Get Adobe Flash player
Slide item 1
Slide item 2
Slide item 3
Slide item 4
Slide item 5
Slide item 6

Главное меню

Добро пожаловать!
Структура музея
Виртуальный тур
Экспозиция
Шедевры, коллекции
Научная деятельность
Законодательство
Госзакупки
Новости
Массовые мероприятия
Западно-Казахстанском областном историко-краеведческом музее открытие зала «Елбасы және Тәуелсіздік» Казахский государственный академический оркестр народных инструментов имени Курмангазы в Приуралье «Дін және дәстүр» «Я памятник воздвиг себе нерукотворный» «Әсем табиғатты қорғау – әркімнің міндеті» «Живем, пока помним!» «День открытых дверей» и акция «Ночь в музее» Ерлік пен Жеңіс Чтобы музы не молчали Отқа оранған жастық Невестка Б.Момышулы в Приуралье Абайдың табиғат лирикасы Әлем бірлігіндегі Қазақстан «Біз біргеміз – берік іргеміз!» Ақ Жайық – достық мекені Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі Сыр еседі сыңғырынан сырғаның Жауқазын Ерлікке толы Ұлы жол Әсем қоңыр «Масленица» «Хандық билік және қазақ елі» «Қысқа ғұмыр, биік белес» «Жалынды ақын, жаужүрек батыр» "Ақжайық-достық мекені" «ЭКСПО-2017 – елдің ерен жеңісі» Открытие мультимедийного комплекса «Сакентану» Батыс Қазақстан облысының мамонт фаунасы «Ғұлама ғалым, парасатты азамат» «Керей қайда барасың?» «Поэзия әлемінің ұлы Қадыры» Поэзия Пайғамбары «Ұрпаққа мұра болар сыйлар» «Кенеп бетіндегі Тәуелсіздік жетістіктері» «Тәуелсіздік шежіресі» «Арманы үлкен – азат ел» «Биік белестер» «Тәуелсіз Қазақстанның гүлденуі» «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» «Елін сүйген, елі сүйген елбасы» «Елбасы – ел тірегі» «Біздің Елбасы» «Ұлт көшбасшысы» «Ақордада көк байрағын нық ұстап, елбасымыз алаш арын арлаған» «Ұлтын сүйген ұлы жүрек» «Қазақстан-2050» - Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол» «Елін сүйген,елі сүйген – Елбасы» «Ақпәтер ауыл тарихы» Тұлға. Зерттеуші. Азамат. Ұлттық валюта – тәуелсіздік негізі Пайдалы қазбалар Шеңберден тыс дүние Тастөбе ерліктің ескерткіші Өнер әлеміндегі тұғырлы тұлға Бабалар бейнесі Ізгіліктің нұрын сепкен Күмбірлеген күй сыры Тіл тағдыры-ел тағдыры «Динозаврлар әлеміне саяхат» «Редкие растения Миргородского ландшафтного заповедника» «SOS - сайгак» Қазақ болмысы жәдігер бойында «Өрелі өмір – әркімге өнеге» «Тәуелсіздік туын көтергендер» «Қайдасыңдар, жалындаған жастарым?» «Жайықтан шыққан ән бұлбұлы» «Мың тұяқтың дүбірі,бір Тұяқтың саусағы» «Көп жасаған қария, ақылы теңіз дария!» «Зерделі сөздің зергері» «Тіл – татулық тірегі» «Діни экстремизм және терроризм» «Алтын ханшайым» «Өнегесі мол өрелі жан» «Күй әуен – сазбен өрілген жыр шежіре» «Ұлы Абайға тағзым» «Орнатылған ескерткіш белгі міне, Есіміңе қанықты ел бүгінде» «Спортты серік еткендер» «Тәуелсіздік нышаны» «Жабайы аңдар – жаралы табиғат» «Әсем қалам – Астанам» «Астана – Отанымыздың жүрегі, Тәуелсіздігіміздің тірегі!» «Астана – махаббатым менің» «Тайна керамическихкувшинов» «Елі ардақ тұтқан ұстаз» «Дін және жастар» «Менің туым, менің елтаңбам, менің Әнұраным» Облыстың ерекше қорғалатын табиғи территориялары «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш» «Ел айбынын асқақтатқан рәміздер» «Геральдика тарихы және Отанымыздың рәміздері». «Аға ұрпақтың сыннан өткен сардарлары» «Мұрағаттар сыр шертеді» В областном музее состоялась акция «Ночь в музее» «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран» «Отырарда ойлылардың ізі қалған» «Ғасырлар таңбасы-Капустин Яр» «Өнерің сенің жалғасын табар бүгінде» Еңбегімен елге танылған тұлға «Крылатые друзья» «Табиғат жанашырлары» «Өмірде ізгі із қалдырған» «Бекіре тұқымдастарын болашаққа сақтайық» Әз-Наурыз Ряд мероприятий прошли в стенах Областного музея, в канун праздника Наурыз «Наурыз келсе, құт келгені, ағайын!» «Ұлыстың ұлы күні, жыл басы - Наурыз» Жайықтың самал лебі «Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі» «Әлемнің құдірет күші - аналар» «Қазақстанның биологиялық ресурстары, оларды қорғау және тиімді пайдалану мәселелері» «Ардақты, асыл жандар» «Царство насекомых» «Қыр кенебіндегі тамшылар» «Веселая масленница» «Уходили парни из Афгана...» «Ауғанда от кешкендер» «Афганистан болит в моей душе: 25 лет спустя» «Ауғанстан – жүректегі жара» В областном музее состоялось очередное заседание актива «Ауған ақиқаты» «Ауғанстан естеліктері» «Жанымды жаралаған Ауғаныстан» «Дін мұраты ынтымақ пен бірлік» Состоялось торжественное открытие проекта «Мирас» «Қадыр – балалар әдебиетінің атасы» «Күй анасын құрметтейік» «Діни сауатсыздық – діни экстремизмнің бастауы» Музейный урок «Жабайы аңдар» «Батыс Қазақстан облысының мамонт фаунасы»
Выставки
«Алтын ханшайым» «Жанымды жаралаған Ауғаныстан» «Музеи-сокровище народа» «Звон старинного серебра» «Өнеге өрнектері» «Күй-дария» «Халық өнері - асыл қазына» «Әнші әлемі» «Оралым менің, Оралым» «Азаттық аңсаған азамат» «Ақын тілі – арман тілі» «Сағындым сені, Оралым!» «Түркі жазба мәдениетінің тарихынан» «Кел, балалар,оқылық!» «Білімнің қара шаңырағы» «Қылқалам-өмір» «Өнердің қайталанбас өр тұлғасы» Материал 7 «ХІХ-ХХғғ ас -үй бұйымдары» «Тарихи сабақтастық» Тарих – ақша баламасында «Ауған ақиқаты» «Қазақтың тұңғыш заңгері» «Тұғыры биік тұлға» «Жауһар жәдігерлер» Мы победу приближали как могли Презентация выставки Выставка Муратбека Жоламана Муратбек Жоламан «Жазықсыз жапа шеккендер...» «Тарих.Тағылым. Тағзым» «Уақыт қозғалысы- сағаттарда» «Өшпесін мәңгі өзіңнің Өнерде жаққан шырағың... » «Астана-Елбасының ерлігі» «Жүрегімнің түбіне терең бойла... » «Болу үшін жаралғам туған жердің жырауы... » «Мен қазақпын...» « Әнші Әлемі» «Тарихи Орал»
Музейное событие
Вопрос - Ответ
Гостевая книга

«Болу үшін жаралғам туған жердің жырауы... »

- атты көрменің ғылыми концепциясы

(Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, Халық Жазушысы

Қадыр Мырза Әлінің 75 жасқа толған мерейтойына арналады)

Тақырыптың негіздемесі

«Болу үшін жаралғам туған жердің жырауы..»,-деп туған жеріне деген ыстық ықыласы мен махаббатын жыр жолдарымен білдірген Қадыр Мырза Әлі біздің қадірлі жерлесіміз. Қазақтың атақты классик ақыны, поэзия Пайғамбары, халық жазушысы .

Ақ Жайық өңірі қашанда ақынға да, азаматқа да ежелден кенде болмаған. Әр ақыны мен азаматының өз биігі бар. Солардың ішінде Қадыр Мырза Әлі ақындық жағынан да, азаматтық жағынан да ел тарихында биіктен көрінген, халқының сый-құрметіне бөленген қайраткер.

«Қадырды білмейтін қазақ әсте жоқ. Қадырды әлі әріп танымаған бүлдіршін бөбектен бастап, әріпті көзілдіріксіз көре алмайтын қарияға дейінгінің бәрі біледі. Өзін білмесе де сөзін біледі», -деп белгілі жазушы, мемлекеттік, қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаев тегін айтпаған. Шынында Қадыр Мырза Әлі өмір бойы қолынан жүйрік қаламы түспеген үлкен дарын, үлкен талант иесі.

Ақын өзін «Өмірбаян орнына» өлеңінде :

Бәрін тез-тез болады деп кім күткен!

Күндер өткен жұлдыз жауар түндіктен.

Мырзалының

Үміт артқан өлгенше

Үш ұлынан жалғыз еркек кіндік мен.

Жүз демеймін-

Түсінеді жөнді ұққан

Жалғыз едім мен бір ірі сомдықтан.

Жалғыз едім өспей қойған атадан,

Жоғалуға қақым жоқты сондықтан!

Өлең жаздым тоғыз тарау ,

Жеті өрім.

Сездім соның жүректерге жетерін,- десе ақын өз айналасындағы ортасы мен жанұясын

Ағайын жоқ ертелі –кеш андыздар,

Бар аздаған ойнамайтын балдыздар.

Бар аздаған жолдастарым,

Достарым,

Олар да сол мен секілді жалғыздар

Бар айтпақшы ,жарқылдаған жарым бар,

Үш балам бар,құдай берген дарын бар.

Момын да емен көне кетер қорлыққа ,

Асау да емен ала қашып арындар,-деп жырға қосады.

Қадыр Ғинаятұлы Мырзалиев 1935 жылы қаңтардың 5 жұлдызында Жымпиты ауданында дүниеге келді. Еңбек жолын аудандық комсомол комитетінде пионер және мектеп бөлімінің меңгерушісі болып бастаған жас ақын, жұмыс басты болып жүрсе де шығармашылықтан қол үзбейді. Облыстық «Екпінді құрылыс» газеті (қазіргі «Орал өңірі») алғашқы ақынның «»Бейбітшілік көктемі» атты өлеңін жариялап, Қадыр Мырзалиевтың творчестволық тұсауын кеседі.

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның Халық жазушысы Қадыр Мырзалиев 1958 жылы ҚазМУ-дың филология факультетін, аспирантурасын бітіреді. «Балдырған», «Жұлдыз» журналдарында біраз жыл өнімді еңбек етті.Ақынның алғаш өлеңі 1954 жылы «Пионер» журналына жарияланса, «Көктем» атты тұңғыш өлеңдер жинағы 1959 жылы жарық көрді.Содан бері күні бүгінге дейін елуден астам поэзиялық ,прозалық және әдеби сын кітаптары шықты.

Қадыр Мырзалиевтың көптеген өлеңдері мектеп оқулықтарына енді.Ақын өзінің әзіл,ойнақы жырларымен тентектікті, жалқаулықты әжуалап, өз оқушысын жақсы өнеге,сүйкімді қылыққа мегзейді. Оның әнге арнап жазған өлеңдерінің саны 200-ден астам. Олардың көбі халық арасына кеңінен тарап «Үндер-ай» атты жеке кітап ретінде басылып шықты.Талантты ақынның еңбектері бірнеше тілге аударылып, сонау шетелдіктер тарапынан өте жоғары бағаланды.Ақын қаламынан халық фольклорының атақты күлдіргі кейіпкері Алдар Көсе туралы «Сақал саудасы», «Қасқыр қақпан» атты сатиралық комедиясы мен Махамбет батырдың ең соңғы азапты күндері туралы «Жаралы жолбарыс» атты драмалық шығармалары туды. Әлемдік әдебиет өкілдерінің шығармаларын қазақшалады.

Ақын белгілі бір тақырыпты терең зерттеп зерделейтін жүйе жинақтарды өмірге әкелді. Олар «Ақ отау», «Бұлбұл бағы», «Ой арманы», «Дала дидары», «Домбыра», «Жерұйық», «Алақан», «Қорамсақ», «Көкпар», «Қызыл кітап», «Мәңгі майдан», «Қылыш пен қанжар», «Заман-ай», «Алмас жерде қалмас» тағы басқа жинақтар қазақ поэзиясында бұрын –соңды болып қөрмеген құбылыс ретінде қабылданды. Ақын қаламынан әдебиеттің әр жанрына қатысты шығармалар туды.

Ол лирика, поэма, драма, эссе, афоризмдер, ғибратты мөлтек әңгімелер,әдеби сын, аудармалар және балалар әдебиетіне өлшеусіз үлес қосты.

«Қазақ поэзиясында осы ғасырдың орта тұсынан өте бере келіп, соңғы отыз жылда тек қана өзіне тән өзгеше пішінін тапқан шын мәніндегі шынайы талант екеу болса - бірі, біреу болса өзі -Қадыр Мырзалиев...Қазіргі қазақ поэзиясын көп дауысты, қуатты оркестр десек, мұның құрамындағы Қадыр музыкасының қайталанбас өз үні, машығы мен мәнері бар: Қадыр лирасының сыңғыры бөлек, сыры терең» ,-деп баға береді академик Зейнолла Қабдолов

Әр дәуір өз ақынын тудырады десек, Қадыр шығармалары оның өзі өмір сүрген жылдардағы көркем тілмен жазылған шежіре десе болады. Қадыр Мырзалиевтың поэзиясы сан қырлы. Олар адал еңбек, пәк махаббат, биік адамгершілік, Отан, дәуір, халық, қазақ мінезі, елге, жерге сүйіспеншіліктен бастап, барлық жақсылық атаулыға сүйсініп, соғыс қаупінен бастап, туған табиғатқа деген немқұрайлыққа дейінгі барлық әлеуметтік келеңсіздіктерге ашынады.

Қадыр- ұлтын шексіз сүйген ақын, оның ұлтына, қазағына деген мақтан сезімін «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» деген өлеңінен көруге болады:

Қазақ осы - айтатұғын желге сыр,

О, ағайын, халық емес ол кесір.

Қазақ осы - аңғал-саңғал жабусыз,

Қазақ осы - ақыл-тегіл, көл-көсір!

Қазақ осы - дала дейтін, күн дейтін,

Қазақ осы - "өнер алды - тіл" дейтін.

Қазақ осы - қарасың ба, ақсың ба,

Қоңырсың ба, жатырқауды білмейтін!

Қазақ осы - көргенінен танбайтын,

Той-думансыз оты түзу жанбайтын.

Қазақ осы - алудай-ақ алатын,

Ал беруден алдына жан салмайтын.

Қазақ осы - ашық жарқын қабағы,

Қонақ келсе шабылып бір қалады.

Байқа да тұр, саған да ол кетерде,

Ат міңгізіп, жібек шапан жабады.

Ал ақын мына өлеңінде байтақ далада ғасырлар бойы ғұмыр кешкен бүтін бір қазақ халқының мінез-құлқын жасап, шебер жырға қосады :

Бабамыздың шоқ басқан табанымен,бірдей екен жақсысы жаманымен,

Бір жаманы –тынымсыз көше берген,бір жақсысы-қимаған даланы кең.

Бір жаманы -жел сөзге ерген екен,бір жақсысы -тілге ерік берген екен,

Бір жаманы- кетпенге орашолақ,бір жақсысы- найзагер,мерген екен.

Бір жаманы -кешігіп әліппе ашқан,бір жақсысы- күйлері көбік шашқан.

Бір жаманы –қыздарын малға сатып,бір жақсысы -сүйгенін алып қашқан...

Дүниедегі бар құбылысты адамзат санасындағы сан қырлы сезімді сөз арқылы жеткізуге болады.Сондықтан да ақын сөз құдіретінің мән –мағынасына терең бойлап, сөз құдіреті туралы ойларын былайша жеткізеді :

Сөз-шалғыным,пішенім

Сөз-сусыным,ішемін

Сөзден асқан мата жоқ,

Содан киім пішемін

Сөздің дәмін татамын,

Сөз-қызыққа батамын.

Сөзден асқан мерген жоқ

Сол мерген боп атамын.

Сөз болып қол созыңдар,

Сөз-бәйгеде озыңдар!

Сөзім жоқта –жоқпын мен,

Сөзім бар да өзім бар.

Ойы бола астыртын

Ондай сөздің бас мұртын.

Сөз өзімнің өмірім,

Сөз өзімнің паспортым немесе ол

Мен ақынмын ,

Әулие емен,

Бақсы емен.

Әрине ғой,күндерім бар көксеген.

Соның бірі-

Ел есінен шықпайтын

Жазып кету ғажайып бір жақсы өлең –деп,

өмірінің мәні өлең, сөз екендігін айтып,түйін жасайды.

Ақын бір сұхбатында:

«Поэзия мені асырады, ал мен оған не бердім, оны оқырман, келер дәуір айтар. Осындай тағдыр берген Аллаға алғыстан басқа айтарым жоқ. Көп көрдім, көп жүрдім, көп адамдармен істес болдым, көп түйдім, көп еңбектендім. Бір де бір күнім қаламсыз өткен жоқ. Достарым көп, дұшпаным азболды...»-деген.

Қадыр шығармашылығы қазақ поэзиясында ерекшеленіп, ғасырдан ғасырға тарих көшімен бірге ілесіп, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, мәңгі жасай бермек.

Ақын К.Ахметова сөзімен түйіндесек: «Қадыр Мырза Әли - ұлт ақыны.Қазақ деген тегі мықты, тарихы бай, тағдыры күрделі,түйсігі мың қатпар, қалтарысты,астарлы, тысты, алапат тілді, қабілетті қаһарман, қайсар халықтың тұңғиығына бойлап, кеңдігіне кепіл боп, бітімімен біте қайнасып, ұлылығын, рухын, ар-ұятын , үмітін барынша әспеттей отырып, кемшінің мінін, қайғысын, сорын азаматтық тұрғыда қазып айта алған, сыншыл да ойшыл ақын. Ұлы ақын.»

Көрменің мақсаты

Музей қорындағы жәдігерлер негізінде қазақтың әйгілі ақыны, аудармашы, сыншы, драматург, публицист, Жастар сыйлығының, Мемлекеттік Халықаралық және «Тарлан» сыйлығының иегері, Халық жазушысы Қадыр Мырза Әлінің өмір жолынан, ерекше дарынынан қазіргі ұрпаққа үлгі -өнеге, тағылым беру.

1. Музей қорындағы Қадыр Мырзалиев туралы жәдігерлерді жарыққа шығару.

2. Оның ішінде ақынның фотоларын, өз қолымен жазған өлеңдерін, сирек кездесетін қолжазбаларын көрермен қауымның назарына ұсыну.

Көрменің тартымдылығы:

1.Музей қорындағы Қадыр Мырзалиевке қатысты құнды жәдігерлер қойылады.

2.Қордағы бағалы мұра –деректер алғаш рет кең көлемде көрерменге таныстырылады.

Көрменің ғылыми маңыздылығы:

Батыс Қазақстан облыстық тарихи -өлкетану музейінің қорындағы Қадыр Мырзалиевқа қатысы бар жәдігерлерді қалың көпшілікке көрсету

Экспозициялық шешім:

Көрме музейдің 2- қабатында (фойеде) жабдықталады.

1 витрина Қ.Мырза Әлидің өмірбаяны,фотолары

2 витрина Фотолары,құжаттары

3 витрина Қолжазба еңбектері

4 витрина Алған құрмет қағаздары ,жыр жинақтары

5 витрина Соңғы кезде түскен фотолары

Көрмеге қойылатын экспонаттар сипаттамасы:

Жыр жинақтары 4

Қолжазбалары 6

Фотолары 15

Құжаттары 2

Алған марапаттары 2

Ашылу мерзімі: 2010 жыл 27 қаңтар

«Болу үшін жаралғам туған жердің жырауы »

-көрмесінің тақырыптық - экспозициялық жоспары

(Батыс Қазақстан облыстық тарихи -өлкетану музейі қорындағы жәдігерлер негізінде).

 

Тақырып пен бөлімдер Материалдар жиынтығы Ескертулер
1 Кітаптары Қ.Мырзалиевтың өлеңдер жинағы.
«Қылыш пен қанжар» Ітом, «Мәңгі майдан әулетім-дәулетім» ІІ том Алматы,1995ж
5.Қ.Мырзалиевтың өлеңдер жинағы.1-11 томдар.Алматы «Қазығұрт»,2001ж

2 Қолжазбалары 1.Өмірбаяны
2. «Өлең және өмір» диплом жұмысы.Алматы,1958ж.
3. «Оянған өлкенің» көркемдік ерекшелігі (курс жұмысы)
4.Қадыр Ғинаятұлы Мырзалиев шығармашылығына берілген бағалар.
5.Талант табиғаты.6-7 қазан,1970ж.

3 Фотолары 1.Фото.Қадыр Мырзалиев жұмыс кезінде.
2.Фото.Қадыр Мырзалиев ұлы Қуанышпен
3.Фото.Қадыр Мырза Әлі ақын –жазушылар арасында.Алматы қаласы, 1963ж.
4.Ақын Қадыр «Орал өңірі» газеті редакциясының ұжымы арасында,1976ж.
5.Қадыр Мырзалиев,Сапарғали Бегалин, Сейтжан Омаров оқырмандармен бірге.
6.Фотолар .Қадыр Мырза Әлі -70 жаста. БҚО тарихи-өлкетану музейінде ұйымдастырылған кештен көрініс 5дана.Орал,2005ж.
7.Фото.Қадыр Мырзалиевтың демалыс кезі.60-жылдар.
8.Фото.Ақынның өлең оқып тұрған сәті.60-жылдар
9.Қ.Мырзалиев пен А.Бақтыгерееваның облыс әкімімен кездесуі.2005ж.
10Ақын Қадыр Мырза Әли,Жұбан Молдағалиев жұбайы Софиямен бірге М.Ыхсановтың қабылдауында.1980ж.

4 Құжаттары 1.Жымпиты орта мектебін бітіргендігі туралы куәлік. 1949ж.
2.Билет№242
Қазақстандағы Кеңес әдебиетінің күндеріне қатысушы.

5 Құрмет грамоталары 1.Алматы облысы,Талғар қалалық мәдениет бөлімінен
7июнь,1963ж.
2. «Жұлдыз» журналының жауапты хатшысы Қ.Мырзалиевты Қазақстан ЛКСМ орталық комитетінен.Алматы,1963ж.



Барлығы : 29

 

Қолданылған әдебиеттер:

1.Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы .7-том.Алматы,2003ж.

2. «Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы.Алматы, 2002 ж.

3. Буклет. Даналық дариясының бір сағасы.БҚО тарихи-өлкетану музейі,2005ж.

4. Қ.Мырзалиевтың өлеңдер жинағы. «Қанжар мен қылыш» І том,«Мәңгі майдан әулетім-дәулетім» ІІ том Алматы,1995ж

5.Қ.Мырзалиевтың өлеңдер жинағы.1-11 томдар.Алматы «Қазығұрт»,2001ж.

6. «Жайық үні» газеті . «Қазақтың Қадыры 75-те» 7 қаңтар, 2010жыл.

7. « Срал өңірі» газеті. « Қазақ деген боз інгенге ботамын» 7 қаңтар,2010ж.

Іңкәр Оразова,

Экспозиция бөлімінің кіші ғылыми қызметкері.

Регистрация

Жемчужины фонда