Get Adobe Flash player
Slide item 1
Slide item 2
Slide item 3
Slide item 4
Slide item 5
Slide item 6

Главное меню

Добро пожаловать!
Структура музея
Виртуальный тур
Экспозиция
Шедевры, коллекции
Научная деятельность
Законодательство
Госзакупки
Новости
Массовые мероприятия
Западно-Казахстанском областном историко-краеведческом музее открытие зала «Елбасы және Тәуелсіздік» Казахский государственный академический оркестр народных инструментов имени Курмангазы в Приуралье «Дін және дәстүр» «Я памятник воздвиг себе нерукотворный» «Әсем табиғатты қорғау – әркімнің міндеті» «Живем, пока помним!» «День открытых дверей» и акция «Ночь в музее» Ерлік пен Жеңіс Чтобы музы не молчали Отқа оранған жастық Невестка Б.Момышулы в Приуралье Абайдың табиғат лирикасы Әлем бірлігіндегі Қазақстан «Біз біргеміз – берік іргеміз!» Ақ Жайық – достық мекені Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі Сыр еседі сыңғырынан сырғаның Жауқазын Ерлікке толы Ұлы жол Әсем қоңыр «Масленица» «Хандық билік және қазақ елі» «Қысқа ғұмыр, биік белес» «Жалынды ақын, жаужүрек батыр» "Ақжайық-достық мекені" «ЭКСПО-2017 – елдің ерен жеңісі» Открытие мультимедийного комплекса «Сакентану» Батыс Қазақстан облысының мамонт фаунасы «Ғұлама ғалым, парасатты азамат» «Керей қайда барасың?» «Поэзия әлемінің ұлы Қадыры» Поэзия Пайғамбары «Ұрпаққа мұра болар сыйлар» «Кенеп бетіндегі Тәуелсіздік жетістіктері» «Тәуелсіздік шежіресі» «Арманы үлкен – азат ел» «Биік белестер» «Тәуелсіз Қазақстанның гүлденуі» «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» «Елін сүйген, елі сүйген елбасы» «Елбасы – ел тірегі» «Біздің Елбасы» «Ұлт көшбасшысы» «Ақордада көк байрағын нық ұстап, елбасымыз алаш арын арлаған» «Ұлтын сүйген ұлы жүрек» «Қазақстан-2050» - Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол» «Елін сүйген,елі сүйген – Елбасы» «Ақпәтер ауыл тарихы» Тұлға. Зерттеуші. Азамат. Ұлттық валюта – тәуелсіздік негізі Пайдалы қазбалар Шеңберден тыс дүние Тастөбе ерліктің ескерткіші Өнер әлеміндегі тұғырлы тұлға Бабалар бейнесі Ізгіліктің нұрын сепкен Күмбірлеген күй сыры Тіл тағдыры-ел тағдыры «Динозаврлар әлеміне саяхат» «Редкие растения Миргородского ландшафтного заповедника» «SOS - сайгак» Қазақ болмысы жәдігер бойында «Өрелі өмір – әркімге өнеге» «Тәуелсіздік туын көтергендер» «Қайдасыңдар, жалындаған жастарым?» «Жайықтан шыққан ән бұлбұлы» «Мың тұяқтың дүбірі,бір Тұяқтың саусағы» «Көп жасаған қария, ақылы теңіз дария!» «Зерделі сөздің зергері» «Тіл – татулық тірегі» «Діни экстремизм және терроризм» «Алтын ханшайым» «Өнегесі мол өрелі жан» «Күй әуен – сазбен өрілген жыр шежіре» «Ұлы Абайға тағзым» «Орнатылған ескерткіш белгі міне, Есіміңе қанықты ел бүгінде» «Спортты серік еткендер» «Тәуелсіздік нышаны» «Жабайы аңдар – жаралы табиғат» «Әсем қалам – Астанам» «Астана – Отанымыздың жүрегі, Тәуелсіздігіміздің тірегі!» «Астана – махаббатым менің» «Тайна керамическихкувшинов» «Елі ардақ тұтқан ұстаз» «Дін және жастар» «Менің туым, менің елтаңбам, менің Әнұраным» Облыстың ерекше қорғалатын табиғи территориялары «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш» «Ел айбынын асқақтатқан рәміздер» «Геральдика тарихы және Отанымыздың рәміздері». «Аға ұрпақтың сыннан өткен сардарлары» «Мұрағаттар сыр шертеді» В областном музее состоялась акция «Ночь в музее» «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран» «Отырарда ойлылардың ізі қалған» «Ғасырлар таңбасы-Капустин Яр» «Өнерің сенің жалғасын табар бүгінде» Еңбегімен елге танылған тұлға «Крылатые друзья» «Табиғат жанашырлары» «Өмірде ізгі із қалдырған» «Бекіре тұқымдастарын болашаққа сақтайық» Әз-Наурыз Ряд мероприятий прошли в стенах Областного музея, в канун праздника Наурыз «Наурыз келсе, құт келгені, ағайын!» «Ұлыстың ұлы күні, жыл басы - Наурыз» Жайықтың самал лебі «Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі» «Әлемнің құдірет күші - аналар» «Қазақстанның биологиялық ресурстары, оларды қорғау және тиімді пайдалану мәселелері» «Ардақты, асыл жандар» «Царство насекомых» «Қыр кенебіндегі тамшылар» «Веселая масленница» «Уходили парни из Афгана...» «Ауғанда от кешкендер» «Афганистан болит в моей душе: 25 лет спустя» «Ауғанстан – жүректегі жара» В областном музее состоялось очередное заседание актива «Ауған ақиқаты» «Ауғанстан естеліктері» «Жанымды жаралаған Ауғаныстан» «Дін мұраты ынтымақ пен бірлік» Состоялось торжественное открытие проекта «Мирас» «Қадыр – балалар әдебиетінің атасы» «Күй анасын құрметтейік» «Діни сауатсыздық – діни экстремизмнің бастауы» Музейный урок «Жабайы аңдар» «Батыс Қазақстан облысының мамонт фаунасы»
Выставки
«Алтын ханшайым» «Жанымды жаралаған Ауғаныстан» «Музеи-сокровище народа» «Звон старинного серебра» «Өнеге өрнектері» «Күй-дария» «Халық өнері - асыл қазына» «Әнші әлемі» «Оралым менің, Оралым» «Азаттық аңсаған азамат» «Ақын тілі – арман тілі» «Сағындым сені, Оралым!» «Түркі жазба мәдениетінің тарихынан» «Кел, балалар,оқылық!» «Білімнің қара шаңырағы» «Қылқалам-өмір» «Өнердің қайталанбас өр тұлғасы» Материал 7 «ХІХ-ХХғғ ас -үй бұйымдары» «Тарихи сабақтастық» Тарих – ақша баламасында «Ауған ақиқаты» «Қазақтың тұңғыш заңгері» «Тұғыры биік тұлға» «Жауһар жәдігерлер» Мы победу приближали как могли Презентация выставки Выставка Муратбека Жоламана Муратбек Жоламан «Жазықсыз жапа шеккендер...» «Тарих.Тағылым. Тағзым» «Уақыт қозғалысы- сағаттарда» «Өшпесін мәңгі өзіңнің Өнерде жаққан шырағың... » «Астана-Елбасының ерлігі» «Жүрегімнің түбіне терең бойла... » «Болу үшін жаралғам туған жердің жырауы... » «Мен қазақпын...» « Әнші Әлемі» «Тарихи Орал»
Музейное событие
Вопрос - Ответ
Гостевая книга

«Өшпесін мәңгі өзіңнің
Өнерде жаққан шырағың... »

-атты Қазақстан Республикасының Жас суретшілер бірлестігінің мүшесі, дарынды суретші, қылқалам шебері Жоламан Мұратбек Тауфиқұлын еске алу құрметіне арналған көрменің ғылыми концепциясы.

Тақырыптың негіздемесі :
«Өнер ед таққан тұмарың
Қана алмай кетті-ау құмарың,
Өшпесін мәңгі өзіңнің
Өнерде жаққан шырағың»- деген жыр жолдары Қазақстан Республикасының Жас суретшілер бірлестігінің мүшесі, дарынды суретші, қылқалам шебері Жоламан Мұратбек Тауфиқұлына арналған.
Шынында өнер әлемінде жарқ еткен жарық жұлдыздай болған дарынды қазақ баласы Мұратбек Жоламан қазақ бейнелеу өнерінің өркендеу жолына өзіндік үлесін қосып кеткен үлкен дарын иесі. Оның әрбір туындысынан ұлттық рух, қазақ шежіресінің сарыны байқалады, қазақ тарихының лебі сезіліп тұр.
Мұратбек Тауфиқұлы 1966 жылдың 13 қазанында Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданы Жосалы ауылында дүниеге келген. Орта мектепті тәмамдағаннан кейін Ақтөбе қаласының Ақтөбе мәдени- ағарту училищесіне оқуға түседі. Ал 1985 жылы «Суретші-безендіруші» бөлімінің 3-курсынан кейін Алматыдағы О.Таңсықбаев атындағы Көркем –сурет колледжінің «Суретші-кескіндемеші» бөліміне ауысып білімін жалғастырады. Оны 1990 жылы бітіріп шығады да, 1991жылы Алматы театр, кино және көркемсурет өнері институтына түсіп, жаңадан ашылған « станковая живопись» бөлімінде оқыған алғашқы алты студенттің бірі болды.
Осы студенттік жылдары Алматының Наурыз тойында өзінің болашақ жарын кездестіреді. Моңғолиядан Қазақстанға оқуға келген бір топ қыз Наурыз тойына моңғол халқының ұлттық киімін киіп келеді. Сол Наурыз тойында ұзын бойлы қара торы жігіт Моңғолиядан келген бір қыздың қолма-қол суретін салып, жас аруға ұсынады. Ол Чайковский атындағы музыка училищесінде дәріс алып жүрген Гүлжәміш есімді бойжеткен болатын. Бірақ жас ару суретті алмай кетеді. Арада 2-3 күн өткеннен кейін ғана байланыс қызметкері қол қойғызып, ораулы пакетті студент қыздың қолына ұстатады. Ашып қараса, өткендегі өз суреті. Бетінде бір жапырақ қағазға: « Көктемде кезіккен көкешім. Қайырылмай неге кетесің? Мұратбек» деп жазыпты. Тағы бірде бақ ішінде Мұратбектің отырғанын көріп бұрылып кетіп бара жатқан Гүлжәмішті «Әй, сұлу қыз, тыңда мені»-деп өктем үнмен тоқтатқан Мұратбек алдындағы Сырым батырдың суреті салынған үлкен полотноны көрсетеді. «Осы сурет біздің конкурстан өтпей қалды. Батырдың бет жүзінде адуын күш пен намыс өршіп тұрмаса ол батыр бола ала ма? Ол болашаққа, Сырымға қиянат қой. Менің суретімде батырға тән құбылыстың бәрі де бар еді»- дейді мұңданып. Міне, мұның өзінен Мұратбектің бойында туған жер, ел шежіресіне, ондағы асыл ерлер тарихына құштарлығының ерекше болғанын байқауға болады. Оның қазақ тарихына , соның ішінде көне Түркілер, Қазақ хандары мен руларының шежіресіне қатты қызығушылығын байқаған студенттік жолдастары: «Сен бейнелеу өнерімен қатар, Тарих факультетінде оқымадың ба?»-деп әзілдейтін.
1991жылы Сырым Датұлының 250жылдық мерейтойына орай Алматы қаласында өткізілген республикалық байқауда дәл осы сурет нағыз батырға лайықты деп танылып, «Сырым батыр» атты портрет жүлделі орынды иеленеді.
1993 жылы Алматы театр, кино және көркемсурет өнері институтындағы сурет өнерінің 2 факультеті және сурет колледжісінің негізінде Қазақ Мемлекеттік Көркемсурет Академиясы құрылады. Міне осы оқу орнында Мұратбек өз білімін жалғастырып, академик Қ.Тельжанов, М.Қалимов сынды танымал суретшілерден дәріс алады.
Осы жылы Наурыз тойында кездескен Гүлжәміш атты ару Қазақстанның батысындағы Сырым ауданына, Жоламановтар әулетіне келін болып түседі. Жымпиты ауданының орталығында тұратын Жоламановтар әулеті 1993жылы бір керемет той өткізген. «Моңғолиядан келін келді», деп ауыл іші мәре-сәре күй кешкен.Сөйтіп екі ел -Қазақ пен Моңғол еліндегі қазақтар арасында «мың жылдық құдалыққа» жол салынған.
Жас отау иесі Мұратбек 1996жылы дипломдық жұмыс ретінде «Хан көтеру» атты картинасын салды. Міне оның бұл дипломдық жұмысы Академия түлектерінің ішінде ең үздік болып бағаланып, картина институт қорына, өзі «Академиялық кескіндеме» кафедрасында кескіндемеден дәріс беруге қалдырылады. Сөйтіп Мұратбектің ұстаздық жолы басталады.Ұстаздық еткен жылы ол институт жанынан Қазақстан Жас суретшілер ұйымын құруға жетекшілік етеді. Көптеген республикалық, Халықаралық көрмелерге қатысып, туындылары Түркия, Польша, Англия, Кәріс және Қазақстан жеке коллекциялар қорынан орын алады.
Бірақ, өкінішке орай 1997жылы Мұратбек Жоламан денсаулығына байланысты елге оралуға мәжбүр болды.
1999жылы дарынды жас суретші М.Жоламанның тұңғыш жеке көрмесі Орал қаласында өткізіліп, көрермендер ризашылығына бөленді. Сөйтіп сурет әлемінде Мұратбек Жоламан найзағайдай жалт еткен жарық жұлдыз болды. Өкініштісі,оның әлі де бейнелейтін, мәнді ой тастап айтары көп еді...Әттең тағдырдың қатал заңына әрбір адам бағынышты...
«Мен суретті өлмеу үшін саламын»-деп ана жүрегін тебірентер осы бір ауыз сөзімен жұбатып, дүниеден өткен суретшінің бір ғасырлық ғұмырына жетерліктей артында мұрасы қалды.
Мұратбектің қылқаламынан туған «Сырым батыр»(1991), «Хан көтеру»(1996), « Қағанаттың құлауы»(1998), «Исатайдың ажалы» (1999), «Қызғыш құс»(1999) «Жекпе-жек», «Құлагер», «Керей Жәнібек»(1999) сияқты туындылары суретшінің дүниетанымдылық біліктілігінің терең екенін байқатады.
Кенеп бетіне нақ түйген түйіні намысшыл ұлтына жар салып тұрған жан айқайы сияқты. «...жылым жылқы, жылқы мінездімін. Жылқы сияқты тыныш жусап жүріп, бірден айналаның астан-кестенін шығарып, шылбырға бағынбай асаулық сес көрсетемін. Менің картиналарым менің өзім, менің мінезім! Бірінен бірін бөліп ала алмайсың. Бұл менің өмірбаяным да... ала құйын өмір сүрдім. Мінезім шалт болды.Бірақ сонымен қатар баяулықты да қатар ұстадым. Туған жұлдызым-таразы. Өмірде тепе-теңдікті де сақтап өткіздім»-деп жазған. Мұнда тек Жоламан Мұратбектің өзі айтқандай қыңыр мінез емес, суретшілік тұлғаның өнерге деген құштарлығы мен көздеген мақсат-мүддесіне жете білетін қайсар мінездегі жанды байқаймыз.
Өнер дегенде өзінің жанын берген суретшінің 1997-1999жылдардағы шынайлық мәнерде кескінделген «Жекпе-жек», «Садақшылар», «Ұран» -атаулы мына туындыларында қазақ халқының бастан кешкен тауқымет заман уақыты бейнеленген.
Арғымағы көкке секірген қазақ батырының елі, жері үшін хас серпілісін тамаша берген «Ұран» суретін Жоламан Мұратбек бүгінгі жеке ел болып, тәуелсіз туымыз бен ұранымызды көкте желбіреткен, бақытымызды аңсаған ата-бабаларымыздың рухына арнаған сияқты. Яғни атам қазақ аңсаған арманға бүгінде қол жеткізіп, тілімізді, дінімізді, мәдени-өнерімізді бүкіл әлемдік мәнсапқа жеткеніміздің тарихи желісі қылқалам ұшынан серпіліп, аталмыш туындыдан «Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген» деген қуат жалыны төгіліп тұрғандай. Бірінде мұңды сарын байқалса, екіншісінде ойнақы әуеннің ноталары көрінеді. Суретшінің картиналарынан автордың туған жеріне, еліміздің тарихы мен ұлттық мәдениетіне, халық дәстүріне деген ерекше сүйіспеншілігі мен құрметі айқын сезіледі.
Өткенін сарынын, бүгінгінің ақиқатын, келешектің албырттығын меңзеген Мұратбектің «...Қазақтың жастары шет елдің киножұлдыздарына, қолдан жасалған «жалған батырларына» еліктейді. Білмейді ғой... Олар неге керек? Намысыңды жаншып, рухыңды күл қылып жатыр... Біздің қазақ баласына Алпамыс пен Қобыланды, Ер Тарғын, Сырым, Исатай, Махамбеттер емес пе керегі?! Өз батырларымызды біле білсекші. Жастардың ол білместігіне бәріміз кінәліміз. Сен де, менде! «Балаларымыздың рухын ұлттық тәрбиемен тербетуіміз керек!-деп намыстан жанып толғанғаны бекер емес. Арғымағы көкке секірген қазақ батырының елі, жері үшін хас серпілісін тамаша берген «Ұран» суретін Жоламан Мұратбек бүгінгі жеке ел болып, тәуелсіз туымыз бен ұранымызды көкте желбіреткен, бақытымызды аңсаған ата-бабаларымыздың рухына арнаған сияқты. Яғни атам қазақ аңсаған арманға бүгінде қол жеткізіп, тілімізді, дінімізді, мәдени-өнерімізді бүкіл әлемдік мәнсапқа жеткеніміздің тарихи желісі қылқалам ұшынан серпіліп, аталмыш туындыдан «Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген» деген қуат жалыны төгіліп тұрғандай. Бірінде мұңды сарын байқалса, екіншісінде ойнақы әуеннің ноталары көрінеді. Суретшінің картиналарынан автордың туған жеріне, еліміздің тарихы мен ұлттық мәдениетіне, халық дәстүріне деген ерекше сүйіспеншілігі мен құрметі айқын сезіледі.
Өткенін сарынын, бүгінгінің ақиқатын, келешектің албырттығын меңзеген Мұратбектің «...Қазақтың жастары шет елдің киножұлдыздарына, қолдан жасалған «жалған батырларына» еліктейді. Білмейді ғой... Олар неге керек? Намысыңды жаншып, рухыңды күл қылып жатыр... Біздің қазақ баласына Алпамыс пен Қобыланды, Ер Тарғын, Сырым, Исатай, Махамбеттер емес пе керегі?! Өз батырларымызды біле білсекші. Жастардың ол білместігіне бәріміз кінәліміз. Сен де, менде! «Балаларымыздың рухын ұлттық тәрбиемен тербетуіміз керек!-деп намыстан жанып толғанғаны бекер емес.
Мұратбек Жоламан 1996жылдан өмірінің соңына дейін бейнелеу өнерінде әр қырынан көріне білген суретші. Оның туған жеріне деген сүйіспеншілігі «Ауыл», «Ақ бота»,
« Қарбалас», « Көрші» сияқты туындылары дәлелдейді.
Ал табиғаттың шынайы сыры «Күз», «Баянөлгей», «Жаңбырдан соң кеш» атты жұмыстарында шебер берілген.
Суретшінің өнердегі күйзеліс өмірін ұғыну үшін оның күнделігіне еріксіз көз жүгіртсек: « дерттен бір сергек жүрген күнім жоқ. Бірақ суретші есебінде өзімді танытқаныма ризамын!!! Сурет өмірлік мақсатым, бағытым еді, ...өмірімнің ең бір тауқымет кезеңінде мақсатымды орындадым.. Анау-мынау көп суретшілердің бірі емес екенім дәлелденді. Мен художник екеніме мақтаныш етемін. Шын мәніндегі суретші екеніме, суретші болып өткеніме мақтанамын» -деп жазыпты.
Қабырғаңды қайыстыратын бұл қара сөздерінің мәнін «Құлагер» туындысы баяндайды. Суретші «Құлагерді» 1999жылы яғни өмірінің соңғы жылында жазған. Кескіндемеде албыртып алаңсыз шауып келе жатқан Құлагердің алдында кесе көлденең тартылған ала арқан. Құлагердің жан айқайы, аларған көз шарасы, тағдырының осылай қиылатынына сенімсіз қараған көз қарашығы суретшінің өмір үшін арпалысқан күйін бергендей...
Жадыраған жазғы тұрым, көк аспан аясында аласұрған ақ боз арғымақ. Бұл Ақанның Батыраштан ажалы болған Құлагері емес, суретші Мұратбектің өзі еді... Сурет өнерінде тайша тепсініп, арғымақтай кісінеп, жалынымен желбірете ой-түйген, 2000жылы дүниеден озған өнердегі Құлагеріміз еді!
Ғұмыры қысқа болса да Мұратбек өзінің суретшілік тұлғасының, бейнелеудегі дәрежесінің жоғары екенін көрсетіп, көкірегіне түйген бар сырын ашып кетті. Бүгін арамызда жүрсе айтылмаған , жырланбаған тарихымыздың бетін ашар ма еді, немесе өнерге деген құштарлығымен, ізденімпаздығымен, талғампаздығымен қазақ өнеріне жаңа ағым әкелер ме еді .., деген өкініш әркімнің де кеудесінде оянары хақ.
Бірақ бұнымен Мұратбек Жоламан өлді деуге болмайды., ол өнер сүйер қауым, ұрпақ үшін мәңгі жасайды. Өйткені ол бүгінде өнерімен әлемді таңқалдырған С.Айтбаев, Ш.Сариев, М.Қисаметдинов сияқты жалт еткен жарық жұлдыздардың бірі екені дәлелдеп кетті. Оған куә халқы ризашылықпен тамашалайтын артында қалған мәнді туындылары мен әке аманатын болашаққа жеткізетін қос қанаты-Еңлік пен Лағыл.
Оған дәлел 2007жылы Алматыда Мұратбек Жоламанның «Құлагер тағдыр» атты өткізілген жеке көрмесі мен халқының дарынды шебердің картиналарын ризашылықпен тамашалуы.
Көрерменді бей-жай қалдырмайтын Мұратбектің картиналары әлемдік каталогке енуге лайық туындылар. Ендеше араға уақыт салып болса да, әлем оны іздейтініне сенімдіміз.

Көрменің мақсаты:
Қазақтың бейнелеу өнерінде жалт еткен жарық жұлдыздай жарқыраған жерлес суретші, дарынды қылқалам шебері Жоламан Мұратбек Тауфиқұлын ардақтап еске алу.

Көрменің тартымдылығы:
Суретшінің өлмес мұралары –картиналарының мазмұнын жас ұрпаққа таныстыру, музей қорындағы суретші туындыларын көпшілік назарына ұсыну.

Көрменің ғылыми маңыздылығы:
Қылқалам шеберінің туындыларын қалың көпшілікке таныстыру арқылы суретші бойындағы еліне, халқына деген терең махаббат сезімін ұғындыру. Әрбір жанның бойында осындай асыл патриот сезімін қалыптастыруға септігімізді тигізу.

Экспозициялық шешім:
Көрме ұйымдастыру үшін «Көрме залы» таңдалып отыр
Көрмеге музей қорындағы жергілікті суретші Мұратбек Жоламан Тауфиқұлының қорда сақталған картиналары, фотолары, баспа материалдары, өзі тұтынған жеке заттары,ол туралы шыққан кітаптар, газет материалдары қойылады.
Көрмеге қойылатын жәдігерлер сипаттамасы:
Картиналар-
Фотосуреттер-
Каталог-1
Басылым материалдары-2
Бүктемелер-
Афиша-плакат-2

Сәуір, 2010 ж

«Өшпесін мәңгі өзіңнің
Өнерде жаққан шырағың ...»
-атты Қазақстан Республикасының Жас суретшілер бірлестігінің мүшесі, дарынды суретші, қылқалам шебері Жоламан Мұратбек Тауфиқұлын еске алу құрметіне арналған көрменің тақырыптық экспозициялық жоспары.

Тақырып пен бөлімдер

Материалдар жиынтығы

Ескертулер

1

Фотосуреттер

М.Жоламан
Отбасымен
Студенттік кезден

 

2

картиналар

«Еділ мен Жайық» 1999-2000-ж.ж. кенеп, майлы бояу
Күлтегін мен Білге туралы жыр» 1999-ж. кенеп, майлы бояу
«Рухты шақыру» (Дешті қыпшақ)1999-ж кенеп, майлы бояу
«Қазанат» 2000-ж кенеп, майлы бояу
«Хан көтеру» 1999-ж кенеп, майлы бояу
«Сарын» 2000-ж кенеп, майлы бояу
«Кездесу» 2000-ж кенеп, майлы бояу «Жекпе-жек» 1998-ж кенеп, майлы бояу
«Сарын» 1999-ж кенеп, майы бояу
«Құлагер» 1999-ж кенеп, майлы бояу
«Атилланың елесі» 1998-ж кенеп, майлы бояу
«Жаман ырым» немесе
«Қағанаттың құлауы» 1998-ж кенеп, майлы бояу

 

3

Каталог

М.Жоламан. «Құлагер тағдыр»

 

4

Жеке заттары

Көзәйнек
Қылқаламдары
Блокнот
Сағат

5

Плакат

«Құлагер тағдыр»

6

Көрермен пікірлері

Қолжазба

 

Пайдаланылған әдебиеттер: М.Жоламан. «Құлагер тағдыр», 2007ж, Алматы Мақала:«Мен суретті өлмеу үшін саламын»,Б.Жасқалиева, «Егемен Қазақстан»,2004ж,7тамыз. Мақала: «Жайық үні»,1999ж,№21

Г.Мұханбетова Экспозиция бөлімінің меңгерушісі

Регистрация

Жемчужины фонда