Get Adobe Flash player
Slide item 1
Slide item 2
Slide item 3
Slide item 4
Slide item 5
Slide item 6

Главное меню

Добро пожаловать!
Структура музея
Виртуальный тур
Экспозиция
Шедевры, коллекции
Научная деятельность
Законодательство
Госзакупки
Новости
Массовые мероприятия
Западно-Казахстанском областном историко-краеведческом музее открытие зала «Елбасы және Тәуелсіздік» Казахский государственный академический оркестр народных инструментов имени Курмангазы в Приуралье «Дін және дәстүр» «Я памятник воздвиг себе нерукотворный» «Әсем табиғатты қорғау – әркімнің міндеті» «Живем, пока помним!» «День открытых дверей» и акция «Ночь в музее» Ерлік пен Жеңіс Чтобы музы не молчали Отқа оранған жастық Невестка Б.Момышулы в Приуралье Абайдың табиғат лирикасы Әлем бірлігіндегі Қазақстан «Біз біргеміз – берік іргеміз!» Ақ Жайық – достық мекені Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі Сыр еседі сыңғырынан сырғаның Жауқазын Ерлікке толы Ұлы жол Әсем қоңыр «Масленица» «Хандық билік және қазақ елі» «Қысқа ғұмыр, биік белес» «Жалынды ақын, жаужүрек батыр» "Ақжайық-достық мекені" «ЭКСПО-2017 – елдің ерен жеңісі» Открытие мультимедийного комплекса «Сакентану» Батыс Қазақстан облысының мамонт фаунасы «Ғұлама ғалым, парасатты азамат» «Керей қайда барасың?» «Поэзия әлемінің ұлы Қадыры» Поэзия Пайғамбары «Ұрпаққа мұра болар сыйлар» «Кенеп бетіндегі Тәуелсіздік жетістіктері» «Тәуелсіздік шежіресі» «Арманы үлкен – азат ел» «Биік белестер» «Тәуелсіз Қазақстанның гүлденуі» «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» «Елін сүйген, елі сүйген елбасы» «Елбасы – ел тірегі» «Біздің Елбасы» «Ұлт көшбасшысы» «Ақордада көк байрағын нық ұстап, елбасымыз алаш арын арлаған» «Ұлтын сүйген ұлы жүрек» «Қазақстан-2050» - Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол» «Елін сүйген,елі сүйген – Елбасы» «Ақпәтер ауыл тарихы» Тұлға. Зерттеуші. Азамат. Ұлттық валюта – тәуелсіздік негізі Пайдалы қазбалар Шеңберден тыс дүние Тастөбе ерліктің ескерткіші Өнер әлеміндегі тұғырлы тұлға Бабалар бейнесі Ізгіліктің нұрын сепкен Күмбірлеген күй сыры Тіл тағдыры-ел тағдыры «Динозаврлар әлеміне саяхат» «Редкие растения Миргородского ландшафтного заповедника» «SOS - сайгак» Қазақ болмысы жәдігер бойында «Өрелі өмір – әркімге өнеге» «Тәуелсіздік туын көтергендер» «Қайдасыңдар, жалындаған жастарым?» «Жайықтан шыққан ән бұлбұлы» «Мың тұяқтың дүбірі,бір Тұяқтың саусағы» «Көп жасаған қария, ақылы теңіз дария!» «Зерделі сөздің зергері» «Тіл – татулық тірегі» «Діни экстремизм және терроризм» «Алтын ханшайым» «Өнегесі мол өрелі жан» «Күй әуен – сазбен өрілген жыр шежіре» «Ұлы Абайға тағзым» «Орнатылған ескерткіш белгі міне, Есіміңе қанықты ел бүгінде» «Спортты серік еткендер» «Тәуелсіздік нышаны» «Жабайы аңдар – жаралы табиғат» «Әсем қалам – Астанам» «Астана – Отанымыздың жүрегі, Тәуелсіздігіміздің тірегі!» «Астана – махаббатым менің» «Тайна керамическихкувшинов» «Елі ардақ тұтқан ұстаз» «Дін және жастар» «Менің туым, менің елтаңбам, менің Әнұраным» Облыстың ерекше қорғалатын табиғи территориялары «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш» «Ел айбынын асқақтатқан рәміздер» «Геральдика тарихы және Отанымыздың рәміздері». «Аға ұрпақтың сыннан өткен сардарлары» «Мұрағаттар сыр шертеді» В областном музее состоялась акция «Ночь в музее» «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран» «Отырарда ойлылардың ізі қалған» «Ғасырлар таңбасы-Капустин Яр» «Өнерің сенің жалғасын табар бүгінде» Еңбегімен елге танылған тұлға «Крылатые друзья» «Табиғат жанашырлары» «Өмірде ізгі із қалдырған» «Бекіре тұқымдастарын болашаққа сақтайық» Әз-Наурыз Ряд мероприятий прошли в стенах Областного музея, в канун праздника Наурыз «Наурыз келсе, құт келгені, ағайын!» «Ұлыстың ұлы күні, жыл басы - Наурыз» Жайықтың самал лебі «Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі» «Әлемнің құдірет күші - аналар» «Қазақстанның биологиялық ресурстары, оларды қорғау және тиімді пайдалану мәселелері» «Ардақты, асыл жандар» «Царство насекомых» «Қыр кенебіндегі тамшылар» «Веселая масленница» «Уходили парни из Афгана...» «Ауғанда от кешкендер» «Афганистан болит в моей душе: 25 лет спустя» «Ауғанстан – жүректегі жара» В областном музее состоялось очередное заседание актива «Ауған ақиқаты» «Ауғанстан естеліктері» «Жанымды жаралаған Ауғаныстан» «Дін мұраты ынтымақ пен бірлік» Состоялось торжественное открытие проекта «Мирас» «Қадыр – балалар әдебиетінің атасы» «Күй анасын құрметтейік» «Діни сауатсыздық – діни экстремизмнің бастауы» Музейный урок «Жабайы аңдар» «Батыс Қазақстан облысының мамонт фаунасы»
Выставки
«Алтын ханшайым» «Жанымды жаралаған Ауғаныстан» «Музеи-сокровище народа» «Звон старинного серебра» «Өнеге өрнектері» «Күй-дария» «Халық өнері - асыл қазына» «Әнші әлемі» «Оралым менің, Оралым» «Азаттық аңсаған азамат» «Ақын тілі – арман тілі» «Сағындым сені, Оралым!» «Түркі жазба мәдениетінің тарихынан» «Кел, балалар,оқылық!» «Білімнің қара шаңырағы» «Қылқалам-өмір» «Өнердің қайталанбас өр тұлғасы» Материал 7 «ХІХ-ХХғғ ас -үй бұйымдары» «Тарихи сабақтастық» Тарих – ақша баламасында «Ауған ақиқаты» «Қазақтың тұңғыш заңгері» «Тұғыры биік тұлға» «Жауһар жәдігерлер» Мы победу приближали как могли Презентация выставки Выставка Муратбека Жоламана Муратбек Жоламан «Жазықсыз жапа шеккендер...» «Тарих.Тағылым. Тағзым» «Уақыт қозғалысы- сағаттарда» «Өшпесін мәңгі өзіңнің Өнерде жаққан шырағың... » «Астана-Елбасының ерлігі» «Жүрегімнің түбіне терең бойла... » «Болу үшін жаралғам туған жердің жырауы... » «Мен қазақпын...» « Әнші Әлемі» «Тарихи Орал»
Музейное событие
Вопрос - Ответ
Гостевая книга

- атты әйел адамдардың қолөнер туындыларына арналған

көрменің ғылыми концепциясы

Тақырыптың негіздемесі:

Қазақ халқы-кең байтақ елімізде қалыптасқан көне мәдениеттің тікелей мұрагері және сол дәстүрді дамытушы, жаңғыртып байытушы, ұлттық қолөнердің үздік үлгілерін атадан балаға мұра етуші.

Қасиетті қазақ халқының, соның ішінде әйел адамдардың қолдарынан шыққан қолөнер туындыларының тарихы тым тереңде жатыр. Ол кең байтақ жерімізді мекендеген сақ, үйсін, қыпшақ, ғұн тәрізді көне түрік тайпаларының мәдениетінен арқау алады. Және де оған Оңтүстік-Сібір, Орта Азия мен Ресей халықтарының да мәдениеті өз әсерін тигізген. Осындай үнемі жаңғыру үстінде болған қазақ халқының дәстүрлі қолөнерінің даму биігіне көтерілген кезеңі ХІХ ғасырдың 2-жартысы мен ХХ ғасырдың басы.

Археологиялық қазбалар мен жазба ескерткіштерге арқа сүйенсек, Қазақстан аймағын мекендеген тайпалар жүздеген жылдар бойы металл, тас, сүйек, саз балшық, ағаш, жүн, тағы басқа да шикізаттарды шаруашылық кәсіптері мен күнделікті тұрмыс қажетіне жарап, қол өнердің өз ұлтына тән ерекше көркем түрлерін қалыптастырған. Қазақстан жеріндегі қолөнердің көне заманнан келе жатқанына Павлодар өңіріндегі Досыбай жартасынан табылған бейнелер, Өскемендегі жазбалар мен Ұлытау жартасындағы суреттер, өзіміздің облыс көлеміндегі Лебедевка, Қырықоба обаларында жүргізілген архелогиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде табылған керамикалық қазындылардың беттеріне салынған геометриялық өрнектер нақты айғақ бола алады.

Өзге де ғылыми деректерде қазақ даласында болған саяхатшылар қазақ топырағын мекендеген сақтар мен массағаттардың барлық заттардың әшекейленіп, киімдердің өзіне тән үлгісі барын айтады.

Ал енді қазақтың ұлттық қолөнерінің таңғажайып туындысы – киіз үй орта ғасыр саяхатшылары Марко Полоны (1230), Плано Карпиниді (1246), қатты таң қалдырып, олардың тарихи жазбаларынан орын алғаны – біз үшін үлкен мақтаныш.

Ұлттық қолөнеріміздің баға жетпес байлығы-киіз үй-қолдануға ыңғайлы, тасымалдауға жеңіл, ұлан-байтақ даланың табиғаты мен тұрмысына бейімделген ерекше баспана. Киіз үйдің қаңқасы ағаштан жасалса, ал жабындысы, бау-басқұры, жасау-жабдығы мал шикізатынан, яғни жүннен дайындалған. Демек киіз үйдің ішкі сән-салтанатын келтіретін бұйымдардың барлығы дерлік әйелдердің қолынан шыққан туындылар болып табылады. Киіз үйдің киізіне қарай ақ үй, боз үй, қара үй деп бөлінген. Киіздер ақ, боз қойдың жүнінен басылып, ешкінің қылынан есілген жіппен жиектелген.

Киіз басу өнері өзінің шарықтау шегіне орта ғасырдан бұрын жеткен. Саяхатшы В.Рубрук қаңлы-қыпшақ жерінен өтіп бара жатып, олардың үйлерін тек ақ киізбен жабатынын, сондай-ақ киіздің жарқырап ағарып тұруы үшін әкті немесе сүйектің ұнтағын пайдаланатындығын айтады.

Мәселен, салтанатымен таңқалдырған қазақтың киіз үйлері 1861 жылы Парижде өткен халықаралық көрмеге қатысып, 1876 жылы Петербургте болған үшінші конгресстің Құрметіне ашылған көрмеге, 1890 жылы Қазанда өткен көрмеге қойылғаны тарихтан белгілі. Тіпті Кіші жүз ханы Жәңгірдің орыс патшасына сый ретінде тарту жасаған киіз үй мен оның жасау бұйымдарының Санкт-Петерборды тамсандырып, кейін оны неміс королінің қалап алғаны мәлім. Міне сондықтан бүгінгі көрмеге қазақ үйінің сәнін келтіретін түскиіз бен текемет, түкті кілем, қоржын, қап-тыстары мен басқұрмалар қойылып отыр. Бұл ескінің көзіндей көне дүниелер кезінде ел ішінен жиналып алынған, бүгінде олар музейдің қорында жауһар жәдігерлер ретінде сақталуда.

Жалпы киіз басу және киізден бұйымдар жасау көшпелі халықтарда сақталғаны тарихтан белгілі.. Қазақтар киізді тек жабу үшін ғана емес, үйдің ішін жасап-жабдықтауға да пайдаланған. Енді осы киізге басуға қатысты өнердің сырына кішкене үңілсек....

Әдетте киіз басуға кіріспестен бұрын бірқатар дайындық жұмыстары жүргізілген. Негізінен, күзем жүн-қойдың үстінде жүргенде жуылған, яғни қойлар 5-10-нан тоғыттан өткізіліп тоғытылған, жүні кепкен бойда қырқылған. Қырқылған жүн жиналып, іріктеліп, сабауға жіберілген. Ол үшін арнайы түзу талдан сабау құралын дайындап алған. Содан соң 5-6 адам 1 метрдей сабауды екі қолға ұстап, жүнді сабаған. Тек ұру сабау деп аталмайды. Сабаумен жүнді қопсыта ұру керек болған. Сабалған жүн бойындағы шаң, тозаңнан арылады, ұйысы жазылып, көпіріп, желкілдеп көтеріліп, жұмсақ күйге енетін болған. Сөйтіп жүн киіз басуға дайын болады.

Киіз басу үшін ұзындығы 5-5 құлаш ши қажет.

Ши дегеніміз-қазақ жерінің түрлі аймағында түп-түп болып өсетін, сабағы жіңішке, қамыс тектес ши деп аталатын өсімдіктен тоқылатын бұйым. Ши тоқу өнері қазақтарға, қырғыздарға, түрікмендерге, қарақалпақтарға, т.б. халықтарға көне заманнан бері белгілі болған. Шиді жүнмен орап, оны өрнектеп тоқып, керегенің сыртына тұтуға, үй ішіндегі аяқ-табақ, ошақ басын қоршап, көлегейлеп қоюға, киіз үйдің есігіне ұстауға, құрт жайып кептіруге, киіз басу жұмыстарына, киізді ылғалдан сақтау үшін жерге төсеуге, тары сүзу үшін шыпта жасауға пайдаланған. Шидің түрлеріне байланысты мынадай атаулар кездеседі: ақ ши – қабығынан аршылған ақ шидің жүн оралмай, ою-өрнексіз тоқылған түрі, шым ши -шидің түрлі түсті жүн орау арқылы өрнектеп тоқылған түрі.

Міне, осындай шиге сабалған жүнді себе төсейді. Оны жүнді шиге салу деп атайды. Шабақталған шиге салынған жүннің біркелкі екенін байқау үшін алақанмен басып көреді. Жұқа жеріне жүн қосады, қалың жерін жұқартады. Содан кейін алдын ала қазанда қайнап тұрған суды жүннің үстіне себелейді. Су себелеп жатқан кезде екі әйел жүн салынған шиді домалатып орап отырады.

Жүн тегіс салынған ши түгел оралған соң, оны сыртынан үш жерден жіппен шандып байлап, шидің екі басына (шидің шетіне) сынып қалмасын деп дорба кигізген. Содан кейін шидің үстіне ақ тамызып, киіз басуға қатысып тұрған адамдардың барлығына ақтан ауыз тигізген. Бұл ата-баба аруағына сыйынуда білдірген.

Буулы шидің ортасынан екі арқанды өткізіп тоқтаусыз бір сағат тербетіп тартатын болған . Сөйтіп шидің ішіндегі жүн киізге айналғанша домалатқан. Бұдан соң домаланған киізді үш рет білектеп,одан кейін үш рет алақандаған. Сосын киізді ұзынынан екі бүктеп, екі шетін қосып, шуда жіппен көктейді де, бір сағат қарпиды. Қарпуға жас жігіттер қатысқан. Дайын болған киізден әр түрлі бұйымдар жасауға болады.

Көргендердің көзінің жауын алып, таңғалдырған, адам қолынан шыққан осынау ғажайып туындылар бүгінгі халқымыздың мақтанышы болса, ертеңгі болашақ үшін баға жетпес мұра екені анық. Бұйымдардың дайындалу тәсілі мен жасалу жолдары атадан балаға мирас болып қалып отырған. Қайсыбірінің аты-жөні белгісіз, бірақ ісі ерекше әсем талантты халық шеберінің жасаған затына таңдай қақпай қарай алмайсыз.

Оюлап киіз басу тек қазақтың ғана еншісіне тиетін өнер емес, мал шаруашылығымен айналысатын басқа да көшпелі елдерге тән, ортақ нәрсе. Киіз басумен Қазақстанның барлық бөлігінің тұрғындары айналысқан. Бір қызық жері, пайдаланылатын зат біреу, ол жүн, ал осыдан жасалған киіздің әр жүзге, әр руға тән өзіндік ерекшеліктерін анық байқауға болады.

Өзгешеліктері киіздің жасалуында емес, безендірілуінде, бірін-бірі қайталамас өрнектерінде болған. Киіздің бетіне ою-өрнек салу үшін түтілген жабағы жүндер әр түске боялған. Сонан соң қайнаған су себіліп, оралып, тек тарту әдісімен басылатын болған. Бұны талдырма деп атайды. Сосын осы талдырмадан кәдімгі қағаздан ою ойғандай үлгісімен өрнектер ойған. Оюлар дайын болған соң текеметке арналған шиге шабақталып жүн салынған. Міне,сонда тегіс жүннің үстіне өрнек салу оңайға түскен.

Қазақстанның кей жерлерінде, әсіресе Маңғыстау өңірінде малма әдісі деген де әдіс пайдаланылған. Бұл ақ жүннен дайындалған талдырманы бояуға малып бояу әдісі. Бұлайша дайындалған талдырма ақ киізде де, қара киізде де бояуы қанығырақ болған.

Екінші бір әдіс текемет өрнегін боялған әр түрлі жүннен салалап, шүйкелеп отырып, өрнек салу немесе түтілген бояулы жүнді ескен құсатып толғап алып,созып отырып өрнек салу. Бұл әдіс мейілінше қиын. Яғни жүннің үстіне жүннен өрнек салу үшін шеберлікті, икемділікті, ұқыптылықты үйлестіре білушілікті талап еткен.

Қазақ қонақжай халық болғандықтан арнаулы бір бөлек қонақ үйі болады. Оның жасау жабдығында күнделікті қолданылып жүргендердей емес өте сәндікпен безендірілген бұйымдар тұтылған. Тұсқа айшықты тұс киіз ілінген. Тұс киіз-қазақтың халық шеберлерінің тағы қатты көңіл бөліп, сәндеп безендірген бұйымдарының бірі. Тұс киізді де киіз үстіне ақ, қара, қызыл өрнектер салып дайындаған.Оның көлемі көп жағдайда тік төртбұрыш болып, керегеге тұтастай тұтуға жетерлік болған.Тұс киіз үйдің жасауы ретінде сән берер жиһаз болғанмен керегеден суық ұрмас үшін жылулық қасиеті тағы қатты ескерілген.Сондықтан да оны да қалың киізден жасап, үстінен әдемілеп, көркемдеп мәнерлі өрнек түсірген.

Тұскиізбен қатар төрге оюлы текемет төселген. Текемет-бетіне ою-өрнек салынған киіз. Текеметке салынатын оюларды текемет өрнек деп атайды,ол әр түсті шашақпен өте әсем безендірілуімен ерекшеленетін киіз бұйымдардың ішіндегі ең бағалы жасау. Оюлы текемет тек өте сыйлы қонақтардың құрметіне ғана ұсталатын болған.Көбінесе оюлы текемет қызға жасау ретінде дайындалған. Отау үйдің көркі болатын мұндай жасаудың атқарар тағы бір міндеті болған. Ол –жас келінді тіл көзден, жат пиғылдан қорғайды-деген халық сенімі. Осындай қорғаушы міндетті атқарар халық ұғымында тағы бір қасиетті зат бар.Ол-үкі. Қазақтар үкіні ырымдап сәукелеге, жаңа туған сәбидің бесігі мен жас келіннің тұс киізіне қадаған. Мерекеге тойға бір төселер төсеніш киіздер шаңқан ақ киізден басылып, өрнектері әр түрлі жібек немесе шұға сияқты кездемелерден айшықты етіп басылған. Мұндай текеметтер өрнектерінің ерекше нәзіктігімен ,көз тартарлық әсемдігімен назар аударарлық болған. Текеметтің көлеміне қарай ірілі-уақты сәндік әшекей өрнектері болады. Әлбетте, өрнекті киіздің негізгі түрін ашатын басқа бір айшықты түстен салған. Өрнектің көрнектілігі халық шеберінің ой-қиялына, суреткерлігіне байланысты әр жерде, әр түрлі болып келеді. Кейбір шеберлер -әсіресе Оңтүстік және Батыс Қазақстанда, Маңғыстауда өрнекті әр түстен қатарлап, бірнеше түзу ретінде түсірген. Безендірудің бұл элементтері тәжік, қырғыз, әсіресе өзбек көркемөнерінде қазірде бар. Қатарлап тартылған әр түрлі жолақтар текеметке айшықты өң беретін болған. Текеметке салынар ою қошқар мүйіз тектес өрнек. Ол өте дәлдікпен (симметриялық) орналасып, бір-біріне жалғасып, текеметтің шетіне бір бөлек салынған. Бір ғажабы өрнектің аяқталар (тұйықталар) жерінде ою кез келген жерінен бөлінбей, бір қошқар мүйіз тұтастай салынып барып аяқталып отырған. Бұл «қошқармүйіз» немесе «мүйіз» деп аталатын ою-өрнек қазақ халқының ою-өрнегіндегі ең негізгісі болып саналады.

Қошқар мүйіз ою туралы халқымыздың сүйікті ақын қызы Фариза Оңғарсынова былай деп жазыпты:

Түрін-ай текеметтің, асыл қандай

Үңілдім үнсіз ғана басымды алмай.

Келе ғой қошақаным өзіме деп,

Әжем кеп сыйпагандай шашымнан жәй.

Осындай әсем текемет тәрізді әр түрлі киізден ойылып жасалатын төсеніш киіздің тағы да бір түрі бар. Ол Сырмақ деп аталады. Сырмақ басу негізінде Орта жүзде Арғын, Найман, Керей, батыста-Қыпшақ руларында көп тараған. Сырмақ жасаудың атадан балаға таралып дәстүр болып келе жатқан өзіндік салты бар. Әр ұрпақ өкілдері өздерінің жаңалықтарымен, соны элементтерімен сырмақ сыру өнерін толықтырып, байытып отырған. Текеметтей емес сырмақ даярлауда алдын-ала өлшеніп, нақты белгілегенген үлгілері болады. Ою қатаң тәртіппен орналастырылады. Қазақтар сырмақты қойдың табиғи ақ не қара, қоңыр, боз, көгілдір жүндерінен қарама-қарсы деген екі түрін алып, оюлап жасаған. Бертін келе бұл дәстүр бұзылып, сырмақтың киізі ашық түсті бірнеше бояуға боялып оюланатын болған. Сырмақтың ортаңғы бөлігіне үш-төрт бұрыш орналасқан. Әр квадратта 4-тен ою салынған. Сырмақтың жағалай шетіне бір қатардан ою салынған. Қайсібір жерлерде оюды өсімдік тектес етіп әр түрлі гүл бүрлеріндей сәндеп беру кездеседі. Бертін келе киіз орнына мауыт (шұға), мақпал (барқыт) пайдаланылатын болған.

Ерте заманнан бері қазақ тұрмысында мықтап орын алған, бүгінгі күнде де маңызын жоймаған, өте тығыз тоқылатын, өте төзімді, ұзақ уақыт сақталатын бағалы үй бұйымдарының бірі – кілем деп аталады. Ертеде кілемді жерге төсеумен бірге туырлық пен үзіктің орнына да жапқан, әрі сән үшін, әрі жылылық үшін керегенің ішінен де тұтылған. Халық арасындағы «Үй жасауы – кілем» деген сөздің өзі-ақ оның қазақ тұрмысында қаншалықты орын алғанын көрсетеді. Кілемді алтын, күміс бұйымдармен бірге байлықтың, баршылықтың белгісі деп санаған. Кілем қыз жасауының елеулі құрамына кірген; сыйлы қонақтарға арнап кілем төсеу, кілем төсеп қарсы алу, көшіп-қонғанда салтанаттыққа түйеге кілем жабу сияқты дәстүрлермен бірге оны құн төлеуге, сый-сияпат жасауға да пайдаланған. Кілем тоқу – қай халықта да ерекше орын алған кәсіп. Қазақ тұрмысында өрмек тоқумен айналысатын қыз-келіншектер, әйелдер арасынан кілем тоқуды кәсіп еткен шеберлер шыққан. Оларды кілемші деп арнайы бөліп атаған. Тоқымалық кілемдерде Енесей және көне түрік әріптеріне ұқсас өрнектер жиі кездеседі, тіпті кейбіріне зер сала қарасақ, Орхон жазуларына ұқсас өрнектерді де тауып алуға болады.Тарихтан дүние жүзіндегі ең үлкен кілемнің тұңғыш рет 1959 жылы Ашхабатта тоқылғаны мәлім. Оның көлемі 192 шаршы метр болса, 1965 жылы Түркімен шеберлері оны екі есеге дейін ұлғайтқан. Қазақтың қолөнер шеберлері де кілем тоқудан алдына жан салмаған. Қарт ана Барлыбаева Рымжанның тоқыған кілемі 1926 Париж қаласында болған көрмеге қатысып, бәйге алғаны тарихтан мәлім

Халқымыздың бізге жеткен осындай ою-өрнек үлгілері бай мұра, сарқылмас қазына. Ғылымдар ою-өрнектердің әзірше 200-дей түрін ғана анықтады. Шеберлер жаңа ою-өрнектерін тұрмыс тіршілігіне, өз дәуіріндегі заман ағымына қарай лайықтап отырған. Мысалы, халқымыздың көне бұйымдарының бірі- қалындық жабынындағы ою-өрнектер сәнділігімен қатар, әр түрлі күміс теңге, салпыншақтар арқылы безендіріліп, берік болу жағын қарастырылған. Сөйтіп, қалай болғанда да ою-өрнек халық өмірінен мүлдем жоғалып кетпеген, ғасырдан-ғасырға жалғасып отыр. Оған куә бүгінгі көрмеге қойылған жәдігерлер. Бұлар арқылы әр замандағы адам баласының эстетикалық талғамын байқауға болады. Мәселен, әйел адамның қысқы күбісі мен құшақ ХІХғ аяғындағы шеберлерінің іскерлігін көрсетсе, ақын Ботакөз Баймұқанованың кішкене шай сандығындағы ою-өрнектер ХХғ шеберлердің жұмысы.

Бүгінде ел ішінде осындай он саусағынан өнер тамған, қолөнердің сан саласын жақсы меңгерген ісмерлер аз емес. Солардың бірі республика көлемінде танымал ұлттық киім үлгілерін тігетін «Мария-ханым» сән салоны. 1999жылы «Мария» салонында әр түрлі маталардан құралып, әсем тігілген «құрақ шапан» бүгінгі шеберлердің жұмысы. Түрлі түсті мата қиындыларынан құрақ құрау жұмысы ежелден – нәзік сезімді, түсті аңғарғыш, эстетикалық талғамы еркектерден жоғары тұратын әйелдердің еншісіндегі іс болған. Ел арасында құраққа қатысты бірсыпыра атаулар қолданылады: құрақтың суы – құрақтардың арасына жүргізілетін бір түсті жолақтар, құрақтың көзі – құрақтардың ортасына басқа түстен тігілетін өрнек, яғни басқа құрақ соның айналасына тігіледі, жұлдыз құрақ – таңдай пішінді құрақтан құралып, көздері тең үшбұрышты түсті барқытпен көмкерілген түрі, тырнақ қатар – тырнаққа ұқсаған үшбұрышты құрақшалардан құралған түрі, т.б. Бұл құрақты шапан салонның суретшісі Ғалия Күспанованың туындысы. Ол 2003 жылы Мәскеуде, 2005жылы Ақтауда, 2009жылы Астана қаласында өткен Халықаралық сән үлгілерінің үлкен байқауларында көрсетілген сән үлгісі.

Салонның негізін салушы Күспанова Мария Райыпқызы. Өзінің күш-жігерінің арқасында кішкене ғана жерде 1-2 тігін машинасымен өз ісін бастаған Мария апайдың еңбегі жанып, ел ризашылығына бөленді. Іскерлігі бағаланған ол «еліміздің ең үздік кәсіпкері» атанып, Ел Президентінің «Алғыс хатымен» марапатталып, « Іскер әлем» журналына енгізілді Қолөнердің қырлары мен сырларын игерген Мария Райыпқызы өзінің өнегелі өмірінде шәкірт тәрбиелеп отырған ұстаз десек артық айтқандық емес. . «Таңғажайып үлгілерді жасап, өткенді ұмытпай, болашаққа көз тігу» ұранын ұстаған салонның ерекшелігі: олар қазақтың ұлттық ою-өрнектерін мұқият зерделеп, қазақ тарихына тереңірек үңіліп, өз істерінде шебер пайдалануда. Мәселен, қазақта бас киімде кездесетін ою-өрнектер сырт киімде қолданылмайды. Мұның өзіндік те себептері бар. «Ит құйрық» деп аталатын өрнек ешқашан бас киімдерге қолданылмаған. Мұның астарында «дұшпаның кеудеңнен жоғары өрлемесін» деген ырым жатыр. Бұл өрнек «дұшпаның төмен болсын» деген ниетпен көбінесе ер адамдар шалбарының жырық балағына өрнектелген.

Әйел адамдардың бешпетіне, қамзолына бәйшешек гүл тәрізді немесе қанатты қарлығаш секілді өрнектер бейнелесе оның мәнісі өмірі гүлдей болсын деген ұғымды білдірген. Ал ер баланың киіміне найзаның ұшы, бүркіт, қошқар мүйіз секілді өрнектер батыр, алғыр болсын деген ырыммен жиі қолданылатын болған.

Салонның суретші-модельері Ғалия Күспанова-Нагуманова өз туындыларында қазақ халқының ұлттық киімін ерекше әшекейлеуге барынша ықылас аударып отырады. Бүгінде оның басшылығымен салон филиалы Астана қаласында қызмет істеуде. Салон Астана қаласында шығарылатын елдегі үздік «Сән индустриясы» тізіміне енгізілген.

Бүгінде қазіргі жастарды қонымды киіне білуге баулу үшін салон жанынан апайдың келіні, Жұлдыз есімді қазақтың ару қызының басшылығымен «Сән үлгісін көрсететін» студия ашылып, жұмыс істейді.

Қай заманда болмасын отбасының бақыты әйел-анаға байланысты десек, «Томирис», «Қыз Жібек», «Айман-Шолпан» деп қазақ әйелдеріне тамаша өнер туындыларын арнаған елімізге танымал суретші, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Ағымсалы Дүзелхановтың сәукелелі «Қалыңдық» картинасыннан қаншама әсемдік, нәзіктік сезіледі. (А.Дүзелханов Қазақстанның ұлттық ақшасы-теңгені безендірушілердің бірі. Туындылары Қазақстанның және шет елдердің өнер мұражайларына қойылған)

Қазақ әйелі қашанда осындай өзінің нәзіктігімен сан қырлы қолөнерді меңгеріп, әсем туындыларды дүниеге әкелген.

Қоғамның дамуы адамдардың ой-санасының, мінез-құлқынын өзгеруімен қоса сыртқы сымбат, келбетінің де жаңаруына ыкпал етуде. Қазір киім, бұйымдарда ою-өрнектерді шығармашылықпен қолдану заман талаптарынан туындап отырған мәселелердің бірі деуге болады. Қазақтың ұлттық ою-өрнектерін өз бұйымдарында шебер қолданып, қазақтың атын шет елдерге танытып жүрген «Кенже» сән салоны да біздің Орал шаһарында жұмыс істейді. Бұл салонның негізін қалаушы да қазақтың шебер қыздарының бірі Ақкенже Девятко.

Қаламыздың орталығындағы әсем ғимаратта 2000 жылы «Кристина» атымен дүниеге келген бұл орталық 2004жылдан бері қалалықтарға « Кенже» Сән үйі атауымен жақсы таныс. Өзінің шеберлігі мен іскерлігінің арқасында бұл сән үйі 2004жылы Мәскеу қаласында «Зайцев Сән үйі» ұйымдастырған ТМД елдерінің арасындағы сән байқауына қатысып, 3-жүлделі орынды иемденді..2005жылы республика көлеміне танымал болып, Қазақстандағы ең таңдаулы сән үлгілерін жасаушылар бестігінің қатарына енуі, ал 2007 жылы Қазақстан атынан Франция елінде өткен «Үлкен Сән апталығына» қатысып, Парижде әлемге әйгілі Диор, Армани, Шанель сән үйлерімен қатар «Дала қызы» атты өз туындыларын жарқырата көрсетуі «Кенже» Сән үйінің жетістігі десек, Ақкенже Девятконың тынымсыз еңбегінің арқасы екені айқын.

Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан қазақ халқының қолөнері туралы Ресей ғалымдары да өз жазбаларында тоқталып кеткен.. Мысалы М.А.Леваневский: «қазақтың қандай кәсіпке болмасын, табиғаттан қабілеттігіне сүйсінесің, қарапайым құралдармен тамаша ер қапталдарын жасап, алтын, күмістен әсем бұйымдар шығаратындығына таңданбасқа болмайды. Қазақтың тіккен аяқ киімдері өте берік, киюге ыңғайлы» - деп жазады. Шынында қарапайым қазақ қызының қолынан шыққан сән үлгілерінің 2008жылы Америка Құрама Штатында да көрермендердің ризашылығына бөленуі «Кенже» сән үлгілерінің Сән әлемінде мойындалуы деуге болады.

Көргендердің көзінің жауып алып, таңғалдырған, адам қолынан шыққан осынау небір ғажайып туындылар бүгінгі халқымыздың мақтанышы болса, ертеңгі болашақ үшін баға жетпес мұра. «Айлы өзен» атауымен Мәскеу көрермендерін тамсандырған «Мария» салонының сән үлгілері мамандар тарпынан жоғары бағаланып, үлкен сұранысқа ие болуда. Мария Райыпқызы тек қана білікті басшы емес, ол ақылды ана да. Отбасында жұбайы екеуі Айбар есімді ұл мен Ғалиядай сұлу қыздарын тәрбиелеп, оларды жастайынан қазақтың қолөнеріне баулыған. Бүгін бәрі бірлесіп, қазақтың кәсіби қолөнерін алға қарай жетелеуде. Бір кезде «Мария» салоны болып ашылған бұл орталық бүгінде көпшілікке танымал «Мария ханым» атты үлкен Сән ордасына айналып, Астана, Ақтау қаларында өзінің филиалдарын ашты. Жұбайы Владимир Ақтау қаласындағы салонға басшылық жасаса, қызы Ғалия Астаналықтарды «Мария ханым» тіккен әсем туындылармен таныстыруда. Ал ұлы Айбар мен келіні Жұлдыз Оралдағы «Мария» салонының тіректері. «Бірлік болмай, тірлік болмайды» - демекші, ұйымшыл ұжым мен берекелі отбасының қажырлы еңбегінің арқасында көптеген марапаттауларға ие болғанының бір ғана ұшқыны –мына дипломдар.

Қазақтың ою және өрнек деген сөзі біріге келіп, латынша «орнамент » деген ұғымды білдіреді. Орнамент көп елдің тіліне сіңген интернационалдық термин. Мағынасы-сәндеу, әсемдеу. Осы сәндеу, әсемдеудің бір түрі, яғни өсімдік немесе геометриялық фигуралар іспеттес элементтердің симметриялы орналасқан көркем өрісі мен құрылымын ою деп атаймыз. Оюдың әрбір элементінде терең мағына, үлкен мән бар. Әр ою композициясы белгілі бір мақсатқа, мағына, мазмұнға құрылады. Оюлардың ежелден келе жатқан нұсқаларындағы элементтер- құстың, гүлдің, жануарлардың түрін тұспалдап тұратыны белгілі. Мәселен, көне дәуірдегі қолөнершілер «егіз» өрнегін егіз анды жануарды бейнелегенде өмірде бейбітшілік пен тепе-тендікті сақтау ұғымын білдірген. Ертеде ұзатылған қыз өзінің үйіне сәлемдеме ретінде текемет немесе сырмақ жіберетін болған. Ондағы ою-өрнек түрі мен түсіне қарап ата-анасы қызының жай күйіне қанық болған. Мысалы қошқар мүйіз бен өсімдік стилі көбірек салынса қызының бай, дәулетті отбасына барғанын, бақытты екенін білген. Ал егер олардың ортасында жапалақ бейнесі берілсе ол қызының бақытсыз халде екенін сездірген.

Демек қазақтың әрбір ою бояуларының да өзіндік сырының болғаны. Мысалы ол ашық, анық емес бояумен жазылса онда ол құпия жазу болып саналған. Ежелгі адамдар геометриялық ою-өрнектердің магиялық және символдық мәні бар деп сенген. Қазақта қоржын өзімен бірге алып жүретін ең қажетті бұйымның бірі болып саналған. Қоржын бетіндегі бедерленген ою-өрнектер жолаушыға қатысты күн ашық болсын, береке болсын деген ниетпен тілек ұғымын білдірген.

 

«Ағаш көркі-жапырақ, адам көркі-шүберек» деп тегін айтылмаған. Жоғарғы талап-талғамға қарай әдемі киіне білудің өзі мәдениеттіліктің бір көрінісі десек, ХІХғасырдың аяғында ХХғасырдың басында Орал қаласының көшелерінен осындай сәнді киім киген бикештерді кездестіруге болатын еді. Олардың сол кездегі іскерлер тіккен, бұл киімдердің үлгілері қазіргі шеберлерді де таңқалдырары сөзсіз.

«Аңсаумен күнім өтті қанша менің,

желбауда, басқұрда ма аңсау емім.

Әжемнің көзіндей бұл оюларды,

таба алмай дала кезіп шаршап едім» -деп Фариза Оңғарсынова апамыз қазақтың оюларын өзінің «Оюлар» атты өлеңінде жыр еткен.

Басқұр, алаша, тақыр, түкті кілем бәрінің де негізі бір –бәрі де өрмек тоқуға негізделген. Ал оның көркемдік жағынан байыту, мәнерлеп өрнектеу ,әр түсті айшықты бояу қолдану әр заттың сипатына тоқушының өр қиялына ,іскерлігіне байланысты ,әр жерде әртүрлі. Ақ басқұрдың негізі ақ қойдың жүнінен иіріліп, екі шетіне қызыл жіппен жиек жүргізіліп жасалған, бетіне әр түрлі түске боялған жүндерден түрлі ою-өрнектер түктеп салынған. Ақ басқұрдың төсегіне шамамен 3-4 қойдың жүні кеткен. Ал түгі үшін әр түрлі түске боялған 1-2 қойдың жүні пайдаланылған.

Міне осындай ою-өрнектерге қарап-ақ , әсіресе бас киімдегі, түркі халқының ұпақтарын: кімнің қазақ, кімнің өзбек, ұйғыр, татар, тәжік, қырғыз екенін тануға болады. Демек біз «Ою-өрнегіңді қарап кім екеніңді айтайын» дейтін халықпыз.

Қазақтың ою-өрнектері көптеген жерлерде қолданылады. Тіпті ыдыс-аяқ, табақ сақтайтын қазіргідей ағаш бұйымы болмаған кезде де, дәл сол кездің тұрмысына лайықтап жасалған аяқ, сандық, әбдіре қаптары ою-өрнекпен безендірілген.

Аяқ қап –атқарар міндеті бірдей болғанмен сыртқы пішіні көркемдік көрінісі әр жерде әртүрлі. Кейбіреулері төрт текше, қайсыбірі доғал болып келеді.Ал оған әр түрлі қиықтан құралып жапсырылған ою аяқ қаптың өн бойына көлеміне өте шақ ,жеңіл сипат алады. Сырмақ ,текеметке қолданылатын күрделі оюдың мұнда кейбір ғана элементтері пайдаланылады. Киізден құрап үй тұрмысына қажетті жасалған аяқ қап, сандық қап, жастық қап ,айна қап сияқты бұйымдарды да қолдан әшекейлеп тігетін болған. Олар киіз үйдің ішін жабдықтап ,безендіруде қосылар жасау болған. Өйткені олардың көркем ою-өрнегі киіз үйдің ішкі бояуымен үндестік тауып тұтасып жатқан. От басының қарапайым мүлкінің көркем өрнектелуіне қарап тап сол жиһаздың иесін, оның жинақы бейнесін, кестенің сыршыл түйінінен аңғаруға болатын еді.

Күйімді кешсеңдер-ау сол беттегі,

Тұрғандай ана көңіл тербеп мені.

Жан бітіп жайраңдады жан-жағымнан,

Қазақтың қошқар мүйіз өрнектері-демекші қошқар мүйіз салынған мынандай басқұрлар біріншіден, киіз үйдің керегесі мен уығының біріккен жерін жасыру мақсатымен жасалса, екіншіден сәндік жиһаз есебі болып та саналады. Сондықтан оны термелеп өрнек салып әсемдеп тоқыған. Бірнеше құлаш басқұрды теңдей етіп бөліп қатарынан құраса ,әдемі терме алаша болып шығады. Мұндай тоқыма алаша бұйымдар күнделікті тұрмыста қазір де көп қолданылады.

Жел бау-шаңырақты көтерген кезде тепе-теңдікті сақтау үшін қолданылатын жіңішке бау. Олар әр түрлі болып шашақтармен безендіріліп жасалады.

Кесте және көркемдеп, шалып тігу ою-өрнекті әшекейлеудің ертеден келе жатқан элементтерінің басты түрі болып саналады . Кестені бізбен және жай инемен әшекейлеп тігу барлық халықтарға да ортақ өнер. Қазақ халқының дәстүрінде киім кешек пен төсек орын жабдықтары кесте өрнегімен жиі безендірілген. Өнер қазынасының сарқылмас мұхиты халық "адам өнерімен әсем, аң жүнімен әсемдей келіп", "кестені көңіл сызады, қол тігеді, көз сынайды" деп қорытқан. Қай ұлтта да кесте «мата бетіне түсті жіптен тоқылған, тігілген әшекейлі өрнек» деген ұғымды білдірсе, ал кестелеу «мата бетіне түрлі түсті жіппен әшекейлі өрнек тоқу» деген ұғымда қолданылады

Осынау әсем туындылардағы ұлттық ою-өрнек дегеніміз бір сөзбен айтқанда-дәлдік, есеп, тендік, теңдеу, үйлесім, жарасым, сәндік, көркемдік, парасаттылық, жылылық, сұлулық, ойлылық, ақылдылық, зеректік, көңілге шабыт, шаттық ұялатады десек артық айтқандық емес. Олар адамды ептілікке, іскерлікке, шеберлікке, икемділікке, дәлдікке баулиды, тәрбиелейді. Демек ұлттық ою-өрнек өнерге деген махаббат, сұлулыкқа деген құштарлық жиынтығы. Өйткені осыншама әсем оюды ойған адамның жүрегі жылы, нәзік болары айқын.

Ендеше көріп көңіл толтырар бұл мұралар бір күннің, бір жылдың емес ғасырлар бойғы халық мәдениетінің, өнерінің көрінісі екені анық. Себебі мұнда әр ұрпақтың үлесі бар. Сондықтан осы дәстүр жалғастығын ұрпақтан-ұрпаққа аманаттау — ендігі жерде біздің міндетіміз.

Көрменің мақсаты :

Ұмыт бола бастаған қазақтың ұлттық қолөнерін қала тұрғындары мен қала қонақтарының назарына ұсыну, бүгінгі шеберлердің жұмысын насихаттау, жастарға үлгі ету.

Көрменің тартымдылығы:

Көрме музей қорындағы қазақ халқының ең таңдамалы деген көркем безендірілген ұлттық көне бұйымдар негізінде жасалып отыр.

Музейдің этнографиялық байлықтары –ХІХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың басынан бастап, бүгінгі күнге дейін жинақталып келген көне мұралардан тұрады.Қазақтың ұлттық қолөнерінен мәлімет беретін бұл жәдігерлермен қатар бүгінгі таңда Орал қаласында еңбектеніп жатқан қолөнер шеберлерінің туындылары арқылы қолдаңбалы сәндік өнерінің қазіргі кездегі даму деңгейі көрсетіледі.

Көрменің ғылыми маңыздылығы:

Ұлттық дүниетаным ерекшелігін танытатын қазақ қолөнерінің күрделі саласы ою-өрнектің мәні мен маңызын ғылыми тұрғыдан тереңірек зерттеу.

Қоғамдық санадағы рухани-эстетикалық мәдениетті қалыптастыру.

Экспозициялық шешім:

Музейдің көрме залында жабдықталады.

1-витрина – Тұс киіз

2-витрина – Шым ши, киіз басу

3-витрина- кілем

4-витрина- Киіз басу өнері туралы, қыстық күбі, құлаш, сандықша

5- текемет

6-« Құрақ шапан» сән үлгісі, Салон «Мария»

7- А.Дүзелханов «Қалындық»

8- Салон «Кенже»

9 «Айлы өзен» сән үлгісі, Мария -ханым

10.Қоржын

11.ХІХғ-қала тұрғындарының костюмдері

12. Басқұрлар

13.Аяқ қап

14.Кестелі костюм

15.Картиналар

Ж. Аралбаев «Өмір» «Ұлы жібек жолы»

Ашылу мерзімі: 2010 наурыз

«Жауһар жәдігерлер»-көрмесінің тақырыптық экспозициялық жоспары

(Батыс Қазақстан облыстық тарихи -өлкетану музейі қорындағы жәдігерлер негізінде).

Тақырып пен бөлімдер

Материалдар жиынтығы

Ескертулер

1

Киіздер

Шым ши-2
Тұс киіз
Текемет
Кілем
Басқұрлар-6
Аяқ қап-1

 

2

Музей қорынан

Қысқы күбі.

Құлаш

Қамзол

Көйлек

Кебеже

Құмыралар-2

 

3

Сән үлгілері «Мария-ханым» салонынан

1 «Құрақ шапан»

2. «Бәйшешек-көктем»

3. «Наурыз» -қамзолдары

4. «Айлы өзен»-көйлек

 

4

Сән үлгілері «Кенже» сән үйі

1. «Дала қызы»көйлек

2. Былғары етік.

 

5

Фотолар

1М.Күспанова

2.Ғалия-суретші

3.Жұлдыз- модельер

4. «Айлы өзен» сән үлгісі

5.Ақкенже Девятко

 

6

Плакаттар

« Мария –ханым салоны»

«Үркер сән үлгісі»

 

7

Кітаптар

Киізден жасалған үй жабындары.

Қазақтың ою-өрнектері.

 

Барлығы :

33

Пайдаланылған әдебиеттер:

Н.Оразбаева.«Қазақ халқының сәндік ою-өрнек өнері» Ленинград,1970ж

«Қазақ оюы», Алматы, 1986ж

Х.Арғынбаев «Қазақ халқының қолөнері»,Алматы,1987ж

С.Толнебаев, «Ою»,1989ж

«Киіз үйдің жүннен жасалған бұйымдары», 2005ж

«Текеметтің түрлері», 2005ж

Экспозиция бөлімінің меңгерушісі: Г.Мұханбетова.

Регистрация

Жемчужины фонда