Get Adobe Flash player
Slide item 1
Slide item 2
Slide item 3
Slide item 4
Slide item 5
Slide item 6

Главное меню

Добро пожаловать!
Структура музея
Виртуальный тур
Экспозиция
Шедевры, коллекции
Научная деятельность
Законодательство
Госзакупки
Новости
Массовые мероприятия
Западно-Казахстанском областном историко-краеведческом музее открытие зала «Елбасы және Тәуелсіздік» Казахский государственный академический оркестр народных инструментов имени Курмангазы в Приуралье «Дін және дәстүр» «Я памятник воздвиг себе нерукотворный» «Әсем табиғатты қорғау – әркімнің міндеті» «Живем, пока помним!» «День открытых дверей» и акция «Ночь в музее» Ерлік пен Жеңіс Чтобы музы не молчали Отқа оранған жастық Невестка Б.Момышулы в Приуралье Абайдың табиғат лирикасы Әлем бірлігіндегі Қазақстан «Біз біргеміз – берік іргеміз!» Ақ Жайық – достық мекені Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі Сыр еседі сыңғырынан сырғаның Жауқазын Ерлікке толы Ұлы жол Әсем қоңыр «Масленица» «Хандық билік және қазақ елі» «Қысқа ғұмыр, биік белес» «Жалынды ақын, жаужүрек батыр» "Ақжайық-достық мекені" «ЭКСПО-2017 – елдің ерен жеңісі» Открытие мультимедийного комплекса «Сакентану» Батыс Қазақстан облысының мамонт фаунасы «Ғұлама ғалым, парасатты азамат» «Керей қайда барасың?» «Поэзия әлемінің ұлы Қадыры» Поэзия Пайғамбары «Ұрпаққа мұра болар сыйлар» «Кенеп бетіндегі Тәуелсіздік жетістіктері» «Тәуелсіздік шежіресі» «Арманы үлкен – азат ел» «Биік белестер» «Тәуелсіз Қазақстанның гүлденуі» «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» «Елін сүйген, елі сүйген елбасы» «Елбасы – ел тірегі» «Біздің Елбасы» «Ұлт көшбасшысы» «Ақордада көк байрағын нық ұстап, елбасымыз алаш арын арлаған» «Ұлтын сүйген ұлы жүрек» «Қазақстан-2050» - Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол» «Елін сүйген,елі сүйген – Елбасы» «Ақпәтер ауыл тарихы» Тұлға. Зерттеуші. Азамат. Ұлттық валюта – тәуелсіздік негізі Пайдалы қазбалар Шеңберден тыс дүние Тастөбе ерліктің ескерткіші Өнер әлеміндегі тұғырлы тұлға Бабалар бейнесі Ізгіліктің нұрын сепкен Күмбірлеген күй сыры Тіл тағдыры-ел тағдыры «Динозаврлар әлеміне саяхат» «Редкие растения Миргородского ландшафтного заповедника» «SOS - сайгак» Қазақ болмысы жәдігер бойында «Өрелі өмір – әркімге өнеге» «Тәуелсіздік туын көтергендер» «Қайдасыңдар, жалындаған жастарым?» «Жайықтан шыққан ән бұлбұлы» «Мың тұяқтың дүбірі,бір Тұяқтың саусағы» «Көп жасаған қария, ақылы теңіз дария!» «Зерделі сөздің зергері» «Тіл – татулық тірегі» «Діни экстремизм және терроризм» «Алтын ханшайым» «Өнегесі мол өрелі жан» «Күй әуен – сазбен өрілген жыр шежіре» «Ұлы Абайға тағзым» «Орнатылған ескерткіш белгі міне, Есіміңе қанықты ел бүгінде» «Спортты серік еткендер» «Тәуелсіздік нышаны» «Жабайы аңдар – жаралы табиғат» «Әсем қалам – Астанам» «Астана – Отанымыздың жүрегі, Тәуелсіздігіміздің тірегі!» «Астана – махаббатым менің» «Тайна керамическихкувшинов» «Елі ардақ тұтқан ұстаз» «Дін және жастар» «Менің туым, менің елтаңбам, менің Әнұраным» Облыстың ерекше қорғалатын табиғи территориялары «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш» «Ел айбынын асқақтатқан рәміздер» «Геральдика тарихы және Отанымыздың рәміздері». «Аға ұрпақтың сыннан өткен сардарлары» «Мұрағаттар сыр шертеді» В областном музее состоялась акция «Ночь в музее» «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран» «Отырарда ойлылардың ізі қалған» «Ғасырлар таңбасы-Капустин Яр» «Өнерің сенің жалғасын табар бүгінде» Еңбегімен елге танылған тұлға «Крылатые друзья» «Табиғат жанашырлары» «Өмірде ізгі із қалдырған» «Бекіре тұқымдастарын болашаққа сақтайық» Әз-Наурыз Ряд мероприятий прошли в стенах Областного музея, в канун праздника Наурыз «Наурыз келсе, құт келгені, ағайын!» «Ұлыстың ұлы күні, жыл басы - Наурыз» Жайықтың самал лебі «Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі» «Әлемнің құдірет күші - аналар» «Қазақстанның биологиялық ресурстары, оларды қорғау және тиімді пайдалану мәселелері» «Ардақты, асыл жандар» «Царство насекомых» «Қыр кенебіндегі тамшылар» «Веселая масленница» «Уходили парни из Афгана...» «Ауғанда от кешкендер» «Афганистан болит в моей душе: 25 лет спустя» «Ауғанстан – жүректегі жара» В областном музее состоялось очередное заседание актива «Ауған ақиқаты» «Ауғанстан естеліктері» «Жанымды жаралаған Ауғаныстан» «Дін мұраты ынтымақ пен бірлік» Состоялось торжественное открытие проекта «Мирас» «Қадыр – балалар әдебиетінің атасы» «Күй анасын құрметтейік» «Діни сауатсыздық – діни экстремизмнің бастауы» Музейный урок «Жабайы аңдар» «Батыс Қазақстан облысының мамонт фаунасы»
Выставки
«Алтын ханшайым» «Жанымды жаралаған Ауғаныстан» «Музеи-сокровище народа» «Звон старинного серебра» «Өнеге өрнектері» «Күй-дария» «Халық өнері - асыл қазына» «Әнші әлемі» «Оралым менің, Оралым» «Азаттық аңсаған азамат» «Ақын тілі – арман тілі» «Сағындым сені, Оралым!» «Түркі жазба мәдениетінің тарихынан» «Кел, балалар,оқылық!» «Білімнің қара шаңырағы» «Қылқалам-өмір» «Өнердің қайталанбас өр тұлғасы» Материал 7 «ХІХ-ХХғғ ас -үй бұйымдары» «Тарихи сабақтастық» Тарих – ақша баламасында «Ауған ақиқаты» «Қазақтың тұңғыш заңгері» «Тұғыры биік тұлға» «Жауһар жәдігерлер» Мы победу приближали как могли Презентация выставки Выставка Муратбека Жоламана Муратбек Жоламан «Жазықсыз жапа шеккендер...» «Тарих.Тағылым. Тағзым» «Уақыт қозғалысы- сағаттарда» «Өшпесін мәңгі өзіңнің Өнерде жаққан шырағың... » «Астана-Елбасының ерлігі» «Жүрегімнің түбіне терең бойла... » «Болу үшін жаралғам туған жердің жырауы... » «Мен қазақпын...» « Әнші Әлемі» «Тарихи Орал»
Музейное событие
Вопрос - Ответ
Гостевая книга

Ұлы Жеңістің 65-жылдығына арналған
«Тарих.Тағылым. Тағзым»
атты көрменің ғылыми концепциясы

Тақырыптың негіздемесі:

Адамзат тарихында Жеңістер көп. Бірақ солардың ішінде мән-маңызы жөнінен шоқтығы биік- Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс. Биыл 2010 жылы осынау Ұлы Жеңіске 65 жыл толып отыр. Демек біздің бейбіт аспан астында өмір сүріп жатқанымызға 65 жыл! Сондықтан жыл сайын біз 9 мамыр күні сұрапыл соғыстың куәгерлері-майдангерлер мен тыл еңбеккерлеріне құрмет -ілтипаттарымызды білдіріп, соғыс сабақтарын еске алып, соғыста қаза тапқандардың рухына бас иеміз.
Екінші дүние жүзілік соғыстың ішінде ең ауыры 1941-1945ж болған Ұлы Отан соғысы болды. Ол жылдардың лаңы қалай дегенде де әрбір адамның тағдырына әсер етпей қалған жоқ. Көпшілігі Отанын қорғау жолында мерт болса, сонша адам майданды керек-жарақпен қамту жолында еңбек етіп, Ұлы Жеңістің негізін қалады. Сондықтан бұл соғыстың аяқталғанына 65 жыл өтсе де, оның салған жарасы әлі күнге дейін сыздайды... Бүгінде арамызда сиреп бара жатқан ардагерлердің әңгімесін тыңдағанда, майдан жылдарындағы әндерді естігенде көңілге еріксіз мұң ұялайды. Көктеммен бірге келетін осынау Жеңіс мерекесінің көз жасы аралас қуаныш мерекесі немесе «Эта праздник со слезами на глазах....» деп аталуы да мүмкін сондықтан болар.
Осы Ұлы Жеңістің бағасы, құны адамзат үшін қаншалықты қымбат?- деген сауалға жауап іздеп, қысқаша саралап қарасақ: Брестіден Москваға дейінгі жер қашықтығы 1200 шақырымды құрайды екен. Ал Москвадан Берлинге дейінгі жердің ара қашықтығы 1400 шақырым деп белгіленген. Демек екі аралықтағы жердің қашықтығы 2600 шақырым болады. Осылай есептеп қарасақ екі ел арасында ара қашықтық тым алшақ сияқты емес. Бұл поезбен 4 тәуліктік , самолетпен 4 сағаттық жол екен.
Ал 1941 жылдың 22 маусым күні таңғы сағат 4-те басталған соғыстың жаяу, еңбектеген күйдегі жолы 4 жылға созылды. Осы қиындық пен қасіретке толы 4 жыл бойына әрбір қалада, әрбір ауылда адамдар мынандай қара репродуктордың түбінде тұрып, Жеңіске деген үміттерін үзбей майданнан жақсылық хабар күтетін. Осындай жақсылық хабарды, соғыстың Ұлы Жеңіспен аяқталғанын біздің облысқа хабарлаған алғашқы диктор, сол кездегі студент қыз, бүгінде БҚМУ қарт ардагер ұстазы Меруерт Жолдықайырова апай болатын.
4 жыл ! 1418 күн мен түн. 34000 сағат. Осы уақыт аралығында қаншама қала қирап, қаншама село өртке шалдықты. Осы жылдары 20 милионнан астам адамдардың өмір оты өшті. Егерде әрбір қаза болған адам үшін үнсіздік сақтар болсақ, еліміз 32 жыл бойына үнсіз қалыпта қалуға тиіс еді. Өйткені соғыс жылдарында әрбір шақырымға 7 мыңнан астам адамдар жерленіпті.Сондықтан осыншама адамдардың өмірі – Жеңістің басты құны болды.
Жеңістің тағы да бір құны-мәңгілікке кеткен Жастық шақ деуге болады. Өйткені көптеген адамдардың ең албырт жастық жағы осы сұрапыл жылдарға келді. Соғыстың алғашқы күдерінен-ақ Орал қаласынан 2000 тартқан жас комсомолдар өз еріктерімен сұранып, майданға аттанды. Бұл жігіттер мен қыздардың көбі өрімдей жас болатын, олардың жастық шағы ешуақытта қайтадан оралмады. Олардың көпшілігі махаббат сезімін бастарынан кешіріп, отбасын құрып та үлгірмей мәңгіге жас күйінде өмірден өтті.
Солардың бірі шығыстың қос шынары атанған,Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова . Алматы медициналық институттың екінші курсынан майданға аттанғанда ол небары 20 жастағы бойжеткен болатын.
Жеңістің тағы бір төлеуі – табиғатынан адамға жарық дүние сыйлайтын әйелдердің, аналардың өз балалары, болашақ ұрпағы үшін қолдарына қолдарына қару алып жаумен шайқасқаны.
Алматы қаласында тұрған Хиуаз Доспановада 20 жасар өрімдей жас қыз күйінде авиация штурманы болып, 300 рет әуе шабуылына қатысып , жаудың төбесінен оқ жаудырды. Бүгінде арамызда жүрген, М.Мәметова музейі жанынан құрылған «Майдангерлер» немесе «Фронтовичка» клубының мүшелері де бойжеткен қыз кездерінде қолдарына қару алып, өмір үшін өлімді жеңе білді.
Соғыс жылдарында армияға басшылық жасаған маршал Рокоссовскидің, маршал Жуковтың еңбектерін ешкімде жоққа шығара алмайды. Әсіресе аға ұрпақ оларды ерекше құрметтейді.
Міне бүгінгі көрмеде маршал Рокоссовскидің қармағындағы қазақ жауынгерлерінің қазақ халқына , еліне жолдаған хатымен танысу мүмкіндігі беріліп отыр. Онда соғыстың қан майданында жаумен жолбарысша , ержүректікпен шайқасқан қазақтар туралы баяндалып, Темір Масин, Хиуаз Доспанова, сияқты т.б. ержүрек батырларымыздың ерліктері ерекше суреттелген. Қазақ халқы осындай ержүрек ұлдары мен қыздарын әрқашанда мақтаныш тұтуы керек деп аталған бұл хатқа 3 мыңдай адам қол қойған. Ішінде біздің жерлестеріміз Кеңес Одағының Батыры Темір Масиннің, Халық Қаһарманы Хиуаз Доспанованың, Ұлы Отан соғысына қатысқан жалынды ақын Жұбан Молдағалиевтің де қолы бар.
Бұл Жеңіске Қазақстанның, соның ішінде оның батыс бөлігінің зор үлес қосқаны даусыз. Ұлы Отан соғысы жылдарында Ақ Жайық өңірінен майданға 76 мыңнан астам азамат аттанды. Олар Орал қаласында жасақталған 152 және 101 атқыштар бригадасы құрамында майдан даласында ерліктің небір ғажап үлгілерін көрсетті.
( бүгінгі көрме залының Ұлы Отан соғысы кезеңдерінен мәлімет беретін плакаттармен безендірілуі тегіннен-тегін емес. Себебі әрбір плакат Ақ Жайық өңірінен шыққан Кеңес Одағының Батырлары, Жауынгерлік Даңқ орденінің иегерлері туралы мәлімет береді.)
Майдандағы ерліктері үшін Батыс Қазақстандық 41 жауынгерге Кеңес Одағының Батыры, 6 жауынгерге Даңқ орденінің толық иегерлері деген құрметті атақ берілді.
Сол кезеңде жүздеген зауыттарды барлық жабдықтармен және жарты миллионннан астам адамдарымен қабылдап, жай-күйсіз қалып, кінәсіз қуғынға ұшыраған талайлардың екінші Отанына айналған біздің еліміз майданның сенімді тірегі болды. Майданда қазақ жауынгерлері ерліктің өшпес үлгілерін көрсетті. «Ел үмітін ер ақтар, Ер атағын ел сақтар» демекші, бүгінде олардың есімдері алтын әріппен ел тарихына жазылды. Солардың бірі бүкіл қазаққа әйгілі болған екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, Халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы Бауыржан Момышұлы. Биыл Ұлы Жеңістің 65 жылдығымен қатар Бауыржан Момышұлының туғанына 100 жыл толып отыр. (1910-1982жж)
Бауыржан Момышұлы Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау мекенінде дүниеге келген.1941жылы Ұлы Отан соғысы басталысымен Бауыржан даңқты генерал майор И.В.Панфиловтың басшылығымен Алматы маңында жаңадан жасақталған 316 атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанды, батальон, полк командирі қызметтерін атқарды. Мәскеу түбіндегі шайқастағы ерлігі сол кездің өзінде Одақ көлемінде аңыз болып жайылды. Соғыстан кейін Бауыржан Кеңес Әскері Бас штабының Жоғары әскери академиясын бітіреді. Әскери-педагогикалық жұмыспен айналысады. Ел Тәуелсіздік алғаннан кейін ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен оған «Халық қаһарманы» деген атақ берілді.
«Ешуақытта пәлен болайын,түген болайын деп ойламаған едім. Қайда, қандай қызметте жүрсем де жүректегі ұраным қазақтың: «Ерді намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді»деген мақалы болды. Ел намысы ер намысы деп білдім. Арманым халқымның намысына дақ түсірмеу болды. Ақындыққа, шенге, атаққа ешқашан да қызыққан емеспін. Олардың өздері келді.... Генерал болсам, маршал болсам, герой болсам деген емеспін»-деген батыр ағамыз өмірінің соңғы жылдарында өзінің үш нәрседен қорқатының айтып кетті:
«...Мен бүгінде біріншіден, «ана әлдиін» айтатын аналардың (келіндердің) азайып бара жатқанынан қорқамын. Екіншіден, немерелеріне ертегі айта алмайтын әжелердің көбейіп бара жатқанынан қорқам. Үшіншіден, салт-дәстүрімізді сыйламайтын ұрпақтың өсіп келе жатқанынан қорқамын. «Ана әлдиін» естімей, ертегі тыңдамай, салт-дәстүрімізді бойына сіңірмей өскен ұрпақ рухани көрсоқыр болады-ау деп қорқамын. Егерде біз осы «көрсоқырлықтан» арылмасақ халық болудан қаламыз»-депті. Ендеше әрбір қазақ жасы Батыр ағамыз айтқан осынау қорқыныштарды әрқашан ескере жүргені жөн.
Жұбан Молдағалиев
Сағынғали Сейітов
Қасым Аманжолов
Абдолла Жұмағалиев
Жеңіс үшін төленген құнның бірі -балалық шағын соғыс өрті шарпыған балалардың көз жасы. Соғыс және балалар деген ұғымның санаға симайтын, бір – біріне сәйкес келмейтін ұғым екенін түсінеміз. Дегенмен 1941-1945 жылдардағы балаларға соғыстың бар ауыртпалығын бастарынан өткізуге тура келді. Олар аштықты, жалаңаштықты көріп, қара қағаздан қайғы жұтып, зар жылаған ана дауысын естіп өсті.
Өлшеммен берілген азық-түліктің арқасында нан қадірін, тұз бағасын біліп өсті. Соғыс жылдарының баласы мынандай азық-түлік карточкасын жоғалту қорқынышын сезіп өсті.
Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагер Янборисов Сосбир Нығметтолаұлы тапсырған соғыс жылдарындағы азық-түлік карточкасы.
Әрбір жанұя соғысқа аттанғандардың аман-есен оралуын тілеп, майдан даласынан келетін әрбір үшбұрышты жауынгер хатын асыға күтіп, ерекше аңсап, қастерледі.
1941 жылы Сталиннің бұйрығымен автономды республикалар өздерінің ұлттық жасақтарын соғысқа жіберуге тиіс болды. Осы бұйрық негізінде 1941 жылдың аяғында Ақтөбе қаласында 101-ші атқыштар бригадасы жасақталды. Оның құрамы Ақтөбе, Гурьев, Батыс Қазақстан облысынан келген еріктілерден жинақталған 5 мың адамнан тұрды. Дивизияның майдандағы жолы 1942 жылы Ржевск қаласындағы соғыс операциясынан басталды. Калининград майданындағы 39 армияның құрамында «Марс» және Мищуково деревнясы үшін жүргізілген ірі операцияларда көрсеткен ерліктерінің арқасында бригаданың даңқы шығып, үлкен атаққа ие болды.
101-атқыштар бригадасының әскери комиссары Шаленов Мерген 1904 жылы Гурьев облысының Қарабау елді мекенінде дүниеге келген. Орал педагогикалық институтының ең алғашқы түлектерінің бірі. 1937 жылы орыс тілі пәнінің мұғалімі мамандығын алып шыққан жас жігіт институтқа ұстаздық қызметке қалдырылған.Ұлы Отан соғысы басталысымен еріктілер қатарында 101 атқыштар бригадасы құрамында шайқасқа кірген. Әскери комиссар. 1945 жылға дейін майдан далаларында жаумен шайқасып, 765 танкке қарсы полктің 150 атқыштар дивизиясының командир орынбасары шенінде Европаны азат етуге қатысқан. 1945 жылы 150 эвагоспиталь бастығының орынбасары болған.
1946 жылы елге оралған. « Қызыл Жұлдыз» орденімен, «Германиядағы Жеңіс үшін», «Кенисбергті алғаны үшін» медалдарымен марапатталған.
Билялиев Айдын 1909 жылы Казталовка ауданында дүниеге келген. 1939-1941жж Батыс Қазақстан облыстық партия комитетінің үгіт-насихат бөлім меңгерушісінің орынбасары болған.
1941 жылы 101-атқыштар бригадасы құрамында соғысқа кірген. Комиссар, батальонның саяси жетекшісі ретінде Калинин майданында шайқасқан. 1943жылы ауыр жарақатына байланысты елге оралып, бейбіт шаруашылықты қалпына келтіруге атсалысқан. Соғыстан кейін Чапаев, Казталов аудандарында аудандық партия хатшысы болып, Орал обком аппаратында басшылық қызметтерді атқарған. Соғыстағы ерлігі, еңбектегі жетістігі үшін бірнеше рет орден, медалдармен марапатталған.
Құспанов Қуанышқали 1922 жылы Қаратөбе ауданында туған. Приуралье балалар үйінде тәрбиеленген. Соғыстың алдында Орал тері-тон зауытында қызмет жасаған.
1941жылы 101-атқыштар бригадасы құрамында майданға аттанған. 1943 жылы Калинин облысында ауыр жарақаттанған. Осыған орай 1944 жылы елге оралып, Олар тері-тон зауытындағы жұмысын жалғастырған. «Ұлы Отан соғысының І-дәрежелі» орденінің, бірнеше медадардың иегері.
101-ші атқыштар бригадасының ең сұрапыл соғыс операциялары үшін дайындалғаны бүгінде мәлім болып отыр. 1942 жылы 90 пайызы қазақ жауынгерлерінен құрылған 101-атқыштар бригадасы «Марс» деп аталған үлкен шабуылға қатысқан. Тверь облысының Оленин ауданының аумағында болған «Марс» операциясы қайғылы аяқталды. Кеңес әскерлері үлкен шығынға ұшырады. Әскери сәтсіздікке және орасан адам шығынына байланысты барлық материалдар, оның ішінде қаза болғандардың тізімдері де ұзақ уақыт бойы жасырын күйінде сақталып келген. Енді, ғана құжаттардың «Құпия» белгісі алынып тасталғаннан кейін, Марс операциясына қатысқан 101-ші атқыштар бригадасының құрамында жүздеген қазақстандықтардың қатысқаны анықталып отыр.
1941жылы 22 маусымда неміс-фашистері елімізге баса көктеп кіріп соғыс ашқан уақытта Ибат Зейнуллин Орал қаласынан аттанған еріктілер қатарында 101-атқыштар бригадасы құрамында соғысқа кірісті. Зейнуллин Ибат –1922 жылы Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, №12 ауылында дүниеге келген. Оның балалық шағы 1931 жылдан бастап Чапаев ауданы Киров ауылдық кеңесіне қарасты «Жас-Қайрат» колхозы (қазіргі Алғабас кеңшарында) өткен. Ауылдық мектептен кейін Чапаев ауданының орта мектебінде оқыған, 1940 жылы Орал қаласындағы мұғалімдер даярлайтын қысқа курста оқып, 1941 жылы Кировтің жеті жылдық мектебінде тарих – жағрафия пәнінен оқытушы болып қызмет атқарған.
1942 жылы неміс-фашистері Мәскеуді алуға әрекет жасаған кезеңде 101- атқыштар бригадасының жауынгерлері ерекше ерлік көрсетті. 1942 жылы желтоқсан айында Калинин облысының Оленин ауданын жаудан азат ету жолында болған қанды шайқаста 1 200 астам қазақтар қаза болған. Солардың бірі -Зейнуллин Ибат .Кейін ұрпақтары іздестіре жүріп Ибат Зейнуллиннің Калинин облысының Оленин ауданы, Куркино селосында жерленгені туралы мәлімет алып, 1988 жылы сол жерге іздеп барып, ағайындар зиратындағы майдангерлер рухына тағзым етті.
Нұрғалиев Әубәкір 1921 жылы Жымпиты ауданының «Комитерн» колхозында дүниеге келген. 8-жылдық білімі бар, партия мүшесі. 1944 жылдан Ұлы Отан соғысына қатысып, 35 атқыштар полкі штабының құпия бөлімінде шайқасқан. Ұрыс даласында көрсеткен ерліктері үшін бірнеше рет жоғары наградалармен марапатталған.
Абдушев Испул -1912 жылы Жымпиты ауданында дүниеге келген. 1926 жылы ауыл шаруашылық техникумында оқып, 1931 жылы осы оқу орнын тәмамдаған.Содан соң Казталовка ауданында еңбек еткен. Кейін облыс орталығы Орал қаласында облыстық партия комитетінің инструкторы болған. 1942 жылдан ұрысқа кірісіп, 1-Балтық майданында батальон, полк, дивизияның саяси қызметкері болып жаумен шайқасқан. Жауынгерлерді әскери-саяси дайындықтан сәтті өткізгені және ұрыс даласында көрсеткен ерліктері үшін бірнеше рет орден, медалдарымен марапатталған.
101 атқыштар дивизиясы кейін Великие Луки түбіндегі шайқастарға қатысты. 1944 жылдың шілде айында 101-ші атқыштар дивизиясы көп шығындардан кейін 47, 90-шы гвардиялық атқыштар бригадасының құрамына қосылды.
Есекенов Ораз Әбілхатұлы 1920 жылы 9 қаңтарда Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының Мұстафа атты селосында кедей шаруа жанұясында дүниеге келген.Ұлы Отан соғысына дейін Орал қаласындағы педагог кадрларын даярлайтын жұмысшы факультетін бітіреді.1940 жылы Кеңес Армиясы қатарына шақырылып, Ленинград қаласындағы ұшқыштар дайындайтын училищеге жіберіледі, оқуын аяқтай алмай, 1941 жылы Батыс майданына аттанады.(1941-43ж.ж) Мәскеу түбіндегі кескілескен ұрысқа қатысып, «За оборону Москвы» медалімен марапатталады.Кейіннен ол әскери шайқастарда ротаның политругі, батальонның комсоргы, полк комсоргы дәрежесіне көтеріледі.Осындай әскери қызметтері үшін Жоғарғы бас қолбасшы И.В.Сталинның атынан берілген Құрмет грамотасымен марапатталады.Ол ІІІ Белорусс майданының кұрамымен (маусым 1943 ж. – қазан 1944 ж.) Белоруссияның территориясын азат етіп, Шығыс Пруссияның Кенисберг қаласына дейін жетеді.Осы ұрыста оның екі аяғы бірдей жараланып, госпитальға түседі.1945 жылдың 9 мамырындағы Ұлы Жеңісті госпитальда жатып қарсылап,кейін Жапониядағы жүріп жатқан соғысқа жіберілген.1946жылдың тамыз айында жоғары лейтенат шенінде еліне аман оралады.Отан алдындағы борышын адал өтеп келген оған 2 «Қызыл Жұлдыз», 2 « ІІ дәрежедегі Отан соғысы» ордені және «Ерлігі үшін», «Әкери қабілеттілігі» және т.б төсбелгілерімен марапатталады
.Соғыс аяқталған соң, Орал облысы Чапаев ауданында партия және кеңес жұмыстарын сондай-ақ тың игеруге де зор үлес қосады. 1952 жылы Алматыдағы жоғарғы партия мектебін бітірген.Қазір зейнеткерлік демалысқа шыққан ол жан жары Жамал Хайрулловнамен 5 қыз ,1 ұл тәрбиелеп, немере-шөбере сүйіп отырған қадірлі жан .
Көшенов Әмірғали- Қазталовка ауданының Бостандық ауылында дүниеге келген. 1943 жылы майданға өз еркімен аттанды. 4- гвардиялық әуе дисанты дивизиясының 15 полкінің взвод, рота командирі болған. Европаны азат етуге қатысқан жауынгер 1944 жылы Румыния жерінде қаза табады.
Қаһарман қала Ленинградты қорғауға қатысқан жауынгер Дінішев Хабиболла соғыстың қарсаңында сол қалада жаұясымен тұрып жатқан болатын. Ленинградтың аспирантурасында оқып, күн көзінің радиациясын зерттеумен шұғылданып жүрген жас ғалым 1937жылы репрессия ызғарын басынан өткізіп, заводта жұмыс істеуге мәжбүр болады. Соғыс басталғанда өз еркімен сұранып майданға аттанып, Ленинград қорғанысына қатысады. Ауыр жараланғаннан кейін елге оралып, ұзақ жылдар «Зенит» зауытында еңбек етті. Соғыстың кесірінен ғалым болсам деген үлкен арманы орындалмай қалып, ғылымға деген үлкен махаббатын өзімен бірге алып кеткен қазақ азаматы.
Чипчин Николай – соғыс және еңбек ардагері. Ұлы Отан соғысына 1942 жылдан қатысқан. 1943 жылы Орталық майдан құрамындағы 346 артиллериялық полктің барлаушы-артиллеристі ретінде шайқасқан. Николай Орлов-Курск доғасындағы қырғын шайқасты басынан өткізіп, Днепр, Висло, Одер өзендерін жаудан босатқан. Украина, Беллоруссия, Батыс Украина, Польша және Чехословакия елдерін де азат етуге қатысып, соғысты Прага қаласының жанында аяқтаған. Соғыста көрсеткен ерлігі үшін алты жауынгерлік одендерімен марапатталған.
Соғыстан кейін 1946 жылы Орал қаласының буғалтерлік курсты аяқтап, бір жыл 1946-1947 жж байпақ басатын фабрикаға кіреді. 1948 жылы комсомол жолдамасымен В.И Ленин атындағы Волго-Дон қаласын салуға кетеді, 1952 жылы қамалды аяқтап, Сібірдегі Ангарск қаласының құрылысына жол жүреді. 1952 жылы Оралға қайтып келіп «Уральскпромстрой» трестіне тас қалаушылардың бригадир-нұсқаушысы болып қызмет атқарады. Екі жүзден астам тас қалаушы түлектерін үйретіп шығарған. 1947 жылдан 1956жылға дейін осы Орал қаласының 60 шақты құрылысының салынуына қатысқан: Облыстық емхана, инфекциялық аурухана, кинотеатр «Мир», «Қазақстан», Универмаг т.б. Адал еңбегі үшін бірнеше медальдармен және алғыс хаттармен марапатталған.
Соғыс жылдарында біздің облыс Сталиград майданының тылы болып есептелді. Сталингардқа жақын біздің аймақтың Орда , Жәнібек бағыттары жау самолеттерінің бомбасының астында қалды. Соған қарамастан Батыс Қазақстан облысы Сталинград майданының жақын тылы ретінде оларды жауынгерлік техникамен, қару-жарақпен, азық-түлікпен үзіліссіз қамтуды жүзеге асыра білді. Орал қаласында госпиталдер ашылып, жаралы жауынгерлерді күндіз-түні қабылдады.Соғыстың бұл сұрапыл жылдарында майдандағы жауынгерлердің де, тылдағы адамдардың да бір ғана тілегі, бір ғана арманы болды. Ол: «Жауды жеңу ! Барлығы майдан үшін, Барлығы Жеңіс үшін!»-деген ұран еді. Бұл жылдары Қазақстанға еліміздің батыс аудандарынан көшірілген 142 өндірістік кәсіпорындар орналастырылды. Орал облысына да осындай 14 өндірістік кәсіпорын эвукуация жасады, олардан соғысқа қажетті снарядтар шығарылды. Солардың бірі күні бүгінге дейін Орал қаласында жұмыс істейтін «Зенит» зауыты. Ленинград қаласынан көшіріліп әкелген бұл зауытта соғыс жылдарында негізінен әйелдер мен жас балалар жұмыс істеді. Оралдың қой терісінен тон тігу заводы, «Красный Октябрь» фабрикасы жейделері, қысқа тондар, теріден тігілген аяқ киімдер дайындап майданға жөнелтіп отырды.
Майдан даласында қарыс қадам жер үшін жанталасқан ұрыс жүріп жатса, тылда да оңай болмады. «Бәрі майдан үшін! Жеңіс үшін!»деген ауыл халқының табандылығы ұлы Жеңіске қосылған үлес еді.
Жымпиты ауданы 1942жылы мал өнімдерін тапсыру жөніндегі міндеттемелерді асыра орындады. Аудан колхозшылары өздерінің қажырлы еңбегінің нәтижесінде мемлекетке жоспардан тыс 2500 центнер ет, 1000тоннадан артық астық, 150центнер жүн өткізген. Майданға көмек ретінде «Қазақстан колхозшысы» танк колоннасына 1миллион 200мың сом ақша, Қызыл армия қорына 1200 центнер астық берген. Ал осы істерді ұйымдастырып жүрген Бақтығали Уәлиевке Қазақ КСР Жоғары Совет Президиумының атынан 1945жылы «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қажырлы еңбегі үшін» медалі берілген. Уәлиев Бақтығали-Жаңақала ауданының 2-ауылдық кеңесіне қарасты 16-шы ауылда дүниеге келген.1929жылы Орал ауылшаруашылық техникумына түсіп, төрт жылдан соң маман болып оралған оны Казталов ауданына комсомол комитетінің екінші хатшысы етіп сайлайды. Ал 1937жылы Фурманов ауданындық комсомол комитетінің бірініш хатшысы болды. 1939жылы Жымпиты аудандық атқару комитетінің төрағасы болып тағаайындалып, Ұлы Отан соғысының нағыз отты жылдарында осы ауданда еңбек етті. Содан соң Фурманов, Жаңақала, Шыңғырлау аудандарында басшылық қызметте болды.78жыл ғұмыр кешіп, соңына іскер ізбасарлары мен өнегелі ұл-қыздарын қалдырды. Қызы Клара Бақтығалиқызы Саржанова апайымыз әке жолын қуған, комсомол ардагері.
Сүйіншалиев Әжікен- Тайпақ ауданы қазіргі Сарытоғай ауылдық округінің Бекет ауылында дүниеге келген. Қазан төңкерісіне дейін өзінің ет тірлігімен ауыл байларының жалшыларын қарап жұмыстарын бақылап отырған. Сол кезден-ақ еңбекқорлығымен, ұйымдастырушылық қабілетінің жоғарлығының арқасында алғашқы ұжымшар ұйымдастыруға белсене ат салысқан.
Ұлы Отан соғысы жылдарында Әжікен қарт өзінің жеке қаржысынан Қазақстанның танк колоннасын жасақтауға 80 мың сом ақша берген. Бұл оның бойындағы Отанға деген шексіз сүйіспеншілігі. Жауды жеңіп, жеңісті жақындатуға қосқан үлкен ерлік ісі үшін Әжікен ағаға Бас қолбасшы И.В.Сталиннің атынан: « Сіздің көмегіңіз жаудың күшін тойтаруға деген үлкен қару», делінген «Алғыс хаты » табыс етілген.
Ал келесі құжаттар соғыстың сұрапыл жылдарынан өтіп, Ұлы Жеңіспен елге оралып, бейбіт өмірді қалпына келтіруге қатысқан ардагерлер туралы сыр шертеді:
Ұлы Отан соғысы басталғанда Иманғалиевтер әулетінен соғысқа алдымен әкесі Тілеш аттанды. Шыңғырлау ауданының қарапайым шаруа отбасында дүниеге келген ол ауылдық мектептен дәріс алып, есепші курсын тәмамдап, Ақсай қаласында еңбек етіп жүрген. Соғыс қарсаңында 4 ұл мен 3 қыз тәрбиелеп отырған бұл отбасында тату-тәтті тіршілік болатын. Ел басына күн туып, соғыс басталысымен ақ отағасы өз еркімен сұранып қан майданға аттанады. Артынан көп ұзамай үлкен ұлы Шәріпжан Иманғалиев те да әке үлгісімен соғысқа сұранып барады. Бұл кезде Сталинград майданында қызу шайқас жүріп жатқан шақ, жаумен Еділ үшін қантөгіс шайқас болып жатқан кез еді. Әкесі осы қантөгісте ерлікпен қаза табады.
Ал ұлы Шәріпжан Воронеж, Далалық майдан құрамында жаумен шайқасып, елді, Европаны жаудан азат ететі. 1944жылы ғана ауыр жарақат алуына байланысты елге оралды.
Соғыс жолдарында көреткен ерлігі үшін Шәріпжан Тілекұлы Отан соғысының І- дәрежелі орденімен бірнеше медалдарымен марапатталады. Соғыстан соң бейбіт өмірді қалпына келтіруге атсалысып, әр түрлі шаруашылық саласында басшылық қызметтерде жұмыс істейді. Үйленіп отбасын құрады, 1ұл,3қыз тәрбиелеп, өсіріп, оларға жоғары білім береді.
Кейін Берлинге дейін жарақатының кесірінен жете алмағанына өкініш білдіріп отыратын майдангер соғыс салған сол жарақатынан дүниеден озады. Артында айшықты із, жүректе жарқын бейнесін қалдырған азаматтың бүгінде ұрпақтары тамырын тереңдетіп, бұтақтарын кең жаюда.
Тұралбеков Мұқанбетқали Мүрсәлімұлы 1925 жылы Жымпиты ауданы, Көздіқара ауылында туған.1935 жылы Сырым ауданы «Смычка» совхозында бастауыш мектепте оқып, одан кейін 7 сыныпты Маркс ауыл советінде бітіреді.Соғыс алдында ағасы Шалабай Совет армиясы қатарына алынады, да оқу тоқтайды. 15-16 жастағы Мұқанбетқали совхозда қол жұмысын жасайды.Сол кезде елге жер аударылған неміс, еврейлермен Обал тауынан 4 өгіз шанамен елге шөп тасиды.Майданға жасы жетпеген соң ала қоймайды.Сонан соң 1942 жылы 22 желтоқсан айында Армияға алынып, 70-запастағы атқыштар полкіне соғыс өнеріне үйренді.1943 жылы Культивановка лагерінен Тоцк лагерінің 11-бригадасына 498-ші зенитті артиллериялық полкте көздеуші болды.Соғысқа Батыс Белоруссия майданының құрамымен Коваль қаласына кіреді. Сондай –ақ ол Польшада және Одер өзенінен өткенде болған қырғын ұрысқа қатысып, ерлігімен көзге түседі.Осы ұрыстағы ерлігі үшін 1944 жылы «Жауынгерлік еңбегі үшін» медалімен марапатталады.1945 жылы Варшаваны азат еткені үшін медалімен марапатталады.1949 жылы ол әскери борышын өтеп аман есен елге оралады.Елге келген соң түрлі қызметтерді абыройлы атқарады.Тұралбеков Мұқанбетқали жұбайы Ғайнеш апаймен он бала тәрбиелеген өнегелі отбасы.


Ұлы Отан соғысының ардагері Мұхитов Айтбай Жымпиты өңіріне танымал азамат. 1942 жылы майданға аттанып, Ворнеж, Сталинград майдандарында шайқасқан. 1942 жылдың желтоқсанында ауыр жарақаттанған ол 1943 жылы емделіп , елге оралады. Ауыл шаруашылық салаларында басшылық қызмет етіп, 1979 жылы қайтыс болды.
Екатерина Русаловская - 1924 жылы Киев облысы, Гусаков ауылында мұғалімдер отбасында дүниеге келген. 1941 жылы фельшерлік-акушерлік училищесін үздік бітірген 16жасар бойжеткен 1941жылы Қызыл армия қатарына алынады. Сөйтіп жауынгерлік жолын 28-ші атқыштар батальонде бастаған ол, рота фельшері ретінде майданға қатысады. Сталинград үшін болған шайқаста ұрыс шебінен бір өзі 22жауынгерді алып шығып, 130 жарақаттанғандарға көмектеседі. Жас қыздың осындай өжет ерлігі жоғары бағаланып, ол мемлекеттік «Сталиград қорғанысы үшін» медалімен марапатталады. Сталинград шайқасынан кейін Катя Русаловская 181 атқыштар дивизиялық фельшері болып, елді жаудан азат етуге қатысты. Жаудың оғының астында ол жүздеген жауынгерге алғашқы көмек беріп, дәрігрлік антына адал болды.
Ал 1942 жылы Мокрая Мечетка өзенінде болған шайқастағы ерлігі үшін үшін Е.С. Русаловская «Қызыл жұлдыз» орденімен марапатталады.
Соғыс аяқталғанда Катя Русаловская не бәрі 20 жаста болатын. Қазіргі таңда Е.С. Крылова Орал қаласында тұрады. Төрт балалы, немерелерін сүйіп отырған әже
Ұлы Отан соғысының ардагері, Шыңғырлау ауданына танымал азамат Ашықбаев Забиғолла Ашықбайұлы 1922жылы дүниеге келген
Ұлы Отан соғысы басталғанда Ашықбаевтар отбасынан ағайынды сегіз жігіт өз еріктерімен майданға аттанды. Забиғолла олардың ішіндегі ең кішісі болатын.
1941жылы Орынбор зенита-ракеталық училищесін бітіріп, кезінде «соғыс құдайы» аталған артиллерияның қыр-сырын меңгерген жас лейтенант батарея командирі шенінде екінші Белорус майданындағы 311 артиллерия құрамында шайқасты. Әсіресе белорус жеріндегі Березина өзенінен өту сәті жас командир үшін үлкен өмірлік дәріс берген сын сағаты болды.
Белорус еліндегі тереңдігі тұңғиық Березина өзенінің үстінен оқ себелеп, бастырмалатып тұрды. Жау кеңес жауынгерлерінің өзеннен өтуін болдырмауға тырысты. Көпір жойылған. Бірақ алдарында. өзеннің жағалауына жеткізілген техника мен жауынгерлерді қалайда екінші жағалауға шығару мақсаты тұрды. Жарылған бомбалар мен снарядтардың үнінен айналаның бәрі тозаққа айналғандай. Жас комбат өзіне бағынышты адамдар мен зеңбіректерді қалайда екінші жағалауға аман-есен алып шығуға тырысты. Жағаға табандары тиісімен әуеден ұйытқыта оқ жаудырған жау самолеттерін атқылап, жауынгерлердің өзеннен өтуіне мүмкіндік туғызды. Міне, осындай жанталасқан шайқастар майдангер жолында қаншама болды десеңізші?!
Березина өзенінен өту кездегі ерлігі үшін Захар Ашықбаев «Қызыл жұлдыз» орденімен марапатталады. 1944жылдың аяғында Польша жерінде қатты жарақат алған оны майдандастары госпиталге жеткізіп үлгерді. Кейін ол емханадан шығып өз полкіне жетіп, Европаны азат етуді жалғастырады
Белоруссия, Украина, Чехославакия, Венгрия жерлерін азат етіп, дәм-тұзы таусылмаған жауынгер омырауында орден-медалдары жарқыраған күйде 1945жылы Жеңіспен елге оралды. Сонда ғана жас комбат ағаларының өзімен қатарлас майдандарда шайқасқанын білді. Және бүкіл әулеттен қалған жалғыз тұяқ екенін естиді. Әкесі ұлдарының қазасын естігенде –ақ, қайғыдан бәйтеректей күрт сыныпты.Сөйтіп еңіреген анасы мен қарындасын жұбатқан майдангер соғыстан кейінгі шаруашылықты қалпына келтіруге кіріседі.Ұзақ жылдар бойы облыстың ауыл шаруашылық салаларында басшылық қызметтерде болып , өмірінің соңғы сағатына дейін комбат күйінде қалды. Республикалық дәрежедегі зейнеткер атанған ардагер еліміздің Тәуелсіздігін көріп, Елбасынан «Парасат»орденін алып, 2003 жылы дүниеден озды.
Ұлы Отан соғысының ардагері, Тайпақ өңіріне танымал азамат Мұқанов Баянғали Мұқанұлы Тайпақ ауданы Краснояр совхозы №2 елді мекенінде ( Шабдаржабда) дүниеге келген. Осы жерде балалық шағы өтті. Әкесі Мұқан қарапайым шаруа адам болған. Сол кезде ауыл-аймақта өтілетін жиындарда күресіп, палуан атанған. Кейін Совет үкіметі орнаған жылдары, ұйымдасқан шаруашылыққа мүше болып кіріп мал баққан. Анасы Үрия өзінің алғырлығымен, ақылдылығымен ауыл адамдарының алдында үлкен беделге ие, ауыл анасы атанған, ардақты адам болған.
Баянғали Мұқанұлы Калмыков орта мектебінде 10 жыл білім алып, мектепті жақсы аяқтады.
Ел басына күн туған сұрапыл кезең, 1942 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылып, сол жерден майданға аттанып, 2-ші Украина майданында шайқасқа кірген. Жан беріп жан алысқан ұрыс даласы. Құмырсқадай құжынаған жаудың жанды күшіне әлсін-әлсін соққы беріп, әрбір қала үшін жан кешті шайқас жүріп жатты. Осындай жан кешті шайқастың бірінде 1944жылы Баянғали аға ұрыс даласында бір қол бір аяғынан ауыр жарақат алады. Ес-түссіз қалған жауынгер дереу госпитальға жеткізіледі. Зұлым жаудың оғынан ауыр жарақат алған майдангер ағаның қолы қару ұстауға жарамсыз болып қалған еді. Ұрыс даласына қайтып жіберілмеді. 1944 жылдың күзінде 2- топтағы мүгедек болып елге оралды.
Баянғали аға сол кездерді еске алғанда: «Ол күндер енді қайтып келмесін көз көріп, құлақ естімейтін қан майдан. Жер жастанған жас жауынгер, қан бөккен дала» - деп ауыр күрсінетін.
«Соғыста болған кездеріңізден естелік айтып бермейсіз бе?»- деп қолқа салғандарға:
« Қарағым ол күндерді не деп мақтанып айтамын, тек мен ғана емес бұл елдің бәрінің басынан кешкен жағдай емес пе? Ендігі жерде соғыстың бетін аулақ қылсын, тек бейбіт өмір болсын, жастардың өмірі жарқын болсыншы»-дейтін.
Соғыс жүріп жатырған уақыт, өзінің туған жеріне оралған аға, еңбек майданына кірісті. 1945 жылға дейін ауылдық кеңестің хатшысы,1946-51 жылдар аралығында колхозда сиыр фермасының меңгерушісі қызметінде болды. 1951 жылы Орал қаласындағы «Ауыл шаруашылық техникумына» түсіп, 1954 жылы бітіріп зоотехник мамандығын алып шығып,өз мамандығы бойынша ауданның барлық колхоз совхоздарында үзіліссіз ферма меңгерушісі болып ұзақ жылдар қызмет етті. Еңбек еткен жылдарда ауданда мал шаруашылығын, соның ішінде қой шаруашылығын көтеруде, мемелекет тарапынан әр жылдары берілетін жоспарды асыра орындап, бірнеше дүркін ауданды алдыңғы қатарға шығаруда зор еңбек еткен ерен ер, елдің азаматы болған еді. Адал да шыншыл, тура мінезді өтірікті жалғандықты сүймейтін ардагер аға, ел-жұртының алдында таза еңбек етті. Коммунист, өз ісінің нағыз маманы, елін жерін сүйетін Отан соғысының ардагері, Еңбек ардагері Мұқанов Баянғали бірнеше медальдардың иегері, аудандық, облыстық, республикалық алғыс хаттармен марапатталған.
1973-1983 жылдар аралығында Тайпақ ауданының орталығы болған Калмыково (бүгінгі күні Тайпақ) ауылында «Аудандық коммуналдық шаруашылығы» мекемесінің бастығы болып қызмет жасады. Бұл салада қызмет жасаған жылдарда аудан орталығын көркейтуде жасаған қызметі елінің алдында. 1984-1988 жылға дейінгі аралықта «Аудандық тұтынушылар одағында» қызмет жасап, осы мекемеден зейнеткерлікке шықты.
Өмірлік жары, тыл ардагері Нағима апай екеуі 6 бала тәрбиелеп өсірді. Өзі оқыған сол білімімен еліне адал еңбек еткен ардагер Баянғали аға балаларына:
«Оқыңдар, білім керек содан кейін елге адал қызмет етіңдер десе, Нағима апа «балаларым оқу инемен құдық қазғандай деген», инемен құдық қазып көрші..., білім оңайлықпен келмейді, ол жолда көп оқып, еңбек ету керек, сонда ғана сен білімді боласың»-деп отыратын.
Әке сөзін ұран, ана сөзін ту қылып ұстаған ардагер ағаның ұлдары мен қыздары қалаған мамандықтары бойынша білім алып, бүгінгі күні әрқайсысы өз саласында қызмет етуде.
Ардагер аға Жеңістің 60 жылдығын көріп, халқымен бірге тойлады. Елбасының Алғыс хатын қолына алған сәтте: «Тәубе, егемендігіміз берік болсын, Елім, халқым бақытты болып, балалар аман тыныш ұйықтасыншы» - деп көзіне жас алып толқыған сәті есімде дейді қызы Рысты.
Ардагер Мұқанов Баянғали Мұқанұлы 1996 жылы 26-шы мамырда ұзақ науқастан кейін қайтыс болды.
Бар ғұмырын туған жеріне арнап, аянбай адал еңбек еткен, туған жерім тұмарым деп білетін аға, кіндік қаны тамып, жөргегінің суы сіңген жерінде мәңгілік ұйқыда.
Тілепов Әмірхан-1922жылы Жаңақала ауданында дүниеге келген. Ата-анасы ерте көз жұмған соң еңбекке жастайынан араласып, ерте есейді.Ұлы Отан соғысы басталғанда он тоғыз жасқа толған Әмірхан 1941жылдан 1942 жылдың мамырына дейі қысқа мерзімді курстарда оқып, әскери даярлықтан өтіп шығады. 1943жылы 57-атқыштар дивизиясының құрамындағы 170 атқыштар полкі құрамында батыс майдан бағытында шайқастарға қатысады.Жас жауынгер І гвардиялық армияның жанынан ашылған офицерлер даярлайтын курстытәмамдап, қатардағы жауынгерден атқыштар ротасының командирі дәрежесіне дейінгі жолдан өтіп Германия шекарасына дейінгі талай ұрыстарға қатысады.Кострома, Киев, Курск доғасы, Днепр өзендері жағалаулаында болған шайқастарда ерлігімен көзге түсіп, «Жаным-арымның садағасы» деп жүріп, талай мәрте жараланды. 1944жылы Берлин бағытында соғыс жүргізіп бара жатқан жолында ауыр жарақаттан бір қолынан айырылып, елге оралды. Осы жорықтың белгісіндей өңіріне «Қызыл жұлдыз» орденін, Ұлы Отан соғысы орденін тағып, көптеген медальдармен марапатталды.
Бейбіт еңбекке оралғаннан кейін Ә.Тілепов облысымыздың халық шаруашылығын қалпына келтіру жұмысына бел шеше кірісіп кетті. Ал 1966жылдан бастап оның еңбек жолы облыс орталығы Орал қаласымен тікелей байланыста болады. Мұнда ол облыс орталығындағы бірқатар кәсіпорындар мен ұйымдарда басшылық қызметтер атқарып, зейнеткерлік демалысқа шығады. Өмірлік зайыбы Нұрсұлу екеуі бес ұл мен қыз тәрбиелеп өсірді, бәріне де жоғары дәрежелі білім беріп, азамат қатарына қосты.
Артында осындай өнегелі ұрпақ қалдырған майдангер аға Ұлы Жеңістің 50жылдығына бес-ақ күн қалғанда 1995жылдың мамырында мәңгілік сапарға аттанып кетті.
Ғайсин Қадыр 1924 жылы Жымпиты ауданында дүниеге келген. Орал педагогикалық институтын, ауыл шаруашылығы техникумын бітірген.
Ұлы Отан соғысы жылдарында 116 атқыштар полкінің құрамында 1, 2 –Украина майданында соғысып, Чехословакияны азат етуге, Батыс Украинадағы бендеровшілер отрядтарын жоюға қатысқан. Майдан даласындағы ерліктері үшін сан рет Жоғары Бас қолбасшыдан орден, медальдармен марапатталған.
Соғыстан соң Қадыр Хабитұлы Жәнібек, Жымпиты аудандарында партия кеңес органдарында басшылық қызметтерді атқарды. 1972-85 жылдар аралығында Орда ауданындағы М.Маметова атындағы кеншар директоры, 1987 жылдан облыстық ардагерлер ұйымының төрағасы болды.
Бүгінде Ұлы Жеңістің 65 жылдығын майдангер аға біздің ортамызда қарсы алып, Орал қаласында тұрып жатыр.
Ұлы Отан соғысының сұрапыл жолдарынан өтіп, Берлинге дейін жеткен жауынгер Ниязалиев Шәмет Шәупенұлы 1943 жылы Камен ауданынан 19 жасында майданға аттанған. Ол Украин , 1-Белорус майдандарындағы 911 полкінің 274 дивизиясы құрамында шайқасып, пулеметшілер взводының командирі болған. Ұрыс даласында үш рет ауыр жарақаттанғанымен, қаруластарынан қалмай Европаны азат етуге қатысқан.
Шәмет Шәупенұлы Ұлы Жеңісті Берлинде қарсы алған. Ұрыс даласында көрсеткен ерліктері үшін екі рет «Қызыл ту» орденімен, «Варшаваны азат еткені үшін», «Берлинді алғаны үшін» медалдарымен марапатталған. Соғыстан соң елге оралған Жеңіс сарбазы бақытты отбасын құрып, ұрпақ сүйіп, оларға өнегелі тәрбие берді.
Ғалиев Ғаббас Ақжайық ауданының Шалқар елді мекенінде 1921жылы туған.1930ж Орал қаласындағы балалар үйінде тәрбиеленген. 1942жылы 10 класты оқып жүргенде азаматтық борышын өтеуге армия қатарына шақырылды да аз уақыт жаттығудан кейін соғыс өрті лаулаған майдан даласына сүңгіп кетті. тұрған Сөйтіп 206 атқыштар дивизиясының құрамындағы 737 атқыштар полкінің минометшісі болып Воронеж майданына аттанды. Ұрыс даласында тынығатын уақыт жоқ. Оқ жаңбырша жауып тұрған Воронеж қаласы үшін болған шайқаста қатты жараланған ол есін госпиталда жинады. Содан 1943жылы қайтадан шайқасқа 3-Украин майдан құрамында кірісті. Молдавия, Румыния, Болгария жерлерін жаудан азат етуге қатысып, Ұлы Жеңісті Болгария шекарасында қарсы алды.Елге оралған Жеңіс сарбазы үлгілі отбасын құрып, үш қыз тәрбиелеп өсірді. Ұзақ жылдар бойы шаруашылық, партия жұмыстарында еңбек етіп, 1999жылы дүниеден озды.
Пұсырманов Жүкей 1903 жылы Батыс Қазақстан облысы ,Жымпиты ауданы ,Ақырап колхозында дүниеге келген.Бай –кулактарға қарсы аяусыз күрес жүргізген, тақыр кедейдің баласы.1929-30 жылдары «қызыл отаудың меңгерушісі болып қызмет істеген.Комсомолға 1931 жылы қабылданған.1938 жылы Батыс Қазақстан аграрлық техникумының комсомол бөліміне оқуға жіберілген.1939 жылы ойдағыдай бітіріп, Теректі ауданының Ақсуат колхозына партком секретары етіп жібереді.1941 жылдың желтоқсан айында ол әскерге алынып, әуелі Сталинград түбіндегі қиян—кескі ұрысқа түседі, кейін 1942 жылы Воронеж бағытындағы майданға ауыстырылады.Нағыз қанды шайқас ,жан алып жан берген шақта басына мина жарқыншағы тиіп, 1 топтағы мүгедек болып, 6 ай госпитальда жатып, 1942 жылдың қараша айында елге оралады.
1942 жылдың ақпан айында КПСС мүшелігіне қабылданады. «За отвагу», «За отличие в бою», «За боевые заслуги», «Орденом отечественной войны ІІ степени » тәрізді басқа да марапаттар алған.1943 жылдан бастап түрліше қызметтер атқарып,елінің алғысына бөленіп, Отан алдына өз борышын адал өтеген жан.1975 жылы ол жүрек-қан тамыры ауруынан 23 ақпан күні қайтыс болған.
Абдулов Ибат Абдулұлы 1925 жылы 10 маусымда Теректі ауданы Октябрь селолық советінде Манатау колхозында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысына ол 1-Белорусс және Орталық майданының құрамында қатысып, Эльба маңындағы шайқасқа қатысады. «ІІ дәрежелі Ұлы Отан соғысы» медалімен, «Ерлігі үшін», «Берлинді азат еткені үшін», «Кенисбергті азат еткені үшін», және 20 шақты медальдармен марапатталған.Орал мұғалімдер даярлайтын институтын бітірген соң,1949 жылы Фурманов ауданында физика ,математика пәндерінен сабақ берген,содан соң 1946-50 жылдары мектепте инспектор, Чапаев ауданында Районода (аудандық білім беру бөлімінде) қызмет атқарған.1953жылы жоғарғы білім алу мақсатымен А.С.Пушкин атындағы Орал пединститутына түсіп, 1956 жылы дене шынықтыру мамандығы бойынша білім алып шығады.Жоғарғы білім алған соң,Теректі ауданының Қараоба орта мектебіне жолдамамен барып, мектеп директоры қызметін абыроймен атқарады.1967-69 жылдары Федоров орта мектебінде оқу ісінің орынбасары, ал 1970 жылдан 1991 жылға дейін табан аудармай 20 жылға жуық кешкі мектеп директоры болып қызмет істеген.Ұзақ жылдар бойғы оқу-ағарту саласына сіңірген еңбегі бағаланып, 1970 жылы «Қазақ ССР халық ағарту үздігі» төс белгісімен, 1986 жылы «СССР –дің білім беру ісінің үздігі» төс белгілерімен марапатталған.Ол ұзақ жылғы педагогикалық қызметпен қатар қоғамдық жұмысқа белсене араласады. 1967-1994 жылдары жиырма төрт жыл бойы Федоровка селолық советінің халық депутаты болады.Ибат Абдулұлы жолдасы Қымбатпен бірге 2 ұл, 2 қыз тәрбиелеп өсірген. Қазіргі уақытта да Ибат Абдулұлы зейнеткерлік демалыста,бос уақытында жас ұрпақ тәрбиелеуде зор үлесін қосып, мектеп оқушыларымен кездесіп, студенттермен бірге мәдени- ағарту жұмыстарына зор үлесін қосып тұрады.
Нұғыманов Бекес - 1914 жылы Жаңақала ауданы Шалқар ауылдық кеңесінде туған, соғысқа дейін мұғалім болып жұмыс істеген. Соғыстың алғашқы күнінен бастап «Отан үшін, ел үшін»,- деп қан майданға кіріп, ақыр аяғына дейін от кешіп өткендердің бірі . Ол Шығыс Пруссияны азат етуде үлкен ерлік көрсеткен. Немістердің Шығыс Пруссиядағы ең күшті ордасы Пиллау порты болған, сондықтан да ол жерде кескілескен ұрыс жүрген, фашистер де, кеңес әскері де көптеген адамдарынан айырылған. Адам төзгісіз қиындықты бастан кешкен біздің адамдар Нойхайзер деревнясын жаудан босатып, артынша Пиллау портын алған. Нүғыманов Бекес Шығыс Пруссияны азат етуде көрсеткен ерлігі үшін 1944 жылы екі рет Сталиннің бұйрығымен алғыс жарияланған (алғыс хат бүгінге дейін сақтаулы) Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерліктері үшін медальдармен, ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен 1985 жылы марапатталған. Соғыстан кейін де елдің жағдайын қалпына келтіруге, өркендетуге үлес қосқан. Еңбек жолын ұстаздықтан бастаған болатын. Соғыстан кейін ферма меңгерушісі, пошта қызметкері болып өзіне тапсырған жұмыстарды адал атқарып, өз замандастарының алдында абыройлы да , сыйлы азамат болған.
Ғинаят Молдашев 1908 жылы 10 тамызда Орда ауданы ,Бисен ауылында орта шаруа жанұясында (бұрынғы Қашқын) дүниеге келген.1916 жылы әкесі Молдаш ескіше сауатты бір қолы шолақ қол молданы ауылға көшіріп әкеліп баласын ескіше қадім жолымен сауатын ашады, бірақ білімі мардымсыз шала сауатын ғана ашады.1919-20 жылдары ауылдағы сауат ашу пункітінен қазақша араб алфавитімен оқу,жазу үйренеді.1923-24 жылы Рақаш Бегімов деген мұғалімнен 5 ай орысша оқиды.Осы жылы ауылда «Қосшы», «жәрдем көрсетуші» комитеттерінде іс-қағаз жүргізушісі болып қызмет істейді.1925-26 жылы жер бөліс комиссиясының хатшысы ,1927 жылы ауылдық Қосшы ауылының секретары, оқытушы қызметтерін атқарады.1929 жылы Ленин комсомолының қатарына алынады. Сол жылы Фурманов селосындағы сол кезде Сламихин ауылындағы педтехникумға оқуға түседі.1929 жылы Мағруфа атты қызбен көңіл қосып, үйленеді.Екеуі тату –тәтті жанұя құрып, ұл-қыздарын дүниеге әкеліп ,оларға тәрбие береді. Кейіннен ол 1933 жылы педтехникумды бітіріп, диплом алып, мектепте балаларға білім беріп, мұғалімдік қызмет атқарады.1939 жылы партия қатарына өтеді.1934-35жылы облыстық оқу бөлімі бұйрығы бойынша педкурске қазақ тілі және қазақ әдебиетінен оқытушы болып ауысады.1938-39 жылынан бастап Фурманов орта мектебінде оқу ісінің меңгерушісі қызметін атқарады.Елдегі ерлер соғысқа біртіндеп алынып жатқан болатын.Ғинаят Молдашевты да ұзақ дайындықтан кейін ,1943 жылы Миллерево станциясынддағы майдан шебінде орналасқан «Степной фронт» деп аталатын әскери топқа бірнеше адамды тиеп әкеледі . 1943 жылы июнь айында Ташкент қаласына жіберіліп, 25-полкке артиллерия командирлерін даярлау полкіне алынады.8 ай даярлықтан өтіп, 1944 жылдың сәуір айында 1-Украйна майданына алынады.1- Украйна майданының 1944 жылғы жазғы шабуылынан бастап,Қызыл тулы,Богдан Хмелницкиий орденді Керченский атанған М-31 Ігвардиялық миномет бригадасы Ұлы Отан соғысының басынан бастап аяғына дейін алдыңғы шептегі ұрыстарға белсене қатысады.Міне осы бригадада алғаш кезде взвод командирі кейін батарея командирінің командирінің орынбасары, штаб батарея командирі міндетін атқарып, соғысты аяқтайды.Ол өзі қатысқан бригада құрамымен Польшаның көптеген қалаларын және селоларын жаудан азат етуге қатынасады. Елге аман-есен оралып ,педагогтық қызметті адал атқарады.Елінің абыройына бөленген ҰОС ардагері,Фурманов орта мектебін ұзақ жыл бойы басқарған Республикаға еңбегі сіңген мұғалім Ғинаят Молдашев 73 жасында дүние салған.
Ихсанов Фазыл 1925 жылы Қаратөбе ауданы, Жусандыой ауылында 18 қаңтарда дүниеге келген.Ол 17 жасында ағасы екеуі Ұлы Отан соғысына шақырылып І Украйна майданында шайқасқан. Украинаның Житомир, Проскуров, Староконстантинов, Львов қалаларын азат етуге қатысады. Львов қаласын азат еткен кездегі және ұрыс даласында көрсеткен ерлігі үшін «Қызыл Жұлдыз», Ұлы Отан соғысының ІІ дәрежелі ордендерімен және 15 шақты медальдармен марапатталып, 23 «Алғыс хат» алған. Украинаны, Польша, Венгрия, Австрия, Германия ,Чехославакия елдерін азат етуге қатысып, Ұлы Жеңісті Праганы азат етумен қарсы алған. Соғыстан соң ауыл шаруашылық саласында жұмыс істеп, жұбайы Назиямен бірге 10 бала тәрбиелеп өсірген өнегелі отбасы.
Ербасов Ташай 1921 жылы Сырым ауданының Сарыой елді мекенінде дүниеге келген. 1939жылы Жымпиты орта мектебін «Ерекше аттестатпен» бітірген алғашқы түлектерінің бірі. Содан соң Орал қаласындағы педагогикалық институтын аяқтап, еңбек жолын Сырым ауданының Қособа ауылында Амангелді жеті жылдық мектебінде физика-математика пәндерінен сабақ беруден бастады. 1942 жылы Совет Армиясы қатарына шақырылып Орал облыстық әскери комиссариаты Оңтүстік Орал әскери округінің саяси жетекшілер дайындайтын училищеге жібереді. Бұл жерден кіші саяси жетекші деген әскери атақ алып шыққан Т.Ербасовты Орынбор қаласы маңындағы №11-ші бригадаға саяси жетекші етіп жібереді. Ұрыс даласында болған қанқұйлы шайқастың бірі Ржов қаласын азат ету кезінде Т.Ербасов ауыр жарақаттанып, госпитальге жеткізіледі. 1943 жылдың елге оралған майдангер ұстаздық қызметін жалғастырды. Жұбайы екеуі 8 баланы тәрбиелеп өсірді. Кейін мәдениет саласында 21 жылға тарта уақыт қызмет жасап, 1977 жылы зейнеткерлікке шықты. Елі, жері үшін аянбай еңбек еткен «Қызыл Жұлдыз», Ұлы Отан соғысының 1 дәрежелі ордендерімен марапатталған, бірнеше медальдардың иегері Ташай аға 70-тен асқан шағында 1991 жылы шілде айында дүниеден озды.
Габдушев Нұрманғали 1925жылы 23 ақпанда Чапаев ауданы, Жайықауыл советі «Ыждағат» ауылында туған.Алты сыныптық білімі бар .1943 жылы Чапай аудандық соғыс комиссариатынан соғысқа аттанған.1943жылы 1 қаңтар күні Орынбор облысындағы дайындық полкіне барып №61 гвардия полкіне әскери ант қабылдайды.Сол жылы 1943 жылы қыркүйекте Харьковтағы №1 Гвардейский мотоциклейский полкке ГКМД –ға алынады. Осы жылы Кеңес армиясы әскерлері қазанда Полтава жеріндегі Днепр өзенін алған еді, сол жердегі ұрыста болады.Ол 2-Белорусс майданының құрамында болған.Осы майдандағы №5 танктік армияны басқарған маршал Ростмейстров болған.Армия құрамында артиллериялық,танктік,автоматтық,пулеметтік,рота,батальон және 1 барлаушы взвод болған.Кейін белгілі болғандай бұл бөлім партизандық қызмет атқарған.1945ж.12 қаңтарда Варшава маңында 3 сағатқа созылған ұрыста немістер күшпен қуылады.Нұрманғали Габдушевтің екі қолына бірдей оқ тиген ол госпитальге түседі де,1 жылға жуық емделіп 1946 жылы 19 наурызда шығады. Елге ол аман-есен оралып,үйленеді жарының есімі -Үміт еді. Екеуі 4 ұл,3 қыз сүйеді.Қазір 2 ұлы ,бір қызы бар.Кіші баласы Бақтығалидың қолында тұрады

Витринада:
1941-1945 жылдардағы алапат от кешу туралы зерде-қасиетті ел жұртымыздың жалпы тарихының бір бөлігі. Өйткені, аға ұрпақтың сол сұрапыл сындағы төзімділігі мен табандылығы, қайраты мен қаһармандығы болмаса бүгінгі жарқын болашаққа батыл қадам жасаған тәуелсіз Қазақстан да болмас еді.
Жұмағалиев Бисен 1923 жылы Тайпақ ауданының Сайқұдық ауылында дүниеге келген. Соғыстың алдында 1940 жылы Орал педагогикалық училищесін бітірген. Ауылға соғыс деген суық хабар жеткен кезде «ел басына күн туғанда Отан қорғауға аттануым қажет»- деп шешкен 18 жасар жас жігіт өз еркімен майданға жазылды. Бұл 1942 жылдың қаңтары болатын. Апта жүріп, Оралға жетіп одан әрі поезбен Тұзтөбеге(Сольилецк) келіп, арнайы жаттығудан өтті. Бір апта әскери жаттығудан өткендерді эшелонға отырғызып батысқа жөнелтті. Жолда бірнеше күн жүріп, бір көлдің жағасына тоқтады, Бұл аты тарихқа айналған Ладога көлі болатын. Айнала көк су суды белшесінен кешіп келе жатырған адамдарды немістер атқыласа немесе бомбаласа, өлген деген сол. Үлкен қиындықпен бұл жолдан аман –есен өтті. Сөйтіп Бисен аға нағыз қан майдан Ленинградқа келіп түсіп, политруктың орынбасары етіп сайланып,жауынгерлер арасында үгіт-насихат жұмысымен айналысты. Ұрыс даласында да жүрген жас жауынгердің қолынан қаламы бір сәтте түскен жоқ. Ленинград қаласын жаудан қорғап жүрген әр жауынгер-солдаттың ісін қағазға түсіріп, жақсылық жаршысына айналды. Қаламы жүйрік жауынгер –журналист 1942 жылы тамыз айында әскери кеңестің ұйғарымымен Ленинградтағы жаңадан ашылған әскери-саяси училищеге оқуға қабылданып онда екі ай оқиды. Қызыл Амияның Жоғарғы саяси Басқармасы Ленинград майданында қазақ тілінде газет шығаруды ұйғарған болатын. Алғыр, сауатты Бисен аға «Отан үшін»-деген газетке тілші болып алынды. Өзімен бірге қазақ Түймебай Әшімбаев, Ақмұқан Сыздықбеков есімді екі журналист болды. Үшеуі де қаламдары ұшталған жалынды жас журналистер еді. Әрине сол кезде майданда қазақ тілінде газет шығып, қазақ жауынгерлерінің ерліктері жөнінде жазылып жатқанын хош көрмейтіндер болды. Әдейі қастандық әрекетке барғандар газетте жазылған мақалада қате бар деген сылтаумен «қазақ ұлтшылдарының ұйымы құрылған, оны басқарушы үштік бар»- деп, газет қызметкерлерін жазықсыздан-жазықсыз түрмеге жапты. Үш жыл бойына үзбей жұмыс жасап, талай жауынгерлердің ерлігін елге жария еткен жалғыз қазақ газеті жабылып тынды. Журналистерді жеті жылға соттады. Кейін түрмеден босаған журналистер елдеріне оралды. Елге оралған Бисен аға, облыстық партия комитетінің нұсқаушылығы қызметіне алынды. Бұл салада екі жыл қызмет жасап, облыстық «Екпінді құрылыс» (Орал өңірі) газетінің редакторы болды. Жауынгер –журналист бұл саланың нағыз маманы, Еліне қызмет жасайтын, болашағынан зор үміт күттірер жас маман Мәскеудегі жоғарғы партия мектебін бітіріп, облыстық партия комитетіне қызметке кіріседі. Бисен аға Соғыстан кейінгі барлық саналы ғұмырында партия саласында қызмет жасады. 1971 жылдан 15 жылға тарта уақыт Бисен аға Көкшетау өлкесінде қызмет жасап, Көкшетаудың «Ардақты азаматы» атанды. Бүгінгі күні 88-жасты алқымына алған, ардагер аға туған елінде өзі еңбек еткен ару Жайықтың жағасындағы Орал қаласында тұрып жатыр.
Арыстан Ахметов- Жаңақала ауданының сегізінші ауылында (Тұрдығұл ауылы) дүниеге келген. Әскерге 1942жылы шақырылып, 193 атқыштар дивизиясы, 883 атқыштар полкінің құрамында Воронеж майданында шайқасқан.Бірде құрамы 19 адамнан тұратын барлаушылар тобы қоршауда қалады.Аман қалған сегіз жауынгер қасық қандары қалғанша жаумен арпалысады. Жараланып, қолға түскен барлаушыларды жау азаптап өлтірген. Кейін қазақстандық гвардия политругі, майдандағы «Правда» газетінің тілшісі П.Кузнецов деректерге сүйеніп, Арыстан Ахметовтың ерлігін «Өлмейтін ән» очеркіне арқау етті. Онда: Арыстанды жауыздар сұраққа алып қинады. Өздеріне жұмыс істеуге көндірмекші болды. Өмірін сақтап қалуға уәде берді. Бірақ неміс офицері Арыстанның аузынан « Ер үшін ерлік өлімнің өзі өмір»-деген жауапты естігеннен соң оны қорлап, азаптайды. Тістерін қағып, құлақтарын кесіп алады. Ол аузына толған қанды жауыздың бетіне былш еткізіп: «Қазақтар берілмейді, оларды құрта алмайсыңдар»-деген. Қазақтың өр жігітін сындыра алмаған жау шала жансар жатқан Арыстанның үстіне керосин құйып өртеп жіберген.
1942жылы 3-қазанда «Отан үшін» қызылармиялық листовканың бірінші бетінде: «Отомстим за кровь товарищей!» деген тақырыппен жарық көрген. Онда: «Біз бүгін гитлершіл жыртқыштардың адам айтқысыз айуандықтарының бірін жариялап отырмыз. Олар жараланып, тұтқынға түскен сегіз қазақ жауынгерін әбден қинап болғаннан кейін, тірідей ортқа өртеген. Құрбандардың ішінде мына төмендегі адамдар анықталды:Өтеу Әминов, Аймаш Дүкешов, Арыстан Ахметов, Жұбан Бекболатов...» -деп аталған.
Әкесін көрмеген Арыстанның жалғыз қызы Мерует көзі тірісінде жиырма жыл бойына әкесінің қайда жерленгенін іздеп,жан-жаққа хаттар жазып, арманда өтті. Өзі Казталов ауданының Қошанкөл ауылында ұстаздық етіп, жұбайы Батырғалимен бақытты өмір сүрді, бір ұл, екі қыз тәрбиелеп, төрт немере сүйді. Өмір бойына әкесінің ерлік ісін кейінгі ұрпаққа насихаттап өтті.
Аманғалиев Шәміл-1925жылы Жымпиты ауданы, «Тасқұдық «совхозының «Қырыққұдық» елді мекенде дүниеге келген. Соғыс алдында тракторшы мамандығын игергенімен 1942жылы армияға алынып 1-Украин майданы құрамында шайқасқа кіріседі. Белоруссия, Украина, Чехославакия, Венгрия, Австрия жерлерін жаудан азат етті. Кейін Шәмел аға: «Есімде қалғандарын есептеп отырсам, өз басым 82 қала, 300-жуық деревня үстінен өткен екенмін. Әрқайсысы бір жыр, әрқайсысы бір естелік медаль. Бәрінен де Берлинді алғандағы қуаныш естен кетпейді. Айқайлап аспанға оқ атып, талтайып тұрып Рейхстаг қабырғасында «Шәмел Аманғалиев» деп жазғаным мәңгілік суреттей көз алдымда»-деп еске алатын. Содан елге 1954жылы оралып, отбасын құрып, Ағила апай екеуі ұл-қыз тәрбиелеп өсірді.Бар ғұмырын ауыл шаруашылық саласын көтеруге арнап, ферма басқарып, совхоз директоры болып қызмет атқарды.
Ақын жанды Ағила апай:
Қызып жатқан көрігімен шайқастың
Жалынында, зұлым жаумен айқастың.
Он сегізде отқа оранған жігітті,
Ардақтамас, сүйіктім деп айтпас кім?!-деп жыр шумақтарын арнады.
Қымбатты біздің ардагерлер,
Сіздердің өмір, бейбітшілік және бостандық үшін істеген ерліктеріңізге рахмет.Мейрамдарыңыбен! Әлемге сіздер сыйлаған мейрамдарыңызбен!
Фашистердің басты жоспары жерді жаулап алып, адамдарды құлға айналдыру болатын. Осы мақсатта олар жүздеген тұтқындар лагерін құрды. Онда адамзаттың рухын сындыруға тырысқан неше түрлі айуандықтар жүзеге асырылды. Бірақ, фашистердің алып жоспары жүзеге аспады. Ол құл-талқан болды. Біздің халық бұл соғысты Ұлы Жеңіспен аяқтады. Міне, сондықтан осындай үлкен құны бар Жеңіс мерекесі бізге барлық мейрамдардан да қымбат. Ендеше соғыс болмасын, бейбітшілік жасасын деп тілейік.
1941-1945 жалынды жылдары:
1. Соғыстың басталуы- 22 маусым 1941 жыл
2. Брест қамалын қорғау- маусым 1941 жыл
3. Ленинградты қорғау- 1941- 1944 жылдар
4. Москва үшін шайқас - 30 қыркүйек 1941- 20 сәуір 1942 жыл
5. Сталинград үшін шайқас- 17 шілде 1942- 2 ақпан 1943 жыл
6. Курск шайқасы- 5 шілде- 23 тамыз 1943 жыл
7. Днепр үшін шайқас- тамыз- желтоқсан 1943 жыл
8. Берлин операциясы - 16 сәуір- 8 мамыр 1945 жыл
9. Жеңіс күні- 9 мамыр 1945 жыл».

Көрменің мақсаты :
*Ұлы Жеңістің 65 жылдығына орай Ұлы Отан соғысының ардагерлері туралы музей қорында жатқан және жаңадан жиналған жәдігерлерді жарыққа шығару. Бүгінгі ұрпаққа әр құжат арқылы өнегелі тағылым беру.
*Ардагерлердің ерліктерін құрметпен тебірене еске алып, толғана отырып жәдігерлер сырын тыңдау.
*Бүгінде біздің азаматтық міндетіміз – болашақ ұрпақты Отанын сүюге, елінің, жерінің адал патриоттары болуға, және достық пен бірлік туралы толық түсінік беру .
Көрменің тартымдылығы:
Ұлы Отан соғысының ардагерлері туралы музей қорында жатқан және жаңадан жиналған тың деректерді кеңінен жарыққа шығарып, көпшілік назарына ұсыну.

Көрменің ғылыми маңыздылығы:
* Ұлы Отан соғысы- Кеңес Одағы халықтарының тарихындағы қасіретті бет қана емес, сонымен қатар ол халқымыздың теңдесі жоқ ерлігі мен қажыр-қайратының бірлігінің дәлелі екендігін тағы да бір паш ететін осынау көрменің ұрпаққа берер ұлағатын ашып жеткізу.
*Кешегі соғыстың зұлымдық екенін, онымен адамзаттың келіспейтіндігін жеткізе отырып, Ұлы Отан соғысының халықтық екенін, ол үлкен зұлмат пен қиыншылық екенін түсіндіру

Экспозициялық шешім:
Бұл көрме «Көрме залында» жасақталмақ

Ашылу мерзімі: 2010 5- мамыр

«Ұлы Жеңістің 65-жылдығына арналған
«Тарих. Тағылым. Тағзым» атты
көрменің тақырыптық экспозициялық жоспары
(ҰОС арадгерлері туралы музейі қорындағы және жаңадан жиналған
жәдігерлер негізінде).

Тақырып пен бөлімдер

Материалдар жиынтығы

Ескертулер

1

Заттық деректер

сағат

май шам, хаттар

Шинель, солдат гимнастеркасы

Неміс каскасы,олжа орамалы

Жауынгер құралдары: компас, бинокль, фляшка Автомат

1941-1945жж азық-түлік карточкалары

Үш бұрышты жауынгер хаттары

Шинель

Награды

Журналы военных лет

Фотокомплекты

Фуражка красноарм

2

Фотолар

Көшенов Әмірғали
Арыстан Ахметов
Бисен Жұмағалиев.
Ниязалиев Шәмет
Мұқанов Баянғали
Қадыр Ғайсиннің
Ашықбаев Забиғолла
Елена Русаловская-
Аманғалиев Шәмел-костюмі
Мұхитов Айтбай
Исқақов Өтеулі
Ғалиев Ғаббас
Пұсырманов Жүкей
Габдушев Нұрманғали
Есекенов Ораз
Тұралбеков Мұқанбетқали
Ихсанов Фазыл
Нұғыманов Бекес
Зейнуллин Ибат
Чипчин Николай –
Сапышев Ғиният

3

Кітаптар

Ж.Молдағалиев, Қ.Аманжолов, Б.Момышұлы. С.Сейітов.

 

4

Баспа материалдары

Кеңес Одағының Батырлары бейнеленген үлкен плакаттар
Мақала: «Рейхстагқа қолтаңбасын қалдырған»-Жайық ардагері.2004ж
«Жасынан батыр атанған»-Орал өңірі,2000ж

5

Құжаттар

Мұрағаттық құжаттар

 


6 Ксерокөшірме

Фотосуретттер.

 

 

Экспозиция бөлімінің меңгерушісі:Г.Мұханбетова.

Экспозиция бөлімінің ғылыми қызметкерлері:

Г.Бахитова, І.Уразова, З.Хангереева.

Регистрация

Жемчужины фонда