Get Adobe Flash player
Slide item 1
Slide item 2
Slide item 3
Slide item 4
Slide item 5
Slide item 6

Главное меню

Добро пожаловать!
Структура музея
Виртуальный тур
Экспозиция
Шедевры, коллекции
Научная деятельность
Законодательство
Госзакупки
Новости
Массовые мероприятия
Западно-Казахстанском областном историко-краеведческом музее открытие зала «Елбасы және Тәуелсіздік» Казахский государственный академический оркестр народных инструментов имени Курмангазы в Приуралье «Дін және дәстүр» «Я памятник воздвиг себе нерукотворный» «Әсем табиғатты қорғау – әркімнің міндеті» «Живем, пока помним!» «День открытых дверей» и акция «Ночь в музее» Ерлік пен Жеңіс Чтобы музы не молчали Отқа оранған жастық Невестка Б.Момышулы в Приуралье Абайдың табиғат лирикасы Әлем бірлігіндегі Қазақстан «Біз біргеміз – берік іргеміз!» Ақ Жайық – достық мекені Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі Сыр еседі сыңғырынан сырғаның Жауқазын Ерлікке толы Ұлы жол Әсем қоңыр «Масленица» «Хандық билік және қазақ елі» «Қысқа ғұмыр, биік белес» «Жалынды ақын, жаужүрек батыр» "Ақжайық-достық мекені" «ЭКСПО-2017 – елдің ерен жеңісі» Открытие мультимедийного комплекса «Сакентану» Батыс Қазақстан облысының мамонт фаунасы «Ғұлама ғалым, парасатты азамат» «Керей қайда барасың?» «Поэзия әлемінің ұлы Қадыры» Поэзия Пайғамбары «Ұрпаққа мұра болар сыйлар» «Кенеп бетіндегі Тәуелсіздік жетістіктері» «Тәуелсіздік шежіресі» «Арманы үлкен – азат ел» «Биік белестер» «Тәуелсіз Қазақстанның гүлденуі» «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» «Елін сүйген, елі сүйген елбасы» «Елбасы – ел тірегі» «Біздің Елбасы» «Ұлт көшбасшысы» «Ақордада көк байрағын нық ұстап, елбасымыз алаш арын арлаған» «Ұлтын сүйген ұлы жүрек» «Қазақстан-2050» - Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол» «Елін сүйген,елі сүйген – Елбасы» «Ақпәтер ауыл тарихы» Тұлға. Зерттеуші. Азамат. Ұлттық валюта – тәуелсіздік негізі Пайдалы қазбалар Шеңберден тыс дүние Тастөбе ерліктің ескерткіші Өнер әлеміндегі тұғырлы тұлға Бабалар бейнесі Ізгіліктің нұрын сепкен Күмбірлеген күй сыры Тіл тағдыры-ел тағдыры «Динозаврлар әлеміне саяхат» «Редкие растения Миргородского ландшафтного заповедника» «SOS - сайгак» Қазақ болмысы жәдігер бойында «Өрелі өмір – әркімге өнеге» «Тәуелсіздік туын көтергендер» «Қайдасыңдар, жалындаған жастарым?» «Жайықтан шыққан ән бұлбұлы» «Мың тұяқтың дүбірі,бір Тұяқтың саусағы» «Көп жасаған қария, ақылы теңіз дария!» «Зерделі сөздің зергері» «Тіл – татулық тірегі» «Діни экстремизм және терроризм» «Алтын ханшайым» «Өнегесі мол өрелі жан» «Күй әуен – сазбен өрілген жыр шежіре» «Ұлы Абайға тағзым» «Орнатылған ескерткіш белгі міне, Есіміңе қанықты ел бүгінде» «Спортты серік еткендер» «Тәуелсіздік нышаны» «Жабайы аңдар – жаралы табиғат» «Әсем қалам – Астанам» «Астана – Отанымыздың жүрегі, Тәуелсіздігіміздің тірегі!» «Астана – махаббатым менің» «Тайна керамическихкувшинов» «Елі ардақ тұтқан ұстаз» «Дін және жастар» «Менің туым, менің елтаңбам, менің Әнұраным» Облыстың ерекше қорғалатын табиғи территориялары «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш» «Ел айбынын асқақтатқан рәміздер» «Геральдика тарихы және Отанымыздың рәміздері». «Аға ұрпақтың сыннан өткен сардарлары» «Мұрағаттар сыр шертеді» В областном музее состоялась акция «Ночь в музее» «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран» «Отырарда ойлылардың ізі қалған» «Ғасырлар таңбасы-Капустин Яр» «Өнерің сенің жалғасын табар бүгінде» Еңбегімен елге танылған тұлға «Крылатые друзья» «Табиғат жанашырлары» «Өмірде ізгі із қалдырған» «Бекіре тұқымдастарын болашаққа сақтайық» Әз-Наурыз Ряд мероприятий прошли в стенах Областного музея, в канун праздника Наурыз «Наурыз келсе, құт келгені, ағайын!» «Ұлыстың ұлы күні, жыл басы - Наурыз» Жайықтың самал лебі «Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі» «Әлемнің құдірет күші - аналар» «Қазақстанның биологиялық ресурстары, оларды қорғау және тиімді пайдалану мәселелері» «Ардақты, асыл жандар» «Царство насекомых» «Қыр кенебіндегі тамшылар» «Веселая масленница» «Уходили парни из Афгана...» «Ауғанда от кешкендер» «Афганистан болит в моей душе: 25 лет спустя» «Ауғанстан – жүректегі жара» В областном музее состоялось очередное заседание актива «Ауған ақиқаты» «Ауғанстан естеліктері» «Жанымды жаралаған Ауғаныстан» «Дін мұраты ынтымақ пен бірлік» Состоялось торжественное открытие проекта «Мирас» «Қадыр – балалар әдебиетінің атасы» «Күй анасын құрметтейік» «Діни сауатсыздық – діни экстремизмнің бастауы» Музейный урок «Жабайы аңдар» «Батыс Қазақстан облысының мамонт фаунасы»
Выставки
«Алтын ханшайым» «Жанымды жаралаған Ауғаныстан» «Музеи-сокровище народа» «Звон старинного серебра» «Өнеге өрнектері» «Күй-дария» «Халық өнері - асыл қазына» «Әнші әлемі» «Оралым менің, Оралым» «Азаттық аңсаған азамат» «Ақын тілі – арман тілі» «Сағындым сені, Оралым!» «Түркі жазба мәдениетінің тарихынан» «Кел, балалар,оқылық!» «Білімнің қара шаңырағы» «Қылқалам-өмір» «Өнердің қайталанбас өр тұлғасы» Материал 7 «ХІХ-ХХғғ ас -үй бұйымдары» «Тарихи сабақтастық» Тарих – ақша баламасында «Ауған ақиқаты» «Қазақтың тұңғыш заңгері» «Тұғыры биік тұлға» «Жауһар жәдігерлер» Мы победу приближали как могли Презентация выставки Выставка Муратбека Жоламана Муратбек Жоламан «Жазықсыз жапа шеккендер...» «Тарих.Тағылым. Тағзым» «Уақыт қозғалысы- сағаттарда» «Өшпесін мәңгі өзіңнің Өнерде жаққан шырағың... » «Астана-Елбасының ерлігі» «Жүрегімнің түбіне терең бойла... » «Болу үшін жаралғам туған жердің жырауы... » «Мен қазақпын...» « Әнші Әлемі» «Тарихи Орал»
Музейное событие
Вопрос - Ответ
Гостевая книга

Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың туғанына 165 жыл толуына арналған «Жүрегімнің түбіне терең бойла... » атты

көрменің ғылыми концепциясы

Тақырыптың негіздемесі

«Жүрегімнің түбіне терең бойла,

Мен бір жүмбақ адаммын оны да ойла.

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім.

Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма....» -

деп, мұң мен налаға толы осы жолдарды келер ұрпақ, алдағы замандарға сәлем хаттай жолдаған ұлы ақын Абай Құнанбаевтың туғанына биыл 165 жыл.

Қазақтың ұлы ақыны, композитор, философ, ағартушы, қазақтың реалистік жаңа жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаев 1845 жылы Семей облысы, қазіргі Абай ауданы, Шыңғыс тауында дүниеге келген. Шыңғыстау аспанмен таласқан заңғар шыңдары бар асқар тау болмаса да, тарихи бай, шежіреге толы, киелі де қасиетті мекен.

І-витрина: Әр халықтың тарихында ерекше қадірлі, киелі жерлер бар. Ол-ел өмірінің ұлы белестерін айғақтайтын, халықтың ұлы перзенттерін дүниеге келтіріп,олардың ерлігі мен ғажайып талантының ашылуына куә болған мекендер. Орыстар үшін Ясная Поляна, италяндықтар үшін Флоренция қандай ыстық болса, қазақтар үшін Шыңғыстау жері соншама киелі де қасиетті. Өйткені бұл жерде халқымыздың үш бірдей кемеңгер суреткері дүниеге келіп, өздерінің өлмес жырларын толғаған. Олар: Абай, Шәкәрім, Мұхтар Әуезов. Ертістің суы мен Шыңғыстың топырағы олардың бойына да шапағат нұрын құйып, қиялына қанат бітіріп, көкірек көздерін ашыпты. Олар өткен соқтықпалы, соқпақсыз жерде қалған іздері әлі де осы Шыңғыс жерлерінде, Қарауыл өзеннің бойында, көне Семейдің көшелерінде сайрап жатыр. Міне, осындай қасиетті жерде тобықты елін билеген беделді отбасында Абай дүниеге келген.

Абайдың әкесі Құнанбай ХІХ ғасырда қазақ арасынан шыққан әйгілі қайраткер, ел билеушісі болса, оның әкесі Өскенбай Ырғызбайұлы Тобықты елін билеген беделді адам болыпты. Өскенбайдан бастаған билікті оның ұрпағы 150жыл бойына, кеңес өкіметі келгенге дейін қолдарынан шығармаған. Құнанбай әуелі шағын ауылды басқарды, кейін болыс билеушісі болып сайланып, Тобықты елін билеген. Келе-келе Қарқаралы қаласының аға сұлтаны дәрежесіне дейін көтеріледі. Құнанбайдың 4-әйелі болған. Бәйбішесі Әйбөбектен Құдайберді, 2-ші әйелі Ұлжаннан-Абай, Ысқақ, Оспан; Айғыз деген әйелінен Халиолла, Смағұл, Кәмшат дүниеге келген. Төртінші әйелі Нұрғанымнан ұрпақ жоқ.

1846жылы патша үкіметі қазақ даласындағы мал-жан санағы, жер-су, өзен-өлкені картаға түсіру, Ұлы жүз қазақтарын Ресей өкіметіне бодандыққа алу сияқты түбегейлі мүдделерін іске асыру үшін арнайы экспедиция ұйымдастырады. Оның құрамына генерал Вишневский, Ивашкевич сияқты Батыс Сібір әскери-губернаторлығы кеңесінің шенді адамдарымен бірге жасы 40-тан енді ғана асқан ел әкімі Құнанбай да енгізіледі. Олармен бірге жүрген бірнеше ай ішінде экспедиция мүшелері Құнанбайдың іскерлігі мен кісілігіне қатты риза болған. Құнанбайды көзімен көрген поляк Янушкевич өз күнделіктерінде: «Құнанбай би Барақ сұлтаннан бір-екі жас үлкен. Бұл да дала өңіріне аты кең жайылған адам. Табиғат оған кесек ақыл, ғажайып ес және жүйрік тіл берген.. Іскер, халқының қамын ойлайды, дала заңдары мен Құран қағидаларының жетік білгірі. Елінің ежелгі жол-жобасына, әлқұранда жазылған шариғат жолына аса жүйрік, Ресей өкіметінің қырғыздар жөніндегі ережелеріне өте жетік, қара қылды қақ жарған әділ, адал азамат және өнегелі мұсылман. Құнанбай-халқының қамқоры. Жұрт пайғамбардай көреді. Сондықтан одан ақыл-кеңес алуға тіпті бір қиырдағы ауылдардан жас пен кәрі, бай мен кедей ағылып келіп жатады. Тобықты деген мықты рудың қалауымен ол болыстық қызметке сайланып қойылған. Елден ерен білгіштігінің арқасында бұл қызметті тамаша жақсы атқарады. Оның айтқаны екі болмайды. Қабағын қақса, іс орнынан келіп жатады. Жасынан ол сұлу жігіт екен, қазір шешектің дағынан беті шұбар боп қалған. Ол көсіліп сөйлеп кеткенде, тыңдаған халайық оның сиқы қашып, реңі тайған жүзін мүлдем ұмытады, ал өзге байлар Құнанбайдың кебісін кигізуге де жарамайды»-деп жазған. Бұл Құнанбай жайында жазылған алғашқы жазба дерек.

Құнанбай ізгі істерімен артында өлмейтін атақ қалдырған, мұңды-шерлі, жоқ-жітіктердің қамқоршысы болған, ақылды, адал, жомарт, әділ адам болған. Құнанбайдың қоғамдық қызметіндегі игілік қызметінің бірі-оның оқу-ағарту ісіне ерекше мән берген.Ол өзі дінді мықтап ұстанып қана қоймай, қара танудың, сауат ашудың ескіше емес, орысша оқудың заман ағымына өте қажетті екенін ұғынып, өз ауылынан қазақ балаларына тіл үйретіп, білім беретін училище ашпақ болып, 1845ж шекара басқармасына қазақша-орысша сөйлей алатын, жаза білетін мұғалімін жіберуді сұрап хат жолдаған. Бұдан кейін Құнанбай «Ескі там» деген жерде мектеп ашып, балаларды оқытуға мүмкіндік жасайды. Содан соң Құнанбай 1849ж Қарқаралыда мешіт, 1874-1875жж қажылық жолмен Меккеге барып, онда мұсылман елінен барған адамдар түсетін үй Тәкие салғызған. 1900 жылы Қазан қаласының баспасынан «Қажы Өндірбай қалпе» деген жыр үлгісімен жазылған кітабында Құнанбайдың Меккеге сапарына қатысты жолдар бар. Әкесінің бұл сапары туралы Абайдың: «Меккеде уақыт үй салып,

Пәтер қып, жаққан шырақты

Бір құдайдың жолына,

Малды аямай бұлапты»-деген жолдарын да оқимыз.

1850 жылы Қарқаралы қаласында мешіт салынып бітеді. Оның құрылысы үшін халықтан қаржы жиналған. Құнанбай құрылысты салуды өз қолына алып, тыңғылықты аяқтағаннан кейін мешіт халық арасында «Құнанбай мешіті» деп аталып кеткен. Кейінірек мешіт жанынан медресе, шәкірттер үшін жатақ, молдалар үйі бой көтерген. Құнанбай мешіті Қарқаралы округіндегі ислам дінін уағыздауға, балалардың қара танып, сауат ашуына көп қызмет еткен. Мешітке Абай да барып тұрған.

ІІ-витрина: Жылда, көктемнен күзге дейін Құнанбай ауылы Шыңғыс тауының Семейге қараған бетінде орналасқан Қасқабұлақ бұлағының басын жайлаған көрінеді. 1845жылы тамыздың 10-күні қазақтың ұлы ақыны Абай осы Қасқабұлақ мекенінде дүниеге келген. Әжесі Зере, анасы Ұлжан жас нәрестені тербете отырып, бесік жырын айтқан жер де осы. Абайдың шын аты Ибрагим. Абай деп шешесі атандырған. Абай әуелі молдадан сауат ашады, 10 жасқа толған соң Семей қаласындағы Ахмет Риза медресесінде оқиды. Медреседе жүргізілетін дін сабағын оңай меңгеріп, көп кітап оқып, өз бетінше ізденеді. Болашақ ақын сабырлы мінезімен, кең пейілімен ел анасы атанған кәрі әжесі Зеренің таусылмайтын мол қазынадай аңыз-ертегілерін естіп өседі. 13 жасында Абай ел ісіне араласқан. Сөйтіп, жастайынан ел бастауға араласқан Абай қазақтың білгірлері, шешендері, ақындары, жыршыларымен жиі кездесіп, өз халқының рухани мәдениетінен ерте сусындайды. Өзі де билер секілді шешен сөйлеуге үйренеді.. Абай-алыс сапарға шықпаған адам. Ең ұзағанда Қарқаралы, Аякөз, Семей барып, барша ғұмыры Шыңғыстауда өтті. Бірақ дүниені оймен шарлап, әлемдегі жаңалықтарды жетік біліп, арғы-бергі дәуірлерде өмір сүрген ойшылдар еңбегін оқу үшін орыс, парсы, шағатай тілін игерген. Оның мұхиттай терең білімі, М.Әуезов айтқандай, үш арнадан нәр алыпты. Олар: халықтың бай ауыз әдебиеті мен тарихы; Шығыс өнері мен мәдениеті; Батыс әдебиеті мен ғылымы; Осының алғашқы екеуін жасынан бойына сіңірген ақынның тасқындаған ақылы жаңа өріс іздегенде, оған білместігін ашып, батыс ақыл ойының кенішін көрсеткен жер-Семей қаласы. Шыңғыстаудан шыққан қара жол ұлы ақынды бұл қалаға он бір жасынан бастап қартайғанға дейін талай рет бастап әкелді. Соның көбінде ой қуып, өнер іздесе, толысып, кемеліне келгенде патша әкімдерінің алдында панасыз елінің сөзін ұстап, халықының намысын қорғауға келіп жүрген. Семей Абай заманында 12 мешіті, медреселері, кітапханасы, өлкетану мұражайы бар Орта Азияға қатынайтын үлкен керуен жолының бойындағы қала болатын.

Осы жол бойында Құндызды деген мекенде Абайдың досы, белгілі ақын Көкбай медресе құрып, ұстаздық еткен. Ұлы ақын өзінің алғашқы жырларын Көкбайдың атынан жариялайды. Сырлас, мұңдас досымен ақтық демі таусылғанша дос көңілдері ажырамай өткен.

Абайдың ұлдары Әбдірахман мен Мағауия орысша оқыған. Абай өз балаларынан өзге ұлттың тілін үйреніп, салтын құрметтеуді талап етіп отырған. Әбдірахман өте зерек, ақылды жас болып өскен. Ол Абайдың сүйікті ұлы болатын. Петербор қаласында оқыған. Білімге құштар жас өзінің науқасының ауыр екенін сезіп, Петербордағы оқуын тастап кетіп, Кавказда, Кырымда, Сібірде болып, өзге жерлерді аралап, әр түрлі ұлт өмірлерімен танысқан. Көп нәрсені зерделеген Әбдірахман дүниеден ерте, 27 жасында озған.Әбдірахманның қазасы Абайға үлкен соққы болып тиген.

ІІІ-витрина:

(Тоғжан. А.Дүзелхановтың «Абай жолы» романы бойынша жасаған иллюстрациясы.)

Түйеөркеш. Асыл Тоғжанның туып -өскен жері. Абай екеуі осында жолыққан. Ұлы ақын:

Жарқ етпес қара көңілім не қылса да,

Аспанда ай менен күн шағылса да.

Дүниеде, сірә, сендей маған жар жоқ,

Саған жар менен артық табылса да...-деген жолдарын Тоғжанға арнаған.

Қарауыл өзенінің құяр сағасындағы Жидебай қорығы-Абайдың мәңгілікке дамыл тапқан жері. 1904жылы 23 маусымда жайлаудағы Балашақпақта қайтыс болған ақынды Жидебайдағы қыстауының жанына, Оспан зиратына әкеліп жерлеген. Дәм-тұзы таусылып, демі үзілген Балашақпақта бір кезде Абай «Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?», «Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман» деген күрсініске толы жырларын жазған. Ол өз тағдырын көре білгендей:

Сарыарқаның самалы-ай

Самалдап өскен дүние-ай!

Қорлықпен кешкен өмір-ай,

Өтті деген осы ма-ай?-деп көз жұмған. Осы зираттың ішінде Абай балалары Әбдірахман мен Мағауия жатыр. Жидебай бұл күнде қазақ елінің Қағбасы тәрізді. Ұлы ақынның басына зиярат етіп қайтушылар тасқыны ешқашен толастаған емес. Олар Абай қыстауындағы мұражайды аралап , ақын қолымен ұстаған заттарды көреді.

Ал Абайдың әкесі, аға сұлтан Құнанбай қажы мен оның ұрпақтары Ақшоқы деген жерде жерленген. Онымен іргелес Мұхтардың атасы Әуез қабірі де бар.

Ақшоқы-Абай жырының бесігі, ақындық қуатының барынша толысып, шарықтап, шалқыған жері. Абайдың ондаған әні мен жыры осы Ақшоқыда туды. Қазір онда Ақшоқы деп аталатын шағын ауыл бар.

ІҮ-витрина:

Мұхтар Әуезов академик-жазушы, қазақ әдебиет тану ғылымында абайтану деген үлкен саланың негізін қалаушы ғалым. Ол Бөрлі тауындағы мөлдір сулы Тұма көлінің жағасындағы киіз үйде 1897жылы қыркүйектің 28-де туған. Ерекше қуанған Әуез немересінің дүниеге келгенін хабарлап, ең алдымен Абай ауылынан сүйінші сұрапты. Өмірі іргесі бөлінбеген екі ауыл бұл қуанышты бірігіп тойлапты.

Кейін «Абай жолы» эпопеясын жазар кезде зерек жас атасы Әуез, әжесі Дінасылдан естіген, бала кезден санасына сіңірген көп оқиғаларды арқау еткен. Әуез қарт тіршілікте көңілі ажырамаған Құнанбаймен өлген соң да бірге жатуды өсиет етіп, қажының жанына жерленіпті.

1890 жыл мен 1898 жыл арасында Абайдың толық жинағында жарық көрген шығармалары «Абайдың қарасөздері» деп аталады. Абайдың әрбір қара сөзі жастарға үлкен тәрбие беріп, тағылым алуға үйретеді.

Мәселен, жиырма бірінші сөзінде Абай қазақ халқына және барша адам баласына тән мінездің бірі «Мақтан» мәселесін сөз қылады. Адамдарға тән «Мақтан» мәселесіне түсінік беріп, оның екі түрін айтады. Бірі ақылдылардың іштей түшкірінуі есепті ақылдыларға тән зиянсыз мақтан, екіншісі надандықтың туындысы-мақтаншақтық мінез. Абай жетесіздерге тән соңғы жат мінезден сақтандырады.

Жиырма үшінші сөзінде «Бізді қазақты-дейді Абай –оңдырмай жүрген бір қуаныш, бір жұбаныш бар. Оның қуанышы елде бір жаманды тауып , я бір адамның бұл өзі қылмаған жаманшылығы шықса қуанады... Енді жұбаныш, жалғыз біз бе, елдің бәрі сүйтіп жүр ғой, көппен көрген ұлы той, көппен бірге болсақ болады-»деген сөзді жұбаныш қылады.

Отыз үшінші сөзінде Абай қазақтың қолы өнерлі адамын әулие санайды. Мал-бір жұттық, ал өнер-мәңгілік. Бірақ құдайдың берген аз-мұз өнерлі жандарының өзінде де қазақтың кеселдері болады. Оларды Абай санап берген:

1.Талапсыздық. Қолынан келгенге мәз, ал құдайдың берген қасиетін әрмен қарай жетілдіруге, ұштауға қыры жоқ. Осы білгеніміз де жетер деп, соған мақтанып, алыстан өнер іздеп, менен де артық бар-ау, солардан үйренсем деген ой жоқ.

2.Еріншектік.Қолына бірер қара бітсе, тоқмейілсініп, байлыққа бөккен кісімісіп, бойкүйездікке салыну. Мұндай адам бойындағы қасиетті жоғалтып, жадағай болып қалады.

3.Тамыршылдық. Сәл нәрсеге алданып, «жоғары шыққа» мәз болып, тамырым, досым десе ішкен асын жерге қойып, соның ісімен жүріп, өзінің алданғанын білмей, далбасамен өмір өткізу. Осылай жүріп біреуге борышты болып, басы дауға қалып жүргені, сірә,мұндайлар тамыршылдау адамгершілігін әрі іскерлік деп түсінетін болуы керек.

Сөйтіп Абайдың қара сөздерінде күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар екені аталған. Содан қашпақ керек: әуелі—надандық, екінші— еріншектік, үшінші — залымдық деп айтылған. Надандық — білім-ғылымның жоқтығы, дүниеден еш нәрсені оларсыз біліп болмайды. Білімсіздік хайуандық болады.

Еріншектік — күллі дүниедегі өнердің дүшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, үятсыздық, кедейлік — бәрі осыдан шығады.

(Абайдың қара сөздеріндегі жат қылықтардың көбі қазіргі адамдардың бойынан да табылатыны жасырын емес. Демек,Абайдың қара сөздерін көбірек оқып, жаман әдеттерден арылуымыз керек.) Біз Абайды ұлттық жазба әдебиетіміздің атасы деп танысақ, абайтануды жете білу көкірегінде көзі бар қазақтың міндеті екендігі даусыз.Сондықтан Абай әлемін тереңірек түсінгіңіз келсе, «Абай жолын» оқу керек.

Асыл сөзді іздесең, Абайды оқу керек! Өйткені Абай жолы — халық жолы. Абай қашанда келешектің өлмес, өшпес шұғыласы, күн шуағы болып қала береді.

Көрменің мақсаты. Қазақ халқының ұлы перзенті, қазақтың жазба әдебиетінің негізін салушы Абай Құнанбаевтың өскен ортасымен таныстырып, өмір жолынан мәлімет беру.

Көрменің тартымдылығы: Ұлы Абай қалдырған асыл мұрасымен таныстыру; Абай өлеңдерін, әндерін, қара сөздерін тек оқып, жаттап қана қоймай әр сөзіне, әр жолына мән беріп, терең түсініп оқуға тәрбиелеу.

Көрменің ғылыми маңыздылығы: Абай әлемінен бүгінгі жастарға түсінік беру. Ұлы ақынның әр өлең жолдарынан көрініс табатын ар, намыс, имандылық, барлық жақсылық атаулыға ұмтылу сияқты ұлағатты ұғымдар адамның асыл қасиеттері, өмірінің темірқазығы болу қажеттігін түсіндіру.

Экспозициялық шешім:

Музейдің «Өнер» залында жабдықтау.

4-витринадан тұрады.

Көрмеге қойылатын экспонаттар сипаттамасы:

Витриналарда:

1-витринада:

4. Фото- көшірме. .Құнанбай қажы тоқалы Нұрғаныммен

5. Фото- көшірме. Құнанбай қажының тақиясы, таспиығы.

2-витрина:

. 1Фото-көшірме. Ескі Семей көрінісі

2. Фото- көшірме. Абай жеріндегі сауда керуені

3. Фото- көшірме. Абай заманының көзі-ағаштан салынған бір мұнаралы мешіт.

4.Фото- көшірме. Абай (Ибрагим)Құнанбаев.

5.Фото- көшірме. Абайдың отбасы

6. Фото- көшірме. Әбдірахман-Абайдың сүйікті ұлы

5. Фото- көшірме. Абай ұлдары Ақылбек және Тұрағұлмен

3-витрина:

1. А.Дүзелханов. Тоғжан.(иллюстративті сурет)

2. Фото- көшірме. Көкбай-Абайдың досы әрі шәкірті

3.Фото- көшірме. Абайдың қыстауы-Ақшоқы.

4. Фото- көшірме. Абайдың бейіті

5.Құнанбай бейіті

6.Бағдарлама,1945ж

4-витрина:

1 Фото- көшірме. М.Әуезов. Абай шығармаларын тұңғыш зерттеуші ғалым.Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.«Абай жолы» романының авторы.

2. «Абай жолы» кітабы.

Ашылу мерзімі: 2010 ж тамыз

Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың туғанына 165жыл толуына арналған «Жүрегімнің түбіне терең бойла...»көрмесінің

тақырыптық экспозициялық жоспары

(Батыс Қазақстан облыстық тарихи -өлкетану музейі қорындағы жәдігерлер негізінде).

 

Тақырып пен бөлімдер Материалдар жиынтығы Ескертулер
1 Фотосуреттер-көшірмелер 1.Абай заманының көзі-ағаштан салынған бір мұнаралы мешіт.
2.Ескі Семей көрінісі
3.Абай жеріндегі сауда керуені
4.Абай (Ибрагим)Құнанбаев
5.Абайдың қыстауы-Ақшоқы.
6.Абайдың отбасы
7.Абайдың бейіті
8.Құнанбай
9.Құнанбай қажы тоқалы Нұрғаныммен
10.Әбдірахман-Абайдың сүйікті ұлы
11.Көкбай-Абайдың шәкірті
12-13.Құнанбай қажының бас киімі, таспиығы.
14. «Абай» романынының қолжазбасы.
15.Абай ұлдары Ақылбек және Тұрағұлмен
16.М.Әуезов.
Абай шығармаларын тұңғыш зерттеуші ғалым.Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.
«Абай жолы» романының авторы.
17.Абай музейі.
18.Тоғжан.

2 кітаптар «Абай жолы» М.Әуезов.-2

Барлығы 20

 

З.Хангереева, экспозиция бөлімінің
кіші ғылыми қызметкері.

Регистрация

Жемчужины фонда