Get Adobe Flash player
Slide item 1
Slide item 2
Slide item 3
Slide item 4
Slide item 5
Slide item 6

Главное меню

Добро пожаловать!
Структура музея
Виртуальный тур
Экспозиция
Шедевры, коллекции
Научная деятельность
Законодательство
Госзакупки
Новости
Массовые мероприятия
Западно-Казахстанском областном историко-краеведческом музее открытие зала «Елбасы және Тәуелсіздік» Казахский государственный академический оркестр народных инструментов имени Курмангазы в Приуралье «Дін және дәстүр» «Я памятник воздвиг себе нерукотворный» «Әсем табиғатты қорғау – әркімнің міндеті» «Живем, пока помним!» «День открытых дверей» и акция «Ночь в музее» Ерлік пен Жеңіс Чтобы музы не молчали Отқа оранған жастық Невестка Б.Момышулы в Приуралье Абайдың табиғат лирикасы Әлем бірлігіндегі Қазақстан «Біз біргеміз – берік іргеміз!» Ақ Жайық – достық мекені Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі Сыр еседі сыңғырынан сырғаның Жауқазын Ерлікке толы Ұлы жол Әсем қоңыр «Масленица» «Хандық билік және қазақ елі» «Қысқа ғұмыр, биік белес» «Жалынды ақын, жаужүрек батыр» "Ақжайық-достық мекені" «ЭКСПО-2017 – елдің ерен жеңісі» Открытие мультимедийного комплекса «Сакентану» Батыс Қазақстан облысының мамонт фаунасы «Ғұлама ғалым, парасатты азамат» «Керей қайда барасың?» «Поэзия әлемінің ұлы Қадыры» Поэзия Пайғамбары «Ұрпаққа мұра болар сыйлар» «Кенеп бетіндегі Тәуелсіздік жетістіктері» «Тәуелсіздік шежіресі» «Арманы үлкен – азат ел» «Биік белестер» «Тәуелсіз Қазақстанның гүлденуі» «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» «Елін сүйген, елі сүйген елбасы» «Елбасы – ел тірегі» «Біздің Елбасы» «Ұлт көшбасшысы» «Ақордада көк байрағын нық ұстап, елбасымыз алаш арын арлаған» «Ұлтын сүйген ұлы жүрек» «Қазақстан-2050» - Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол» «Елін сүйген,елі сүйген – Елбасы» «Ақпәтер ауыл тарихы» Тұлға. Зерттеуші. Азамат. Ұлттық валюта – тәуелсіздік негізі Пайдалы қазбалар Шеңберден тыс дүние Тастөбе ерліктің ескерткіші Өнер әлеміндегі тұғырлы тұлға Бабалар бейнесі Ізгіліктің нұрын сепкен Күмбірлеген күй сыры Тіл тағдыры-ел тағдыры «Динозаврлар әлеміне саяхат» «Редкие растения Миргородского ландшафтного заповедника» «SOS - сайгак» Қазақ болмысы жәдігер бойында «Өрелі өмір – әркімге өнеге» «Тәуелсіздік туын көтергендер» «Қайдасыңдар, жалындаған жастарым?» «Жайықтан шыққан ән бұлбұлы» «Мың тұяқтың дүбірі,бір Тұяқтың саусағы» «Көп жасаған қария, ақылы теңіз дария!» «Зерделі сөздің зергері» «Тіл – татулық тірегі» «Діни экстремизм және терроризм» «Алтын ханшайым» «Өнегесі мол өрелі жан» «Күй әуен – сазбен өрілген жыр шежіре» «Ұлы Абайға тағзым» «Орнатылған ескерткіш белгі міне, Есіміңе қанықты ел бүгінде» «Спортты серік еткендер» «Тәуелсіздік нышаны» «Жабайы аңдар – жаралы табиғат» «Әсем қалам – Астанам» «Астана – Отанымыздың жүрегі, Тәуелсіздігіміздің тірегі!» «Астана – махаббатым менің» «Тайна керамическихкувшинов» «Елі ардақ тұтқан ұстаз» «Дін және жастар» «Менің туым, менің елтаңбам, менің Әнұраным» Облыстың ерекше қорғалатын табиғи территориялары «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш» «Ел айбынын асқақтатқан рәміздер» «Геральдика тарихы және Отанымыздың рәміздері». «Аға ұрпақтың сыннан өткен сардарлары» «Мұрағаттар сыр шертеді» В областном музее состоялась акция «Ночь в музее» «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран» «Отырарда ойлылардың ізі қалған» «Ғасырлар таңбасы-Капустин Яр» «Өнерің сенің жалғасын табар бүгінде» Еңбегімен елге танылған тұлға «Крылатые друзья» «Табиғат жанашырлары» «Өмірде ізгі із қалдырған» «Бекіре тұқымдастарын болашаққа сақтайық» Әз-Наурыз Ряд мероприятий прошли в стенах Областного музея, в канун праздника Наурыз «Наурыз келсе, құт келгені, ағайын!» «Ұлыстың ұлы күні, жыл басы - Наурыз» Жайықтың самал лебі «Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі» «Әлемнің құдірет күші - аналар» «Қазақстанның биологиялық ресурстары, оларды қорғау және тиімді пайдалану мәселелері» «Ардақты, асыл жандар» «Царство насекомых» «Қыр кенебіндегі тамшылар» «Веселая масленница» «Уходили парни из Афгана...» «Ауғанда от кешкендер» «Афганистан болит в моей душе: 25 лет спустя» «Ауғанстан – жүректегі жара» В областном музее состоялось очередное заседание актива «Ауған ақиқаты» «Ауғанстан естеліктері» «Жанымды жаралаған Ауғаныстан» «Дін мұраты ынтымақ пен бірлік» Состоялось торжественное открытие проекта «Мирас» «Қадыр – балалар әдебиетінің атасы» «Күй анасын құрметтейік» «Діни сауатсыздық – діни экстремизмнің бастауы» Музейный урок «Жабайы аңдар» «Батыс Қазақстан облысының мамонт фаунасы»
Выставки
«Алтын ханшайым» «Жанымды жаралаған Ауғаныстан» «Музеи-сокровище народа» «Звон старинного серебра» «Өнеге өрнектері» «Күй-дария» «Халық өнері - асыл қазына» «Әнші әлемі» «Оралым менің, Оралым» «Азаттық аңсаған азамат» «Ақын тілі – арман тілі» «Сағындым сені, Оралым!» «Түркі жазба мәдениетінің тарихынан» «Кел, балалар,оқылық!» «Білімнің қара шаңырағы» «Қылқалам-өмір» «Өнердің қайталанбас өр тұлғасы» Материал 7 «ХІХ-ХХғғ ас -үй бұйымдары» «Тарихи сабақтастық» Тарих – ақша баламасында «Ауған ақиқаты» «Қазақтың тұңғыш заңгері» «Тұғыры биік тұлға» «Жауһар жәдігерлер» Мы победу приближали как могли Презентация выставки Выставка Муратбека Жоламана Муратбек Жоламан «Жазықсыз жапа шеккендер...» «Тарих.Тағылым. Тағзым» «Уақыт қозғалысы- сағаттарда» «Өшпесін мәңгі өзіңнің Өнерде жаққан шырағың... » «Астана-Елбасының ерлігі» «Жүрегімнің түбіне терең бойла... » «Болу үшін жаралғам туған жердің жырауы... » «Мен қазақпын...» « Әнші Әлемі» «Тарихи Орал»
Музейное событие
Вопрос - Ответ
Гостевая книга

 

31-мамыр-саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған
«Жазықсыз жапа шеккендер...» атты көрменің ғылыми концепциясы.
(Батыс Алашорда басшыларының бірі, көрнекті мемлекет қайраткері
Ж. Досмұхамедовтың туғанына 125 жыл толуына арналады).


Тақырыптың негіздемесі:

 

Өткен тарихымызда қаншама талқыға салсақ та біздің оны өзгертуге күшіміз жетпейді. Ол мәңгілікке қалыптасқан тарих. Ол кезеңнің көптеген қиыншылықтары да артта қалды. Арамыздан мәңгілікке кеткен ұрпақтардың үміті мен талпыныстары, түсініктері мен қайғылары да қайтпасқа кетті.

1917жылы құрылған Алашорда партиясы мен оның маңына топтасқан Алаш зиялыларының ұлттық мүдде мен тәуелсіз мемлекет құру жолындағы тарихи істері де тарих қойнауына енді. Бүгінде Алаш зиялылары мен Алашорда партиясы көшбасшыларына «халық жауы» деген жаламен нақақтан оққа байлаған 1937-38 жылғы сталиндік репрессияға 73 жыл толып отыр.

Ол кезде сталиндік үлкен террордың қаралы жалыны шарпымаған ешкім қалмаған еді. Зұлмат Совет Одағының құрамындағы барлық елді, барша ұлт пен ұлысты, түрлі жастағы азаматтардың бәрін де қамтыған болатын. Сталиндік режим әр ұлттың оқыған, көзі ашық азаматтарына қырғидай тиді. Мыңдаған адал, ақылды, талантты адамдар, ғалымдар мен қарапайым азаматтар жазықсыз жапа шекті.

Тарихшылардың бағалауынша, 1927-1953 жылдары 40 миллион адам, оның ішінде Қазақстан бойынша 103 мың адам қуғын-сүргінге ұшыраған. 1929-1933 тек Қазақ АССР-ы ОГПУ саяси өкілінің үштігі 9805 іс қарап 22 933 адам жөнінде шешім қабылдаған, соның ішінде 3386 адамға ең жоғары жаза – ату жөнінде үкім шығарған. Соның ішінде Батыс Қазақстан облысы бойынша 1937жылы 853 адам қуғынға ұшырап, оның 335-і атылған, қалғандары әр түрлі мерзімдерге еңбекпен түзеу лагерлеріне жіберілген. 1938жылы 936 адам тұтқындалып, 690- атылған, 246 сотталған.
1997 жыл – «Жалпыұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу» жылы ретінде жарияланып, 31 мамыр –саяси қуғын сүргін құрбандарын еске алу күні ретінде белгіленді.. Осыған орай көптеген құпия мұрағатық құжаттардың сыры ашылды. Мәскеу архивтерінен «Әділет» қоғамы жетекшілерінің өтініші бойынша 1938 жылы атылған адамдардың тізімі алынды. Тізімдегі 631 адамның басым көпшілігі қазақтың маңдай алды азаматтары. Осы жерде негізгі мақсат-қазақтың бетке ұстар азаматтының көзін жойып, бүтіндей бір халықты бассыз қалдыру болғаны айқын байқалады. Тізімнен қай арыстың қай күні зұлымдықтың құрбаны болғанын көруге болады.(25ақпан күні Санжар Асфандияров, Құдайберген Жұбанов, Сейтқали Мендешов, Ізмұқан Құрамысов,Сәкен Сейфуллин, 27 ақпанда Беймбет Майлин, Ілияс Қабылов, 28 ақпанда-Ораз Жандосов). Мәскеуден жеткен тізімдегі 631 атылған адамдардың 80 пайызы- қазақтың белгілі адамдары болған. Олардың көбі алаштың арыстары.
Қазақ тарихында Алаш идеясы, Алаш қозғалысы, Алаш автономиясы әлі де сан қырынан таразылайтын тың тақырып. Әлі де оның қайраткерлері толықтай зерделеніп болған жоқ. Мәңгілік Алаш идеясын жүзеге асырудағы қазақ зиялыларының рөлін тарихи саралап, өткенге көз жіберсек, Алаш идеясының ХХ ғасырдың бас кезіндегі уағыздаушы әрі жүзеге асырушы қайраткерлері ұлт ісіне ерте есейген есті санамен, жалындап тұрған жастық жігермен құлшына кіріскендіктерін байқауға болады. Басында Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Жаһанша мен Халел Досмұхамедовтар сынды жол сілтер көсемдері бар алыптар шоғырының абыройлы ісіне тың серпін, жаңа тыныс берген , олар өз әрекеттері арқылы Алаш идеясының өміршеңдігі ұрпақтар жалғастығында екенін ұғындырып кетті.
Алаш қозғалысының басты мақсаты – Қазақ елінің өзін-өзі басқару, ұлттық мүддесін қорғай алатын мемлекеттік жүйе құру құқын метрополияға мойындату, түбінде дербес мемлекет құру, қазақ жерлеріне ішкі Ресейден қоныс аударуға шек қою,әлемдік озық тәжірибені пайдалана отырып, дәстүрлі мал шаруашылығын өркендету,сонымен қатар егіншіліктің, өнеркәсіптің дамуын қамтамасыз ету, рыноктық қатынастарға жол ашу, жеке адам құқығын және басқа демократиялық принциптерді қадір тұту, ұлттық мәдениетті өркендету,оқу жүйесінің, тілдің дамуына қажет шарттар түзу болды. Қазақты қазақ қып алып қалу болды.
Алашордалықтарды ұлтшылдар ретінде 1929-31 жылдар аралығында құрта бастады. Олардың ішінде Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Шәкәрім Құдайбердиев, Жүсіпбек Аймауытов, Жаһанша ,Халел Досмұхамедовтар секілді алаштың арыстары болды.
Ақжайық өңірінің перзенті Жаһанша Досмұхамедов туған топырағында атамыздың есімі жазылған «Алаш» туын тіккендердің бірі, бүкіл өмірін өз ұлтының жарқын болашағы үшін сарп етті. Биыл Жаһанша Досмұхамедовтың туғанына 125 жыл толып отыр. Жаһанша Досмұхамедов -1885жылы қазіргі Сырым ауданы, Бұлдырты ауылы, Тамды Бойында дүниеге келген көрнекті мемлекет, ұлт қайраткері, жоғары білімді алғашқы қазақ заңгерлерінің бірі, саясаткер. Тегі - Байұлына жататын тана руының қарақұнынан. Әкесі Досмұхамбет Жайық өңіріне дәулетті, көзі ашық кісі болған. Жаһанша ауыл молдасынан хат танып, жалдама жәдид мұғалімінен, кейін болыстық орыс-қазақ мектебінен білім алды. 1896ж. Орал каласындағы реалдық әскери училищесінің дайындық класына қабылданды, әскери дайындықпен қатар өзге пәндерден тиянақты білім алып, үздік оқыды, кластан класқа емтихансыз көшіріліп, мақтау қағаздарына ие болып, есімі училищенің Құрмет тақтасына жазылған. Ж.Досмұхамедов училищедегі әуесқой драма үйірмесінің жұмысына, пьесаларды («Ревизор», т.б.) сахналауға қатысты, әдеби шығармаларды мәнерлеп оқумен көзге түсті. Осы оқу орнында ол Х.Досмұхамедов, Ж.Сүйінтұрұлы, Н.Ипмағамбетов, Н.Досбайұлы, Ғ.Бердиев, Ш.Күсепкалиев сияқты болашақ қоғам қайраткерлерімен араласып, осы топ әсерімен алғашқы саяси-қоғамдық көзқарасы қалыптаса бастайды. 1904ж. училищені үздік бітіріп, 1906ж. белгілі қоғам қайраткері, заңгер Б.Қаратаевтың ақылымен Санк-Петербург университетінің заң факультетіна оқуға түседі. Осы оқу орнында озық ойлы орыс және Батыс ғалым-заңгерлерінің еңбектері ықпалымен заңдық-құқықтық қоғам жетістіктеріне көз жеткізіп,қазақ тәрізді дамудың төменгі сатысында қалған ел үшін ескі кереге биліктен азаматтық-заңдық билік түріне көшудің аса қажет екендігін ұғынды. 1911ж. Санкт-Петербург университетін үздік бітірген Досмұхамедов Оралға келіп, заңгерлік қызметке орналасты, бірақ оның жергілікті «Уральский листок» газетінде жер мәселесіне байланысты жарияланған батыл пікірлі мақалаларынан сескенген Орал губернаторы осы губерния аумағында тұруға тыйым салып, Томск қаласына қызметке жіберді. Ж.Досмұхамедов 1911-17ж. аралығында әуелі адвокат, кейін Томск округтік сотының Каинск уезі бойынша прокуроры болып қызмет атқарды. Осы өңірдегі және қазақ даласындағы сот процестеріне қатысып, прокурор және адвокат ретінде күрделі істерді жүргізді. Сөйтіп Жаһанша есімі Жайық бойындағы елге мәлім бола түсті.
1916жылғы дүрбелең тұсында елдегі самодержавие өкілдерінің зорлық-зомбылығына наразылық білдіріп, бассыздықты заңды жолымен тыюға әрекет етті.Сол жылдың аяқ шенінде Б. Қаратаев, Ж.Сейдалинмен бірге Петроградқа арнайы сапар шегіп, 4-Мемлекеттік Дума алдында қазақ жігіттерін тыл жұмысына алуды доғара тұруды мәселе етіп қойды. Томск қаласындағы болған кезеңінде отставкадағы генерал Черняев (Шымкент) маңында земство бастығы болған Константин Колосовскийдің қызы Ольгамен (Янга) танысып, оны өзінің өмірлік жары етті. 1917ж 19-22 сәуір аралығында өткен осы съезге қатысушы 800 делегат тарапынан бір ауыздан жиын төрағасы болып сайланды. Ж. Досмұхамедов ұсынған бағдарламамен жүрген съезд Жайық қазақтары үшін өмірлік маңызы бар бірқатар қарар қабылдады, соның ішінде тұрақты Жайық сырты облыстық қазақ комитеті сайланды, жаңадан жергілікті басқару құрылымы белгіленді. Съезд Ж..Досмұхамедовті Мәскеуде өтетін 1-Бүкілресейлік мұсылман съезіне делегат етіп сайлады. Бұл тұстағы саяси платформасы-Уақытша үкіметті қолдай отырып, қазақ елін Ресей құрамындағы автономия ету және осы мұрат жолында елдің ықпалды, белгілі адамдардың қолдауына сүйену болды. 1-ші облыстық съезд тұсында осы ойдағы Ж..Досмұхамедовке бұрынғы Дума депутаты А.Қалменовтың және Ғ.Жетпісов, Хайырша хазірет Ахметжанов сияқты ел ағаларының ықпалы күшті болды. 1917 жылы Мәскеуде, көпес Асадулаев үйінде өткен 1-Бүкілресейлік мұсылман съезінде Ж.Досмұхамедов ерекше белсенділігімен танылды.Съезд оны Ресей мұсылмандарының кеңесі - Бүкілресейлік «Шура-и-исламға» комитет төрағасының орынбасары етіп бірауыздан сайлады.Осы сапар, сондай-ақ уақытша үкіметтің Құрылтай жиналысы заң жобасын әзірлейтін айрықша кеңесіне мүше болып енді.1917ж жазда және желтоқсанда өткен 1 және 2 –Жалпықазақ съездерінде Орал қазақтары атынан делегат болып қатысып, соңғы съезде Алашорда үкіметіне (Уақытша ұлт кеңесіне) мүше, «Шура-и исламға» 2-ші жалпықазақ съезі атынан өкіл болып сайланды. 1918ж ақпан айында Қаратөбе елді мекенінде өткен 3-Орал облыстық қазақ съезінде федерациялық негізде ұлттық-мемлекет құрылым түзу мәселелерімен қатар Ресейдің орталық бөлімімен қарым-қатынас жасау , Мәскеуге делегация жіберу мәселесі талқыланған. Бұл ойға 1918жылдың көктеміндегі өкімет ауысулар тұсында орталық алашорда үкіметінің Кеңес үкіметімен байланыс жасау ниеті дөп келеді де,1918ж сәуірдің басында Алаш орда шешімімен Ж. .Досмұхамедов бастаған алашорда делегациясы Мәскеуге келіп, халық комиссарлары Кеңесінің және ұлт істері халық комиссариатының басшыларымен ұлттық автономия жариялау жөнінде келіссөз жүргізді.Кеңес үкіметінің талаптары орталық алашорда үкіметінің ойынан шықпай, келіссөз тұйыққа тірелгеннен кейін де Ж .Досмұхамедов бастаған делегациясы Совнаркомда алашорда өкілдерінен тұратын қазақ комиссариатын құру жұмыстарымен айналысты. Оған қоса Орал земства басқармасы мен Кеңес өкіметінің саяси-шарушылық бағытында келісімге келу жолдарын іздестірді. Совнарком Кіші коллегиясында бірқатар уақыт жұмыс істегеннен кейін, сәуір айының орта шеніне таман нәтижелі әлеуметтік салалары бойынша екі жақты келісімшартқа қол қойылған болатын.Бірақ Оралға келісімен Ж. Досмұхамедов Орал әскері тарапынан тұтқындалды. Алайда Жаһаншаның саяси ілкімділік танытуының арқасында ол бұл тығырықтан сытылып шығып, нәтижесінде 1918 жылдың сәуірдің аяқ шенінде казак әскер үкіметі мен Орал қазақ земство басқармасы арасында әскери саяси одақ жөнінде келісімшарт жасалды. Оқиғалардың даму барысын, қалыптасқан нақты ахуалды, күштердің арасалмағын дұрыстап сараптап, салмақтай білу Ж.. Досмұхамедовты болашақ ұлттық мемлекеттік құрылымды текетірескен екі жақтан да мойны қашық Жайық сыртына, қазақ ауылдары арасына көшіру жөнінде ойға әкеп тіреді. Таңдау Досмұхамедов туып-өскен өңірдің кіндігі, ең бастысы-барыс-келіс, алыс-беріске ұрымтал Жымпиты қалашығына түсті. Бұл таңдаудың дұрыс болғанын өмір көрсетті. Бір жыл ішінде адал да тура мінезімен, шешендігімен, алғыр саясаткерлігімен ел құрметіне бөленіп үлгірген Жанша 1918 ж. мамырда Жымпитыда өткен 4-Орал облыстық қазақ сьезінде төрағалық етіп, осы сьезде Орал губерниясының Жайық сырты бөлігін біріктірген дербес әкімшілік бірлік-«Ойыл уәлаты» Уақытша үкіметінің төрағасы болып сайланды.
1919ж. басында ол Батыс бөлімше үкіметін Ойылға көшіріп, өзі Жымпитыға Қорғаныс комитетін құрды, сонымен бірге бір мезгілде Жоғарғы сотқа төрағалық етіп, Батыс бөлімшенің Әскери бөліміне басшылық жасады. Осынау алмағайып шақта Досмұхамедов әскери өнерде де дарынды екенін танытты. Қызыл армия басшылығының Батыс бөлімшені өз жағына шығаруға тактикалық тұрғыдан мүделлі екендігін тап басып таныған ол Кеңес өкіметі жағына онымен тең жағдайға одақтастық құқымен шығу мақсатында екі арада шебер дипломаттық келіссөздерге бара отырып, бұл ниетін іс жүзінде дәлелдеу үшін Қызылқоғада жайғасқан генерал В.И.Акуниннің Елек корпусын табан тірескен шайқаста қолға түсірді, сөйтіп Қызыл армия бөлімшелерінің ақ казактарды шөлейтті, елсіз даламен өкшелей қуып, Жем (Ембі) мұнай кәсіпшіліктерін аман алып қалуына мүмкіндік туғызды. Мұның өзі Досмұхамедовтің қалыптасқан әскери-саяси жағдайды дұрыс бағамдап, Батыс Алашорда Кеңес басшылығы үшін мәнді болғанымен, саяси және экономика жағынан маңызды екеніндігін дәл аңғарғанын байқатты. Бұл жағдайды Ж.Досмұхамедов майдан астында қазақ ауылдарын казак-орыс әскерінің қырғынынан қорғау мақсатында пайдаланбақшы болды. 1922-24 ж.ж. әйгілі мешін-тауық жұты кезінде Қазақстанның аштыққа ұшыраған батыс және солтүстік аймағы халқына азық-түлік жинап жөнелту үшін Түркаткомы тапсырмасымен Қарқол (Прижевальск) қаласына барады. Осы кезеңде Досмұхамедовтің зайыбы Ольганың әпкесі Надежда Константиновна Тұрар Рысқұловқа тұрмысқа шықты.Ж.Досмұхамедов 1930ж. қазан айында «Скотовод» басқармасында аға экономист болып істеп жүрген кезінде Замоскворьечье аудананындағы Шаболовка келте көшесіндегі үйінде тұтқындалып, Бутырка түрмесіне қамалды, кейінірек Алматыда жауапталды.1932ж. 20 сәуірде Қазақстан ОГПУ Үштігінің «1921ж. Ташкентте М.Тынышпаевпен бірге астыртын ұйым құрды және 30-жылдары Қеңес өкіметіне қарсы қимыл жасады» деп айып таққан қаулысымен Воронеж қаласына бес жыл мерзімге жер аударылды. Воронежде жоғары оқу орындарда сабақ берді. Ж.Досмұхаметовтің бұдан кейінгі тағдыры жөнінде бір-біріне қайшы келетін ауызекі бірнеше дерек бар. Бір мәліметтерге қарағанда, жаза мерзімін өтеп келген соң 1938ж. қыста Мәскеудегі пәтерінен қазақстандық екі қауіпсіздік қызметкері шұғыл алып кеткен. Енді бір деректер бойынша, бет әпетін өзгертіп Қарақалпақстанда бой тасалап жүріп, Мәскеуге келген жерде ұсталады. Бүгінде мұрағаттық деректер Ж.Досмұхамедовтың 1938жылы «үштік қаулы» шешімімен 1938жылы атылғанын жеткізіп отыр. 1958ж. 28 ақпанда Қазақ КСР Жоғарғы сотының шешімімен ақталған алаштың қайраткерінің есімі Жымпиты ауданында бір көшеге және Орал педагогикалық колледжге берілген.
Халел Досмұхамедов -көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Алаш көсемі, энциклопедист-ғалым, күллі Түркістандағы оқу-ағарту, ғылым, баспа ісі және денсаулық сақтау салаларының ұйымдастырушы. Ол 1883 жылы қазіргі Атырау облысы, Қызылқоға ауданындағы Тайсойған құмында дүниеге келген. Кішкентайынан ауылдағы молдадан хат танып, одан соң жергілікті орыс-қазақ мектебіне оқуға түседі. 1894 жылы, он бір жасында Орал қаласындағы әскери реальды училищенің дайындық класына қабылданып, зеріктігімен танылады. 1902 жылы оны үздік бітіріп, тағы бір дайындық класында оқып, 1903 жылы Петербордағы Императорлық Әскери-медициналық академияға латын тілінен қосымша емтихан тапсырып түседі.Кейін ол қазақ тарихы, тілі мен әдебиет саласында ізашар еңбектер жазды, тұнғыш рет медицина, биология, зоология, табиғаттану оқулықтарын ана тілімізде дүниеге әкелді. Батыс Алашорда қайраткерлерінің бірі, Жаһаншаның серіктес жолдасы. 1930жылдары ҚазПи-дің проректоры болып жүрген жерінен, тұтқындалып, Воронежге жер аударылған. Сонда жүргенде «Алашордашыл» деген айыппен қайтадан тұтқынға алынып, Мәскеу, Алматы түрмелерінде отырған. 1939жылы ату жазасына кесілген.
Асанов Қалдыбай Батыс Алаш орда қайраткері, қазақтың алғашқы жоғары білімді экономистерінің бірі. Тегі-қожа. Кедей шаруа отбасында туып өскен. Әкесі ерте қайтыс болып, ағаларының қолында тәрбиеленген. Жымпиты ауданында бір кластық орыс-қазақ мектебінде, екі кластық орыс-қазақ училищесінде оқыған. Саратов университетінің экономика факультетінің түлегі (1909-14ж.) 1916 ж. тылдағы қара жұмысқа алынды. 1917 ж. жазда елге оралысымен Жымпиты уездік атқару комитетінде, кейін уездік земство басқармасында жұмыс істеп, білімдарлығымен, белсенділігімен көзге түсті. 1920ж. ауылды кеңестендіру жұмысына араласып,Жымпиты уездік атқару комитетінің мүшесі, лекторы болды. Сол жылы. Батыс Алашордадағы қызметіне байланысты істі болып, С.Омаровпен бірге Орал лагеріне қамалып, үстінен қылмыстық іс қозғалып, «үштігінің» қаулысымен 1937ж. 15 қарашада атылған.
Омаров Салық - Орал облысы, Жымпиты уезі, Жетікөл ауылында дүниеге келген. Батыс Алашорда қайраткері. Тегі-Байұлына жататын байбақты руының дат бөлімі. Қазақ халқының атақты биі, батыры, қоғам қайраткері Сырым Датұлының шөбересі, батырлығына қоса шешен болған, сол үшін ел ішінде «Қанатты Қазы» атанған полковник Қазы Сырымұлының немересі. 1918ж. Қаратөбеде өткен 3-Орал облысының қазақ сьезінде Жайық сырты қазақтарының бөлек облыс болу ниетін қызу қолдап, осыған орай елге түсетін салық ауыртпалығын жұмыла көтеруді жақтады, жаңадан құрылмақшы Алаш әскеріне 200 ат берді. Дінге, ескіше неке қиюға және жеке меншікке қарсы большевиктік саясатты мойындамады. Алаш қозғалысына белсене қатысушы ретінде мал мүлкі тартып алынып, Орал округі бойынша тәркіге түскен 113 адамның қатарында үй-ішімен Жетісу округіне жер аударылды. Шамамен 1937-38ж. Жетісудан Челябіге он жылға жер аударылып, сонда 1941ж. қайтыс болды.
Сарығожин Сабыр Қаратөбе ауданында дүниеге келген. Әскери қайраткер, генерал-майор. 12 ата Байұлына жататын алаша руының кенжеғара атасынан шыққан. Көп жылдар Ресей патшасы әскерінде қызмет еткен. 1918-19ж. Жымпитыдағы Алашорда үкіметінің әскери комиссары болды. Репрессия қуғындалуынан 1919 жылдың соңында Қара теңіз арқылы Англияға өтіп кетті. 1925ж. Ұлыбританияда Лондон қаласында қайтыс болған.
Сағындықов Халел – 1930-жылдары Батыс Қазақстан облыстық партия комитетінің мектеп бөлімінің меңгерушісі болып қызмет жасаған.1937 ж тұтқынға алынған оған: « Сейтқали Мендешев бастаған контреволюциялық топтың мүшесі. Егеменді, Қазақ буржуазиялық мемлекетін құруға атсалысқан алашордашыл»-деген айып тағылып, «үштік қаулысының» шешіммен ату жазасына кесілген. Артынан бес баласы мен әйелі қалған.
Рахымғалиев Халим – Жаңақала ауданының Новая – Казанка елді мекенінде мұғалім болып қызмет атқарған. Ұлы Отан соғысы басталысымен майданға аттанған ол ауыр жарақатына байланысты1943 ж тұтқынға түскен. 1945жылы тұтқыннан босатылып, елге оралып, ұстаздық қызметін жалғастырған. Бірақ оның бойында Совет үкіметіне қарсы наразы көзқарас қалыптасады. 1946-1948 ж.ж.елде еңбек еткен кезінде ол шәкірттеріне капиталистік елдерді мақтағаны үшін 15 жылға сотталған.
Оспанов Әлмұхамбет-Жымпиты ауданының тұрғыны. Алашорда офицері. 1918-1918ж Алашорда әскерінің құрамында болған. 1935-1936 жылдары Алашорда мүшесі ретінде тұтқындалып, 4 жылға бас бостандығынан айырылған.1945жылы қайтадан тұтқынға алынған. «Совет үкіметіне қарсы, ұлттық көзқарасты адам»ретінде айып тағылып, тұтқынға алынып, 10 жылға сотталған. 1949жылы түрмеде дүние салған.
Жұмат Шанин-Режиссер, драматург, актер, ұлттық кәсіби театр өнерінің негізін салушылардың бірі.1937жылы Орал музыкалық-драмалық қазақ театрын ұйымдастырып, басшылық жасаған. 1938жылы театр репертуарында байлықты уағыздайтын «Айман –Шолпан», «Хан Кене» пьесаларын қойып, театр труппасына байдың қыздарын актриса ретінде алғаны үшін және театр ғимаратында өрттің шығуына байланысты тұтқынға алынған. 1938жылы ату жазасына кесілген.
Бисенов Бақтығали-Тайпақ ауданының №3 ауылында туған.Батыс Алашорда қайраткері. Дәрігер. 1937жылы Жымпиты аудандық аурухананың дәрігері болған. 1938жылы Үштік шешімімен тұтқынға алынып, ату жазасына кесілген.
1927-1953 жылдарға дейін саяси қуғын- сүргін құрбаны болған адамдардың қаралы тізімін әрі қарай жалғастыра беруге болады... Ұзақ жылдардан кейін ғана Сәкен Сейфуллин, Жүсіпбек Аймауытов, Жаһанша және Халел Досмұхамедовтар тәрізді көптеген алаштың ардақты азаматтарының есімдері халқымызға қайта оралды. Бүгінгі ұрпақ өткенге салауат етіп, ақтаңдақтар ақиқатына тереңірек мән беріп, ұғынғандары жөн.

Көрменің мақсаты;
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу. Батыс Алашорда басшыларының бірі, көрнекті мемлекет қайраткері Ж. Досмұхамедовтың туғанына 125 жыл толуына байланысты оның өмір жолымен көрерменді тереңірек таныстыру.

Көрменің тартымдылығы:
Өткен тарихымыздан тағылым ала отырып, бүгінгі ұрпаққа әр құжат арқылы өнегелі тәрбие беру, оларды Отанын сүюге, елінің, жерінің адал патриоттары болуға баулу.

Көрменің ғылыми маңыздылығы:
Жас ұрпаққа «қуғын-сүргін», «концлагерь» деген ұғымдар жат, түсініксіз. Біздің парызымыз олардың санасына тарихи шындықты жеткізу. Өткенді ескермей болашақты құру мүмкін емес. Сондықтан 1927-1953жж ақтаңдақтар ақиқатын түсіндіруге ұмтылу.

Экспозициялық шешім:
Көрме «Өнер» залында жабдықталып отыр.

1-витринада: «Арыстар атылға күн анықталды»-газет қиындысы, Алаш партиясының мақсаты, С.Омаров, Қ.Асанов, С.Сарығожин туралы деректер.
2-витрина: Ж.Досмұхамедов
3-витрина: Х.Досмұхамедов, Х.Сағындықов, «Прикаспийская правда» газеті, 1937жыл. «Қазақ ұлтшылдары»
4-витрина: Ж.Шанин, Х.Рахымғалиев.
5-витрина: Б.Бейсенов.

Ашылу мерзімі: мамыр, 2010 ж,

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған
« Жазықсыз жапа шеккендер»
көрмесінің тақырыптық экспозициялық жоспары
(Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі
қорындағы жәдігерлер негізінде)

Тақырып пен бөлімдер

Материалдар жиынтығы

Ескертулер

1

Мұрағаттық анықтамалар

1.Ж.Досмұхамедовке қатысты№5-1811/57

2.Ж.Шанинге үкімнің орындалғаны туралы Үкімнің орындалғаны туралы. І№11020

Тұтқындалушының анкетасы.

3.Бисенов Бахқа қатысты.

4.Рахымғалиев Халимге қатысты №13/1-19 58-10.

Сұрақ-жауап хаттамасының көшірмесі.

5.Османов Альмұхамедке қатысты:

Туу туралы, Өлімі жөнінде.

Хаттары.

2

Баспа материалдар

Газета «Прикаспииская правда» 1937ж

Мақала: «Арыстар атылған күн анықталды»

3

Фотолар

1. Жаһанша Досмұхамедовтың Орал қаласындағы шәкірт кезі.

2. Жанша Досмұхамедов зайыбы Ольга Константиновнамен. Қырым,1928ж

3. Жұмат Шанин.

4. Халим Рахымғалиев.

5. Сағындықов Хален.

6. Бейсенов Бақтығали .

7.Жымпитыда Батыс Алашорда орналасқан ғимарат.

8.Жоғары білімді алашқы қазақ заңгерлерінің бірі Ж.Досмұхамедов заңгерлер курсын ұйымдастырушы-лектор (2-қатарда солжақтан, 6-орында отыр) Ташкент қаласы, 1924ж

9.Жымпиты уездік ауруханасының ғимараты.

10.Оспанов Альмұхамбеттің тұрған үйі, Жымпиты.

11.Алаш қозғалысының қайраткері, дәрігер, ұстаз, ғалым Халел Досмұхамедов отбасымен.

4

Кітаптар

1.«Азалы кітап» «Полиграфсервис» Орал-2001 ж.

2.«Халел Досмұхамедұлы Таңдамалы Избранное» Ана-тілі , Алматы 1998 ж.

3.«Халел тағылымы», «Ғылым», Алматы 1994 ж.

4. Қ . Хасанов, «Ақтаңдақта атылған азаматтар» Чапаев селосы, 1996 ж.

5

Ксерокөшірмелер

Алаш орда мөрі, Ж.Досмұхамедовтың зайыбынан хат.

Барлығы :

39-құжат.



Экспозиция бөлімінің кіші ғылыми қызметкерлері:
Г.Бахитова, З.Хангереева.

Регистрация

Жемчужины фонда