Get Adobe Flash player
Slide item 1
Slide item 2
Slide item 3
Slide item 4
Slide item 5
Slide item 6

Главное меню

Добро пожаловать!
Структура музея
Виртуальный тур
Экспозиция
Шедевры, коллекции
Научная деятельность
Законодательство
Госзакупки
Новости
Массовые мероприятия
Западно-Казахстанском областном историко-краеведческом музее открытие зала «Елбасы және Тәуелсіздік» Казахский государственный академический оркестр народных инструментов имени Курмангазы в Приуралье «Дін және дәстүр» «Я памятник воздвиг себе нерукотворный» «Әсем табиғатты қорғау – әркімнің міндеті» «Живем, пока помним!» «День открытых дверей» и акция «Ночь в музее» Ерлік пен Жеңіс Чтобы музы не молчали Отқа оранған жастық Невестка Б.Момышулы в Приуралье Абайдың табиғат лирикасы Әлем бірлігіндегі Қазақстан «Біз біргеміз – берік іргеміз!» Ақ Жайық – достық мекені Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі Сыр еседі сыңғырынан сырғаның Жауқазын Ерлікке толы Ұлы жол Әсем қоңыр «Масленица» «Хандық билік және қазақ елі» «Қысқа ғұмыр, биік белес» «Жалынды ақын, жаужүрек батыр» "Ақжайық-достық мекені" «ЭКСПО-2017 – елдің ерен жеңісі» Открытие мультимедийного комплекса «Сакентану» Батыс Қазақстан облысының мамонт фаунасы «Ғұлама ғалым, парасатты азамат» «Керей қайда барасың?» «Поэзия әлемінің ұлы Қадыры» Поэзия Пайғамбары «Ұрпаққа мұра болар сыйлар» «Кенеп бетіндегі Тәуелсіздік жетістіктері» «Тәуелсіздік шежіресі» «Арманы үлкен – азат ел» «Биік белестер» «Тәуелсіз Қазақстанның гүлденуі» «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» «Елін сүйген, елі сүйген елбасы» «Елбасы – ел тірегі» «Біздің Елбасы» «Ұлт көшбасшысы» «Ақордада көк байрағын нық ұстап, елбасымыз алаш арын арлаған» «Ұлтын сүйген ұлы жүрек» «Қазақстан-2050» - Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол» «Елін сүйген,елі сүйген – Елбасы» «Ақпәтер ауыл тарихы» Тұлға. Зерттеуші. Азамат. Ұлттық валюта – тәуелсіздік негізі Пайдалы қазбалар Шеңберден тыс дүние Тастөбе ерліктің ескерткіші Өнер әлеміндегі тұғырлы тұлға Бабалар бейнесі Ізгіліктің нұрын сепкен Күмбірлеген күй сыры Тіл тағдыры-ел тағдыры «Динозаврлар әлеміне саяхат» «Редкие растения Миргородского ландшафтного заповедника» «SOS - сайгак» Қазақ болмысы жәдігер бойында «Өрелі өмір – әркімге өнеге» «Тәуелсіздік туын көтергендер» «Қайдасыңдар, жалындаған жастарым?» «Жайықтан шыққан ән бұлбұлы» «Мың тұяқтың дүбірі,бір Тұяқтың саусағы» «Көп жасаған қария, ақылы теңіз дария!» «Зерделі сөздің зергері» «Тіл – татулық тірегі» «Діни экстремизм және терроризм» «Алтын ханшайым» «Өнегесі мол өрелі жан» «Күй әуен – сазбен өрілген жыр шежіре» «Ұлы Абайға тағзым» «Орнатылған ескерткіш белгі міне, Есіміңе қанықты ел бүгінде» «Спортты серік еткендер» «Тәуелсіздік нышаны» «Жабайы аңдар – жаралы табиғат» «Әсем қалам – Астанам» «Астана – Отанымыздың жүрегі, Тәуелсіздігіміздің тірегі!» «Астана – махаббатым менің» «Тайна керамическихкувшинов» «Елі ардақ тұтқан ұстаз» «Дін және жастар» «Менің туым, менің елтаңбам, менің Әнұраным» Облыстың ерекше қорғалатын табиғи территориялары «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш» «Ел айбынын асқақтатқан рәміздер» «Геральдика тарихы және Отанымыздың рәміздері». «Аға ұрпақтың сыннан өткен сардарлары» «Мұрағаттар сыр шертеді» В областном музее состоялась акция «Ночь в музее» «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран» «Отырарда ойлылардың ізі қалған» «Ғасырлар таңбасы-Капустин Яр» «Өнерің сенің жалғасын табар бүгінде» Еңбегімен елге танылған тұлға «Крылатые друзья» «Табиғат жанашырлары» «Өмірде ізгі із қалдырған» «Бекіре тұқымдастарын болашаққа сақтайық» Әз-Наурыз Ряд мероприятий прошли в стенах Областного музея, в канун праздника Наурыз «Наурыз келсе, құт келгені, ағайын!» «Ұлыстың ұлы күні, жыл басы - Наурыз» Жайықтың самал лебі «Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі» «Әлемнің құдірет күші - аналар» «Қазақстанның биологиялық ресурстары, оларды қорғау және тиімді пайдалану мәселелері» «Ардақты, асыл жандар» «Царство насекомых» «Қыр кенебіндегі тамшылар» «Веселая масленница» «Уходили парни из Афгана...» «Ауғанда от кешкендер» «Афганистан болит в моей душе: 25 лет спустя» «Ауғанстан – жүректегі жара» В областном музее состоялось очередное заседание актива «Ауған ақиқаты» «Ауғанстан естеліктері» «Жанымды жаралаған Ауғаныстан» «Дін мұраты ынтымақ пен бірлік» Состоялось торжественное открытие проекта «Мирас» «Қадыр – балалар әдебиетінің атасы» «Күй анасын құрметтейік» «Діни сауатсыздық – діни экстремизмнің бастауы» Музейный урок «Жабайы аңдар» «Батыс Қазақстан облысының мамонт фаунасы»
Выставки
«Алтын ханшайым» «Жанымды жаралаған Ауғаныстан» «Музеи-сокровище народа» «Звон старинного серебра» «Өнеге өрнектері» «Күй-дария» «Халық өнері - асыл қазына» «Әнші әлемі» «Оралым менің, Оралым» «Азаттық аңсаған азамат» «Ақын тілі – арман тілі» «Сағындым сені, Оралым!» «Түркі жазба мәдениетінің тарихынан» «Кел, балалар,оқылық!» «Білімнің қара шаңырағы» «Қылқалам-өмір» «Өнердің қайталанбас өр тұлғасы» Материал 7 «ХІХ-ХХғғ ас -үй бұйымдары» «Тарихи сабақтастық» Тарих – ақша баламасында «Ауған ақиқаты» «Қазақтың тұңғыш заңгері» «Тұғыры биік тұлға» «Жауһар жәдігерлер» Мы победу приближали как могли Презентация выставки Выставка Муратбека Жоламана Муратбек Жоламан «Жазықсыз жапа шеккендер...» «Тарих.Тағылым. Тағзым» «Уақыт қозғалысы- сағаттарда» «Өшпесін мәңгі өзіңнің Өнерде жаққан шырағың... » «Астана-Елбасының ерлігі» «Жүрегімнің түбіне терең бойла... » «Болу үшін жаралғам туған жердің жырауы... » «Мен қазақпын...» « Әнші Әлемі» «Тарихи Орал»
Музейное событие
Вопрос - Ответ
Гостевая книга

«Қазақтың тұңғыш заңгері»-

атты көрменің ғылыми концепциясы

(Алаш қозғалысына қатысушы, қоғам қайраткері, заңгер Б.Қаратаевтың туғанына 150 жыл)

Тақырыптың негіздемесі:

Қазақстанның ірі тарихи тұлғаларының бірі, алғашқы қазақ заңгері, көрнекті қоғам қайраткері, ағартушы – демократ Бақытжан Бисәліұлы Қаратаев 1860жылы 10 мамырда Орал облысы Қаратөбе ауданы Ақбақай ауылында Дәулетжан сұлтанның шаңырағында дүниеге келген .Кішкене Бақытжанды үлкен әкесі Бисәлі Қаратайұлы бауырына басқан . Бақытжан Бисәліұлы Кіші жүздің ханы Әбілқайыр ханның тікелей ұрпағы .

Зерттеуші-ғалым М.Ысмағұлов қолжазбаларында Б.Қаратаевтың ата-тегін шамамен былайша таратады

Әбілқайыр

Нұралы хан

Бөкей                 Қаратай

Жәңгір                Бейсалы

Ғұбайдолла        Бақытжан

Кіші жүздің ханы Нұралы ханның көп әйел алғандығы мәлім ,соның ішінде оның 1771 жылы жаугершілікте қолға түскен қалмақ қызын әйелдікке алады. Рыс атты қалмақ әйелінен Ешім, қаратай,Орман, Шот?ара, Елтай сынды балалары д?ниеге келген. Олардың ұрпақтарын "бес қалмақ" деп аталған.Сұлтан әулетінен тараған Бақытжанды шы?ыс салты бойынша үлкен әкесі ,яғни атасы Бейсалы Қаратайұлы бауырына басқан.Сондықтан ресми құжаттарда ол Бақытжан Дәулетжанұлы емес,Бақытжан Бейсалықлы болып көрсетіледі.

Жас сұлтан әуелі ауыл мектебінде, сосын Орынбор гимназиясында оқиды.

1885 жылы Императорлық Санкт –Петербург университетінің заң факультетіне түсіп, оны 1890 жылы, бетіне «ИСПУ.1890. Қаратаев» деп аты жазылған алтын медальмен аяқтап шығады.

Қаратаевтың азаматтық көзқарасы шәкірт шақтарында ,жас кезінде ,сол кезеңдердегі оқиғалар сырын зерек түсіну орайында қалыптасады.Оның мектеп пен гимназияда оқып жүрген жылдарында патша әкімдері өмірге енгізген, қазақ тұрмысына қолайсыз тиген, халық қаламаған реформаларға орай туған үлкенді-кішілі толқулар болып өткен-ді. Басқару лауазымдарынан аластатылған төре тұқымдарының жай –күйі, ондай шараның себеп-салдары, отарлық езгіден күйзелген ел тіршілігі ,тағы сол сияқты көз алдында көлбеңдеген сан-алуан сүреңсіз жәйт біткен – оқу –білімге талпынған жас сұлтанды ойға батырмай қоймағаны хақ.

Университетте оқып жүрген студент Б.Қаратаев Санкт –Петербургте болған түрлі студенттік толқуларға қатысып, әлденеше рет сол үшін ескерту алған.

ХІХ ғасырдың ІІ жартысында Санкт-Петербург университетіне білім, ғылым, өнер үйренуге барған Барлыбек Сыртанов, Бақытжан Қаратаев, Мәмбетәлі Сердалин, Бақтыгерей Құлманов, Абдолла Теміров сынды бір топ қазақ жастары жұрт ісін түс көрмей, ояу жүріп іздеу – мақсат деп «Жерлестер» ұйымын құрды. «Жерлестер» – қазақ тарихындағы ең тұңғыш ұйытқы болған жастар ұйымы. Қазақ қайраткерлері шыңдалған, өмірлік мұраттарын айқындауға септігін тигізген ұйымда олар басқосулар өткізіп, түрлі шаралар ұйымдастырып, танымын қалыптастырды.

ИСПУ-ді тәмамдаған соң, Бақытжан Қаратаев Правительствующий (билік айтушы) сенаттың екінші департаментіне қызметке орналастырылады.Бұл оқиғаны қазақтар үшін үлкен жетістік ретінде «Дала уәлаяаты» газеті қуана жариялаған.Алайда сенат Қаратаевты өзінің қасында ұзақ ұстай алмай, Кутаиси қаласына тергеуге жібереді.Бұл жәйт 1891жылғы Дала ережесінің қабылдануымен тұстас келеді.Содан Бақытжан Бисәліұлы елге, көшпелі қазақ тұрмысына жаңа ылаң әкелген Ереже күшіне еніп болған соң ғана ,1897 жылы, грузиндер ортасымен қоштасып, туған жеріне оралады. Еліндегі қызметін ол халыққа заң тұрғысынан жәрдемдесуден бастайды.Одан біртіндеп ағарту ісіне араласа келе, қоғамдық-саяси жұмыспен кең көлемде айналысуға бет бұрады.Империяның жоғарғы кеңесінде , сондай-ақ өзге де отар өлкесінде қызмет атқару арқылы көзі ашылып, ысыла түскен қоғам қайраткерлерін –патша үкіметі жоспарлы түрде жүзеге асырып келе жатқан отарлау жұмыстарының қазақ халқы үшін қайғылы салдарлары –жердің тарылуы, дінге,оқуға, күнкөріске айтулы қысым көрсетілуі қатты толғандырады.

Ол 1905 жылғы шілдеде бір топ ұлт депутациясын бастап барып, Екінші Николай патшаның қабылдауында болады.Сол жылдың соңына қарай конституционалист-демократтар партиясының бағдарламасын талқылап, оның жер жөніндегі тараушасын қазақ мұңында ылайықтап қайта тұжырымдалған «бес облыс делегаттары съезін» өткізуге ат салысты .

1907 жылы екінші мәрте шақырылған Мемлекеттік Думаға Орал облысы қазақтарының атынан депутат болып сайланады.

ІІ Мемлекеттік Дума жұмысына қатысу үшін Петербургке жүрер қарсаңында Бақытжан Бисәліұлы Орал қаласында татар социал-демократтары шығарып тұрған «Орал» газетінің бетіне 1907 жылы 7 ақпанда «Орыс халқына ашық хат» деген тақырыппен өзінің болашақ депутаттық және қоғамдық –саяси қызметіне бағдарлама іспетті болған мақаласын жариялайды.Мұнда ол орыс шаруаларының қазақ жеріне көшірілуі орайына кеңінен жол беріліп келе жатқан заңсыздықтарды ашып көрсетті.

Қазақтардың ата-баба қонысынан, тіпті, тұрғын үйінен зорлықпен қуылуын, кейде жеке меншіктеріндегі малдарын да күштеп тартып алудың орын алып отырғанын сондай –-өрескел қылықтар салдарынан қантөгіске апарулы қақтығыстар жиі байқалып жүргенін айтты.Бейбіт қазақ халқының заңды ашу-ызасын туғызуы әлгіндей жәйттерді байыппен саралай келіп:

«Біз бұларды орыс халқына жаулық қарым-қатынаста болғандықтан емес, достық көңілден айтып отырмыз ,- деп жазды орыс парламентіне мүше ретінде аттанғалы отырған осынау қазақ уәкілі.

Орыс халқы бізге дұшпан емес, біздің онымен ортақ дұшпанымыз бар, ол-патшалық самодержавие –дүр ... біз былай ойлаймыз : ең алдымен Ресейдің өз ішінде жеке адамдарға , кабинетке ,монастырларға бөлінген және басқа да жерлер-жерсіз шаруалар қолына берілуге керек, ал күллі ел бойынша –жер біткен халық меншігі ретінде танылуға тиіс.Бұл үшін елдің барша жоғарғы өкіметі халықтың өз қолында өтсін .Самодержавие құламайынша мәселесі оң шешілмейді,сондықтан да біз жер үшін күресті Ресейдің барлық халқымен бірлесіп жүргізу ниетіндеміз».

Осы сөздерінен Бақытжан Бисәліұлының революцияға дейінгі де, одан кейінгі де іс-әрекеттерін айқындаған мақсатын айқын аңғаруға болады.

Ол ІІ Мемлекеттік Думаның пленарлық мәжілістерінде де, өзі мүше болған аграрлық және басқа комиссияларда,одан тысқары , үкімет мекемелерінде де зор қажыр-қайратпен қазақ халқының мұң-мұқтажын жоқтады.

Орыс халқы бізге дұшпан емес, біздің онымен ортақ дұшпанымыз бар, ол-патшалық самодержавие –дүр ... біз былай ойлаймыз : ең алдымен Ресейдің өз ішінде жеке адамдарға , кабинетке ,монастырларға бөлінген және басқа да жерлер-жерсіз шаруалар қолына берілуге керек, ал күллі ел бойынша –жер біткен халық меншігі ретінде танылуға тиіс.Бұл үшін елдің барша жоғарғы өкіметі халықтың өз қолында өтсін .Самодержавие құламайынша мәселесі оң шешілмейді,сондықтан да біз жер үшін күресті Ресейдің барлық халқымен бірлесіп жүргізу ниетіндеміз».

Осы сөздерінен Бақытжан Бисәліұлының революцияға дейінгі де, одан кейінгі де іс-әрекеттерін айқындаған мақсатын айқын аңғаруға болады.

Ол ІІ Мемлекеттік Думаның пленарлық мәжілістерінде де, өзі мүше болған аграрлық және басқа комиссияларда,одан тысқары , үкімет мекемелерінде де зор қажыр-қайратпен қазақ халқының мұң-мұқтажын жоқтады.

1908 жылғы маусымның 15 күнгі “Тургайская” газетінің №24 санында “К изданию киргизской газеты” атты мақала жарық көрді. Аталған мақалада Санкт-Петерборда қазақ тілінде газет, журнал шығару үшін қоғам ұйымдастырылғаны жазылады. Бұл қоғамды құруды қолға алған белгілі байлар И.Жаманшалов пен Рамьевтер болды. Империя астанасынан шығарылатын болашақ “Алаш” газетінің редакторлығына Б.Қаратаев шақырылады. Қазақ зиялылары “Алаш” атауының түп төркіні еркіндікті білдіретін қасиетті ұғым екендігін тамыршыдай тап басқан және редакторлыққа елге белгілі қайраткерді шақыруда біраз жәйтті аңғартса керек. Газет ұжымы егер болашақта шығарылатын газетке Б.Қаратаев редактор болса, жұмыстың өрге басатындығын Бақытжан Бейсәліұлын жалпақ алаш жұртының жақсы білетіндігін жаза келіп, алдағы жұмысына табыс тілеген. Өкінішке орай, газет жарыққа шықпаған сияқты.

Ол 1910 жылы Орал облысындағы Жымпиты уезінің Шідерті болысында сегіз көшпенді ауыл адамдары үшін жер кестіріп алып, әрі диқан ,әрі малшы тірлігін үйлестіре жолға қойған отырықшылар поселкесін салдырады.

Бұқараны бір жұдырықтай жұмылдыруда Байтұрсынов айтқандай «халықтың құлағы, көзі һәм тілі» боларлық газет шығарудың аса маңызды екендігін түсінген тұлға 1911-13 жылдары алғашында Орда, кейіннен Орал қаласында Елеусін Бұйрин, Ғұмар Қарашевтармен бірігіп «Қазақстан» газетін шығаруға мол үлес қосады.

Арада аз уақыт өткен соң Тройцкіде «Айқап»журналы шыға бастағанда –қуанышын білдіріп, шығарушыларға құттықтау телеграмма жібереді. Ол өзінің қоғамдық –саяси-экономикалық ой-пікірлерін жиі осы аталған басылымдарға, сондай –ақ «Қазақ» газетіне білдіріп тұрды. «Пікір», «Құяш», «Уақыт» секілді татар тіліндегі жарық көрген баспасөз құралдары беттеріндегі де өзін толғандыратын мәселелерді үзбей ортаға салып отырған.

Өмірінің соңына қарай ол ғылыми жұмыспен шұғылданды.Артына өшпес мол мұра қалдырды 1916 жылғы зобалаң жылдары Б.Қаратаев қазақ даласындағы тыл жұмыстарына жастарды алу шараларын тоқтату жөнінде Ж.Досмұхамедов, Ж.Сейдалиндермен бірігіп дайындаған “Қазақтар туралы естелік жазбаны” патша әкімшілігіне тапсыруы туралы да біраз еңбектенген. 1917 жылы большевиктер партиясының қатарына өтеді. 1918 ж. облыстық атқару комитетінің мүшелігіне сайланды. 1918 ж. наурызда «әскери үкімет» бүлік ұйымдастырып, обл. кеңес мүшелерін, (ішінде Қаратаев та бар) тұтқынға алады. 1919 ж. 24 қаңтарда Ақ гвардияшылар тұтқынынан босатылып, Орал облыстық ревкомның құрамында ұлттар коллегиясын басқарады..

1919 ж. 24 шілдеде ол Қазәскер ревкомның мүшелігіне тағайындалады. 1920ж. 4 -12 қазанда Орынборда өткен Кеңестерді Бүкілқазақстандық Ісъезіне делегат болып, Қазақ республикасы еңбекшілерінің құқығы туралы декларацияның жобасын дайындауға қатысқан. Қазақ АКСР – інің заң комиссары болды. Кеңестерінің 2- Бүкілқазақстандық съезіне де делегат болып қатысады. Б.Қаратаев Кеңес өкіметін қазақ сахарасында орнатуға екі-ақ жыл араласады да, большевиктердің Кеңес өкіметін орнатуда қазақ халқына қарсы зорлық-зомбылығы, қырып-жоюға бағытталған саясаты, социализм идеясын күшпен енгізіп, дінінен, әдет-ғұрпынан, тілінен бездіретін және мәңгүрттікке айналдыратын ілімінің астарын дер кезінде түсініп, 1927 жылы партия қатарынан шығады.

1921-24 жылдары ол Ақтөбе қаласында адвокаттардың губерниялық коллегиясының төрағасы қызметін атқарады. Езілген халықтың құқын қорғауда көп еңбек сіңірген заңгер. Бақытжан Қаратаев большевиктердің қазақ халқына қарсы ұйымдастырған нәубетіне, аштан қырылуына қарсы батыл үн көтерген қайраткер.

Өмірінің соңына қарай Б.Қаратаев ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысып, күні бүгінге дейін маңызын жоймаған ұлт-азаттық көтерілістер және Қазақстандағы азамат соғысы тарихы туралы еңбектерін жазып қалдырды.

1931 жылы 16 тамызда Б. Қаратаев Орталық архив басқармасының ғылыми қызметкері болып тағайындалады. Басқарма Б.Қаратаевты, арнайы бағдарламасы бойынша, Қазақстанның 1916-1919 жылдар аралығындағы тарихын зерттеу мақсатында Ақтөбе, Орал, Саратов, Орынбор қалаларына іссапарға жібереді. Ол іссапарда жүріп мұрағат, кітапхана қорларымен жұмыс жасап, халқымыздың тарихына қатысты құнды деректер жинайды.

Б. Қаратаевтың жан-жақты зерттеліп жазылған құнды еңбегі-«Обзор материалов из истории колонизации казахского края в связи с восстанием казахов Оренбургского края в 1869 году и в начале 1870-х годов».

Ал, Батыс Алаш зиялылары мен Алашорда үкіметін сыңға ала жазған «Из истории Алаш-Орды» еңбегінен, кеңестік тұрғыда жазылса да, алаш қайраткерлерінің сол кезеңдегі қоғамдық-саяси қызметтері, іс-әрекеттері туралы танысуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Б.Қаратаевтың артында қалған шығармашылық мұрасының біразын өзі көріп куә болған және өзі қатынасқан революциялық-саяси оқиғалар, яғни «К истории революционного движения в Уральской губернии», 1905-1907 жылғы бірінші орыс революциясы тұсындағы Орал қаласындағы астыртын ұйымдардың қызметін баяндайтын бұл еңбекті зерттеуші М.Ысмағұлов Б.Қаратаевтың жазғандығын айтады.

1919 жылы Торғайдағы Ә.Жангельдиннің екінші жорығын бейнелейтін «Первый полководец казахских частей - А.Джангельдин», Орал қаласын орыс-казактардан азат етілуі туралы «Взятие города Уральска», «Гибель Чапаева» және т.б жөніндегі естелік жазбалар құрайды.

«Біздің ұзақ өмірден көргеніміз, естігеніміз, тарихи әдебиеттерден кейбір білгеніміз қағазға түсе берсе игі еді» деген мақсат санаған

Б. Қаратаев денесін ауру меңзеп, төсек тартып жатса да, өз естеліктерін, көзқарастарын парақтарға жазып қалдырған.

1932 жылы 2 желтоқсанда Жоғарғы Комитет Президиумы Б.Қаратаевқа қазақ халқының жарқын болашағы үшін сіңірген еңбегіне байланысты арнайы зейнетақы тағайындайды.

1934жылдың 26 тамызында алаштың ардақты ұлы Б.Қаратаев 74 жасында дүниеден озады.

Көрменің мақсаты.

Қазақтың ірі тарихи тұлғаларының бірі, заманының озық ойлы заңгері, алаштың ардақты азаматы, өз ұлтының құқын қорғап, мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған қайраткері Б.Қаратаевтың өмір жолын, еңбектерін, тарихтағы орнын музей қорында сақталған жәдігерлер арқылы көрерменге кеңінен таныстыру.

Көрменің тартымдылығы:

Б.Б.Қаратаев туралы жәдігерлерді жарыққа шығару

Көрменің ғылыми маңыздылығы:

Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорындағы тарихшы, зерттеуші-ғалым М.Ысмағұловтың қорынан алынған Бақытжан Бейсалыұлы Қаратаев туралы архивтік құжаттар көшірмелерін қалың көпшілікке көрсету .

Экспозициялық шешім:

Көрме 2-қабаттағы фойеде жасақталады.Көрмеге музей қорындағы Б.Қаратаевтың әр кезеңде түскен фотосуреттері, құжаттар көшірмесі, қолжазбалары қойылады.

1-витрина

Балалық ,жастық шақтағы фотосуреттері, Орынбор гимназиясын , Императорылқ Санкт-Петербург университетін оқығандығы туралы құжаттары

2-витрина

Алтын медаль көшірмесі,фотолары, Іс№779. Б.Б.Қаратаев Императорлық Санкт-Петербург университетінің заң факультетінде оқығандағы құжаты.

Қазан,1886ж.

3-витрина

Тұрақты рұқсат қағазы №491

Ревком мүшесі

Партия билеті №512441

Анықтама

Іс. Б.Қаратаев Орал облысы бойынша Мемлекеттік Думаға мүшелікке қабылданғаны туралы іс.1907ж.

4-витрина

Фотолар, қолжазбалар,еңбектер,кітаптар,мақалалар

Ашылу мерзімі: 2010 ақпан

« Қазақтың тұңғыш заңгері »-көрмесінің тақырыптық экспозициялық жоспары

(Батыс Қазақстан облыстық тарихи -өлкетану музейі қорындағы жәдігерлер негізінде).

Тақырып пен бөлімдер

Материалдар жиынтығы

Ескертулер

1

Кітаптар

1. Б.Қойшыбаев «Бақытжан Қаратаев» Алматы «Ана тілі» 1993ж

2

Қолжазбалар

1.Қаратаев–тұңғыш «Қазақстан» газетінің негізін салушы және «Айқап» журналының жаршысы

2 Б.Қаратаев -.Орал облысы бойынша ІІ Мемлекеттік Думаға депутат

3.Б.Қаратаевтың Алашорда үкіметіне қарсы белсенді күресі.

4.Б.Қаратаевтың мақалалары мен жазбалары туралы.

5.Орал облыстық ревком жанындағы ұлттық істер коллегиясы

6.Б.Қаратаевтың қызы Зейнеп Бақытжановаға ҚазССР ҒА философия және құқық институтының директоры,заң ғылымдарының докторы С.Зимановтың атынан жазылған хат.1964ж.

3

Құжаттар көшірмесі

1.Аттестат .Орынбор гимназиясын бітіргендігі туралы аттестат.

2.Куәлік.Императорлық Санкт-Петербург университетінің заң факультетінде оқығандығы туралы куәлік.

3. Алтын медаль суреті.

ИСПУ 1890.Қаратаев

4.Іс№779. Б.Б.Қаратаев Императорлық Санкт-Петербург университетінің заң факультетінде оқығандағы құжаты.

Қазан,1886ж.

5.Тұрақты рұқсат қағазы №491

Ревком мүшесі

6.Партия билеті №512441

7.Анықтама

8.Іс. Б.Қаратаев Орал облысы бойынша Мемлекеттік Думаға мүшелікке қабылданғаны туралы іс.1907ж.

4

Фотокөшірме

1.Б.Қаратаевтың балалық шағы

2.Қаратаев жұбайы және немересімен.

3.Қаратаев жұбайымен Грузияда

4.Б.Қаратаев,Б.Сыртанов, М.Сердалин

5.Б.Қаратаевтың жеке түскен суреттері

5

Фотолар

1.Фото.Б.Б.Қаратаев(түпнұсқа)Санкт-Петербург университетінің студенті.1886ж

6

Ксерокөшірме

Б.Қаратаевтың Орал облысы бойынша ІІ Мемлекеттік Думаға депутат болып барғанда сөйлеген сөзі.

Барлығы :

25

Пайдаланылған әдебиеттер:

1 «Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы. Алматы, 2002ж

2. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы 5- том .Алматы,2003 ж.

3. Б.Қойшыбаев «Бақытжан Қаратаев» Алматы, «Ана тілі» 1993ж

4. БҚО тарихи-өлкетану музейі қорында сақталған зерттеуші-ғалым М.Ысмағұловтың зерттеу еңбектерінен

 

Регистрация

Жемчужины фонда