Get Adobe Flash player
Slide item 1
Slide item 2
Slide item 3
Slide item 4
Slide item 5
Slide item 6

Главное меню

Добро пожаловать!
Структура музея
Виртуальный тур
Экспозиция
Шедевры, коллекции
Научная деятельность
Законодательство
Госзакупки
Новости
Массовые мероприятия
Западно-Казахстанском областном историко-краеведческом музее открытие зала «Елбасы және Тәуелсіздік» Казахский государственный академический оркестр народных инструментов имени Курмангазы в Приуралье «Дін және дәстүр» «Я памятник воздвиг себе нерукотворный» «Әсем табиғатты қорғау – әркімнің міндеті» «Живем, пока помним!» «День открытых дверей» и акция «Ночь в музее» Ерлік пен Жеңіс Чтобы музы не молчали Отқа оранған жастық Невестка Б.Момышулы в Приуралье Абайдың табиғат лирикасы Әлем бірлігіндегі Қазақстан «Біз біргеміз – берік іргеміз!» Ақ Жайық – достық мекені Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі Сыр еседі сыңғырынан сырғаның Жауқазын Ерлікке толы Ұлы жол Әсем қоңыр «Масленица» «Хандық билік және қазақ елі» «Қысқа ғұмыр, биік белес» «Жалынды ақын, жаужүрек батыр» "Ақжайық-достық мекені" «ЭКСПО-2017 – елдің ерен жеңісі» Открытие мультимедийного комплекса «Сакентану» Батыс Қазақстан облысының мамонт фаунасы «Ғұлама ғалым, парасатты азамат» «Керей қайда барасың?» «Поэзия әлемінің ұлы Қадыры» Поэзия Пайғамбары «Ұрпаққа мұра болар сыйлар» «Кенеп бетіндегі Тәуелсіздік жетістіктері» «Тәуелсіздік шежіресі» «Арманы үлкен – азат ел» «Биік белестер» «Тәуелсіз Қазақстанның гүлденуі» «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» «Елін сүйген, елі сүйген елбасы» «Елбасы – ел тірегі» «Біздің Елбасы» «Ұлт көшбасшысы» «Ақордада көк байрағын нық ұстап, елбасымыз алаш арын арлаған» «Ұлтын сүйген ұлы жүрек» «Қазақстан-2050» - Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол» «Елін сүйген,елі сүйген – Елбасы» «Ақпәтер ауыл тарихы» Тұлға. Зерттеуші. Азамат. Ұлттық валюта – тәуелсіздік негізі Пайдалы қазбалар Шеңберден тыс дүние Тастөбе ерліктің ескерткіші Өнер әлеміндегі тұғырлы тұлға Бабалар бейнесі Ізгіліктің нұрын сепкен Күмбірлеген күй сыры Тіл тағдыры-ел тағдыры «Динозаврлар әлеміне саяхат» «Редкие растения Миргородского ландшафтного заповедника» «SOS - сайгак» Қазақ болмысы жәдігер бойында «Өрелі өмір – әркімге өнеге» «Тәуелсіздік туын көтергендер» «Қайдасыңдар, жалындаған жастарым?» «Жайықтан шыққан ән бұлбұлы» «Мың тұяқтың дүбірі,бір Тұяқтың саусағы» «Көп жасаған қария, ақылы теңіз дария!» «Зерделі сөздің зергері» «Тіл – татулық тірегі» «Діни экстремизм және терроризм» «Алтын ханшайым» «Өнегесі мол өрелі жан» «Күй әуен – сазбен өрілген жыр шежіре» «Ұлы Абайға тағзым» «Орнатылған ескерткіш белгі міне, Есіміңе қанықты ел бүгінде» «Спортты серік еткендер» «Тәуелсіздік нышаны» «Жабайы аңдар – жаралы табиғат» «Әсем қалам – Астанам» «Астана – Отанымыздың жүрегі, Тәуелсіздігіміздің тірегі!» «Астана – махаббатым менің» «Тайна керамическихкувшинов» «Елі ардақ тұтқан ұстаз» «Дін және жастар» «Менің туым, менің елтаңбам, менің Әнұраным» Облыстың ерекше қорғалатын табиғи территориялары «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш» «Ел айбынын асқақтатқан рәміздер» «Геральдика тарихы және Отанымыздың рәміздері». «Аға ұрпақтың сыннан өткен сардарлары» «Мұрағаттар сыр шертеді» В областном музее состоялась акция «Ночь в музее» «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран» «Отырарда ойлылардың ізі қалған» «Ғасырлар таңбасы-Капустин Яр» «Өнерің сенің жалғасын табар бүгінде» Еңбегімен елге танылған тұлға «Крылатые друзья» «Табиғат жанашырлары» «Өмірде ізгі із қалдырған» «Бекіре тұқымдастарын болашаққа сақтайық» Әз-Наурыз Ряд мероприятий прошли в стенах Областного музея, в канун праздника Наурыз «Наурыз келсе, құт келгені, ағайын!» «Ұлыстың ұлы күні, жыл басы - Наурыз» Жайықтың самал лебі «Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі» «Әлемнің құдірет күші - аналар» «Қазақстанның биологиялық ресурстары, оларды қорғау және тиімді пайдалану мәселелері» «Ардақты, асыл жандар» «Царство насекомых» «Қыр кенебіндегі тамшылар» «Веселая масленница» «Уходили парни из Афгана...» «Ауғанда от кешкендер» «Афганистан болит в моей душе: 25 лет спустя» «Ауғанстан – жүректегі жара» В областном музее состоялось очередное заседание актива «Ауған ақиқаты» «Ауғанстан естеліктері» «Жанымды жаралаған Ауғаныстан» «Дін мұраты ынтымақ пен бірлік» Состоялось торжественное открытие проекта «Мирас» «Қадыр – балалар әдебиетінің атасы» «Күй анасын құрметтейік» «Діни сауатсыздық – діни экстремизмнің бастауы» Музейный урок «Жабайы аңдар» «Батыс Қазақстан облысының мамонт фаунасы»
Выставки
«Алтын ханшайым» «Жанымды жаралаған Ауғаныстан» «Музеи-сокровище народа» «Звон старинного серебра» «Өнеге өрнектері» «Күй-дария» «Халық өнері - асыл қазына» «Әнші әлемі» «Оралым менің, Оралым» «Азаттық аңсаған азамат» «Ақын тілі – арман тілі» «Сағындым сені, Оралым!» «Түркі жазба мәдениетінің тарихынан» «Кел, балалар,оқылық!» «Білімнің қара шаңырағы» «Қылқалам-өмір» «Өнердің қайталанбас өр тұлғасы» Материал 7 «ХІХ-ХХғғ ас -үй бұйымдары» «Тарихи сабақтастық» Тарих – ақша баламасында «Ауған ақиқаты» «Қазақтың тұңғыш заңгері» «Тұғыры биік тұлға» «Жауһар жәдігерлер» Мы победу приближали как могли Презентация выставки Выставка Муратбека Жоламана Муратбек Жоламан «Жазықсыз жапа шеккендер...» «Тарих.Тағылым. Тағзым» «Уақыт қозғалысы- сағаттарда» «Өшпесін мәңгі өзіңнің Өнерде жаққан шырағың... » «Астана-Елбасының ерлігі» «Жүрегімнің түбіне терең бойла... » «Болу үшін жаралғам туған жердің жырауы... » «Мен қазақпын...» « Әнші Әлемі» «Тарихи Орал»
Музейное событие
Вопрос - Ответ
Гостевая книга

Сазгер, әнші Ескендір Хасанғалиевтің 70 жасқа толуына арналған
« Әнші әлемі»

атты көрменің ғылыми концепциясы

Тақырыптың негіздемесі

Қазақтың қазіргі ән өнеріндегі орны бөлек үлкен тұлға, халқымыздың ардақ тұтар композиторы Ескендір Хасанғалиев біздің жерлес ағамыз. Оның әншілік өнерінің өзі –бір мектеп. Ескендір табиғат берген әсем үнін жүрегінің даусымен жұптастырып айтатын әнші. Сондықтан да оның әнші әлемі үлкен үндестікке толы әлем.

Ескендір Хасанғалиев әндері жастық шағы 60-жылдардың соңы мен 70-жылдардың басында өткен замандастарына, іні-қарындастарына әсіресе ыстық. «Студенттердің қоштасу әні», «Асыл арман», «Ауылым-әнім», «Атамекен», «Есіңе ал», «Сағындым сені», «Гүл сезім», «Әдемі-ау», «Елігім еркем», «Бозторғайым» т.т .Олар қимас күндердің естелігіндей өміріміздің бір бөлшегіне айналып кеткен әндер.

Осындай ешкімге ұқсамайтын ерекше тартымды да, мәнді әндерді дүниеге әкелген -- Қазақстан Республикасының Халық әртісі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, әнші, композитор- Ескендір Хасанғалиев бүгінде 70 жасқа толып отыр.

«Ең сүйікті әндерім сағыныштан жаралған...»-деген сазгер, әнші Ескендір Хасанғалиев 1940 жылы Қаратөбе ауданы Қалдығайты округі, Батпақкөл мекенінде дүниеге келген. Ата-анасының екеуі де дарынды жандар болған. Әкесі Құбаш Ыбырашев 21 жасында мұғалім болып жүріп 15 жасар шәкірті Қанашқа үйленеді. Әкесі скрипкада шебер ойнаса, анасының тамылжытып ән салатын өнері болған. Бірақ үйленгеннен кейін көп ұзамай әкесі қайтыс болады да, Ескендір нағашы атасы Өтеген мен әжесі Балқияның қолында тәрбиеленіп, соларды әкем-шешем деп атайды. Ал туған анасын апасындай сыйлап өтеді де, оның екінші жолдасы Қуандықты жездем деп кетеді. Ескендір 1956 жылы қазақ орта мектебін бітіріп, ауылда үш жыл қызмет істеген. 1959 жылы Құрманғазы атындағы консерваторияның ән-хор факультетінің дайындық курсына түскен. 3-4 жыл негізгі бөлімде оқып, соңғы курста сырттай оқу бөліміне ауысып, композитор Мансұр Сағатовтың шақыруымен Қазақ радиосында музыкалық редактор болып жұмыс жасайды. Содан кейін Әл-Фараби атындағы мәдениет институтын бітіреді. 1970 жылы Қазақстан Орталық Комитетінің шешімі бойынша Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты болып атанады. Ескендірдің тұңғыш әні «Анаға сәлем»деп аталды.Ол оны жиырма екі жасында жазады. «Мереке күніңмен...»деп басталатын осынау ән елдің аузынан түспейтін болды. Сөйтіп Ескендір Хасанғалиев қазақ радиосының редакторлығынан әншілікке ауысады.

Содан Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтында дирижерліктен сабақ беріп, «Айгүл» вокалдық квартетінің жетекшісі болып қызмет істейді. Әрі қазақ радиосы мен телевизиясының эстрадалық-симфониялық оркестрінің жеке әншісі болып қабылданады.

Ескендір Хасанғалиевтің Отан, туған ел тақырыбына арналған шығармалары өте көп. Ол 500-ден астам ән, романс және хорға арналған шығармалар жазған.

Ескендірдің «Есіңе ал, «Елігім еркем», «Жанарым», «Жан жарым» сияқты әндерінің көбі жары Дарикоға арналған.

Дариконың өзі Қарағандының қызы. Дарико Сопыжанқызы Қарағандының медициналық институтын, Москваның ординатурасын бітірген. Алаш рет екеуі Қарағандыда әнші Ескендір гастрольмен концерт қоюға келген кезінде танысады. .Арада талай жыл өтіп, «Сағынсаң мені сәулем-ай, Жолдармен таныс жүргейсің...»-деген сағынышқа толы әндер дүниеге келгеннен кейін ғана, Москвадан Алматыға жолдамамен келген дәрігер қызды Ескендір ағай іздеп, тауыпты. Сөйтіп Дарико жеңгеміздің әсерімен көптеген тамаша-тамаша әндер дүниеге келген. Солардың бірі «Ескірмеген махаббат» әні.

Олардың ұлы Біржан Алматы қаласының №12 қазақ орта мектебінен білім алған. Ол 5-6 жасында Республика сарайында өткен авторлық кеште тұңғыш рет әкесімен сахнаға шығып, ән айтып, елді сүйсіндіреді. Біржан №12 мектепте оқи жүріп, Әміре Қашаубаев атындағы музыка мектебінде қабаттастырып оқиды. Мектептен кейін музыкалық училищені қызыл дипломмен бітіреді.Училищеден кейін консерваторияға түсіп, Алматы консерваториясының композиторлық бөлімін бітіреді. Бүгінде әкесімен бірге қос дауыста ән шырқайды.

Ескендір Хасанғалиев шығармашылық сапармен шетелдерді көп аралап, өнер көрсеткен жан. Ұлт мәдениеті мен өнерін дамытуға сіңірген еңбегі үшін «Құрмет» (2000) орденімен марапатталған. Композитордың бірінен-бірі қастерлі әндерінің ішіндегі шоқтығы биік туындысы «Атамекен» әні. Бұл ән арқылы адам баласының бойындағы намыс, жігер, ұлт жандылық, туған жерге деген шексіз махабатты оятып, алыс армандарға жетелейді. Осы «Атамекен» әнінің жазылғанына да 40жылдай уақыт болыпты.

Бүгінде туған өлкесінің орталығы Орал қаласында 2жыл сайын әнмен аттас «Атамекен» халықаралық байқауы өткізіліп келеді. Алғашқы кезде әнші-композитор ағамыздың әндерін орындаушылардың байқауы республикалық деңгейде өткізіліп келсе, 2006 жылдан бастап ол Халықаралық дәрежеде ұйымдастырылуда.

Ескендір Хасанғалиев әндерін орындаушылардың І-ші республикалық «Атамекен» ән фестивалі алғаш рет облысымызда 2000-шы жылы , композитордың 60 жылдық мерейтойына орай өткізілді. Сол жылдардан бастау алған ән байқауы дәстүрлі түрге айналып,бүгінгі күнде Хасанғалиев әндері өнер аспанында өз байрағын желбіретті. Ән фестивалінің жағырафиялық ауқымы кеңейіп, жылдар өткен сайын эстрада әлемінде жаңа есімдер танылуда. Мәдениет және ақпарат Министрлігі мен Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен Халықаралық дәрежеде өткізілген «Атамекен» ән фестивалі өнер ұлт пен ұлысқа , шекараға бөлінбейтіндігін дәлелдеп шықты.Бұл фестивальде Е.Хасанғалиев әндері арқылы алыс-жақын шет елдік азаматтардың қазақ әніне деген сүйіспеншіліктері жарқын көрініс тапты. Е.Хасанғалиев әндерін орындаушылардың Халықаралық «Атамекен» ән фестивалі ән саласында өзіндік ізін қалдырып ,өнерге үлес қосуға талпынған жастардың болашағына жол ашып,өнер көгінде қанаттарының қатаюына зор септігін тигізуде.

Туған елін сиқырлы әуенмен тербеп ,тарихы мен дәстүрін әнмен өрнектей білетін композитордың өнер қазанында әліде сүбелі саздың қайталанбас иірімдері қайнап, буырқана келіп халық қазынасына құйыла түсетіні сөзсіз.

Көрменің мақсаты. Қазақстан Республикасының Халық әртісі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, әнші, композитор- Ескендір Хасанғалиевтың 70 жасқа толуына орай жабдықталып отыр. Әншінің өмір жолынан көрерменге малұмат беріп, әнші әлемімен қысқаша таныстыру..

Көрменің тартымдылығы: Әншінің көптеген танымал әндерінің дүниеге келуіне әсерін тигізген, әнші музасымен көрерменді таныстыру.

Көрменің ғылыми маңыздылығы: Халықаралық «Атамекен» фестивалі туралы түсінік беру

Экспозициялық шешім:

Көрме музей фойесінде жабдықталады.

5-витринадан тұрады.

Көрмеге қойылатын экспонаттар сипаттамасы:

Ашылу мерзімі: 2010 ж , тамыз.

Сазгер, әнші Ескендір Хасанғалиевтің 70 жасқа толуына арналған

« Әнші әлемі» көрмесінің тақырыптық экспозициялық жоспары

(Батыс Қазақстан облыстық тарихи -өлкетану музейі қорындағы жәдігерлер негізінде).

 

Тақырып пен бөлімдер Материалдар жиынтығы Ескертулер
1 Фотосуреттер

2 Афишалар

3 Баспа материалдары


Барлығы :

 

Г.Бахитова,

экспозиция бөлімінің

кіші ғылыми қызметкері.

Регистрация

Жемчужины фонда