Get Adobe Flash player
Slide item 1
Slide item 2
Slide item 3
Slide item 4
Slide item 5
Slide item 6

Главное меню

Добро пожаловать!
Структура музея
Виртуальный тур
Экспозиция
Шедевры, коллекции
Научная деятельность
Законодательство
Госзакупки
Новости
Массовые мероприятия
Западно-Казахстанском областном историко-краеведческом музее открытие зала «Елбасы және Тәуелсіздік» Казахский государственный академический оркестр народных инструментов имени Курмангазы в Приуралье «Дін және дәстүр» «Я памятник воздвиг себе нерукотворный» «Әсем табиғатты қорғау – әркімнің міндеті» «Живем, пока помним!» «День открытых дверей» и акция «Ночь в музее» Ерлік пен Жеңіс Чтобы музы не молчали Отқа оранған жастық Невестка Б.Момышулы в Приуралье Абайдың табиғат лирикасы Әлем бірлігіндегі Қазақстан «Біз біргеміз – берік іргеміз!» Ақ Жайық – достық мекені Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі Сыр еседі сыңғырынан сырғаның Жауқазын Ерлікке толы Ұлы жол Әсем қоңыр «Масленица» «Хандық билік және қазақ елі» «Қысқа ғұмыр, биік белес» «Жалынды ақын, жаужүрек батыр» "Ақжайық-достық мекені" «ЭКСПО-2017 – елдің ерен жеңісі» Открытие мультимедийного комплекса «Сакентану» Батыс Қазақстан облысының мамонт фаунасы «Ғұлама ғалым, парасатты азамат» «Керей қайда барасың?» «Поэзия әлемінің ұлы Қадыры» Поэзия Пайғамбары «Ұрпаққа мұра болар сыйлар» «Кенеп бетіндегі Тәуелсіздік жетістіктері» «Тәуелсіздік шежіресі» «Арманы үлкен – азат ел» «Биік белестер» «Тәуелсіз Қазақстанның гүлденуі» «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» «Елін сүйген, елі сүйген елбасы» «Елбасы – ел тірегі» «Біздің Елбасы» «Ұлт көшбасшысы» «Ақордада көк байрағын нық ұстап, елбасымыз алаш арын арлаған» «Ұлтын сүйген ұлы жүрек» «Қазақстан-2050» - Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол» «Елін сүйген,елі сүйген – Елбасы» «Ақпәтер ауыл тарихы» Тұлға. Зерттеуші. Азамат. Ұлттық валюта – тәуелсіздік негізі Пайдалы қазбалар Шеңберден тыс дүние Тастөбе ерліктің ескерткіші Өнер әлеміндегі тұғырлы тұлға Бабалар бейнесі Ізгіліктің нұрын сепкен Күмбірлеген күй сыры Тіл тағдыры-ел тағдыры «Динозаврлар әлеміне саяхат» «Редкие растения Миргородского ландшафтного заповедника» «SOS - сайгак» Қазақ болмысы жәдігер бойында «Өрелі өмір – әркімге өнеге» «Тәуелсіздік туын көтергендер» «Қайдасыңдар, жалындаған жастарым?» «Жайықтан шыққан ән бұлбұлы» «Мың тұяқтың дүбірі,бір Тұяқтың саусағы» «Көп жасаған қария, ақылы теңіз дария!» «Зерделі сөздің зергері» «Тіл – татулық тірегі» «Діни экстремизм және терроризм» «Алтын ханшайым» «Өнегесі мол өрелі жан» «Күй әуен – сазбен өрілген жыр шежіре» «Ұлы Абайға тағзым» «Орнатылған ескерткіш белгі міне, Есіміңе қанықты ел бүгінде» «Спортты серік еткендер» «Тәуелсіздік нышаны» «Жабайы аңдар – жаралы табиғат» «Әсем қалам – Астанам» «Астана – Отанымыздың жүрегі, Тәуелсіздігіміздің тірегі!» «Астана – махаббатым менің» «Тайна керамическихкувшинов» «Елі ардақ тұтқан ұстаз» «Дін және жастар» «Менің туым, менің елтаңбам, менің Әнұраным» Облыстың ерекше қорғалатын табиғи территориялары «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш» «Ел айбынын асқақтатқан рәміздер» «Геральдика тарихы және Отанымыздың рәміздері». «Аға ұрпақтың сыннан өткен сардарлары» «Мұрағаттар сыр шертеді» В областном музее состоялась акция «Ночь в музее» «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран» «Отырарда ойлылардың ізі қалған» «Ғасырлар таңбасы-Капустин Яр» «Өнерің сенің жалғасын табар бүгінде» Еңбегімен елге танылған тұлға «Крылатые друзья» «Табиғат жанашырлары» «Өмірде ізгі із қалдырған» «Бекіре тұқымдастарын болашаққа сақтайық» Әз-Наурыз Ряд мероприятий прошли в стенах Областного музея, в канун праздника Наурыз «Наурыз келсе, құт келгені, ағайын!» «Ұлыстың ұлы күні, жыл басы - Наурыз» Жайықтың самал лебі «Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі» «Әлемнің құдірет күші - аналар» «Қазақстанның биологиялық ресурстары, оларды қорғау және тиімді пайдалану мәселелері» «Ардақты, асыл жандар» «Царство насекомых» «Қыр кенебіндегі тамшылар» «Веселая масленница» «Уходили парни из Афгана...» «Ауғанда от кешкендер» «Афганистан болит в моей душе: 25 лет спустя» «Ауғанстан – жүректегі жара» В областном музее состоялось очередное заседание актива «Ауған ақиқаты» «Ауғанстан естеліктері» «Жанымды жаралаған Ауғаныстан» «Дін мұраты ынтымақ пен бірлік» Состоялось торжественное открытие проекта «Мирас» «Қадыр – балалар әдебиетінің атасы» «Күй анасын құрметтейік» «Діни сауатсыздық – діни экстремизмнің бастауы» Музейный урок «Жабайы аңдар» «Батыс Қазақстан облысының мамонт фаунасы»
Выставки
«Алтын ханшайым» «Жанымды жаралаған Ауғаныстан» «Музеи-сокровище народа» «Звон старинного серебра» «Өнеге өрнектері» «Күй-дария» «Халық өнері - асыл қазына» «Әнші әлемі» «Оралым менің, Оралым» «Азаттық аңсаған азамат» «Ақын тілі – арман тілі» «Сағындым сені, Оралым!» «Түркі жазба мәдениетінің тарихынан» «Кел, балалар,оқылық!» «Білімнің қара шаңырағы» «Қылқалам-өмір» «Өнердің қайталанбас өр тұлғасы» Материал 7 «ХІХ-ХХғғ ас -үй бұйымдары» «Тарихи сабақтастық» Тарих – ақша баламасында «Ауған ақиқаты» «Қазақтың тұңғыш заңгері» «Тұғыры биік тұлға» «Жауһар жәдігерлер» Мы победу приближали как могли Презентация выставки Выставка Муратбека Жоламана Муратбек Жоламан «Жазықсыз жапа шеккендер...» «Тарих.Тағылым. Тағзым» «Уақыт қозғалысы- сағаттарда» «Өшпесін мәңгі өзіңнің Өнерде жаққан шырағың... » «Астана-Елбасының ерлігі» «Жүрегімнің түбіне терең бойла... » «Болу үшін жаралғам туған жердің жырауы... » «Мен қазақпын...» « Әнші Әлемі» «Тарихи Орал»
Музейное событие
Вопрос - Ответ
Гостевая книга

-атты Ауған соғысының аяқталғанына 21 жыл толуына арналған
көрменің ғылыми концепциясы

Тақырыптың негіздемесі:

Жылма-жыл ақпан айының ортасында біз ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлерді еске алып, олардың рухтарының алдында бас иеміз. Өйткені бұл соғыста 18-19 жасар өрімдей жас жігіттер жазықсыздан -жазықсыз құрбан болды. Бүгінгі жастар өздеріндей жігіттердің Отан алдындағы борышын адал орындағандарын ұқсын, олардың патриоттық сезімінен тағылым алсын деген ниетпен жабдықталған осынау көрме арқылы сол бір сұрапыл соғыс болған ХХ ғасырдың 80-жылдарына ораламыз.


Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың ауған соғысы туралы: « Ауған соғысында қыруар қаржы шығындадық, мыңдаған өмір қиылды, бәрібір кеңес әскеріне бұл елді тастап шығуға тура келді. Халық үшін бұдан асқан қасірет бар ма?» - деген ойлы сөзі бар . Биыл Ауған соғысының аяқталғанына 21 жыл толып отырғанда бұл соғыстың қалай басталғанына тағы да бір зер сала, сараласақ....
1978 жылы Ауғанстанда сәуір айында төңкеріс болып, оның арты аяқталмас соғысқа айналды. Бұл қасірет елдің тек өз ішінде ғана емес, оған сырт мемлекеттердің қатысуымен де ұзаққа созылды. 1979 жылы кеңес әскерлерінің шектеулі контингент Ауғанстанға кіріп, 10 жылға жуық соғыс жүргізді. Оған әр елден, сондай-ақ 22 мың қазақстандық қатысты.
Ауған соғысы- КСРО Қарулы Куштердің Ауғанстанға басып кіріп, оның ішкі істеріне қол сұғуы салдарынан тұтанған соғыс. КОКП және КСРО басшылығы Ауғанстандағы 1978 жылғы сәуір төңкерісі нәтижесінде билікке келген «халықтық-демократиялық үкіметі» қолдап, көршілес елдің социалистік бағытпен дамуын көздеп, «интернационалдық әскери жәрдем береміз» деген желеумен оның ішкі істеріне араласты. Бұл «қырғибалық соғыс» кезеңі өткеннен кейінгі уақытта да КСРО-ның өзге елдерді өз ықпалына қарату саясатының айқын көрінісі еді. 1965 жылы қаңтарда Ауғанстанда Кеңес Одағы Мемлекеттік қауіпсіздіқ комитеті (МҚК) тыңшыларының қатысуымен жартылай астыртын қызмет атқарған Ауғанстан халықтық-демократиялық партиясы (АХДП) құрылып, біраздан соң ол екіге бөлінген. «Хальк» тобын Н.М. Тараки, Х.Амин, ал «Парчам» тобын Б.Кармаль басқарды.
1977 жылы мамырда Мәскеудің нұсқауымен АХДП-ның екі тобы бірігіп, астыртын қимылдарын ұлғайта түсті. Мұхамед Дауд үкіметі АХДП-ға қысым жасап, 1978 жылы
26 сәуірде оның басшыларын қамауға алды. Ертеңіне Кабулдағы әскери күші көтеріліп, Дауд бала шағасымен қазаға ұшырады.Сөйтіп Ауғанстанда АХДП билігі орнады.Жаңа үкімет КСРО-ның айтқанынан шықпай, бірден социализм негізін қалауға кірісті. Жер реформасын енгізу, діндарларды қудалау, ағарту саласындағы өзгерістер, кеңестік мамандарды көбірек пайдалану, жергілікті көшпелі тайпалардың әдет-ғұрпымен, салт-мүддесімен санаспау, т.б. бұқара халықтың наразылығын тудырды. 1978 жылы қазанда ірі қарулы қарсылықтар басталды. Ауған үкіметі КСРО-мен достық, тату көршілік және ынтымастық туралы шартқа отырып Мәскеуге арқа сүйеді. Алайда халық күресі одан әрі күшейе түсті.
1978 жылы Ауғанстанда сәуір айында төңкеріс болып, оның арты аяқталмас соғысқа айналды. Бұл қасірет елдің тек өз ішінде ғана емес, оған сырт мемлекеттерінің қатысуымен де ұзаққа созылды. Алайда халық күресі одан әрі күшейе түсті. 1979 жылдың ақырында 26 уәлаятта 18 көтеріліс өрті лаулады. Сондай жағдайда АХДП басшылары өзара тартысып, Кармаль тобы жеңіліп (1978, шілде-тамыз), оның өзін Чехославакияға елші етіп жіберді. Келесі жылғы қыркүйекте Тараки Аминнің қолынан қаза тауып, АХДП мен мемлекет басына Амин отырды.Бұл жағдайды Мәскеу өз мүддесіне қауіп ретінде қабылдады. КСРО МҚК Аминді қызметінен шететтіп, «парчамшылдарды» билікке әкелуге әрекетенді. 1979 ж.8 желтоқсанда КОКП Бас хатшысы Л.И.Брежнев кабинетінде мәжіліс болып, оған КОКП ОК Саяси Бюросының шағын тобы: Ю.Андропов, А.Громыко, М.Суслов және Д.Устинов қатысты. Олар Ауғанстан төңірегіндегі қалыптасқан жағдайларды талдай келіп, екі вариантпен жұмыс істеуді шешті: Мемлекттік Қауіпсіздіқ Комитетінің (МҚК) арнайы қызметкерлерінің қатысуымен жаңадан үкімет басына келген Ауғанстан басшысы Х.Аминнің көзін жойып, оның орнына Бабрак Кармальды қою; бұл мақсатты орындау үшін Ауғанстан территориясына әскердің кейбір құрамаларын жіберу мәселесі қаралды.
1979 жылдың 10 желтоқсанында КСРО Қорғаныс Министрі (ҚМ) Д.Ф.Устинов Бас штабтың бастығы Н.В.Огарковты өзіне шақырып алып, оған Саяси Бюро Ауғанстанға кеңес әскерлерін уақытша енгізу үшін алдын-ала шешім қабылдағанын айтып, шамамен 75-80 мың адамды дайындау тапсырмасын берді. Н.В.Огарков бұл тапсырманы таңдана отырып, 75 мың адам ондағы жағдайды тұрақтандыра алмайтынын, бұл ақылға сыймайтын іс екенін айтты.
Осы күні КСРО ҚМ-нің Бас штаб бастығы Н.В.Огарков тез Л.И.Брежневтің кабинетіне шақырылды.Онда «Саяси Бюро» деп аталатындар жиналды ( Ю.Андропов, А.Громыко және Д.Устинов). Бас штабтың бастығы ауғандық мәселені күш қолдану арқылы емес, саяси жолмен шешу керек екендігін қатысып отырғандарға қайта түсіндіріп бағуға тырысты.Саяси Бюроның бұл кездегі шешімі Н.В.Огарковтың ғана емес, оның бірінші орынбасары С.Ф.Ахромеевтің де және Бас оперативті басқарма бастығы В.И.Варенниковтің кеңес әскерлерін Ауғанстанға енгізу жөніндегі ынтасын тудырмады.Олар мұндай жолға қадам жасауға тек саяси көзқараспен ғана қарап қоймай, терең ойлана қарады. Вьетнамдағы АҚШ интервенциясы мысалға алынды.Бірақ Кремль көсемдері әскери маман кадрлардың уәждерін құлақтарына да ілмеді.
Соңғы саяси шешім желтоқсанның 12-і күні түс ауа шағын ғана кеңес басшыларының тобымен шешілді. Онда Брежнев, Суслов, Андропов, Устинов және Громыко болды. Косыгиннің кейбір естелік жазбаларына көз тастасақ, ол болмағанын, бұл уақытта сырқатанып жатқанын жазыпты. Осылайша жағдай КОКП ОК Саяси Бюросының толық мүшелерінсіз-ақ шешілді.
Соңынан Саяси Бюроның жазба түрінде қаулысы шықты, оған Саяси Бюро мүшелері толық өз қолдарын қойды.
Сөйтіп 1979 жылы 25 желтоқсанда КСРО әскерлері Ауғанстан шекарасынан өтіп, онда 1989 жылдың 15 ақпанына дейін соғыс қимылдарын жүргізді. Оған 22 мың қазақстандық қатысты, олардың 761-і қаза тапты, 21 адам хабарсыз кетті.
Қазақ тарихындағы көп соғыстың бірегейі- ауған соғысы. Бұл соғыс әлі күнге тарих дәптерінен өзінің тиісті бағасын ала алмай жүр. Ауған даласында қан төккен кеңес әскерлерінің қатарында, бауырлас елдің бірі саналған Қазақстаннан қазақстандық сарбаздар да болды. Жат жерде соғысқан 900-дей жауынгерлердің барлығы кебенек киіп аттанғанымен, кебін, мырыш табытпен елге оралғандары аз емес.
Бейбіт өмірде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген өрімдей жас жігіттер Ауған соғысына аттанды. Олар соғыстың мән-жайын ұғар-ұқпастан кете барды. Талайдың тағдырын тәлтекке салған Ауған соғысы он жылға созылды. Мұнда қаншама жас қыршынан қиылып, қаншасы мүгедек болып оралды. Олардың бір ғана міндеті- бала жастан санамызға сіңірілген патриоттық тәрбие- Отан алдындағы борышын өтеу, қабылдаған антына берік болу еді.
Бұл соғыстың абырой әпермейтінін Кеңес үкіметінің басшылары арада 3-4 жыл өткеннен кейін түсіне бастады. Бірақ бұл кезде «болары болып, бояуы сіңген» еді. 1983 жылдың 19 мамырында Пәкістандағы елші В.Смирнов КСРО-ның Ауғанстандағы әскерлер контингентін алып шығуға мүдделі екендігін ресми түрде жариялады.
Саяси Бюро осылайша балшыққа кіріп алып, енді былғанбай шығудың жолдарын іздестіре бастады. 1986 жылдың ақпанында болған КОКП ХХVII сьезінде М.Горбачев әскерді кезеңге бөліп, ауған жерінен шығару жоспарын жасау керектігін мәлімдеді. Ал
13 қарашадағы Саяси бюроның отырысында М.Горбачев: «Біздің Ауғанстанда соғысып жатқанымызға алты жыл болды. Егер бұл іске басқаша келмесек, әлі 20-30 жыл соғысатын боламыз» деп мәселені көлденеңінен қойды. Оның сөзін Бас штабтың бастығы, маршал Ахромеев те қолдады: «Біз Кабулды, провинцинциалдық орталықтары бақылауға алдық, бірақ басып алған жерлерімізге билік орната алмадық.Біз ауған халқы үшін күресте жеңіліс таптық» деп ағынан жарылды. Сөйтіп, осы отырыста Ауғанстандағы барлық әскерді екі жылдың ішінде алып шығу туралы келісілді.
1989 жылдың 23-26 ақпандағы «Тайфун» операциясы кеңес әскерлерінің ауған жеріндегі он жылға созылған соғыстағы ең ақырғы шайқасы болды. Ақпанның 4-і күні Кеңес Армиясының соңғы бөлімі Кабулдан шықты, ал 15 ақпанда 40-шы Армияның қолбасшысы генерал-лейтенант Б.Громов Термез қаласында «Кеңес әскерлері Ауғанстан жерінен толықтай шықты» деп басшылыққа баяндады. Қаншама қазақ отбасына қасірет әкелген айдаладағы Ауғанстан соғысы біз үшін осылай аяқталған болатын.
Ауғанстандағы кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті құрамында барлығы 200153 адам мемлекеттік марапаттауларға ие болса, оның 10955-і осы соғыста шейіт кетті.
АДР-дағы шектеулі контингент құрамында- 86 адам Кеңес Одағының Батыры атағын алса, кеңес армиясының 103 әскери қызметшісі Ленин орденімен, 1972 әскери қызметші Қызыл Ту орденімен марапаталды. Батыр атағын алғандардың 29-ы осы соғыста құрбан болды. Батырлар арасында бір қазақ, бір өзбек, бір тәжік, елу орыс бар, ал қалғандары басқа ұлт өкілдері. Олардың 15-і қатардағы жауынгерлер мен сержанттар, 1-уі старшина, 62-уі офицер, 7-уі генерал, 1-уі Кеңес Одағының маршалы. Бұл ердердің базбіреуі Қазақстанда туып өссе,базбіреуі республикамызда жоғары әскери оқу орнын бітіріп, елімізден Ауғаныстанға А.Шахворостов, подполковник В.Ухабов, полковник Письменный В., капитан Гущин және т.б.азаматтар. Ал Батыр атанған алаш перзенті, біздің жерлесіміз
Орал облысының Жымпиты ауданындағы Тасқұдық елді мекенінде туған Майданов Қайырболат Сайынұлы (Николай) еді.
Майданов Қайырболат Сайынұлы- ( 7.01.1956-2000, Шешенстан)- кеңес-ауған соғысына қатысқан, Ресей Батыры. 1973 жылы Ақжайық (қазіргі Теректі) ауданының Шағатай ауданында орта мектепті тәмәмдады. Содан соң бұрынғы Чапаев ауданындағы ДОСААФ жанындағы курсты аяқтап, жүргізуші болды.
Кеңес армиясы қатарында қызмет атқарған соң Саратовтағы Жоғарғы әскери ұшқыштар даярлайтын училищеге түсті. Өзінің офицерлік өмірбаянының алғашқы айын Ауғанстанда өткізді. Майдан шебінде көрсеткен ерлігі үшін Қызыл Жұлдыз және Қызыл Ту,
3дәрежедеге « КСРО қарулы күштері қатарында Отанға қызмет үшін» ордендерімен марапатталды. Майданов Ауғанстанда 50 рет ұрыс операцияаларына қатысты. Кейінгі жылдары Ресей Қарулы күштеріне қызмет етіп, Шешенстан соғысында қаза тапты.
«Қазақстан ардагерлері» қауымдастығы төрағасының орынбасары, «Құрмет» орденінің иегері Бақытбек Смағұлдың « Мен көрген соғыс» атты кітабы жарық көрген еді.Автордың ерекше ден қойып, назар аударғаны- тағдыр. Адам тағдыры. Майдандас бауырластарының, қарулас достарының тағдыры. Олар Ауғанстанда қалай соғысты, не үшін жан қиды, тірі қалғандар бейбіт өмірге бейімделе алды ма ? Осы жайларды айтуды өзіне міндет санаған Б.Смағұл әсіресе мына мәселеге ерекше ден қояды: « 1943 жылы Сталинград түбінде тұтқынға түскен неміс фельдмаршалы Паулюс армиясының бір офицері өз күнделігіне былай деп жазыпты: «Көсемдердің аты берілген қаланы біздің қарсыластарымыз өте бір жанын сала қорғады. Соғыстың қызған уақытында алғы шепке жіберілген менің солдаттарым бір уақытта қатты састы, өйткені орыстар қайдан тапқаны, әлде биологиялық жолмен шығарылған ба, сұрлары орысқа ұқсамаған, түстері де басқаша, көздерінен от шашқан адамдар қарсылас жақтың окопынан атып шығып, төпеп тұрған оққа қарамай, баса көктеп біздің плацдармды басып алды. ...Кейіннен осы адамдардың Талғар полкының жауынгерлері екенін білдік». Талғар полкының басым көпшілігі қазақтар болғаны кім-кімге де белгілі. «Елім!» деп туған ерлердің жантүршігерлік өлімін көз алдынан өткізген Б.Смағұл: «Қаруластарымның өлімі маған қатты әсер етті.Әлденеге қапалана беремін, кеудемде өксік буып алған» дей келе, олардың майданда қалай қаза тапқанын шыншылдықпен көз алдына келтіреді: « ...Бас көтертпей атқылаған жаудың оғы Асылдың дәл ернінен тиіпті. Күрек тісінің бірі сонадай жерге ұшып кеткен...Екінші күні Самат Баратов қаза тапты. Асылдың досы еді. Арқасынан тиген оқтың екпіні кеудесін жарып, жүрегін сыртқа шығарып жіберіпті. Қасындағы жолдастары көпіршіп, көбігі шығып жатқан жүректі жалма-жан көтеріп алып, Саматтың кеудесіне қайта салып, бинтпен тас қып орап тастапты...». Сондай-ақ, дұшпандардың озбыр іс- әрекеттеріне мойымаған жауынгерлердің Ауған жерінде қиыншылықтарға мойынсұнбағанын көреміз.
«...Түс ауа қатты шаршадым. Оның үстіне тілім аузыма сыймай барады. Шөлден. Айтпақшы, осының алдында ғана біздікілер тікұшақпен су тастаған-ды. Бірақ, дұшпандар мұны дәлдеп атып, жерге түсірмей, әуеде жарып тастады. Содан шашымнан кішкене қиып алып, тілімнің астына салдым. Тілдің астына салынған шаш суланады да сілекей бөліп шығарады...» Ауған соғысы кезіндегі қазақстандық жауынгерлердің ерлігі, қажыр-қайраты, олардың бір-біріне деген достық және бауырмалдық көмегі, от пен оқтың ортасындағы жан кешті тағдыры бүгінгі жастарымызға үлгі-өнеге болғандай.
110 айға созылған Ауған соғысында қайтып оралмаған жалпы адам шығыны- 14453-ке
жетті.
Әр жылда қаза тапқандар:
1979 жыл 86 адам
1980 жыл 1484 адам
1981 жыл 1298 адам
1982 жыл 1948 адам
1983 жыл 1446 адам
1984 жыл 2343 адам
1985 жыл 1868 адам
1986 жыл 1333 адам
1987 жыл 1215 адам
1988 жыл 759 адам
1989 жыл 53 адам.
Батыс Қазақстан облысынан КСРО Қарулы Күштері қатарына алынып, ауған-кеңес соғысында қаза тапқан жауынгерлер. Олар:
С.П.Алексеев (1960-1980),
Н.П.Антипов (1961-1980),
А.В.Вербицкий (1961-1980),
А.В.Емельянов (1960-1980),
Л.В.Куриленко (1961-1980),
Ж.Қ.Сейтекенов (1961-1980),
Н.Б.Тлеулин (1960-1980),
В.Д.Храмов (1959-1980),
Г.Ж.Величко (1962-1981),
А.Қ.Ғұсманов (1960-1981),
Т.С.Замалютдинов (1960-1981),
А.П.Лукин (1962-1981),
В.А.Сорокин (1958-1981),
О.В.Чегуров (1955-1981),
У.Н.Базарбаев (1963-1982),
С.Б.Берекетов (1961-1982),
С.Е.Изотов (1962-1982),
А.В.Кочкин (1962-1982),
Т.Ғ.Сұханқұлов (1962-1982),
В.Е.Карпов (1964-1983),
Ю.Н.Савенков (1962-1983),
В.А.Чернухин (1962-1983),
З.М.Жиеналиев (1964-1984),
В.В.Береговой (1942-1985),
М.Х.Тасболатов (1951-1985),
Р.Ж.Чикибаев (1966-1986).
Бұл Кеңес Одағы бойынша алғандағы көрсеткіш. Жалпы, Ауған соғысының Қазақ КСР-іне әкелген адам шығыны мен зардабы аз емес. 1979-89 жылдарда, яғни 10 жылға жуық созылған бұл соғыста көптеген отбасының шаңырағы шайқалды. Қайсыбір ана жалғыз боздағынан айырылды, кейбір әйел жесір, кейбір бала әкесіз, кейбір отбасы панасыз қалды. Енді ғана азамат атанып әскер атанып әскер қатарына алынған қаншама жігіттеріміз ауған даласында жан тапсырды. Ал кейбір жауынгерлер із-түзсіз жоғалып кетті. Аяқ-қолдан айырылып қан төгіп мүгедек болғандар қаншама!
Ауған соғысы- жүректе жазылмайтын, тарихта ерекше орын алатын беттер...
Әр халықтың, әр адамның қасиетті борышы- Отаны үшін жанын пида қылған азаматтарын мәңгі есте сақтап, құрметтеу, жас ұрпаққа отансүйгіштіктің үлгісі ретінде насихаттау екенін ешқашан ұмытпайық.
Көрменің мақсаты:
Ауған соғысының ардагерлерін құрметтеу, жас ұрпаққа патриотық сезімдерін оятып, Отан үшін отқа түсіп қыршынан қиылған,жат жерде көз жұмған қандас, қарулас азамматарымызды еске алу, жауынгерлердің қысқа ғұмырынан үлгі-өнеге, тарихи тағылым беру.
Көрменің тартымдылығы:
Музей қорындағы сақталған жәдігерлерді: құжаттар, хаттар, марапаттаулар,олар туралы бүгінгі күнде жарық көрген басылымдарды көрермен назарына ұсыну.
Көрменің ғылыми маңыздылығы:

Музей қорындағы әр жылдарда жинақталған деректерге сүйене отырып, ауған соғысының тарихын тереңірек зерделеу.
Экспозициялық шешім:

Көрме музейдің фойесінде жабдықталады.
1-витринасында: Фотолар-10
Кітаптар- 4
2-витрина: хаттар-3
суреттер-4
3-витрина: дипломдар-3
газет беттері-3
4-витрина: керокөшірмелер-10
5-витрина: фотолар-8
грамота-1

Ашылу мерзімі: 2010 ж, ақпан


«Ауған ақиқаты» - атты
көрменің тақырыптық экспозициялық жоспары
(Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі
Қорындағы жәдігерлер негізінде)

p.MsoNormal { font-size: 12pt; margin: 0cm 0cm 0pt; font-family: "Times New Roman"; }li.MsoNormal { font-size: 12pt; margin: 0cm 0cm 0pt; font-family: "Times New Roman"; }div.MsoNormal { font-size: 12pt; margin: 0cm 0cm 0pt; font-family: "Times New Roman"; }div.Section1 { page: Section1; }

Тақырып пен бөлімдер Материалдар жиынтығы Ескерту
отолар, грамотталар 1.Майданов Н. 1981 жыл, Ауған.
2.Кочкин А.,
3.БолдыревП.,
4.БайсариевА.,
5.Чикибаев Р.,
6.Чикибаевтың грамотасы, т.б.
2 Кітаптар, плакаттар Кітаптар:
1 А.И.Барт.«О павших в Афганистане» (книга памяти о воинах Западно-Казахстанской области) ,Алматы 1999ж;
2 А.П Ладин.«Афганистан: братство, мужество,подвиг»құрастырушы .Алма-Ата 1987 ж;
3. Г.К.Мукатаев., А.И.Гращенкова., «Афганская война: как это было». Москва 1991 ж;
4. Г.К.Мукатаев., «Мы помним тебя, Солдат!» Орал ,2004 ж.
5. Плакаттар жиынтығы: «Ауған ардагерлері».
3 Фотокөшірмелер, хаттар Батыс Қазақстандық ауған әскерлерінің фотокөшірмелері, жерлес ауған әскерлерінің хаттары.
4 Газет қиындылары 1.«Труд» газеті 4тамыз 1988ж., 2.«Приуралье» 25 ақпан 1988 ж., 3.«Казахстанская правда» 18 қырқүйек 1988 ж.
5 Барлығы Жәдігер- 46

 

Пайданалынған әдебиеттер:
1. Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы 1 том.
2.Болат Сайлан «Ауғанстан: сәуір төнкерісі бастаған соғыс» .
Егемен Қазақстан 28 қаңтар 2009 ж.
3.Болат Сайлан «Ауған синдромы» .Егемен Қазақстан газеті .25 ақпан 2009ж.
4. Қ.Жұмалиев «Ерлікке тағзым етеміз» Орал өңірі . 12 ақпан 2009ж.

Гүлзада Бакитова
экспозиция бөлімінің
кіші ғылыми қызметкері.

Регистрация

Жемчужины фонда