Get Adobe Flash player
Slide item 1
Slide item 2
Slide item 3
Slide item 4
Slide item 5
Slide item 6

Главное меню

Добро пожаловать!
Структура музея
Виртуальный тур
Экспозиция
Шедевры, коллекции
Научная деятельность
Законодательство
Госзакупки
Новости
Массовые мероприятия
Западно-Казахстанском областном историко-краеведческом музее открытие зала «Елбасы және Тәуелсіздік» Казахский государственный академический оркестр народных инструментов имени Курмангазы в Приуралье «Дін және дәстүр» «Я памятник воздвиг себе нерукотворный» «Әсем табиғатты қорғау – әркімнің міндеті» «Живем, пока помним!» «День открытых дверей» и акция «Ночь в музее» Ерлік пен Жеңіс Чтобы музы не молчали Отқа оранған жастық Невестка Б.Момышулы в Приуралье Абайдың табиғат лирикасы Әлем бірлігіндегі Қазақстан «Біз біргеміз – берік іргеміз!» Ақ Жайық – достық мекені Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі Сыр еседі сыңғырынан сырғаның Жауқазын Ерлікке толы Ұлы жол Әсем қоңыр «Масленица» «Хандық билік және қазақ елі» «Қысқа ғұмыр, биік белес» «Жалынды ақын, жаужүрек батыр» "Ақжайық-достық мекені" «ЭКСПО-2017 – елдің ерен жеңісі» Открытие мультимедийного комплекса «Сакентану» Батыс Қазақстан облысының мамонт фаунасы «Ғұлама ғалым, парасатты азамат» «Керей қайда барасың?» «Поэзия әлемінің ұлы Қадыры» Поэзия Пайғамбары «Ұрпаққа мұра болар сыйлар» «Кенеп бетіндегі Тәуелсіздік жетістіктері» «Тәуелсіздік шежіресі» «Арманы үлкен – азат ел» «Биік белестер» «Тәуелсіз Қазақстанның гүлденуі» «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» «Елін сүйген, елі сүйген елбасы» «Елбасы – ел тірегі» «Біздің Елбасы» «Ұлт көшбасшысы» «Ақордада көк байрағын нық ұстап, елбасымыз алаш арын арлаған» «Ұлтын сүйген ұлы жүрек» «Қазақстан-2050» - Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол» «Елін сүйген,елі сүйген – Елбасы» «Ақпәтер ауыл тарихы» Тұлға. Зерттеуші. Азамат. Ұлттық валюта – тәуелсіздік негізі Пайдалы қазбалар Шеңберден тыс дүние Тастөбе ерліктің ескерткіші Өнер әлеміндегі тұғырлы тұлға Бабалар бейнесі Ізгіліктің нұрын сепкен Күмбірлеген күй сыры Тіл тағдыры-ел тағдыры «Динозаврлар әлеміне саяхат» «Редкие растения Миргородского ландшафтного заповедника» «SOS - сайгак» Қазақ болмысы жәдігер бойында «Өрелі өмір – әркімге өнеге» «Тәуелсіздік туын көтергендер» «Қайдасыңдар, жалындаған жастарым?» «Жайықтан шыққан ән бұлбұлы» «Мың тұяқтың дүбірі,бір Тұяқтың саусағы» «Көп жасаған қария, ақылы теңіз дария!» «Зерделі сөздің зергері» «Тіл – татулық тірегі» «Діни экстремизм және терроризм» «Алтын ханшайым» «Өнегесі мол өрелі жан» «Күй әуен – сазбен өрілген жыр шежіре» «Ұлы Абайға тағзым» «Орнатылған ескерткіш белгі міне, Есіміңе қанықты ел бүгінде» «Спортты серік еткендер» «Тәуелсіздік нышаны» «Жабайы аңдар – жаралы табиғат» «Әсем қалам – Астанам» «Астана – Отанымыздың жүрегі, Тәуелсіздігіміздің тірегі!» «Астана – махаббатым менің» «Тайна керамическихкувшинов» «Елі ардақ тұтқан ұстаз» «Дін және жастар» «Менің туым, менің елтаңбам, менің Әнұраным» Облыстың ерекше қорғалатын табиғи территориялары «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш» «Ел айбынын асқақтатқан рәміздер» «Геральдика тарихы және Отанымыздың рәміздері». «Аға ұрпақтың сыннан өткен сардарлары» «Мұрағаттар сыр шертеді» В областном музее состоялась акция «Ночь в музее» «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран» «Отырарда ойлылардың ізі қалған» «Ғасырлар таңбасы-Капустин Яр» «Өнерің сенің жалғасын табар бүгінде» Еңбегімен елге танылған тұлға «Крылатые друзья» «Табиғат жанашырлары» «Өмірде ізгі із қалдырған» «Бекіре тұқымдастарын болашаққа сақтайық» Әз-Наурыз Ряд мероприятий прошли в стенах Областного музея, в канун праздника Наурыз «Наурыз келсе, құт келгені, ағайын!» «Ұлыстың ұлы күні, жыл басы - Наурыз» Жайықтың самал лебі «Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі» «Әлемнің құдірет күші - аналар» «Қазақстанның биологиялық ресурстары, оларды қорғау және тиімді пайдалану мәселелері» «Ардақты, асыл жандар» «Царство насекомых» «Қыр кенебіндегі тамшылар» «Веселая масленница» «Уходили парни из Афгана...» «Ауғанда от кешкендер» «Афганистан болит в моей душе: 25 лет спустя» «Ауғанстан – жүректегі жара» В областном музее состоялось очередное заседание актива «Ауған ақиқаты» «Ауғанстан естеліктері» «Жанымды жаралаған Ауғаныстан» «Дін мұраты ынтымақ пен бірлік» Состоялось торжественное открытие проекта «Мирас» «Қадыр – балалар әдебиетінің атасы» «Күй анасын құрметтейік» «Діни сауатсыздық – діни экстремизмнің бастауы» Музейный урок «Жабайы аңдар» «Батыс Қазақстан облысының мамонт фаунасы»
Выставки
«Алтын ханшайым» «Жанымды жаралаған Ауғаныстан» «Музеи-сокровище народа» «Звон старинного серебра» «Өнеге өрнектері» «Күй-дария» «Халық өнері - асыл қазына» «Әнші әлемі» «Оралым менің, Оралым» «Азаттық аңсаған азамат» «Ақын тілі – арман тілі» «Сағындым сені, Оралым!» «Түркі жазба мәдениетінің тарихынан» «Кел, балалар,оқылық!» «Білімнің қара шаңырағы» «Қылқалам-өмір» «Өнердің қайталанбас өр тұлғасы» Материал 7 «ХІХ-ХХғғ ас -үй бұйымдары» «Тарихи сабақтастық» Тарих – ақша баламасында «Ауған ақиқаты» «Қазақтың тұңғыш заңгері» «Тұғыры биік тұлға» «Жауһар жәдігерлер» Мы победу приближали как могли Презентация выставки Выставка Муратбека Жоламана Муратбек Жоламан «Жазықсыз жапа шеккендер...» «Тарих.Тағылым. Тағзым» «Уақыт қозғалысы- сағаттарда» «Өшпесін мәңгі өзіңнің Өнерде жаққан шырағың... » «Астана-Елбасының ерлігі» «Жүрегімнің түбіне терең бойла... » «Болу үшін жаралғам туған жердің жырауы... » «Мен қазақпын...» « Әнші Әлемі» «Тарихи Орал»
Музейное событие
Вопрос - Ответ
Гостевая книга

«Уақыт қозғалысы- сағаттарда» – атты
көрменің ғылыми концепциясы


Тақырыптың негіздемесі:
Сағаттар соғысы, сағаттар жүрісімен уақыт шіркін зымырап, зулап бізді тағы да бір Жаңа Жылға алып келді. Бірнеше күндерден кейін табалдырығымыздан Шығыс күнтізбесі бойынша металл түсті жолбарыс жылы аттайды. Біз бұл жылды Ақ барыс жылы деп атаймыз. Қазақтар үшін Жаңа жыл мерекесі наурыздың 22-сінде, күн мен түн теңелген қасиетті мезгілде басталатыны белгілі. Дегенмен жыл сайын барлығымыз да осы Жаңа Жыл мерекесін асыға күтетініміз анық.. Түрлі тарихи басылымдарда Жаңа жылды әшекейлі шыршамен қарсы алу дәстүрін Ресейде 1700 жылы қаңтардың 1-інде I Петрдің енгізгені, дәл осы жылы Ресейде жаңаша жыл санау басталғаны, I Петрдің өзі басқарған Мәскеудегі мейрамның таңға дейін созылғаны жазылып жүргенімен, бірқатар этнограф-тарихшылар қыпшақтардың да шырша мерекесі болғанын, Жаңа жылдың – көшпелілердің де байырғы мейрамы екенін жазады.
Белгілі түріктанушы, жазушы, тарихшы Мұрат Әджінің «Қыпшақтар» атты кітабында «Шыршалар мерекесі» деген тарау бар. Оның жазуынша, шырша ағашын ежелден түркілер қасиетті ағаш деп санаған. «Елка-ел» деген сөздің өзі түрікше «жол» деген мағынаны берген. Шыршаның тік өсуіне байланысты жоғарыға, яғни аспан әлеміне жол деген ұғымды білдірген. Шырша мерекесі ең басында құдайлар мен аруақтар мекені – жер шарының тура кіндігінде тіршілік еткен Жер мен Судың (Иерсу) құрметіне арналыпты. Жер – Судың жанында ақ сақалды Үлкен (Ульген) есімді шал жүрсе керек. Түркілер оны үнемі әдемі қызыл шекпен киіп жүрген қалпында көріпті. Ол алтындатылған сарайда өмір сүріп, алтын тақта отырып билігін жүргізіпті. Оған Күн мен Ай бағынышты болыпты. Мұрат Әджінің дәлелдеуінше, ежелгі алтайлықтар шыршалар мерекесін 25 желтоқсанда, Күннің Түнді «жеңген» кезінен бастап тойлапты. Бұл күні жер бетінде күн әдеттегіден кішкене болса да ұзағырақ болған. Сондықтан түркілер Күннің қайта оралғанына қуанып, Үлкенге (Ульген) алғыстарын жаудырыпты, оған тәу етіпті. Дұғаларымыз Тәңірінің құлағына шалынса деген үміт-арманмен Үлкеннің сүйікті ағашы – шыршаны үйлеріне әкеліпті. Бұтақтарына неше түрлі әсем шүберектер байлапты. Сонан соң шыршаны дөңгелене, күн бейнесін келтіре қол ұстасқан қалпы шыршаны айналып: «Түн кетіп, Күн келсін», деп ән салған. Бұл сиқырлы түні айтылған тілектердің барлығы орындалады деп сенген. Бүгінде Ульген атауын өзгертіп, ол Аяз Ата деп аталады. Осылайша тарихшы –ғалым Мұрат Әджі Жаңа жыл түніндегі «үлде мен бүлдеге» бөленген шырша мерекесінің І Петр патшадан да әріде болғанын баяндап, ол түркілер дәуірінде сол халықта тойланған деп дәлелдейді.
Олай болса уақыт шіркіннің еншісіндегі Жаңа Жылдың келуімен жылдардың ауысуының қаңтар айында тойлануы да көптеген әлем халықтарына ортақ мереке болғаны. Осынау уақыттар аралығында қаншама мың жылдықтар өтіп, қанша дәуірлік кезеңдер алмасты десеңші...?! Қоғамда көптеген өзгерістер болып, жүздеген жаңа кітаптар жазылып, қаншама адамзат ұрпағы ауысты...
Уақыт дегеніміздің өзі - шексіздік деген ұғымды білдіретін аксиома десек, осы уақытты өлшеуге немесе есептеуге арналған құралдарды сағаттар деп атайды.
Батыс Қазақстан облыстық музей қорында әр заманның, әр түрлі қызмет бағытындағы сағаттары сақталып келеді. Баршамызды өмір бойы кейде алға асып кететін, кейде қалып қоятын сағаттар қоршап келе жатқаны белгілі. Сондықтан да біз музей қорындағы сағаттар негізінде әр түрлі дәуірге қатысты уақыт өлшемінің тарихи беттерін парақтауды жөн көрдік.
Ендеше адамзат түсінігіндегі алғашқы сағаттар қандай болған ?
Әлем халқы ежелден-ақ Күн шыққаннан ұясына қонғанға дейін, сосын Айдың туып, Күнге кезек бергенге дейінгі кезеңді нақты өлшейтін құралды ойлап табуға талпынған.
Тарихи деректерге сүйенсек уақытты өлшейтін сағаттың алғашқы түрі Мысыр мен Қытайда жасалған. Оның ең алғашқысына күн сағаты жатады. Кейін су сағаты мен құм сағаты пайда болған. Бұл туралы орта ғасырлық жылнамаларда айтылған. Негізінен, бұл сағаттарды Шығыс ғұламалары ойлап тапқан.
Мәселен, ортағасырлық Қытайда от сағаттары болған. Бұл өте сирек кездесетін механизмі бар уақыт өлшемі болды. Онда арнайы өлшеммен ағашқа байланған жіпке тас ілінген де, жіпке оттық жіберілген. Жіп жанып болғаннан кейін тас төменінде тұратын металл ыдыс- подносқа түсетін болған. Міне, оның түсу кездегі соғысы белгілі бір уақытты білдіріп отырған.
Алғаш рет механикалық сағат туралы сөз ХІІ ғасырда Миланда қозғалып, мұнда қарапайым конструкциялы мұнара сағаты салынған. Сөйтіп әрбір жарты сағат сайын естілетін дыбыс шығаратын механикалық мұнара сағаттары пайда болады. ХҮІІғасырда Ресейде де алғашқы мұнара сағаты Москва Кремліне орнатылған.
Қазіргі қолданып жүрген механикалық сағаттардың авторы ретінде голландық физик, астроном Христиан Гюйгенсті атауға болады. Өйткені ол алғаш рет маятникті сағат соғысын реттеу үшін пайдаланып, алғаш рет қабырға сағатына маятник қолданған.
ХҮІІІ ғасырда сағаттар ауқатты адамдардың үй ішінде пайдаланатын бұйымы ретінде кеңінен таралып, әсемдік өнерінің бір туындысына айнала бастайды. Материалдық мәдениеттің заты іспеттес сағаттар көркемдік жағынан өз заманының талғамдық деңгейін көрсетіп отырған. Өткен заманның сағаттары көркемдік жағынан ампир, барокко, классицизм стилінде дайындалып, интерьерді көркемдеу заты ретінде пайдаланылған. Олар өз заманының стилін танытып, қоршаған ортамен үндестірілген. Әдетте сағаттардың қорабы ағаштан жасалып, бағаналары қашалған, жонылған өсімдік, гүл өрнектерімен безендірілген.Маятник пен сағат тілдері ерекше, үлкен бір өнер туындысы тәрізді көркемделген.
ХҮІІІғ Ресейде сағаттарды жетілдіру әдісімен белгілі механиктер Кулибин, Волосков, инженер Сабоскин айналысқан. Олар сағаттық механизмнің реттеуші ретінде балансир (спираль серіппе көмегімен меншікті тербеліс жасап отыратын доңғалақ) қолдану ұсынады. Осы кезеңде теңіз сағатын ойлап тапқан ағылшын сағат шебері Джон Гаррисон көптеген механикалық сағаттарды жетілдіреді. Механикалық сағаттарда реттеуіш ретінде кір тасы (гирь) не серіппе қолданыла басталады. Двигатель доңғалақтар жүйесі мен шаппа арқылы стрелкаларды қозғалтып отыруға болатын болды. Серіппе арнаулы тетік арқылы бұралатын болды.
Музей қорында камин немесе үстел үстіне қоюға арналған ,кішкене тіреуіште алғашқы баспашы Гутенбергтің мүсіні бар ХҮІІІ ғасырдың қола сағаты сақталған. Баспа тіреуші бейнеленген тіреуіш қобдиша тәрізді, оймышталған кішкене аяқты тіреуіштің негізі түгелдей дерлік өсімдік бедерімен безендірілген. Мұндай сағаттар тек ауқатты, бай адамдардың үйінде қолданылған.
Уақыт жылжыған сайын сағат түрлері де өзгеріп, оның әлеуметтік бағыты да өзгеріске түсе бастайды. Зымырап жатқан осынау уақыт туралы да философиялық пайымдауларды көп айтқан ұлы ойшыл, философ – Шәкәрім Құдайбердіұлы болды. Ол XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы әдеби, рухани дамуда, прогресшіл ой пікірлердің қалыптасуында, қазақ мәдениеті мен философиясының тарихында зор үлес қосқан зиялы адам. Оның уақыт туралы: «...табиғат құбылады, жаңбыр жауады, тау басын мұз шалады, көктемде еріп сай–сай, жылға-жылғадан бұлақтар сылдырлай ағады, бұлақтар жиналып, өзенге, өзендер жиналып, теңіз, мұхиттарға құяды. Ондағы су буланып, қайтадан жауын-шашын, қар болып жерге, тауға түседі. Мұның бәрі – қозғалыс. Дүниедегі құбылыстардың қай-қайсысы да шексіз. Өмір бір орында тоқтап тұрмайды, өзгереді, дамиды, өледі. Уақыт алға жылжыған сайын жас келіп адам қартаяды, орнына жаңа ұрпақ дүниеге келеді. Мәңгілік, тіпті бүкіл дамудың кілті болып табылатын қозғалыстың өзі де уақыт аясында өтеді..»-деген пікірі «Тұрақсыз шыр айналған дүние» деген философиялық тұжырымындамасында айтылған.
ХІХ-ғасырдың аяғында ХХ-ғасырдың басында сағаттың әлеуметтік бағытындағы өзгеріс-ол енді ауқаттылықты көрсету құралынан уақыт көрсететін құралға айнала бастайды. Оларды көркемдеу де азаяды. Сондай жәдігерлердің бірі –уақытты соғу құралы мен циферблатта жазуы бар париждік француз фирмасының сағаты. Осы кезеңде тұңғыш рет қол, қалта сағаттары пайда болады.
ХІХ ғ ортасында Голландиядан шыққан ағайынды Иван мен Николай Бутеноптар Мәскеуде сағат шығаратын кәсіпорнын құрады. «Ағайынды Бутеноптар» фирмасы деген атаумен әйгілі болған бұл кәсіпорынның өнімдері бірнеше рет әлемдік көрмелерде алдыңғы орындарды иеленген. Олар Мәскеуде, Тверде, Астраханда мұнаралық сағаттар қондырып, 1851-1853 жылы Мәскеу Креміліндегі мұнара сағаттарына жөңдеу жұмыстарын жүргізген. 1854 жылы осы тарихи оқиға құрметіне дәлме-дәл мұнара тәрізді жерден қойылатын сағатты ойлап шығарған. 1858 жылы олар Петербордағы Петропавловск мұнарасына сағат орнатқан. Ал 1872 жылы Мәскеуде өткен көрмеде Бутеноп фирмасының сағаттары алтын медалмен марапатталғанын бүгінде тарихи деректер бізге жеткізіп отыр.
ХХ ғасырдың басынан сағаттың түрлері көп безендірілмей, нақты уақыт көрсететін затқа айналған. Олардың ішінен механикалық серппесі , гирь ілмегі бар сағаттар көп тарала бастайды.
Сағаттар соғысымен өтіп жатқан уақыт туралы жазушы Әбіш Кекілбаевтың: «Уақыттың жалғыз өлшемі бар, ол-адам ғұмыры» деген ойлы сөзі бар. Шынында адамзат өмірі-бұл «өткен мен болашақтың арасындағы қас-қағым сәт» десек те,
адам ғұмырының жалғыз өлшемі бар , ол оның арттағы халықтың қамы үшін қалдырған ісі екеніне бүгінде көзіміз жетіп отыр. Оған мына сағат иелерінің Ақ Жайық топырағында қалдырған игі істері дәлел бола алады.
Ықсанов Мұстахым Біләлұлы (қол сағаттары , будильник және телефон сағаты). 1926жылы Жәнібек ауданының Борсы деген елді мекенінде дүниеге келген. Мемлекет және қоғам қайраткері Қазақ ауыл шаруашылық институтының гидротехникалық факультетін бітірген. 1975-1986ж Батыс Қазақстан облыстық партия комитетінің 1-хатшысы болды. Осы жылдары облыс экономикасы мен мәдениетін арттыруда, әсіресе күрделі құрылысты дамытуда үлкен үлес қосқан жан. Еңбек Қызыл Ту ордендерінің иегері. Бүгінде қаламызда оның есімімен көше, мектеп аталады.
Райымкулов Әкімнің (жазу құралы жиынтығындағы сағат) -1941-1945ж Ұлы Отан соғысына Ақ Жайық жерінен қатысып, Ұлы Жеңісті Германияның астанасы Берлинде қарсы алған қазақ жауынгері .
Баймұқанова Ботакөз (қолсағаты) 1956жылы Ақтөбе облысының Байғанин ауданында дүниеге келген. Айтыскер ақын, журналист. 1978жылы Орал педагогикалық институтын бітірген. Сол жылдан бастап бар ғұмырын облыстық телерадио компаниясына арнаған жан. «Бес қоңырау», «Ғұмыр-дария» атты өлеңдер жинағының авторы.
Есенжанов Хамза Ихсанұлы (үстел сағаты) 1908жылы Ақжайық ауданында дүниеге келген.Жазушы, Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты, атақты «Ақ Жайық» трилогиясының авторы. 20жылға жуық саяси-қуғын-сүргіннің зардабын тартқан азамат. 3-томнан тұрған «Ақ Жайық» романы Батыс Қазақстандағы тұтас бір кезеңнің оқиғаларына арналған еңбек болды. 1963жылы осы трилогияның заңды жалғасындай «Көп жыл өткен соң», «Ағайынды Жүнісовтар» романдары жарық көрді. Бүгінде біздің музейдің қорында ұрпақтары тапсырған жазушының кітапханасы сақталуда.
«Туған қалам, думан қалам Оралым,
Ардақ тұтып, айтсам ауыз толарым.
Айналайын Орал деген атыңнан,
Қонсам құйрық, ұшсам қанат боларым!»-деп Оралға арналған әдемі жыр шумақтарының авторы Сағынғали Сейітов (жазу құралының жиынтығындағы сағат)- 1917жылы Тайпақ ауданының Қурайлысай ауылында дүниеге келген. Ақын, әдебиетші, филология ғылымдарының кандидаты.Ұлы Отан соғысына қатысқан.Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерінің иегері. «Жолдас уақыт», «Самғау», «Жылдар жотасында» секілді көптеген кітаптардың авторы.
Артында үлкен игі істерін қалдырған қазақтың бір туар ұлдарының бірі белгілі этнограф – тарихшы Ақселеу Сейдімбек те сағаттың 12-соғысымен келетін Жаңа жылдың көшпелілер мейрамы екендігін айтып кетті. Ол: «Өмір–тіршілікте шарттылықтар өте көп. Сол шарттылықтардың ең ғажабы, адам баласының уақытты межелеуіне қатысты. Мәселен, осы күндері бүкілхалықтық қуаныш ретінде тойланып жатқан Жаңа жыл мейрамын алайықшы. Қалыптасқан ұғым бойынша, Жаңа жыл, яғни 1-қаңтар, Иса пайғамбардың туған күні. Бүкіл христиан әлемі осылай деп түсінеді, осындай деп тойлайды. Ол тойына «Рождество Христова» деп ат берген. Орыстар православ сенімінде болғандықтан, бұрынғы Юлиан күнтізбесінің межесі бойынша, желтоқсанның 25-і Исаның туған күні деп тойлайды. Мен, бір қызықты пікір айтайын. Осы Жаңа жыл тойы арысы Еуразияның ежелгі көшпелі скиф-сақтарының, бергісі бүгінгі түркі халықтарының, оның ішінде, қазақтардың да байырғы мейрамы деп есептеймін»- деген ойлы пікірін қалдырған.
Қай кезеңде де сағатқа қойылатын негізгі талап – оның дәлдігі болды. Жалпы сағаттар өз қызметіне қарай күнделікті тұрмыста қолданылатын және арнайы деп белгіленген. Бүгінде күнделікті тұрмыста қолданылатын сағаттардың өзі :қол сағаты, үстел сағаты, қалталық, қабырғалық, мұнаралық сағаттар болып бөлінеді. Арнайы сағаттарға су астында жүзуге арналған, жол бойы, белгілік, табелдік сағаттарды жатқызуға болады.
ХХ-ғасырдың 40-50 жылдарында қорабында «Үй және желкен», көздері жүріп тұратын мысық, табиғат бейнесі бар гирлі қабырға сағаттары сәңге айналады. Бірте-бірте өмірге кварцтық құбылысқа негізделіп жасалған кварц сағатары енгізіле бастайды.Сонымен қатар уақыттың аса дәл өлшемі ретінде атом сағаты қолданысқа енеді. Алғашқы дәлме-дәл уақыт өлшемін беретін атомдық сағат 1955 жылы Луи Эссеннің бастауымен Ұлыбританияның Ұлттық физикалық лабораториясында дүниеге келген.
Сағаттар соғысымен уақыттардың алмасуы арқылы өтіп жатқан жылдар туралы деректер VIII ғасырдағы «Күлтегін» ескерткіштері мен ХІ ғасырда өмір сүрген Махмұт Қашқаридың еңбектерінде кездеседі. Онда қазақша жыл санау мен жыл қайыру кестесі көрсетілген. Біз шығарып салғалы тұрған Сиыр жылы тышқан жылынан кейін кірген жыл . Әдетте сиыр жылында дау-жанжал, қиындықтар мен ауыртпалықтар көп болған. Қариялар соны жиі айтып, сиыр жылында сәтсіздіктер бола қалса, «Биыл ауыр жыл ғой. Мұның бәрі содан ғой», - деп өзін-өзі жұбатқан.
Ал кіргелі отырған Барыс жылы. Барыс жылында біздің ұлық пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) (570) туған, 165жыл бұрын қазақтың ұлы ойшылы, ақын Абай Құнанбаев, 90 жыл бұрын Қазақстанның халық жазушысы, ақиық ақын Жұбан Молдағалиев дүниеге келген. Алдағы жылы :
« Заулайды күн:
Таңым атып,
Күн батып.
Алтын емес,
Інжу емес,
Гауһар да...
Уақыт –менің өмірдегі қымбатым»-деген жыр шумақтарының авторы, жерлес ақын ағамыз, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Халық жазушысы Қадыр Мырза Әлі 75 жасқа толады. Ұлы Жеңістің 65жылдығы болады.
Әлемде Сағаттарға арналған арнайы музейлер бар. Солардың бірі көршілес Ресей елінің Ангарск қаласында жұмыс істейді. Онда сағаттардың үлкен коллекциясы жиналған. 1000 астам сағат түрлері сақталуда.
Ал енді осынау сағаттар соғысымен, сағаттар жүрісімен Жаңа жылды қай елде қалай қарсы алатынына тоқталсақ...
* Жер шарында Жаңа жылды ең алдымен қарсы алатын халық – Фиджи архипелагінің 160 аралының тұрғындары. Мұнда барлығы 320 арал бар .
* Шотландия мен Уэлсте ескі жылдың соңғы секундында есікті кеңірек ашып, ескі жылды «шығарып» жібереді де, Жаңа жылды «кіргізеді».
* Үндістанның әр ауданында Жаңа жылды әр уақытта, қыркүйектен наурызға дейін қарсы алады. Мереке құрметіне ұшырылған көлемі өте үлкен, түрлі-түсті батпырауықты екі мерген садақпен атады. Біреуінің оғының басында от болады. Батпырауық жанған кезде той басталады.
* Панамада Жаңа жыл өрт сөндіргіш мұнарада ғы зор қоңыраудың құлақ тұндырған ащы дауысымен басталады.
* Болгарияда Жаңа жыл дастарханына басқа да тәтті тағамдармен бірге күміс теңге қосып, бірнеше қабат етіп пісірген самса қойылады. Оның жанында денсаулық пен ұзақ өмір сүрудің белгісі – кизил ағашының бір бұтағы жатады. Күміс теңге тап болған адам Жаңа жылда зор бақытқа кенеледі деп есептеледі. Дастархан басында біреу түшкіріп қалса, жақсы ырымға санайды. Оған көктемде туған алғашқы қозыны, лақты, құлынды, әйтеуір, бір жас төлді сыйға тартады.
* Иранда Жаңа жылды наурызда қарсы алады. Дәл сағат 12-де үстел басындағылар қолына күміс теңге ұстауға тиіс. Әйтпесе, халық нанымында ол адам жыл бойы жат елде өмір сүреді.
* Бразиялықтар Жаңа жылда көшелеріндегі бағандарды гүлмен, қоңыраумен безендіріп қояды.
* Эфиопиялықтар Жаңа жылды қыркүйектің 10 - 11-інде қарсы алады. Жаңа жылда бірыңғай ақ киім киеді, ерте тұрып, шіркеуге барады. Сосын самырсын ағашының көлеңкесінде Жаңа жылға арнап дастархан жаяды. Балалар Жаңа жылға арнап салған суреттерін ата-анасына сыйлайды. Үй ортасына жіп керіп, әлгі суреттерді іліп қояды. Сонан кейін мерекелік дастархан басына отырады.
Тарихшы-этнографтардың деректеріне сүйенсек Жаңа жыл көшпелілердің де мейрамы болған. Бірақ Еуропа елдері бұл мейрамға Аяз ата, шырша, шырақ жағу деген сияқты өздерінің этнографиялық реңктерін беріп, байытты. Содан бүгінгі күні мүлдем танымастай өзгеріп, Еуропалық мейрам болып шыға келді. Өкінішке орай, көпшілік Жаңа жылды «Рождество» мейрамы ретінде қабылдайды. Дегенмен Жаңа жылды тойлағанда бұл мерекенің көшпелілердің де пайымымен байланысты екендігін ескерген жөн. Осындай деректердің .В.Цибульскийдің «Луно-солнечный календарь стран Восточный Азий», М.Ысқақовтың «Халық календары», Х. Әбішевтің «Аспан сыры» атты кітаптарында бар екенін айтып, келешек жас ұрпақтың жадына үнемі жеткізіп отырғанымыз жөн.
Ал сағат тілінің неліктен солдан оңға қарай жүретінін білесіз бе? Бұл күн сағатымен уақытты өлшеген кезден қалған . Яғни күн көлеңкесінің солдан оңға қарай сырғитынына байланысты сағат тілдері де солдан оңға қарай жылжитын болып жасалған.
Миханова Қайша (қабырға сағаты) -1907 жылы Жалпақтал ауданында дүниеге келген. 1943 жылдан «Талдыапан» қой кеншарында шопан, аға шопан болған. Қазақстанның мал шаруашылығына еңбек сіңірген шебері атанған. Жыл сайын малды шығынсыз бағып, төл алуда жоғары көрсеткіштерге жеткені үшін оған ең мәртебелі - Социалистік Еңбек Ері атағы берілген.
31 желтоқсан түніндегі сағат 12 соғысымен табалдырығымыздан аттағалы отырған Жаңа жылға негізінен, « Рождество» деп терең діни мән-мағына бермей, оны алдағы уақыт көшінен қуаныш, жақсылық, жаңалық күтетін, өткен өмір жолымызға есеп беретін, келешек бағыт-бағдарымыз бен мақсат, міндеттерімізді белгілейтін Үміт, Сенім мерекесі ретінде тойлағанымыз, ескі жылды ризашылық сезіммен шығарып салып, Жаңа жылды тәтті тілек, ақ батамен қарсы алғанымыз абзал. Ендеше Жаңа Жылыңыз құтты болсын! Жаңа жылда үйлеріңіз нұрға, құшақтарыңыз гүлге толсын!
Көрменің мақсаты.
Уақыт өлшемін көрсететін сағаттардың да өзіндік бастауы бар екенін, олардың тарихына үңілу арқылы әртүрлі өткен кезеңдер мен адамдардың тұрмыс жағдайлары туралы да мәлімет алуға болатынын көпшілікке ұғындыру.

Көрменің тартымдылығы:
Музей қорындағы ХҮІІІ-ХІХғ-ХХғ тән сағаттарды көпшілік назарына ұсына отырып ХХ ғасырда АқЖайық өңірінде өмір сүріп, игілікті істерімен ел есіңде қалған тұлғалар олар туралы ой толғау.
Алдағы жылдың атаулы күндеріне шолу жасау.

Көрменің ғылыми маңыздылығы:
Түнгі сағат 12-соғысымен табалдырығымыздан аттағалы отырған Жаңа Жыл мейрамының тек «Рождество» ғана емес, түркі халықтарына тән байырғы мейрам екенін ғылыми деректер негізінде жастарға түсіндіру.

Экспозициялық шешім:
«Уақыт қозғалысы-сағаттарда» көрмесі музейдің төменгі қабатындағы көрме залында жабдықталады.
Көрмеге қойылатын экспонаттар сипаттамасы:
Сағаттар-38
1.Қабырға сағаттары-14
Қолсағаттары-17
Қалта сағаттары-4
Сувенир-1
Үстел сағаты-6
2 Кітаптар-6
3.Фотосуреттер-8
4.Картина «Қаланың қысқы пейзажы»-1

Ашылу мерзімі: 2009 ж желтоқсан.

«Уақыттар қозғалысы-сағаттарда»-көрмесінің
тақырыптық экспозициялық жоспары
(Батыс Қазақстан облыстық тарихи -өлкетану музейі қорындағы жәдігерлер негізінде).

Тақырып пен бөлімдер

Материалдар жиынтығы

Ескертулер

1

ХІХ-ХХғғ тән заттар

1.№ 4855. Қабырға сағаты. Х1Х ғасыр. Кажемякин тапсырған 1982 ж.

2.№ 3132. Қабырға сағаты. Х1Х ғасыр.
Социалистік Еңбек Ері Қайша Михановаға Ақтөбе зауыты ұжымынан берілген естелік сыйлық.
1963 жыл. маусым.

3.№ 8084. Қабырға сағаты ХХ ғасыр.
Гусев Екатерина Александровнадан алынған. 1991жыл.

4. № 3754. Сағат. Х1Х ғасыр.
Малышева Александра Ивановнадан алынған. Орал қаласы. 1978 жыл.

5.№ 14645в. Қабырға сағаты. Х1Х ғас. аяғы ХХ ғас. басы. Силантьева Агафья Васильевна тапсырған
Орал қаласы. 1983 жыл.

6.№3971. Қабырға сағаты. Х1Х ғасыр. Мәскеу қаласының сағат зауытынан шығарылған
Щербакова Варвара Варфоломеевнаны Щербакова
Зинайда Михеевнаға қалдырған мұрасы Орал қаласы.

7.№14643в. Қабырға сағаты. «Le Rol a Paris» Шипова Антонина Михайловнадан алынған.
Орал қаласы. 1983 жыл.

8. № 9049/54. Үстел сағаты ХХ ғасыр.
ҚР. Халық жазушысы Хамза Есенжановтікі
Алматы қаласы. 2008 жыл.

9. № 21398в. Үстел сағаты. « Маяк зауыты» 50-60ж-ж.
Фролова Антонина Яковлевнадан алынған 1992 жыл.

10. № 4385/1. Үстелге қоятын сағат.
Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері Келлерге Ворошилов зауыты ұжымынан берілген.

11. № 7498/4. Үстел сағаты. ХХ ғас.
50 -жылдар.
Л.С.Швареваның сағаты

12. № 16012в. Қабырға сағаты.
1930 жылы жасалып, М.И.Калининнің суреті бейнеленген
Телещенко Людмила Степановна тапсырған 1985жыл.

13. № 6055/11. Үстел сағаты. ХХ ғасыр. Дәрігер Лебедев Сергей Алексеевич тапсырған. Орал қаласы. 1984 жыл.

14. № 2804в. Сувенир. Орал облысының еңбекшілеріне Ақтөбе облысы атынан берілген сыйлық. 1975жыл, наурыз Орал облысы атқару комитетінің төрағасы
Давыдов Борис Лукич тапсырды

15. № 2648. Қалта сағаты.(алтын) .
Абдрахманов Мақсот Дінішұлы тапсырған 1972жыл.

16. № 7870. Қалта сағаты
Инютин Иван Трофимович тапсырды. 1990жыл

17. № 8919/9. «Электроника» қол сағаты. Ықсанов Мұстахым Біләлұлынікі. Тапсырушы Иманғалиев Дәржан Төлешұлы. Орал қаласы. 2006 жыл.

18. № 4918 «Доха» фирмасының сағаты. Ұлы Отан соғысының ардагері Хайырлы Кенжеғалиевтікі
Иманғалиев Әділбек тапсырды.

19. № 4336/1 Қол сағаты .
Алғашқы тың игеруші Мария Григорьевна Полякованың.
Жымпиты ауданы , «Правда» совхозы, 1980ж

20. №7712/10 Қабырға сағаты.
ХХ ғасыр басы. 1988 жыл

21. №7712/11 Қабырға сағаты .
Златоусовтың сағат зауыты шығарған
1988 жыл.

22. №7712/1 Қол сағаты
Белгілі дәрігер Тимофеева Валентина Николаевнанікі
Тапсырушы:Тимофеева Августа
Орал қаласы,1988 жыл

23. № 7034. Қол сағаты. ХХ ғасыр Бузунова Анна Игнатьевнаның. Тапсырған Н.П.Бузунов.Орал ,1985 ж.

24. №4855. Қабырға сағаты
Кожемякиннен алынған .Орал ,1982 ж.

25. №8264. Француз қабырға сағаты.
ХХ ғасыр,
Валентина Александра Герасимовадан

26. №8363/11. Қол сағаты
Орал облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы
Ықсанов Мұстахым Біләлұлынікі
Орал, 1996ж.

27. № 8363/11. Үстел сағаты .ХХ ғасыр 80-жылдар. Ықсанов Мұстахым Біләлұлынікі

28. № 8363/16. Телефонға орнатылған сағат. Ықсанов Мұстахым Біләлұлынікі. ХХ ғасыр 80-жылдар.

29. №3632. Сағаты бар жазу құралының жиынтығы. Ақын Сағынғали Сейітовтікі,1977ж.

30. №14642в. Қабырға сағаты .
Горбунов Евдоким Терентьевтен
1983 жыл.

31. №10018/вҚабырға сағаты.
Комарова Надежда Григорьевна тапсырған.

32. №8954/5. Жазу құралының жиынтығындағы сағат. Ұлы Отан соғысының ардагері Әкім Райымкуловтың.
Имашева Малика Әкімқызы тапсырған

33. №9041/10. Қол сағаты.
Ақын, журналист Ботагөз Баймұқанованікі
Жұмағалиева Хадиша Дәулетқызы тапсырған.
Орал,2008ж

34. №4847/17. Қалта сағаты
Қазақастанныңның еңбек сіңірген ағарту ісінің үздігі
Скопин Николай Карловичтан алынған
1982ж.
35. Қол сағаты. Ниязалиева Клара Шаметқызының.
36. Қолсағаты.
37.Қабырға сағаты.
38. Үстел сағаты.

2

Картина

«Қаланың қысқы пейзажы»

 

3

Фотосуреттер

ХІХ ғ. Орал қаласының көріністері-3.
С.Сейітов
Х.Есенжанов
М.Ықсанов
Қ.Миханова
Б.Баймұқанова

4

Баспа материалдары

«Огонек» журналы

 


Барлығы 49

 

 

Г.Мұханбетова Экспозиция бөлімінің меңгерушісі

Регистрация

Жемчужины фонда