ҚАЛАНЫҢ ӘР КЕЗЕҢДЕГІ БАСШЫЛАРЫ*
Қазақстан Республикасындағы қоғамдық өмірді демократизациялау процесінің барысында туындайтын маңызды мәселелердің бірі – жергілікті жерлердегі тиімді басқару жүйесін жасау болып табылады. Кеңестік кезеңде мұндай толық билікті орган Кеңестер болды. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында олар аймақтық, облыстық, губерниялық, уездік, қалалық, аудандық, ауылдық құрылымдарды құрады. Бертін келе еңбекшілер және халық депутаттары кеңесіне ұласты.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігімен басқару құрылымы әкімшілік, одан кейін әкімдік құрылымынан көрініс тапты. Бұл құрылымдарды мемлекеттік қызметкерлер басқарды. Кеңестік кезеңдегі және Тәуелсіз Қазақстанның басқару құрылымдарындағы жұмыстар партиялық басқару жұмыстарымен тығыз байланысты жүргізілді.
Қай кезеңде де қоғамға өзінің болашағына сенетін адамдар, өзінің қызметкерлеріне сенетін басшылар қажет. Қоғамға өзінің мақсаттары жөнінде анық ұғымы бар, алдын ала болжай білетін дарыны бар адамдар керек.
Орал қаласын әр кезеңде басқарған басшылар өздерінің адамгершілігінің көрінісін ар-ұятқа кір келтірмеуімен, рухының биік болуымен, өз намысын да, ұлтының намысын да жоғары ұстануымен халықтың алғысына бөленді. Әрине, қара басының қамынан аса алмағандары мұндай сый құрметке ие бола алмады.
Бұл бөлімде біз 20-30-шы жылдардан бүгінгі күнге дейін қала басшылығында қызмет жасаған азаматтарға қысқаша өмірбаяндық, басқару стилі және жетістіктері жөнінде қысқаша мәлімет береміз. Өкінішке орай, олардың кейбіреуінің суреттерінің сақталмауына байланысты тек мәлімет беріледі.
1920-1923 жылдардағы Ресей Коммунистік (большевиктер) партиясы Орал қаласының I, III аудандық комитеттері
ПОТАНИН Александр
05.1920 жыл
Орал қаласы I аудандық партия комитетінің хатшысы.
Жеке істері жоқ.
ГЕРАСКИН Ефим Степанович
1920-1921 жылдар
Орал қаласы І аудандық партия комитетінің хатшысы.
1889 жылы Саратов губерниялық аймағында қарапайым шаруа отбасында дүниеге келген, ұлты - орыс, ауыл мектебінде оқыған, 1919 жылдан партия мүшесі.
1912-1916 жылдары Патша әскерінің кавалерияда қызмет етті, 1919-1920 жылдары теміржол жолында бастауыш партия ұйымының хатшысы, 1920-1921 жылдары Орал қаласы І аудандық партия комитетінің хатшысы, 1921-1922 жылдары губерниялық милиция бастығының көмекшісі, 1922-1923 жылдары Гурьев уездік партия комитетінің үгіт - насихатшысы қызметтерін атқарды.
Негіздеме: БҚО MM, қор-П-1, тізімдеме - 2, іс – 906.
КОСТЕРИН Михаил Евлампьевич
1922-1923 жылдар
Орал қаласы ІІІ аудандық партия комитетінің хатшысы.
1901 жылы дүниеге келген, ұлты - орыс, білімі орта, қызметші, 1919 жылдан партия мүшесі.
Қызыл Әскер құрамында жауапты саяси қызметкер, саяси бөлімінің үгіт- насихатты ұйымдастырушысы, губерния азық-түлік комитетінің алқа мүшесі, Орал қаласы ІІІ аудандық партия комитетінің хатшысы болып қызметтерін атқарды.
Негіздеме: БҚО MM, қор-П-1, тізімдеме - 2, іс - 2192.
1946-1948 жылдардағы
Қазақстан Коммунистік (большевиктер) партиясы
Орал қаласының аудандық комитеттері
Қазақстан Коммунистік (большевиктер) партиясы
Орал қаласының Приречный аудандық комитеті
*Бұл мәліметтер «Батыс Қазақстан облысының номеклатуралық қызметкерлерінің анықтамалығынан» алынды. Жоба жетекшісі А.Савгабаева. 1 том. – Орал. – 2015.
ПЕТКЕВИЧ Николай Николаевич
1946-1948 жылдар
Орал қаласы Приречный аудандық партия комитетінің 2-ші хатшысы.
1903 жылы Минск облысы Старобин ауданы Сельцо ауылында қарапайым шаруа отбасында дүниеге келген, ұлты - белорус, білімі орта, 1928 жылдан партия мүшесі.
1922-1925 жылдары Мәскеу қаласында қол лотошник, 1925-1928 жылдары Полоцк қаласында қызыл әскері, 1928-1930 жылдары әскери мектептің курсанты, 1930-1937 жылдары Қызыл Әскер қатарында қызмет еткен, 1937-1941 жылдары Орал совхоз техникумының әскери жетекшісі, 1941-1942 жылдары Орал педагогикалық институтында әскери кафедра бастығы, 1942 1944 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысты, 1944-1946 жылдары Орал педагогикалық институтында әскери істің оқытушысы, 1946-1948 жылдары Приречный аудандық партия комитетінің 2-ші хатшысы, 1948-1953 жылдары Орал облысының мәдени-ағарту бөлімінің меңгеруенісі, 1953-1954 жылдары Н.К.Крупская атындағы облыстық кітапхананың директоры, 1954-1956 жылдары Орал облыстық лекция бюросының директоры қызметтерін атқарды. Қызыл Жұлдыз орденімен және үш медальдармен марапатталған.
Негіздеме: БҚО MM , қор-П-37, тізімдеме - 26, ic - 197.
Қазақстан Коммунистік (большевиктер) партиясы
Орал қаласының Теміржол аудандық комитеті
КАЛИНКИН Андрей Семенович
1946-1947 жылдар
Орал қаласы Теміржол аудандық партия комитетінің 1-ші хатшысы.
1899 жылы РКФСР Саратов қаласында қарапайым жұмысшы отбасында дүниеге келген, ұлты - орыс, 1928 жылдан партия мүшесі.
1917-1930 жылдары қол жұмысын жасаған, Саратов қаласында темір жонушы болып жұмыс жасаған, 1932-1937 жылдары Саратов облысының теміржолы кәсіподақ және партия жұмысымен айналысқан, 1938-1939 жылдары Рязань - Орал темір жолы Аткарск бөлімшесінде саяси бөлімінің нұсқаушысы, 1939-1940 жылдары Рязань Орал темір жолы Орал бөлімшесінде үгіт - насихат жүргізу бөлімі және партия кабинетінің меңгерушісі, 1941-1942 жылдары Тайпақ ауданы «Есенсайн» ет совхозы саяси бөлімінің бастығы, 1943-1946 жылдары Батыс Қазақстан облыстық партия комитетінің өнеркәсіп және көлік бөлімінің нұсқаушысы, 1946-1947 жылдары Орал қаласы Теміржол аудандық партия комитетінің 1-ші хатшысы қызметтерін атқарды.
Негіздеме: БҚО MM, қор -П-37, тізімдеме - 16, ic - 479, фотосурет.
БОЙНОВ Григорий Андреевич
1947-1948 жылдар
Орал қаласы Теміржол аудандық партия комитетінін 1-ші хатшысы.
1907 жылы Мордовия AKCP Тенгушев ауданы Широмасово ауылында қарапайым кедей шаруа отбасында дүниеге келген, ұлты - мордва, білімі жоғары, тарих пәнінің мұғалімі, агроном, 1926 жылдан партия мүшесі.
1926-1930 жылдары Мордовия АКСР Саран облысында комсомол жұмысымен айналысқан, 1930-1933 жылдары Мәскеу қаласын Шығыс халықтар университетінің студенті, 1933-1941 жылдары Бөрлі ауданы «Овцевод» совхозында саяси бөлімінің бастығы орынбасары, мектеп директоры, Орал станциясы негізгі партия комитетінің хатшысы, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына қатысқан, 1946-1947 жылдары Орал облыстық партия комитеті кадр бөлімінің сектор меңгерушісі, 1947-1967 жылдары Орал қаласы Теміржол аудандық партия комитетінің 1-ші хатшысы, Орал қалалық партия комитетінің 3-ші хатшысы, 2-ші хатшысы, Теректі аудандық партия комитетінің 1-ші хатшысы, Бөрлі аумақтық өндірістік басқармасында облыстық партия комитетінің партия ұйымдастырушысы, Бөрлі аудандық партия комитетінің 1-ші хатшысы, 1967-1968 жылдары Орал облыстық партия комитеті жанындағы кеңестік және партия жұмысшыларды дайындау жөніндегі тұрақты курстарының меңгерушісі қызметтерін атқарды. Социалистік Еңбек Ері атагы бар, Ленин орденімен, Қызыл Жұлдыз орденімен, I және II дәрежелі Отан соғысы орденімен, Еңбек Қызыл Ту орденімен, үш медальдармен және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Құрмет грамотасымен марапатталған.
Негіздеме: БҚО ММ, қор-П-37, тізімдеме - 37, іс - 58, фотосурет.
Қазақстан Коммунистік (большевиктер) партиясы
Орал қаласының Орталық аудандық комитеті
ДРОЖЖИНОВ Василий Александрович
1947-1948 жылдар
Орал қаласы Орталық аудандық партия комитетінің 1-ші хатшысы.
1912 жылы Владимир облысы Гусь-Хрустальный ауылында қарапайым жұмысшы отбасында дүниеге келген, ұлты - орыс, білімі арнаулы орта, шыны - балқыту құрастырушы, физикалық дайындық нұскаушысы, 1939 жылдан партия мүшесі.
1929-1930 жылдары Гусь-Хрустальный қаласында шыны балқытушы - құрастырушы, 1930-1934 жылдары Мәскеу жоғары дене шынықтыру мектебінің студенті, 1934-1937 жылдары Қызыл Әскер катарында қызмет еткен, 1937-1939 жылдары дене шынықтыру бойынша нұсқаушы, Гусь - Хрустальный зауытында комсомол комитетінің хатшысы, 1939-1940 жылдары Иванов қалалық комсомол комитетінің хатшысы, 1940-1942 жылдары Иванов облыстық партия комитеті әскери бөлімінің меңгерушісі, 1942-1943 жылдары Гусь-Хрустальный қалалык партия комитетінің хатшысы, 1943-1945 жылдары Иванов облыстық партия комитетінің кеңестік және кәсіподақ органдарының сектор меңгерушісі, нұсқаушы, 1945-1946 жылдары БК(б)ПОК жанындағы Лениндік курстарынын студенті, 1946-1947 жылдары Батыс Қазақстан облыстық партия комитеті ҰНБ-нің меңгерушісі, 1947-1948 жылдары Орал қаласы Теміржол аудандық партия комитетінің 1-ші хатшысы, 1948 жылы Ворошилов атындағы зауыты партия бюросының хатшысы қызметтерін атқарды.
«1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында айбынды еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
Негіздеме: БҚО ММ, қop-П-37, тізімдеме - 20, іс - 452, фотосурет.
1923-1928 жылдардағы
Ресей Коммунистік ( большевиктер ) партиясының
Орал қалалық аудандық комитеті
ВАСИЛЬЕВ Владимир Романович
1923-05.1924 жылдар
К(б)П Орал қалалық аудандық комитетінің хатшысы.
1885 жылы дүниеге келген, ұлты - орыс, 1919 жылдан партия мүшесі.
1920-1922 жылдары теміржол революциялық комитетінің төрағасы, Гурьев теміржол революциялық комитеті және уездік атқарушы комитетінің төрағасы, жұмысшы - шаруалар инспекциясы Орал губерниялық Бақылау комиссиясы жанындағы өтініш бюросының меңгерушісі, 1923-1924 жылдары Орал қалалық аудандық комитетінің хатшысы қызметтерін атқарды.
Негіздеме: БҚО MM , қор - П-1, тізімдеме - 2 , іс - 695.
МУСИН Василий Иванович
1924 жыл
К(б)П Орал қалалық аудандық комитетінің хатшысы.
1903 жылы дүниеге келген, ұлты - татар, шіркеу - приход училищесінде білім алған, 1919 жылдан партия мүшесі.
1921-1923 жылдары Орал, Орынбор, Рязань қалаларының аудандық комсомол комитетінің жастар арасындағы жұмыстың жауапты жетекшісі, 1924 жылы Орал қалалық аудандық комитетінің хатшысы қызметтерін атқарды.
Негіздеме: БҚО MM, қор-П-1, тізімдеме - 2, іс – 2991.
БАРАНОВ Константин Алексеевич
06.1925-12 . 1925 жыл
К(б)П Орал қалалық аудандық комитетінің хатшысы.
1897 жылы дүниеге келген, ұлты - орыс, әлеуметтік жағдайы-жұмысшы, 1920 жылдан партия мүшесі.
Негіздеме БҚО MM, қор-П-1, тізімдеме - 2, іс – 319.
СОХАЦКИЙ Иван Григорьевич
1927-1928 жылдар
РК(б)П Орал қалалық аудандық партия комитетінің хатшысы.
1898 жылы Екатеринбург қаласында қарапайым шаруа отбасында дүниеге келген, 1919 жылдан партия мүшесі.
1919-1922 жылдары Қызыл Әскер қатарында қызмет етті, 1924-1926 жылдары қалалық аудандық партия комитетінің агроөнеркәсіп бөлімінің меңгерушісі, 1927-1928 жылдары РК(б)П Орал қалалық аудандық партия комитетінің хатшысы қызметтерін атқарды.
Негіздеме: БҚО MM, қор-П-1, тізімдеме - 2, іс - 4014.
САВОСТИН Михаил Максимович
1925-1927 жылдар
К(б)П Орал қалалық аудандық партия комитетінің хатшысы.
1889 жылы дүниеге келген, ұлты - орыс, білімі орта, қалалық училищені бітірген, машинист, 1918 жылдан партия мүшесі.
1917-1923 жылдары Рязань - Орал темір жолында паровоз машинисінің жетекшісі, машинисі, 1923-1924 жылдары Орал қаласы теміржол депосының бастығы, 1925-1926 жылдары БК(б)П Орал қаласы аудандық комитетінің хатшысы, 1926-1927 жылдары К(б)П Жымпиты уездік комитетінің хатшысы, 1927-1934 жылдары Орал паровоз депосының, Түркісіб паровоз депосының, Пенза паровоз депосының, Покровск паровоз депосының бастығы қызметтерін атқарды.
Негіздеме: БҚО MM, қор-П-1, тізімдеме-2, іс - 3697; қор-П-37, тізімдеме - 3, іс - 360.
1933-1991 жылдардағы
Қазақстан Коммунистік партиясының Орал қалалық комитеті
ШИРЯВЦЕВ Алексей Дмитриевич
1933-1935 жылдар
Орал қалалық партия комитетінің 1-ші хатшысы.
1888 жылы Орал губерниясы Рубежин уезі Рубежка ауылында қарапайым шаруа отбасында дүниеге келген, ұлты - орыс, 1920 жылдан партия мүшесі. 1919-1920 жылдары Шипов болыстық атқарушы комитетінің хатшысы, 1920-1922 жылдары Орал губерниялық атқарушы комитеті төрағасының орынбасары, 1925-1926 жылдары Орал қалалық еңбекші депуттары атқарушы комитетінің нұсқаушысы, 1926-1928 жылдары Рубежин болыстық атқарушы комитетінің хатшысы, 1928-1929 жылдары Ілбішін аудандық партия комитетінің хатшысы, 1930 жылы аймақтық бюро меңгерушісі, 1933-1935 жылдары Орал қалалық партия комитетінің 1-ші хатшысы қызметтерін атқарды.
Негіздеме : БҚО MM, қор-П-5, тізімдеме - 1, іс - 488.
КУЗНЕЦОВ
1936-1937 жылдар
Орал қалалық партия комитетінің 1-ші хатшысы.
Жеке істері жоқ.
УТЕПОВ Шарип Гайсанович
1938 жыл
Орал қалалық партия комитетінің 1-ші хатшысы.
1906 жылы Шығыс Қазақстан облысы Киров ауданы Еңбек ауылында қарапайым жұмысшы отбасында дүниеге келген, ұлты - қазақ, білімі орта, Aлма-Ата қаласындағы марксизм-ленинизм институтын бітірген. 1928 жылдан партия мүшесі.
1924-1927 жылдары Семей облысында комсомол жұмысын аткарды, 1927-1933 жылдары Ақтөбе аймақтық комсомол комитеті ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, Алма-Ата өлкелік комсомол комитеті меңгерушісінің орынбасары, БЛКЖО облыстық комитетінің жауапты хатшысы, 1933-1934 жылдары Халықтық жер комиссариатының саяси секторының көмекшісі, 1935-1937 жылдары Алма-Ата қаласындағы аймақтық комсомол комитеті ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, облыстық комсомол комитетінің хатшысы, 1937 жылы Алма-Ата облыстық партия комитетінің 3-ші хатшысы, 1938 жылы Орал облыстық партия комитетінің 1-ші хатшысы қызметтерін атқарды.
Негіздеме: БҚО MM, қор-П-37, тізімдеме - 6, іс - 527.
ВАСИЛЕВСКИЙ Андрей Степанович
1939-1945 жылдар
Орал қалалық партия комитетінің 1-ші хатшысы.
1901 жылы Украин КСР Чернигов облысы Игнатовка ауылында қарапайым кедей шаруа отбасында дүниеге келген, ұлты - украин, білімі аяқталмаған жоғары, Полтава партия мектебінде оқыған, 1925 жылдан партия мүшесі.
1921 жылы Прилукский ауылдық кедейлер комитетінің хатшысы, 1922-1932 жылдары Қызыл Әскер катарында соғысқан, Сокирeнский ауылдық кеңесінің төрағасы, Чернигов облысы Варвинск аудандық партия комитетінің үгітшісі, 1933-1939 жылдары Богуславский аудандық партия комитеті партиялық - көпшілік жұмыс жөніндегі саяси бөлімінің бастығы орынбасары, хатшысы, 1939-1945 жылдары Батыс Қазақстан облыстық партия комитетінің 1-ші хатшысы қызметтерін атқарды.
Негіздеме : БҚО MM, қор-П-37, тізімдеме - 13, іс - 365.
ОРЕХОВ Петр Григорьевич
1945-1950 жылдар
Орал қалалық партия комитетінің 2-ші хатшысы 1-ші хатшысы.
1907 жылы Орал губерниясы Илек уезі Студеный ауылында қарапайым жұмысшы отбасында дүниеге келген, ұлты - орыс, 1928 жылдан партия мүшесі.
1919-1921 жылдары «Красная заря» ауыл шаруашылық коммунада жұмысшысы, 1921-1922 жылдары Түркістан қаласында ағасының қарауында болған, 1922-1937 жылдары комсомол жұмысымен айналысқан, Түркістан қаласында КЖО-ның уездік комитеті АӨБ-нің меңгерушісі, Қазалы қаласында КЖО-ның уездік комитеті экономикалық-құқықтық бөлімінің меңгерушісі, БЛКЖО-ның Ош өлкелік комитеті ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, Қызыл кыл қаласы БЛКЖО аудандық комитетінің хатшысы, Прхивальск қаласы өлкелік комсомол комитеті ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, Гурьев облысы Яманка ауылы КЖО-ның аудандық комитетінің хатшысы, ҚК(б)П Денгиз аудандық комитеті АӨБ-нің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі және хатшысы, 1937-1938 жылдары Орал қаласы ҚК(б)П облыстық комитеті БПОБ-нің меңгерушісі, 1938 жылы КК(б)П облыстық комитетінің 2-ші хатшысы, 1938-1939жылдары облыстық атқарушы комитетінің төрағасы, 1939-1940 ҚазКСР ЖС Төралқасының төраға орынбасары, 1940-1942 жылдары ҚазКСР халық комисариат Кеңесінің төраға орынбасары,1942-1943 жылдары ҚазКСР Мемлекеттік бақылау Халық Комиссары, 1945-1950 жылдары ҚК(б)П Орал қалалық комитетінің 2-ші, 1-ші хатшысы, 1950-1952 жылдары ҚК(б)П облыстық комитеті үгіт-насихат жүргізу бөлімінің нұсқаушысы, 1951 жылы Орал педагогикалық институты бастауыш партия ұйымының хатшысы және марксизм-ленинизм кафедрасының оқытушысы қызметтерін атқарды.
Еңбек Қызыл Ту орденімен, ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Қазақстанның 15 жылдығы» белгісімен марапатталған.
Негіздеме: БҚО ММ, қор-П-37, тізімдеме-7, іс-1109; тізімдеме-П-21, іс-546, фотосүрет.
МЫЛЬНИКОВ Андрей Петрович
1950-1953 жылар
Орал қалалық партия комитетінің 1-ші хатшысы.
1900 жылы Дон облысы Елизаветинская бекетінде шаруа-балықшы отбасында дүниеге келген, ұлты – орыс, білімі жоғары, ет өнеркәсібінің инженер-технологі, 1925 жылдан партия мүшесі.
1917-1921 жылдары Ростов-на-дону қаласы Орталық телеграфта «Морзе» системасының телеграф аппараттарын жөндеу шебері, 1921-1930 жылдары тері зауытында тері шелдеуші, 1930-1931 жылдары Солтүстік Қазақтан «Союзмясо» кеңсесі өндірістік-техникалық бөлімінің жауапты орындаушысы. 1931-1932 жылдары Полтава қаласы Бүкілодақтық ет өнеркәсібінің Қызыл директорлары курстарының курсанты, 1932-1936 жылдары Тбилиси ет комбинаты директорының өндіріс жөніндегі орынбасары. 1936-1940 жылдары Мәскеу қаласы Бүкілодақтық ет пен сүт өнеркәсібі академиясының студенті, 1940-1942 жылдары Орал ет комбинатының директоры, 1942-1944 жылдары Батыс Қазақстан облысы бойынша облыстық өнеркәсіп және көлік жөніндегі атқарушы комитетінің төраға орынбасары, 1944-1946 жылдары Орал қаласы ҚКП облыстық сауда және қоғамдық тамақтандыру жөніндегі комитетінің меңгерушісі, 1946-1947 жылдары ҚКП Орал қалалық комитетінің 3-ші хатшысы, 1947-1950 жылдары облыстық өнеркәсіп және көлік жөніндегі атқарушы комитетінің төраға орынбасары, 1950-1953 жылдары Орал қалалық партия комитетінің хатшысы, 1953-1955 жылдары Батыс Қазақстан облыстық атқарушы комитеті жалпы бөлімінің меңгерушісі, 1955-1957 жылдары Орал облыстық коммуналдық шаруашылығының меңгерушісі қызметтерін атқарды, 1957 жылдан зейнеткерлік демалыста.
«Тың жерлерді игергені үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында айбынды еңбегі үшін» медальдармен марапатталған.
Негіздеме: БҚО ММ, қор-П-37, тізімдеме-26, іс-185, фотосүрет.
ИНЮТИНА Домна Сергеевна
1953-1954 жылдар
Орал қалалық партия комитетінің 1-ші хатшысы.
1913 жылы Әзірбайжан КСР Култук-Нефтечалинск ауданы Норд-Остово ауылында дүниеге келген, ұлты – орыс, білімі жоғары, педагог. 1941 жылдан партия мүшесі.
19332 жылдан бастауыш сыныптарының мұғалімі, оқу ісі бөлімінің меңгерушісі, мектеп директоры, Қырғыз КСР Ош облыстық халыққа білім беру бөлімінің меңгерушісі, 1951-1953 жылдары Орал қалалық партия комитетінің 2-ші, 1953-1954 жылдары Орал қалалық партия комитетінің 1-ші хатшысы, 1954-1963 жылдары Батыс Қазақстан облыстық халыққа білім беру бөлімінің меңгерушісі, 1966 жылы Орал қалалық № 9 мектебінің директоры қызметтерін атқарды.
Еңбек Қызыл Ту орденымен, үш медальдармен, Қырғыз КСР және Қазақ КСР Жоғары Кеңесі Төралқасының Құрмет грамоталарымен, аймақтық атқарушы комитетінің грамотасымен марапатталған.
Негіздеме: БҚО ММ, қор-П-37, тізімдеме-37, іс-82, фотосүрет.
ГУСЕВ Иван Ефимович
1953-1954 жылдар
Орал қалалық партия комитетінің 1-ші хатшысы.
1910 жылыСаратов облысы Энгельс қаласында қарапайым жұмысшы отбасында дүниеге келген, ұлты – орыс, білімі жоғары, КОКП ОК жанындағы Жоғары партия мектебінде оқыған, 1931 жылдан партия мүшесі.
1929-1930 жылдары Саратов қаласында қазаншы, темір ұстасы, 1930-1931 жылдары Руднян ауданы Козлов ауданының оқу үйінің меңгерушісі, 1931-1932 жылдары Саратов қаласы цемент-керамикалық өндіріс жұмысшылар Одағының нұсқаушысы, 1932-1935 жылдары әскери мектебінің курсанты, 1935-1939 жылдары Саратов облстық совхозының комсомол комитеті хаттар бөлімінің меңгерушісі, саяси бөлімі бастығының көмекшісі, 1939-1946 жылдары Саратов облысы Дурасов аудандық партия комитетінің бөлім меңгерушісі, 2-ші хатшысы, 1946-1948 жылдары Саратов партия мектебінің тындаушысы, 1948-1951 жылдары Саратов облысы Пугачев аудандық партия комитетінің 2-ші, 1-ші хатшысы, 1951-1954 жылдары Жоғары партия мектебінің тыңдаушысы, 1954-1956 жылдары Орал қалалық партия комитетінің 1-ші хатшысы қызметтерін атқарды.
«Айбынды: БҚО ММ, кор-П-37, тізімдеме-26, іс-138, фотосурет.
ГАПОНОВ Захарий Платонович
1956-1962 жылдар
Орал қалалық партия комитетінің 1-ші хатшысы.
Херсон облысы Скадов ауданы Кларовка ауылында қарапайым жұмысшы отбасында дүниеге келген, ұлты – орыс, білімі жоғары, Москва қаласы КОКП ОК жанындағы Жоғары партия мектебінде оқыған, 1939 жылдан партия мүшесі.
1928 жылдан еңбекке араласқан, Херсон облысында жұмысшы, темір жонушы, кенші, 1935-1937 жылдары КБҚ мектебінің курсанты, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына қатысқан, 1944-1951 жылдары Белорусия Белиниче аудандық партия комитетінің 1-ші хатшасы, Беларусия Краснопол аудандық партия комитетінің 1-ші хатшысы, 1954-1955 жылдары Алма-Ата қаласындағы ҚКП ОК-нің жауапты ұйымдастырушысы, Батыс Қазақстан облыстық партия комитетінің партиялық органдар өлімінің меңгерушісі, 1956-1962 жылдары Орал қалалық партия комитетінің 1-ші хатшысы қызметтерін атқарды.
Ленин орденімен, екі рет Еңбек Қызыл Ту орденімен, ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен және бес медальдармен марапатталған.
Негіздеме: БҚО ММ, қор-П-4, тігіздеме-2, іс-4395, фотосурет.
КУРБАТОВ Владимир Ефимович
1962-1965 жылдар
Орал қалалық партия комитетінің 1-ші хатшысы.
1928 жылы Краснодар өлкесі Армавир ауданы Сталин атындағы комбинатында қарапайым жұмысшы отбасында дүниеге келген, ұлты - орыс, білімі жоғары, көпір және тоннель бойынша инженері, 1955 жылдан партия мүшесі.
1952-1955 жылдары Орынбор темір жолы Дорстройтрест 5-ші Қазалы бөлімшесінің көпір шебері, басшы көмекшісі, 6-шы Қазалы құрылыс учаскесінің бас инженері, 1955-1959 жылдары Орал бекетіндегі Дорстройтрест 4-ші Орал құрылыс бөлімінің бастығы , 1959-1960 жылдары «Уральскпромстрой» трестінің бас инженері, басқарушысының міндетін атқарушы, 1960-1962 жылдары Орал облыстық партия комитеті өнеркәсіп бөлімінің меңгерушісі, 1962-1965 жылдары Орал қалалық партия комитетінің 1 - ші хатшысы , 1965-1975 жылдары ҚКП Орал облыстық партия комитетінің хатшысы қызметтерін атқарды.
Негіздеме : БҚО MM, қор-П-4, тізімдеме -3, іс - 672; қор-37, тізімдеме - 46, іс -26, фотосурет.
КОСТАРЕВ Сергей Ефимович
1965-1978 жылдар
Орал қалалық партия комитетінің 1-ші хатшысы.
1924 жылы Целиноград қаласында қарапайым жұмысшы отбасында дүниеге келген, ұлты - орыс, білімі жоғары, экономист, 1948 жылдан партия мүшесі.
1942-1949 жылдары Қарағанды облысы паровоз депосының слесары, бригадирі, шебері, 1949-1960 жылдары Қарағанды облыстық партия комитеті өнеркәсіп және көлік бөлімінің нұсқаушысы, 1960-1965 жылдары ҚКП ОК көлік және байланыс бөлімінің нұсқаушысы, 1965-1978 жылдары Орал қалалық партия комитетінің 1-ші хатшысы, 1978-1985 жылдары Орал облыстық халықтық бақылау комитетінің төрағасы қызметтерін атқарды.
Еңбек Қызыл Ту орденімен, «Құрмет белгісі» орденімен, бес медальдармен, екі рет Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Құрмет грамотасымен марапатталған .
Негіздеме : БҚО MM , қор-П-37, тізімдеме -76, іс - 41, фотосурет .
ВОЛЕЙКО Лев Сигизмундович
1978-1981 жылдар
Орал қалалық партия комитетінің 1-ші хатшысы.
1934 жылы Орал қаласында қарапайым жұмысшы отбасында дүниеге келген, ұлты - орыс, білімі жоғары, КОКП ОК жанындағы Жоғары партия мектебінде оқыған, математика пәнінің мұғалімі, 1961 жылдан партия мүшесі.
1959-1965 жылдары Орал облыстық комитетінде, қалалық комитетінде комсомол жұмысымен айналысқан, 1965-1972 жылдары Орал облыстық партия комитетінің үгіт - насихат бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Орал облыстық партия комитетінің саяси ағарту үйінің кеңесшісі, меңгерушісі, 1972-1978 жылдары облыстық партия комитетінің партиялық-ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, 1978-1981 жылдары Орал қалалық партия комитетінің 1-ші хатшысы, 1981-1986 жылдары ҚКП ОК-нің партиялық-ұйымдастыру бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Қазақ КСР әлеуметтік қамсыздандыру министрінің 1-ші орынбасары, 1986-1988 жылдары Орал облыстық атқару комитеті төрағасының 1-ші орынбасары, 1988-1990 жылдары Орал облыстық табиғатты сақтау комитетінің төрағасы , 1990-1991 жылдары облыстық халық депутаттары Кеңесі ұйымдастыру-кеңестік жұмысы бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды.
Екі рет Еңбек Қызыл Ту орденімен, екі медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Құрмет грамотасымен марапатталған.
Негіздеме : БҚО MM , қор-П-37, тізімдеме - 94л, іс-16, фотосурет.
ПОЛЮХОВ Владимир Владимирович
1981-1985 жылдар
Орал қалалық партия комитетінің 1-ші хатшысы.
1941 жылы Семей қаласында қарапайым жұмысшы отбасында дүниеге келген, ұлты - орыс, білімі жоғары, инженер-металлург, техника ғылымдарының кандидаты, қоғамдық ғылым академиясын бітірген, облыс металлургия туралы 13 ғылыми еңбегінің авторы, 1964 жылдан партия мүшесі.
1963-1976 жылдары Алма-Ата қаласындагы Киров атындағы машина жасайтын зауытының инженері, аға инженері, бас металлургі, 1976-1981 жылдары Ленин аудандық партия комитетінің 2-ші хатшысы, Алма-Ата қалалық партия комитетінің өнеркәсіп-көлік бөлімінің меңгерушісі, 1981-1985 жылдары Орал қалалық партия комитетінің 1-ші хатшысы, 1986-1989 жылдары Орал облыстық халык депутаттар Кеңесінің төраға орынбасары, Орал облыстық атқарушы комитеті төрағасының бірінші орынбасары, Бас жоспарлы-экономикалық басқармасының бастығы, Орал облыстық атқарушы комитетінің еңбек және әлеуметтік сұрақтар басқармасының бастығы, 1991-1994 жылдары Орал қаласының еңбек жөніндегі бас басқармасының бастығы қызметтерін атқарды.
Екі медальдармен марапатталған.
Негіздеме : БҚО MM , қор-П-4, тізімдеме - 25, іс-11, фотосурет.
ДЕРГУНОВ Александр Владимирович
1984-1988 жылдар
Орал қалалық партия комитетінің 1-ші хатшысы.
01.12.1946 жылы РФ Чита каласында дүниеге келген. Жолдасы - Дергунова Светлана Алексеевна, ұлы Владимир, 1969 ж.т., қызы Наталья, 1976 ж.т. және үш немересі бар. 1971 жылы Саратов политехникалық институтын, 1988 жылы Алматы жоғарғы партиялық мектебі бітірген, инженер-механик.
1964-1968 жылдары Орал қалалық радиоторабынын радиомонтері болып жұмыс істеді, 1968 жылы Орал машина жасаушы зауытының слесары, 1968-1971 жылдары Орал жөндеу зауытының шебері, 1971-1972 жылдары әскер қызметінде, 1972-1977 жылдары Орал жөндеу зауытының механигі, цех бастығы, 1977-1980 жылдары Орал қалалық партия комитетінің нұсқаушысы, 1980-1983 жылдары «Уральсквoдстрой» құрылыс материалдар комбинаты трестінің директоры, 1983-1984 жылдары Ленин аудандық атқару комитетінің төрағасы, 1984-1988 жылдары Орал қалалық партия комитетінің 1-ші хатшысы, 1988 жылы Орал облыстық атқару комитетінің Бас жоспарлы- экономикалық басқармасының бірінші орынбасары, 1988-1992 жылдары Орал облыстық аткарушы комитетінің төраға орынбасары, 02.1992-01.1994 Орал облыстық әкімшілігі басшысының орынбасары, 1994-2000 жылдары ЖШС-тің директоры, 2000-2003 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі, 12.2003 жылдан Саратов мемлекеттік университетінін материалды- техникалық дамуы бойынша бірінші проректоры қызметтерін атқарды.
Медалімен марапатталған.
Негіздеме: БҚО ММ, «Кто есть кто» өмірбаяндық анықтамалығы, фотосурет.
КОНДРАТЕНКО Валерий Алексеевич
1988-1990 жылдар
Орал қалалық партия комитетінің 1-ші хатшысы.
01.09.1940 жылы Шымкент облысы Леңгір қаласында дүниеге келген.
Әкесі - Кондратенко Алексей Григорьевич КОКП-ның мүшесі болған, 1981 жылы қайтыс болған, анасы - Кондратенко Анна Терентьевна, үй шаруасындағы әйел, Ленгір қаласында тұрған, Шымкент және Ленгір каласында төрт аға-апасы тұрған.
1958 жылы «Ленгеруголь» кен өндіру басқармасында № 5 шахтада жұмыс жасап, бір мезгілде жұмысшы жастар мектебін бітірген, 1962 жылы Шымкент химия-технологиялық институтына оқуга түскен, оқу аяқталған соң 1967 жылы Семей цемент зауытына жұмысқа жіберілген, ауысым басшысы, содан кейін «Обжиг» цехтың бастығы орынбасары болып қызмет жасаған, 1969 жылы Семей силикат зауытының бас инженерлігінде, 1970 жылы Орал қаласындағы қабырғалық материалдар зауытында бас инженері, 06.1970 КОКП катарында, 05.1958-07.1959 Шымкент облысы Ленгір кен өндіру басқармасының № 5 жерасты шахтасында тасып шығарушысы, 07.1959-05.1961 Шымкент облысы Леңгір кен өндіру басқармасы № 5 шахтасының әдіскер нұсқаушысы, 05.1961-03.1962 орталық электромеханикалық шеберханасының слесары, 03.1969-08.1962 Леңгір балалар спорт мектебінің оқытушысы, 09.1962-08.1967 Қазақ химия-технологиялық институтының студенті, 08.1967-03.1969 «Обжиг» Семей цемент зауытының ауысым басшысы, 03.1969-04.1969 «Обжиг» Семей цемент зауытының бастығы орынбасары, 04.1969-11.1970 Семей силикат зауытының бас инженері, 11.1970 - 02.1974 Орал қабырғалық материалдар зауытының бас инженері, 02.1974-05.1976 ҚазКСР Орал құрылыс материалдар өнеркәсібі Министрлігінің кәсіпорындар салынатын дирекциясының директоры, 05.1976-10.1976 Орал қабырғалық материалдар зауытының директоры, 10.1976-09.1981 Орал қабырғалық материалдар өндіруші бірлестігінің бас директоры, 09.1981-06.1983 ҚКП Орал облыстық партия комитеті құрылыс бөлімінің меңгерушісі, 06.1983-08.1988 ҚКП Орал каласы Өнеркәсіп аудандық комитетінің 1-ші хатшысы, 08.1988-04.1990 ҚКП Орал қалалық комитетінің 1-ші хатшысы қызметтерін атқарды.
Негіздеме:ҚР ПМ, қор- 708, тізімдеме-142, іс-1994, парақ-41, фотосурет.
ДЖУНУСОВ Валерий Кинжегалиевич
04.1990-06.1990 жыл
Орал қалалық партия комитетінің 1-ші хатшысы.
1950 жылы Орал қаласында қарапайым жұмысшы отбасында дүниеге келген ұтты - қазақ, білімі жоғары, инженер-механик, 1972 жылдан партия мүшесі.
1972-1973 жылдары Кронштадт қаласы Кронштадт теңіз зауытының шебері, КСРО Әскери теңіз флотында қызмет еткен, 1973-1977 жылдары Орал кеме жөндейтін және жасайтын зауытының инженер-құрылымдаушысы, Орал өзен кеме шаруашылығы басқармасының аға инженері, Орал өзен кеме шаруашылығының бас инженері, 1977-1981 жылдары Орал облыстық партия комитеті өнеркәсіп және көлік бөлімінің нұсқаушысы, 1981-1987 жылдары Орал облыстық мемлекеттік мұнай өнімдері комитетінің бастығы, 1987-1988 жылдары Орал қалалық партия комитетінің 2-ші хатшысы, 1988-1990 жылдары Орал облыстық партия комитеті өнеркәсіп және көлік бөлімінің меңгерушісі, әлеуметтік-экономикалық бөлімінің меңгерушісі, 1990 жылы Орал калалық партия комитетінің 1-ші хатшысы қызметтерін атқарды.
Негіздеме : БҚО MM , қор-П-37, тізімдеме - 94л, іс - 409, фотосурет.
1983-1988 жылдардағы Қазақстан Коммунистік партиясы Орал қаласының Лениндік аудандық комитеті
ИСМАГУЛОВА Батес Турановна
1983-1986 жылдар
Орал қаласы Лениндік аудандық партия комитетінің 1-ші хатшысы.
1947 жылы Орал қаласында қарапайым жұмысшы отбасында дүниеге келген, ұлтты - қазақ, білімі жоғары, КОКП ОК жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясыңда оқыған, 1972 жылдан партия мүшесі.
«Уральский» совхозы жылыжай шаруашылығының бригада басшысы, 1970-1972 жылдары Приурал аудандық комсомол комитетінің 2-ші хатшысы, 1972-1974 жылдары Орал облыстық комсомол комитетінің насихат жүргізу бөлімінің меңгерушісі, 1974-1975 жылдары Мәскеу қаласы БЛКЖО ОК ауыл жастар бөлімінің нұсқаушысы, 1975-1979 жылдары Орал облыстық комсомол комитетінің 1-ші хатшысы, 1981-1983 жылдары Орал облыстық партия комитеті сауда-қаржы органдар бөлімінің меңгерушісі, 1983-1986 жылдары Орал қаласы Ленин аудандық партия комитетінің 1-ші хатшысы қызметтерін атқарды.
Негіздеме : БҚО ММ, қор-П-1032, тізімдеме -10, іс - 272, фотосурет.
ДЖАКУПОВ Хабибулла Хабенович
1987-1988 жылдар
Орал қаласы Лениндік аудандық партия комитетінің 1-ші хатшысы.
16.09.1949 жылы Казталов ауданы Казталов ауылында дүниеге келді. Жолдасы - Жакыпова Баян Сисеновна, екі ұлы - Жасұлан, 1974 ж.т., Батыс Қазақстан облысының мәслихат депутаты, Аслан, 1977 жылы ж.т., үш немересі бар. 1972 жылы Целиноград инженер-құрылыс институтын бітірді, 1989 жылы Алматы жоғарғы партия мектебін, инженер-құрылысшы, саясаттанушы, техника ғылымдарының кандидаты, профессор, ҚР Табиғи ғылым академиясының академигі, туризм және өлкетанудың Халықаралық академиясының академигі, ҚР-ның ақпараттық агенттігінің корреспондент мүшесі, Қазақ ұлттық табиғи ғылым академиясының академигі.
1966 жылдан аудандық байланыс торабының монтер болып бастаған, 1972-1977 жылдары ЖМК «Уральскcельстрой» трестінің прорабы, бас инженері, бастығы, 1977-1981 жылдары «Уральскколхозстрой» трестінің бас инженері, 1981-1983 жылдары Орал қалалық атқарушы комитетінің төраға орынбасары, 1983-1987 жылдары Өнеркәсіп аудандық аткарушы комитетінің төрағасы, 1987-1988 жылдары Лениндік аудандық партия комитетінің 1-ші хатшысы, 1988-1989 жылдары Орал қалалық партия комитетінің 2-ші хатшысы, 1989-1992 жылдары Орал қалалық атқарушы комитетінің төрағасы, калалық кеңесінің төрағасы, 1990 жылы ҚазКСР ЖК-нің 12-ші шақырылымының депутаттығына үміткер, 1992-1993 жылдары Орал қалалық әкімшілігінің басшысы, 01.1993-2000 әкімшілік басшысы, Батыс Қазақстан облысының әкімі, 01.2001-06.2003 ҚР-ның көлік және коммуникациялар бірінші вице-министрі, 07.2003.11.2004 ҚР-ның Кеңсе Премьер-министрі басшысының орынбасары - Парламенттегі ҚР Үкіметінің өкілдік басшысы, 11.2004-08.2007 ҚР-ның Кеңсе Премьер-министрі басшысының орынбасары - ҚР Парламенті Сенатындағы ҚР Үкіметінің өкілі, 08,2007-11.2011 ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің мүшесі, 2007-2011 жылдары ҚР Парламентінің Мәжілісі 4-ші шақырылымының депутаты, 15.01.2012 жылы ҚР Парламентінің Мәжілісі 5-ші шақырылымының депутаты, халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі Комитетінің мүшесі қызметтерін атқарды.
«Парасат» орденімен, «Құрмет», ІІ дәрежелі Даниил Московский әулие князiнiң орденімен, үшi медальдармен марапатталған.
Негіздеме: БҚО ММ, «Кто есть кто» өмірбаяндық анықтамалығы, фотосурет .
1982-2021
ТӨЛЕБАЕВ Қуаныш Төлебайұлы
1945 ж. 10 ақпанда Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Уркендеу ауылында дүниеге келді.
Шымкент политехникумын, Жамбыл су шаруашылығы – құрылыс институтың (Тараз), Қоғамдық ғылымдар Академиясын (Мәскеу) Президент жанындағы мемлекеттік бассқару Академиясын (Астана) бітіріп, инженер-құрылысшы, инженер-гидромелиоратор, саясаттанушы, мемлекеттік басқару, ұстарлық келісім және әлеуметтік шіеленіс мәселелері бойынша эксперт-талдаушы.
Еңбек жолын 1964 ж. Қызылорда облысы, Қараөзен ауданында құрылыс мастері болып бастады. 1965-1968 жж. әскер қатарында болды. 1968-1972 жж. Ауыл шаруашылық Министрлігінің 4 ПМК-да, Одақтық Сушаруашылығы Министрлігінің 41, 16 ПМК-ларында құрылыс бөлімінің бастығы. 1976-1979 жж. ҚКП Қазалы ауданы ПК ұйымдастыру нұсқаушысы. 1980-81 жж. Орал қаласы ПК екінші хатшысы. 1982-1987 жж. Орал қалалық халық депутаттары кеңесі және қалалық атқару комитетінің төрағасы. 1987-1990 жж. Орал облаткомының тұрмыстық қызмет көрсету басқармасының бастығы. «Орал тұрмыстық комплекс» облыстық ассоциациясының төрағасы. 1992-1997 жж. Бөрлі (БҚО) аудандық әкімшілігінің, содан кейін аудан әкімі.
1997-2001 жж. «Ақсайинтерсервис», «Интеграция + Достық» ТОО-ның директоры, басқарма бастығы.
2002-2012 БҚО Қазақстан халықтары Ассамблеясының төраға орынбасары, секретариат басшысы.
Қала, облыс көлемінде қоғамдық жұмыстарға белсене араласады.
Көптеген марапаттарға ие: «Құрмет», «Құрмет белгісі» ордендарымен, «Алтын барыс» белгісімен, Қазақстан хлықтары Ассамблеясының «Бірлік» алтын медалімен және т.б. медальдармен марапатталған.
«Орал облысы жерін суландыру» (1978), «Өркендеген өмір» (2002), «Бөрлі ауданы: жылдар мен адамдар» «1995), «Қарашығанақтың кезеңдері» (2009), «Өмір өрнектері» (2008) және т.б. кітаптардың авторы.
МОЛДАШЕВ Болат Ғинаятұлы
(1935-2004)
1935 жылы Фурманово (қазіргі Жалпақтал) ауылында ұстаздар отбасында дүниеге келді. Орта мектепті алтын медальмен бітіріп, Мәскеу энергетика институтына түсті. Бітіргеннен кейін Қазақ ССР ҒА энергетика институтына жіберілді.
1960 ж. семья жағдайына байланысты Орал қаласына келіп, Ворошилов атындағы зауытта (қазіргі «Зенит») инженер болып орналасты. 1977 ж. осы зауыттың директоры. П.Атоянның ұсынысымен «Омега» аспап жасау зауытына директор болып тағайындалды. Осы кезеңде Мәскеу электротехникалық техникумының филиалы ретінде № 5 училищені ашты.
1989 ж. халық депутаты. Орал қалалық Кеңесінің депутаты. Кеңес төрағасы болып сайланды.
1991 ж. Орал қаласы әкімі болып тағайындалды. 1992 ж. «Омега» зауытына қайта оралды. 1995 ж. Зейнетккерлікке шықты. 2005 ж. «Омега» зауытына ескерткіш тақта қойылды. Қаланың бір көшесіне есімі берілді.
ЖАҚЫПОВ Қабиболла Қабенұлы
1949 жылы 16 қыркүйекте Қазталовка ауданы (БҚО), Қазталовка ауылында туған. Целиноград инженерлік-құрылыс институтының өнеркәсіп-азаматтық құрылыс факультетін (1972). Инженер-құрылысшы. Алматы жоғары партия мектебін (1989) бітірді, саясаттанушы.
1972 жылдан - № 8 «Уральсксельстройда» жұмыс менеджері, бас инженер, 811 ПМК басшысы.
1977-1981 жылдары – «Уральскколхозстрой» тресінің бас инженері.
1981 жылдан – Орал қалалық халық депутаттары Кеңесінің аткомының төрағасының орынбасары.
1983 жылдан Орал қаласының Өнеркәсіп аудандық халық депутаттары Кеңесінің аткомының төрағасы.
1987 жылдан Орал қаласының Ленин аудандың партия комитетінің бірінші хатшысы.
1989 жылдан Орал қалалық халық депутаттар кеңесінің аткомының төрағасы.
1993 жылдың қаңтарынан 2001 жылдың қаңтарына дейін Батыс Қазақстан облысының әкімі.
2001 жылдан ҚР көлік және коммуникация бірінші вице-министрі.
2003 жылдан ҚР Премьер-Министр Канцеляриясының орынбасары – ҚР Парламент Сенатындағы үкімет өкілі.
2007 жылдан ҚР Парламент Мәжілісінің IV шақырылымының депутаты, халықаралық істер, қорғаныс және қауыпсіздік Комитетінің мүшесі.
2012 жылдың қаңтарынан ҚР Парламент Мәжілісінің V шақырылымдағы депутаты, «Нұр Отан» ХДП мүшесі, партиялық тізіммен сайланды.
2012 жылдың қыркүйегінен ҚР Парламент Мәжілісінің төрағасының орынбасары.
2014 жылдың 3 сәуірінен ҚР Парламент мәжілісінің төрағасы.
Марапаттары мен атақтары:
ІІ дәрежелі «Барыс» ордені (2015),
«Парасат» ордені (2009),
«Құрмет» ордені.
«Ынтымақтастық» ордені (ТМД ПАА,2016).
ҚР құрметті теміржолшысы.
ҚР құрметті құрылысшысы.
Техника ғылымдарының кандидаты, Халықаралық экология Академиясының академигі, ҚР Ұлттық Инженерлік Академиясының корреспондент - мүшесі.
Л.Н.Гумилев атындағы Евразия ҰУ бақылау кеңесінің төрағасы. Құрметті профессор. Құрылыс материалдары жөніндегі үш кітапты бірлестікте шығарған.
«Орал қаласының Құрметті азаматы» (2009).
АШИҒАЛИЕВ Қатауолла Миралыұлы
(26.02.1948-23.04.2021)
Автокөлік саласында жұмыс істед. 1986-1992 жж. Орал қаласыатқару комитетінің төрағасының орынбасары. Облыс орталығының тіршілігін қамтамасыз ету өндіріс орындарын қадағалады, оның абаттануымен айналысты.
1993-1994 жж. – Орал қаласы әкімшілігінің басшысы.
1999 жылдан облыстық мәслихат депутаты. Алты шақырылым бойы ол ақжайықтықтардың мүддесін қолдады, барлық мәселелерді жақсы біледі.
1995 жылы «Ақас» агрохолдингін құрды. 2016 жылы БҚО республикалық жер комиссиясының құрамында болды. Онда ауылшаруашылық жерлерін сату және жалға беру мәселелері қаралды.
«Экономикалық өсу факторларының жүйесіндегі адам ресурстары» тақырыбында диссертация қорғады. Экономика ғылымдарының кандидаты (Саратов, 2003). «Парасат» орденімен марапатталған. «Орал қаласының құрметті азаматы» (2018).
РАХИМБЕРДИН Олег Иванович
(09.02.1952 – 08.10.2004)
Орал қаласында дүниеге келді, балалық шағы Жалпақталда өтті. Сол жерде «Сельхозтехникада» слесарь болып істеді.
Екі жыл әскер қатарында болып келгеннен кейін оқуды Еңбек Қызыл Ту орденді Қазақ ауыл шаруашылық институтында машина жөндеуді ұйымдастыру және технологиясы факультетінде жалғастырды.
Оқу бітіргеннен кейін жолдамамен Ленин ордені Орал жөндеу зауытына жіберілді. Мұнда өндіріс шеберінен директордың жалпы мәселелер бойынша орынбасарына дейін көтерілді.
1989 жылы қабырға материалдары өндірістік бірлестігінің бас директоры болды.
21 шақырылымдағы Орал қалалық депутаттар Кеңесінің депутаты.
1990 жылы Орал қалалық аткомының бірінші орынбасары, содан кейін қала әкімшілігінің бірінші орынбасары, ал Қ.Қ.Жақыпов БҚО әкімшілігінің басшысы болғаннан кейін Олег Иванович Орал қалалық әкімшілігін басқарды.
1995 жылы Орал қаласының бірінші әкімі болды.
Ол адамарды мұқият тыңдай білді. Қаланың инженерлік жүйелері қалыпты жағдайда жұмыс істеді.1998 жылы Мәскеу қаласының Шығыс әкімшілік округының Соколиная гора ауданымен ынтымақтастық және өзара көмек жөніндегі шарт жасалды. Өте зиялы, сауатты басшы болды. Ғұмыры қысқа болды.
МҰҚАТАЕВ Вениамин Қадырұлы
1956 ж. 1 ақпанда Орынбор облысы Ивановка ауылында дүниеге келді. Еңбек жолын «Уральскпромстрой» АКК-да слесарьдің шәкіртінен бастады.1979 ж. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық институтының механизация факультетін бітірді. 1980 жылдан автокөлік жүйесінде жұмыс істеді: механик, бас механик, бас инженер, Батыс Қазақстан облысының көлік кәсіпорнының бастығы.
1988-1999 жылдары Орал қаласының коммуналдық қызмет жүйесінде істеді: бөлім бастығы, «Гордорстрой» басқармасының бастығы, қалалық тұрғын үй-коммуналдық басқармасының бастығы, облыстық ТКШ басқармасының бастығы, Орал «Водоканал» басқармасының бастығы.
1999-2005 жылдары Орал қаласының әкімі. Вениамин Қадырұлы кезінде 104 шақырым жолдың күрделі жөндеуі жасалды. Мәдениет және сәулет ескерткіштерінің қайта өңдеуі өткізілді. Инженерлік жүйелер тиісті жағдайға келтірілді, 6 мыңнан астам үйге газ тартылды. Қосымша қала жол желісі ұйымдастырылды. 1999-2005 жылдары Қазақ драма театры, Мұз айдыны, жүзу бассейні, 3 орта мектеп салынды, орыс драма театры, көптеген мәдениет объектілері. Атоян атындағы және «Юность» стадиондары күрделі жөндеуден өтізілді. Денсаулық сақтау объектілері – инфекциялық больница, кардио- орталық, хирургия кешені – іске қосылды.
2002 ж.14 маусымда Орынбор әкімшілігімен ынтымақтастық және өзара көмек жөніндегі шарт жасалды. Қазіргі кезде «ВодоканалСтройСервис» ТОО-сын басқарды.
Көп жылдық еңбегі ҚР Президентнің Құрмет грамотсымен және алғыс қаттарымен марапатталған «Астана», «ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл» медальдарымен және «Алтын Барыс» төсбелгісімен марапатталған.
«Орал қаласының құрметті азаматы» (2011).
МҰТАШЕВ Сағынбек Хайдарұлы
1966 жылы Орал облысы Жәнібек поселкасында дүниеге келді.
1922 ж. қаңтарынан 1997 ж. желтоқсанына дейін ГКХ «Казахгазда» жетекші инженер, бас маман, қаржылық жауапкершілік орталығының директоры.
1997 ж. желтоқсанынан1998 ж. желтоқсанына дейін «Оралтрансгаз» АҚ бас директор.
1988 ж. желтоқсанынан 1999 ж. қазанына дейін «Қазақойл» ұлттық компаниясының «Ақсайгазсервис» ААҚ-ның президенті (БҚО, Ақсай қаласы, Бөрлі ауданы).
1999 ж. қазанынан 2000 қыркүйегіне дейін «Қазақгаз» ААҚ-ы президентінің кеңесшісі (Ақсай қаласы, Бөрлі ауданы, БҚО).
2000 ж. қыркүйегінен 2004 ж. маусымына дейін «Оралоблгаз» ААҚ президенті.
2004 ж. маусымынан 2005 ж. шілдесіне дейін бірінші рет Бөрлі ауданы (БҚО) әкімі қызметінде мемлекеттік қайраткер болды.
2005 ж. шілдесінен 2008 ж. сәуріне дейін Орал қаласының әкімі.
2008 ж. сәуірінен БҚО әкімінің кеңесшісі.
2009 ж. наурызынан бастап ҚР қоршаған ортаны қорғау министрлігінің экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы.
2003-2004 жж. БҚО мәслихатының депутаты болып сайланды.
ОРАЗОВ Самиғолла Хамзаұлы
1957 ж. 17 қарашада Саратов облысы, Подлеснов (қазіргі Маркс) ауданы, Воротаевка ауыылында дүниеге келді. Еңбек жолын Саратов облысы, Балаково ауданы, «Зоркин» совхозында шабан болудан бастады. Саратов политехникалық институтын инженер-механик мамандығы бойынша бітіріп совхозда экономист болып істеді.
1981-1992 жж.Жәнібек автокөлік экспедициялық кәсіпорнында бас инженер, директор, болып сайланды.содан кейін Орда ауданы «Орда» совхозында бас инженер болып істеді.
1992-1996 жж. БҚО Жәнібек ауданы әкімшілігінің бастығы болды.
1996-2002 жж. Орал автомобиль жолдары кәсіпорнының директоры, РГКП «Қазавтодор» БҚО филиалының бас директоры болып жасады.
2007-2008 жж. БҚО Тасқала ауданының әкімі.
2008ж. 18 сәурінен 2012 ж. 14 қаңтарына дейін Орал қаласының әкімі.
2012 ж. қаңтарда партия тізімі бойынша ҚР Парламенті Мәжілісінің V шақырылымының депутаты, қаржы және бюджет комитетінің мүшесі болып сайланды. «Нұр Отан» ХДП мүшесі.
2016 ж. наурызынан РГУ «Микрография ҒЗИ» директоры.
ҚР құрметті жолшысы.
Қала әкімі болған кезде қаланың 2030 ж. дейінгі стратегиясыны дамуы белгіленді. 52 пункттен тұратын бұл жобада қаланың даму бағыты мен оның іске асырылу мерзімдері белгіленді.
Бала-бақшалар салу, жетім балаларға пәтер беру мәселелері шешімін тапты. Қаланың саябағы қайта құрылуы үш аусымды мектептер санын қысқарту мәселесі қолға алынды. Қаланы абаттандыру, су бұрқақтары күрделі жөндеу жұмыстарынан өткізу ерекше деңгейде жүрді. Жылу, канализация жүйелері қайта құрылды. Оның кезінде облыс орталығында екі рет төтенше жағдай жарияланды және іске асырылуға тиісті жағдайлардың барлығы да уақтысында, сапалы түрде жөнге келтірілді. Әсіресе, қаланы топан су басқанда республика көлемінде көмек көрсетіліп, облыс әкімі Б.Ізмұханбетов пен қала әкімі С.Оразовтың беделінің арқасында 18 млрдтан астам қаржы түсіп, 5 ай ішінде 9 және 5 қабатты тұрғын үй, 1200 орындық орта мектеп, 280 орындық екі бала-бақша салынып, 19 көшенің күрделі жөндеуі жүргізілді.
ШӘКІМОВ Болат Әдиетұлы
Батыс Қазақстан ауылшаруашылық институтын (1979) инженер-механик мамандығы, Алматы саясаттану және басқару институтын (1991) саясаттанушы мамандығы бойынша бітірген. Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебінде «Бәсеке әлеміндегі аймақтық басқару бағдарламасы бойынша оқытудан өткен (2008).
1973 ж. Орал облысы Тасқала ауданының «Қазақ ССР-ның 40 жылдығы» кеңшарында жұмысшы.
1974 ж. БҚАШИ студенті.
1979 ж. қарашасынан Орал облысы Тасқала ауданының № 177 ауылдық кәсіби техникалық училищесінің оқытушысы.
1981 жылдан Каменск автокөлік кәспорнының шеберханасында механик, шеберхана меңгерушісі, Орал қаласының № 2555 автоколоннасы шеберханасының меңгерушісі.
1985 ж. желтоқсанынан аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, «Қазақ ССР 40 жылдығы» кеңшарында партком хатшысы.
1989 ж. Алматы саясаттану және басқару институтының тыңдаушысы.
1991 ж. Орал облыстың партия комитеті бірінші хатшысының референті - облыстық халық депутаттар кеңесі төрағасының, Орал облыстық әкімшілігі ұйымдастыру бөлімінің бас инспекторы.
1993жылдан «Бота» ЖШС директоры (Орал қ.).
1999 жылдан «Спецстрой» ҚБ ЖШС директоры (Орал қ.).
2004 жылдан БҚО Тасқала ауданының әкімі.
2007 жылдан БҚО Бөрлі ауданының әкімі.
24.01.2012 – 04.04.2013 ж. Орал қалалық әкімі. Жазушы. «День из детства» (1987), «Что там за далью?» (2010), кітаптарының авторы. «Литературная учеба», «Наш современник», «Простор» журналдарында мақалалары жарияланған.
«ҚР Конституциясына 10 жыл» (2005), «Астанаға 10 жыл» (2008) медальдарымен марапатталған.
Дергачев ауданының (Саратов облысы), Тасқала және Бөрлі (БҚО) аудандарының құрметті азаматы.
КӨЛГІНОВ Алтай Сейдірұлы
1978 жылы 15 қаңтарда Шымкент облысы (қазір Түркістан облысы) Келес ауданында көп балалы отбасында дүниеге келді.
2000 жылы әскер қатарында болды. 2001 ж. Бас Прокуратурада кадр бөлімінде бас маман болып жұмыс жасады.
2002-2003 жж. ҚР Бас Прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есеп Комитетінің құқықтық статистиканы қалыптастыру басқармасында прокурор болды.
2003-2007 жж. Астана қаласы бойынша мемлекеттік қызмет ісі жөніндегі Агенттіктегі басқарманың бастығының орынбасары болды.
2007-2008 жж. ҚР Юстиция Министрлігінде заңнан туындаған актілерді дайындаужәне талдау басқармасының бастығы.
2008-2010 жылдары ТОО «Алаш Медиа Групп» бас директорының орынбасары.
2010-2012 жж. ҚР Президент әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастырушылық жұмыстар бөлімінің мемлекеттік инспекторы.
2012 ж. 8 ақпанынан 2013 ж. 4 сәуіріне дейін БҚО әкімінің орынбасары.
2013 ж. 4 сәуірінен 2016 ж. 26 наурызына дейін Орал қаласының әкімі.
2016 ж. 26 наурызынан БҚО әкімі.
2019 ж. 13 маусымынан Нұр-Сұлтан қаласының әкімі.
Х.А.Ясауи атындағы ХҚ ТУ-дің құқықтану және ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік қызмет Академиясын, мемлекеттік және жергілікті басқару мамандықтары бойынша, Президенттік «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Абердин университетінде халықаралық коммерциялық құқық магистрлігін бітірген.
«ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл», «Астананың 20 жылдығы» медальдарымен марапатталған.
ТӨРЕҒАЛИЕВ Нариман Төреғалиұлы
1964 жылы 19 шілдеде БҚО, Ақжайық ауданы Есенсай ауылында дүниеге келді.
1990 ж. Жамбыл сушаруашылығы – құрылыс институтын «инженер-экономист» мамандығы бойынша бітірді.
2004 ж. Каспий қоғамдық университетін «юрист» мамандығы бойынша аяқтады.
1981-1982 жж. Орал облысы Тайпақ ауданы Есенсай совхозында жұмысшы болып істеді.
1991-1999 жж. Теректі ауданындағы арнайы шаруашылық бірлестігінде экономист, бас экономист болды.
1999-2001 жж. Теректі ауданы «Ақжол» шаруа шаруашылығында директор болды.
2002-2003 жж. Орал қаласындағы интернат-үйдің директоры.
2003-2008 жж. БҚО халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының бастығының орынбасары, департамент директоры.
2010-2012 осы мекеменің басқарма бастығы. 2012-2015 жж Ақжайық ауданының әкімі. 2015-2016жж. БҚО әкімінің орынбасары.
2016-2017 жж. Орал қаласы әкімі.
2017 ж. 29 маусымынан БҚО-нан ҚР Парламент Сенатының депутаты, әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің хатшысы.
«Құрмет» орденімен марапатталған.
МҰҚАЕВ Мұрат Рахметұлы
МҰҚАЕВ Мұрат Рахметұлы 1969 жылы 1 қаңтарда дүнеге келген. Білімі – жоғары: Батыс Қазақстан ауылшаруашылық институты мен Каспий қоғамдық университетін бітірген.
1992-1994 жж. Фурманово (қазіргі Қазталовка) ауданында салық инспекциясының есептеу инспекторы.
1994-1996 жж. Орал «Игілік банкінің» филиалының жетекшісі, бас маманы.
1996-1997 жж. облыстық Қазақстан халық жинақ банкінің бухгалтері.
1997-1998 жж. БҚО кеден басқармасының «Сайхын» кедендік бекетінің инспекторы.
1999-2004 жж. БҚО бойынша кедендік бақылау департаментінің инспекторы, бас инспекторы, аға инспекторы, бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары.
2004-2007 жж. БҚО бойынша кедендік бақылау департаментінің «Орал – кедендін рәсімдеу орталығының бастығының міндетін атқарушы, бастығы.
2007-2009 жж. Шығыс Қазақстан облысы бойынша кедендік бақылау департаментінің «Өскемен – кедендік рәсімдеу орталығының бастығының міндетін атқарушы.
2009-2011 жж. БҚО бойынша кедендік бақылау департаментінің «Тасқала» кедендік бекетінің бастығы.
2011-2013 жж. Орал қаласы кәсіпкерлік бөлімінің бастығы.
28.06.2013 – 05.2016 жж. БҚО Жәнібек ауданының әкімі.
05.2016 – 06.2017 жж. БҚО Теректі ауданының әкімі.
28.06.2017 ж. бастап Орал қаласының әкімі.
08.2019 ж. бастап БҚО «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары.
ШЫНЫБЕКОВ Абат Абайұлы
ШЫНЫБЕКОВ Абат Абайұлы 1973 жылы 19 ақпанда дүниеге келген.
Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық институтын (1995) және БҚ менеджмент және тілдер институтын, БҚ тнженерлік-гуманитарлық университетті бітірген. Техника, ғылымдарының магистрі.
1995-2000 жж. Қаратөбе аудан әкімінің аппаратында маман, бас маман, бөлім бастығы болып істеді.
2000-2003 жж. Қаратөбе аудан әкімшілігінде бас маман, бас инспектор.
2003-2006 жж. Қазталовка аудан әкімінің орынбасары.
2006-2007 жж. ҚР БжҒМ Батыс Қазақстан облысындағы РГКП «Республикалық мамандықтарды бекіту және беру орталығының» филиал директоры.
2007 ж. Орал қаласы денешынықтыру және сопрт бөлімінің бастығы.
2007-2008 жж. Орал қаласы әкімінің кеңесшісі.
2008-2012 жж. ХД «Нұр Отан» партиясының төрағасының орынбасары.
2012-2013 жж. Орал қалалық мәслихатының хатшысы.
2013-2017 жж. Сырым ауданының әкімі.
31.06.2017 – 08.2019 жж. Қазталовка ауданының әкімі.
08.2019 жылдан Орал қаласының әкімі.