Get Adobe Flash player
Slide item 1
Slide item 2
Slide item 3
Slide item 4
Slide item 5
Slide item 6

Главное меню

Добро пожаловать!
Структура музея
Виртуальный тур
Экспозиция
Шедевры, коллекции
Научная деятельность
Законодательство
Госзакупки
Новости
Массовые мероприятия
Западно-Казахстанском областном историко-краеведческом музее открытие зала «Елбасы және Тәуелсіздік» Казахский государственный академический оркестр народных инструментов имени Курмангазы в Приуралье «Дін және дәстүр» «Я памятник воздвиг себе нерукотворный» «Әсем табиғатты қорғау – әркімнің міндеті» «Живем, пока помним!» «День открытых дверей» и акция «Ночь в музее» Ерлік пен Жеңіс Чтобы музы не молчали Отқа оранған жастық Невестка Б.Момышулы в Приуралье Абайдың табиғат лирикасы Әлем бірлігіндегі Қазақстан «Біз біргеміз – берік іргеміз!» Ақ Жайық – достық мекені Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі Сыр еседі сыңғырынан сырғаның Жауқазын Ерлікке толы Ұлы жол Әсем қоңыр «Масленица» «Хандық билік және қазақ елі» «Қысқа ғұмыр, биік белес» «Жалынды ақын, жаужүрек батыр» "Ақжайық-достық мекені" «ЭКСПО-2017 – елдің ерен жеңісі» Открытие мультимедийного комплекса «Сакентану» Батыс Қазақстан облысының мамонт фаунасы «Ғұлама ғалым, парасатты азамат» «Керей қайда барасың?» «Поэзия әлемінің ұлы Қадыры» Поэзия Пайғамбары «Ұрпаққа мұра болар сыйлар» «Кенеп бетіндегі Тәуелсіздік жетістіктері» «Тәуелсіздік шежіресі» «Арманы үлкен – азат ел» «Биік белестер» «Тәуелсіз Қазақстанның гүлденуі» «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» «Елін сүйген, елі сүйген елбасы» «Елбасы – ел тірегі» «Біздің Елбасы» «Ұлт көшбасшысы» «Ақордада көк байрағын нық ұстап, елбасымыз алаш арын арлаған» «Ұлтын сүйген ұлы жүрек» «Қазақстан-2050» - Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол» «Елін сүйген,елі сүйген – Елбасы» «Ақпәтер ауыл тарихы» Тұлға. Зерттеуші. Азамат. Ұлттық валюта – тәуелсіздік негізі Пайдалы қазбалар Шеңберден тыс дүние Тастөбе ерліктің ескерткіші Өнер әлеміндегі тұғырлы тұлға Бабалар бейнесі Ізгіліктің нұрын сепкен Күмбірлеген күй сыры Тіл тағдыры-ел тағдыры «Динозаврлар әлеміне саяхат» «Редкие растения Миргородского ландшафтного заповедника» «SOS - сайгак» Қазақ болмысы жәдігер бойында «Өрелі өмір – әркімге өнеге» «Тәуелсіздік туын көтергендер» «Қайдасыңдар, жалындаған жастарым?» «Жайықтан шыққан ән бұлбұлы» «Мың тұяқтың дүбірі,бір Тұяқтың саусағы» «Көп жасаған қария, ақылы теңіз дария!» «Зерделі сөздің зергері» «Тіл – татулық тірегі» «Діни экстремизм және терроризм» «Алтын ханшайым» «Өнегесі мол өрелі жан» «Күй әуен – сазбен өрілген жыр шежіре» «Ұлы Абайға тағзым» «Орнатылған ескерткіш белгі міне, Есіміңе қанықты ел бүгінде» «Спортты серік еткендер» «Тәуелсіздік нышаны» «Жабайы аңдар – жаралы табиғат» «Әсем қалам – Астанам» «Астана – Отанымыздың жүрегі, Тәуелсіздігіміздің тірегі!» «Астана – махаббатым менің» «Тайна керамическихкувшинов» «Елі ардақ тұтқан ұстаз» «Дін және жастар» «Менің туым, менің елтаңбам, менің Әнұраным» Облыстың ерекше қорғалатын табиғи территориялары «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш» «Ел айбынын асқақтатқан рәміздер» «Геральдика тарихы және Отанымыздың рәміздері». «Аға ұрпақтың сыннан өткен сардарлары» «Мұрағаттар сыр шертеді» В областном музее состоялась акция «Ночь в музее» «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран» «Отырарда ойлылардың ізі қалған» «Ғасырлар таңбасы-Капустин Яр» «Өнерің сенің жалғасын табар бүгінде» Еңбегімен елге танылған тұлға «Крылатые друзья» «Табиғат жанашырлары» «Өмірде ізгі із қалдырған» «Бекіре тұқымдастарын болашаққа сақтайық» Әз-Наурыз Ряд мероприятий прошли в стенах Областного музея, в канун праздника Наурыз «Наурыз келсе, құт келгені, ағайын!» «Ұлыстың ұлы күні, жыл басы - Наурыз» Жайықтың самал лебі «Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі» «Әлемнің құдірет күші - аналар» «Қазақстанның биологиялық ресурстары, оларды қорғау және тиімді пайдалану мәселелері» «Ардақты, асыл жандар» «Царство насекомых» «Қыр кенебіндегі тамшылар» «Веселая масленница» «Уходили парни из Афгана...» «Ауғанда от кешкендер» «Афганистан болит в моей душе: 25 лет спустя» «Ауғанстан – жүректегі жара» В областном музее состоялось очередное заседание актива «Ауған ақиқаты» «Ауғанстан естеліктері» «Жанымды жаралаған Ауғаныстан» «Дін мұраты ынтымақ пен бірлік» Состоялось торжественное открытие проекта «Мирас» «Қадыр – балалар әдебиетінің атасы» «Күй анасын құрметтейік» «Діни сауатсыздық – діни экстремизмнің бастауы» Музейный урок «Жабайы аңдар» «Батыс Қазақстан облысының мамонт фаунасы»
Выставки
«Алтын ханшайым» «Жанымды жаралаған Ауғаныстан» «Музеи-сокровище народа» «Звон старинного серебра» «Өнеге өрнектері» «Күй-дария» «Халық өнері - асыл қазына» «Әнші әлемі» «Оралым менің, Оралым» «Азаттық аңсаған азамат» «Ақын тілі – арман тілі» «Сағындым сені, Оралым!» «Түркі жазба мәдениетінің тарихынан» «Кел, балалар,оқылық!» «Білімнің қара шаңырағы» «Қылқалам-өмір» «Өнердің қайталанбас өр тұлғасы» Материал 7 «ХІХ-ХХғғ ас -үй бұйымдары» «Тарихи сабақтастық» Тарих – ақша баламасында «Ауған ақиқаты» «Қазақтың тұңғыш заңгері» «Тұғыры биік тұлға» «Жауһар жәдігерлер» Мы победу приближали как могли Презентация выставки Выставка Муратбека Жоламана Муратбек Жоламан «Жазықсыз жапа шеккендер...» «Тарих.Тағылым. Тағзым» «Уақыт қозғалысы- сағаттарда» «Өшпесін мәңгі өзіңнің Өнерде жаққан шырағың... » «Астана-Елбасының ерлігі» «Жүрегімнің түбіне терең бойла... » «Болу үшін жаралғам туған жердің жырауы... » «Мен қазақпын...» « Әнші Әлемі» «Тарихи Орал»
Музейное событие
Вопрос - Ответ
Гостевая книга

Қазақтың ақыны, халық жазушысы Жұбан Молдағалиевтің туғанына 90 жыл толуына арналған «Мен қазақпын... » атты

көрменің ғылыми концепциясиясы:

Тақырыптың негіздемесі:

«Өлеңге ерте келіп, кеш ер жеттім.

Ойлағам шалалықты кешер деп кім

Қағазға қалдыруға асығыппын

Көңілдің қуанышын, кесел дертін».

Ж. Молдағалиев.

Қауымға аты әбден қанық, белгілі ақын Жұбан Молдағалиев – қазақ поэзиясының, бүкіл қазақ әдебиетінің ірі өкілі. Жұбан Молдағалиевтің поэзия төрінен өзіне лайық орын алу кезеңі әріден, соғыстан кейінгі ұлы дүбір дәуірінен, елімізді қайта қалпына келтіру заманынан басталады. Жұбан Молдағалиев қазақ өлеңімен бірге, бүкіл көп ұлтты кеңес поэзиясын ілгері дамытқан айтулы ақын, көркем сөз шеберіне айналды.

Жұбан Молдағалиев 1920 жылы Орал облысының Тайпақ ауданында Сайқұдық деген жерде (Қазіргі «Өлеңті» совхозында) дүниеге келген. Жайық – арғыны айтпағанда, қазаққа Исатай мен Махамбетті, Құрмаңғазы мен Динаны, Мәншүк пен Әлияны, Роза Жаманова мен Қадиша Бөкееваны, атақты суретші Сәкен Ғұмарды, ақындарымыз – Қадыр, Тайыр, Сағынғали, Ақұштап Бақтыгерееваны, Жұбан Молдағалиевті сыйлаған қасиетті өлке. Жайық – ел тарихында биіктен көрінер ұлы тұлға, «қазақпын» деуге ұлтшыл атанудан қорқып, көбі жалпақтап жүретін заманда, «Мен қазақпын» деп жариялап келген, өмірде де, поэзияда да оңай жол іздемеген, қазақтың халық жазушысы, КСРО және Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, ақын Жұбан Молдағалиевтың қаны тамған жер.

Қазақ поэзиясын әлемдік деңгейге көтерген, кешегі кеңестік идеологияның жалын атып тұрған кезінде:

Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген

Жөргегімде таныстым мұң тілімен

Жылағанда жүрегім, күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген, - деп тұтас бір ұлттың атынан әнұранға пара-пар поэма жазған, ең алдымен ақындығымен, азаматтығымен, қайсарлығымен талайды тәнті еткен, көзінің тірісінде - ақ қазақ өлеңінің жыр-дариясы атанған Жұбан Молдағалиевтің туғанына биыл 90 жыл. Қазақстанның кең байтақ даласынан алақандай ғана орын алған, ару да, асау Ақжайықтың жағасында орналасқан Жыландыда қазан айының 5 жұлдызында дүниеге келген ақын:

Басқа жер жылады ма, жұбанды ма,

Шаттықта шек болмаған Жыландыда.

Бақырып басына елді бір көтеріп,

Дүниеге келген сөйтіп Жұбан мұнда, - деп тереңнен толғанып, өзінің кіндік қаны тамған жерін қастерледі. Әкесі жастай қайтыс болған ол ана тәрбиесінде өсіп, өз аулында орталау білім алады.Жұбанның өлеңге деген махаббатты анасынан алған, ол кісі кішкентай Жұбанға көп ән шырқап, ертегілер мен эпостар айтатын болған. Алты жасынан өзімен ликбезге ерітіп, жазу мен оқуға үйретеді.

Қай өлеңінде болмасын, даланың табиғатын да ол адамдық сезіммен қабылдайды. Оны қимас адамы — анаға балайды:

...Мен үшін қазақ жерінің

Жаманы мен жаты жоқ.

Мен үшін қазақ жерінің

Анадан өзге аты жоқ.

Осы өлеңінде тарихтың тәлкегіне көне жүріп, Аналық бейнесін сақтаған әйелді ақын дүниенің бар салмағын көтерген қара жермен ғана теңестіреді. Жұбан ақын тума таланты мен журналистік жолын Алматы қаласына келіп жалғастырып,шығармашылықпен айналысқан болатын.Осы қалада өмірлік жары Софияны кездестірді. София Мәлікқызы болмыс бітімі көп адамға ұқсамайтын, сезімтал да сергек ақынмен бірге қуанып, бірге мұңаюды, жан дүниесімен үндесе білуді тағдырдың сыйы деп білді.

София апай- Қазақстанның алғашқы Жоғарғы Кеңесінің төрағасы Сейтқали Мендешевтің жиен немересі. Жұбан ағамыздың отбасылық өмірінде жан жары София апайдың еңбегі үлкен. София апай жолдасы қайтыс болғаннан кейін оның артын да жақсылап бақты. Қазір Алматыда Жұбан Молдағалиев атында көше бар, тұрған үйіне мемориалдық тақта қойылды. Мұндай құрмет туған елінде де жасалды. Әуелде өз аулында- Өлеңтіде ескерткіш ашылып еді, кейін Оралда ескерткіш қойылды. Біздің қаладағы облыстық кітапханасы да Жұбан ағамыздың атында. София апай осылардың бәріне қатысып, жар абыройын көтерісуде.

Туған жер – адам баласының қимайтын да, сыйлайтын да қасиетті қазынасы. Жұбан Молдағалиев елімен бірге есейіп, халқының қарышты қадамдарын көзімен көріп, қаламына арқау еткен қаламгер. Ол қашан да туған жерін:

«Ақ Жайық – Тайпақ менің туған жағым,

Сайқұдық ауылында өтті балғын шағым», - деп өскен ортасын есіне алып, «елім, жерім» деп аңсап, ат басын туған ауылына жиі бұрып тұрған. Жалпы ақынның соңында қалған мұраларының ішінде оның туған жер туралы дастандары мен очерктерінің орны бір төбе.

Өлеңім - өрендерің, өркендерің,

Жаңарған жомарт жерің, көркем көлің

Даламның даңқындай боп тұршы биік,

О, Батыс Қазақстан - өлкем менің! - деген жалынды жырларымен қатар, «Жесір тағдыры» поэмасы, «Тайпақ таңы» очеркі т.б. туған өлкесі жайлы толғаған шығармаларында мәдени өмірге үлкен мән беріп, ормандай ой кешеді.

Жұбан Молдағаливтың шабытының шалқары – туған жері болса, алғашқы өткен өмір мектебі – кешегі өткен Ұлы Отан соғысы. Оның азаматтық сезімі Отан үшін күрестің жауапкершілігін ұғынудан туды. Оның ерлік туралы, отанға деген сүйіспеншілік, батырлық жайлы, туған жер мен елге деген сағынышқа толы өлеңдері соғыстың ауыр шындығы жағдайында жүрегінің түбінен қайнап шықты. Соғыстан кейінгі алғашқы жинағы «Жеңіс жырлары» 1949 жылы жарық көріп, патриоттық, гуманистік сезімге толы еді. Осыдан бастап қазақ оқырмандарына өзінің ақындық талантын мойындатқан Жұбан аға қазақтың ұлттық сөз өнеріне елу жылдық өмірін арнады. Жұбан ағадан қалған әдеби мұраға көз салсақ, оның негізгі туындылары дәуірдің науқандық сырларына бой алдырмай, адамзат рухын, қазақ халқының өмір шындығын шынайы көтере бейнелеуімен өзінің бағасын төмен түсірмегенін көреміз. Бүгін Жұбан Молдағалиев 90 жасқа толған күні, мұны айту - әрі көңілге жұбаныш, әрі ақын аруағы үшін үлкен абырой.

Жұбанның ақындық даңқын көтеріп, оның есімін әлемге әйгілеген шығармасы «Мен қазақпын» (1964 ж) поэмасы. Бұл туындысында ол лирико-публицистикалық стильде қазақ халқының өткен өмірі, тағдыры жайлы үлкен толғаныс жасады. Қазақтың ұлттық сипатының қалыптасу жолы- оның ерлік дәстүрі, рухының жоғарлығы, елі мен жері, оның байлығы, адамдары жайлы бейнелі жыр төкті.

Мен қазақпын- мың өліп, мың тірілген,

Жөргегімде табыстым мұң тілімен.

Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген,- деген бейнелі өлең жолдары бүгін әркімнің-ақ аузында. Әсіресе, еліміз егемендік алып, қазақтығымызды, оның азаттық жолындағы «мың өліп, мың тірілген» күндерін еске алғанда, Жұбан жыры тым бүгінгіше естіледі. Поәма, әрине, бірден тумаған. Ол ұлт ақыны есебінде өзінің туған халқын шексіз сүйді. Ол Одақ көлемінде ғана емес, әлем алдында танытуға бар таланты мен күш-қайратын жұмсады. Ұлтжандылық сезім оның бүкіл шығармашылық өмірін айғақтайды. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары тұсында Жұбан ағаның Колбин алдында сөйлеген сөзі- сол халқын сүйген азаматтың ақындық сыры, ол үшін жанын отқа салған батырлық жүрегі сияқты. Кеңес ақыны боп құрмет көріп жүрген Жұбан аға қазақ жастарының ұлтын сүйгені үшін жеген таяғына қатты жәбірленіп сөйледі. Сол үшін «қазақ ұлтшылдығы» дегенді ойлап тапқан отаршылдық саясатты айыптады. Оның «Мұндай қорлықты көргенше, кеше Отан соғыс майданында өліп кеткенімнің өзі артық еді» дегенінде, ол аңсаған арманның алдамшы болып шыққанына күйіну де, қайғыру да бар еді. Соны тудырған жағдайларды, бағынушылық пен бағындырушының ара-жігін ол анық көрді, психологиясын таныды. Соның жан азабын тартты. Одан кейін ол ұзақ өмір сүре алған жоқ, өмірден озды (1988ж). Заманына, қоғамына үміт артып алданғанын көрген ер азаматтың ызадан күйіп кеткенін көрдік.

Ол Жазушылар Одағы үйінде болған жиналыста бүкіл Алматының үлкен адамдары жиналған жиналысында (оның ішінде Колбин де бар): «Мен – қазақпын. Өз халқымды мақтан етемін. Маған оның көп қатпарлы тарихы қымбат, ал оның бүгінгі күні одан да қымбат. Осы бүгінгі күн үшін ол басқа халықтармен бірге революция және Совет өкіметін орнату жолдарынан абыроймен өтті, халқының жартысына жуығын жұтқан қасіретті ашаршылықты басынан өткерді. Соғыс жылдарында қазақтар Отанымыздың адал әрі қаһарман қорғаушыларының бірі болды. Тың игеру кезінде де ерен ерлік үлгілерін көрсетті. Тыңға сан түрлі адамдардың келгені ешкімге құпия емес, оның ішінде қылмыскерлер, ақша қуған құлқынын тойдырушылар да болды. Осындай адамдардың халықтың ұлттық намысына тиетін әрекеттер жасағаны аз емес», - деп қазақ халқының басынан өткерген бүкіл ауыр жағдайларын бүге-шігесіне дейін ашып айтты:

Ел едік қой, ел едік қой, ағайын,

Елді күнге теңедік қой, ағайын?!

«Елім! Елім! – деп едік қой, ағайын,

Елге ештеңе демедік қой, ағайын?..

Ақын болып тілдесеміз қалай біз?

Ақсақал боп жүздесеміз қалай біз?

Әке болып күн кешеміз қалай біз?..

Күн кешеміз, құйрық – жалсыз, қалай біз?...

Жұбан Молдағалиев - 1985 жылы Қазақ КСР-нің «Халық жазушысы» атағына ие болған сөз сазгері, қазақ көркем сөзінің жыр дариясы. Жұбан аға өзі туралы былай деген: «Менің бар өмір жолым - өлең-дастандарымда. Алда қанша жыл, қанша жыр маңдайыма жазулы екенін айту қиын. Бірақ айқын білетінім, кесіп айта алатыным:

Қарызбын гүлге де мен, күнге де мен.

Қарызбын күндіз бенен түнге де мен.

Қарызбын қара нанға, тұзға, сүтке...

Өтеймін қашан, қалай, кімге немен?

Талпынам барымды алсын, күтіп алсын.

Тірліктің жер бетінде құты қалсын.

Туған ел, туған ана қарызынан

Қалайша, не төлеумен құтыларсың?

Жатады жылдар өтіп, жыл ескіріп,

Жүрсін тек парызымның үні естіліп.

Парыз да клеткадай, жүрегімдей

Тұрады тамырға қан үлестіріп», - демекші, Жұбан ағамыз біздің барша азаматтарымыздың жадында, зердесінде мәңгілік қалатын арқалы ақын, айбынды азамат.

«Ақын болу –мақсат емес, бірақ азамат болуға міндеттісің» деген қанатты сөз бар. Жұбан аға осының екеуінің де тең ұстаған үлкен жүректі азамат еді. Оның азамттығы мен ақындығы бірін-бірі толықтырып, жетілдіріп тұратын.

Жайласып жатыр ақырын

Зал толы жырдың достары.

Тыңдамақ абзал ақынын

Ардақты отандастары.

Ақын ше…

Ақын келмеді.

Бос күтті төрде бір орын.

Күмбірлеп залды кернеді

Сөз алып сонда жыры оның.

Бұл – Жұбан ағамыздың Мұса Жәлел туралы поэмасының беташары. Тура бүгінгі таңда өзі туралы өзі айтып кеткендей. Ел, халық абыройын көтерген тұлғаларды еске алу- аруақты сыйлау ғана емес, тәуелсіздікке қызмет ететін шара деп біліңіз.

Көрменің мақсаты

Музей қорындағы жәдігерлер негізінде қазақтың әйгілі ақыны, Халық жазушысы, КСРО және Қазақ ССР мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты Жұбан Молдағалиевтің өмір жолынан, ерекше дарынынан қазіргі ұрпаққа үлгі -өнеге, тағылым беру.

Музей қорындағы Жұбан Молдағалиев туралы жәдігерлерді жарыққа шығару.

Оның ішінде ақынның фотоларын, өз қолымен жазған өлеңдерін, сирек кездесетін қолжазбаларын көрермен қауымның назарына ұсыну.

Көрменің тартымдылығы:

1.Музей қорындағы Жұбан Молдағалиевқа қатысты құнды жәдігерлер қойылады.

2.Қордағы бағалы мұра –деректер алғаш рет кең көлемде көрерменге таныстырылады.

Көрменің ғылыми маңыздылығы:

Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорындағы Жұбан Молдағалиевқа қатысы бар жәдігерлерді қалың көпшілікке көрсету

Экспозициялық шешім:

Көрме музейдің 2- қабатында («Өнер залында) жабдықталады.

Ашылу мерзімі: 2010 жыл 1 қазан

«Мен қазақпын...» атты

-көрмесінің тақырыптық - экспозициялық жоспары

(Батыс Қазақстан облыстық тарихи -өлкетану музейі қорындағы жәдігерлер негізінде).

 

Тақырып пен бөлімдер Материалдар жиынтығы Ескертулер
1 Кітаптары 1. Ж.Молдағалиев «Кісен ашқан» Алматы «Жазушы» 1988 ж.
2. Ж.Молдағалиев «Ақ жалын» Алматы «Жазушы» 1985 ж.
3. Ж.Молдағалиев «Жыр күнделіктері» Алматы «Жалын» 1981 ж.
4. Ж.Молдағалиев «Мен қазақпын» Алматы 2000 ж.
5. Ж.Молдағалиев Үш томдық шығармалары. Алматы 1981

2 Қолжазбалары 1. «Жолдасымның жауабы немесе тағы да ақын туралы» 4 бет.
2. «Менің құрбыларым» 4 бет.
3. Баласы Азаматқа жазған хаты.

3 Фотолары 1.Фото. Ж.Молдағалиев- қазақ ақыны, КСРО және Қазақ ССР мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты.
2. Фото. Ж.Молдағалиев оқырмандар арасында Калмыковта. 1980 жыл.
3.Фото. Солтүстік-Батыс фронт. Ж.Молдағалиев журналистер мен жазушылар ортасында. 1942 ж.
4. Фото. Жұбан ағаны қошеметтеу. Калмыков ауылы. 1980 ж.
5. Фото. Тайпақ ауданы, Базартөбе совхозы Жайық жағасындағы «Жұбан үйінің табалдырығы» 1980 ж.
6. Фото. Ж.Молдағалиев жерлес ақындармен әдеби музейде. Октябрь 1980 ж.
7. Фото. Ж.Молдағалиевтің Оралдағы театрда сөз сөйлеуі (ақынның 60 жылдығы). 1980 ж.
8. Фото. Ж.Молдағалиев жұмыс үстінде.
9. Фото. Ж.Ақбаев, Ж.Молдағалиев, Н.Ф. Корсунков.
10. Фото. Ақын, жары Софьямен өз шаңырағында жұмыс кабинетінде.
11. Фото. Жұбан Молдағалиев отбасымен.
12. Фото. Ақын Жұбан Молдағалиев жұбайы Софиямен, Қадыр Мырза Әли мен бірге М.Ыхсановтың қабылдауында.1980ж.

4 Құжаттары 1. Жұбан Молдағалиетің Партиялық билеттің қабы.
2. Ж.Молдағалиевтің визиткалары.

5 Құрмет грамоталары Қазақстан ЛКСМ Орталық комитетінен берілген.
Алма-Ата 18 октябрь 1968 ж.

6 Қаламсаптары

7 Қол сағаты

8 Ордендері мен медальдары

9 Жәдігерлік кәдесый

10 Күнделік дәптерлері

11 Ж.Молдағалиевтің радиосы.



Барлығы : 27

 

Қолданылған әдебиеттер:

1.Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы .3-том.Алматы,2003ж.

2. «Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы.Алматы, 2002 ж.

3. «Қазақ әдебиеті» газеті. «Жұбан» С.Қирабаев-академик. 6 тамыз 2010 ж.

4. «Егеменді Қазақстан» газеті «Үш ерлік» Қайрат Жұмағалиев-ақын. 10 қырқүйек 2010 ж.

Гүлзада Бакитова – экспозиция

бөлімінің кіші ғылыми қызметкері .

Регистрация

Жемчужины фонда