ғана бағасын алғандай болған, бұл оқиға күні бүгінге дейін жалпы республика халқына таныс емес. Осы оқиғағаның болғанына 18 жыл уақыт өтседе, тарихымыздың бір шындығы көмескіленіп, үн-түнсіз көміліп қалғанға ұқсайды.

 

 

Елбасымыздың: «Қазақтың тарихында қазақ ұялатындай дәнеңе де жоқ»,- деген бір сөзі бар. Халқымыздың басынан өткен арғы-бергі тарихы өскелең ұрпаққа өнеге, ғибрат, алатындай тарих екендігі шындық. Біздің тарихымызды ешкімде сырттан келіп, түгендеп жазып бермейтіні ақиқат. Сондықтанда халқымызға рух беретін, осындай қасиетті күндердің болғанын біздер неге ұмытуға тиістіміз.

Рух туы желбіреп тұрғанда өткенге тас лақтырып қарғыс айтпай, одан сабақ алып, жіберген қателігімізді қайталамай, найзаның ұшымен, рух-намыстың күшімен қорғаған ата-баба аманатын орындау ─ бүгінгі ұрпақтың парызы.

Р.Кажушева.
Экспозиция бөлімінің ғылыми қызметкері

 

Көрменің мақсаты:

ХХғасырдың 1986 жылындағы Желтоқсан, 1991жылғы Қыркүйек оқиғалары жүздеген жылдар бойы бабаларымыз армандаған егемендік жолындағы ұлт-азаттық күрестің тарихи сабақтастығы екенін бүгінгі ұрпаққа ұғындыру.

 

Көрменің тартымдылығы:

Бүгінгі еліміздің Тәуелсіздігіне жету үшін талай боздақтарымыздың шейіт болғанын көрерменге жеткізу, бүгінгі ұрпақтың дүниетанымын кеңейту. Осы мақсатта 1986ж желтоқсан қозғалысы мен 1991 қыркүйек оқиғасына Ақ Жайық өңірінен қатысушылар туралы музей қорына жиналған тың деректер тұңғыш рет көрермен назарына ұсынылып отыр.

 

Көрменің ғылыми маңыздылығы:

Жас ұрпақты Тәуелсіздіктің қадірін ұғынуға баулу. Оларды Отанды сүюге, қастерлеуге үйрету, азаттық жолында күрескен замандастарымызға әрдайым құрмет көрсетуге, адамгершілікке, әділеттілікке, ел мен жердің қадір-қасиетін ұғынуға тәрбиелеу.

 

Экспозициялық шешім :

Көрме музейдің фойесінде жабдықталады
1-2-витриналарда-1986жылғы желтоқсанға қатысты материалдар қойылады.
3-витрина-1991жылдың қыркүйегі
4-витрина
5-витрина

 

Ашылу мерзімі: 15 желтоқсан, 2009 ж.

 

 

«Тарихи сабақтастық» - атты көрменің тақырыптық экспозициялық жоспары

Тақырып пен бөлімдер

Материалдар жиынтығы

Ескертулер

1

Кітаптар

1.Махамбет-200 .Жыр-жебе.Алматы,2003

2.И.Кенжалиев «Сырым батыр»Алматы,1992ж

3.Х.Маданов «Біз қазақпыз»Алматы,1996ж

4.Алматы 1986 желтоқсан.3-кітап

Алматы,1992ж

5.Алма-Ата,Декабрь 1986 год

Алматы,1992

6.Н.Сисенбайұлы «1991,қыркүйек-«Орал оқиғасы» Ақтөбе,2001ж

7.Сисенбай Нұрлыбай «Азат» азаттық жолында Ақтөбе,2008ж

8.С.Жүсіп «Азат» пен аманат Қызылорда,2006ж

9.О.Жәкібаев «Азаттық» Орал,2008ж І,ІІ,ІІІ кітаптар

10.М.Балмолда «Көкбөрі»Өлеңдер мен әңгімелер жинағы Орал,2006ж.

 

2

Фотолар

1.Машанов Шоқан Сейітқалиұлы

1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушы

2.Қуатова Баян Хабибуллиновна

Желтоқсан оқиғасының куәгері

Алматы, 1987ж

 

3.Шақуова Назгүл Нағымқызы

Желтоқсан оқиғасының куәгері

Студенттік кезеңнен көріністер. 7 қараша ,1986ж

4. Құсайынова Любовь Медатчаховна

(Екінші қатарда сол жақтан 2-ші)

Желтоқсан оқиғасының куәгері

Алматы, 1989-90ж.

5.Құсайынова Любовь Медатчаховна курстас жолдастарымен

( Бірінші қатарда сол жақтан екінші)

Алматы ,1987-88ж.

6.Орал облысы Тайпақ ауданы жастарының

Алматы қаласындағы кездесуі

Құсайынова Любовь 3-қатарда сол жақтан 4-ші

Алматы ,1986-87 ж.

7.Тәуелсіздіктің 5жылдық мерекесінің қарсаңында.

Тәуелсіздіктің жолында құран болған желтоқсандықтарға құран бағыштау

Орал қаласы,1996ж

8.Наразылық шеруінен көрініс

Алдыңғы қатарда отырғандар Қ.Бердіғалиев пен

Әулиеата мешітінің имамы Шоқай ата

Орал қаласы ,1991ж.

9.Наразылық шеруіне қатысушылар

Орал қаласы ,қыркүйек 1991 жыл

10.«Азат» азаматтық қозғалысының І съезінің делегаттары

Алматы қаласы,қазан айы 1991 жыл.

11.«Азат» азаматтық қозғалысының төрағасы,Оралдағы қыркүйек

оқиғасының белсенді мүшесі Аманжол Зинуллин жолдастарымен

12.Айсұлу Қадырбаеваның Алматыдан келген сапары.

13.Айсұлу Қадырбаева азаттықтардың ортасында

14.Наразылық шеруін тоқтату үшін Қадиша ананың

ақ жаулығын жерге тастау сәті

Орал,1991ж.

15.Қадиша ана. Жаулығын жерге тастап,толқыған елді тоқтатып,ақылға жүгіндірді

16.Ақын Айсұлу Қадырбаева мен Қадиша Кәрібаева

17.Азаттықтардың бір жылдан кейінгі кездесуі

Орал,1992ж.

18.ҚАҚ «Азат»-тың І съезінен көрініс

Алматы,1991жыл

19.Митингіден көрініс.Облыстық әкімшіліктің алдында.

Орал қаласы ,қыркүйек 1991ж.

20.Сатқұлов Төлебай жора-жолдастарымен

21.Мұнайдар Балмоданың отбасы :жары Венера, қызы Айтолқын,

ұлдары Айбарыс пен Елнамыс

Орал қаласы, 2009ж.

22.Балмолдин Мұнайдар Мұханбетжанұлы

Оралдағы 1991жылы өткен қыркүйек оқиғасына қатысушы

Ақын, журналист ,Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі,

облыстық телерадио кешенінің тележурналисі

23. Наразылық шеруіне қатысушылар «Казактар үшін 400 жылдық

мерейтой,қазақ халқы үшін отарлықтың 400 жылдық қайғысы.

Азалы күні ешқандай тойға жол жоқ!»ұранымен.

24.Жолманов Тұрсын Өтесінұлы

Оралдағы 1991 жылғы қыркүйек оқиғасына қатысушы

Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің БҚО бойынша

басқармасының аудармашысы

25.Орынбай Жәкібаев

«Азат» азаматтыққоғамының мүшесі,журналист

БҚО ардагер журналистерінің БҮҰ

төрағасы

26.А.Қадырбаеваның Алматы қаласында Оралдағы қырккүйек оқиғаларына саяси баға беру туралы саяси аштық жариялауды қолдап, оралда аштық

жариялаған Мұнайдар Балмолдин мен Қайрат Ибатов

Орал қаласы, 1991жыл

27.Оралдағы саяси аштық алаңында

28..Митингіден көрініс.Алдыңғы қатарда отырғандар

Қатимолла Бердіғалиев және Әулиеата мешітінің имамы Шоқай ата Наметолла

Орал, 1991жыл

 

 

3

Газеттер

1.А.Қадырбаева «Біз бетке перде ұстамадық»

«Жүздесу»газеті 9-16 қыркүйек 2004жыл

2.М.Балмолда «күні кешегі ақтаңдақ» Жас қазақ 15 қыркүйек 2006ж

3.Ж.Шамұратова «Тәуелсіздік жолындағы тағы бір бұлқыныс». Алтын орда8-14 желтоқсан 2006ж

4.Т.Құсайын «Азат» болып қазақ болып тірескендерді тәуелсіздік табыстырып отыр

5.М.Балмолда «Желтоқсанның тәуелсіздікке қатысы жоқ!»Евразия 26 қаңтар 2007ж.

6.Ж.Ғазиз «Сол желтоқсанның ызғарын» газет қиындысы

7.В.Гайнуллина «Ызғарлы із қалған қыс»Орал өңірі, 16 желтоқсан 2006ж

8.Л.Құсайынова»Желтоқсанда жанын жалау еткендер»Орал өңірі 15 желтоқсан 2007ж


4

Заттай деректер

1.Фотоальбом

2.Куәліктер-3

3.Блокнот -1

4. Жыр дәптер-1


5.

Фотокөшірме



6.

Барлығы

50


 

 

Тәуелсіздік күніне арналады.

«Тарихи сабақтастық» - тақырыбындағы шараның сценариі.


Өтетін орны: Облыстық музей. «Алтын Орда залы» 
Өтетін уақыты: 15желтоқсан.2009ж. 
Сағат: 11.00.

 

Шақырылған қонақтар:

1986 жылғы желтоқсан көтерілісінің куәгерлері:

1991 жылы қыркүйек айындағы Орал оқиғасына қатысушылар. «Азат» қозғалысы мүшелері: 1. Зейнуллин Аманжол Зейноллаұлы-1991 жылғы қыркүйектегі «Орал оқиғасын» ұйымдастырушы жетекшілерінің бірі. Орал облыстық мәслихатының депутаты

Регистрация

Жемчужины фонда