Орал қаласының «Құрметті Азаматтары» атағы 1971 жылдан бастап азамат және Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, қаланың әлеуметтік-экономикалық, мәдени-ағартушылық дамуына қосқан үлесі үшін өнеркәсіп, білім мен ғылым, мәдениет және әдебиет өкілдеріне, белсенді қоғамдық қызметке араласқан азаматтарға беріле бастады. 71 адам осы атаққа ие. Олардың кейбіреулері еңбек демалысында, ал кейбіреулері әлі де еңбек етуде.
Бученко Петр Васильевич 1891 жылы туған.
16 жасынан бастап араласады. 1917-1923 жылдар аралығында Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату жолында күресті. Қызыл Армия қатарында отряд, дивизион грекше міндет жүктелген бөлімінің командирі қызметін жасады. Азамат соғысынан кейін Жамбыл, Орал қалаларында шаруашылық және кеңес жұмыстарында қызмет жасады. 1955 жылдан зейнеткерлікке шығып, ардагерлер кеңесін басқарды. 10-шы шақырылған еңбекші депутаттар Кеңесінің қалалық депутаты. Ленин орденімен марапатталған. 1971 жылы 16.06. №448 қалалық Кеңестің шешімімен «Орал қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.
Кирсанов Александр Васильевич (1898-1994)
Реялдық училищені, одан кейін мұғалімдер семинариясын оқып бітіргеннен кейін артиллериялық училищеде оқиды. Одан кейінгі өмірі бүтіндей әскери қызметпен байланысты. Азамат соғысы жылдарында Батыс майданда шайқасады. Ұлы Отан соғысы жылдарында майдандағы ерлігі үшін Кеңестер Одағының Батыры атағына ие болады (1944 жыл 15.01.). 1963 жылға дейін әскер қатарында қызмет жасады. 1963 жылы генерал-майор чинінде демалысқа шықты. 1963-1974 жылдары Белорусс мемлекет университетінің проректоры қызметін атқарды. Чернигов (Украина), Калинковичи (Белоруссия), Орал (Қазақстан) қалаларының құрметті азаматы. Орал қаласының «Құрметті азаматы» атағы қалалық Кеңестің 1978 жылғы 12.12 №1051 шешімімен берілген.
Сүйіншалиев Ханғали Жұмашұлы (1918-2006)
Батыс Қазақстан облысы Тайпақ (қазіргі Ақжайық) ауданында дүниеге келген. 1943 жылы Орал пединститутын бітірген. Ұлы Отан соғысына қатынасқан. 1943-1953 жылдары Орал педагогикалық институтында аға оқытушы, кафедра меңгерушісі болды. 1953 жылдан ҚазҰУ оқытушысы, доцент, профессор болып істеді.
Ғалым, әдебиет зерттеушісі Ханғали Сүйіншалиев 1969 жылы филология ғылымдарының докторы, 1972 жылдан профессор, 1984 жылдан Қазақстанның еңбек сіңірген жоғары мектеп қызметкері.
Ғылыми-зерттеу еңбектері қазақ әдебиеті тарихы мен теориясы, Абай шығармаларының мәселелеріне арналған. Негізгі еңбектері: «Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері», «Ізденіс іздері», «Санлақтар сарабы» және т.б.
Қызыл Жұлдыз орденімен, І дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденімен және бірнеше медальдармен марапатталған.
1978 жылғы 12 желтоқсандағы қалалық кеңестің шешімімен берілген.
Есипенко Илларион Тимофеевич (1894-1988)
Полтава облысы, Новосанжар ауданы, Зачепиловка ауылында (Украина) дүниеге келген. Өмір жолы батрактан генералға дейінгі жолды өтті. Балалық шағын Дағыстанның Хасавюрт ауылында өткізді. Осы жерде шіркеу-приход мектебін аяқтады. Азамат соғысына қатысты. 1939 жылы Ростов облысының Донской жылқы зауытының директоры болды. 1934-1938 жылдары Орал қаласы әскери гарнизонның бастығы болған. Ұлы Отан соғысы жылдарында Москва, Ржев түбіндегі шайқастарға қатысты. 1943 жылы қыркүйекте генерал-майор шеніне ие болды. Қайтадан өзі басқарған жылқы зауытына бастық болды (1944-1952 жылдары). Өмірінің соңғы жылдарын Железноводскіде өткізді. Социалистік Еңбек Ері, үш Ленин Орденімен, бес Қызыл Ту, Отан соғысы және Қызыл Жұлдыз ордендарымен марапатталған. Железноводск, Кизляр және 1979 жылы 25.05 №398 қалалық Кеңестің шешімімен Орал қаласының Құрметті азаматы атағымен марапатталған.
Мурзагалиева Марина Мухамедовна (1924 жылы туған)
«Метрострой» жұмысшысы, Орал өңіріндегі Кеңес өкіметін орнату жолындағы белсенді күрескер К.Мырзағалиевтың қызы. «Ерен еңбегі үшін» медалімен, халық шаруашылығын дамытудағы жетістігі үшін ХШЖК қола медалімен, КСРО-ның халық бақылау органдарының жұмысына белсене қатысқандығы» төс белгесіне және «Құрметті көлік құрылысшысы» атағына ие, «Орал қаласының құрметті азаматы» атағы қалалық Кеңестің 1980ж. 26.08. №611 шешімімен берілген.
Семенов Петр Никифорович (1903 жылы туған).
1920 жылы комсомол қатарына қабылданған. Комсомол ұжымының белсенді мүшесі болды. Орал уезіндегі Революциялық ауылының комсомол ұйымының жетекшісі болды. 1921 жылы қазан айында Қызыл Армия қатарына өз еркімен кіріп, ЕМБ (ерекше мақсаттағы бөлімдер) жауынгері ретінде қарақшылықпен күресті. П.Н.Семенов БЛКЖО VIII съезі мен ҚКП-нің І съезінің делегаты болып, ОК құрамына сайланды. 1923 жылы Губком комсомол ұйымының тапсырмасымен Оралда ең бірінші тюнер ұйымын ұйымдастырды. 1924 жылы губбюро төрағасы болып сайланды. Ұлы Отан соғысына қатысты. Қалалық Кеңестің 1983 жылғы 30.06. №415 шешімімен «Орал қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.
Ипмағамбетов Әмірғали Меңдігерейұлы (1903-1992).
Орал (қазіргі Батыс Қазақстан) облысы. Теректі ауданында дүниеге келген. Жайық өңіріндегі революциялық қозғалысқа қатысушы. Революционер Меңдігерей Ипмағамбетовтың баласы. 1919-1915 жылдары Қараоба орыс-қазақ мектеп-интернатында оқыды. 1915 жылы Орал реалдық әскери училищесінде, 1918 жылы Орал кешкі қазақ гимназиясына ауысты. 1918 жылы сәуірдегі Орал жұмысшы, шаруа, солдат және қазақ депутаттарының І съезіне қатысты. 1919 жылы Орал губревкомы қасындағы үгітшілер курсында оқыды. 1919-1920 жылдары Орал губревкомы Ұлт істері жөніндегі коллегиясының нұсқаушысы. 1924 жылдан Гурьев уезіне қарасты Доссор РК(б)П аудандық комитетінің хатшысы, 30-шы жылдары Қарағанды облысында аудан, облыс деңгейінде әртүрлі қызметтер атқарды. 1936 жылы ақпанда БҚО Жәнібек ауданының партия комитетінің бірінші хатшысы болып тағайындалады. Жайық өңіріндегі революциялық қозғалыс тарихына қатысты жазылған бірнеше мақала, естеліктердің авторы.
Қалалық Кеңестің 1983 жылға 18.11. - дегі №742 шешімімен «Орал қаласы құрметті азаматы» атағы берілді.
Қажығалиев Шамгон Сағаддинұлы (1927-2015) қазақ, кеңес дирижеры, домбырашысы, педагог. КСРО халық әртісі (1985). Қазіргі Жаңақала ауданы БҚО Ұялықұм ауылында дүниеге келді. Ата-анасынан ерте айырылып, балалар үйінде тәрбиеленген. Қамыс-Самардағы Киров мектебінің түлегі. 10 жасында домбырашылардың облыстық олимпиадасының, 20 жасында республикалық конкурстың жеңімпазы болды. 1950 жылы Алматы консерваториясының халық аспаптар факультетің, ал 1964 жылы Ленинград консерваториясының опера-симфония дирижері факультетін бітірді. 1952 жылдан бастап Құрманғазы атындағы халық аспаптар оркестрінің негізін қалаушы А.Жубановтан кейінгі екінші дирижері әрі көркемдік жетекшісі болды. Осы кезеңде оркестр музыканттарының ансамбльдік орындаушылық мәдениетін көтеріп, кәсіби шеберлігін шындай түсті. Оркестр құрамындағы халық музыкасы аспаптарын жаңалап, олардың дыбыс бояуын байытып, жетілдіруге ықпал етті, оркестр репертуарын әлемдік классика шығармаларымен толықтырып, эстетикалық тәрбие беруге зор үлес қосты.
Қажығалиев Шамгон халық аспаптар оркестрін бастап, көптеген шетелдерде өнер көрсетті. 1970-1980 жылдары Алматы консерваториясында педагогикалық қызметпен шұғылданды.
Қажығалиев Шамгон 1953 жылы Бухаресте өткен жастар мен студенттердің дүниежүзілік фестивалінің лауреаты Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Еңбек Қызыл Ту, Халықтар Достығы және «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған. Қалалық Кеңестің 19.11.1983 жылғы №1863 шешімімен «Орал қаласы құрметті азаматы» атағы берілген.
Атоян Петр Александрович (1915 ж – 2003). 1915 жылы 23 қазанда Дондағы – Ростов облысының Шахты қаласында туылған. 1935 жылы Ленинград әскери-механикалық техникумын, ал 1940 жылы Ленинград металөнеркәсібі институтын бітірген. 1935-1942 жылдың наурызына дейін п/ж 231 зауытта жұмыс жасады. Зауыт Оралға көшірілді. Әртүрлі қызметтерде жұмыс жасады: конструктор, технолог, цех бастығы, бас инженер. 1945 жылдан 1989 ж. дейін К.Ворошилов атындағы машина жасау зауытының директоры (қазіргі «Зенит») Қазақстан ауыр өнеркәсібінің қалыптасуы және Жоғары кәсіби кадрлер дайындауға қаланың экономикалық және әлеуметтік дамуына орасан зор үлес қосты. Ленин, Октябрь революциясы, «Құрмет белгісі» ордендарымен марапатталған. Қалалық Кеңестің 27.04.1984 жылғы №224 шешімімен қаланың «Құрметті азаматы» атағы берілді.
Жексенбаев Шәкір 1901 жылы 28 ақпанда Батыс Қазақстан облысының Бөкей Ордасы ауданында дүниеге келген.
1917 жылы Ордадағы жоғары бастауыш училещені, 1924 жылы Мәскеудегі М.В.Фрунзе атындағы әскери академияны 1932 жылы Мәскеудегі әскери-инженерлік академияны бітірген. 1918 жылы Бөкей губерниясының әкімшілік-ұйымдық жұмыстарына қатысты. 1919 жылы өз еркімен Қызыл Армия қатарына алынды. Қазақтың тұңғыш атты әскер полкінің құрамында бөлімше, взвод командирі, эскадрон командирінің көмекшісі болды. Азамат соғысына қатысты. 1924-1941 жылдары әскери бөлімдерде, Қызыл Армияның әскери-химиялық басқармасында, Қиыр Шығыс ерекше армиясында жауапты қызметтер атқарды. Ұлы Отан соғысы кезінде Батыс, Орталық, Брянск, Ленинград майдандарында жоғары командалық қызметте болды. Ұлы Отан соғысын генерал-майор шенінде аяқтады. 1945-1949 жылдары К.Е.Ворошилов атындағы әскери академиясының кафедра бастығы, 1949-1958 жылдары В.В.Куйбышев атындағы әскери-инженерлік академиясының кафедра бастығы және аға оқытушысы болды. 1958 жылы отставкаға шықты. Өмірінің соңғы сәтіне дейін Мәскеу қаласында тұрды.
Ленин орденімен, Қызыл Жұлдыз орденімен, І дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденімен және бірнеше медальдармен марапатталған.
Сеитов Сағынғали Сеитұлы (20.11.1917 - 13.02.2007).
Сейітов Сағынғали 1917 жылы 20 қарашада Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Қурайлысай ауылында дүниеге келген. 1947 жылы КазПИ бітірген. Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1947-1949 жылдары Қазақстан Ғылым Академиясының Тіл және әдебиет институтында, 1949-1951 жылдары Қазақстан КП ОК насихат және үгіт, көркем әдебиет бөлімдерінде, 1951-1952 жылдары Қазақстан мемлекеттік көркем әдебиет баспасында жұмыс істеді. 1952 жылдан бастап Қазақстан Ғылым Академиясының Әдебиет және өнер институтында бөлім меңгерушісі, аға ғылыми қызметкер болып қызмет атқарды. 1961 жылдан филология ғылымдарының кандидаты.
Сейітов Сағынғали ақын, әдебиетші. Тұңғыш өлеңдер жинағы 1951 жылы жарық көрді. Одан бері оның «Жалғас жүректен», «Ортақ ой», «Бетпе-бет», «Сенем саған», «Өрден қрге», «Жаңғырық», «Алуан-алуан», «Жолдас уақыт», «Сәулет», «Сеңгір», «Самғау» және т.б. өлең кітаптары, «Жылдар жотасында», «Сөз сұрайды солдаттар» атты очерктер, әңгімелер жинағы, «Қырық жылда», «Ақын сапары», «Әдебиеттер достығы», «Өмір өрнектері», «Өлең өлкесінде» т.б. әдеби-зерттеу еңбектері жарық көрді.
Сейітов Сағынғали Г.Гейне, А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов, В.Маяковский шығармаларын қазақ тіліне аударды.
Отан соғысы, Қызыл жұлдыз ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған.
1987 жылы Орал қалалық маслихатының шешімімен «Орал қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.
Қалалық Кеңестің 2.10.1987 жылғы №561 шешімімен қаланың «Құрметті азаматы» атағы берілді.
Ермұқатова Қамида Айтқұлқызы 1914 жылы Батыс Қазақстан облысы Жымпиты ауданында дүниеге кеелген. 1929 жылдан бастап Орал ет комбинатында ішек-қарын цехында жұмысшы болып істеді. Осында 60 жыл жұмыс жасады. 1989 жылы зейнеткерлікке шықты. 1938-1957 жылдар аралығында ҚСРО Жоғары Кеңесінің депутаты болып сайланды. Партия ардагері. Сайланатын партия және қоғамдық ұйымдардың жұмысына қатысты. Мемлекеттік марапаттарға ие: Ленин Еңбек Қызыл Ту, екі «Құрмет белгісі» ордендарымен және қажырлы еңбегі үшін медальдарымен марапатталған.
Қалалық Кеңестің 18.12.1987 жылғы №692 шешімімен «Құрметті азамат» атағымен марапатталған.
Рахметова Ғарифа Мәжитқызы
Рахметова Ғарифа 1922 жылы қазіргі Атырау облысының Азғыр ауылында дүниеге келген. Орал педагогикалық институтының физика-математика факультетін бітірген. Еңбек жолын мектеп мұғалімі ретінде бастаған ол 1942 жылы әскер қатарына алынып, Мәскеудегі әскери байланыс мектебінде оқыған. Калинин, Солтүстік-Батыс, Брянск, Прибалтика, І-ші Беларусь майдандарына қатысып, радиотелеграфшы болған. 1945 жылдың соңында әскери қызметтен оралып, Орал қалалық комсомол комитетінің хатшылығына сайланған. 1946-1949 жылдары Қаратөбе орта мектебінде, Орал ауыл шаруашылық мектебінде мұғалім, 1949-1963 жылдары облыстық партия комитетінде нұсқаушы, Чапаев аудандық партия комитетінде бөлім меңгерушісі, облыстық кино тарату басқармасының бастығы қызметтерін атқарды.
Рахметова Ғарифа 2 дәрежелі Отан соғысы орденінің және бірнеше медальдің иегері. Ұлы Отан соғысының 50 жылдығына орай «Отан» орденімен марапатталған.
1989 жылы 23.06. №659 Орал қалалық маслихатының шешімімен «Орал қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.
Арыстанғалиев Қайыржан Арыстанғалиұлы 1917 жылы 5 мамырда дүниеге келген. 1943 жылдан Землячка атындағы зауытта жұмыс жасады: жұмысшы, мастер, цех бастығы. 1966 жылы 9 маусымда Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. 1972 жылы зейнеткерлікке шықты. Қалалық Кеңестің 23.06.1989 жылғы №59 шешімімен Орал қаласының «Құрметті азаматы» атағы берілді.
Гора Александр Александрович 1928 жылы 9 қарашада Теректі ауданы Федоровка ауылында дүниеге келген. 1946 жылы еңбек жолын Орал механика зауытында бастады. Кәсіподақ және партия ұйымдарында сайланатын қызметтерде болды VI разрядты токарь ретінде жоғары бағаға ие болды. Бірнеше мемлекеттік марапаттарға ие. Сүретші, жазушы және журналист ретінде белгілі. Қалалық кеңестің 23.06.1989 жылғы №659 шешімімен Орал қаласының құрметті азаматы атағы берілді.
Ақмурзин Сәрсен Ақмурзаұлы (1909-1999).
Ақмурзин Сәрсен Ақмурзаұлы 1909 жылы Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданында дүниеге келді. 1933 жылы Сламихин педагогикалық училищесін, 1936 жылы Оралдың А.С.Пушкин атындағы педагогикалық институтының қазақ тілі мен әдебиеті факультетін бітірген. 1936-1938 жылдары Оралдағы №11 мектептің директоры, 1938 жылы Орал педагогикалық институтында оқытушы, 1942-1943 жылдары Орал облыстық политсектор бастығының орынбасары болып қызметтер атқарған. 1943-1945 жылдары Кеңес Армиясы қатарында болып, Ұлы Отан соғысына қатысқан.
1945-1952 жылдары Орал педагогикалық институтында директор, 1952-1957 жылдары қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі болып қызмет атқарады. 1939-1953 жылдары Орал қалалық кеңесінің депутаты. «Қазақ ССР Жоғары мектебіне еңбек сіңірген қызметкер», «Құрмет белгісі», «І дәрежелі Отан соғысы», «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен, медальдармен, грамоталармен марапатталған. 9.04.1996 жылы Орал қалалық мәслихатының №18-11 шешімімен «Орал қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.
Иконников Петр Степанович
1903 жылы Чапаев (қазіргі Ақжайық) ауданы Мерген ауылында шаруа семьясында дүниеге келді. Шіркеу – приходтық мектептің 3 класын бітірген. Азамат соғысы жылдарында 25-ші Чапаев дивизисының 221 полкінде болды. 1941 жылдан бастап 1945 жылға дейін неміс-фашист басқыншыларына қарсы І Украин майданында пулеметші болып шайқасты. Мемлекеттік марапаттары бар: «Отан соғысы», 3 дәрежелі «Даңқ» ордендарымен, «Ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін», «Ұлы Октябрь революциясының 70-жылдығы» медальдары. Ұлы Отан соғысынан кейін жұмысшы болып жұмыс істеді.
Мұстафин Көбей
1895 жылы Орда ауданы Сайхин ауылында шаруа семьясында дүниеге келді. Азамат соғысы кезінде 25-ші Чапаев дивизиясының құрамындағы бірінші қазақ атты әскерінде болды. 1927 жылға дейін шаруашылықпен айналысты. Совхозда әртүрлі жұмыстарда істеді.
1990 жылы қалалық кеңестің шешімімен «Орал қаласы құрметті азаматы» атағы берілді.
Молдашев Қайырғали Молдашұлы
1921 жылы Орда ауданында Жиекқұм ауылында дүниеге келді. 1950 жылы А.С.Пушкин атындағы Орал пединститутын бітірді. 1956 жылдан облыстық мәдениет басқармасының бастығы, 1965-1975 жылдары Орал қалалық халық депутаттары кеңесінің төрағасының орынбасары, 1978-1982 жылдары төраға қызметін атқарды. «Германияны жеңгені үшін», «В.И.Лениннің 100 жылдығына Қажырлы еңбегі үшін», «Тың жерлерді игергені үшін» медальдерімен марапатталған. Қалалық Кеңестің 27.12.1996 жылғы №22-5 шешімімен «Орал қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.
Рысбеков Тұяқбай Зейітұлы
Рысбеков Тұяқбай Зейітұлы – ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор, академик 1947 жылы шілденің 25-сінде Жамбыл облысы Талас ауданы Ақкөл ауылында дүниеге келген.
1965 жылы Жамбыл қаласы Абай атындағы педагогикалық училищені үздік аяқтап, еңбек жолын Үш Арал орта мектебінде бастауыш сыныптың мұғалімі болып бастады. 1971 жылы С.М.Киров атындағы Қазақтың мемлекеттік университетін бітіргеннен кейін А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтына оқытушы, 1977 жылы ҚазМУ-дың тарих кафедрасына қарасты аспирантурада кандидаттық диссертациясын қорғағаннан кейін, Орал педагогикалық институтында КСРО тарихы кафедрасының аға оқытушысы, 1979-1991 жылдары аралығында доцент, тарих кафедрасының, тарих факультетінің деканы болып қызметтер атқарды. 1990 жылы докторлық диссертация қорғап, тарих ғылымдарының докторы атанады. 1991 жылы профессор атағына бекітіліп, А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының ректоры болып сайланды.
1996-2000 жылдары Батыс Қазақстан гуманитарлық университетінің ректоры, 2000-2002 жылдары университеттің бірінші проректоры және ҚР тарихы кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды. 2002-2003 жылдары аралығында облыстық мәслихаттың хатшысы, 2003 жылдан бастап М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры.
Ол 730-дан астам ғылыми еңбектердің, соның ішінде 43 монография мен оқу құралдарының авторы ретінде «Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарындағы жетекші ғалым және оқытушылардың тізімі» қорының деректемесіне арнайы енгізілген.
Академик Рысбековтың жетекшілігімен 2 докторлық, 20 кандидаттық және 57 магистрлік диссертация қорғалды.
Тұяқбай Зейітұлы аймақта белсенді қоғамдық жұмыстар атқарып келеді. Бірнеше рет қалалық және облыстық маслихатқа депутат болып сайланды. «Нұр Отан» ХДП саяси кеңесі және саяси бюросының мүшесі.
Т.З.Рысбеков – гуманитарлық ғылымдар Академиясының (1995 ж.), ҚР әлеуметтік ғылымдар академиясының (1996 ж.), Балтика педагогикалық академиясының (1996 ж.), Әлеуметтік және педагогикалық ғылымдар академиясының (Мәскеу-1997 ж.), Жоғары мектеп ғылымдарының халықаралық академиясының (1997 ж.) академигі, Петров академиясының (2003 ж.), Ақпараттандыру академиясының (2005 ж.), Халықаралық Еуропалық академиясының (2007 ж.) корреспондент-мүшесі, ҚР Ұлттық Ғылым Академиясы Құрметті академигі, ҚР Жоғары мектеп ҰҒА академигі, Еуропалық ЖОО ректорлары Клубының (2006 ж.) мүшесі, «Қазақстанның жоғары мектеп Хабаршысы» (1996 ж.) және «Ақиқат» журналдарының лауреаты (1997 ж.). ҚР ЖОО-ның Бірлестігінің тағайындауымен «Үздік автор» атағының иегері (2004 ж.).
Ол Білім беру министрлігінің құрмет грамоталарымен, «Еңбек ардагері» (1987 ж.), Ыбырай Алтынсарин (1992 ж.), А.Байтұрсынов (2004 ж., 2007 ж.), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001 ж.), «SPI Алтын белгі» (Париж-2005 ж.), «Еуропалық интеграцияның дамуына қосқан жеке үлесі үшін» (Оскфорд-2006 ж.), «ҚР ғылымын дамытудағы үлесі үшін» (2004 ж.), «Бірлескен Еуропа» (Оскфорд-2006 ж.), «Астананың 10 жылдығы» (2008 ж.) медальдарімен, «ҚР білім үздігі» төстік белгісімен (1995 ж.), «РФ ақпараттық қоғамын дамытуға қосқан үлесі үшін» (2005 ж.) орденімен, «Ұлттық экономиканың көшбасшысы-2006», Құрмет белгісімен (Мәскеу), ҚР мемлекеттік «Парасат» орденімен (2006 ж.) марапатталды. «ҚР еңбек сіңірген қызметкері» (1996 ж.), «Орал қаласының Құрметті азаматы», (1998 ж.), халықаралық «Жыл кәсіби маманы» (Ұлыбритания – 2007 ж.) атағына, «ҚР спортының құрметті қайраткері» (2007 ж.), «ҚР білімінің құрметті қызметкері» (2007 ж.) атақтарына ие.
Қалалық Кеңестің 27.05.1998 жылғы №29-9 шешімімен «Орал қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.
НАФИГОВ Рафик Измайлович (15.07.1928 – 9.12.2001)
1928 ж. 15 шілдеде Орал қаласында дүниеге келді. 1946 ж. № 6 мектепті бітірді. 1947-1951 жж. А.С.Пушкин атындағы Орал пединститутында білім алды. 1951 ж. бастап 50 жыл бойы Қазан қаласында тұрды. 1954 ж. тарих ғылымы кандидаты, ал 1964 ж. тарих ғылымы докторы атағына диссертациялар қорғады.
1951-1954 жж. В.И.Ульянов-Ленин атындағы Қазан МУ-нің аспирантурасында оқыды. 1954 ж. өмірінің соңына деін Қазан МУ-де ассистенттіктен профессор, кафедра меңгерушілігіне дейін жұмыс жасды.
1968 ж. профессор атанды. 1969-1984 жж. КПСС тарихы кафедрасының меңгерушісі, 1989-1994 жж. Қазан МУ-нің саяси тарих кафедрасының меңгерушісі болды.
1976ж. «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды.
1978 ж. «Татар АССР-ы ғылымының құрметті қайраткері» атанды.
1991 ж. ТР-ның ҒА академигі болды. 1994 ж. өмірінің соңына дейін саяси тарих кафедрасының профессоры болып жұмыс жасады.
Ол 300-ден астам ғылыми еңбек жазды, оның 15-і монография. Оның жетекшілігімен 3 ғылым докторы және 45 ғылым кандидаты даярланды.
2001 ж. 9 желтоқсанда қайтыс болды.
Орал қалалық мәслихатының 1999 ж. 25.05. №37-8 шешімімен «Орал қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.
Чесноков Николай Григорьевич (19.12.1915 – 29.02.2004).
Белгілі журналист, өлкетанушы, Ұлы Отан соғысының ардагері, отставкадағы полковник, 20-дан астам марапаттың иесі.
1925 жылы 31 мамырда Оралда дүниеге келген. Орал пединститутында оқыған. Журналист, облыстық «Приуралье» газетінің, телерадио компаниясының бас редакторы болып жұмыс жасады. Орал өңіріне арналған көптеген өлкетану тарихы еңбектерінің авторы. Олар жергілікті және Республикалық баспалардан жарық көрді: «Уральску – 350 лет», «На краю Руси обширной», «Улицы ведут в историю», «Приняли меня славно», «На куполах столетий отблеск», «Расправа. Голод», «Рифмованная проза жизни».
Николай Григорьевич Халықаралық премияның лауреаты. Қаланың тарихын зерттеу мен насихаттаудағы, әдеби-творчестволық, рухани-патриоттық қызметі және орасан зор интеллектуальдық үлесі үшін қалалық кеңестің 2001 жылғы 25.12. №2-27 шешімімен Орал қаласының құрметті азаматы атағы берілді.
Сатаев Зекеш Сатайұлы
Зекеш Сатайұлы Сатаев 1926 жылы 15 қыркүйекте Қаратөбе ауданының №3 ауылында дүниеге келді. Еңбек жолын 1942 жылы Ұлы Отан соғысы жүріп жатқан кезде бастады. Он алты жасар бозбала Оралдың жетіжылдық мектебін бітіріп, Ленинград қаласынан көшіріп әкелінген 231 зауытқа токарь болып жұмысқа кірісті. Мамандағын тез меңгеріп алтыншы разрядты токарь атанды. 1947 жылы ауысым мастері, соңынан механикалық жинау цехы бастығының орынбасары, 1957 жылы цех бастығы болып тағайындалды. Жұмыстан қол үзбей жүріп Алматы индустриалдық техникумының металды өңдеу мамандығы бойынша бітіріп шықты. Зекеш Сатайұлы еңбектің өнімділігін арттыру, өнімнің сапасын жақсарту, еңбек қауіпсіздігін сақтау бойынша бірнеше құрылғылар дайындады. 1963 жылы Орал механикалық зауытының директоры болып тағайындалып осы жерден зейнеткерлікке кетті. Халық депутаттары қалалық Кеңесінің депутаты, қалалық және облыстық партия комитеттерінің бюро мүшесі болды. Зейнеткерлікке шыққан соң Зекеш Сатайұлы бірнеше жыл қатарынан соғыс және еңбек ардагерлерінің қалалық Кеңесінде қызмет жасады.
Зекеш Сатайұлының еңбек жолында бірнеше мемлекеттік наградалармен марапатталды:
Екі «Құрмет Белгісі» орденімен;
«Еңбек Қызыл Ту» орденімен;
«Октябрь Революциясы» орденімен;
«Халықтар Достығы» орденімен;
«1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысындағы ерен еңбегі үшін» медалімен.
Қалалық Кеңестің 2001 жылғы 25.12. №23-28 шешімімен Орал қаласының өнеркәсібін, қаланың инфрақұрылымын, ауыл шаруашылығын механикаландыруды дамытуға қосқан зор үлесі үшін «Орал қаласының құрметті азаматы» атағын алды.
Камалов Сухан Мақсотұлы (21.12.1935- 29.12.2018).
Камалов Сухан Мақсотұлы 1935 жылы 21 желтоқсанда Казталовка ауданының Асанқұдық ауылында дүниеге келді.
1959 жылы ҚазМУ-дің геология бөлімін бітірген. Геологиялық партия коллекторлығынан бастап республикалық геология және жер қайнарын қорғау комитеті төрағасының бірінші орынбасарлығына дейінгі қызмет сатыларынан өтті. Каспий маңы ойпаты аймағында барлау жұмыстарын жүргізіп, геологиялық құрылымын айқындау жұмыстарымен айналысқан.
Камалов Сухан сұйық көмірсутекті Өзен және Жетібай кендерін, Ақтөбе облысының «Жаңа жол» мұнай кен орнын зерттеп, ашқан. Бірегей Қарашығанақ газконденсат кенін ашуға қатысқан ғалымдардың бірі. Камаловтың жетекшілігімен мұнайдың және газ кендерінің орналасу картасы жасалды.
1992-1998 жылдары газ өнеркәсібі ғылыми-зерттеу институтының директоры қызметінде болды. 80-дей ғылыми еңбектің авторы. Республикалық Инженерлік академияның Батыс Қазақстан облыстық ғылыми орталығының басшысы. Қазір «Газ жобалау» ғылыми зерттеу институты» ААҚ президенті.
Камалов Сухан ғалым, 1989 жылдан геология-минерология ғылымдарының докторы, 1994 жылдан Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі, 1995 жылдан Қазақстан инженерлік академияның академигі.
«Құрмет белгісі» және «Парасат» ордендерімен, бірнеше медальмен марапатталған.
2001 жылы 25.12. Орал қалалық мәслихатының №23-29 шешімімен «Орал қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.
Жұбаев Сергей Шұғайұлы (1939- 2010)
Жұбаев Сергей Шұғайұлы 1939 жылы Астрахань облысы Володар ауданында Козлово-Разбугорье ауылында дүниеге келген. Орта мектепті бітіргіннен кейін Саратов ауыл шаруашылығын механизациялау институтына түсті, 1962 жылы үздік белгімен аяқтады. Одан кейін Астрахань облысында совхозда бас инженер болып жұмыс жасады. 1964-1967 жылдары аспирантурада оқып, техника ғылымдарының кандидаты атағына диссертация қорғады.
Жұбаев С.Ш. педагогикалық және ғылыми қызметі Батыс Қазақстанда басталды. 1967-1989 жылдары Жұбаев С.Ш. ассистенттен Батыс Қазақстан аграрлық университетінің ректорлығына дейін көтерілді. 1989 жылдан бастап 11 жыл бойы университет ректоры болды. Мемлекеттік марапаттарға ие: «Құрмет белгісі» ордені, «Еңбек ардагері», «СССР құрметті өнертапқышы» медальдері, «Құрметті халық білім қызметкері» атағы.
Профессор, ҚР жаратылыстану академиясының академигі, ҚР инженерлік академиясының академиялық кеңесшісі.
120 еңбектің, 12 жаңашылдығы және патенттері бар. Батыс аймақта жоғары білімнің қалыптасуы мен дамуына, жоғары кәсіби мамандарды өндіріс орындары мен ұйымдарға дайындауға қосқан үлесі үшін қалалық кеңестің 2001 жылғы 25.12. №23-30 шешімімен «Орал қаласының құрметті азаматы» - атағы берілді.
Сафин Хамза Абдрахманұлы (1925-2020)
1925 жылы 22 қыркүйекте Орал қаласында дүниеге келді. 1941 жылы шілдеден бастап Орал тон-тері зауытында слесарь, кочегар, зауыт электрстансиясының машинисті қызметтерін атқарды. 1942 жылы желтоқсанда, 17 жасында комсомолдық шақыру бойынша әскери-таяу училищенің курсанты болды. Содан 1943 жылы мамырда Оңтүстік-Батыс майданға аттанды. Одан кейін екінші Прибалтика және үшінші Белорусс майдандарында шайқасты. Үш рет жараланып, зақымдалды.
1946 жылы ақпанда жарақаты мен мүгедектігіне байланысты әскери қызметтен босатылды.
1949 жылы құрылыс техникумын бітірді. Содан кейін әр жылдарда Одақтық сәулет және құрылыс Академиясының Жоғары инженерлік курсын, В.Куйбышев атындағы Мәскеу инженерлік-құрылыс институтының құрылыс кадрлерін жетілдіру факультетін бітірді.
Құрылыс тресінің прорабынан бастығына дейінгі еңбек жолын өтті. Тың жерлерде игеру жылдарында Батыс Қазақстан облыстың ауыл шаруашылық басқармасының күрделі құрылыс басқармасының бастығы болды. Қаланың және облыстың құрылыс индустриясын жобалау мен жасауға қатысты.
10 жылдай облыстық атқару комитетінің төрағасының көмекшісі қызметінде бола жүріп, ірі әлеуметтік объектілердің базасы мен құрылысының дамуы мәселелерін қадағалады.
1992 жылы қаңтардан зейнеткерлікке шыққаннан кейін 16 жыл бойы облыстық мүгедектер қоғамын басқарды. Жалпы еңбек өтілі – 66 жыл.
Ұлы Отан соғысына қатысқаны, еңбектегі және қоғамдық жұмыстағы белсенділігі үшін «Отан соғысы» (1-2 дәрежелі), Қызыл Жұлдыз, «Құрмет белгісі» ордендарымен, «Ерлігі үшін» басқа да 20-шақты медальдармен марапатталған.
1967 жылы «Қазақ ССР еңбек сіңірген құрылысшысы» атағы берілді.
2002 жылы 16.04. №27-8 қалалық Кеңес шешімімен «Орал қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.
2003 жылы мамырда «Парасат» орденімен марапатталды.
Жайсан Ақбай
Жайсан Ақбай 1927 жылы 9 мамыр күні Сырым ауданының Шағырлыой ауылында дүниеге келген. Мектепті бітірген соң Орал педагогикалық институтының тарих факультетіне оқуға түседі. 1950 жылы институтты бітірген соң Жалпақтал ауданында мұғалім болып қызмет атқарды. Содан кейін жылдарда аудандық білім бөлімінде инспектор, Жалпақтал орта мектебінің директоры болған. 1962-1971 жылдары партия-кеңес қызметін атқарады. 1971 жылы Батыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының бастығы болып тағайындалады. Аталған лауазымда 16 жыл қызмет етеді. 1987-1997 жылдары Қазақ мәдениет қорының облыстық бөлімшесінің жетекшісі болды. 1987 жылдан өлке тарихын зерттеумен айналысып жүр.
Жайсан Ақбай 250-ден аса тарихи-танымдық еңбектердің авторы. Жергілікті баспадан «Қазақтар», «Сырым тағдыры – ел тағдыры», «Хан Жәңгір», «Ритмы Ак Жаик», «Радуга Ак Жаик», «Нарын - Казахия», «Алтын-От-Ана» атты кітаптары шықты.
«Парасат» қоғамдық бірлестігінің құрметті төрағасы, «Сабақтастар» клубының жетекшісі, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің және «Евразия» институтының құрметті профессоры.
«Құрмет Белгісі», Халықтар достығы орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған.
2007 жылы 12.06. Орал қалалық маслихатының №46-15 шешімімен «Орал қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.
Нәбиуллин Жанғали 1936 жылы 13 желтоқсанда Бөкейорда ауданының Искра ауылында дүниеге келген.
1960 жылы А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын бітірген. Жаңақала, Жалпақтал аудандарында, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстық газеттерінде қызмет істеді. Қазақстан Жазушылар одағының кеңесшісі болды. Кейін республикалық «Аққұс», облыстық «Серпер» басылымдарында қызмет істеді.
Нәбиуллин Жанғали өлеңдері «Қазақ кеңес поэзиясының антологиясына» кірген. 1969 жылдан Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. 70-тен астам кітаптың авторы. Әдеби шығармалары: «Ақ жаңбыр», «Таныс әуендер», «Ақ сөйле, жүрегім», «Орда - қаһарман қаласы», «Қасқағым», «Әнші жылдар», «Жоғары кернеу», «Жетінші перне».
Қазақстан Республикасының Президентінің мақтау грамотасымен марапатталған.
2006 жылдың «Қыран» атағының иегері.
2007 жылы 30.10. Орал қалалық маслихатының № 3-7 шешімімен «Орал қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.
Бақтыгереева Ақұштап 1944 жылы 23 тамызда, Еңбек ауылы, Ақжайық ауданы, Батыс Қазақстан облысында дүниеге келді. Қазақ ақыны және қоғам қайраткері. ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2018).
1961 ж. Орал қаласындағы С.Сейфуллин атындағы 11-орта мектепті бітірді. 1961-1966 жылдары Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік қыздар институтында оқыды.
Еңбек жолын 1966-1971 жылдары Оралдағы «Орал өңірі», Талдықорған облысындағы «Октябрь туы», Алматыдағы «Қазақ әдебиеті» газеттерінде өткізді. 1971-1972 жылдары «Қазақфильм» киностудиясында редактор болды. 1975-1981 жж. «Жұлдыз» журналының редакторы. 2007 ж. бастап «Қаламгер» бірлестігінің басшысы, Қазақстан Жазушылар одағының БҚ филиалының төрағасы. 1969 ж. Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі.
1967 ж. ең бірінші «Өрімтал» өлеңдер жинағы шықты Содан кейін «Наз» (1969), «Қуанышым, іңкәрім» (1971), «Сені ойлаймын» (1973), «Аққанат» (1975), «Бақыт әні» (1978), «Жайық қызы», «Белокрылая» (1981), «Ақ желең» (1985), «Сүмбіле» (1990), «Ақ шағала» (2001). Ақынның өлендері «Песня. Мечта. Любовь», «Чудесный сад» (1980) жинақтарына енген. «Советска женщина», «Огонек» (1980) журналдарының премиясының лауреаты.
Көптеген марапаттарға ие:
«Құрмет» ордені (2005), «ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Астанаға 10 жыл» (2008), «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011), «ҚР Конституциясына 20 жыл» (2015), «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016), «Астанаға 20 жыл» (2018) медальдарымен, «Алаш» халықаралық әдебиет (2008), ҚР мәдениет аласының мемлекеттік саласының стипендиясының (2013, 2014, 2015), ҚР әдебиет және өнер саласының Мемлекеттік сыйлығының (2018) лауреаттары. Орал қаласының (2004) және Батыс Қазақстан облысының құрметті азаматы.
Жақыпов Қабиболла Қабенұлы (1949 ж.т., Казталов с.) – мемлекеттік қызметші, техника ғылымының кандидаты. Еңбек жолын ауд. байланыс торабының электромонтері ретінде бастаған. 1972 ж. Ақмола инженерлік-құрылыс институтын бітірген. 1972 жылдан аудан құрылыс мекемелерінде прораб, инженер, бас инженер, облыста «Орал ұжымшарқұрылысы» тресінде бас инженер, 1979 жылдан Орал қалалық. Кейін аудан партия кеңес орындарында еңбек етті. 1991-1992 жылдар Орал қалалық атқару кеңесінің төрағасы, 1992-1993 жылдар Орал қаласының әкімі, 1993-2000 жылдары облыс әкімі, 2000 жылдың желтоқсанынан бері ҚР көлік және коммуникация министрінің бірініші орынбасары.
Содан кейін Премьер-министр канцеляриясының бірінші орынбасары, ҚР Парламентіндегі үкімет өкілінің басшысы, 2007 және 2012 жылдары ҚР Парламентінің депутаты, 2014-2016 жылдары Мәжіліс төрағасы болды. Техника ғылымдарының кандидаты, ҚР Ұлттық инженерлік Академиясының корреспондет – мүшесі. Құрмет, Парасат (2009), 2 дәрежелі «Барыс» (2015) және «ынтымақтастық» ордендарымен (2016) және медальдармен марапатталған. Республика құрметті құрылысшысы.
Орал қалалық мәслихатының 27.08.2009 жылғы № 20-5 шешімімен облыс орталығының әлеуметтік-экономикалық дамуына, қоғамдық қызметке белсен араласқаны үшін «Орал қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.
СМАҒҰЛОВ Нұрғали Балдықбайұлы (16.03.1910-2012)
1910 жылы 16 наурызда Жамбыл облысы, Қордай ауданы Қаракемер ауылында дүниеге келген.
1929 ж. Алматы педагогикалық техникумының дайындық курсына түсті. Үшінші курстан кейін оқуын Қазан қаласында жалғастырды. Осылай 1933 ж. Қазан қаласындағы Құрылыс институтының заң факультеті студенті атанды.
Заңгер мамандығын алып елге келіп, 1936 ж. Семей қаласының прокурорына көмекші ретінде жіберілді. Кейін облыс прокуратурасының қылмыстық сот қадағалау бөлімінің бастығы, Семей облыстық прокурорының бірінші орынбасары қызметін атқарды.
1942 ж. Қазақ ССР прокурорының орынбасары болды. 1943-1948 жж. Жамбыл облысы Мерке ауданының, 1948-1950 жж. – Көкшетау, 1951-1956 жж. – Қостанай, 1956-1959 жж. Оңтүстік Қазақстан, 1959-1971 жж. Батыс Қазақстан облысының прокуроры қызметін атқарды.
1962 ж. Қазақ ССР Жоғары Кеңесінің грамотасымен марапатталды.
Елге сіңірген 35 жылдық ерен еңбегі үшін «Ұлы Отан соғысындағы ерен еңбегі үшін», «Еңбек ардагері» медальдарымен марапатталды.
2010 ж. 16 нарызда Нұрғали Балдықбайұлы 100 жасқа толды. Данағой қарияның өмір жолы – ел тарихының даму жолы.
2012 жылы қайтыс болды.
МҰҚАТАЕВ Вениамин Қадырұлы – 1956 жылы 1 ақпанда Орынбор облысы Құрманай ауданы Костино ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын «Уральскпромстрой» тресінде дәнекерлеуші көмекшісі болып бастайды, 25 жылдан астам уақыт бойы Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық саласында қызмет етіп, 1999 жылдан бастап В.Мұқатаев Орал қаласының әкімі болып тағайындалады. 1999 жылдан 2005 жылға дейін қаламызда Қазақ драма театры, Мұз айдыны сарайы, жүзу бассейні салынды. В.Қ.Мұқатаев 2001 ж. «Алтын барс» белгісімен, ҚР Президентінің алғыс хаттармен, «Астана» және «Тәуелсіздікке 10 жыл» медальдарымен марапатталған.
Орал қалалық мәслихатының 14.10. жылғы № 41-12 шешімімен «Орал қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.
ПОТИЧЕНКО Александр Андреевич – 1946 жылы 20 қыркүйекте РФ Орынбор облысы Первомай ауданындағы Озерное ауылында дүниеге келген. А.Потиченко еңбек жолын 1961 ж. «Промстрой» құрылыс басқармасында әр түрлі жұмыстағы жұмысшы ретінде бастайды. 1991 ж. бастап «Альтаир» құрылыс компаниясының басшысы қызметін атқарып келеді. 20 жыл ішінде өндірістік, тұрғын үй және әлеуметтік-тұрмыстық мақсаттағы 100-ден астам нысан салынып, пайдалануға берілген. ҚР Үкіметінің «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталып, «ҚР құрметті құрылысшысы» атағы берілді. 2009 ж. «Құрмет» орденімен, ж. «Алғыс» медалімен, «ҚР тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.
Орал қалалық мәслихатының 14.10. жылғы № 41-13 шешімімен «Орал қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.
АЖҒҰЛОВ Мұхтар Ажғұлұлы – 1922 жылы 1 мамырда дүниеге келген. 1942-1945 жылдары Отан соғысына қатысып, Сталинград, Калинин. Бірінші және екінші Прибалтика майдандарында болды. Жұмыс жасаған кездерінде бірнеше рет аудандық, облыстық кеңестерінің депутаты, аудандық, облыстық партия комитеінің мүшесі болып сайланды. М.Ажғұлов Батыс Қазақстан облысының құрметті азаматы, сондай-ақ, Қазақ ССР Жоғарғы кеңесінің Құрмет грамотасымен, Отан соғысы ІІ дәрежелі орденімен, Еңбек Қызыл Ту орденімен, Құрмет белгісі ІІ ордені және т.б. марапатталған.
Орал қалалық мәслихатының 2013 жылғы 12.03. № 11-6 шешімімен «Орал қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.
БУКАТКИН Павел Романович (1923-22.10.2019)
1923 жылы Орал қаласында дүниеге келген. Тарих ғылымдарының кандидаты, тарихшы, өлкетанушы. Орал пединститутың бітірген. Сонда оқытушы, доцент, профессор, кафедра меңгерушісі болып жұмыс жасады.
6 монографиясы жарық көрген. Әсіресе «Западно-Казахстанская область – ближний тыл Сталинградского фронта» (Орал, 1993), «От Уральска до Эльбі и Праги» (Орал, 1994), «Западноказахстанцы в годы суровых испытаний (1941-1945 гг.» (Орал, 2005). Кітаптарында облыс тарихына қатысты қүнды деректер мол.
Ұлы Отан соғысына қатысып, Орталық, Белорусс және 1,4 Украин майдандарында шайқасып, соғысты Прагада аяқтаған Үш Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендарымен және «Ерлігі үшін», «Батылдығы үшін» және «Дукланы алғаны үшін» Чех медалімен марапатталған.
Еңбектегі табыстары үшін «Құрмет» орденімен, «СССР жоғары мектебі үздігі», «Қазақ Республикасы оқу ісінің үздігі», «ҚР ғылымын дамытудағы еңбегі үшін», төсбелгілерімен марапаталған.
Орал қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі қоғамдық қызметтегі белсенділігі, білім сапасын арттыру және ғылымды жетілдірудегі үлесі үшін қалалық мәслихаттың 2013 жылғы 12.03. № 11-6 шешімімен «Орал қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.
ГАПИЧ Иван Степанович – 1923 жылы 2 ақпанда Целиниград қаласында дүниеге келген. Соғыс жылдары Польшаны, Чехословакияны, Украинаны азат етуге қатысқан. 1952 жылы И.С.Гапич Қарағанды облысының прокуратура органдарында қызмет еткен. 1956-1966 жылдары аралығында КСРО проуратура органдарында қызмет атқарған. 1966-1986 жылдары аралығында Батыс Қазақстан облысы прокуратурының бірінші орынбасары болып қызмет еткен. «Ерлік үшін», «За взятие Кенигсберга» медальдарымен, «Қызыл Жұлдыз», «Слава – 3 степени», «Құрмет» ордендерімен марапатталған.
Орал қалалық мәслихатының 12.03. жылғы № 11-6 шешімімен «Орал қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.
ЖҰМАҒАЛИЕВ Бисен Жұмағалиұлы (22.12.1922- 1.07.2015).
1922 жылы 22 желтоқснда Тайпақ ауданы, Сайқұдық ауылында дүниеге келген. 1951 жылы Орал педагогика институтын, 1960 жылы Жоғарғы партия мектебін, 1964 жылы Алматы ауыл шаруашыылық институтының аспирантурасын бітірген. 1942 жылы қаңтарда майданға аттанып, 13 дивизия құрамында соғысқа қатысады. 1945-1955 жж. Фурманов аудандық партия комитетінің 1-ші хатшысы. 1960-1985 жж. Орал және Көкшетау облыстарында партия комитеттерінің хатшысы. 1985 жылы Көкшетау қаласындағы Куйбышев республикалық мемориалдық музейдің директоры. «Октябрь революциясы», «Отан соғысы», «Қызыл Жұлдыз», 3 мәрте «Еңбек Қызыл ту», 2 мәрте «Құрмет Белгісі» ордендерімен, ҚР «Құрмет» орденімен марапатталған.
Орал қалалық мәслихатының 12.03. жылғы № 11-6 шешімімен «Орал қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.
КУЖЕКОВА Роза Лукьяновна 1939 жылы дүниеге келген, А.С.Пушин атындағы Орал педагогикалық институтың 1962 жылы аяқтағаннан кейін, еңбек жолын ауылдық мектеп мұғалімінен бастап, өз білімділігінің, ұйымдастырушылық қабілетінің және дарынды жұмыс қабілеттілігінің арқасында қысқа мерзім аралығында еңбек жолын қалалық және облыстық құрылым бастығының деңгейіне жеткізді.
Обком комсомолының бірінші хатшысы, облыстық кәсіподақ кеңеснің төрағасы, қалалық және Батыс Қазақстан облыстық партия комитетінің секретары қызметтерін атқара отырып Роза Лукьянқызы қаланың және облыстың экономикалық әлеуметтік дамуына зор үлес қосты.
Қайта құру жылдары облыстық еңбек қорғау және тұрғындарды әлеуметтік қорғау басқармасын басқара отырып, мүгедектерге, зейнеткерлерге және басқа да көмек қажет адамарға шынайы көмек көрсетіп қана қоймай, оларға еліміздің жарқын болашағына үлкен үміт ұялатты. Осы үлкен азаматтық қасиетті 1995 жылы зейнеткерлік демалысқа шыққан кезінде де, практикалық сайланбалы, мерекелік және жаппай іс-шаралар, көптеген қайырымдылық қорлар қызметі Р.Л.Кужекованың белсенді қатысуымен өтті. Ардагерлік ұйымдарда жұмыс жасай отыра, жасы келген үлкендердің мәселелерін шешуге, сонымен қатар жастарға патриоттық тәрбие беруге үлкен үлес қосты.
Роза Лукьянқызы бірнеше мәрте Облыстық және қалалық халық кеңесінің депутаты, сонымен қатар Республикалық сайлау органдарының құрамына сайланды. Оның еңбектері мемлекеттік, қалалық, облыстық және белсенді өмірлік айқындамасы «Знак Почета» - сының екі орденімен, медальдармен, Құрмет грамоталарымен, Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың алғыс хаттарымен марапатталды.
Орал қалалық мәслихатының 2014 ж. 31.03. № 21-10 шешімімен «Орал қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.
ЕСҚАЛИЕВ Нәжмеден Ықсанұлы 1941 жылы 5 қыркүйекте Астрахан облысы Красноярск ауданында дүниеге келген. Қазақ ауыл шаруашылық институтын бітіргеннен кейін, 1972-1983 жылдары аралығында, басшысының бірінші орынбасары, Орал қаласының Облыстық ауыл шаруашылық басқармасының басшысы қызметін атқарды. 1983-1985 жылдары Талдықорған аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы, 1985-1990 жылдары Талдықорған облысының атқару қызметінің төраға орынбасары, Орал облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы қызметтерін атқарды. 1990-1993 жылдары Орал облыстық кеңестің төрағасы, Батыс Қазақстан облысы әкімшілігінің басшысы қызметтерін атқарды.
Есқалиев Н.Ы. басшылығы кезінде Орал қаласында жыл сайын 325 мың шаршы метр тұрғын үй пайдаланысқа беріліп отырды, 40 км қала көшелері асфальтталып, көркейтілді. Сол жылдары аймақтағы ірі бөбектер үйі, Балалар аурухансы, №15 көмекші мектеп-интернаты, диагностикалық орталық салынып, орталық мәдениет және демалыс саябағын қайта құру басталды.
1993-1994 жылы Есқалиев Нәжмеден Ықсанұлы ҚР Премьер министрінің кеңесшісі қызметін атқарды, 1994-1997 жылдары ҚР-ның Украинадағы төтенше және өкілетті елшісі, Молдовияда да қоса қызметте. 1999-2003 жылы СНГ және ҚР атқарушы комитетінің төраға орынбасары қызметін атқарды. СССР Жоғарғы кеңесінің депутаты. Халықтар достығы орденімен және т.б. медальдармен марапатталған.
Орал қалалық мәслихатының 2014 ж. 25.04. №23-5 шешімімен «Орал қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.
МАЧЕВСКИЙ Михаил Яковлевич 1919 жылы 27 ақпанда Одессада дүниеге келген. Қызметтік жолын 1935 жылы Одессада облстройтрес есепшісі қызметінен бастады. Орал қалалық облыстық басқармада 1943 жылдан бері жұмыс істеп келеді.
1958 жылы Орал станциясындағы мейрамхана директоры болды. Осы қызметінің арқасында бұл салада мейрамхана шығындарының базасында қызметшілердің озық тәжірибиесі бар ірі кәсіпорыны құрылды, шужық, кондитер өнімдерін шығарылымы тәулігіне 2 мың тонна өнім өндіретін кәсіпорын, және де алькогольсіз ішімдіктер цехы және т.б. кәсіпорындар.
Михаил Яковлевичтің басшылығында бұл кәсіпорын бірнеше мәрте қалалық, облыстық, республикалық және бүкілодақтық сайыстарда жеңімпаз атанған.
Қызметтегі өндірістік көрсеткіштері үшін М.Я.Мачевский Еңбек Қызыл Ту, Данқ ордендерімен марапатталған. 1979 жылы Қазақ СССР-ның Сауда саласындағы еңбек сіңірген қызметкері мәртебелі атағы берілді. Еңбек ардагері медалімен, Кеңес саудасының үздігі белгісімен марапатталған. 1982-1985 жылдары аралығында қалалық кеңестің халықтық депутаты болып сайланған.
Михаил Яковлевич – Ұлы Отан Соғысының қатысушысы, Ұлы Отан соғысының ІІ дәрежелі орденімен, жеті медальмен марапатталған.
Орал қалалық мәслихатының 2014 ж. 25.04. №23-5 шешімімен «Орал қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.
МОСКАЛЕНКО Владимир Иванович 1940 жылы 29 қыркүйекте Хабаровск қаласында дүниеге келген. 1960-1964 жылы Тынық мұхиты флотында әскери қызметтен су асты кемесінде өткен. 1964-1969 жылы Иркутск мемлекеттік университетінде заң факультетінде оқыған. 1969 жылы 27 қыркүйекте сан диакон болып тағайындалды.1969 жылы 12 қазанда дін қызметшісі қызметін атқарды. 1970 жылы Антоний есімімен Мәскеу рухани семинариясына оқуға түседі. 1977 жылы Мәскеу рухани академиясын тәмәмдады. 1984 жылы Экзарх және Киев қаласының кафедральды соборының басшысы болып тағайындалды. 1985 жылы Переславль-Хмельницким епископы, Киев епархиясының викариасы болып қызмет атқарды. 1985 жылы 13 қазан Сан епископ болып тағайындалды. 1986 жылдың желтоқсан айынан бастап Черновицкий мен Буковинский дербес кафедраларына тағайындалған. Орал және Гурьев епархиясында білім алғаннан кеиін, епископ Антоний басқарушы архиер болып тағайындалды. Архиеписк Антонионың арқасында Орал қаласында Покров Прясвитой Богородицаның құрметіне Әйелдерге арналған монастырь ашылды. Келушілер саны 22 ден 50 дейін өсті. Қызметтік жылдарында Орал қаласында бірнеше архитектуралық ескерткіштер: Архангел Махаил соборы, Христос Спаситель харамы, Святитель Николай храмы жөнделді де облыс аудандарында тілектер үйі мен храмдар ашылды.
Архиепископ Антоний шіркеу марапаттары мен Қазақстан Республикасының марапаттарына ие.
Орал қалалық мәслихатының 2014 ж. 25.04. №23-5 шешімімен «Орал қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.
ДЖУНУСОВ Валерий Кенжеғалиұлы 1950 жылы 24 қаңтарда Орал қаласында туған. Орал қаласының басшысы (1990-1992).
Ленинград су көлігі институтын инженер-механик мамандығы бойынша бітірген (1972), 1973 жылдан – Орал өзен кемешілігінің астырушысы, бас инженері. 1977 жылдан – Қазақстан Компартиясының Орал облыстық комитетінде нұсқаушы. 1981 жылдан – Мұнай өнімдері мемлекеттік комитеті облыстық бсқармасының бастығы. 1987 жылдан Қазақстан Компартисы қалалық комитетінің екінші хатшысы, облыстық комитетінің өнеркәсіп көлік белімінің меңгерушісі, облыстық комитетінің әлеуметтік-экономикалық бөлімінің меңгерушісі, қалалық комитетінің бірінші хатшысы. 1992 жылдан «Конденсат» АҚ бас директоры. 1999 жылдан бері – «Конденсат» компаниялар кеңесінің төрағасы.
«Құрмет белгісі», «Құрмет» ордендермен, «Қажырлы еңбегі үшін», «Еңбектегі ерлігі үшін», «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен; «Қазақстан мұнай 100 жыл» белгісімен марапатталған.
Орал қалалық мәслихатының 2016 ж. 17.03. №44-4 шешімімен «Орал қаласы құрметті азаматы» атағы берілді.
СДЫҚОВ Мұрат Наурызғалиұлы
1956 ж. 5 қаңтарда Орал қаласында дүниеге келді. 1978 ж. Орал пединститутын бітірді. 1987 ж. ВЦРСС Жоғары кәсіподақ мектебінің аспирантурасын бітіріп, кандадаттық диссертация қорғады. 1988 жылдан Орал пединститутында аға оқытушы, кафедра меңгерушісі, факультет деканы болды. 1994-1996 жж. ҚР ҰҒА тарих және этнология институтында докторантурада болып, докторлық диссертация қорғады.
ҚР ҰҒА Құрметті академигі. Еңбек жолын 1978 жылы Орал облсовпрофында нұсқаушылықтан бастады. Содан кейін бөлім меңгерушісі болды (1978-1987 жж.).
04.11.2002-06.2003 жж. БҚМУ ректоры, 2003-2017 жж. Батыс Қазақстан тарих және археология орталығының директоры.
Қазіргі кезде БҚУ-нің профессоры. 100 астам ғылыми еңбектері бар. Негізгілері: «История населения Западного Казахстана» (XVIII-нач. XXI вв.) (2004), «Степная пирамида» (2008), «Культурное наследие казахов в российском приграничье (памятники истории и культуры Астраханской, Волгоградской, Оренбургской, Самарской и Саратовской областей» (2012), «Ранние кочевники Западного Казахстана»
Орал қалалық мәслихатының 2016 ж. 17.03. №44-4 шешімімен «Орал қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.
ПОГОДИН Сергей Михайлович 1947 жылы 12 қыркүйекте Орал қаласында дүниеге келді. 1966 жылы Орал музыкалық училищесін үздік бітіріп, Алматы өнер институтына түсіп, 1971 жылы Қазақ мемлекеттік хор капелласының хормейстрі Ахметова Г.А. класынан бітіріп шықты. 1974 жылы Құрманғазы атындағы консерваториясының теориялық факультетін бітірді. Осы оқу орындарында жүргенде ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысты.
Еңбек жолын 1968 жылы студент болып жүрген кезінде бастады. 1971 ж. бастап Қызылжұлдызды Орта-Азия әскери округының ән-би ансамблінде хормейстр болды. 1972 жылдан Петропавл (СҚО), 1977 ж. бастап Бузулук (РФ) музыкалық училищелерінде оқытушы болды. Қосымша облыстық филармонияларда лекторлық қызмет атқарды.
1980 жылдан Алматы мемлекеттік консерваториясында оқытушы, аға оқытушы, біліктілікті көтеру факультетінің деканы болды.
1988 жылы мәдениет жөніндегі ҚССР мемлекеттік Комитетінде (қазіргі мәдениет министрлігі) жаңадан ұйымдасқан ғылым мен оқу орындары басқармасында бастықтың орынбасары болды. 1992 ж. Ташкент қаласындағы Х.Ниязи атындағы ҒЗИ-де өнертану ғылымының кандидаты диссертациясын қорғады. 1992 ж. Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясының доценті, 1993 жылдың ақпанынан Дәулеткерей атындағы Батыс Қазақстан өнер институтының деканы, 2000 ж. БҚМУ өнер институтының директоры, зейнеткерлікке шыққанға дейін қалалық №1 музыка мектебінің директоры болды. Көптеген облыстық, республикалық және халықаралық біліктілікті арттыру курстарынан өтті. 50-ден астам ғылыми, оқу-әдістемелік құралдардың авторы. Қоғамдық жұмыстарға белсене қатысады. 1994-1999 жж. облыстық мәслихат депутаты болып сайланды. Мемлекеттік марапаттарға ие.
Қалалық мәслихатының 2016 ж. 17.03. №44-4 шешімімен «Орал қаласы құрметті азаматы» атағы берілді.
НҰРБАЕВ Бақчан Аманғалиұлы
1952 жылы 13 қыркүйекте Теректі ауданы (БҚО) Придорожный ауылында әскери қызметкердің отбасында дүниеге келді. 1957-1960 жж. Қазақстан стансасында, Ангаты разъезінде, Орынбор облысы Ақ бұлақ стансаларына тұрып, сонда мектепте оқыды.
1969 ж. Орал құрылыс техникумына оқуға түсіп, 1973 ж. бітірді. 1973 ж. Орал облкәсіподақ ОК-нің бөлім инженері, 1974 ж. аға инженері болып істеді. 1981 ж. бастап Орал сельстрой, одан кейін КСМиК-да әртүрлі лауазымдарда істеді. 1984 ж. директор болды. 1986 ж. «Батысэлеватормельстройға» бас инженер, содан кейін директорлыққа ауысты.
2001 ж. бастап бұл ұжым ТОО «Стройкомбинат» болып қайта құрылды. Қазіргі кезге дейін сонда директор лауазымында. 2005 ж. ҚР құрметті құрылысшысы атағына ие болды. 2009 ж. «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. 2012 ж. ҚР «Таңдаулы азаматтары» белгісімен марапатталды. 2015 ж. «Құрмет» орденіне ие болды.
Орал қаласының мәслихатының 2016 ж. 17.03. №44-4 шешімімен «Орал қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.
ВАЛИЕВ Вячеслав Хамзаевич 1951 жылы 3 қыркүйекте Орал қаласында дүниеге келді. 1968 ж. № 6 Орал орта мектебін күміс медальмен бітірді. Сол жылы қазіргі «Зенит» зауытына көмекші жұмысшы болып орналасты. 1969 ж. зауыттың жолдамасымен Ленинград кеме жасау институтының прибор жасау факультетіне түсті. 1975 ж. үздік бітіріп, инженер-электромеханик мамандығын алып, зауытқа инженер-конструктор, 3-ші дәрежелі инженер-конструктор, жетекші-конструктор, бөлім бастығы, содан кейін сериялық бөлмінің бастығы, 1988 жылы зауыттың бас конструкторы болып тағайындалды.
1989 ж. ұжымның жалпы жиналысында конкурстық негізді директор болып сайланды. Қазірге дейін сол лауазымда жұмыс жасайды.
1989-1994, 2003-2011 жж. облыстық маслихат депутаты. «Құрмет», «Парасат» ордендарымен және «Еңбектегі ерлігі үшін», «Астана», «ҚР Тәуелсіздігіне 10» «20» жыл медальдарымен марапатталған.
Қалалық мәслихатының 2016 ж. 17.03. №44-4 шешімімен «Орал қаласы құрметті азаматы» атағы берілді.
ҚҰРМАНАЛИНА Шалқыма Хайруллақызы
Шалқыма Хайруллақызы Құрманалина 6 қазан 1946 жылы Ақтөбе облысының Октябрь ауданынының (қазіргі кезде Мұғалжар ауданы) Жұрын ауылында дүниеге келген. 1970 жылы А.С. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының физика математикалық факультетін физика және еңбек мұғалімі мамандығы бойынша бітіреді. 1996 жылы педагогикалық ғылымдар кандидаты ғылыми дәрежесін алады, диссертация тақырыбы: «Дидактические совершенствования профессиональной подготовки учителей начальных классов в условиях педколледжа». 2002 жылы педагогикалық ғылымдар докторы ғылыми атағын алады, диссертация тақырыбы: «Методология технология создания электронной методической системы в условиях информатизации образования».
1970 және 1977 жылдары - Орал педагогикалық училищесінде оқытушы. 1978 және 1981 жылдары - мұғалімдердің біліктілігін арттыру Облыстық институтының бастауыш сыныптары жөніндегі оқу - әдістемелік кабинетінің меңгерушісі. 1981 және 1991 жылдары - Орал педагогикалық колледжінің оқу - өндірістік жұмыс жөніндегі директордың орынбасары. 1992 және 1994 жылдары — Орал педагогикалық колледжінің оқу жұмысы жөніндегі директордың орынбасары. 1994 жылдан бастап Қ.Досмухамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің директоры. 1999 – 2012 жылдар аралығында – Орал қалалық мәслихаттың депутаты. Ғылыми, әдеби еңбектер, 4 монография, 26 ғылыми еңбектер, 50 жарияланымдар, оқулықтар, оқу құралдары, 11 педагогикалық мамандықтар бойынша техникалық және кәсіби білім берудің Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттардың, білім берудің өзекті мәселелері бойынша 35 мақаланың және т.б. авторы.
Орал қаласының мәслихатының 2017 ж. 09.06. №12-3 шешімімен «Орал қаласы құрметті азаматы» атағы берілді.
ҚҰСПАНОВ Өтебай Құспанұлы
1942 жылы 8 қазанда Жәнібек ауданы (БҚО) Тегісшіл ауылында дүниеге келді. 1959 ж. Жәнібек қазақ орта мектебін бітірді. Орал пединститутының физика-математика факультетіне түсіп, 1964 ж. ерекше дипломмен аяқтады.
1964-1968 жж. Бөрлі ауданы Успеновка орта мектебінде математика мұғалімі болып істеді. Бір жыл арасында әскер қатарында болды.
1968-1985 жж. Орал пединститутының Жоғары математика кафедрасының оқытушысы, 1979-1985 жж. институттық кәсіподақ комитетінің төрағасы болды. 1970-1973 жж. Свердловск университетінде аспирантурада оқыды. Ғылыми ізденіс нәтижелері Орал, Свердловск, Кишинев, Гомель, Ленинград, Нью-Иорк, Бонн қалаларындағы конференция симпозиумдарда жарияланды.
1986-2011 жж. облыс педагогтарының біліктілігін арттыру институтының директоры (ректоры) болды. 20-дан астам ғылыми еңбектері бар. 1995 ж.: ЖАК шешімімен «доцент» атағы берілді.
ҚР мұғалімдерінің IV съезінің, Түркі елдері мұғалімдерінің І съезінің, ҚР математиктердің І съезінің делегаты. 2007ж. Халықаралық балалар туризмі, өлкетану Академиясының (Мәскеу) академигі.
2011 жылдан ҚазИИТУ ғылыми-білім кешенінің аудит бөлімінің басшысы, 2015 жылдан ҚазИннов. және Телеком Жүйелер Университеті оқытушысы.
Қалалық мәслихатының 2017 ж. 09.06. № 12-3 шешімімен «Орал қаласы құрметті азаматы» атағы берілді.
БАЙМҰҚАШЕВ Николай Дүйсенғалиұлы
1938 жылы туылған. 1978 жылы Ленинград театр, музыка және кинематография институтының телевизиялық режиссура бөлімін бітірді. Еңбек жолын 1963 жылы Ақтөбе облыстық телевидение және радиохабары комитетінде дикторлықтан бастады. 1964-1976 жж. Орал телестудиясының директоры болды. 1976 ж. Орал облыстық телерадиохабары комитетінің режиссері қызметіне ауысты. Осы жылдарда Абай шығармаларына арнап «Мөз философиясы», «Біздің Жұбан», мемлекет және қоғам қайраткері М.Б.Ықсановқа арналған «Туған ел перзенті», «Жәңгір хан» документальдық фильмдердің режиссері болды. 1979-2001 жылдары Орал облыстық телерадиохабары комитетінің бас режиссері болды. Өзінің жұмысында қай кезде де кәсіби шеберлігін танытты. Мол тәжрибесін жастарды тәрбиелеуге жұмсады. Оның кәсіби шеберлігі әртүрлі деңгейдегі конкурстарда өзінің лайықты бағасына ие болды. 1995 ж. республикалық конкурста «Абай жолы. Сөз философиясы» бірінші орын алды. 2014 ж. «Мәдениет саласының үздігі» атағына ие болды.
Орал қаласы мәслихатының 2017 ж. 12.12. №17-8 шешімімен «Орал қаласы құрметті азаматы» атағы берілді.
ЧУДРОВ Яхья Киндашұлы
1957 жылы 17 қыркүйекте Саратов облысы, Дергачев ауданы, Первомай ауылында дүниеге келді.
1979 ж. БҚ АШИ үздік бітіріп, инженер-механик мамандығын алды. 14 жылдан астам комсомол жұмысында жасады: Орал қалалық комсомол ұйымының жауапты қызметкерлігінен Мәскеу қаласындағы ВЛКСМ ОК-нің хатшылылығына дейін. 1992 ж. бастап отын-энергетика саласында жұмыс істеп, «Қазақгаз» мемлекеттік Холдинг компаниясының негізін қалаушылардың бірі болды. 2000 ж. желтоқсанда БҚО әкімінің бірінші орынбасары, ал 2002 ж. сәуірінен БҚ РЭК АҚ Президенті, ал 2013 ж. қарашасынан БҚ РЭК АҚ директорлар кеңесінің төрағасы.
Мемлекеттік марапаттарға ие: «Құрмет» ордені, «ҚР Құрмет грамотасы», «ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл» «20 жыл», «25 жыл», «ҚР мұнайына 100 жыл», «Мәслихаттарға 20 жыл», «Қазақстан Ассамблеясына 20 жыл», «ҚР Құрметті энергетигі», «ТМД елдері Құрметті энергетигі», «Еуропа өнеркәсіп палатасының» алтын медаль.
«Батыс Қазақстан РЭК» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы. Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының корреспондент мүшесі. Еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясының құрметті профессоры. Қазақстан-Ресей аймақтық бенди қауымдастығының президенті.
Орал қаласы мәслихатының 2017 ж. 12.12. №17-8 шешімімен «Орал қаласы құрметті азаматы» атағы берілді.
ЖОЛДЫҚАЙЫРОВА Меруерт Жолдықайырқызы (03.1924-08.21)
Меруерт Жолдықайырқызы Жолдықайырова - М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде жарты ғасырдан астам уақыт қызмет еткен ұстаз, КСРО Жоғары және арнаулы білім беру министрлігінің грамотасынын, «Қазақ КСР Халық ағарту ісінің озық қызметкері» белгісінің, «Еңбек ардагері медалінің», білім және педагогика ғылымы саласындағы ерекше еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Білім министрлігі Ыбырай Алтынсарин атындағы алқасының иесі және Ұлы Жеңістің 55 жылдығына байланысты және жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін «Құрмет грамотасымен» марапатталған ардагер-ана.
Ол 1924 жылы наурыз айында Жымпиты (қазір Сырым) ауданы, Елтай ауылдық кеңесіндегі қарапайым шаруа отбасында дүниеге келген. 1932 жылы Жосалы совхозының Маркс (Қоңыр) ауылындағы 7 жылдық мектепке барып, 1939 жылы Жымпиты орта мектебінде оқуды жалғастырып, 1942 жылы бітірді. Жымпиты орта мектебін тәмамдаған соң, қоғамдық жұмыстарға белсене қатынасып, 1941 жылы қыркүйектен бастап Жымпиты орта мектебінде аға пионер вожатый, бастауыш комсомол комитетінің хатшысы болады.
1942 жылы шілде айында совхоздарда саяси бөлім (политотдел) құру туралы КСРО-ның қаулысы шығып, 10-сыныпты бітірген бойда Тасқұдық совхозындағы парткомның комсомол жұмысы жөніндегі орынбасары етіп тағайындалады. Көп уақыт өтпей Қызыл Армияға шақырылады, бірақ оны армиядан алып калып, ауылда мұғалім жетіспегендіктен Оралға институтка оқуға жібереді.
1942 жылы қазан айынан бастап А.С.Пушкин атындағы педагогикалық институттың филология факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті бөлімінде оқып, бітіреді. Тасқа біткен қынадай кайсар, теңдікке көнсе де кемдікке көнбей бардың емес, ардың құлы болып, оқи жүре әуелі І курста каладағы №4 мектепте аға пионер вожатый, одан кейін 1943 жылдың мамыр айынан Облыстық радио комитетінің әуелі қазақ тілінде жүретін хабардың дикторы, одан кейін редакторлық қызмет атқарған. Институтта жақсы оқып, қоғамдық жұмысқа белсенді қатысқаны үшін студент кезінде студенттердің ғылыми конференцияларында алған тақырыптарының болашақта керектігін және тиімді екендігін байқағаннан кейін оны институтта қазақ тілі мен әдебиет кафедрасына оқытушылыққа қалдырады.
Зейнеткерлікке шыққаннан кейін де ұлағатты ұстаз қоғам өмірінен тыс қалған емес. Ол Батыс Қазақстан облыстық Ұлы Отан соғысы мен еңбек ардагерлері кеңесінің Пленум мүшесі, 1996-2003 жылдар Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Ұлы Отан соғысы мен еңбек ардагерлер кеңесінің төрайымы болды.
Орал қаласы мәслихатының 2017 ж. 12.12. №17-8 шешімімен «Орал қаласы құрметті азаматы» атағы берілді.
СҮЙІНШАЛИЕВ Халам Жұмашұлы
Туған жылы: 18.01.1925 ж.
Туған жері: Батыс Қазақстан облысы, Тайпақ ауданы, 5 - ауыл советі
Республикаға танымал педагог-ғалым, ұлағатты ұстаз, соғыс ардегері, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент атағын алған.
1942 жылдың күзінде майданға аттанып, Закавказье майданында ПВО құрамында, яғни, әуе қорғаныс бөлімінің 345 зенитполкінде әскери міндетін атқарады.
Елге оралғаннан кейін мамандық алып, оқуын оқып, ел арасындағы жұмыстарға орналасады.
1950-1951 жылдары аралығанды балалар үйінде инспектор болады.
1951-1954 ж.ж. аралығында үгіт насихат бөлімінде инструктор болады.
1954-1955 ж.ж. аралығында хатшы көмекшісі болады.
1955-1972 ж. аралығында Пединститутта мұғалім болады.
1972 ж. Пединституттың тарих бөлімінде кафедраның доценті болады.
1972-1975 ж.ж. Пединституттың сырттай оқу бөлімінің деканының орынбасары болады.
1975-1981 ж.ж. Пединституттың тарих және педагогика бөлімінің деканының орынбасары, деканы болады.
Қалалық мәслихаттың 2017 ж. 12.12. №17-8 шешімімен «Орал қаласы құрметті азаматы» атағы берілді.
АШЫҒАЛИЕВ Қатауолла Мералыұлы
1948 жылы Ресей Федерациясы Саратов облысында шопан отбасында дүниеге келген. Ата-анасы туған топырағы Бөкей Ордасынан репрессия жылдары жырақтап кетуге мәжбүр болып, 1964 жылы оралған. Қатауолла Мералыұлының еңбек жолы ерте шопан, слесарь, шопырлықтан басталған. 1966 жылы Жәнібек ауылындағы орта мектепті бітіріп, 1967-1969 жылдары Кеңес әскері қатарында әскери борышын өтеген. 1970-1975 жылдары Саратов политехникалық институтынан автокөлік инженері мамандығын игерген. 2003 жылы экономика ғылымдарының кандидаттығына диссертация қорғады.
1975-1977 жж. - автокөлік кәсіпорнында инженер, бөлім басшысы, директордың орынбасары қызметтерін атқарған.
1977-1985 жж. - Чапаев автокөлік кәсіпорнының директоры.
1985 жылы облыстық автобасқармасы директорының орынбасары қызметіне ауыстырылған.
1986-1992 жж. Қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары қызметінде жүріп, «қайта құру» жылдарының ең қиын сәттерінде халық өмірі үшін аса маңызды салаларға жетекшілік жасады.
1993-1994 жж. Орал қаласының әкімі.
1995 жылы құс, мал, өсімдік өсіріп, өнімін өңдейтін «Ақас» агрохолдингін кұрды.
Орал қалалық мәслихатының 2018 ж. 28.02. №19-7 шешімімен «Орал қаласы құрметті азаматы» атағы берілді.
ГУБАНОВА Лидия Игнатьевна (1923-17.08.2020)
Еңбек және соғыс ардагері, Қаз.КСР мәдениетіне еңбегі сіңген қызметкер.
«Қызыл Жұлдыз» орденімен, 7 медальмен, «КСРО Мәдениет министрлігінің Үздік еңбегі үшін» белгісімен марапатталған.
Лидия Игнатьевна Губанова - 1923 жылы ауыл шаруашылылығының жұмыскер отбасында дүниеге келген. Мәскеу мәдениет институтын бітірген. 1944 жылдан бастап КОКП қатарында болған. Ұлы Отан соғысы майданына қатысқан: Дала Майдан құрамында, Сталинград Майданында байланысшы әйел болып қатысқан, Украинаны, Чехословакияны /Прага қ. / босатқан. Соғыстан кейінгі жылдарда Орал қ. Орал радиоорталығында, Бөрлі ауданың әйел бөлімінің меңгерушісі, 1955 жылдан бастап аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі болып, қалалық орталық кітапханасында жұмыс жасаған, 1963 жылдан бастап зейнетке шыққанға дейін - Н.К. Крупская атындағы облыстық кітапханасының директоры болып жұмыс жасаған.
Әскери марапаттардан басқа құрмет мадақтамалары, жастарды әскери- патриоттық тәрбиелеудегі жетістіктері үшін алғыс хаттары да бар.
Л.И.Губанова қаланың және облыстың қоғамдық өміріне белсене қатысқан: көп жылдар ішінде мәдениет қызметкерлерінің кәсіптік кеңесі облыстық комитетінің төралқасының мүшесі, облыстық әйел кеңесінің мүшесі, «Білім» облыстық қоғамы төралқасының мүшесі, әр түрлі уақытта еңбекші депутаттары Орал қалалық Кеңесінің депутаты болып сайланды.
1971 жылы «ҚазКСР мәдениетіне еңбегі сіңген қызметкері» құрметті атағы берілді.
Зейнетке шыққанмен де үлкен қоғамдық және жастар арасында әскери-патриоттық жұмыс жасауын жалғастырып жүр.
Орал қалалық мәслихатының 2018 ж. 28.02. №19-7 шешімімен «Орал қаласы құрметті азаматы» атағы берілді.
МИТРОХИНА Алевтина Тимофеевна
Соғыс және еңбек ардагері, «коммунистік еңбек екпіндісі», қоғам қайраткері.
ІІ-ші дәрежелі Отан соғысы орденімен, 7 медальмен, 4 белгімен марапатталған.
Алевтина Тимофеевна Митрохина 1925 жылы Саратов облысында шаруа отбасында дүниеге келген. Медицина курсын бітірісімен, әскери госпитальде соғысқа қатысты. 3-ші Украин майданы құрамында Сталинград шайқасына қатысты. Украинаны, Молдавияны, Румынияны, Югославияны, Венгрияны азат етті. Жеңіс күнін Венгрияда қарсы алды. 1945 жылдың қазанында әскери қызметтен босатылды. Соғыстан кейінгі жылдары 31 жыл бойы медициналық училищеде жұмыс жасады.
Қоғамдық жұмыстар атқарды. Орал кеңесінің депутаты болып сайланды.
Үш қыз тәрбиеледі. Ұйымдастырушылық қабілетін көрсете отырып, жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бойынша үлкен жұмыс атқарды. «Фронтовичка» клубының төрайымы. Сонымен қатар, өлең шығарып, соғыс кезіндегі кеңес әскерлерінің батырлығы туралы жырлады. Автордың өлеңдер жинағы жарыққа шықты.
Орал қаласы мәслихатының 2018 ж. 28.02. №19-7 шешімімен «Орал қаласы құрметті азаматы» атағы берілді.
ТУМАНОВ Бауржан Қапатбайұлы
(1948-200 )
18.07.1948 ж. туған, Бөкей ордасы ауданы, Сайқын аулы – жергілікті басшы. 1971 ж. Саратов ауылшаруашылық механикаландыру институтын, 1990 ж. Алматы жоғарғы партия мектебін бітірген. 1971-1973 жж. Жәнібек ауданында «Уральскводстрой» тресі 1-жылжымалы механикалық колоннасының механигі, техникалық қауіпсіздігі жөніндегі инженер. 1973-1986 жж. облыстық комсомол, партия ұйымдарында басшылық қызметте болды. 1986-1991 жж. Жымпиты ауданында партия комитетінің 1-ші хатшысы ретінде осы ауданның экономикалық-әлеуметтік дамуына, өсіп-оркендеуіне үлес қосты. 1991-1992 жж. халық депутаттары облыстық кеңесі төрағасының қоғамдық-саяси ұйымдармен, қозғалыстармен байланыс және кадр саясаты жөніндегі орынбасары, 1992-1997 жж. облыс әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды. Содан кейін «Арту» қоғамдық бірлестігі басқармсының төрағасы. Жергілікті мемлекеттік басқару саласына, облыстық саяси-әлеуметтік, мәдени-экономикалық және рухани дамуына, Қазақстанның тәуелсіздігі мен тұтастығын сақтауға қосқан үлесі үшін қалалық мәслихаттың 2018 ж. 28.02. №19-7 шешімімен «Орал қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.
АБДРАХМАНОВ Минжан 1926 жылы Сырым ауданы Жымпиты ауылында дүниеге келді. 11 жасынан еңбекке араласты. Ересектермен бірге жер жыртып, егін егіп, шөп шауып, өгізбен де жұмыс істеді. 9 класты бітіргеннен кейін армия қатарына алынды. Ауылынан қалаға 4 тәулік жаяу жүріп барды. Әскери комиссариатта Башқұртстанның Белебей қаласындағы 49-шы қосалқы артиллерия полкына жіберді. Бұл полкте 1943 ж. желтоқсанынан 1944 жылдың маусым айына дейін болды. Содан кейін Орынбордағы мергендер дайындайтын 12 мектепке жіберді. Мұнда 1944 жылдың 11 шілдесіне дейін дайындықтан өтіп, майданға аттанды. Одан кейін 13 оқу автополкінде дайындықтан өтіп, Карел майданында 52-ші миномет полкіне жіберілді. Соғыс қимылдарына тікелей қатыспағанымен, ол қызмет еткен полкқа Мәскеудегі Жеңіс парадына қатысу құрметіне ие болды.
1945 ж. 26 маусымынан бастап 1950 ж. дейін Киыр Шығыстағы Раздольное гарнизонында болды.
Соғыстан кейін жұмыс жасай жүріп мектепті бітіріп Одақтық милиция дайындайтын Сталинабад мектебін аяқтап, 15 жылдай ішкі істер жүйесінде қызмет етті. Ауыл шаруашылық институтын бітірді. Қоғамдық жұмыстарға белсенді араласты. Зейнеткерлікке шыққаннан бері Орал қаласында тұрады.
Екі «Құрмет белгісі», ІІ дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» ордендарымен «Германияны жеңгені үшін», «Жапонияны жеңгені үшін СССР ІІМ қалтқысыз қызмет үшін», «Еңбек ардагері» және т.б. медальдермен марапатталған.
Орал қаласы мәслихатының 2019 ж. 13.06. №32-4 шешімімен «Орал қаласы құрметті азаматы» атағы берілді.
ГОЛОУХОВ Валерий Иванович 1954 жылы 17 қыркүйекте Теректі ауданы (БҚО) Долинный совхозында дүниеге келді.
1961 жылы Приреченск орта мектебіне оқуға барып, 1971 ж. бітірді. Содан кейін Богдановка орта мектебінде денешынықтыру пәнінің мұғалімі болып істеді. 1972 ж. әскери борышын өтіп, әуе-десанттық құрамада болды.
Еңбек жолын 1979 жылы институт бітіргеннен кейін жүргізуші болып бастады. 1981 жылы автоколонна бастығы, бір жылдан кейін бас инженер болды. 1996 жылы Автокомбинат ОАО президент болып сайланды. 2005 жылдан бастап бүгінге дейін ТОО Автокомбинат директоры.
Оның тікелей басшылығымен автокомбинат техникалық қайта жабдықталу мен қайта құру жұмыстарын өткізіп, ДАҒ маркалы автомашиналармен қамтамасыз етілді, логистикалық орталық іске қосылды. Қазіргі кезде 420 астам адам еңбек ететін бірлескен «Кама-Қазақстан» өндіріс орны жұмыс істейді.
2003 жылы бидай, күнбағыс және т.б. ауыл шаруашылық өнімдерін шығаратын «Тұлпар» шаруашылығы құрылды және жемісті жұмыс жасайды. 2008 ж. бастап Джон Дир фирмасының техникасымен жабдықталды. 2018 ж. бастап пайдаланылған автошиналарды қайта өңдейтін зауыт іске қосылды. Қамқорлық көмек ретінде 4 және 6 шағын аудан ортасында 5 га жерді алатын футбол алаңы, сквер, балалар алаңы, варкаут салынды. Қоғамдық жұмыстарға белсенді араласады. 2003 ж. бастап үш шақырылым бойы облыстық мәслихат депутаты болды.
«Қазақстан Республикасына 10 жыл», «Астанаға 10 жыл», «Қазақстан Республикасы Парламентіне 10 жыл», «Ерен еңбегі үшін» және т.б. медальдармен марапатталған.
Орал қаласы мәслихатының 2019 ж. 13.06. №32-4 шешімімен «Орал қаласы құрметті азаматы» атағы берілді.
ИСМАГУЛОВА Бәтес Тұранқызы
1947 ж. 22 маусымда БҚО, Орал қаласында дүниеге келді. 1970 ж. БҚ АШИ, 1981 ж. КОКП ОК-нің жанындағы ҚҒА бітірді. Мамандығы саясаттанушы.
Еңбек жолын 1970-1971 жылдары Орал облысы, Приурал ауданы «Плодоовощное» совхозында бригадирліктен бастады. 1971-1974 жж. Приурал ауданының аудандық комитетінің екінші хатшысы, Орал облыстық комсомол комитетінің насихат және мәдени-көпшілік жұмыстар бөлім басшысы. 1974-1975 жж. Бүкілодақтық комсомол комитетінің нұсқаушысы. 1975-1979 жж. Орал облыстық комсомол комитетінің бірінші хатшысы. 1979-1981 жж. КОКП ОК-і жанындағы ҚҒА тыңдаушысы. 1981-1983 жж. Орал обкомының сауда-қаржы ұйымдары бөлімінің бастығы. 1983-1987 жж. Орал қаласы Ленин аудандық комитетінің бірінші хатшысы.
90-шы жылдары облыстық атқару комитетінің төрағасының орынбасары, содан кейін облыс әкімінің орынбасары. Осы қызметте жүргенде халықтың ең тұрмысы нашар бөлігінің күнделікті мәселелерімен, зейнеткерлер, білім, денсаулық, мәдениет және тұрмыстық қамту проблемаларымен айналысты. Қазіргі кезде де қоғамдық жұмысқа белсене араласып, БҚО Қазақстан халықтары Ассамблеясының ақсақалдар Кеңесін басқарады.
ҚУРМАНОВ Сағын Хамитұлы
1946 ж. дүниеге келді. Еңбек жолын 1965 ж. Орал жөндеу зауытында көмекші жұмысшы ретінде бастады. Содан кейін жалатушы-слесарь, инженер-технолог болып істеді. 1972-1975 жж. зауыттың дербес комсомол комитетінің секретары болды.
1975-1979 жж. Алматыдағы ҚКП Жоғары партия мектебін аяқтады. 1979-1991 жж. партия қызметінде: жөндеу зауытының, аудандық және облыстық партия комитеттерінде. 1991-1994 жж. Орал облыстық халық депутаттары кеңесінің, содан кейін облыстық әкімшілік аппаратында басшы лауазымдарда болды.
2002-2008 жж. Орал облыстық «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партияның басшысы болды.
1993 ж. рынокты қайта құрулар кезінде ИПФ «Ақжайықты» құрды. Жекешелендіру, құнды қағаздар рыногын жасау, акционерлік қоғамдар құру, ірі компанияларды банкроттықтан сақтау мәселерінде едәуір жұмыстар атқарды. Солардың бірі «Уральскагрореммаш».
2005 ж. оның бастауымен облыстағы үш құрылыс компаниясы «Батыс Қазақстан Құрылыс материалдарының корпорациясы» құрылды. Олар облыстағы ізбес (әк), силикат кірпіші және құрылыс материалдарының жаңа өнімдерін жасауды кеңейтуде. Ол осы АҚ-ның директорлар кеңесінің төрағасы. «Құрмет» ордені және медальдармен марапатталған.
Қалалық мәслихаттың 2019 ж. 13.06. №32-4 шешімімен «Орал қаласы құрметті азаматы» деген атақ берілді.
СКАЛЕНКО Вениамин Пантелеевич
1924 ж. 20 қазанда Бөрлі ауылында дүниеге келді. Ұлы Отан соғысына қатысып, Австрия, Чехословакия, Будапешт, Вена, Бруно мемлекеттері мен қалаларын азат етті. Соғыстан кейін мемлекеттік санақ ортандарында жұмыс жасады. Облыстың санақ басқармасының бастығы болды. «Ұлы Отан соғысы» орденімен және медальдармен марапатталған.
1984 ж. зейнеткер.
Қала мәслихатының 2019 ж. 13.06. №32-4 шешімімен «Орал қаласы құрметті азаматы» атағы берілді.
ТОЛКАЧЕВ Алексей Иванович
1924 жылы 20 маусымда Орынбор облысы, Первомай ауданы Усов ауылында дүниеге келді. Жастайынан колхозда істеді. 1942 ж. 20 тамызда әскер қатарына алынды. 1943 ж. ақпан айынан Волхов майданының 239 атқыштар дивизиясына қосылды. 1944 ж. Ленинградты азат етуге қатысты. Одан кейін Прибалтикаға жіберілді. Клайпедадағы кіші лейтенанттар курсын аяқтады, Курляндияда болды.
Соғыстан кейін колхозда жұмыс жасады. Аудан орталығында банкте жасады. 1958 ж. Оралға көшіп келді. 1962 ж. дейін банкте істеді. Кейін ауылшаруашылық саласында істеді. Содан кейін суландыру жүйесіне ауысты. Құрылыс материалдары комбинатында 25 жыл директор, Көшімдегі ПМК-ның орынбасары болды.
Қалалық мәслихаттың 2019 ж. 13.06. №32-4 шешімімен «Орал қаласы құрметті азаматы» атағы берілді.
БЕРЕКЕШЕВ Талғат Мәлікұлы
1962 жылы Теміртауда (Қарағанда облысы) дүниеге келді. 1988 ж. БҚ ауыл шаруашылық институтын «Экономика және ауыл шаруашылығын ұйымдастыру» мамандығы бойынша бітірді. Еңбек жолын «Жаңа бұлақ» ауылында экономист болып бастады. 1992 ж. «Кублей» ЖШС құрып, қазірге дейін соның басшысы. Бұл ұжым жаңа салқындатылған жылқы, сиыр, қой еттері мен консервілерін өндіруде Қазақстандағы ірі өңдеу өндіріс орындарының бірі. 100-ден астам өнім шығарады, 500 ден астам адам жұмыс жасайды.
Консервілердің жоғары сапасы көптеген марапаттарға ие. 2013 ж. өндіріс орны президенттік «Алтын сапа» премиясымен марапатталды. 2016 ж. «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. 2017 жылы «Жыл үздігі» деп танылды. Ұжым бұлардан басқа да көптеген марапаттарға ие болды.
2018 жылы жануарлар қалдықтарын өңдеу цехы қосылды, мал азығы ұндарын жасау іске асырылды.
2020 жылдан БҚО кәсіпкерлер палатысының аймақтық кеңесінің мүшесі. Басқа да қоғамдық жұмыстарға белсене қатысады.
Қалалық мәслихаттың 2020 ж. 18.09. №50-5 шешімімен «Орал қаласы құрметті азаматы» атағы берілді.
БИСЕМБАЕВА Светлана Ерғалиқызы
Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі. А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын, №17 орта мектепті бітірген. 1973-1980 жж. № 16 орта мектепте ағылшын тілі мұғалімі, 1980-1982 жж. - қалалық мектептер инспекторы, бір жыл білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ қалалық комитетінің босаған төрағасы, 1983 - 1985 ж. – Халық депутаттары Кеңесі Ленин аудандық атқару комитетінің хатшысы, 1985-1989 – партияның қалалық комитетінде, 1989-2002 жылдары қалалық білім бөлімін, 2002-2010 жылдары – облыстық білім бөлімін басқарды. «Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Астанаға 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» мерейтойлық медальдарымен, «Ы.Алтынсарин» төс белгісімен марапатталған.
Қалалық мәслихаттың 2020 ж. 18.09. №50-5 шешімімен «Орал қаласы құрметті азаматы» атағы берілді.
НАБИЕВ Едіге Қуанғалиұлы
Набиев Едіге Қуанғалиұлы 1949 жылдың 17 сәуірінде Астархан облысы, Қарабайлы ауданының Басты елді-мекенінде дүниеге келді. 1970 жылы Орал педагогикалық институтының дене тәрбиесі факультетін тәмәмдап, бүкіл саналы өмірін Алматы қаласы, 1982 жылдан бері Оралда өткізіп келеді. Алматыда Республикалық спорткомитетте Олимпиадалық спорт орталығы басқарып, 1979-1981 жылдары Москвада өткізілген VII - Бүкілодақтық спортакиада, Олимпиада-80, Литваның Каунас, Вильнюс қалаларында өткізілген Бүкілодақтық оқушылар арасындағы спортакиадада қажырлы еңбек етті. 1982-1991 жылдар аралығында БҚО «Еңбек» ерікті спорт қоғамын, Орал қалалық спорткомитетін басқарды. Домбырада күй шертіп, ән салу қанына сіңген өнер. «Рухани жаңғыру» аясында елімізде күй тарту мен домбыра жасаудан облысымыздың, Орал қаласының атынан қатысып, абыроймен оралып жүрген өнерпаз. ЭКСПО-2017, Құрманғазының 200 жылдығы, «Ұлы дала сазы», т.б. концерттерге қатысты. Домбыра жасаушы шебер ретінде елімізге әйгілі шеберлердің бірі, республикалық конкурстардың екі дүркін лауреаты: 2005 жылы Алматыда өткен «Үкілі домбыра» байқау-бәйгесінің ІІІ-орын жүлдегері (бас жюри Қ.Ахмедьяров), 2008 жылы Астананың 10-жылдығына орай өткізілген «Үкілі домбыра» байқау-бәйгесінің «Балуан Шолақ» атындағы жүлдегері (бас жюри Б. Тілеуханов), 21 күйден тұратын «Нарын сазы» атты жеке дискісі шықты. «Батыс Қазақстан дәстүрлі музыкалық мұрасы» атты 12 дискіден тұратын жинаққа Е.Набиевтің орындауында 9 күй, еліміздің «Алтын қорына» 4 күйі енді. Биыл сәуір айында бұл кейіпкеріміз 70-ке толып, «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Құрметті профессоры» атағы берілді. Едіге саналы өмірін Орал қаласында өткізіп, Батыс Қазақстан облысы мен Орал қаласының атағын шығаруға еңбегі сіңді.
Қала мәслихаттың 2020 ж. 18.09. №50-5 шешімімен «Орал қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.
ПШЕНИЧНЫЙ Михаил Вячеславович
М.В.Пшеничныйдың кейінгі еңбек жолы 1990 жылдан бастап К.Е. Ворошилов атындағы мәдениет сарайымен байланысты, онда ол эстрада оркестрінің дирижері болып жұмыс істеді.
«КВАНТ» ЖШС фирмасы 1991 жылы құрылған.
Пшеничный Михаил Вячеславович 1995 жылдың 25 желтоқсанынан бастап «Квант» ЖШС директоры қызметін атқарады.
Кәсіпорын жұмысының негізгі бағыты - сауда және сатып алу қызметі, жиһаз өндірісі және жеке құрылыс.
Қазіргі уакытта «КВАНТ» ЖШС Орал, Атырау және Ақсай қалаларында орналасқан сауда орталықтарының желісіне ие, бұдан басқа Зачаганск және Желаево кенттерінде орналасқан екі өнеркәсіптік база бар.
Басқарушылық шешімдер Пшеничный М.В. негізделген түрде қабылдайды, тез, заңнама, басқа нормативтік құқықтық актілер негізінде және кәсіпорынның мүдделерін басшылыққа алады.
«Квант» ЖШС директоры бола отырып, үлкен ұйымшыл мамандар ұжымын ұйымдастыра алды.
Кәсіпорын басшысы ретінде Пшеничный М.В. экономикалық дағдарыс жағдайында да кәсіпорын қызметін ең аз шығынмен, оның ішінде кәсіпорын штатын сақтай отырып жалғастыруға мүмкіндік табады, осылайша қызметкерлердің жұмыссыздар қатарын толтырмауына ықпал етеді. Жыл сайын «Квант» компаниялар тобы бюджетті 600 млн. теңгеден астам сомаға толықтырады салықтар мен аударымдар.
Жоғары шеберлік пен кәсібилік М.В. Пшеничный жиһаз өндірісінде және тауарды өткізуде 100 % нәтижелілікке қол жеткізуге мүмкіндік берді.
Жиһаз өндірісінің сапасын жақсарту нәтижесінде көтерме-бөлшек сауда деңгейі 30%-ға өсті, сондай-ақ жаңа жұмыс орындары пайда болды.
Кәсіпорынды басқару жоғары қаржылық-экономикалық нәтижелерге үнемі қол жеткізе отырып, шебер және тиімді жүзеге асырылады.
Михаил Вячеславович ұжым үшін еңбекқорлық пен мақсаттылықтың үлгісі болып табылады.
Қала мәслихатының 2020 ж. 18.09. №50-5 шешімімен «Орал қаласы құрметті азаматы» атағы берілді.
ТЁ Григорий Антонович
Григорий Антонович Тё БҚО-да Корей этномәдени қоғамының құрылуының бастауында тұрды. Қазір ол 84 жаста болса да облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының өміріне белсенді қатысуды жалғастырып, өз тәжірибесін жас ұрпаққа беруде. Патриот, Ақ Жайық өңіріне ғашық адам ретінде ол болып жатқан оқиғалардан бойын аулақ ұстай алмайды, қазіргі заманның алдымызға қойған проблемалары мен міндеттеріне бей-жай қарай алмайды.
Жол саласының маманы Григорий Тёнiң Батыс Қазақстан облысына келген уақыты ауқымды құрылыстармен тұспа тұс келді. Қазір асфальт жатқан қала көшелерінің көп бөлігі ол кезде тек қиыршық таспен жабылды, себебі облыста асфальт жетіспеді. Жол-көлік басқармасының басшысы болып тағайындалған Григорий Антонович автомобиль жолдары министрлігінде украин өндірісінің асфальт зауытын, содан кейін тағы бір неміс зауытын алдыңғы қатарға шығарды. Оның қатысуымен Оралдың барлық орталық көшелерін асфальтпен жауып қана қоймай, Чапаев-Жаңақала-Сайқын автожолының 430 шақырымы салынды.
Ақсақалдың айтуынша, кәрістер өте еңбекқор халық, сондықтан ол ешқашан жұмысты немқұрайлықпен жасамаған. Сондықтан 70-ші жылдары қалаға кіре берісте дамбалардың құрылысы күшейген шақта түнге дейін құрылыс сызбаларымен отырды, тәулік бойы нысандарда жүрді.
Қалалық мәслихаттың 2020 ж. 18.09. №50-5 шешімімен «Орал қаласы құрметті азаматы» атағы берілді.
ФОМИН Виктор Павлович
Жоғары дәрежелі маман, білімді, мақсатты басшы және ұйымдастырушы.
1986 жылдан БҚО балалар-жастар туризмі мен экология орталығының директоры қызметін атқарды. Басшылық ету кезінде кружоктың жұмыспен қамту өсті, жыл бойы екі туристік-сауықтыру, танымдық-экскурсиялық екі комплекс: «Евразия» және «Бивуак» жұмыс істеді. Облыс бойынша 14 осындай орталық жұмыс істейді. Оқу-тәрбие процесіне жаңа оқу технологиялары енгізілді.
Дарынды балаларды қолдау мақсатында орталық «Балалар даму академиясы» құрылды. Оларда өтетін шаралардың барлығы жоғары деңгейде болады. Облыста «Жайық толқыны» фестивалі, «Туған жер – Алтын бесік» өлкетану олимпиадасы, «Жайық-Орал» туристік-экологиялық экспедициялар және т.б. шаралар дәстүрге айналды.
2001 жылдан бастап «Хрустальді бекіре» конкурсы өткізіледі.
2005-2019 жылдары облыс мектеп оқушылары халықаралық конкурстарға қатысып, жоғары көрсеткіштерге ие болды.
Виктор Павлович педагогика ғылымдарының кандидаты, Халықаралық балалар-жастар туризмі мен өлкетану академиясының академигі, мемлекеттік «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, көптеген атақтардың иесі және қоғамдардың мүшесі.
«Алтын компас-2018» халықаралық конкурсының Гран-при жүлдесінің иесі.
Қалалық мәслихаттың 2020 ж. 18.09. №50-5 шешімімен «Орал қаласы құрметті азаматы» атағы берілді.
БЕРГЕН Мақсот Қабошұлы
1947 жылы 26 наурызда қазіргі Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданының Ақырап ауылында дүниеге келді. Еңбек жолын 14 жасынан бастады. Бірінші наградасы «Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін» медалін егін орудағы үздік еңбегі үшін мектепте оқып жүргенде алды. 1965 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін Алматы мемлекеттік медицина институтына оқуға түсіп, 1971 жылы фармация мамандығы провизор біліктілігі бойынша мамандық алып шықты.
Институтты бітіргеннен кейін Қазақ ССР-і Денсаулық сақтау министрлігінің жолдамасымен қазіргі Батыс Қазақстан облысының (бұрынғы Орал облысы) облыстық дәріханалар басқармасына жұмысқа келіп, фармацевтикалық инспектор қызметін атқарды. Орал қаласындағы №1 қалалық дәріханаға меңгеруші болып тағайындалды. Бұл салада 13 жыл жұмыс жасап, фармацевтика инспекторынан дәріхана жүйесінің меңгерушісіне дейінгі еңбек баспалдағына көтерілді.
1984-2012 жылдар аралығында орта буын медицина қызметкерлерін даярлайтын Батыс Қазақстан медицина колледжінде 28 жыл директор лауазымында жұмыс атқарды.
М.Қ.Берген төмендегідей мемлекеттік наградалары және құрметті атақтары бар:
1964 жылы «Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін» медалі;
1987 жылы «КСРО Денсаулық сақтау саласының үздігі» белгісі;
1997 жылы «ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі», «ҚР Білім беру саласының құрметті қызметкері» белгілері;
2001 жылы «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі;
2002 жылы «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері» белгісі;
2005 жылы «ҚР Конституциясына 10 жыл» медалі;
2007 жылы «Шапағат» медалі;
2007 жылы «ҚР денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының үздігі» белгісі;
2009 жылы «Ы.Алтынсарин» белгісі;
2011 жылы «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі;
2012 жылы «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісі;
2011, 2015, 2016 жылдары ҚР Президентінің алғыс хаттарымен;
2018 ж. «Қазақстан полициясына – 25 жыл» омырау белгісімен марапатталы.
2018 ж. «Сырым ауданының «Құрметті азаматы».
2018 ж. «Еңбек ардагері» төсбелгісі.
Қалалық мәслихаттың 2020 ж. 14.12. №55-50 шешімімен «Орал қаласы құрметті азаматы» атағы берілді.
НӘРІКОВ Айтқали Нарышқалиұлы
1940 жылы 20 маусымда Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Ширявское селосында туған.
1968 жылы Орал пединститутын бітірген. Содан бері журналист болып жұмыс істеп келеді. Тасқала ауданының құрметті азаматы.
Тырнақалды туындылары республика жас ақындарының «Жас керуен» атты «ұжымдық жинағында 1969 жылы жарияланған. «Жалын» баспасынан шыққан «Жүрек толқындары» кітабында көлемді топтамасы жарық көрген. «Көк майса», «Самал», «Сағыныш», балаларға арналған «Еркiн есейіп келеді» кітаптары шыққан. «Тасқала ауданының құрметті азаматы» атағының иегері. Республикалық жастар поэзия фестивалінің (1972 ж.) Дипломанты. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одақтары тарапынан марапатталған.
Қалалық мәслихаттың 2020 ж. 14.12. №55-50 шешімімен «Орал қаласы құрметті азаматы» атағы берілді.
КАЧАЛО Станислав Павлович
«ҚазАрмапром» ЖШС бас директоры.
«Зенит» машина жасау зауытында шебер, цех бастығы (1980-1987 жж.);
Қалалық комитет пен облыстық партия комитетінің нұсқаушысы (1987-1989);
Арматура зауытының директоры (1989-2001);
Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары (2001-2005 );
«ҚазАрмапром» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы (2005-2006);
«Құрмет» ордені;
«Еңбек даңқы» медалінің иегері.
Қалалық мәслихаттың 2020 ж. 14.12. №55-50 шешімімен «Орал қаласы құрметті азаматы» атағы берілді.