Get Adobe Flash player
Slide item 1
Slide item 2
Slide item 3
Slide item 4
Slide item 5
Slide item 6

Главное меню

Добро пожаловать!
Структура музея
Виртуальный тур
Экспозиция
Шедевры, коллекции
Научная деятельность
Законодательство
Госзакупки
Новости
Массовые мероприятия
Западно-Казахстанском областном историко-краеведческом музее открытие зала «Елбасы және Тәуелсіздік» Казахский государственный академический оркестр народных инструментов имени Курмангазы в Приуралье «Дін және дәстүр» «Я памятник воздвиг себе нерукотворный» «Әсем табиғатты қорғау – әркімнің міндеті» «Живем, пока помним!» «День открытых дверей» и акция «Ночь в музее» Ерлік пен Жеңіс Чтобы музы не молчали Отқа оранған жастық Невестка Б.Момышулы в Приуралье Абайдың табиғат лирикасы Әлем бірлігіндегі Қазақстан «Біз біргеміз – берік іргеміз!» Ақ Жайық – достық мекені Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі Сыр еседі сыңғырынан сырғаның Жауқазын Ерлікке толы Ұлы жол Әсем қоңыр «Масленица» «Хандық билік және қазақ елі» «Қысқа ғұмыр, биік белес» «Жалынды ақын, жаужүрек батыр» "Ақжайық-достық мекені" «ЭКСПО-2017 – елдің ерен жеңісі» Открытие мультимедийного комплекса «Сакентану» Батыс Қазақстан облысының мамонт фаунасы «Ғұлама ғалым, парасатты азамат» «Керей қайда барасың?» «Поэзия әлемінің ұлы Қадыры» Поэзия Пайғамбары «Ұрпаққа мұра болар сыйлар» «Кенеп бетіндегі Тәуелсіздік жетістіктері» «Тәуелсіздік шежіресі» «Арманы үлкен – азат ел» «Биік белестер» «Тәуелсіз Қазақстанның гүлденуі» «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» «Елін сүйген, елі сүйген елбасы» «Елбасы – ел тірегі» «Біздің Елбасы» «Ұлт көшбасшысы» «Ақордада көк байрағын нық ұстап, елбасымыз алаш арын арлаған» «Ұлтын сүйген ұлы жүрек» «Қазақстан-2050» - Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол» «Елін сүйген,елі сүйген – Елбасы» «Ақпәтер ауыл тарихы» Тұлға. Зерттеуші. Азамат. Ұлттық валюта – тәуелсіздік негізі Пайдалы қазбалар Шеңберден тыс дүние Тастөбе ерліктің ескерткіші Өнер әлеміндегі тұғырлы тұлға Бабалар бейнесі Ізгіліктің нұрын сепкен Күмбірлеген күй сыры Тіл тағдыры-ел тағдыры «Динозаврлар әлеміне саяхат» «Редкие растения Миргородского ландшафтного заповедника» «SOS - сайгак» Қазақ болмысы жәдігер бойында «Өрелі өмір – әркімге өнеге» «Тәуелсіздік туын көтергендер» «Қайдасыңдар, жалындаған жастарым?» «Жайықтан шыққан ән бұлбұлы» «Мың тұяқтың дүбірі,бір Тұяқтың саусағы» «Көп жасаған қария, ақылы теңіз дария!» «Зерделі сөздің зергері» «Тіл – татулық тірегі» «Діни экстремизм және терроризм» «Алтын ханшайым» «Өнегесі мол өрелі жан» «Күй әуен – сазбен өрілген жыр шежіре» «Ұлы Абайға тағзым» «Орнатылған ескерткіш белгі міне, Есіміңе қанықты ел бүгінде» «Спортты серік еткендер» «Тәуелсіздік нышаны» «Жабайы аңдар – жаралы табиғат» «Әсем қалам – Астанам» «Астана – Отанымыздың жүрегі, Тәуелсіздігіміздің тірегі!» «Астана – махаббатым менің» «Тайна керамическихкувшинов» «Елі ардақ тұтқан ұстаз» «Дін және жастар» «Менің туым, менің елтаңбам, менің Әнұраным» Облыстың ерекше қорғалатын табиғи территориялары «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш» «Ел айбынын асқақтатқан рәміздер» «Геральдика тарихы және Отанымыздың рәміздері». «Аға ұрпақтың сыннан өткен сардарлары» «Мұрағаттар сыр шертеді» В областном музее состоялась акция «Ночь в музее» «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран» «Отырарда ойлылардың ізі қалған» «Ғасырлар таңбасы-Капустин Яр» «Өнерің сенің жалғасын табар бүгінде» Еңбегімен елге танылған тұлға «Крылатые друзья» «Табиғат жанашырлары» «Өмірде ізгі із қалдырған» «Бекіре тұқымдастарын болашаққа сақтайық» Әз-Наурыз Ряд мероприятий прошли в стенах Областного музея, в канун праздника Наурыз «Наурыз келсе, құт келгені, ағайын!» «Ұлыстың ұлы күні, жыл басы - Наурыз» Жайықтың самал лебі «Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі» «Әлемнің құдірет күші - аналар» «Қазақстанның биологиялық ресурстары, оларды қорғау және тиімді пайдалану мәселелері» «Ардақты, асыл жандар» «Царство насекомых» «Қыр кенебіндегі тамшылар» «Веселая масленница» «Уходили парни из Афгана...» «Ауғанда от кешкендер» «Афганистан болит в моей душе: 25 лет спустя» «Ауғанстан – жүректегі жара» В областном музее состоялось очередное заседание актива «Ауған ақиқаты» «Ауғанстан естеліктері» «Жанымды жаралаған Ауғаныстан» «Дін мұраты ынтымақ пен бірлік» Состоялось торжественное открытие проекта «Мирас» «Қадыр – балалар әдебиетінің атасы» «Күй анасын құрметтейік» «Діни сауатсыздық – діни экстремизмнің бастауы» Музейный урок «Жабайы аңдар» «Батыс Қазақстан облысының мамонт фаунасы»
Выставки
«Алтын ханшайым» «Жанымды жаралаған Ауғаныстан» «Музеи-сокровище народа» «Звон старинного серебра» «Өнеге өрнектері» «Күй-дария» «Халық өнері - асыл қазына» «Әнші әлемі» «Оралым менің, Оралым» «Азаттық аңсаған азамат» «Ақын тілі – арман тілі» «Сағындым сені, Оралым!» «Түркі жазба мәдениетінің тарихынан» «Кел, балалар,оқылық!» «Білімнің қара шаңырағы» «Қылқалам-өмір» «Өнердің қайталанбас өр тұлғасы» Материал 7 «ХІХ-ХХғғ ас -үй бұйымдары» «Тарихи сабақтастық» Тарих – ақша баламасында «Ауған ақиқаты» «Қазақтың тұңғыш заңгері» «Тұғыры биік тұлға» «Жауһар жәдігерлер» Мы победу приближали как могли Презентация выставки Выставка Муратбека Жоламана Муратбек Жоламан «Жазықсыз жапа шеккендер...» «Тарих.Тағылым. Тағзым» «Уақыт қозғалысы- сағаттарда» «Өшпесін мәңгі өзіңнің Өнерде жаққан шырағың... » «Астана-Елбасының ерлігі» «Жүрегімнің түбіне терең бойла... » «Болу үшін жаралғам туған жердің жырауы... » «Мен қазақпын...» « Әнші Әлемі» «Тарихи Орал»
Музейное событие
Вопрос - Ответ
Гостевая книга

Тарих – ақша баламасында» атты көрменің ғылыми концепциясы

Тақырыптың негіздемесі

Кез келген ақшадан әрбір елдің өткенін, бүгінгісін және болашағының бейнесін, яғни тарихын көруге болады. Бүгінгі таңда ақша тарихын зерттейтін арнайы ғылым саласы бар. Ол - Нумизматика деп аталады. Онда тиындар, құйма ақша кесектері, т.б.ескерткіштер (тиын мөрлері, құжаттар) арқылы тиын соғу тарихы кеңінен зерделенеді. Нумизматика ғылым ретінде 18-ғасырдың 2-жартысында пайда болды, оның негізін салушы – Вена нумизматигі И.Х.Эккель.

Ақша –жалпыға бірдей балама ретінде барлық басқа тауарлардың құнын көрсететін ерекше тауар. Ақша барлық тауар өндірушілер, сатушылар,тұтынушылар арасындағы экономикалық байланысты қамтамасыз етеді.

Ақша тауар өндірісі мен айырбасының тарихи дамуы нәтижесінде стихиялы жолмен пайда болды. Алғашқы кезде бір еңбек өнімі екінші еңбек өніміне тікелей айырбасталды. Айырбастың өзі ерте заманда шықты, әуелгі кезде ол кездейсоқ сипатта болды. Мұнда бір еңбек екінші түрдегі еңбек өніміне тікелей айырбастырылды.

Ең алғашқы қоғамдық еңбек бөлінісі-мал бағушы тайпалардың егіншіліктен бөлініп шығуы еңбек өнімділігін арттырып, оған тұрақты сипат берді.

Кейінірек айырбас сауда дамуының барысында құнның жай формасының орнына құнның толық және жайылыңқы формасы келді. Одан әрі өндіріс пен айырбастың дамуы нәтижесінде тауарлар арасынан бір тауар бөлініп шығып, басқа тауарлар осы тауарға айырбасталды. Сөйтіп құнның толық жайылыңқы формасы құнның жалпылық формасына орын берді.

 

Құнның ең жоғарғы ақша формасындағы жалпыға бірдей балама рөлі бір тауардың еншісіне тиді, яғни ерекше тауар түрі-ақша пайда болды.

 

Осы кезде әр түрлі тайпалар мен халықтар арасында ақша ретінде ішкі сауда –саттықтың басты заттары болып табылатын тауарлар бөлініп шықты. Ақша рөлін кейбір халықтарда: мәселен, ертедегі гректерде, римдіктерде, славяндарда, моңғолдарда- мал, Скандинавияда, ертедегі Русьте-аң терісі, Қытайда-шай, Абиссинияда- тұз атқарды.

Қазақстанда ішкі сауда саттық жүргізу үшін жалпыға бірдей балама ретінде тоқты немесе саулық қой пайдаланылды.

Бертін келе тауар өндірісі мен тауар айырбасының дамуы және халықтар арасында қарым-қатынастың ұлғаюы нәтижесінде ақша рөлі түрлі металдарға ауыса бастады. Өйткені металл, әсіресе алтын, күміс өзінің табиғи қасиетінің (біртектілігі, бөлінгіштігі, қолайлылығы, сақталғаштығы ) арқасында Ақша ролін атқаруға өте лайықты болды. Тарихи деректерге қарағанда жезден және күмістен жасалған ақша белгілері біздің жыл санауымыздан 3мың жыл бұрын Азия елдерінде пайдаланылған. Ресей тарихында металл ақша ретінде ІХ ғасырдан бастап қолданылды.

Оны кез-келген тауарға айырбастыру мүмкіндігі туды. Демек металл ақшаның пайда болуы ақша тарихында жаңа бір тарихи бастау кезеңі болды.

Алғашқы металл тиындар Грекия мен Кіші Азияда күмістен соғылған. Бертін келе алтын, күміс сияқты асыл металдарға мықты болу үшін мыс қосқан металл ақшалар шығарыла бастаған.

Металл ақшаны жасап шығару құқығы, әдетте, мемлекеттік өкімет билігінің қолында болған. Оның оң бетін аверс ,ал сол бетін реверс деп айырған.Жазулар оның екі бетінде де кездеседі. Олар тиын шығарған елдердің немесе үкімет органдарының белгілерін, монархтың аты мен мансабын , тиын сарайының ,тиынды шығаруға жауапты адамның атын, тиынның құнын, шыққан уақытын т.б.көрсеткен. Және оң бетінде мемлекеттік өкіметті немесе оның гербі ,ал сол бетінде оның бағасы шыққан жері мен жылы берілген.

Қазақстанда металл ақша негізінен орта ғасырларға жататын көне қалаларда, обаларда жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде табылды.

Қазақ елінің Ұлы Жібек жолының бойында орналасуына байланысты металл ақша жасау қажеттігі ертеден қолға алынғанын бүгінде тарихи деректер дәлелдеп отыр.

ҮІ-ҮІІІ ғасырларда билеуші рулардың таңбасы қашалған, ру рәмізін бейнелеген теңгелер құйыла бастаған. Сырдарияның орта алабында өмір сүрген тайпалардың қола теңгелері ҮІ-ҮІІІ ғ-дың 1-жартысында дейінгі аралықта қолданылған. Бұл теңгелерде арыстан бейнесі бейнелеген. Мұндай теңгелерді Суяб, Тараз қалаларындағы арнаулы шеберханаларда құйған. Сонымен бірге Отырар маңындағы қалаларда да түрлі теңгелер жасалған. Отырарда ақшаның құйылғаны туралы 1967 жылы Самарқанд қоймасы ашылған соң анықталды. Осы қоймадан Х ғасырдағы Фараб теңгелері табылған. Біріншісі, сәл ұмытылып, секіргелі тұрған арыстан бейнеленген мыс теңгелер болса, екіншісі бетінде садақ бен шаршы түріндегі түркілердің тайпалық таңбасы (дүниенің төрт бұрышын меңзеген рәміз) бейнеленген теңге болған.

Б.з. 704-706 ж. Таразда арнайы теңгелер құйылып, айналымға енгізілген . Оның бетінде «Түркеш қаған теңгесі» немесе «Түркінің көк ханының теңгесі» деген анықтама жазулар болған. Бұл тайпалық дәрежедегі теңге емес, бүкіл мемлекеттің дәулетін, мүлкін, ел ырысын куәландыратын кепілдеме болған.

Тарихи деректер Қарахан әулетінің билік құрған тұсында Қазақстан мен Орта Азияда сауданың күшті дамығандығын көрсетеді. Осыған орай ақша шығару мен ақша айналымы кең етек алған. Әсіресе, мыс, күміс,ақшалар көп шығарылған.

ХІІ-ғасырдың 2-жартысы мен ХІІІ ғ-ң басында теңгелердің Отырардан шығарылуы Қазақстан жерінде сауда-саттықтың дамуына ерекше үлес қосқан. Ол дәуірде мыс,алтын, ақшалар өзінің салмағы бойынша алтынмен бағаланып, сауда айналымына енген. Сөйтіп Қазақстанның оңтүстік және батыс аудандарында Отырар ақшасы көптеп тараған. 1271ж ақша айналымына енген жаңа реформа бойынша алтын ақша орнына күміс ақшалар көбірек қолданысқа енгізіледі. Бұл күміс ақшалар Қазақстаннның Тараз, Кенже қалаларында шыңдау әдісімен әзірленіп шығарылған.

Сонымен қатар ақша тарихында Өзбек хан, Жәнібек хан, Бердібек, Наурызбек , Қызыр хандардың атынан шығарылған Алтын Орда теңгелерінің Жетісу мен Түркістаннан бастап Еділ жағалауына дейін таралғаны белгілі.

Сарайшық қаласынан табылған нумизматикалық деректер ХІІІ ғ.аяғы мен ХІҮ аралықты қамтиды.Ол жерден табылған көне теңгелер Өзбек ханның билігінің алғашқы жылдарында Сарай қаласынан шыққан. Осы кезеңдегі өзгерістер ақшалардың сыртқы түрінде өз ізін қалдырды. Күміс теңгелерде ислам дінінің енуі ,орнығуы күмістеңгелер –дирхемдерде сунниттік сенімнің белгісі мен құранныңалғашқы жолдарыныңжазылуынан көрінеді. Теңгелерде «Кутлуг булсун» деген көне түркі сөзі яғни «Құтты болсын»деген тілек жазылған. Сондай-ақ бет жағында «билік, байлық, ержүректіліктің белгісі болып табылатын- сұңқар,алдыңғы аяғын көтерген, арқасынан күн шығып келе жатқан арыстан» бейнелері берілген. Олардан тағы басқа да жануарлар бейнесін, тартымды, геометриялық және өсімдік тәріздес оюлармен қатар зодиак белгілерін көруге болады.

Ал ХІҮғ.ортасында шығарылған теңгелердің көбінде әрленген екі басты бүркіт пен алты жапырақты гүл бейнесі берілген. Бұл теңгелер ақша айналымында көп жүрген. Олардың көптеп шығарылуы жеке сауданың дамығанын, Алтын Орда қалалары тұрғындарының ауқатты өмір сүргенін көрсетеді.

Сарайшық Қырымнан Хорезмге дейін, одан шығыс пен оңтүстікке созылып жатқан ірі магистраль бойындағы қала ретінде дамыған. Сол себепті қалаға ең жақын сауда орталығы –Хорезмнің теңгелері айналымда басқаларға қарағанда көп болған. Мұнда Тоқты ханның атынан Хорезмде шығарған күміс теңге хижраның 694 жылымен мерзімделген, онда «Әділ тоқты» деген жазу жазылған. БұлСарайшықта табылған теңгелердің ең көнесі. Хорезмнің теңгелері бедер салынуымен, ірі салмағымен және көркемдігімен ерекшеленеді.Ал жергілікті Сарайшық теңгелерінде көп жапырақты гүл немесе «Сарайджук қаласынан шығарылған» деген жазу болған.(Мұндай теңге түрлерін Сіз біздің «Архелогия» мен «Алтын Орда « залындағы экспозициядан да көре аласыз)

ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы транзиттік сауда Орта Азияның көптеген елдерімен және Ресеймен сауда –саттық қатынасын орнатады.

Ресей империясының мемлекеттік гербі –екі басты бүркіті мен императорлар бейнесі бейнеленген ақшалар ХҮғ аяғында пайда болған. Мұндай белгісі бар ақша Ежелгі Египетте, Ертедегі Римде де болған. Ә детте ол билік белгісін білдірген.

Музей қорында ХХғасырдың Қазан төңкерісіне дейінгі және осы кезеңнен кейінгі ақша түрлері көп сақталған.

ХҮІІІғ аяғында ХІХғ басында шығарылған бұл қағаз ақшалар есеп айыру белгісі ретінде қолданыла басталған. Олар есеп-айырысу белгілері (расчетные знаки) деп аталған. Сондай-ақ осы кезеңде әр түрлі құнды қағаздар шығарыла бастайды.

Мәселен, «Заем свободы» деп аталатын құнды қағаз иесіне белгілі бір құқық пен еркіндік берген. Бірақ олар халық тарапынан қолдау таппағандықтан ұзақ қолданылмаған.

Сонымен бірге 400 мың рубльдік чек-бон деп аталатын ақша түрі айналысқа енген. Кейін қаржылық тапшылығына байланысты оның саны 50 миллионға дейін өскен. Бірақ бонның түрлерін қолдан жасау көбейіп кеткен соң және сапасы төмен болғандықтан қағаздардың орнына металл түрлерінен жасалған бондар айналысқа енгізілген.

1918 жылдан бастап екі басты бүркіт бейнеленген мемлекеттік несие билеттері қолданысқа енгізілді. Сөйтіп жергілікті жерлердегі сауда –саттық осы билеттер бойынша жүргізілген. Мысалы, 1000 несиелік билетін мемлекеттік банктерде алтын тиындарға ауыстыру мүмкіндігі берілген.

 

Сонымен бірге осы жылдары Орал шаһарында Орал казак әскерлерінің арнайы бес, алты пайыздық міндеттемесі бар заемдік құнды қағазы айналымға шығарылған. Бұл құнды қағаз Орал Казак Әскери басшылығының жарлығы бойынша шығарылған. Мұндай құнды қағаз арқылы 5 немесе 6 пайызбен арнайы купон алып, 3 рет үлкен сауда жасауға, немесе қор жинауға болатыны аталған. Есеп айырысу барысын Әскери басшылық қадағалап отырған. Құндылығын 9 айға, кейбірі 10жылға дейін сақтаған, көрсетілген мерзімнен кейін өз күшін жойған болып есептелген.

Жалпы металлдан тиын соғу және оны белгілі бір қоғамда төлем құралы ретінде пайдалану сол қоғамның әлеуметтік –экономикалық және саяси дамуының белгілі бір сатысында қандай табысқа жеткендігін байқатты.

Тиындардағы белгілер мен жазулар арқылы басқару түрлерін, патшалықтың ауысуын, әулет шежіресін, мемлекеттік төңкерістерді т.б.анықтауға болатын. Әдетте мұндай ақшаларда негізінен тұтастай бір тарихи тұлғалардың портреттік галереясы , мифологиялық оқиғалар, тұрмыстық көріністер айқын көрінді. Оны мына витринадағы Ресей империясының, Венгрия, Чехославакия, Польша, Германия, Жапония елдерінен шығарылған ақшалардан көруге болады.( Сондай-ақ осы витринада: Ресей императорлары: І-Петр, Николай, Александр бейнелері салынған ақша түрлері қойылып отыр)

1922жылдан бастап Кеңестер Одағының белгісі (жер шары, егін сабақтарымен көмкерілген орақ пен балға бейнеленген) ақша түрлері шығарыла бастайды.Кейбірі арнайы тарихи даталарға арналып мерейтойлық ақшалар күйінде шығарылды.( орыс ақыны А.Пушкин, 1980-жылғы Мәскеу Олимпиадасы құрметтеріне арналып шығарылған ақша түрлері көрініске қойылып отыр)

Металл ақшаны мемлекеттер қазіргі кезде де тарихи оқиғаларды ,мәдени ескерткіштерді ,көрнекті қайраткерлерді есте қалдыру үшін ,мерейтойлық күндерді ,мәдениет және спорт саласындағы жетістіктерді атап өту үшін пайдаланады.Ол елдің тарихи дәуірдің өзіндік «өкілі», «бет-бейнесі болып табылады.

Жаңа кезеңде сонымен бірге никельден, алюминийден, т.б. металдардан құйылатын болды. Осы қосындыларды лигатура, ал тиындағы асыл металл пайызын сынама деп атаған. Сынаманы (пробаны) мемлекеттік өкімет белгілеген. Бірақ кейбір мемлекеттердің тиындардың бұрынғы номиналды бағасын сақтай отырып, олардың сынамасын және салмағын төмендетіп шығарған кездері болған. Сондықтан металл ақша көлемі жағынан әр түрлі болып келеді.

Ресейде 1917 жылғы Уақытша үкіметтің орнауымен сол кезде «керенки» деген ақша түрі қолданылды. Ол- 20,40 сомдық қазыналық белгілер еді .Керенкидің сыртқы көрінісіндегі ерекшелік қағаз ақшадағы болатын міндетті атрибуттары: нөмірі, шыққан уақыты көрсетілмеген, тек неше сом екендігі және «Қолдан жасау заңмен қудаланады» деген жазу жазылған. Керенкидің көлемі үлкен-үлкен беттерге басылып, бөлінбей жасалған.

ХХғ басында айналысқа 100,250,500,1000,5000, 10 000 рубль болып шығарылып, 1,5 және 10 миллионға дейін барған қағаз ақшалар енгізіле бастайды. Оның ерекшелігі көлемі үлкен болған, өзі ашық үгіт -насихат түріндегі плакаттар тәрізді жасалған. Бұл ақшалардың көпшілігі Мәскеу, Пермь, Пенза, Казанның ақша фабрикаларында жасалған.

1921және 1922жылдары Ресей Федерациясында қағаз ақшалармен қатар 1миллион теңгені құрайтын міндеттемелік құнды қағаздар шығарыла бастайды. Олар осындай құнды қағазы бар адамға 6 ай көлемінде 1миллион ақша төленетінін міндеттеген.

ХХ ғасырда, яғни Кеңестік дәуір кезеңінде үш рет -1922-24, 1947,1960 жылдары ақша реформасы болды. «Реформа» деген сөздің өзі француз тілінен шықан. «Өзгертемін» деген ұғымды береді.Ақша жүйелерінің толық өзгертілуі немесе белгілі бір белгінің жаңа белгіге ауыстырылып шығарылуы –осы,ақша реформасы негізінде жүргізіледі.

Мәселен, 1922-1924 жылдары, яғни жаңа экономикалық саясат кезеңінде ақша реформасы айналысқа банк билеттері –червонецті шығарады. «Червонец» деп аталған ақша түрі Ресейге Украинаның қосылуымен байланысты пайда болған.Червонец ақ түсті қағазға басылып,біртектес болып жасалды. Онда Ресейдің мемлекеттік елтаңбасы , ақшаның сериясы ,нөмірі,шыққан жылы,мәтіні және банк басқармасының қолы ақшаның оң жақ бетіне жазылды.Артқы беті таза күйінде қалған немесе сол кезеңнің көсемі Ленин бейнесі берілген.

Сонымен қатар осы жылдарықұны 1,3, 5 сомдық қазыналық билеттер,1 сомдық ,50,25,15,10 тиындық күміс және 1,2,3,5 тиындық қара шақалар шығарылды.

1941-1945жылдарға созылған Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейін 1947жылы тағы да бір ақша реформасы жүргізілді. Ол бойынша: айналысқа ақшаның 10 сомы жаңа ақшаның 1сомына айырбасталып шығарылды. Сөйтіп айналыстағы артық ақша жойылды. Халықтың Отан қорғау шараларын қаржыландыруға берген ақшалары ескеріліп, жинақ кассаларындағы «Аманат» ақша жеңілдікпен қайтадан бағаланды. Сөйтіп халықтың мүддесі қорғалды.

Ал 1960жылы 1,3,5,10,25,50,100 сомдық ақша билеттері және 1сомдық күміс ақша шығарылды.

1961жылдың 1қаңтарынан бастап ,сомның алтын бағамы таза алтынның 0,222168 г-нан 0,987412 г-на дейін артылды, яғни Американың 1 доллары жаңа ақшаның 90 тиынына тең болды.

Қазақстан Егемен ел аталғаннан кейін тарихымыздың жаңа парақтары ашылды. Өйткені ертеден қалыптасып келе жатқан дәстүр бойынша әрбір елдің жеке елдік нышандары болуы тиіс. Олар: елдің Туы, Елтаңбасы, Әнұраны. Осы мемлекеттік нышандарға қарай сол елдің қайсы ел екені әркімге айқын болады. Нышандар жеке бір мемлекеттікі болғанымен, оның халықаралық мәні зор. Нышандар мемлекетаралық қарым-қатынастарда үлкен ресми роль атқарады. Сондықтан Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін жарияланғаннан кейін өзіміздің Елтаңбамыз , әнұраны белгіленіп, ұлттық валютамыз дүниеге келді.. Астанамыз Сарыарқа төрінен оз орнын тапты.

1993 жылдың қарашасында Қазақстан Республикасының жаңа ақшасы «теңге» айналысқа шығарылды. Бүгінде еліміздің ұлттық валютасы Тәуелсіз егемен мемлекеттің міндетті рәміздерінің бірі болып табылады.

Алғашқы шығарылған ақшаларда қазақтың қоғамдық мәдени өміріндегі ерекше тұлғалар Әл-Фараби, Абай, Құрманғазы, Шоқан, Әбілхайыр хан бейнелері көрініс тапты. Олар 1,3,5,10,20,50,100,500,1000,2000 теңгелік билеттерде шығарылды.

Қазақстан Республикасында ақша шығару, олардың айналымын ұйымдастыру және оны айналымынан шығару ісін Қазақстан Ұлттық банкі жүзеге асырады.

Қазақстан Ұлттық банкі банкноттар мен тиындардың қажетті мөлшерін анықтайды, олардың жасалып шығарылуын қамтамасыз етеді, қолдағы ақша қаражатын сақтау, инкассациялау тәртібін белгілейді. Ұлттық банктің ақша шығаратын банкнот фабрикасы, яғни арнайы Қазақстан Теңге сарайы бар. Онда қағаз ақшалармен қатар арнайы сапамен күміс ақшалар шығарылады. Таза салмағы 24гр, 37 гр т.б әртүрлі болып жасалатын бұл ақшалар қазақ өмірінің тарихынан мәлімет береді. Мысалы , қазіргі уақытта айналыста жүрген қазақтың көне саз аспабына арналған «Домбыра», ұлттық аңшылық кәсібінің құрметіне «Бүркітші», «Ғасырлар пернесі» сияқты әр түрлі тақырыптарда шығарылған күміс ақшалар бар. Бүгінде оларды Қазақстанның Ұлттық Банкілерінен алуға болады.

 

Тарихтың әр түрлі кезеңдерінен мәлімет беретін «Тарих-ақша баламасында»-аталған бұл көрмеден ақшаның қай сатыдада атқаратын функциялары:

1.Ақшаның -құн өлшемі екенін көрсетеді.

Ақша құн өлшемі ретінде «құнды көрсету үшін, яғни мөлшер жағынан аттас ,сапасы жағынан бірдей және саны жағынан салыстыруға келетін тауарлар құнын көрсететін» материал қызметін атқарады.

2.Ақшаның-айналыс құралы екенін дәлелдейді.. Бұл қызметінде ақша айналыста дәнекер рөлін атқарады. Товар өндіруші өз товарын сатқаннан кейін басқа товарды сатып алуды кідіртіп,ақшаны айналысқа жібермей өз қолында ұстауы мүмкін. Айналыс құралы ретінде ақша өткінші сипатта болады: демек ол қолдан –қолға өтеді. Т-А-Т; А-Т-А; -деген заңдылыққа сүйенеді.

3.Ақша-қазына жинау және қорлану құралы

Ақша жалпыға бірдей байлықтың бейнесі болғандықтан ,оны кез келген уақытта кез келген уақытта кез келген товарға айналдыруға болады.

4.Ақша-төлем құралы.

Товарлар нақты ақшаға сатылып қана қоймай ,сонымен бірге несиеге сатылады.Сатып алушы ақшаның орнына өз тарапынан борышқорлық міндеттемелер береді.Осы міндеттеменің мерзімі жеткен соң ақша төленеді,сөйтіп ақша төлем құралы қызметін атқарады.

5.Дүниежүзілік рынокта ақша халықтардың төлем қаржысы ретінде төлем балансының сальдосын өтеуге,халықаралық төлем қаржысы ретінде шетелден нақты ақшаға товар алу кезінде бір елден екінші елге көшірудің құралы ретінде қызмет етеді.

Ақшаның құнсыздануы инфляцияға әкеліп соғады.

Көрменің мақсаты:

Музей қорында сақталған жәдігерлер арқылы көрерменге ХҮІІІ-ХХІғғ аралығында қолданылған ақша түрлерін көрсетіп, ақша айналымының тарихымен таныстыру.

Көрменің тартымдылығы:

Көрмеде ақша атаулының пайда болуы мен дамуы , Қазақстан мен көршілес елдердің айналымында болған ақшаның қалыптасу жүйесін көруге болады.Сондай –ақ ақшадан уақыт тынысын, сол мемлекет жүргізген саясат пен идеологияны оқуға болады.

Көрмеге қойылған жәдігерлер ХҮІІІ- ХХІ ғасырларды қамтиды. Олар: императорлық кезеңіндегі ақшалар, кеңестік кезеңдегі ақшалар, несие билеттері, құнды қағаздар, мерейтойлық тиындар, егемен еліміздің төл теңгелері туралы буклеттер

Көрменің ғылыми маңыздылығы:

Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорындағы нумизматика саласына қатысты жәдігерлерді тереңірек зерделеп, қалың көпшіліктің назарына ұсыну.

Экспозициялық шешім:

Көрме музейдің ІІ-қабатындағы фойеде жабдықталады:

1-витринасында: Қазақстан Республикасының төл теңгелері туралы буклеттер.

2-витринада: Металл ақшалар (Сарайшық орнынан табылған металл ақша түрлері жөнінде материал, ХҮІІІғ ақшалары)

3-витрина: Қазан төңкерісіне дейін қолданылған қағаз ақшалар( заем, бон, несиелік құнды қағаздар)

4-витринада: металл ақшалар (Ресей империясының, СССР мерейтойлық)

5- витрина : ХІХғ аяғында шығарылған ақшалар( керенки, червонец)

6- витрина: ХХғ шыққан ақша түрлері(СССР ақшалары, Чехославакия, Германия, Жапония,Польша елдерінің ақша түрлері)

Ашылу мерзімі: 2009 ж ,қараша

«Тарих-ақша баламасында » - атты көрменің тақырыптық экспозициялық жоспары

(Батыс Қазақстан облыстық тарихи -өлкетану музейі қорындағы жәдігерлер негізінде).

Тақырып пен бөлімдер

Материалдар жиынтығы

Ескертулер

1

Қағаз ақша түрлері:

1898 жылғы 1 рубльдік кредиттік билет

1898 жылғы 100 рубль

1905-1909 жылғы 3,10,25 рубльдік кредиттік билеттер

100,500 рубльдік мемлекеттік кредиттік билеттер

1917-1919 жылғы ақша түрлері

1921-23 жылғы 1,5,1000,25000 ақша белгілері,есеп-айырысу белгісі

1920-21ж қолданылған он,бір миллион рубльдер

1917ж «Заем свободы» деп аталатын құнды қағаз түрі

Әр жылдарда шыққан түрлі елдердің ақшалары: 50 неміс маркасы-1918 ж,100 неміс маркасы-1918ж,жапон ақшасы,армян ақшасы, моңғол ақшасы

1937-47 ж қолданылған ақша түрлері

Кеңестік дәуірде қолданылған ақшалар


2

Кітаптар,бүктемелер

1.Нумизматический сборник под редакции Д.Б.Шелова

Москва 1957ж

2.Прошлое нашей родины в памятниках нумизматики.Мақалалар жинағы

Ленинград -1977ж

3.А.И.Малышев,В.И.Таранков,И.Н.Смиренный Бумажные и денежные знаки России и СССР

4.Қазақстанның металл ақшасы 1993-1998ж.

5. Қазақстанның металл ақшасы 2003 ж.



Металл ақшалар

  1. ХҮІІІ-ХІХ-ХХғ тән ақша түрлері:
  2. 1 рубль , 17 ғ.
  3. 2 мыс тиын, 1797 ж.
  4. Елу тиын, 1721 ж.
  5. Мыс 5 тиын, 1937ж.
  6. Қола 5 тиын, 1837 ж.
  7. 1 сом, 1725 ж.
  8. Мыс 2 тиын, 1842 ж.
  9. 2 тиын, 1799 ж.
  10. Денга, 1851 ж.
  11. Мыс 5 тиын, 1795 ж.
  12. Мыс 2 тиын, 1778 ж.
  13. 5 тиын, 1873 ж.
  14. 1 тиын, 1900 ж.
  15. Күміс ақша, 1757 ж.
  16. Мыс 2 тиын, 1916 ж.
  17. Мыс 5 тиын, 1879ж.
  18. 1 тиын, 1841 ж.
  19. 5 тиын, 1770 ж.
  20. 1 тиын , 1900 ж.

21. Елу тиын , 1723 ж.

22. Ақша , 1613-1913ж.

23. Мыс 2 тиын, 1819ж.

24 . 1 сом , 1804 ж.

25. 2 тиын , 1800 ж.

26. 2тиын, 1819 ж.

27. 2 тиын, 1924 ж.

28 . Жарты тиын, 1925 ж.

29. 50 тиын, 1922 ж.

30. 50 тиын, 1925 ж.

31. Мерейтойлық ақша, 1980 ж. Мәскеудегі ХХІІ Олимпиада ойындарына арналып шығарылған.

32. Мерейтойлық 5 сом ақша, 1987 ж.

33 .5 тиын , 1924ж.

34. Польша ақшасы

35. 5 геллер.Чехославакия ақшасы.

36. 15 тиын, 1957 ж.

37. 20 тиын, 1962ж

38. 10 тиын, 1953 ж.

39 . Мерейтойлық ақша. «А.С.Пушкин 1799-1837 ж.»

40 . 1сом , 1901ж.

41. 1 крон .Чехославакия, 1980 ж.

42. 20 тиын , 1937 ж.

43. 1 пфеннинг ГДР, 1968-1977жж.

44. 20 филлер Венгрия, 1981 ж.

45. Елу сом , 1721 ж.

46. 1 сом ақша ,1912ж.

47. І Петр патша бейнесіндегі «Жаңа баға» ақшасы, 1725ж.

48. І Николай бейнесіндегі 1сом ақша, 1859 ж.

49. 3 тиын ,1960 ж.

 



Барлығы

Жәдігер 108






 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. А.Мельникова «Твердые деньги», Москва,1973ж
  2. А.И.Малышев, .И.Таранков,И.Н.Смиренный «Бумажные и денежные знаки России и СССР»
  3. К.Байпаков «Қазақстанның ежелгі қалалары»
  4. И.Тасмағанбетов «Сарайшық»
  5. Қазақстанның ұлттық энциклопедиясы 1,7 –том
  6. Қазақстан музейлері журналы № 5-6 ,2007 ж.

Оразова І.С.
Экспозиция бөлімінің
кіші ғылыми қызметкері

Регистрация

Жемчужины фонда